Бағдарламалық жабдықтардың интернет-магазині үшін web-қосымша құру


Аннотация

Дипломдық жұмыс тақырыбы: Бағдарламалық жабдықтардың интернет-магазині үшін web-қосымша құру.

Жұмыста «Агро Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бағдарламалық жабдықтарды сату бөлімінің автоматтандырылған жұмыс орны бойынша web-қосымша құру жүзеге асырылған. Яғни жасалған интернет-магазинде арнайы бағдарламалады ұсыну, сату бөліміне келіп түскен тапсырыстарды ыңғайлы түрде пайдаланып, тез және қатесіз енгізу, қажет тауарды оңай табу мақсатында әртүрлі компаненттермен реттестіру, тауар жайлы тез мәлімет алу қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың түсіндірме жазуы кіріспе, бес бөлім, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтитын 100 беттен тұрады. Жұмыстың құрамында 30 кесте, 28 сурет, 1 қосымша бар және 25 әдебиет көздеріне сілтеме жасалған.

Дипломдық жұмыс 2015-2016 оқу жылында М. Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Ақпараттық жүйелер» кафедрасында орындалған.

Дипломдық жұмыстың жетекшісі: т. ғ. к., доцент Ботаева Сәуле Байзаққызы.

Орындаған: ИП-12-3к2 тобының студенті Сахан Алдияр

Мазмұны

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

Нормативті сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер қолданылған:


Анықтамалар

Бұл дипломдық жұмыста сәйкес терминдер мен келесі анықтамалар қолданылады:

Белгілер мен қысқартулар

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік

БЖ - бағдарламалық жабдықтама

КАЖ - Компьютерлік ақпараттық жүйесі

ЭАЖ- Электрондық ақпараттық жүйесі

КАҚ - Компьютерлік ақпараттар қоры

ААЖ - Ақпараттық анықтамалар жүйе

АҚ - Ақпараттық қор

АБЖ - Ақпараттық жарнама бөлімі

ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы

ДҚ - деректер қоры

АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны


Кіріспе

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар қарқынды дамыған заманда интернет өмірдің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Интернет (ағылш. Internet - International Network) - компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі. Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады. Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз. Сонымен қатар интернет кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі, байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.

Интернет технологиzсы жылдам өзгеріп отырады. Интернетпен жұмыс істеу оңайланғандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім немесе қандай мақсатпен қолдануында болып отыр. Дегенмен, " Web-тен білгім келген нәрсе туралы, информация таба аламын ба?"-деген сұрақ туындайды. Сол себепті бір жаққа телефон соғудан бұрын немесе кітапханаға барар алдында Web-тен информация алады.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы . Аталған компанияға алғаш рет сатып алушыға арналған жалпы каталог, жаңа өнімдерді қабылдау, олардың қоймадағы жалпы құнын есептеу, сатылым жағдайын қадағалау, мекемедегі сатушылар жайлы толық мәліметтер енгізілген берілгендер қорын JoomShoping компаненті арқылы іске асыру орындалды.

Дипломдық жұмыстың тәжірбиелік мәні. Бұл web-қосымшада тек аталған компанияның бағдарламаларын ғана емес, өзге де бағдарламалық жабдықтарды сатушы ұйымдардың өнімдерін ұсынуға мүмкіндіктер жасалған. Бағдарлама кез-келген бағдарламалық жабдықтарды немесе басқа да заттарды сатумен айналысатын ұйымның жұмысын тиімді етеді.

Шешілетін ғылыми мәселенің заманауи жағдайын бағалау. Берілген компаненттің интерфейсі және орындайтын қызметі, қазіргі таңда кеңінен тараған заманауи бағдарламаларға ыңғайластырылып құрастырылған. Қарапайым қолданушылар ешбір дайындықсыз қолдануына мүмкіндік жасалған.

Дипломдық жұмысты жазудағы негізгі мақсаты - бағдарламалық жабдықты сатушы қызметкердің жұмысын жеңілдету үшін web-қосымша құру. Сол себепті дипломдық жұмыстың басым бөлігі бағдарламалық жабдықтарды сату, сатып алу және web-қосымшаның құжаттамалары туралы мәліметтерді қамтиды.

Дипломдық жұмысты жазудағы міндеті. Дипломдық жұмысты жазуда төмендегідей міндеттерді орындау керек:

  • бағдарламалық жабдықты сатушы қызметкердің жұмысына web-қосымша құру;
  • Web-қосымшаның шаблоны соңғы қолданушыға түсінікті болатындай етіп жасау.
  • Дхж
  • щлщ

Зерттеу нысаны - «Агро Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бағдарламалық жабдықтарды сату бөлімі қызметкерінің жұмысы.

Дипломдық жұмысты жазудағы теориялық және әдістемелік негізі. Дипломдық жұмысты орындау барысында құрылымдық программалау, визуалдық программалау, математикалық моделдеу әдістері қолданылған.

Зерттеудің тәжірибелік қоры . «Агро Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің программалық жабдықтарды сату бөлімі.


1 Аналитикалық бөлім

1. 1 Компанияның қысқаша сипаттамасы

«Агро Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шымкент қаласындағы тұрақты да қарқынды дамып келе жатқан фирмалардың бірінен саналады. 2007 жылы 25 сәуірде ашылған кезден бері ауыл шаруашылығы саласында көптеген кісіпкерлермен бірлесе жұмыс жасап, әртүрлі өндірістер мен технологияларға бизнес-жоспарлар дайындады. Жасалған бизнес-жоспарлар «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамының, «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясының және де көптеген ірі банктердің талаптарына сай жасалып, олардың негізінде ауыл шаруашылығын өркендетуге ат салысып жүрген ондаған кәсіпкерлер мен кіші бизнес иелері өз жоспарларын іске асыру үшін қаржыландырылды [4] .

2009 жылдың басынан бастап «Агро Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі компьютерлік және бухгалтерлік білімді жоғарылату, ақпараттандыру саласындағы білімсіздікті жою мақсатында компьютерлік және бухгалтерлік білім беру курстарын ашты.

«Агро Консалтинг» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бұдан әрі «Агро Консалтинг», қала және облыс аумағында компьютерлік және бухгалтерлік білім беру саласындағы функцияларды жүзеге асыратын ұйым.

Мекеменің толық атауы - «Агро Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

Мекен-жайы: Шымкент қаласы, А. Байтұрсынов көшесі, 18 үй, «Оңтүстiк Полиграфия» баспасының ғимараты, 4-қабат, офис 405;

«Агро Консалтинг» ЖШС өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті нормативтік-құқықтық актілерін, ОҚО және қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, қала әкімдігінің қаулыларын басшылыққа алады. «Агро Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылымы 1. 1-суретте бейнеленген.

«Агро Консалтинг» заңды тұлға құқығына мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап ие болды. «Агро Консалтинг» заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнелеген және өзінің атауы бар мөрі, мөртабандары, бланкілері және банкте шоттары бар.

«Агро Консалтинг» жасаған азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіппен тіркеуге жатады. Ұйымның шарттық міндеттері бойынша жауапкершілігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, «Ұйымды» ұстауға арнап бекітілген сметаның шегінде жасақталады.

Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік тіркеуге жатады.

Тіркелу кезінде «Ұйымның» филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

Құрылтайшының құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Сурет 1. 1. «Агро Консалтинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық құрылымы

Компанияның кейбір бөлімдерінің негізгі қызметтерінің функцияларын қарастырамыз:

Сату бөлімі

«Агро Консалтинг» компаниясының сату бөлімі мынадай лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз етуді сатумен айналысады:

  • 1С фирмасының өнімдерін сатумен, оларға қызмет көрсетумен айналысу;
  • вирусқа қарсы бағдарламалық жабдықтарды сату, орнату;
  • компьютерлік және ұйымдық техниканы жөндеу.

Сату бөлімі клиенттермен жұмыс жасаумен айналысады. Сату бөлімі құрамында менеджерлер мен офис-менеджерлер жұмыс істейді. Менеджерлер клиенттермен тауардың сатылуы жайлы сұхбат жүргізеді, тапсырыстарды қабылдайды. Менеджерлердің міндетіне клиенттермен келісім шарт жүргізу кіреді. Офис-менеджерлер офисте отырады және клиенттерден тапсырыстар қабылдайды. Бөлімнің функцияларына клиентке шоттарды корсету, төлем қабылдау, есеп-шот құру, клиенттерді іздеу кіреді.

Маркетинг бөлімі

Маркетинг бөлімі қызметтердің келесі түрін орындайды:

  • Компанияның рекламасымен;
  • Компанияның бағалау саясатымен;
  • Тауарлардың ассортиментін құру;
  • Саудадағы жағдаймен салыстырып іс әрекет таңдау; .

Қаржылық бөлім

Қаржылық бөлім компанияның бухгалтерлік есептерімен айналысады:

Барлық қаржылық құжаттарды есепке алу: кіріс және шығыс құжаттарын, шоттар және шот фактуралар.

Барлық төлеу құжаттарын есепке алу: Төлеу ақшалай және ақшалай емес жүргізіледі. Ақшалайсыз есептесу банк арқылы жүргізіледі. Және де клиенттерге төлеудің барлық түрі жүргізіледі. Банкпен жұмыс жүргізу клиент-банк бағдарламасы арқылы іске асады.

Кәсіпорынның бюджетін құру.

Компанияның басқаруы

Компанияны директор басқарады. Ол барлық бөлімнің жұмысын бақылайды. Көптеген ірі кәсіпорындармен және банктермен келісім шарт жасасады.

Және де компанияның басқару жүйесіне оның бөлімдерінің басқарушыларын жатқызуға болады

Тауарларды есептеу процесі

Компанияның менеджерлері тауарларды қабылдау және сатумен айналысады. Тауарларды клиенттерге сату үшін шығыс құжаты қолданылады. Тауарларды жабдықтаушылардан қабылдау үшін кіріс құжаты қабылданады. Айдың соңында менеджерлер тауарлардың кіріс және шығыс құжаттары бойынша есеп береді. Есепте шығарылған және қабылданған тауардың бағасы және саны жайлы ақпараттар енгізіледі

1. 2 Компания қызметтерінің сипаттамасы

«Агро Консалтинг» Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ұйым жарғысында белгіленген функцияларды жүзеге асырады.

«Агро Консалтинг» қызметінің негізі болып мыналар табылады:

  • ақпараттандыру саласындағы білімсіздікті жою, компьютерлік білімді жоғарылату мақсатында компьютерлік білім беру курстарын жүргізу;
  • бухгалтерлік білімді жоғарылату мақсатында бухгалтерлік білім беру курстарын жүргізу;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге бизнес жүргізу тетіктері бойынша кеңес беру;
  • ауыл шаруашылығы өнімдері нарығындағы ұсыныс пен сұранысты реттеу үшін өндірушілер мен тұтынушылар нарығын талдау;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін қызметтер мен өнімдерді өндіру және сатуға бизнес-жоспарлар құру;
  • компьютерлік технологиялардың сапалы өнімдерін сатуды басқару;
  • 1С фирмасының өнімдерін сатумен, оларға қызмет көрсетумен айналысу;
  • вирусқа қарсы бағдарламалық жабдықтарды сату, орнату;
  • компьютерлік және ұйымдық техниканы жөндеу.
  • Аталған функцияларға байланысты фирма өз құрылымында сәйкес бөлімдер мен қызметтерді ұйымдастыруды қарастырады. Мұндай шешімнің мақсаты келесідей болады:
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін кеңес беру, оқыту, жаңа технологиялар мен әдістерді үйрету;
  • бухгалтерлік және компьютерлік білім беру курстарын әртүрлі деңгейде ұйымдастыру;
  • программалық жабдықтардың қолданылу жолдарын қарастыру және негіздеу.

Коммерциялық компанияның басқару бөлімінің сапасына қойылатын замананауи талаптарға орай, оның тиімді жұмыс істеуі толықтай оның: компьютерлер, байланыс құралдары, көшіру құралдары секілді электронды құралдармен жабдықталуына тәуелді.

Бұл орайда компьютерлер және өндіріске, басқару ісіне қатысты т. б. электронды қүралдар маңызды орын алады. Бұларды ақпараттық машина ретінде қолдану, қандай да бір өндірістік немесе маркетингтік жобаларды дайындауға кететін уақытты, шығындарды үнемдеуге, қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Компьютердің мүмкіндігін толық пайдалану үшін, бағдарламалық, аппараттық құралдарды қолдану керек. Сондықтан, қазіргі таңда, комерциялық компаниялардың басқару жұмысына қатысты компьютерлік бағдарламаларға мұқтаждығы үлкен.

Заманауи экономикалық ойдың негізгі ерекшелігі: шаруашылықты ресурс тапшылығы жағдайында тиімді жүргізу, аз шығынмен жоғары нәтижеге жету қажеттілігі, өндірісті басқаруды администраторлық әдістермен тиімдірек ету, өндірістің интенсивті дамуын ғылыми-техникалық прогресс негізінде жылдамдату және т. б. Шаруашылықты осы талаптарға сай басқару жүйесі тиімді және иілмелі болуы тиіс.

Кәсіпорынды басқару, оның қай салаға жататына байланысты, түрліше болады.

1. 3 Проблемалар мен перспективалар

«Агро Консалтинг» компаниясының қызметтерін дамыту үшін фирма басшылығы әртүрлі деңгейдегі оқу курстарын ұйымдастыруды қолға алды. Фирма атқаратын функциялардың барлығы 1. 2-суретте келтірілген.

Бухгалтерлік және компьютерлік білім беру курстары:

  • Бухгалтерлік есеп негіздері;
  • 1С: Бухгалтер ісі Қазақстан үшін;
  • Компьютерлік білім негіздері (MS Office, Internet) ;
  • Компьютерлік графика (Corel Draw, Adobe Photoshop) ;
  • WEB-программалау, WEB-дизайн;
  • Компьютерлік дизайн (AutoCad) ;
  • Дербес компьютерді жөндеу және баптау;
  • Сату техникасы мен психологиясы;
  • Бизнес-жоспарлар құру.

Қаржылық консалтинг:

  • Кез келген қаржылық жобалар мен сызбалар бойынша кеңес беру;
  • Бизнес-жоспарлар жасау;
  • Техникалық-экономикалық негіздеуді дайындау;
  • Нарықта маркетингтік зерттеу жасау.

Бухгалтерлік консалтинг:

  • Бухгалтерлік, салықтық есептер мен салық салу бойынша кеңес беру;
  • Бухгалтерлік қызмет көрсету;
  • 1С, СОНО, ЭЦП-Госзакупки программаларын орнату, жаңарту.

Сурет 1. 2. «Агро Консалтинг» компаниясының қызметтері

IT-консалтинг - қолданыстағы ақпараттық жүйенің проблемаларын анықтап, оларды шешудің оптималды әдістерін ұсынатын кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолындағы маңызды кезең. Ол келесі функцияларды қамтиды:

  • Локальді және компьютерлік желілер;
  • Интернетке қосылу;
  • Вирустар мен шабуылдардан қорғану жүйелері;
  • Мәліметтерді өңдеу және сақтау жүйелері.

Зерттеу объектісін талдау

Берілгендерді енгізіп отыру және оған есеп беру ішкі жүйенің функциялары Бағдарламалық жабдықты сату, қызмет көрсету маманының АЖО құрамындағы ішкі жүйелердің функциялауын және беріктігін қамтамасыз ету үшін 2 есеп біріктіріліп, шешілуі арқылы құрылды. Бұдан көрсетілген есептер арасында мәліметтер алмасу деңгейінде болатын байланыстың құрылуы керек. Мәліметтер бойынша берілген ішкі жүйе 2 негізгі есептерді орындайды. Біріншісі ол тауарларды яғни бағдарламалық жабдықтарды қабылдап, тіркейтін болса, екіншісі оларды сатып, арадағы есептеулерді жүргізіп, шығыс құжаттарн тіркейді. Және кіріс және шығыс құжаттарының барлығы да берілгендер қорына, архивке және отчетқа тіркелінеді.

1. 4 Ағымдық техникалық қамсыздандыру

Компанияның қызметі, ұжымның алдына қойылған мақсаты, қызметкерлердің орындайтын жұмыстарының тиімділігі техникалық қамсыздандыруға тікелей байланысты. Ескірген құрылғылар, бағдарламалық жабдықтар қолданушы компаниялар өз мүмкіндіктерін өздері шектейді, оларда түгел алынбаған пайда көлемі өсе береді.

Агро Консалтинг компаниясы өз қызметтерін одан әрі жетілдіру үшін заманауи техникалық құрылғыларды пайдаланады және әрбір қызметкер компьютерлендірілген жұмыс орнымен қамтамасыздандырылған. Сонымен қатар, өз қызметіне қажетті телефон, факс, принтер, сканер, ксерокс және т. б. сияқты барлық жабдықтармен жабдықталған.

Компанияның ағымдық жүйедегі техникалық құрылғыларына сипаттама: компьютер - Intel Pentium IV 700-(RAM 1 Гb, HDD 80 Gb, CD-ROM 52X), принтер - Canon LBP-1120 лазерлік принтері (A4, 8ppm, 600*600 dp1, 2 Mb, 10 pages мин шығарады), сканер - Mustek ScanExpress A3 USB.

Компания өз қызметтеріне орасан зор пайда әкелетін, тұтынушылар санын арттыруға көмек беретін, сатылым нәтижелері туралы мәліметтерді тез қатынауға мүмкіндік беретін жоғары жылдамдықты Интернет желісіне қосылған және ғаламторда өз сайты орнатылған. Кеңсе ішіндегі барлық компьютерлер локальды желі арқылы байланысқан.

Желінің тиімді жұмыс істеуі үшін операциялық жүйелердің арнайы түрлері - желілік операциялық жүйесі қолданылады. Желілік ОЖ - есептеу желісін бір орталықтан басқаруға арналған программалар кешені (Windows NT, Novell NetWare, т. б. ) . Қолданыстағы ОЖ түрлері мыналар - Windows NT, Windows 2000 Professional, Windows 2000 Server нұсқалары.

Қарастырылып жатқан АЖ бағдарламалық қамтамасын құру үшін, ең алдымен, ішкі жүйенің ақпараттық ағымының байланысын қарастыру қажет, себебі ішкі жүйенің есептерін шешу бағдарламасының қосылу мүмкіндігі АЖО бағдарламалық бөлігі мен ДҚ мәліметтерінің толық дайындығы кезінде ғана жүре алады, ал бұл АЖО бүтін сияқты функциялануы үшін АЖО-ң есептерінің ақпараттық байланысын анық елестете білу қажет.

Құрастырылып жатқан АЖ келесідей бір-бірімен байланысқан мәселелерді қарастырады:

1. Берілгендердің ДҚ бір реттік енгізілуі.

2. Оқушылар тапсырыстарының қимылын бақылау мен модификациялау (тапсырыстардың қимылы) .

3. Тапсырыстарды сұраныстар арқылы іздеу мен түзету.

4. ДҚ қызмет көрсету.

5. ДҚ қағаздық құжаттау (шығыстық есеп беру) .

Осы орайда есептер арасында мәлімет алмасу болады, ол бір есептердің шешімі келесі бір есептердің кірістік мәліметі болуынан байқалады. Одан басқа, түрлі есептерде сол бір мәліметтер қолданыла беруі мүмкін. Мұның барлығы бүкіл ішкі жүйенің бағдарламалық қамтамасын эксплуатациялау процесінде өңделетін ақпараттың барлық массасын ретімен қолдануды қажет етеді.

1. 5 Ағымдық программалық жабдық

Ақпараттық технология саласындағы ең жаңа жетістіктер ақпараттық қор ұйымдастырудағы жаңа концепцияларға алып келді. Жоғары өндірісте және экономикалық микропроцессорлардың арқасында ақпаратты-есептегіш ресурстар менеджерлер, есепшілер, жобалаушылар, ұйымдастырушылар мен инженер, басқа категориялы қызметкерлердің жұмыс орындарына жақындай түсуде. Жеке компьютерлер қорында мәліметтерді өңдеу жүйесі жетілдіріліп, жұмыс орындар автоматтандырылуда.

Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы, жоғары жылдам істейтін және үлкен еске сақтау қабілеті бар күшті компьютерлердің пайда болуы басқарудың автоматтандырылған жүйесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін қойды. Қазіргі уақытта түрлі салалардағы адам еңбегіне Pentium 4 компьютері белгілі жиілігі 2, 2 GHz, 1 Гb шұғыл еске сақтау қабілетімен, 80 Gb қатты дискілер - винчестерлермен енгізілді. Тізбектік технологияның пайда болуы мен басқарудың автоматтандырылған жүйесінің мүмкіндіктері кеңейді әрі жетілдірілді. Осы жүйенің жаңа жаңартырылған нұсқалары пайда болды [4] .

АЖ-нің тиімділігі оның негізгі қызметтерін нақты орындауымен анықталады. АЖО келесі қызметтерді атқарады:

а) басқару объектісінің жай-күйі жайындағы ақпаратты сараптау, жинау,

өңдеу;

б) басқаратын ықпалды тудыру, мысалы бағдарлама түрінде;

в) басқаратын ықпалды орындауға өткізу және оның орындалуын

қадағалау;

г) басқару ықпалдарын іске асыру;

д) ақпарат алмасу.

Мысалы үшін АЖ-ге, ол локальды есептеу тізбегі негізіне негізделгендіктен және электромагниттік алаң әсерінен жұмыс істейтіндіктен бірканалды талшықты сызықты тұтастай пайдалануға болады, себебі олар мұндай кедергіден қорғалған. АЖ-ге есептеу технологиясының жағдайлары пайдаланылуы тиіс, олар жалпы техникалық талаптарды қанағаттандырады.

АЖ үшін, оның құрамына кіретін және нақты міндеттерді шешуге бағытталған бағдарламалық қамтамасыз ету үлкен роль ойнайды. АЖ-нің бағдарламалық қамтамасыз етуі барлық қызметтерді орындауға жетерлік болу керек, ол қызметтер есептегіш техника жағдайларын қолданумен жүзеге асады және АЖ-нің қызметтік тәртібін өз уақытында автоматтандырылған күйінде орындауға мүмкіндік беретін талап етілген мәліметтерді өңдеу процесі ұйымдастырылады [5] .

Ол келесі қасиеттерге ие болуы керек толықтай тұтастық, сенімділік, икемделушілік, модификациялық пен құрылыс модульділігі, пайдалану тиімділігі. АЖ-нің бағдарламалық қамтамасыз ету құрамына қолданбалы бағдарламалар қалтасы, мәліметтер негізін басқаратын жүйелер, жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету. Тағы сол сияқты кіруі тиіс. БҚ АЖ ішінде АЖ-нің техникалық құрылғыларының диагностикасы және енуші ақпараттың сенімділгін тексеру болуы қажет. АЖ-нің бағдарламалық қамтуында ақпаратты енгізгенде және өңдегенде қателіктерден сақтайтын шаралар жүзеге асуы керек, олар АЖ қызметінің орындалу сапасын қамтамасыз етеді. АЖ-нің жалпы бағдарламалық қамтуы арнайы бағдарламамен қамту бөліктерін ретке келтіруді жүзеге жүзеге асыруға мүмкіндік туғызу керек, және АЖ-нің қызмет ету процесін тоқтатпастан бағдарламалық қамтуды әрі қарай дамыту қажет. Жалпы алғанда АЖ-нің бағдарламалық қамтуы бірін-бірі өзара жоятын және қайшы келетін элементтерді өз ішіне енгізбеуге тиіс.

Адам өмірінің барлық саласына компьютерлік техниканың өндірілуі мен дамуы ақпараттық технологияның өте қатты өркендегенін білдіреді. Қазіргі уақытта ақпараттық технология мен соған сәйкес анықтамалардың бірқатары бар. Ең кең көлемде ақпараттық технология ұғымы - бұл ақпараттық жетістік тудыру, ақпараттық қызметтің түрі, ол адам іс-әрекетінің барлық саласында қолданылады.

Негізгі қайта өңделетін өнімге ақпарат жатады. Ақпарат термині арқылы мәліметтердің жиынтығы кейбір жүйенің фактілері мен білімдері, ол ұйымдасудың құрылымның, осы жүйенің тұтас және жекелеген элементтерінің жүзеге асу жағдайы ұсынылады. Тар мағынасында ақпраттық технология мәліметтерді өңдейтін электронды технология, бүкіл әдіс - тәсілдер, процестер, қажетті техника мен құрылғылар, болып түсініледі. Математтикалық тәсілдер ақпараттық технологияны жетілдірудің ең өзектсі болып табылады.

Алгоритмдік тәсіл математикалық үлгілермен функционалды тапсырмаларды шешу әдістерін жүзеге асыру алгоритмін туындатады. Олардың ішіне әдеттегі тапсырмаларды шешетін стандартты алгоритмдермен жекелеген тапсырмалар үшін жобаға дайындалатын сирек алгоритмдер енеді. Алгоритмдік тәсіл бағдарламалық тәсіл негізінде ашылады. Ақпараттық технологияның бағдарламалық қамтылуы ішіне операциялық жүйелер мен орталар, бағдарламалау тәсілдері, бағдарламалау тәсілдерінің инструменталды және арнайы түрлері кіреді.

Ақпараттық технологияның ақпараттық тәсілдеріне ақпарат процестерін сипаттау, ақпараттық үлгілер, мәліметтер қоры мен банкі, ұйымдастырудың басқа тәсілдері ақпараттық жиналу және ұсынылу түрлері кіреді.

Әдістемелік тәсілдер өз ішінде әдістемелік материалдарды, стандарттарды, хаттамаларды, ақпараттық технологияны құрудың алғы шарттары мен құжаттары, сипаттамаларды қарастырады [6] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лабораториялық жұмыстарға қажетті құралдар
Техно- Астана интернет-дүкенін жобалау
Ашық жүйелердің өзара қарым-қатынастың эталондық моделі
Экономикалық тиімділікті есептеу әдістемесін таңдау және негіздеу
CISCO 5500 series қондырғысының негізінде есептеуіш желілердің құрылымы
Сайттың деректер қорының схемасы
Nash pub кафесінің Веб-сайтын құру
Корпоративтік тораптарды енгізу
Компьютерлердің желідегі функционалды қызметтері
Қашықтықтан оқыту ақпараттық жүйесін жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz