Қазақстан Республикасындағы Республикалық бюджетінің экономикалық мәні мен рөлі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ2
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН РӨЛІ4
1. 1 Республикалық бюджет түсінігі, экономикалық мазмұны, сипаттама белгілері4
1. 2 Республикалық бюджеттің функциялары, әрекет етушекарасы14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ӘСЕРІН ТАЛДАУ20
2. 1 Республикалық бюджеттің макроэкономикалық көрсеткіштерге әсерін талдау20
2. 2 Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуын бағалау23
3. БюджетіНің макроэканомикалық ролін арттыру31
Қорытынды37
Пайдаланылған әдебиеттЕр тізімі39
ҚосымшаЛАР41
КІРІСПЕ
Бюджетті басқарудың алғы шарты, оның экономикада қаншалықты орын алатыны бюджет құрылымының деңгейіне, ұйымдастырушылық құрамына тікелей тәуелді. Бюджет құрылымы - ол бюджеттік жүйені өзара байланыстыратын ұйымдастырушылық формасы. Бюджеттік құрылым елдің мемлекеттік құрылымдық формасымен анықталады және биліктің орталық пен жергілікті органдарының республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру, қарау, бекіту мен атқару, кірістер мен шығыстарды бөлу жөніндегі өкілеттіктерін реттейтін құқықтық нормаларға негізделеді.
Республикалық бюджет - Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiнде көрсетілген түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Бюджет Koдексінде көзделген өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады. Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тиiстi қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актiлерi, осы актiлердiң қайтарымды негiзде ақша бөлу туралы ережелерiн қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейiн күшiн жояды.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдар, тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттардың шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы мәслихаттардың шешiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың оларды iске асыру туралы актiлерi тиiстi қаржы жылының 1- қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Республикалық бюджет мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады, сондықтан да республикалық бюджеттің атқарылуын талдау өзекті мәселе болып табылады да зерттеу тақырыбына айналады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - республикалық бюджеттің теориялық негіздерін қарастырып, атқарылуына баға беру.
Айтылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді қарастыру көзделді:
- Республикалық бюджет түсінігі, экономикалық мазмұны, сипаттама белгілерін қарастыру;
- Республикалық бюджеттің функциялары, әрекет ету шекарасын айқындау;
- Республикалық бюджеттің макроэкономикалық көрсеткіштерге әсерін талдау;
- Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің кіріс және шығыс бөлігінің атқарылуын бағалау;
- Қазақстан Республикасының бюджетінің макроэканомикалық ролін арттыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті табылды.
Жұмыстың теориялық және әдістемелік базасы ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің, статистика агенттігінің статистикалық жинақтары қаралды.
Курстық жұмыс өзіне үш негізгі бөлімді, кіріспе, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімін қосады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН РӨЛІ1. 1 Республикалық бюджет түсінігі, экономикалық мазмұны, сипаттама белгілері
Республикалық бюджет салық және өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылатын және республикалық бюджеттік бағдарламалар мен іс-шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қаражат қорын білдіреді.
Республикалық бюджеттің қаражаты экономиканы құрылымдық қайта құруды қаржыландырудың, өндіріс саласындағы перспективалық бағыттарды дамытудың маңызды көзі болып табылады. Республикалық бюджет өнерді, мәдениетті, бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау мен дамытуда үлкен рөл атқарады.
Азаматтар мен ұйымдардан алынатын салықтар, мемлекеттік меншікті жалға беруден немесе оларды сатудан түскен кірістер, берілген кредиттер бойынша пайыздар және т. б. мемлекет үшін кірістердің көздері болып табылады [2] .
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 49-бабына сәйкес республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады:
- мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсiмдердi қоспағанда, корпоративтік табыс салығы;
- қосылған құн салығы, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;
- шикi мұнайға, газ конденсатына акциздер;
- ойын бизнесі салығы;
- мұнай секторы ұйымдарынан түсiмдердi қоспағанда, үстеме пайда салығы;
- тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемақы;
- мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсiмдердi қоспағанда, бонустар;
- мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсiмдердi қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіруден алынатын салық;
- мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, экспортқа рента салығы;
- мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсiмдердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының жасалған келiсiмшарттар бойынша өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесi;
- мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметiн жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi;
- жергiлiктi маңызы бар ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдары бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым;
- телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат берілгенi үшiн алым;
- бұқаралық ақпарат құралының мемлекеттік тіркелгені (есепке қойылғаны) үшiн алым;
- дәрiлiк заттардың мемлекеттiк тiркелгенi, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшiн алым;
- шығармаларға және сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтардың, шығармаларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта тіркелгені үшін алым;
- радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиiлiктегі құрылғылардың мемлекеттiк тiркелгенi үшiн алым;
- қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ ұялы байланыстың берілгені үшiн төлемақы;
- радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
- республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
- жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
- кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
- республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы;
- әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға кеден баждары;
- кеден бақылауын және кеден рәсiмдерiн жүзеге асырудан түсетін түсiмдер;
- отандық тауар өндiрушiлердi қорғау шаралары ретiнде алынатын баждар;
- консулдық алым;
- Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың апостил қойғаны үшiн мемлекеттiк баж;
- жеке басын куәландыратын құжаттар берілгенi үшiн мемлекеттiк баж;
- жүргiзушi куәлiктерiнің берілгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж;
- механикалық көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер берілгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж;
- мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiнің берілгенi үшiн алынатын мемлекеттiк баж;
- нотариаттық iс-әрекеттер жасалғаны үшiн алынатын мемлекеттiк баж;
- зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды мәні бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж;
- мемлекеттік мекемелерді сотқа берген талап қою арыздарынан алынатын мемлекеттік баж;
- механикалық көлік құралдарының және тіркемелердің техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж.
Мыналар республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады:
- республикалық меншiктен түсетін кiрiстер:
- республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
- республикалық меншiктегi акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер;
- республикалық меншiктегi заңды тұлғалардың қатысу үлесiне кiрiстер;
- республикалық меншiктегi мүлiктi жалға беруден түсетін кiрiстер;
- екiншi деңгейдегi банктердiң шоттарында мемлекеттiк сыртқы қарыздар қаражатының орналастырылғаны үшiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң депозиттерi бойынша сыйақылар;
- республикалық бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар;
- қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кiрiстер;
- республикалық меншiктен түсетін басқа да кiрiстер;
- республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткiзуден түсетін түсiмдерi;
- республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттiк сатып алуды өткiзуден түсетін ақша түсiмдерi;
- мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетiнде (шығыстар сметасында) тұратын және қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алу;
- мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке салықтық емес басқа да түсiмдер.
Мыналар негiзгi капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетін түсiмдер болып табылады.
- республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелерге бекiтiлген мемлекеттiк мүлiктi сатудан;
- мемлекеттiк материалдық резервтен тауарлар сатудан;
- мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетін ақша.
Мыналар республикалық бюджетке түсетін трансферттердiң түсiмдерi болып табылады:
- облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiнен түсетін трансферттер;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін трансферттер.
Республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi өтеуден, республикалық меншiктегi мемлекеттiң қаржы активтерiн, үкіметтік қарыздарды сатудан түсетін түсiмдер республикалық бюджет есебіне жазылады.
Республикалық бюджеттiң шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- жалпы сипаттағы мемлекеттiк функциялар:
- Қазақстан Республикасы Президентiн және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету;
- Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң жұмыс iстеуi;
- сайлаулар мен референдумдар өткiзу;
- республикалық деңгейде мемлекеттік жоспарлау;
- салық қызметi органдарының қызметi;
- республикалық бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру және жергiлiктi бюджеттердiң кассалық қызмет көрсетуі, бюджеттік есепке алуды жүргізу және бюджеттердің атқарылуы бойынша есептілікті жасау;
- республикалық меншiктi басқару;
- сырттай байқау рәсімін, оңалту рәсімін, конкурстық іс жүргізуді және конкурстық іс қозғамастан борышкерді тарату рәсімін өткізуді ұйымдастыру;
- мемлекеттiк сатып алудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
- мемлекеттiк қаржы бақылауы және қаржы мониторингі;
- кеден қызметi;
- мемлекеттiң сыртқы саяси қызметi;
- iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзу;
- мемлекеттiк статистикалық есеп;
- мемлекеттiк қызметтiң бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру;
- ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әртүрлi қызмет салалары мен аяларында мемлекеттiк сыйлықтар беру және мемлекеттiк наградалармен марапаттау;
- Алматы қаласы өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу;
- саяси партиялардың қызметін қаржыландыру; қорғаныс, қоғамдық тәртiп, қауiпсiздiк:
- мемлекеттiң қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- орталық атқарушы органдар жүргізетін жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;
- мемлекеттiк материалдық резервтердi қалыптастыру және сақтау;
- ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
- терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көрiнiстерiне қарсы күрес;
- мемлекеттiк құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету;
- облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерiнен қаржыландырылатын iс-шараларды қоспағанда, жалпыға бiрдей әскери мiндеттi орындауға байланысты iс-шараларды ұйымдастыру;
- облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерiнен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
- табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметтi ұйымдастыру;
- жаhандық, өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
- кәсiби авариялық-құтқару қызметiнiң жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- мемлекеттiк өртке қарсы қызметтің жұмысын қамтамасыз ету;
- азаматтық қорғаныс жүйесiн ұйымдастыру;
- азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарына мемлекеттiк кадастр жүргiзу;
- экономикалық және қаржы салаларындағы құқық қорғау қызметi; құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметi:
- әдiлет саласындағы қызмет;
- азаматтардың және мемлекеттiң мүдделерiн құқықтық қорғау;
- заңдылықты және құқықтық тәртiпті қамтамасыз ету;
- мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу;
- сот сараптамасы қызметi;
- сот жүйесiнiң жұмыс iстеуi;
- қылмыстық-атқару жүйесiнің қызметiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету; бiлiм беру:
- республикалық бiлiм беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы бiлiм беру;
- республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізу;
- республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейiнгi, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiмді мамандар даярлау;
- республикалық деңгейде кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау;
- республикалық орта бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес шетел мектептерiнде оқитын отандастарды оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк кешендермен қамтамасыз ету; денсаулық сақтау:
- жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
- республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған медициналық көмек көрсетуі;
- республикалық деңгейде табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезiнде шұғыл медициналық көмек қызметiн ұйымдастыру;
- республикалық маңызы бар мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық оңалту;
- психиатриялық бұзылулардан (аурулардан) зардап шеккен және қатаң бақылауды қажет ететiн адамдарға медициналық көмек көрсету;
- сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама жүргiзу;
- ауру адамдарды шетелде емдеудi ұйымдастыру;
- айрықша қатерлi жұқпалы ауруларға қарсы іс-қимыл;
- республикалық маңызы бар мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдары үшiн қан, оның құрауыштары мен препараттарын өндiру;
- санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуі;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, олардың отбасы мүшелерiне, сондай-ақ әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары қызметкерлерiнің қатарынан шыққан зейнеткерлерге және азаматтардың басқа да санаттарына медициналық қызмет көрсету;
- жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын шығыстардан басқа, азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы қызмет; әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру:
- Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебiнен зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдерi;
- мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;
- мемлекеттiк арнайы жәрдемақылар;
- арнайы мемлекеттік жәрдемақылар;
- зейнеткерлердi, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiн, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мемлекеттiк жәрдемақы алушыларды жерлеуге жәрдемақы;
- бала тууына байланысты тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы;
- баланы бір жасқа толғанға дейін бағу-күту бойынша оларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
- экологиялық апат аймақтарында тұратын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк көмек;
- әскери қызметшiлердiң, құқық қорғау органдары мен мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерiнiң отбасыларына Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;
- саяси қуғын-сүргiн құрбандарына және одан зардап шеккендерге Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген әлеуметтiк төлемдер;
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мiндеттемелерi болып табылатын әлеуметтiк төлемдер;
- көшi-қон iс-шаралары; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк:
- қазақтың ұлттық мәдениетiн және басқа да ұлттық мәдениеттердi қайта өркендету, сақтау, дамыту және тарату;
- республикалық маңызы бар театр және музыка өнерiн, ұлттық фильмдер шығаруды, мұражай ісін қолдау;
- мәдениет және мемлекеттiк жастар саясаты саласында әлеуметтiк маңызы бар iс-шаралар өткiзу;
- халықаралық және республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету;
- республикалық деңгейде спорттың ұлттық және бұқаралық түрлерiнiң дамуын қолдау;
- жоғары жетiстiктер спортын дамыту;
- Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiнiң халықаралық спорттық жарыстарға дайындығы және қатысуы;
- халықаралық туристiк нарықта және мемлекет iшiнде Қазақстан және оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпарат дайындау және тарату;
- республикалық маңызы бар мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету;
- республикалық кiтапханалардың жұмыс iстеуi;
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы республикалық деңгейде мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу;
- мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту; агроөнеркәсіптік кешен, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:
- су ресурстарын қорғауды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, су шаруашылығы баланстарын, су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау схемаларын әзiрлеу, су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамы, су ресурстарын пайдаланудың ақпараттық-талдау жүйесiн қамтамасыз ету;
- судың мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк су кадастрын жүргiзу;
- су беруге байланысты емес трансшекаралық су шаруашылығы құрылыстарын және республикалық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану;
- республикалық маңызы бар ерекше авариялық су шаруашылығы құрылыстарын және гидромелиорациялық жүйелердi қалпына келтiру;
- суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнiң мониторингi және оны бағалау;
- республикалық маңызы бар орман қорын, жануарлар дүниесiн, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттiк есепке алуды, табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрларын жүргiзу, ормандар мен жануарлар дүниесiнiң мемлекеттiк мониторингі;
- орман шаруашылығын жүргізу;
- орман тұқым шаруашылығы және селекция;
- мемлекеттік орман кадастрын, жануарлар дүниесiнiң, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрларын жүргізу;
- ормандарды өрттен қорғау, орман зиянкестерінен және ауруларынан қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстар;
- балық ресурстарын және басқа да су мекенді жануарларын қорғау және өсімін молайту;
- балық аулауды мемлекеттiк реттеу және балық қорларын қорғау;
- республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күтіп ұстау, мемлекеттiк табиғи-қорық қорын қалпына келтiру;
- Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленген жағдайларда, жер учаскелерiнiң меншiк иелерiне немесе жер пайдаланушыларға келтiрiлген залалдарды өтеу;
- қоршаған ортаның мемлекеттiк мониторингi;
- республикалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу;
- І санат объектілеріне мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргізу;
- қоршаған ортаға эмииссияға І санат объектілері үшін рұқсат беру;
- гидрометеорологиялық мониторинг;
- республикалық деңгейде жер қатынастарын реттеу;
- мемлекеттiк жер кадастрын, жер мониторингiн жүргізу;
- топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар;
- жануарлар ауруларының диагностикасы, эпизоотияға қарсы жұмыс, оның ішінде ветеринариялық препараттарды, олардың қорын қоса алғанда, сатып алу, жеткізу, сақтау, қолдану, сондай-ақ жануарлар мен құстардың қатерлі жұқпалы ауруларының ошақтарын жою және зарарсыздандыру;
- ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтары, байқап көру, сондай-ақ шағым жасалған кезде ветеринариялық препараттардың серияларын (партияларын) бақылау;
- фитосанитариялық мониторинг;
- карантиндегі өнімнің зартханалық сараптамасы және егіс пен екпе материалдарындағы жасырын жұқтырылған ауруды анықтау;
- карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау, жою;
- қорымен қоса, пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды жеткізуге, сақтауға және қолдануға байланысты қызметтер көрсетуді сатып алу;
- мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу, мемлекеттік азық-түліктік астық резервін сақтау және ауыстыру;
- аграрлық азық-түлік нарығында сатып алу операцияларын және баға интервенциясын жүргізу;
- сорт сынақтары, тұқымдық және екпе материалдың сорттық және егістік сапаларын айқындау;
- ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыру және басқару;
- ауыл шаруашылығы өндірісін агрохимиялық және агроклиматтық қамтамасыз ету;
- агроөнеркәсіптік кешенді техникалық қамтамасыз етуді мемлекеттік реттеу;
- агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның субъектілеріне бәсекелестік нарығында жоқ немесе жеткіліксіз көрсетіліп келген қызметтер көрсетудің жекелеген түрлерін ұсыну;
- агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесін ұйымдастыру;
- екінші деңгейдегі банктердің ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу жөніндегі кәсіпорындарға беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау;
- ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару мен нарық жүйелерін дамыту;
- өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды қолдау;
- өсімдіктердің жоғары бағалы сорттарының, ауыл шаруашылығы жануарларының, құстар мен балықтардың тұқымдары мен түрлерінің тектік қорын сақтау және дамыту;
- суармалы жерлерді мелиоративтік жақсарту жөнінде іс-шаралар жүргізу; өнеркәсiп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi:
- мемлекеттiк өнеркәсiп саясатын iске асыру;
- отын-энергетика кешенiн дамыту;
- энергияны үнемдеу саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру;
- жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, сейсмологиялық ақпарат мониторингi;
- мемлекеттiк геологиялық зерттеу;
- геологиялық ақпаратты қалыптастыру;
- кенiштер мен шахталарды жабу және жою, техногендiк қалдықтарды көму;
- республикалық маңызы бар мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу;
- құрылыс нормалары мен стандарттарын сатып алу және әзiрлеу; көлiк және коммуникациялар:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz