Мінез жайлы


Жоспар
Кіріспе
1. Мінез
1. 1 Мінез туралы жалпы ұғым
1. 2 Мінез бітістері
ІІ. Негізгі бөлім
2. Типтік мінез бітістері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Мінез
Мінез туралы жалпы ұғым
Әр адам сыртқы дүниенің сансыз тітіркенгіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әркетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол- көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктерің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды.
Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез-кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелілігі, бірқалыптығы, толықтығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы - оның негізгі сапалары болып есептелінеді.
Моралдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да, оның айналысымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзі міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық - мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.
Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. «Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты». Сінез сапаларының бірі - оның бірқалыптығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып, тұрма йды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның мінезі бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі ешқашан ажырамайтын бітістері. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Аламның мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен (мектеп, балалар мекемелері, оқу, өндіріс ұжымы, қоғамдық ұйымдар т. б. ) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгемейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала туысынан «еңбек сүйгіш не жалқау тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие проценсінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-қатынас. « . . . Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады». Сондықтан да оны қоршаған ортасына ғана төселмей, өзі де шама -шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер енгізеді. Адамның нақтылы іс-әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында шешуші роль атқарып отырады.
Мінез бітістері
Адамдардың өмір жолы мен әркетенің сипаты түрліше болатындықтан, оның мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерекшелік көптеп кездесіп отырады. Сонымен қоса, адамдарда өзі өмір сүріп отырған қоғамның ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ мінездері де болады. Сондықтан бір адамның мінезі жөнінде сөз болғанда мінездің дара және типтік бітістерін қоса еске алып отыру қажет. Типтік мінездер - белгілі тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесі. Типтік мінезден әр-адамның ұлттық, кәсіптік және жас ерекшелігіне сәйкес өзгешіліктері де тиісінше орын алып отырады. Осындай қоғамда әрбір тап өкілдерінің таптық мүдделері де дүниетанымдары да бөлек болады. Мәселен, зауыт фабрикалардың қожасы болып табылатын капиталистер жұмысшылардың еңбегі арқылы баюға тырысса, жұмысшылар өздерінің тұрмыс жағдайы мен құқтарын жақсартуды көздейді. Осы айтылғандар адамдардың мінез бітістеріне, психологиясына ықпалын тигізбей қоймайды.
«Егер адамның мінез-құлқын жағдайлар тудыратын болса, онда сол жағдайларды адамға тиімді етіп құру керек»-деп жазды Маркс мен Энгельс.
Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белігілі топтарға жинақтауға болады. Олар мына төмендегідей:
Адамның ұстаған бағытынан, яғни бүкіл психикалық тұрпатынан байқалатын мінез бітістері әр түрлі жағдайда көрініп отырады. Мұның біріншісіне адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез бітістері кіреді. Бұларға: гуманизм, қайырымдылық, үйірсектік, адалдық және осыларға қарама-қарсы жекешілдік, қатігездік, тұйықтық, зымияндық, т. б. бітістер жатады.
Осы топқа сондай-ақ адамның өз ісіне, еңбегіне қатынасын білдіретін мінез бітістері де жатады. Бұларға еңбек сүйгішьік, құнттылық инициативалық, салақтық, тиянақсыздық, кертартпалық т. б. бітістер кіреді.
Адамның өзіне -өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың негізгі бір жағы. Бұларға кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін-өзі сынай алу, талап қоя білушілік және бұларға қарама-қарсы өр көкіректік, мақтаншақтық, жасқаншақтық т. б. жатады.
Мінез ауыр, жеңілтек, мінесіз, сотқар, тентек, бейбастақ, итмінез т. б. түрлерге бөлінеді.
Типтік мінез бітістері
Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ мінездердің қатарына:
Отанға берілгендік, адалдық, шыншылдық, еңбекке және қоғам мүлкіне дұрыс көзқарас, ұжымшылдық, гуманизм, борышын және жауапкершілігін түсіну, қиыншылықтарды жеңіп шығуға дайын болу, кішіпейілділік, қарапайымдылық, сергектік, жолдастық, т. б. жатқызуға болады. Типтік мінездерді зерттеу психология ғылымының алдындағы басты міндет. Дүниетанымы мен сенімінің ұқсастығынан адамда дара мінез болмайды деген қорытынды шықпайды. Адамда типтік ортақ мінездермен қатар дара мінез бітістердің де сан алуан түрлері болатындығы өткен параграфта айтылды. Гуманистік-демократиялық қоғамда ғана жеке адамның жан-жақты дамуына, оның дара мінездерінің талант қабілеттерінің дамуына өте қолайлы жағдай туады.
Типтік мінездің кейбіреулері:
1) Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен тәжірибесін халық мүддесіне оның игілігіне яғни адамның кір-жуып -кіндік кескен жеріне білдіретін перзенттік борышы -оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.
2) Мақсаткерлік (мақсатқа талпынушылық) - бұл адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстаған бағыт-бағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл-арманына бағындыра алуы. Алдағы мақсатынан ауытқу, бос белбеулікке салыну - ар-намыс пен ожданға сиыспайтын қасиет. Мақсаткерлік- тек бір іспен өнебойы шұғылдану, онымен ылғи да әуре болып жүру емес. Мұндай кісі өзіне жүктелген тапсырманы да мүлтіксіз, сапалы етіп орындап шығуды жан-жақты ойластырады, осы жолда творчестволық белсенділік көрсетеді, әрбір ісін түпкі көздеген мақсатымен байланыстырып отырады.
Мақсаткерлік - асыл арман, зор үмітпен тығыз байланысты. Арманмен ойнауға болмайды, ол күйресе бақытсыздыққа душар етуі мүмкін. Үіміті мен арманы шындыққа сәйкес келген адам ғана келешектін құшағында өмір сүре алады. Арман мен үміт жүректі қуанышқа толтырады.
Мінездің осы түрі халқымыздың ұлттық қасиетінен орын алуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz