Негізгі құралдардың есебі туралы ақпарат



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I тарау НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктемесі ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Негізгі құралдарды бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6


II тарау НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдарың келіп түсуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.2 Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуын есепке алу ... ... ... ... ... 8
2.3 Негізгі құралдарды жөндеудің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
2.4 Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есебі ... ... ... ... 14
2.5 Негізгі құралдарды түгендеу 16


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Жалпы менің алып отырған курстық жұмысымның тақырыбы негізгі құралдардың есебі болып табылады. Осы курстық жұмыс барысында мен негізгі құралдар туралы кең түсінік беріп, мағынасын ашып, жіктелімдеріне тоқталып, түрлерін әңгімелеп және ең бастысы негізгі құралдар есебіне ден беріп тоқтала кететін боламын.
Барлық "негізгі құралдар" өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарыңда пайда-ланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, кұрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі кұралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, коғамдық тамақтандыру, баскару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым
және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады.
"Негізгі құралдарды" халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, оңда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіп-орынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы "Жалға алынған негізгі құралдар" деп аталатын шотта есептейді.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республика сындағы аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылгы 20 қарашадағы №20 заң күші бар жарлығы (2001 жылгы 15 қарашадағы өзгертулер және толықтырулармен).
2. Бухгалтерлік есеп стандарттары. Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы. — Алматы, 1996-2003 ж.
3. И.Әбдіманапов Ә.Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы жоне принциптері.- Алматы: АЙАН, 2001.
4. Безруких П.С. Бухгалтерский учет. — М., 1996.
5. Баймұханова С.Б. Қаржылық есеп:Оқулық. – Алматы, 2007.
6. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары. Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 2002 жылгы 18 қыркүйектегі №438 буйрыгымен бекітілген.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Негізгі құралдар

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I тарау НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТҮСІНІГІ

1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні және жіктемесі
... ... ... ... ... ... ...4
1. Негізгі құралдарды бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

II тарау НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ

2.1 Негізгі құралдарың келіп түсуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.2 Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуын есепке алу
... ... ... ... ... 8
2.3 Негізгі құралдарды жөндеудің
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.4 Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың
есебі ... ... ... ... 14
2.5 Негізгі құралдарды түгендеу
16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .19

ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..20

КІРІСПЕ
Жалпы менің алып отырған курстық жұмысымның тақырыбы негізгі
құралдардың есебі болып табылады. Осы курстық жұмыс барысында мен негізгі
құралдар туралы кең түсінік беріп, мағынасын ашып, жіктелімдеріне тоқталып,
түрлерін әңгімелеп және ең бастысы негізгі құралдар есебіне ден беріп
тоқтала кететін боламын.
Барлық "негізгі құралдар" өздерінің өндіріске қатысуына қарай
өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік
негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарыңда
пайда-ланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер,
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау
құралдары, әр түрлі станоктар, двигательдер, кұрал-саймандар, өлшеуіш
аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың
қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі
құралдар жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында,
денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет
салаларында пайдаланатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі
кұралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің
түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман
(тоғай) шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық
жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, коғамдық тамақтандыру, баскару
органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым
және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша
топталады.
"Негізгі құралдарды" халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған
кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар
мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.
Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана
ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын)
болса, оңда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіп-
орынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай
меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып
екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс
сыртындағы "Жалға алынған негізгі құралдар" деп аталатын шотта есептейді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I тарау НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
1. Негізгі құралдардың экономикалық мәні
№6 БЕС бойынша негізгі құралдар бұл еңбек құралы ретінде материалдық
өндіріс саласында, сондай-ақ өндірістік емес салада (материалдық емес
өндіріс саласында) ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса) қолданыста болатын
материалдық активтер.
Негізгі құралдарға жылжымайтын мүліктер ( жер учаскелері, үйлер,
ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер және жермен өте тығыз байланысты,
қозғалысы олардың мақсатына зиян келтірмеуі мүмкін емес басқа объектілер),
көлік құралдары, жабдықтар, аулау аспаптары, өндірістік және шаруашылық
құрал-саймандар, үлкен және өнім беретін малдар, арнайы құралдар мен басқа
да негізгі қорлар ( кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, жануарлар
әлемінің экспонаттары, автомобиль жолдары, т.б.) жатады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің міндеті:
1. Расталған есептік мәліметтердің, техникалық паспорттардың, басқа да
құжаттар мен түгендеу журналдарының негізінде еңбек құралдарының
барлық түрлерінің сақталуына жүйелік бақылауды ұйымдастыру.
2. Негізгі құралдардың келіп түтуін, шығарылуын, қозғалысын есепте
уақтылы және дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
3. Негізгі құралдардың тозуының дұрыс есептелуіне және тиімді
пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру және қор қайтарымдылығын арттыру
жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
4. Негізгі құралдарға ағымдағы және күрделі жөндеулерді, қайта құруды
және жаңғыртуды жүргізумен байланысты шығындарды есепте дұрыс және
уақтылы көрсетуді жүзеге асыру.
5. Моральды және физикалық тұрғыдан ескірген негізгі құралдарды жежел
айқындау.
6. Негізгі құралдар бойынша дұрыс есептеме жасау үшін бухгалтерлік
есептің деректері банкін уақтылы және дұрыс қалыптастыру.
Негізгі құралдардың ғылыми негізделген жіктемесі алға қойған мақсаттарға
жету үшін маңызды шарт болып табылады. Жіктемелік топтарға өндірістік-
техникалық мақсаты бойынша, тозу қарқыны, қызмет мерзімі, жөндеудің
ерекшклігі, икемділігі мен техникалық жаңалығының дәрежесі бойынша өте
жақын негізгі қорлар енгізіледі.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі құралдар былайша
бөлінеді:
Өндірістік – бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе
өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Олардың шамасы мен
техникалық күйіне шаруашылық субьектісін, жалпы елдегі салаларын
экономикалық қуаты тәуелді. Бұлардың құрамына өндірістік үйлер мен
ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өлшеуші және реттеуші аспаптар мен
құрылғылар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандар,
керек-жарақтар, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін малдар, көпжылдық
өсімдіктер кіреді. Қор қайтарымдылығы, яғни негізгі құралдардың бірлігіне
натуралды және ақшалай өлшеуіштермен, өнім өндіру негізгі өндірістік
қорлардың тиімді пайдалануын сипаттайтын жалпылаушы экономикалық көрсеткіш
болып табылады.
Өндірістік емес – бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар
өндіріс процесіне қатыспайды, ол ұжымның мәдени-тұрмыстық қажеттігін
қамтамасыз етуге арналған : үйлер, ғимараттар, керек-жарақтар, ТКШ,
денсаулық сақтау, спорт.
Тиістілігі бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді:
― меншікті – бұл субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын
негізгі құралдар
― жалданған – жалдау шарты бойынша, онда белгіленген мерзімге басқа
субъектілерден алынған негізгі құралдар.
Қысқа мерзімді жалға алынған негізгі құралдарды жалгер баланстан тыс 001-
шотта ескереді.
Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталған
бойда немесе ол аяқталғанға дейін жалгер шартта келісілген өтемін төлеу
бағасын түгелдей енгізген болса, негізгі құралдар жалгердің меншігіне
өтеді. Олар 2400-2410 шоттарында Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі
құралдар көрсетіледі.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:
― қолданыстағы – бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған
(тоқтатылған) – консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша
қолданылмай тұрған негізгі құралдар
― қорда тұрған – қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы,
апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін қор құрайтын негізгі
құралдар .
Заттық құрамы бойынша негізгі құралдар былайша бөлінеді :
― инвентарлық – бұл заттай нысанға ие және айырбастау мен заттай санауға
болатын объектілер (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар)
― инвентарлық емес – бұл жер, орман және су дақылдарына арналған күрделі
салым, яғни заттық нысаны жоқ шығындар- жер учаскелерін жоспарлау, егістік
алаңдарын өңдеу.
Негізгі қорлар тобының құрамына кіретіндер :
Субъект меншік құқығында сатып алған жердің саны мен құны. әр участок
инвентарлық объект болып табылады.
Үйлер – бұл мақсаттық бағыты халықтың еңбек етуіне, тұрғын үйіне,
әлеуметтік-мәдени қамтамасыз етілуіне және материалдық құндылықтардың
сақталуына жағдай жасаудан тұратын сәулет-құрылыс объектілері.
Ғимараттар – еңбек заттарының өзгеруіне байланысы жоқ қандай да бір
функцияларды атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған
инженерлік-құрылыс объектілері : плотина, көпір, автомобиль жолы, шахта
стволы, мұнай бұрғысы.
Беріліс құрылғылары – электронды, жылулық, механикалық қуатты беруге
арналған құрылғылар ( электр тарату желісі, трансмиссиялар, құбырлы
өткізгіштер)
Машиналар мен жабдықтар. әрбір машина, егер оның құрамына кіретін
саймандарды, керек-жарақтарды, аспаптарды, қоршауларды, іргетастарды қоса
алғандағ басқа инвентардың бөлігі болмаса, инвентарлық объект болып
табылады.
1.1 Негізгі құралдарды бағалау
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты оларды
бағалаудың қабылданған принципі болып табылады.
Негізгі құралдарды ақшалай өлшеммен бағалау олардың көлемін, құрылымын,
тозуын анықтап, қайта өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. №6 БЕС
бойынша бастапқы, ағымдағы, баланстық құндарды, сату құнын және жою құнын
ажыратуға болады.
Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу
сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі
құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:
1. Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар ( үйлер,
жеңіл автомобильдер бойынша ҚҚС және сатып алу шарты бойынша
мемлекеттік баж )
2. Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалану, қосу жөніндегі шығындар
3. құрылыс мерзіміне берілген несие үшін пайыздар
4. активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар жатады.
Жер учаскесінің бастапқы құнына мыналар кіреді:
1. шотта көрсетілген сату бағасы
2. жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттерге комиссиялық сыйақы
3. сатып алу-сату құжаттарын рәсімдеу бойынша заңгердің көрсеткен
қызметін төлеу
4. салықтар мен алымдар

II тарау НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ

2.1 Негізгі құралдарың келіп түсуі
Негізгі құралдар кәсіпорынға сатып алуға байланысты, құрылыс
нәтижесінде, өтеусіз, жарғылық капиталға салым ретінде және т.б.
жағдайларда келіп түседі
1. Сатып алынған негізгі құралдардың есебі (үйлер мен жеңіл автомобильдерді
сатып алу)
1. баланстық құнына Дт 2411-2417 Кт 3310
2. тозу сомасына (егер пайдалануда болған объектілер сатып алынса) Дт
2411-2417 Кт 2421, 2425
3. ҚҚС-ты қоса алғанда, жеткізуге байланысты шығындар
Дт 2414 Кт 3310
4. жеткізушілер мен мердігерлер алдындағы берешек
өтелгенде Дт 3310 Кт 1010, 1030
2. Негізгі құралдардың өтеусіз келіп түсуі
1. егер негізгі құралдар демеушілік көмек ретінде алынса:
1. баланстық құнына Дт 2411-2417 Кт 6280
2. тозу сомасына Дт 2411-2417 Кт 2421-2429
3. Дт 6280 Кт 5410
2. егер негізгі құралдар атқарушы үкімет органдарынан субсидия түрінде
алынса
1. баланстық құнына Дт 2411-2417 Кт 6230
2. тозу сомасына Дт 2411-2417 Кт 2421-2429
3. Дт 6230кт 5410
3. Негізгі құралдардың жарғылық капиталға салым ретінде келіп түсуі
1. мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына
Дт 5020 Кт 5010
2. жарғылық капиталға салым ретінде келіп түскен негізгі құралдар
келісім құнына Дт 2411-2417 Кт 5020
3. құрылтайшылар енгізген салымның қалған сомасына
Дт 2730, 1310-1314,1317,1320-1330,1010 Кт 5020
4. Тауар-айырбас операцимсы нәтижесінде негізгі құралдардың келіп түсуі
1. босатылған тауарлардың сатып алу құнына Дт 7010 Кт 1330
2. ҚҚС-сыз босатылған тауарлардың келісңм құнына
Дт 1210 Кт 6010
3. ҚҚС сомасына Дт 1210 Кт 3130
4. алынған негізгі құралдар баланстық құнына Дт 2412 Кт 3310
5. тозу сомасына Дт 2413 Кт 2423
6. ҚҚС сомасына Дт 1420 Кт 3310
7. ҚҚс есепке алу Дт 3130 Кт 1420,1210
8. жыл соңында:
а) шығындар жиынтық табысты кемітеді Дт 5410
Кт 7010
б) табыстар жиынтық табысты арттырады :
Дт 6010 Кт 5410
2.2 Негізгі құралдардың амортизациясы мен тозуын есепке алу
Негізгі құралдар өндіріс үдерісінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни
өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін
пайдалануға жарамай қалады да, бұл кұралдардың орнына жаңа негізгі құралдар
сатып алуға тура келеді.
Негізгі құралдардың тозуын "табиғи" және "сапалық" тозу деп екіге
бөледі. Негізгі қүралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы
болып табылады, яғни жұмыс істеу үдерісінде машиналар мен құралдардың жеке
бөлшектерінің кажалып мүжілуі, үйлср мен ғима-раттардың тозығы жетіп
құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп
уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен катар
басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі
кұралдардың табиғи тозуы (физикалық тозуы) олардың ұзақ уақыт пайдаланылуы
және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.
негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып,
біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және
экономикалық факторлардың әсерінген өз қасиеттерін жоғалтады және
жарамсыз күй кешеді.
Тозу – бұл физикалық және моральдық сипмттамаларын жоғалту процесі
Негізгі құралдардың физикалық тозуы олар пайдаланылған кезде
жабдықтың бөлшектері мен тетіктерінің, үйлер мен ғимараттардың
құрылымдық элементтерінің механикалық тозуына байланысты, сондай-ақ,
темірдің тот басуына, ескіруіне, шіруіне әкеп соқтыратын табиғи-
климаттық жағдайлардың әсерінен басталады. Нәтижесінде негізгі құралджар
құнының бөлігі жоғалады.
Негізгі құралдарды моральдық жағынан тоздыратын факторлар:
1. Өндірістегі жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналардыжаңа, неғұрлым
өнімділеуіне ауыстыру)
2. технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы
машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес)
3. шығарылатын өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі
4. тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуды
субъектіден талап ететін, кейбір тауарларға сұраныстың азаюы.
5. жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы
өндірістің географиялық орналасуыендағы өзгерістер.
6. өнеркәсіптің өндеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы
өзгеріс өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар
өнеркәсіптің өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына
әкеп соқтыруы мүмкін. Моральдық жағынан тозудың нәтижесінде
физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал объектілерін
жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральдық жағынан тозуды
болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және
жаңғыртады. Мұражай және қылқам құндылықтарынан, кітаптардан,
фундаментальды кітапханалардан , фильмдер қорынан, сәулет пен
өнердің ескерткіші болып табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа
негізгі құралдардың барлығы – моральды тозуға бейім.
Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі. Бұл негізгі құралдардың
амортизациялық құнын тозу шамасына қарай оның көмегімен өндірілген
еңбек өнімі мен қызметке ауыстырудың, өндіріс шығындарына қосылатын
амортизациялық аударымдар арнайы ақша қаражаттарын пайдалану немесе
негізгі қорлардың жай және кеңейтілген өндірісіне айналдырудың
объективтік процесі.
Амортизациялық құн дегеніміз – бастапқы құн мен жою құнының
арасындағы айырмашылық. Ол негізгі құралдар келіп түскенде қосалұы
бөлшектердің, сенықтардың қызмет мерзімінің соңында қалыптасқан
қалдықтардың болжамды құны ретінде анықталады. Амортизациялық аударымдар
амортизация нормалары бойынша жасалады.
Амортизация нормасы – бұл амортизациялық аударымдардың жылдық
сомасының негізгі құралдарының жылдық орташа құнына қатысты.
№6 БЕС бойынша амортизация есептеу үшін мынадай әдістер қолданылуы
мүмкін:
1. құнды біркелкі есептен шығару әдісі
2. өндірістік әдіс
2.1 құнды есептен шығару ( кумулятивтік)
2.2 кемімелі қалдық
1. Құнды біркелкі есептен шығару әдісі
объектінің амортизациялық құны ай сайын бірдей сомамен есептен шығарылады.
Амортизация сомасы мыналарға орай анықталады:
ұтымды пайдалану мерзімі. Бұл ретте объектінің жай-күйі, жөндеу және
техникалық қызмет көрсету мәселелері, климат жағдайлары, қазіргі таңдағы
техника мен өндіріс саласындағы үрдістер, осындай активтермен жұмыс
тәжәрибесі ескеріледі.
Мысалы: станоктың құны = 20000 теңге. Болжамды жою құны=2000 теңге.
Пайдалану мерзімі 10 жыл. Станоктың амортизациялық құны = 20000-
2000=18000 теңге. Амортизацияның хыл сайынғы сомасы 18000 10 = 1800 теңге.
Амортизацияның ай сайынғы сомасы 180012=150 теңге.
2. Өндірістік әдіс.
Амортизация объектіні пайдалану мен уақыт бөлігінің нәтижесі ғана болып
табылады деген негіздеме оны есептеген кезде ешқандай рөл атқармайды.
Кәсіпорында өндірілетін әрбір өнім, жұмыс, құзмет бірлігінің құны оның
көмегімен осы өнімдер, жұмыстар мен қызметтер өндірілген негізгі құралдар
объектілерінің өзіне бірдей мөлшерде сіңіреді. Ай, жыл ішінде амортизация
сомасы объектінің құнын оның қатысуымен өндірілетін бұйым, жұмыс және
қызмет санына бөлу жолымен анықталады. Бұл әдісті пайдалану
мерзімінің көбіне техникалық көрсеткіштеріне немесе субъектінің
шаруашылық қызметінің өзгеруіне байланысты шектелуі кезінде
пайдаланады.
Мысал: Құны 240000 теңге болатын станок 6000 бұйымды өңдеуге
қабілетті, жою құны 18000 теңге, 1 бұйымға амортизация нормасы (240 -
18)6=37 теңге
Егер 2002 жылы мамыр айында 45 бұйым өндірілсе, онда амотизация
сомасы 45*37*=1665 теңге
2002жылы маусым айындағы 52 бұйымға амортизация сомасы 52*37=1924
теңге
2002 жылы шілде айында 48 бұйымға амортизация сомасы 48*37=1776
Техникалық паспорт бойынша жұмыспен өтелген сағат саны көзделуі мүмкін.
Мысалы 10мың сағат лат 1 сағат=(240-18)10=22,2
Егер станоктың мамыр айындағы жұмысуақыты 224 сағат болса, онда
амортизация сомасы 224*22=4928 теңге.
Құнды есептеп шығару (кумулятивтік) әдісі сандар сомасы бойынша есептеу
коэффициентін анықтаудан тұрады. Коэффимциенттің бөлімі ұтымды қызмет
мерзімі жылдарының сомасына тең. Алымы қалған санның қызмет мерзімінің
соңына дейін керісінше тәртіппен анықталады.
Пайдаланудың алғашқы жылдарындағы амортизация сомасы одан кейін
жылдардағыға қарағанда едәуір жоғары болады.
Кумулятивтік санды тез арада анықтау үшін мына формула қолданылады:

S= N( N + 1 ) 2
Мұндағы S- сома
N – ұтымды қызметтің болжамды мерзімі.

Мысал. Станоктың қызмет мерзімі 6 жыл. Кулмулятивтік сан = 7 + 2 + 3 +
4 + 5 + 6 = 27 бұл орайда станоктың бастапқы құны 240000, жою құны
18000 т. Амортизациялық құн 240000-18000= 222000 теңге.

Жыл Кульмулятивтік санАмортизация 1 жылдағы Айға шаққанда
нормасы амортизация
сомасы
2003 ж. 1 621 222000*621= 5286
5285
2004 ж. 3 521 222000*521= 4405
5285
2005 ж. 6 421 42286 3524
2006 ж. 10 321 31714 2643
2007 ж. 15 221 21143 1762
2008 ж. 21 121 10571 881

Кемімелі қалдық әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнынан емес,
баланстық құннан жүргізілуге тиістігін білдіреді. Тікелей әдіс кезінде
қолданылатын амортизация нормасы екі еселенуі мүмкін. Амортизация
есептеп шығарған кезде соңғы жылды қоспағанда, жою құны ескерілмейді.

мысалы: станоктың бастапқы құны 260000 теңге, жою құны 80000 теңге,
пайдалану мерзімі 5 жыл, амортизация нормасы 20%.

Жыл Нқ оъектісінің Амортизация Жыл ішіндегі Айға
құны нормасы Амортизация шаққанда
сомасы
1. 260000 20% 52000 4333
2. 260000-52000= 20% 41600 3467
208000
3. 208000-41600= 20% 33280 2773
166400
4. 133120 20% 26624 2219
5. 106496-80000 26439 2208

2.3. Негізгі күралдарды жөндеудің есебі
Ұйымдардағы негізгі құралдардың пайдалану барысында табиғи және сапалық
жағынан тозатындығы алдыңғы бөлімдерде сөз етілді. Бүтін бөлігі, яғни
табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уакытта іске жарамсыз
болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып,
соның себебінен негізгі құрал істен шығуы (пайдалануға жарамсыз болып
тұруы) мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің
тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен
катар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі кұралдарды да толығымен
ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндігі болмай, пайдаланып
жүруі мүмкін. Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарың пайдалану мерзімі
уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай тозып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Казойлсервис» ЖШС-нің қаржылық есебі
Қаржылық есептілікті талдау
Қаржылық есеп, талдау және аудит
СНГ авторларының аудитке берген анықтамалары
Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
«Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі іс-тәжірибе бағдарламасының жоспары:
РПК Бектау ЖШС
Қаржылық есептілікте мынандай ақпараттар болуы міндет
Кәсіпорынның негізгі құралдардың келіп түсуі мен шығуының есебі мен аудитінің ерекшеліктері
Пәндер