Қаржылық бақылау жайлы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1 Кіріспе2 -3

1 Қаржылық бақылаудың түсінігі . 4

1. 1 Қаржылық бақылаудың міндеттері мен функциялары : 5

1. 2 Қаржылық бақылаудың нысандары және әдістері 6

2 Қаржылық бақылаудың пәні,

мақсаты және мәселелері -7-9

3. Қаржылық бақылауды жүзеге асыру үшін құрылатын ерекше бақылау органдары 10-12

Қорытынды 13

Қолданылған әдебиеттер тізімі14

1

Кіріспе

Нарық экономикасы жағдайында қаржылық бақылаудың дамуы шаруашылық субьектідерінің бюджеттік, қарыздық және өзіне тиесілі қаржыларвн заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында мемлекеттік, қоғамдық және әр түрлі жеке салалардың шаруашылық қызметтерін қаржылық бақылаудың жүйесін реформалау үшін бірнеше нормативтік - құқықтық актілер қабылданды.

Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті - елдегі экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы, секторлардағы, шаруашылық жүйелерінің өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету. Бұрынғы әміршілдік - әкімшілдік басқару тәсілінен гөрі ұлттық экономиканың әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы- уақыт талап еткен қажеттілік болады.

"Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит” ревизиялық - бақылау органдарының мамандарын даярлауды жақсарту туралы және INTOSOL, IFAC, ЮСАЙД, ТАСИС халықаралық ұйымдарының ұсыныстары мен талаптарын ескере отырып, әзірленген. Ұсынылған кітаптың тиісті бөлімдерінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Австрия, Жапония, Финляндия, Швеция, Италия, Канада тәрізді дамыған елдердің бюджеттік - қаржылық бақылауының ілгершіл тәжірибелері пайдаланылған. Нарықты экономикасының нақтылығында жүйелі сараптама негізінде қаржылық бақылау мен тереңдетілген аудиттің қажеттілігі мен оның белгіленуі негізгі екені анықталды. Соған орай мемлекеттік, қоғамдық, шаруашылық, мекемелік және тәуелсіз қаржылық бақылаудың нысандарына, үлгілеріне, түрлене жіктелу жүргізілді. Қаржылық бақылау органдарының нысандары, обьектілері, функциялары, мақсаттары мен міндеттерінің жаңа талапқа сай үлгілері берілген. Онда әр түрлі жекеменшік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептемелері мен бухгалтерлік есептерінің ішкі жағдайларына қаржылық бақылау мен басқарушылық аудит жүргізудің әдістемелік негіздері мен тәртіптері қаралған. Шаруашылықпен айналысатын экономикалық субьектілерге ықпалды қаржылық бақылау мен басқарушылық аудит өткізу көкейкесті мәселе болып келеді, осы себепті тәжірибе талаптары Президент аппаратының, Парламенттің, Қазақстан

Республикасы Үкіметінің өкілдігін күшейтіп, Есеп комитетінің, Қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, Кендік бақылау және басқа да тексерістік бақылау жүйелерінің, қоғамдық және тәуелсіз қаржылық бақылау салаларының қызмет аясын кеңейтуді қажет етеді. Аталған оқу құралы қаржылық- несиелік, инвестициялық, тексеру - бақылау, мемлекеттік құқықты қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік құрылымдарға мамандар даярлауды жүзеге асыратын заң және экономикалық жоғары оқу органдары мен колледждерге, бизнес-мектептерге арналған.

1. 1 Қаржылық бақылаудың түсінігі.

Қаржылық бақылау дегеніміз -қаржы жүйесінің барлық звеноларының ресурстарды құру, бөлу, пайдалану негізін тексеруге бағытталған ерекше қызмет болып табылады.

Қаржылық бақылаудың мақсаты мемлекеттің қаржы саясатын ұтымды жүргізуге, қаржы ресурстарын құру мен тиімді бөлу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржылық бақылаудың құн катигориясын пайдаланумен байланысты бақылаудың ерекше саласы ретінде мақсаты және белгілі бір қолдану аясы бар.

Қаржылық бақылаудың объектісі болып қаржы ресурстарын, оның оның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық звенолары мен деңгейлерінің ақша қаражаттары қоры нысанында, құру және пайдалану барысындағы ақшалай, бөлу үдерістері танылады.

Қаржылық бақылау мынадай тексерулерді қамтиды: экономикалық заңдардың талаптарын сақтау; жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлудің оңтайлы пропорциясы; бюджетті құру және орындау (бюджеттік бақылау) ; шаруашылық жүргізуші субъектілердің, бюджеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа да заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы мен еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану; салықтық бақылау.

  1. Қаржылық бақылаудың міндеттері мен функциялары:

Қаржылық бақылаудың міндеттері:

1) -ұлттық шаруашылықтың қорлары мен ақшалай табыстарының мөлшері мен қаржы ресурстарын қажетсінуі арасын баланстауға ықпал ету;

2) -мемлекеттік бюджет алдындағы қаржы міндеттемесінің толық әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету;

3) -қаржы ресурстарының өсуі, оның ішінде өзіндік құнды төмендету және өнімнің рентабельділігін арттыру бойынша өндірісшілік резервтерді анықтау;

4) -кәсіпорындар мен ұйымдарда және бюджеттік мекемелерде ақша ресурстары мен материалдық құндылықтардың рационалды жұмсалуына, сондай-ақ бухгалтерлік есеп пен есеп-қисаптың дұрыс жүргізулуіне ықпал ету;

5) -қолданыстағы заңнамалардың, нормативтік актілердің, оның ішінде әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындарға салық салу саласы бойынша сақталуын қамтамасыз ету;

6) -кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне, оның ішінде валюталық операциалар бойынша белсенді қатынасуына ықпал ету, т. б.

Қаржылық бақылаудың функциялары:

1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру( алынған соманың шығындарға сәйкестігін және мемлекеттік қаражаттардың пайдалану тиімділігін) ;

2) қаржы жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік ресурстардың толық әрі уақтылы жұмылдырылуын тексеру;

3) есеп пен есеп-қисап тәртібінің сақталуын тексеру.

29

Бюджеттік бақылауға жергілікті қаржылар және мемлекетке тиесілі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары да қамтылады.

1, 3Қаржылық бақылаудың нысандары және әдістері

Қаржылық бақылау өткізілуі мерзіміне байланысты нысандары бойынша былай сыныпталады :

-алдын ала ( шығындалуға дейін жүргізіліп, профилактикалық шара қолданылады ) ;

-ағымдағы ( шығындалу кезінде жүргізіліп, жоспар немесе сметамен салыстырылады) ;

-кейінге ( есеп материалдары негізінде шығыннан кейін жүргізіледі. Алдын ала және ағымдағы бақылау үшін тұжырым жасалады) .

Қаржылық бақылаудың әдістері (өткізілуі тәсілдері) :

- ревизия ( барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметтері тексеріледі) ;

-инспекция (кәсіпорынның қаржылық жағдайы үнемі тексеріліп отырады) ;

-зерттеу (кемшіліктерін зерделеу) ;

2 Қаржылық бақылау дың пәні, функциялары, мақсаты және мәселелері

Әміршілдік-экімшілдік басқарушылық жүйесі тұсында ұзақ уақыт бойы және нарық экономикасына көшу кезінде қаржылық бақылау деп есептік жазбаларды және есеп берудің ереже бойынша дұрыс құрылғанын, сондай-ақ, салықтар мен алымдардың мемлекеттік, жергілікті бюджеттерге толық түсірілгенін анықтап, тексеретін құрылым деп түсінетін. Біртіндеп бұл түсінік жаңаша қолданыла бастады. Қаржылық бақылаудың жаңа замандағы түсінігі, мазмұны, міндеті кең және оның мақсаттылығының көпжақты, әр түрлі шаруашылық деңгейіндегі экономикалық құрылымдарды басқару тетіктерінің дұрыстығын тексеру болып табылады. Қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарды ең алғашқы сатысында пайдаланудың қабылданған нормативтері мен стандарттарынан ауытқуды ашу білікті органдарға уақытында бағытаушы шара қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, заң бұзушылықты болдырмас үшін алдын алу жұмыстарын жүргізуге және келешекте басқа да кері көріністерді болдырмас үшін зор маңызға ие.

Қаржылық бақылау - ұлттық өнімнің жалпы түсімінің соған сәйкесті қаржы қорына негізделген бағасымен бөлінуін және бір мақсаттарға жұмсалуын тексеруге бағытталған ерекшеліктері бар қызмет түрі. Қаржылық бақылаудың қажеттігі басқадан бұрын, экономиканың санаты ретінде қаржы саласына бақылау бақылау функциясы қашаннан тән.

Қаржылық бақылаудың пәнін анықтауда мақсаты, функциясы жжәне оның міндеті тәрізді мазмұнын да анықтау қажет.

Қаржылық бақылаудың пәні болып белгіленген ереже негізіндегі нормативтік -құқықтық реттеуді сақтауға негізделген ұдайы өндірістің кеңейтілген үдерісі мен қаржылық ресурстарды басқару болып табылады. Қаржылық бақылаудың мазмұнын ашу кезінде қалыптасу аясындағы істің мақсатқа сәйкес және жеке тұлғаларды тексеру шаралары мен орган жүйесі екенін атап өту орынды.

Қаржылық бақылау- заңдылықты сақтауға, меншікті қорғауға, бюджеттік, заемдік және меншіктік қаржыны дұрыс, тиімді пайдалануға, қаржылық тәртіпті бұзушылықты ашуға көмектесетін экономикалық бақылаудың ең маңызды нысандарының бірі.

Мемлекеттік қаржы қорын пайдалануды, бөлуді, жергілікті өзін-өзі басқаруды, мемлекеттік пен муниципадық унитарлық кәсіпорындар мен әр түрлі ұйымдарға пайда болу тәртібін бекітетін, тағайындайтын және құқық нысандарын тура сақтауды талап етуді қаржылық тәртіп деп түсінуге болады.

Қаржылық бақылаудың басқа бақылау түрлерінен айырмашылығы, ол - қолдануының белгілі бір ерекшеліктері бар және мақсатты бағыты болатындығы.

Қаржылық бақылаудың ең негізгі мақсаттарының бірі - кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да экономикалық субъектілердің қаржылық ресурстарын тиімді пайдалануы мен қаржылық саясатты табысты жүзеге асыруға ықпал ету болып табылады.

Бақылаудың қаржылық функциясы өндіріс үдерісіне, бөлінуіне, айырбасқа және материалдық игіліктерді тұтынуға қоғамның ықпал етуіне мүмкіндік жасайды. Осы қаржылық функцияның көмегімен бөліну үйлесімділігінің жинақталуын, қорлардың қалыптасу көздерінің қатынастарын және оларды пайдалану жағдайларын ескертеді.

Бірақ бұл мүмкіндік қоғамдық қатынастар мен белгілі бір жағдайлар болғанда ғана жүзеге асады, яғни:

а) ерекше қаржылық бақылау органдарын құру;

б) қаржылық бақылау органдарын білікті мамандармен толықтыру;

в) үкіметтік, ведомстволық, қоғамдық және тәуелсіз бақылау органдарының реттемелеу.
Қаржылық бақылау функциясы өндірістік ресурстарды басқару құралы ретінде пайдаланудың объективті жағдайын белгілейді және қоғамның экономикалық потенциалын анықтайды. Егер қаржы экономикалық негіздердің қатынасын білдіретін болса, олар өндіріс қатынасын білдіретін болса, олар өндіріс қатынастарының бөлшектері яғни, қаржылық бақылау қаржыны (жоспарлау, есептеу және талдаумен қатар) басқарудың бір элементтері ретінде қондырмалық санаты болып саналады.

Қаржылық бақылаудың мәні сол, ол ақшалай нысанда жүзеге асады. Кірістердің қалыптасу үдерісі, жинақталу, қаржы қорын құру мен пайдалану, ынтымақтас мемлекеттің немесе жеке елдің, қоғамның барлық деңгейіндегі шаруашылық өміріндегі қаржы-экономикалық өзара қатынастарын реттеудің тетіктері оның тікелей объектісі болып табылады. Қаржылық бақылаудың іс-эрекеті қаржы қатынастарын реттеудің тетіктері оның тікелей объектісі болып табылады. Қаржылық бақылаудың іс-әрекеті қаржы қатынастарының кең көлеміне тарады, өйткені қаржының өзі басқа да құнды нысандармен, оның ішінде еңбек ақысын төлеуге, өнімнің өзіндік құнына, қаржылық нәтижелерге, өндірістік инвестицияларға байланысты. Сонымен бірге, қаржылық бақылау мемлекеттік аймақтық құрылымдардың, мекемелелердің, ұйымдардың бюджеттік бөлінген қаржыларды дұрыс пайдалануын тексеріп, қызметтерінің барлық жағын, оған қоса кеңейтілген желілері мен контингенттерін (шектелімдерін), қаржыны белгіленген мөлшерде жұмсалуын және т. б. жүзеге асырады.

Қаржылық ресурстарды басқару өндірістің барлық аясындағы және экономикалық субъектінің қаржылық саясатын көрсетілген тәжірибеге сәйкесті дөрежесін анықтау үшін ғылыми негізделген әдістер жолымен жүргізіледі.

Қаржылық бақылау институты мелекеттің бақылау органдарының жалпы құрылымының құрамдық элементі ретінде және қаржылық тетіктің ең маңызды элементі ретінде көрінеді.


Қаржылық бақылаудың мәні, мақсаты және тағайындалуы тұрғысынан оның негізгі мәселелері анықталадық. Оның ішіндегі ең маңызды мыналар:

  1. мемлекет, ұйымдар мен тұрғындар алдындағы қаржылық міндеттеменің орындалуын тексеру;
  2. 2) заңды және жеке тұлғаларға салық салу жөніндегі іс жүзіндегі заңдардың сақталуын қамтамасыз ет;
  3. 3) экономикалық субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есеп беруін бақылау;
  4. 4) бюджеттің барлық деңгейлерінің дұрыс құрастырылуы мен орындалуын бақылау;
  5. 5) кәсіпорындар мен мекемелердің қаржылық, еңбек және материалдық ресурстарын тиімді пайдалану мен жағдайын тексеру;
  6. 6) қаржылық ресурстардың резервтерінің көбеюін, шаруашылық қаржысының айналымын тездету, еңбек өнімділігінің, қызметтің пайдалылығының арттыруды анықтау;
  7. 7) ұйымдар мен мекемелердің қаржы қорларының қалыптасуы мен пайдалануы және қаржылық операцияларды, есеп айырысуды жетілдірудегі ережені сақтануды тексеру;
  8. 8) қаржылық тәптіпті бұзу мен соған байланысты теріс әрекеттерді алдын алу шаралары және оны жоюды анықтау.

3. Қаржылық бақылауды жүзеге асыру үшін құрылатын ерекше бақылау органдары

Қаржылық бақылаудың жүзеге асыру үшін жоғарғы білікті мамандар қамтылған ерекше бақылау органдары құрылады

Елдің заңнамалық органдары бюджет жүйесінің звенолары бойынша мемлекеттік бюджет, ұлттық шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспарын бекіту мен қарауды бақылайды. Жұмсалатын шығындардың мақсаттылығы, заңды және тиімді түрде мемлекеттік құралдарды пайдалану бақыланады.

1. Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарды бақылайды:

1) бюджет түсімдерінің көздерін, оларды үкімет және заңнамалық органдардың үнемді, ысырапсыз пайдалануын;

2) мемлекеттік меншіктің тиімді пайдаланылуын, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік меншіктің жекешелендіру жұмысын;

3) арнайы қорлар қаражаттарын пайдалану;

4) қоғамдық ұйымдардың, партияларды қоса алғанда, жарғылық мақсатқа сәйкес алынған кіріс көздерінің пайдалануын.

2) Мемлекеттік қаржылық бақылаудың арнайы ведомствосы. Қаржы министірлігіне бағынатын қаржылық бақылау комитеті. Қазақстан Республикасының барлық субъектілерінде Қаржылық бақылау комитетінің органдары болады. Бұл аппарат түгелімен республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Қаржылық бақылау комитеті-мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыратын жалғыз жүйе. Ол мынадай қызметтерді жүзеге асырады.

- мемлекеттік кәсіпорындарды, ұйымдарды және мекемелерді тексеруді құжаттайды;

-Ішкі істер министірлігінің тапсырмасы бойынша ұйымдасқан қылмыспен күресу шеңберінде тексеру жүргізеді. Бұл құрлымдағы басты мәселе-қаржылық бақылаудағы заңнамалық база.

3 . Салалық министрліктердегі қаржылық бақылау органдары. Мемлекеттік комиссиялар, мемлекеттік комитеттер, министрліктер мен ведомстволар қаржылық бақылауды арнайы ревизиялық аппаратпен өткізеді.

4. Қаржы министрлігі басқаратын қаржы органдары бюджет қорындағы қаржының қолданылуы мен жұмылдырылуы үдерісін бақылайды.

Бюджеттік бақылау экономиканың дамуы мен мемлекеттік бюджет түсімінің максималды өсуін қамтамасыз ететін оңтайлы қаржы саясатын жүргізуге ықпал етеді . Бақылаушы органдар мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-өндірістік қызметіне ревизияның барлық түрін жүргізеді.

5. Салық қызметі органдары - бұл қаржылық бақылауды жедел жүзеге асыратын органдар. Салық органдарын Қаржы министрлігінің Салық комитеті басқарады. Салық комитеттері тек өзінен жоғары тұрған органға ғана бағынады.

Салық қызметтерінің жұмысы болып мыналар табылады

а) салықтар туралы заңнаманың орындалуын бақылау, өз уақытында бюджетке салықтық төлемдердің төленуін және толықтылығын қамтамасыз ету;

ә) ведомстволық бағыныштылығына және ұйымдық-құқықтық нысанына тәуелсіз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жағдайын тексеру;

б) салық салынатын табыстың дұрыс анықталуын бақылау;

в) барлық субъектілерді, сондай-ақ нақты салық салу объектілерін тіркеу;

г) мемлекет меншігіне өткен иессіз, тәркіленген мүліктерді есепке алу, бағалау, өткізу.

Салық қызметінің құқықтарына мыналар жатады; меншіктің әр түрлі нысанындағы ұйымдардан заң бойынша комерциялық құпияны білдіретін ақпарлардан басқа құжаттар мен мәліметтер алу; азаматтардың кәсіпкерлігі туралы заңнаманың сақталуын бақылау; табыс табу үшін пайдаланылатын ғимаратты зерттеу; құжат ұсынбаған жағдайда азаматтар мен кәсіпорындардың барлық операцияларын тоқтату; табыс жасырғанын куәландыратын құжаттарды алу; санкция мен айыппұлқолдану; мәмілелерді жарамсыз деп тану үшін кәсіпорынды жою туралы сот пен арбитражға талап беру. Салық қызметінің қызметкерлері үстінен шағымдануына болады.

Қаржылық заң бұзушылықтармен, сондай-ақ, қаржы полициясы айналысады. Олар барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, мемлекеттік қаржы ресурстарына ысырап жасау фактілерін анықтайды.

Тауар -ақша қатынастарының дамуы әр түрлі меншік түрлерін туындатады, қаржы бақылауының әр түрлі нысандары мен құралдарының пайда болуы мен дамуын анықтайды қаржы нарығының қалыптасуына ықпал етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнесті модельдеу мен стратегиясы
Бизнестің моделі мен стратегиясы
Есеп регистрлерінің түрлері
Мамандыққа кіріспе
Бухгалтерлік есептің Қазақстандық және халықаралық стандарттары
Батыс Европа елдеріндегі аудиттің пайда болуы мен дамуы
Бизнес жоспарды құру негізі
Кәсіпорынның қызметі
Европа елдеріндегі аудиттің пайда болуы мен дамуы
Аудитті жоспарлаудың кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz