Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні жайлы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАҒА ҚОСАР ҮЛЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы ... ... ... ... ... .4
Бюджеттік процесс және оны жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
II. ҚР БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ БЮДЖЕТТІК ҚОЛДАУ САЯСАТТАРЫ ... ... ... ... ... 12
2.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің дамуы және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Экономиканың тиімді дамуын бюджеттік қолдау мен бюджеттік саясаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ал мұндай жоғарғы дамуға қол жеткізу және Қазақстан Республикасының бастан кешкен дағдарыстық жылдарды артқатастап, дамудың тиімді жолына түсу үшін мемлекеттің қолдау шаралары қажет болып табылады. Ал мемлекеттің қолдау, дамыту, ынталандыру шараларының негізгілерінің бірі болып бюджеттік-салық саясаты болып табылады. Бұл саясат өз кезегінде мемлекеттік бюджеттің негізінде, оның жоспарлары мен құрамы, толық қандықамтамасыз етілуімен байланысты болып табылады.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге, экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржыны орталықтандырудың арасында ақша қаражаттары, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші аумақтарына шоғырландырылады.
Міне осыған байланысты, мен курстық жұмысымның тақырыбын қаржы пәнінен «Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі экономиканың дағдарыстық кезеңінде оның дағдарыстан қысқа мерзімде және тиімді даму жолына түсіретін негізгі мемлекеттік саясаттардың бірі мемлекеттік бюджеттің аясында жүргізілетін ынталандыру, қолдау және қаржыландыру шаралары болып табылады.
Осы жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме:
• Қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет ету барысын түсіну;
• Бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау;
• Экономиканың дағдарыстық кезеңіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын шараларын, негізгі қолдау саясаттарын ұлттық экономиканы мысалға ала отырып талдау;
• Әлеуметтік саланың дамытудағы бюджеттің маңыздылығы мен дамыту қызметтеріне тоқталу;
• Мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстары негізінде жан-жақты талдау;

1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2004 ж. 24 сәуірдегі N 548-II)
2. Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. (Салық Кодексi). – Алматы, 2002ж.
3. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
4. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
5. Мельников В.Д. Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 2001. – 252 с.
6. Финансы, денги, кредит. Учебник. Под. ред. О.В. Соколовой. – М: ЮРИСТ, 2001. – 784 с.
7. Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995.
8. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003. – 131 бет.
9. З.С. Мұхамбетова «Мемлекеттің әлеуметтік аяны рететудегі фискалдық саясаттың маңызы» // Вестник КазНУ. Серия экономическая. №4, 2003г.
10. Л. Бурлаков «Совершенствовать межбюджетные отношения» // Қаржы-Қаражат, №6, 2005г. 12-17стр.
11. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты.
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2007 жылғы 29 тамыз, №754, Астана, Үкімет Үйі.

Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАҒА ҚОСАР ҮЛЕСІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...4
1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы
... ... ... ... ... .4
2. Бюджеттік процесс және оны жетілдіру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
II. ҚР БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ БЮДЖЕТТІК ҚОЛДАУ
САЯСАТТАРЫ ... ... ... ... ... 12
2.1 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің дамуы және құрылымы

... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Экономиканың тиімді дамуын бюджеттік қолдау мен бюджеттік
саясаттар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қолданылған әдебиеттер

... ... ..27
КІРІСПЕ
Бүгiнгi әлемдiк экономикада Қазақстан Республикасының өзiндiк орны
айқындалып қалды. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық
қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта
түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған,
алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу
туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ал мұндай жоғарғы
дамуға қол жеткізу және Қазақстан Республикасының бастан кешкен
дағдарыстық жылдарды артқатастап, дамудың тиімді жолына түсу үшін
мемлекеттің қолдау шаралары қажет болып табылады. Ал мемлекеттің қолдау,
дамыту, ынталандыру шараларының негізгілерінің бірі болып бюджеттік-салық
саясаты болып табылады. Бұл саясат өз кезегінде мемлекеттік бюджеттің
негізінде, оның жоспарлары мен құрамы, толық қандықамтамасыз етілуімен
байланысты болып табылады.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы
ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үйлесімін
қамтамасыз етуге, оның салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруге жетуге,
экономиканың салаларын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті
көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, ірі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге
мүмкіндік береді. Қаржыны орталықтандырудың арасында ақша қаражаттары,
мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты іске асыру үшін
жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші
аумақтарына шоғырландырылады.
Міне осыған байланысты, мен курстық жұмысымның тақырыбын қаржы
пәнінен Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі экономиканың дағдарыстық кезеңінде оның
дағдарыстан қысқа мерзімде және тиімді даму жолына түсіретін негізгі
мемлекеттік саясаттардың бірі мемлекеттік бюджеттің аясында жүргізілетін
ынталандыру, қолдау және қаржыландыру шаралары болып табылады.
Осы жұмысты орындаудағы мақсатым мен міндеттеріме:
• Қаржы саласындағы мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен қызмет
ету барысын түсіну;
• Бюджеттің функциялары мен қызметтерін талдау;
• Экономиканың дағдарыстық кезеңіндегі мемлекеттік бюджеттің атқаратын
шараларын, негізгі қолдау саясаттарын ұлттық экономиканы мысалға ала
отырып талдау;
• Әлеуметтік саланың дамытудағы бюджеттің маңыздылығы мен дамыту
қызметтеріне тоқталу;
• Мемлекеттік бюджетті кірістері мен шығыстары негізінде жан-жақты
талдау;

Бюджет - мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруды қаржымен
қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұныны құрайды.
Мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке
алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн,
талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық
бюджет.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің
объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің
объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен,
мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті
орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын
орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы
айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін қажет.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола
отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет
айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория
ретінде көрінеді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүріп отырады. Сонымен бірге бюджет қатынастарына белгілі бір
өзіндік ререкшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің
шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
• Мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және
оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты
бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;
• Құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес
сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық
шаруашылықтың салалары, аумақтары, экономиканың секторлары, қоғамдық
қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
• Қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей
байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан
белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық
өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен
тығыз тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет кез келген басқа экономикалық категория сияқты
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты
материалдық-заттық түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің
жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі
қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының
объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы
мен пайдаланылуы құнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс
процесін білдіреді.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін
басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы
мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір
әкімшілік-аумақтық бірліктерді ұйымдастыруды, заң шығарушы билікті, басқару
апаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша
ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі
құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын
қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын
белігілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы
элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары,
оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары
бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджетіне мынадай деңгейдегi
бюджеттер бекiтiледi, атқарылады және дербес болып табылады:
• республикалық бюджет;
• облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетi;
• аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi.
Салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және
орталық мемлекеттiк органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк
мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және
мемлекеттiк саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын iске асыруға арналған
орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.
Салықтық және басқа да түсiмдер, есебiнен қалыптастырылатын және
облыстық деңгейдегi жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттiк

тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте мемлекеттiк саясатты iске асыруға
арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджетi, республикалық маңызы
бар қала, астана бюджетi болып табылады.
Салықтық және басқа да түсiмдер есебiнен қалыптастырылатын және ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi мемлекеттiк органдарының, оларға
ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын
қаржымен қамтамасыз етуге және тиiстi аудандағы (облыстық маңызы бар
қаладағы) мемлекеттiк саясатты iске асыруға арналған орталықтандырылған
ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi болып табылады.
Сурет-1 – Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті құрылымы
Қазақстан Ресупбликасының бюджет жүйесі құрылымының унитарлық типімен
анықталады. өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың президенттік
нысаны және сайланатын парламенті бар унитарлық мемлекет. Қазақстан
Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынатсарға және тиісті
құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлердегі бюджеттерді
қамтиды. Қазақстанда жалпылап айтқанда мемлекеттік бюджетті құрайтын
республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі
республикалық бюджетке шоғырланған. Оны келесі 1-ші суреттен көре аламыз.
Республикалық бюджет – бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру
(профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді
жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын
қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген
орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер – облыстық бюджеттер, қалалардың, аудандардың
бюджеттері. Қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан
Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен
бекітіледі.
1.2 Бюджеттік процесс және оны жетілдіру
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында пайдалану жолымен қоғамдық
өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық
өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын
білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы
категориясына сай келетін бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл
функциялардың іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының
қаралған айрықшалығымен айқындалады. Сонымен бірге мемлекет қаржысының
негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде
қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді
қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік
саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған
қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты функцияларды орындайды.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер
бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар,
мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б.
өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы
жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кзеңге, әдетте, бір жылға жасалынады,
бюджеттің кірістерін, шығыстарын орталықтандырылған қаржы ресурстарының
шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп
мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы
жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы
өндірістегі айрықша рөлін анықтайды.
Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып
табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика
Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына
сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Еліміздің Конституциясының 4-ші бөлімінің 53 бабында Палаталардың
бірлескен отырысында Парламент: Ресупбликалық бюджетті және Үкімет пен
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің
бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен
толықтырулар енгізеді. 1, 25 бет.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты
механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып
табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал
етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен
бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы
ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет мемлекеттік заңдарының бірі болып
табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заң). Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны осы жоғарыда
айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн және оны келесі сызбадан көре
аламыз.
Сурет-2 – Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаты
Мемлекеттік бюджет – ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің
негізгі құралы. Мемлекетік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық
табыстың 30%, жалпы ішкі өнімнің 20%, жалпы қоғамдық өнімнің 10% бөлінеді
және қайта бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік
күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика және мәдениетті
көтерудің талаптарын ескере отырып салааралық және аумақтық қайта бөлу үшін
пайдаланылады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік
қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар.
әлеуметтік саясаттағы басымдықтар – халықтың табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбасыларын) қолдау, денсаулық
сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруын
қамтамасыз етеді.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына
және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай ықпал етеді.
Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдалаудың негізгі қаржы жоспары бола
отырып, бюджет барлық шаруашылық қызмет етуші кәсіпорындармен және басқа
коммерциялық емес ұйымдармен тығыз байланыста болып отырады.
Бюджеттік жоспарлау мен бюджеттің атқарылу процесінде ұлттық
шаруашылықтың қаржы шаруашылық қызметіне бақылау жасалынады. Нарықтық
қатынастарға көшу жағдайында ресурстарды жұмылдыру және оларды пайдалану
процесінде бюджеттік бақылаудың маңызы күшейе түседі.
Бюджеттi жоспарлау принциптерiне келесілерді жатқызамыз:
1) сабақтастық принципi - бюджеттi алдыңғы кезеңде негiзге алынған орта
мерзiмдi фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы
жылдары бюджетiнiң атқарылу нәтижелерiн ескере отырып жоспарлау;
2) басымдық принципi - бюджеттi алдағы орта мерзiмдi кезеңге арналған
әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;
3) негiздiлiк принципi - бюджеттi нормативтiк құқықтық актiлер және
бюджет жобасына белгiлi бiр түсiмдердi немесе шығыстарды енгiзу қажеттiгiн
айқындайтын басқа да құжаттар негiзiнде жоспарлау және олардың көлемдерiнiң
негiздiлiгi бюджеттi жоспарлаудың негiзгi принциптерi болып табылады.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты
айқындау процесі келесідей сипатта болады:
1. Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған
салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:
• мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық
көрсеткiштерiн;
• бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу
тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
• бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
• республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының
негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;
• бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
• мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш
саласындағы саясатты;
• ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.
2. Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта
мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы жылы
бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк, салалық
(секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң
атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл
сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын әзiрлеу бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган
Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы
қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын
жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi. Алдағы

қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1
тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының
мәтiнiнде:
1) алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кiрiстерiнiң,
шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттiк кредит беруiнiң,
қаржы активтерiмен жүргiзiлетiн операциялар бойынша сальдосының,
тапшылығының (профицитiнiң), тапшылығын қаржыландырудың (профициттi
пайдаланудың) көлемдерi;
2) жалақының, зейнетақының, айлық есептiк көрсеткiштiң ең төменгi
мөлшерi;
3) жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлар
көлемi;
4) республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге берiлетiн бюджеттiк
субвенциялар көлемi;
5) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервi мөлшерi;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бойынша
мiндеттемелердi орындау сомасы;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктер беру лимитi;
8) үкiметтiк борыш лимитi;
9) басқа да ережелер болуға тиiс.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң бекiтiлетiн
тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi жалпы iшкi өнiмге ақшалай түрде және
процентпен көрсетiледi. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заңның жобасын бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган
ағымдағы жылдың 15 тамызынан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының
Үкiметiне қарауға табыс етедi.

САЯСАТТАРЫ

Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің
құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне және
нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен
ерекшеленеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлердегі
бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің
құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып
келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне
байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:
• мемлекеттік бюджет немесе федералды бюджет;
• Федерация мүшелерінің бюджеттері;
• Жергілікті бюджеттер.
Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық
бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің
оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ,
әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру
деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір
реттеуші рөл орталық бюджетте сақталынады.

1991 егемендік алған жылдардан бастап Қазақстан Республикасының
бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның
мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас мемлекеттердің бюджеттері сияқты КСРО-
ның мемлекеттік бюджет құрамына кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері
соның ішінде ауылдық және кенттік бюджеттерде қайтаанып көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіінң басты бөлігі
республикалық бюджетке шоғырланған. Республикалық бюджет – бұл түсімдер мен
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен
қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен
заңнамалық актілер жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Үкімет анықтайтын
республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан
Республикасының заңымен бекітілген орталықтандырылған ақша қоры.

Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің
өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару,
бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджетердің
атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне
кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтылығы, нақтылығы
және жариялылығы қағидаттарына негізделеді.
Бюджеттің бірлігі бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық
орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті
органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену
жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат әлсіреді.
Бюджеттердің бірлігі ел аумағында қолданылып жүрген мемлекет кірістерінің
жалпы жүйесінің өмір сүруінде, мемлекет шығыстарының біркелкілігінде
көрінеді. Бұл қағидат бюджеттік жоспарлаудың әдіснамасы мен
ұйымдастырылуының бірлігіне, оның әлеуметтік-экономикалық болжаумен өзара
байланысына кепілдік береді.
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң негізгі қағидалары келесідей:
Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:
1) бiрлiк қағидасы - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан
Республикасының бiрыңғай бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде
бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай
рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;
2) толықтық қағидасы - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
барлық түсiмдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды
есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан
шегiнуге жол бермеу;
3) реалистiк қағидасы - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет
көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан
Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi
жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;
4) транспаренттiлiк қағидасы - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге
де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының
бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген
(нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы
есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты
мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы
бақылауын жүргiзу;
5) дәйектiлiк қағидасы - бюджеттiк қатынастар аясында бұрын қабылданған
шешiмдердi мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы;
6) тиiмдiлiк және нәтижелiлiк қағидасы - бюджеттердi бюджеттiк
бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгiлi бiр нәтижелерге қол жеткiзу
қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткiзу
үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе
бюджеттiк қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi
қамтамасыз ету;
7) басымдық қағидасы - бюджеттiк процестi республиканың немесе аймақтың
әлеуметтiк-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;
8) жауапкершiлiк қағидасы - бюджет процесiне қатысушыларды Қазақстан
Республикасының бюджеттiк заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту;
9) бюджеттердiң дербестiк қағидасы - түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында
түсiмдердiң тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес
олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттiк басқарудың барлық
деңгейлерiнiң осы Кодекске сәйкес бюджет процесiн дербес жүзеге асыру
құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған
кiрiстердi, жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған
бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен тұрған
бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi.
Бюджет бірлігі қағидатының міндеті Парламент тарапының бюджеттік
қаражаттардың қозғалысына тиімді бақылауды белгілеуі болып табылады. Бюджет
жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған және
ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық
және саяси негізін тірек етіп алады. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану
арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық
қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет
қорларын жасауға да негізделеді.
Бюджетердің бірлігі бірыңғай құқықтық негізбен, Қаржы министрлігі
бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, бюджеттің бір
деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикасы
нысанының бірлігімен, бюджет рәсімінің қағидаттарымен, ақша жүйесінің
бірлігімен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса
бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады. Алайда
бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған
оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды.
Бюджеттің дербестігі әр түрлі деңгейдегі бюджетердің арасындағы
кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының
жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі.
Бюджеттердің толықтылығы бюджетке үкіметтің барлық қаржы
операцияларының, оның жинайтын барлық кірістерін және жасайтын шығыстарын
шоғырландыруды, әрбір бап бойынша мемлекеттің барлық түсімдері мен
шығыстары ескірілетін бюджетті жасауды білдіреді.
Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленген
барлық түсімдердің, соның ішінде мемлекеттік акциялар пакеті бар
акционерлік қоғамдардан және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан
алынатын түсімдердің толық тізбесінің және шығыстарының бюджеттерде
міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол
мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz