Қорқыт күйші


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қорқыт күйші

Қорқыт қазақ халқының тарихындағы сұлу легенда, ұлы суреттің бірі. Халық аузынан қалған қандай легенда болса да, Қорқыт пернесінен асқан асқарлы бейне өткен ғасырлардың ешбірінде болған емес.

Бұл жерде біз Қорқыттың кім екенін, оның халық жырындағы ерекшелігін жазбасбұрын, алдымен Қорқытты шығаруындағымақсат не, оны туғызудағы халықтың тілегі не еді. Қорқыт бейнесін ғасырлар бойы қызықты көруге әсер еткен қандай шаруашылық, салт- сана бар еді. Міне осыларды айта келіп, содан кейін Қорқыттың өз өмірін, оның легендасын, Қорқыт және ол кездегі мәдениет ошағы болған өлкелер туралы айтсақ, “Қорқыт” жыры ұғылуға тиіс.

Қорқыттың дәуірі. Кейбір тарихи мағлұматтқа қарағанда, VII-X ғасырлар арасы сахара тарихының бір көрнекті дәуірі. Бұл кез, патриархал - ру сатысы біраз өзгеріп, қазақ халқының тарихи заманнан рулары болған қаңлы - қыпшақ жұртының қауым тіршілігі, мәдени өркендеу жағынан бірсыпыра ілгері басқан кез еді.

Бұл айтқан қаңлы - қыпшақ дәуірі (VII-X-ғ), жұртшылық - әлеуметттік жағынан ХIII-ғ. дәуіріне жетпесе де, ол кез қауым тіршілігінің, материалдық өндірісінің бірсыпыра ілгері басқанын білдіріп, бізге Қорқыт сияқты дананың ұлы бейнесін қалдырғаны байқалады. Олай болса, Қорқыт сияқты терең бейненің тарих жүзіне келуі, ол бір кездегі қауым өркендеуінің белгілі табысы екеніне күдік болмауына керек.

Қорқыт жасаған қаңлы- қыпшақ дәуірінде Орта-Азия көлемінде екі түрлі жұрт болған, оның бірі Ақ-су, Аму- Дарияның ар жағын мекендейтінСасанит жұрты, екінші тарихи заманнан Сырдарияның өлкесін жайлайтын Қаңлы-қыпшақ жұрты. Қаңлы ұлысынан тараған оғыздар VII-X-ғасырларда Сыр- Дариядан үшінші - Каспиге дейін зор мемлекет құрып, Арал теңізінің қасындағы Жанкент қаласы мен Үргенші бұрынғыша олардың саяси, мәдени орталығы болды.

Тарихи жазбалардың жобалауынша Қорқыттың жасаған дәуірі осы айтқан Оғыз (Қаңлы-қыпшақ) дәуірі. Бұл кезде екінші түрде “түрік хандығы” деп атайды. Мүмкін Қорқыт сол кездегі жұртшылықтың белгілі қариясы болып, Оғыз олардың жұрт басқарушы елағасы болуы ғажап емес. Мұны тарихи зеттеулерде солай жобалайды.

Оғыз - қыпышақ дәуірінде шыққан сұлу әңгіме бір ғана Қорқыт әңгімесі емес. Осы күнге дейін айтылатын “Оғыз - наме”, “Кор - Ұғлы”, “Қозы - Көрпеш, Баян - Сұлу” жырлары дасол айтқан дәуірлерден қалған халық жырлары екені байқалады. Бұлардың ішінде “Оғыз - наме” мен “Қорқыт” легендасын бірінен бірін бөлек қарау және мүмкін болмауы керек.

Арап - парсы тідінде жазылған тарихи жазуларға қарағанда, тіршілік майданына Қорқыт пен Оғыз шыққан дәуірде, бұрын саяси шаруашылық бағыттары күшті болған жұрттар, олардың саяси әлеуметтік рөліне зор көңіл бөліп, олардың жұртшылық алдында келтірген әлеуметтік ісін бұл айтқан жұрттардың жазушылары легенда ретінде жазып қалдырып отыр.

Қорқыт пен Оғыз шыққан дәуірде, саяси тіршілік бұрынғыша Оңтүстік өлкесінен шөлейтке беттемей, ендігі саяси шаруашылық бағыты күн шығыстан (Алтай - Жетісу) Оңтүстік - күнбатысқа қарай (Бағдат - Мысырға) бейімдеп, қаңлы - қыпшақ жұрты бұрынғы мәдениет ошағы болған жерлерімен астасады. Ордос пен Донай өзенінің арасындағы кең жазықта бұлар күшті мемлекет құрып, бір жағы Иран, бір жағы Қытай, бір жағы Румия (Византия), Мысыр жерімен астасып, дүниедегі ең мәдениетті жұрттармен қатынас жасайды. Бұл кездегі қаңлы - қыпшақ жұрттарының ру басы инералдары ертедегі “тәңірі” деп аталған салт бойынша енді “хан” атағын алып, бұрынғы бытыраған руларды бір билікке бағындырады. Бұл айтқан (YI - X-ғасырларда) қазіргі Жетісу, Сыр - Дария өлкесінен бірнеше мәдениет ошағы құрылып (қалалар салынып), ол кездегі қаңлы - қыпшақ жұрты қытай тәртібінше таста жазу қалдырды.

Қорқыт пен Оғыз шыққан дәуірде Маңғыстау, Сыр-Дария, Жетісу, Алтай өлкелері ерекше тіршілікке кіріп, еңбек еткен жұрт тегісімен мағынпалы іске, өнімді кәсібке үйренді. Алтын, күміс, темір қорту істерін шығарып, одан не түрлі сымбатты бұйымдар жасады. Осы күнге дейін жер астынан қазып табатын толып жатқан тас жазулар, алтын, күміс ыдыстар, неше түрлі ескіріп қалған қаланың орындары-сол ескі заманның жосығы болатын. Қорқыт, Оғыз атамен байланысқан осы сияқты даналық істер кейін жұрт аузында жыр болып қалғандықтан, бара-бара олардың бұл даналық ісіне Қорқыт пен Оғыздың сұлу ертегісі туады.

Қорқыт пен Оғыз дәуірінің ерекшелігі бұл кезде жұртқа жаңадан жосын шығарып, ұлыс ішінен тақпақшы шешен, билік айтатын қариялар көбейді. Бұл айтқан тақпақ, би қария сөздері бұрынғы үйсін заманында (III-I-V) болса да, тап осы айтқан VI-X ғасыр арасындағыдай емес еді. Міне бұл айтқан “шешендік”, “би сөз”, “жыр сөзі” жалпы өнершілік Қорқыт дәірінен былай қарай екекше өркендеп ой - сананың есеюі Қорқыт атымен байланысқандықтан, бұл бұл дәірді (VI-X-ғ. ) Қорқыт заманы деп атаса да болады.

Гомер мен Агамемнон әңгімесі ескі грек тарихының бір көрнекті шағы болса, Қорқыт пен Оғыз ханның өмірі де дала тарихынан орын алған бір көрнікті ертегісі болатын. Қорқыт заманының бұрынғы патриархал тұрмыстан айырмасы, мұнда қауым тіршілігі бұрынғыдан анағұрлым ілгерілеп, ұлысты басқару, шаруа бағу енді жаңа түрге айналды. Бұл кезде ел басқару үшін бұрынғыдай аңғал батыр, алып күштің иесі керек емес, санасы өркендеп, материалдық өндірістің жоғарғы сатысына жеткен қауым тіршілігіне, оның жұртшылығын басқаруға еді иесі дана адам керек болады.

Қорқыттың заманы - Орта - Азияны арабтар жаулап, сауда капиталы Үргшенші мен Сыр-Дарияны бойына тарай бастаған кез. Арабтардың Сырдың бойындағы қалаларға келіп, сауду, дін үгітін жүргізуі VII-ғасырдың 50-жылдары. Бұл кездегі арабтардың күшті руы Омайаттар Абділмалік Халифаның тұсында (690) Кавказ, Ирак, Парсы, Афганистан, Орта Азияны тегісімен өзіне қаратып, “Жеті - ықылым” деп аталатын күн батыс Қытайға дейін барды. Алайда, VII-ғасырда жаңа шыққан ісләм діні Сыр бойындағы Оғыз-қыпышақ жұртына артық әсер етпеді. Оның үстіне араб феодалдары өз ара екі жарға бөлініп, бір жағын Омайаттар (Абдімәлік) бастаса, екінші жағынан Аббас халифасы көтеріле бастады. Аббастар Шам шөлейтін басқаратын омайат халифалығына сенбей, орталық астанаға Бағдат қаласын көтереді. Сыр-Дария Үргенші, Жетісумен жиі қатынас жасап оларды өзінің шеңберіне алуға ұмтылды.

Аббас халифасының ең гүлденген кезі Маһди мен оның баласы атақты Арун-Рашид кезі (XIII-X-ғ. ) . Бұл кезең араб жұртында бір жағынан ғалым, филосов, ақындар көбейсе, екінші жағынан дін салты фанатизм күшейіп ол феодалдың тілегін орындайтын үкімет діні бола бастады. Арун-Рашид кезінде араптарда мәдениет ісі ойға алғандай көркейіп, бұл кезде дүниедегі әңгіменің ең қызықтысы болған “мың бір түннің хикаясы” туды.

Бұл айтқан араптардың кезінде тарих жүзіне Қорқыт сияқты халық сүйген ұлы жыршыны асқарлы бейнесі шығады. Халық бұқарасының білім қазынасы болған мұндай даналардың туысы халық фантазиясында басқа түрлі алып-ердің (Ертөстік, Құламерген, Хан-мерген) туысынан басқарақ болып, бұларды көбінесе санамен сарғайып су жағасынан, өзен бойынан іздеп жүріп табады. Қорқыт, Жиренше, Едіге, Асанқайғы бұлардың қайсысын алсақ та оларды бәрі де ақыл иесі болуы үшін өзен жағасында туып, не суда ағып бара жатқан жерінен табылады. Ақылы асқан бұл қарияларды туысы жұрт қиялында кейде жаратылыстан тысқары нәрсемне байланысып, олардың анасы күнмен, сәулемен (нұр) шағылысудан туады (Шыңғыс) . Бұл туралы халық аузында талай легенда айтады.

Қобыз атасы, сазгер, жыршы, ақын, бақсылардың қамқоршысы.

Ұлы бабамыз шамамен VIII-IX ғасырларда Сыр бойында туып - өскен. “Қоқыт ата кітабы” әдеби ескерткіштерінен, тегі түрік оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Орта Азия халықтарына және басқа түркі тілдес халықтарға ортақ тұлға. Әкесінің аты - Қарақожа. Шешесі қыпышақ тайпасынан.

Әріден қозғасақ, Әбілғазының “Түрік шежіресі” мен Рашиддадиннің “Оғыз намесінде” Қорқыт туралы айтылады. Әбілғазы “Қорқыт бес ханға уәзір болды”, Рашиддадин оның “ұзақ өмір сүргенін” баяндайды.

Ш. Уалиханов Қоқыттың балгерлігі, ақындығы, музыкалық өнері жайында құнды пікірлер қалдырған. М. Әуезов пен Ә. Марғұлан да Қорқыт туралы тамаша пікірлер жазған. Ұлы бабаның өмір туралы философиясы мен ажалмен алысқан аңыздарында, оптимистік сарын жатқанын тшлге тиек етеді.

Қорқыт - қобыз арқылы музыка өнерінің негізін салған ұлы сазгер әрі жыршы. Сонымен бірге, ел басқарған данышпан, қассиетті әулие. Аңыздарға сүйенсек, ол өзгеше бір музыкалық аспап жасау үшінойланып - толғанып жүреді. Бір күні қалғып кеткен оған періштелер аян береді. “Ағаш аспапқа түйенің көнін қаптап, жылқының қылынан шек жаса” дейді. Соны орындап, әлгі аспапты қолға алып тарта бастағанда керемет бір әуен шығады. Содан бері “Қорқыттыңқобызы” деген сөз қалған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкір, ауа, сиқыр өткізген.

Қорқыттың дүниеге келуі де ғажайып сырға толы. Оны анасы босанарда аспанда күн тұтылып, дүниені қаранғы түнек қаптап, жауын-шашынды дауыл соғады. Күшті күн күркіреп, найзағай ойнайды. Жұрттың есіл-дерті қалмай қорқып, зәресі ұшады. Қорқыт жарық дүниеге келгенде, әлгіндей табиғат құдіреті бірден тоқтап, әлем шайдай ашылады, мамыражай бір тып-тынық күй орнайды. “Апырмай, бұл бала дүниеге жұртты шошындырып, қорқыта келді ғой, соған орай есімін де Қорқыт қоялық” деседі жұрт . . .

Уалихановтік-потаниндік түсіндірме “қорқыт” сөзі - адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін “қорқыту” сөзінен шыққан деп Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер. Ә. Науай арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады.

Қорқыттың пайымдануынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қавуіптіс - адамилықты жоғалту. “Қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөптің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды қумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы”. “Адам қанша қажетсінгенімен, ол өз үлесінен артық жей алмайды”. Сол аңыздарды Қорқыт жер-жаhанды кезіп, “басқа елден әркімге өз елінде жақсы” деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы, сиқыршы Желмаясы болады.

Қорқыттың күй мұрасынан әзірге белгілі жиырма шақты шығармасы ғана. Күй табаққа түсіріліп, жазылып алғаны он бір. Әр күйдің өз тарихы бар. Мысалы, “Қорқыт” күйі туралы аңызда өлмес өнер жасап, өліммен күресу жайында оқиға бар. Сырдария суының бетіне кілем төсеп, күндіз-түні қобызын сарнатқан Қорқыт өлімді келтірмейді. Бұл арман-мұратының, философияның нағыз өнер арқылы көрінуі. Ол тек Қорқыттың қолынан ғана келген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата туралы
Қорқыт ата күйлері және ерекшелігі
Қорқыт ата жыры және қазақ әдебиеті
Ішек қылған, қобызым
Қорқыт ата бейнесі
Қазақ мәдениетіндегі күй өнері
Қорқыт ата туралы ақиқат пен аңыз
Қорқыт- қылқобыз өнерінің негізін қалаушы
Көне Түркі жазба ескерткіштеріндегі және «Қорқыт ата кітабындағы» халықтық педагогика
Ықыластың әкесінен игерген алғашқы күйі Қорқыт күйі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz