Мемлекетік қызметкерлердің түсінігі мен түрлері



І Кіріспе бөлім

1. Мемлекетік қызметкерлердің түсінігі мен түрлері.

ІІ Негізгі бөлім

1. ҚР.ның азаматтарының әкімшілік.құқықтық мәртебесі.
2. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің аттестация өту тәртібі.
3. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
4. Бос әкімшілік лауазымда алу тәртәбі.
5. Саяси және әкімшілік мемлекет қызметкерлерін жауапталыққа тарту тәртібі.


ІІІ Қорытынды бөлім
Мемлекетік қызметші дегеніміз мемлекеттік органда заңда белгіленген тәртіппен республикалақ немесе жергілікті бюджеттен не ҚР Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдақ өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР ның азаматы болып табылады.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі заңында мамлекеттік қызметші ұғымы қысың магынада берілген. Онда Мемлекеттік қызмет, делінген мемлекеттік қызметшілердің мелееттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі.
Аталған заң - мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың қалыптасуы үшін құқықтық негіз болған бірден бір құқықтық акт.
Заң «мемлекеттік лауазымның ұғымын пайдалануға енгізді», мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын топтар мен санаттарға бөлуді белгіледі, мемлекеттік қызметпен мемлекеттік қызметшінің ұғымын айқындады, мемлекеттік қызметшінің құқықтық жағдайының негіздерін , мемлекеттік қызметті өткізу тәртібін белгіледі және мемлекеттік қызметтік қатынастармен байланысты бірнеше өзге де мәселелерді реттеді.
Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізіне Конституция, жоғарыдағы аталған заң, республиканың өге нориативтік құқықтық актілері жатады.
«Мемлекеттік қызмет туралы заңмен» реттелмеген мемлекеттік қызметпен байланысты қатынастар республиканың Еңбек туралы заңдар кодексімен және өзге де заңдармен реттеледі.
Сонымен, Мемлекетік қызметші дегеніміз мемлекеттік органда заңда белгіленген тәртіппен республикалақ немесе жергілікті бюджеттен не ҚР Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдақ өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР ның азаматы болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы.
2. Әкімшілік құқық.. Оқу құралы
3. Қазақстан Республикасының «Үкіметі туралы» заңы.
4. Мемлекеттік қызмет. Оқу құралы. Е.Баянов
Алматы 2005 жыл
5. Құқық негіздері. Оқу құралы

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

І Кіріспе бөлім

1. Мемлекетік қызметкерлердің түсінігі мен түрлері.

ІІ Негізгі бөлім

1. ҚР-ның азаматтарының әкімшілік-құқықтық мәртебесі.
2. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің аттестация өту тәртібі.
3. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәртебесі.
4. Бос әкімшілік лауазымда алу тәртәбі.
5. Саяси және әкімшілік мемлекет қызметкерлерін жауапталыққа тарту
тәртібі.

ІІІ Қорытынды бөлім

Мемлекеттік қызмет түсінігі

Мемлекетік қызметші дегеніміз мемлекеттік органда заңда белгіленген
тәртіппен республикалақ немесе жергілікті бюджеттен не ҚР Ұлттық Банкінің
қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен
функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдақ өкілеттікті жүзеге асыратын
ҚР ның азаматы болып табылады.
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23
шілдедегі заңында мамлекеттік қызметші ұғымы қысың магынада берілген. Онда
Мемлекеттік қызмет, делінген мемлекеттік қызметшілердің мелееттік
органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға
бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі.
Аталған заң - мемлекеттік қызмет туралы заңнамалардың қалыптасуы үшін
құқықтық негіз болған бірден бір құқықтық акт.
Заң мемлекеттік лауазымның ұғымын пайдалануға енгізді, мемлекеттік
қызметшілер лауазымдарын топтар мен санаттарға бөлуді белгіледі,
мемлекеттік қызметпен мемлекеттік қызметшінің ұғымын айқындады, мемлекеттік
қызметшінің құқықтық жағдайының негіздерін , мемлекеттік қызметті өткізу
тәртібін белгіледі және мемлекеттік қызметтік қатынастармен байланысты
бірнеше өзге де мәселелерді реттеді.
Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізіне Конституция, жоғарыдағы
аталған заң, республиканың өге нориативтік құқықтық актілері жатады.
Мемлекеттік қызмет туралы заңмен реттелмеген мемлекеттік қызметпен
байланысты қатынастар республиканың Еңбек туралы заңдар кодексімен және
өзге де заңдармен реттеледі.
Сонымен, Мемлекетік қызметші дегеніміз мемлекеттік органда заңда
белгіленген тәртіппен республикалақ немесе жергілікті бюджеттен не ҚР
Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және
мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдақ
өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР ның азаматы болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтарының әкімшілік - құқықтық
мәртебесі.

Қазақстан Республикасының азаматтарының әкімшілік - құқықтық
мәртебесі құқықтың кез келген субьектісі сияқты – ҚР ның азаматы,
Конституциямен және басқа бірнеше нормативтік құқықтық актілермен адам
және азамат үшін белгіленген құқықтары, бостандықтары мен міндеттері
бар.Сонымен бірге ол мемлекеттік қызметке орналасқан сәттен бастап
мемлекеттік - қызметтік қатынастардың субьектісі болып табылады: оған
ерекше құқықтар беріліп, міндеттер жүктеледі, міндеттерді орындау үшін
жауапкершілік тартатын болады. Бұл жерде, біріншіден, нақты қызмет бойынша
өкілеттіктерді айқындайтын лауазымдық құқықтар міндеттерді және,
екіншіден, мемлекеттік қызметкерлер үшін, олардың атқаратын мемлекеттік
лауазымдарына қаарамастан, белгіленген жалпы құқықтармен міндеттерді айыру
керек.
Лауазымдық құқықтыр мен міндеттер мемлекеттік органның міндеттері мен
функцияларынан туындайды және оның өкілеттілігін білдіреді. Мемлекеттік
қызметтің мемлекеттік әкімшілік лауазымдар тізілімдерінде лауазымдар
санаттарының бірізге саланған тізбелері бекітілген, ал әрбір лауазым үшін
нақты құқықтар мен міндеттер тиісті нормативтік құқықтық актілермен
белгіленеді. Бұл басшының , басқа лауазымды адамның немесе қатардағы
мемлекеттік қызметшінің лауазымы болуы мүмкін.
Мысалы, басшының лауазымына мыныдай өкілеттіктер тән:
• бағынышты құрылымдық бөлімшелердің немесе жеке қызметшілердің
қызметіне басшылық жасау және оларға жүктелген міндеттердің орындалуы
үшін дербес жауапкершілігі;
• бағынышты қызметкерледің арасында міндеттерді бөлу және олардың
өздерінің міндеттерін орындау үшін жаупкершілігінің дәрежесін бегілеу;
• бағынышты құрылымдық бөлімшелер мен қызметшіледің лауазымдық
өкілеттіліктерін көлемін айқындайтын ережелер мен лауазымдық
нұсқаулықтарды бекіту;
• басшының құзіретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық
актілер шығару туралы арнаулы құқықтыры, бағыныштылардың жұмысын
ұйымдастыру және үйлестіру;
• меншікке билік, еңбек шарттарын (контрактілер) жасау, қызметкерлерді
қызметке тағайындау және қызметтен босату, оларды көтермелеу және
тәртәптәк жауапкершілікке тарту жөіндегі өкілеттіліктері;
• өзге ұйымдармен қарым қатынас жасау,жұмыстың ерекше нысандары мен
әдістерін қолдану жөніндегі құқықтары.
Мемелекеттік қызметшілердің жалпы құқықтары мен міндеттері.
Мемлекеттік қызмет туралы 1999 жылы 23 шілдедегі заңда белгіленген. Бұл
құқықтар мен міндеттердің ерекшелігі сол, олар орналасқан лауазым туралы
өкілеттіктерді емес, қызметшілердің мінез құлықтары мен іс қимыодарының
жалпы ережелерін, олардың лауазымдық қызметтері бойынша окілеттіктерін
іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастыру сипаты бар жағдайлар мен
шараларды білдіреді.
Әрбір мемлекеттік қызметшінің, озінің атқарып отырған қызметі
жөніндегі нақты өкілеттіктеріне қарамастан, мынларға құқығы бар:
• Республиканың азаматтарына конституциямен және заңдармен кепілдік
берілетін құқықткр мен бостандықтарды пайдалануға;
• өз өкілеттілігі шегінде мәселелерді қарауға және олар бойынша шешімдер
қабылдауға қатысуға, тиісті органдармен лауазымды адамдардың оларды
орындауды талап етуге;
• белгіленге тәртіппен лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажтті
ақпарат пен материалдар алуға;
• лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен
ұыймдарда,олардың меншік нысанына қарамастан, болуға;
• басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауащымына сәйкес
міндеттерін және азаматтар тарапынан өзіне әділ және құрметпен
көзқарас жасалуына;
• өзі атқаратын лауазымға, жқмыс сапасына тәжірибесіне және Мемлекеттік
қызмет туралы заңда белгіленген өзге де негіздерге қарай
ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне;
• тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға (қайта мамандануға)
және біліктілігін арттыруға;
• өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз
танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсініктеме беруге;
• біліктілігімен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауын
ескеріле отырып , қызметі бойынша жоғарлауға;
• қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылған жағдайда қызметтік
тексеру жүргізілуін талап етуге;
• еңбегінің қорғалуына денсаулығының сақталуына, қауіпсіз және жоғары
жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайына;
• әлеуметтік құқықтық қорғалуына;
• мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша шығуға;
• зейнетақы ме және әлеуметтік қамсыздандырылуға;
• жоғары тұрған мемлекеттік органдармен лауазымды адамдарға мемлекеттік
қызметті жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізуге.
Жоғарыда аталғандардың ішінен мемлекеттік қызметшінің қызмет
бойынша жоғарылау құқығы ерекше көңіл аударуға тұрарлық. Бұл құқық
(мансап құқығы) мемлекеттік қызмет туралы біздің заңнамаларымызда
бірінші рет бекітіліп отыр.
Әрбір қызметшіде, ол мемлекеттік қызметте істеп тұрған кезде ,
қызмет бойынша көтерілу құқығы пайда болуы мүмкін. Бірақ мұндай құқықтың
нақты болуы туралы тек сол кезде ғана айтуға болады, егер қызметші
атқарып отырған қызметімен салыстырғанда жоғары лауазымға орналасу үшін
қойылатын барлық талаптар бойынша тура келетін болса. Егер де, мысылы,
оның жоғары лауазымбойынша қажетті білімі, сәйкес келетін өтілі болмаса
немесе соңғы аттестацияда оның қызмет бойынша көтерілуге жеткілікті
қабілеті жоқ делінген болса, онда оның бұған негіздемелері жоқ деп санау
керек.
Әрбір қызметші атқарып отырған мемлекеттік қызметтің мемлекеттік
лауызымы бойынша өкілетіліктеріне қарамастан мыналар жөнінде міндетті:
• Республиканың Конституциясы мен Заңдарын сақтауға;
• ҚР Президенті бекіткен тәртәппен мемлекеттік қызметшінің антын беруге;
• Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтараның, бостандықтарымен заңды
мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда
белгіленген тәртіппен мерзімде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар
боынша қажетті шаралар қолдануға;
• өзіне берілген құқықтар шегінде және қызмет міндеттеріне сәйкес
өкілеттілігін жүзеге асыруға;
• мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтауға;
• өзіне заңда белгіленген шектеулерді қабылдауға;
• заңдарда белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;
• басшылардың бұйрықтарымен өкімдерін, жоғры тұрған органдар мен
лауазымды адамдардың өз өкілетілігі шегінде шығарған шешімдері мен
нұсқауларын орындауға;
• мемлекеттік құпиялрды және заңмен қорғалатын өзгеде құпияны сақтауға,
оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқанан кейінге, заңмен
білгіленген белгілі бір уақыт ішінде , ол жөнінде қолхат бере отырып
сақтауға;
• қызметтік міндеттерді атқару кезінде алған, азаматтардың жеке өмірін
ар намысын және қадір қасиетін қозғайтын мәліметтерді құпия сақтауға
және оларда, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда мұндай ақпарат
беруді талап етпеуге;
• мемлекеттік меншікті сақталуын қамтамасыз етуге;
• мемлекеттік қызметтшінің және жеке мүдделері оның өкілеттілігімен
түйісетін немесе қайшы келетін жағдайларда, оларды тағайындауға құқығы
бар лауазымды дереу хабардар етуге;
• қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен
біліктілігін арттыруға.
Мемлекеттік қызметшілердің Мемлекеттік қызмет туралы заңда
белгіленген негізгі міндеттерін туындайтын нақты міндеттері үлгі
біліктілік талаптар негізінде айқындалады және тиісті мемлекеттік
органдардың басшылары бекітетін мемлекеттік нұсқаулықтарда көрсетеді.
Бұлардан басқа мемлекеттік саяси қызметшілердің функционалдық
міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президенттің 2000 жыл 10
наурыздағы жарлығымен бекітілген Мемлекттік қызметтік өткеру туралы
Ережемен , тиісті мемлекеттік органдар туралы Ережемен және
лауазымдылық нұсқаулықтармен айқындалады.

Олардың негізгі функциялары мынылар:

• мемлекеттік саясатты айқындауға және іске асыруға
жәрдемдесетін шешімдер қабылдау;
• қабылданған шешімдерді орындау барысын бақылау;
• мемлекеттік және өзге де бағдармалар мен жобалардың орындалу
барысын реттеу және бағалау, сондай ақ орындалу үшін дербес
жауапкершілік;
• мемлекеттік органдарының жұмысын басқару;
• бағынышта мемлекеттік қызметшілердің жұмысына басшылық жаау
болып табылады.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кіргенде құқықтар мен
міндеттерден басқа заңдармен белгіленген бірнеше шектеулер мен
тыйымдарды да өз еркімн қабылдайды, олардың мақсаты мемлекеттік
қызметшінің жоғары рухани бейнесін және оның лауазымдық өкілетіктерінің
шегінде іс қимылының еркіншілігін қамтамасыз ету. Мұндай шектеулер мен
тыйымдар билікті теріс пайдаланушылыққа, сыбайлас жемқорлық көріністеріне
тосқауыл болуға тиіс.
Билікті бөлу принципіне байланысты мемлекеттік қызметшіге өкілді
органдардың депутаты және жергілікті өзін - өзі басқару органдарының
мүшесі болуға рұқсат етілмейді.
Мемлекеттік қызметшіге үшінші тұлғалардың істері бойынша өзі қызмет
істейтін не өзіне тікелей бағынышты немесе өзінің бақылауындағы
мемлекеттік органдар өкіл болуға тыйым салынады.
Оған өзінің қызметік іс әрекетін материалдық техникалақ, қаржылық
және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлікпен
қызметтік ақпарытты қызметтік емес мақсатта пайдалануға тыйым салынады.
Мемлекеттік қызметшінің ереуілдерге, мемлекеттік органдардың
қалыпты жұмысістеуіне және қызметтік міндеттерді орындауға кедергі
келтіретін әрекеттерге қатысуына рұқсат етілмейді.
Оған лауазымдық өкілеттілігін орындауға байланысты азаматтар мен
заңды тұлғалардың қызметін жеке мақсатына пайдалануға тыйым салады.
Бұл тыйымдармен оның кімге болса да тәуелді болмау мақсаты
көзделеді, әсіресе егер бұл кез келген түрде заңсыз сыйақы алуға қатысты
(сыйлықтыр, ақшадай сыйлық, судалар қызметтер көрсету, ойын сауықтарды,
демалысты төлеу және т.б)
Мемлекеттік қызметші заңнамалармен белгіленген тәртіппен қызметке
кіргеннен кейін бір ай ішінде мемлекеттік қызмет өткеру уақытына өзінің
меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың жарғылық капилдағы үлесті
(акциялар пакеттерін) және осы адамдарға заңды тиесілі ақшаны, сондай ақ
мүліктік жалға берілген өзге де мүлікті қоспағанда, пайдалаеу табыс алуға
әкеп соғатын өзге де мүлікті сенім білдірген басқару беруге міндетті.
Бірақ осы мүліктен, соның ішінде сыйақы, дивиденттер, ұтыстар, мүлікті
жалға беруден және басқа да заңды көдерден түскен табыс нысанында табыс
алуға құқығы бар.
Мемлекеттік қызметшіге өзінің жақын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары
Мемлекетттік қызмет негіздері
Мемлекет механизмі
Мемлекет механизмінің құрылымы
Мемлекет механизмі түсінігі
Мемлекет механизмі туралы
Билік түсінігі
Мемлекеттік биліктің басты қызметтері
Қазақстан Республикасындағы қызметшілердің конститутциялық құқықтық мәртебесі
Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлері
Пәндер