Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе5-7

1 Шағын кәсіпкерліктің белгілері және түсінігі8-10

2 Шағын кәсіпорындардың қоғамның экономикалық дамуындағы

қаржыландыру көзі және шаруашылықтағы қызметі 14-19

3 Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы. 23-26

Қорытынды27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28

Кіріспе

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажет.

Сонымен қатар, металлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған “жасырын” монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек.

Бюрократияның өндірістік активтерге бақылау жасауға ұмтылған әрекеттеріне жол бермеу керек.

Шағын бизнес нарықтық экономикада өте кең мағыналы. Шағын бизнес болмаған жағдайда нарықтық экономика дами да, өркендей де алмайды. Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан қазіргі нарықтық экономикаға өту жағдайында шағын бизнестің қалыпты жағдайы мен дамуы экономикалық саясаттың басты мәселелерінің бірі. Нарықтық экономикада шағын бизнес - басты сектор, ол экономикалық өсудің бағытын, құрылымын және ІҰӨ сапалығын анықтаушы болып табылады. Барлық дамыған мемлекеттерде шағын бизнес ІҰӨ нің 60-70% пайызын құрайды. Сондықтан да көптеген дамыған мемлекеттерде барыншща шағын бизнестің дамуына көп көңіл бөледі.

Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын береді.

Сондықтан да біздің шағын және орта кәсәпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.
Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы өз орнын табуға тиіс.

Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білсе игі!
Осыған байланысты жаңа идеологияға сәйкес заңнаманы сапалық жағынан жақсарту міндет.

Бізідң ойымызша, мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдигтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беру жөніндегі жұмысты жеделдендіру міндеті тұр. Сол арқылы біз бизнеске тың тыныс ашуға мүмкіншілік туйындайды.

Бұл ретте бірқатар стратегиялық маңызды мемлекеттік компаниялар акцияларының пакеттерін басқаруды арнайы құрылатын мемлекеттік холдинг компаниясына беру қажет.

Даму банкі мен Инвестициялық қорға барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. Сондықтан «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» өзіндік бір «үлкен қаржылық маркетке» айналуға тиіс. Қорға биылғы жылы респубикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлеміз, сонда шағын бизнес субъектілерін кредиттеу мүмкіндігі 25 млрд. теңгеге дейін өседі. Банк несиелеріне кепілдік беру мен сақтандыруды жүзеге асыруды тездету мәселесі бір жолға қойылса. Мұның өзі қомақты мүмкіндіктерді жоғарылауына жағдай туындайды.

Нарық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор . Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуы мен, сондай ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциалық серіктестіктер және де басқа кантрагенттер алдында өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілік болумен байланысты .

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізу мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді .

Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс . Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық - техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет .

Экономикалық қызығушылығы мол ғалымдар, күш-қуатты және ойлап тапқыш адамдардың барлық тіршілік әрекеті орталығында дамуына және өркендеуіне үлес қосқан. Сол себепті көптеген экономикасы дамыған мемлекеттерде өзінің даму бағытында әртүрлі және жаңа мамандандырылған пікірлер мен идеяларды осы шағын бизнесті дамытуға бағыттаған.

Әлемде шағын бизнесті қолдаудың әртүрлі жолдары бар: сақтандыру қ\орларын; тәуекелдік қоры және аралас қолдау қорлары, соның ішінде мемлекеттік және жеке меншіктік; және басқа қорларды бюджеттік қаржыландыру; коммерциялық банктердің көмегімен несиелеу мүмкіндігі; салық жеңілдіктері және т. б.

Біздің елде шағын бизнеске көңіл бөлу тек соңғы кездерде нарықтық экономикаға өткеннен кейін ғана іске асуда, өйткені нарықтық экономиканың әкімшілдік-әміршілдік экономикаға қарағанда кәсіпорындардың жаму мүмкіндіктері кеңірек. Тұтынушылардың өзгермелі сұраныстарына жауап бере алатын, шығындардың орнын уақытылы толтыру, ұсыныстың көлемін кеңейту және жаңа жұмыфс орындары, сонымен қатар экономиканы қайта құруда белгілі бір рөл атқаратын шағын бизнесті кәсіпорынның тізбегін құру, олардың жылдам дамуына үлес қосу нарықтық экономикады үлкен рөл атқармақ.

1 Шағын кәсіпкерліктің белгілері және түсінігі

Шағын бизнес туралы мынадай қате пікір қалыптасқан; шағын бизнес - бұл саны мен көлемі бойынша шағын тауар өндіретін кәсіпорын ғана емес, сонымен қатар мүлдем жаңа құрылым, кәсіпорынның өзгешеленген жеке меншікке негізделген түрі.

Ал шынында шағын бизнес термині, түсінігі - сандық көссеткіштер бойынша көрінісі, оның жеке меншіктігі, шаруашылық қызметі салалары әртүрлі болуы мүмкін. Мемлекеттік, жекешелендірілген кәсіпорындар, ЖШС, АҚ, арендалық кәсіпорындар, корпарациялар бұның бәрі кәсіпорындар, ұйымдар және олар шағын бизнес қағидаларына сай келсе, онда олар да шағын бизнес түрі болып есептеледі. “Шағын бизнес туралы” заңда 2-белгісі туралы айтылған: жұмысшылар саны мен тауар айналым шаруашылығының көлемі.

“Шағын бизнес” туралы заңда шағын бизнестің екі белгісі ажыратылған: жұмыс істеушілердің санымен шаруашылық айналымының көлемі, бірақ олардың біріншісі немесе екіншісі бір-бірінен маңыздырақ деп ажыратылмаған. Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет туралы заңда осыған ұқсас жағдай байқалады. Қәзір тек ғана бірінші қағидаға сүйенеді: өнеркәсіп пен құрылыста 200 адамның жұмыс істеуі, ғылым және ғылыми қызмет етуде 100 адамға дейін өндірістен тыс құрылыста жұмыс істеушілер саны - 25 адам, бөлшекті саудада 15 адамға дейін, ал басқа салаларында жұмысшылар саны осы көрсеткіштен төмен не жоғары болуы мүмкін.

Шағын кәсіпкерлікті дұрыс басшылыққа алу үшін - жұмыс істеушілердің саны, шаруашылық айналымының көлемі және шағын кәсіпкерліктің мүліктерінің құрамы дұрыс анықталуы қажет.

Нарықтық экономикаға өту жағдайында елдің бүкіл экономикалық инфрақұрылымына өзгертулер енгізілуі қажет, соның ішінде оның демонополизациясына жүргізілуі қажет. Елімізде қәзір 40мыңға жуық кәсіпкерлік қызмет атқаратын кәсіпорындар бар, ал бүгінгі экономикаға қажетті инфрақұрывлынды түзу үшін 500 мыңға жуық кәсіпорындар қажет. Тек шағын кәсіпкерлікті дамыту арқасында қоғамның әлеуметтік- нарықтық экономикалық құрылымын қайта құруға, меншік тауарларының плюрализмін жүзеге асыруға, монополияның дамуын тежеуге, бәсекелік нарықты қалыптастыруға және нарықтық қатынастарды дамытуға болады.

Шағын және ірі кәсіпорындар, сонымен қатар фирмалар арасындағы қатаң бәсекелестікті және тіршілік үшін күресте жеңіп шығу үшін, мынадай артықшылықтарға ие болуы керек: иілгіштік және нарық коньюктурасына тез иемденушілік, өндіріс құрылымын жылдам өзгерте алу қабілеттілігі жаңа технологияларды және ғылыми өңдеулерді жылдам жасау және шапшаң қолдана алу. Кез-келген тұлға шағын кәсіпорын ашу барысында кез-келген заңды тұлға тәрізді белгілі бір құқықтарға ие болады. Жеке немесе заңды тұлға немесе серіктестік өз капиталынан қызметтерді толық қамтамасыз ете отырып шағын кәсіпкерлік құрған кезде : өз мүліктері мен кәсіпорын мүліктері екіге ажыратылады.

Шағын кәсіпкерлік қызмет ете отырып амортизациялық төлемдер бойынша қор ашады. Және шағын кәсіпкерлікті аша отырып, керекті материалды құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі, жалға көліктердің алынуы, шағын кәсіпкерлікке қажетті құралдармен қамтамасыз етілуі қажет.

Әлемде шағын кәсіпкерлік пен фирмалар өте көп, оның 95%-99, 7% пайызы Жапонияға тиеселі.

1-сурет

Ал, Қазақстанның әлем елдерімен салыстырғандағы орнын мына схема бойынша көрсетуге болады:

Шағын кәіспкерліктің қызметінің жүзеге асырылуы мен жойылуы “Шағын, кәсіпкерлік пен оның қызметінің жүзеге асырылуы” туралы заңы бойынша жүзеге асырылады.

Кәсіпорын қызметі тек мүлік иесі немесе уәкілетті органның, не муниципалді немесе мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің заңға негізделген шешімімен жүзеге асырылады. Шағын кәсіпкерлік бір немесе бірнеше кәсіпорындардың бірігуінен немесе Қазақстан Республикасының антимонополия қызметі арқылы заңмен тарату нәтижесінде құрылуы мүмкін. Кәсіпорынның құрылу туралы құжаттарында кәсіпорын жарғысы, кәсіпорын құруы туралы өкім немесе бірігіп ұйым құру туралы келісімшарттар болуы тиіс. Кәсіпорын жарғысында кәсіпорынның қандай түрі екені, аты, мекен-жайы, бақылау және қадағау органы туралы мәлімет, құрылған қорлар мен кәсіпорын табысы туралы құжаттар тізімі, құрылу негіздері мне жойылуы туралы құқықтары көрсетілуі тиіс. Жарғыны құрылтайшылармен келісім негізінде түзеді. Мемлекеттік немесе муниципалді, серіктестік кәсіпорындарда мүліктің 50% пайызы мемлекетке тиесілі, бұл туралы жарғы құрылтайшылар мен жұмысшылар келісімімен бекітіледі. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды түде жұмыс істей алады.

Кәсіпорындардың мемлекеттік тіркеуден өтуі.

Кәсіпорындардың мемлекеттік тіркеуден өтуі, оның ұйымдастырушылық құхықтық құрамына қарамастан ол қызметін тек құрылған және тіркелген жерінде ғана жүзеге асырыла алады. Бір ай ішінде кәсіпорындарға мемлеккеттік тіркеу жөнінде алдын ала хабарланып, Қазақстан республикасының қаржы министірлігінде тіркелгеннен кейін мемлекеттік реестрде көрсетіледі.

Мемлекеттік тіркеуден өтпеген кәсіпорындар өз қызметін ары қарай жалғастыруы тоқтатылады және заңмен қудаланылады. Бұндай кәсіпорындардың қызметінен түскен табыстары сот шешімі арқылы тартып алынып және бұл қаражат мемлекеттік бюджетке тассырылады.

Кәсіпорындардың мемлекеттік тіркеуден өтуі үшін келесідей құжаттар ұсынылуы қажет.

- құрылтайшының арызы

- шағын кәсіпкерліктің жарғысы

- кәсіпорынның құрылуы туралы шешім немесе құрылтайшылардың келісім шарты

- мемлекеттік баж салығын төлегені туралы куәлік

Кәсіпорынның тіркелгендігі немесе тіркеуден бас тартылғандығы құрылтайшылардың арызы, жарғысы, келісім шарты және мемлекеттік баж салығы төленгені туралы куәлік тапсырылған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей шешім шығарылуы қажет. Барлық кәсіпорындарға тіркеу туралы мәліметтерді тіркелген күннен бастап бір апта мерзімнен кешіктірмей хабарлау қажет

Мемлекеттік тікеуден кәсіпорынның өтпейтіндігі туралы шешім тек қана кәсіпорын құрылған кезде заңға қайшы қағидалар негізінде құрылса және Қазақстан республикасының заңды органдарының талап еткен құжаттары толық тапсырылмаған жағдайда ғана қабылданады. Басқа да қағидалар бойынша кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуден өту құқығынан айырса заңмен қудаланады. Кәсіпорынның мемлекеттік тіркеуден өте алмайтындығы туралы шешімді міндетті органдары үш күннен кешіктірмей жазабаша құжат түрінде кәсіпорынның құрылтайшыларына хабарлануы тиіс.

Кәсіпорынға мемлекеттік тіркеуден өте алмайтындығы туралы шешім берілген жағдайда соттық шешім тәртіптерімен және құқықтық нормативтерге сәйкес құрылтайшылар қайта шағымдана алады. Егер шағым, яғни мемлекеттік тіркеуден өте алмайтындығы туралы шешім заңсыз деп табылса, ақталып шыққан жағдайда сот арқылы кәсіпорын құрылтайшылары келтірілген зиян орнын қаржылай толтыра алады.

Кәсіпорынның қызметінің тоқтатылуы тек кәсіпорын қызметі заңсыз деп табылғанда және бірнеше кәсіпорын бірігіп кеткенде жүзеге асырылады.

Кәсіпорынды тарату немесе кәсіпорын қызметін тоқтату туралы шешім мүлік иегерінің еркімен немесе заң органдарымен, белгілі бір уәкілеттілікке ие органдармен, жұмысшылар ұйымымен немесе сот шешімімен жүзеге асырылуы мүмкін. Кәсіпорындардың қызметі мынадай жағдайларда тоқтатылуы мүмкін :

- кәсіпорын банкрот болған жағдайда

- Қазақстан Республикасының заңымен негізделген міндеттерді орындамағаны үшін, кәсіпорын қызметінің белгіленген уақыт мерзімінде өз қызметінің бағытын өзгертпегені үшін кәсіпорын қызметінің тоқтатылуы туралы шешім қабылданады

- Кәсіпорынды құру және құру туралы құжаттардың сот шешімімен заңсыз деп табылған жағдайда

- Қазақстан Республикасының басқа да заңмен негізделген себептері бойынша

Кәсіпорындарды тарату құрылтайшылар шешімімен және тарату комиссиясының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Кәсіпорын банкротқа ұшыраған жағдайда кәсіпорынды тарту тек Қазақстан Республикасының заң негізінде жүзеге асырылады.

2 Шағын кәсіпорындардың қоғамның экономикалық дамуындағы қаржыландыру көзі және шаруашылықты қызметі

Кәсіпорын өз қызметін өзі жоспарлайды және даму қағидалары мен тенденцияларын өзі бекітеді.

Шағын кәсіпкерлік базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономикалық өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік ең алдымен, нарықтың тауармен молығуына және жұмыс орныдарының құрылуына мүмкіндік береді. Жалпы алғанда кәсіпкерлік экономикада нарықты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индекаторы есепті орта топты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Әлемдік экономикада шағын кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің көптеген түрлері бар. Мысалы: Индияда шағын кәсіпорындар саны 12 миллион, ал Жапонияда 9 миллионға жуық. . Ал АҚШ та шағын кәсіпкерлік ұлттық табыстың жартысынан көп бөлігін құрайды және жаңа жұмыс орындарынымен қамтамасыз етуде үлесі көп. Бірақ мәселе тек мұнда ғана емес. Шағын кәсіпкерлік нарықтық коньюктураны ғана реттеп ғана қоймай, нарыққа иілгіштік қасиет береді.

Дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді. Ақш-та барлық жұмыс күшінің 50-пайызы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ішкі өнімнің 33-пайызын нақ сол қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің 80-пайызы шағын кәсіпкерлікте жұмылдырылған, жалпы өнімнің 55-пайызы солардың үлесіне тиеді. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік ғылыми-зерттеу жұмыстарының 3-пайызын ғана жүзеге асырса, өндіріске енгізілетін ірі жаңалықтардың 50-пайызын қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттырудың маңызы зор. Бұл деректер шағын кәсіпорындардың экономикадағы елеулі ролі мен маңызы туралы бұлттартпас дәлел бола алады. Бірақ мәселе сандық көрсеткіштерде ғана емес. Бұл сектор өзінің мәнісі жөнінен нарықтық экономика типіне жатады және бүгінгі заманғы инфрақұрылымның негізін құрайды. Дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдегендей, шағын және орта кәсіпкерлік ахуалға шапшаң бейімделеді. Олар экономиканы қайта құру қарқынын жедел тездетіп, шығынның тез өтелуін қамтамасыз етуге, тұтынушы сұранымының өзгеруін жедел байқап, бәсекелестің өрісін кеңейте түсуге, салалық және аумақтық монополизмге төтеп беруге көмектеседі.

Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін қалыптасру әлі жүріп жатыр. 2000- жылдардың басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің субъектілері туралы анықтама болмаған еді. Сондықтан әртүрлі құрылымдарға түрлі анықтамалар құрылған. Соның салдарынан біріңғай статистикалық ұғым қалыптаса қоймады, шағын бизнеске жатқызылатын кәсіпорындардың нақты белгілері айқындалмады. Мұның өзі Республиканың экономикалық дамуына осы сектордың қосар үлесіне лайықты баға беруге және шағын кәсіпорындарды нақты топтастыруға мүмкіндік бермеді. Бизнеске қатысына қарай, “шағын” деген анықтама жұмысшылардың саны, жалпы табысы, сондай-ақ, жылдық айналым ұғымында түсіндірілуі мүмкін. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру негізінде бірінші белгі ескеріледі: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға жейін болатын кәсіпорындарды жатқызу қабылданған. Кәсіпкерлердің көпшілігінің жоғары білімі бар және онысын жұмысында қолданады. Олардың жартысынан астамы өз білімін қанағат тұтады. Сондай-ақ мемлекет тарапынан болмаса да, техникалық көмек көрсетілген жағдайда, бұл өздерінің кәсіби қызметі үшін жеткілікті деп санайды. Сауалнамаға жауап берген кәсіпкерлердің 69-пайызынан жоғары білімі болған. Олардың 49-пайызхы техникалық, 12, 7-пайызы қоғамдық, 6, 9 пайызы экономикалық жоғарғы оқу орындарының түлектері. Тек 5, 8-пайызы ғана орта мектепте алған білімімен шектеліп қалған. Қазақстанда бүгінгі күні шағын және орта кәсіпкерлік бастан кешіріп отырған қиыншылықтарға қарамастан, экономиканың серпінді дамып келе жатқан бөлігі болып отыр. Ең бастысы: шағын кәсіпкерлік саны өсіп келеді. Өсім соншалықты жоғары да емес, небәрі пайыздың бөлшегі ғана. Дегенмен өсім бар. Оның жалпы ішкі өнімде де өзіндік үлесі бар. Ол 7-пайызды құрайды. Қазірдің өзінде кәсіпкерлік Қазақстанның бүгінгі экономикасында лайықты орын алады.

2-сурет

2000-2005 жылдар ішінде ҚР-да істеген шағын кәсіпорындар саны ( мың есебі )

2000жыл
2001 жыл
2002 жыл
2003 жыл
2004 жыл
2005 жыл
2000жыл: 146, 0
2001 жыл: 139, 7
2002 жыл: 142, 8
2003 жыл: 151, 3
2004 жыл: 210, 4
2005 жыл: 247, 1

Шағын кәсіпорындардың соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымның қалыптаса бастағанының айғағы. Алайда заңды тұлғалардың жалпы санының 55 пайызы ғана жұмыс істегенін айтпай кетуге болмайды. Заңды түрде тіркеліп, мерзімінде жұмыс істеген шағын кәсіпорындардың басым көпшілігі орталықта орналасқан. Алматы қаласының 23144 кәсіпорнының 16037- сі яғни 69 пайызы жұмыс істейді. Астана қаласында тіркелген 4048 шағын кәсіпорынның 20987- сі яғни 74 пайызы жұмыс істеген. 2002 жылғы 1- нші қаңтарға елімізде аталған қызмет түрімен 222000- нан астам жеке адамдар ал шаруа қожалығы мен фермерлік шаруашылықты қосқанда- жеке кәсіпкерлікпен 731000 адам шұғылданған. Аймақтар арасында жеке кәсіпкерлікті дамыту жөнінен Оңтүстік Қазақстан облысы алда тұр. Мұнда осы кәсіп түрімен 138000 астам адам шұғылдануда. Бұл осы салада жұмыс істейтін адамдар санының 19 пайызын құрайды.

Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын қарастырсақ, шағын бизнеспен айналысатын әрбір үшінші адам сауда жүйесінде, әрбір бесінші адам өнеркәсіптік өндірісте, әр бір алтыншысы құрылыста еңбек етеді. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың жалпы саны жағынан алғанда сауда саласында олардың 36, 1 пайызы, өнеркәсіптік өндіріс орындарында 21, 2 пайызы істейді, қалғандары түрлі қызмет көрсетумен айналысады. Бұл деректерден сауда ісі әлі басым екендігін, исалалық құрылымдарда өндіріс көлемі әлі де өзгере қоймағанын көруге болады. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамту және фирмалар санының өсуі- негізінен коммерцилық кәсіпорындар есебінен толығып жалпы алғанда баяу өсуде. Сонымен бірге өндірістік сипаттағы кәсіпорындар саны қысқарды. Өндіріс ғимараттары негізінен мемлекеттен немесе мемлекеттік кәсіпорындардан жалға алынса, негізгі құрал жабдықтар фирмалардың өз еншісінде. Оның көпшілігі бұрында пайдаланылып келген. Дегенмен, өнімділігі мен техникалық жағдайы кәсіпкерлерді қанағаттандырады. Іс жүзінде жаңа қондырғылар алуда кедергілер жасалған жоқ.

Жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар өндірген өнім көлемінің 73 пайызға жуығы (213, 3 млрд теңге) сауда үлесіне тиеді. Өнеркәсіп саласында 19, 7 млрд теңгені ғана өнімі өндірілген бұл не бары 6, 7 пайыз, ауыл шаруашылығында 8, 5 млрд теңгенің (2, 9 %), құрылыста- 11, 9 млрд теңгенің (4, 1 % ), көлік және байланыс саласында- 7 млрд тенгені (2, 4 %), мейманханалармен мейрамханаларда- 1, 6 млрд теңгенің (0, 6 %), жұмыстары атқарылды. Шағын және орта кәсіпкерлік, әсіресе агро өнеркәсіптік өндіріс саласында дамуға тиіс. Өткен жылдары есепке алсақ ауыл шаруашылық шикізатының басым бөлігі Республикадан тыс жерлерге тасымалданып, сол жерлерде өңделіп дайын өнім жоғары бағамен қайта әкелінді оның үстіне тасымалдау кезінде өнім сапасы төмендеді, шығынға жол берілді. Бір қатар жаңа өнім алуға болатын қалдықтар өңделген желрерде қалды. Кәзіргі уақытта агро өнеркәсіптік жүйесіндегі шағын кәсіпорындардың осы мәселені шешу үшін жақсы мүмкіндіктері бар.

Шағын кәсіпорындар материял және қаржы ресустарын ұтымды пайдаланып, ғылым техника жетістіктерін ескере отырып мүддесіне қарай не ғұрлым тез бейімделгенін қарауға болады.

Нарықтық экономикаға өтуге орай көптеген жаңа шаруашылық түрлері пайда болды. Меншіктің мемлекеттік және кооперативтік салалары қатарына жаңа түрлері келіп қосылды. Олардың арасында жеке меншікке негізделген шаруа қожалығының өзіндік салмағы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік және оның Қазақстанда даму ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы
Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің экономикалық әлеуеті
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстандағы кәсіпкерлік жайында
Кәсіпкерлік қызметтері және мазмұндары
Кәсіпкерліктің жалпы мәні
Кәсіпкерлік экономикалық категория ретінде
Шағын кәсіпкерліктің белгілері мен түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz