Қазақстандағы корпоративтiк табыс салығын алу


МАЗМҰНЫ
Кiрiспе
I тарау. Қазақстандағы корпоративтiк табыс салығын алудың теориялық негiздерi
§1. Табыс салығының жалпы сипаттамасы
§2. Корпоративтiк табыс салығын төлеушiлерi мен салық салу объектiлерi
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тiзiмi
Кiрiспе
Кез келген мемлекетке өз функцияларын атқару үшiн ақша қаражаттарының қорлары қажет. Мемлекет өзiнiң жеке және заңды тұлғаларынан жинақты қаражаттары осы қаржылық ресурстарының көзi болып табылады.
Мемлекеттiк заңдар негiзiнде мемлекетпен жүзеге асырылатын осы мiндеттi алымдарды салықтар деп атайды. Осылайша салықтар табыс алатын барлық заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк қаржылық ресурстарды, яғни бюджеттi құруда қатысуға мiндетiн көрсетедi.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiлiгiн және егемендiгiн алу қысқа мерзiмде қоғам қажеттiлiктерiне жауап беретiн өзiнiң салық жүйесiн құруды талап етедi. Мұндай жүйе негiзiнен 1991 жылы салық сұрақтары бойынша заң актiлерiнiң пакетiн қабылдау жолымен құрылды. Ол өзiнiң көптеген ережелерiнде соңғы жылдары ССРО - да болған салық салу тәртiбiнен айрықшаланған жоқ. Бұл объективтi түрде толығымен ақталады, өйткенi республиканық экономикасы сол жылдары айтарлықтай өзгерiстерге ұшыраған жоқ, және де нарықты қатынастардың дамуы алғышартты қалыпта болды.
Нарықтың қатынастардың дамуымен салық жүйесi нақты өзгерiстерден өттi, салық салудың жекелей жағдайлары анықталды. Соның жүйесi өзгермелi экономикалық жағдайларға «ыңғайланғандай» болды.
Әр жылы, әйтпесе жылына бiрнеше рет салық заңдары өзгерiп отырды. Көптеген салықтың емес заңдарға салықтың сұрақтары, әдетте жеңiлдiктер беру туралы, енгiзiле бастады. Осыған байланысты әртүрлi заңдар бiр-бiрiмен қарама-қайшылықта болды, бұл тәртiпте салықтың ережелердi қолдаудың шешiлмейтiн мәселелерiн тұғызды.
Нәтижесiнде жыл сайын салық жүйесi күрделi, қиын басқарылатын және тиiмсiз бола бердi.
Салық жүйесiн реформалаудың басты себептерiнiң бiрi болып, салықтардың үлкен санына және әртүрлi бөлiмдiлерге байланысты әрекеттегi салық жүйесiнiң салық төлеушiлердi салық салудың тым жоғары деңгейiнен қорғаушы болды, бұл барлық саладағы өндiрiске терiс әсер еттi.
Мұның бәрi салық жүйесi реформалау бойынша жұмысты кiдiртпей бастау туралы қортындыға әкелдi және реформаларды тереңдеу Үкiметтiң экономикалық дағдарыстан шығу бойынша iс - әрекеттер бағдарламасына осындай реформаны жүргiзуге енгiзiлдi.
1995 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Қазақстан Республикасы салық салудың жаңа халықаралық стандарттар мен нарық жағдайындағы ұлттық экономикалық даму ерекшелiктерiн есепке ала отырып жасалған жүйесiне көштi.
Әрекеттегi салықтар мен төлемдердi қысқарту, салық салудың халықаралық прогрессивтi тәжiрибесiне жақындау арқылы салық ауыртпалығын төмендету салық реформасының басты мақсаты болып табылады. Салық кодексiнiң соңғы мақсаты - республикалық бүкiл территориясында салық ережелерiнiң бiрыңғай қолдауын қамтамасыз ету, өйткенi бүкiл салық заңдары салық Кодексiнiң құрамында болды және салықтың емес заңға салық сұрақтарын кiргiзуге тыйым салуды алдын алады.
Салық Кодексi жаңа салық жүйесiгнiң негiзiн салады, өйткенi онда салықтар мен алымдардың тiзiмi, салықтардың келесi түрлерiн салу тәртiбi көрiнiс алды. Заңды және жеке тұлғаларда алынатын табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық, мемлекеттiк жұмыспен қамтылу қорына бөлiмдiлер, жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы салығы мен төлемдердi, көлiк құралдарына салынатын салық, мүлiк салығы.
Корпоративтiк табыс салығы бюджетiнiң кiрiс бөлiгiнi негiзi көздерiнiң бiрi болып табылады. Бұл салық ертеректе болған кәсiпорындар мен ұйымдардың пайдасын салынатын салықта алмастырады. Корпоративтiк табыс салығының пайдаға салынатын салықтан негiзгi айырмашылығынан салық төлеушiлер табыс салығын соңында (салық жылы iшiндегi қаржы шаруашылық қортындылары бойынша) бухгалтерлiк есептен бөлек және тәуелсiз болатын салық есебiнiң жедел мәлiметтерiн негiзге ала отырып, есептейдi және төлейдi. Республикалық салық жүйесiн халықаралық стандарттарға максималды жақындататын және барлық салық төлеушiлер үшiн салық салынуға жататын табыстар мен жылдық жиынтық табысты азайтатын шегерiстердi әдiлеттi және бiрдей анықтауды қамтамасыз етуге арналған «жылдық жылдың табыс» және «шегерiстер» сияқты категориялар әрекет ете бастады.
Корпоративтiк табыс салығы салық салудың ең маңызды түрi болып табылады, өйткенi бұл салықтың ставкалары ең жоғары болып табылады, яғни салық төлешi үшiн оның материалдық мүддесi жағынан ең ауыртпалы болады.
Бұл курстық жұмыс корпоративтiк табыс салығына, оның қазiргi жағдайы мен жетiлдiру жолдарын зерттеуге арналған.
I тарау. Қазақстандағы корпоративтiк табыс салығын алудың теориялық негiздерi .
§1. Табыс салығының жалпы сипаттамасы
Табыс салығы салықтың классикалық түрлерiнiң бiрi болып табылады. Алғашқы рет ол 1798 жылы Англияда молшылыққа салынатын үш еселеген салық түрiнде енгiзiлдi және таза сыртқы белгiлерiмен анықталатын. Бұл салық 1816 жылға дейiн әрекетте болады. 1842 жылы табыс салығынң негiзгi идеяларына азды - көптi жауап беретiн түрде салық қайта (екiншi рет) енгiзiлдi. Басқа елдерде табыс салығы XIX ғасырдың соңынан бастады (Пруссияда - 1891 жылы, Францияда - 1914 жылы) . Ресейде 1812 жылы қозғалмайтын мүлiктен алынатын прогасивтi проценттiк алым (табыс салығының екiншi түрде) енгiзiлдi. Табыс салығы турал заң Ресейде тек 1916 жылдың 6 сәуiрiнде қабылданды. Табыс салығына арналған Қазақстан Республикасының бiрiншi заңы 1991 жылдың 24 желтоқсанында қабылданған «Қазақ ССР - нiң «Қазақстан ССР азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ тұлғалардан алынатын табыс салығы туралы» заңға өзгерiстер енгiзу туралы» заң болып табылады.
Табыс салығын басқа салықтың төлемдер жүйесiнде сипаттай отырып, келесiлердi атап өтуге болады.
1. Табыс салығы тiкелей салықтар деп аталатын салықтар категориясына жатады.
Осыған байланысты салықтар тiкелей және жанама деп бөлiнетiнiн атап өту қажет.
Тiкелей салық - бұл салық салу субъектiсi бiруақытта оның нақты төлеушiсi (салықты алып жүрушi) болып табылатын салық, яғни оның заңды және нақты төлеушiсi болатын салық салу субъектiсiнiң өзi салық ауыртпалығын алып жүредi, және де бұл жерде салықты төлеу салық төлеушiнiң мүлкiнiң (ақшалай қаражат түрiндегi) нақты азаюына әкеледi. Мұндай салықтардың мысалы ретiнде, табыс салығынан басқа, мүлiкке салынатын салықты алуға болады.
Жанама салық кезiнде салық салу субъектiсi оны нақты төлеушiсi (салықты алып жүрушi) болып табылатын тұлғаға салық ауыртпалығын аударады. Мұндай салықтардың мысалы ретiнде ҚҚС (қосылған құнға салынатын салық), акциздi және кеден баж салықтарын айтуға болады. Заңды түрде ҚҚС мен акциздердiң төлеушiсi тауар сатушысы болғанымен, соңында олар тауар тұтынушысымен төленедi, өйткенi бұл салықтар оның бағасына кiредi. Сондықтан бұл салықтарды кейде тұтынуға салынатын салықтар деп атайды.
Тiкелей салықтардың артықшылықтары ретiнде, Г. Карагусова келесiлердi атайды:
а) тiкелей салықтар мемлекетке мөлшер бойынша сенiмдi және нақты салық бередi;
б) тiкелей салықтар жанама салықтарға қарағанда салық төлеушiнiң шын (нақты) төлем қабiлетiн дәлiрек есептей алады;
в) тiкелей салықтарды төлеу кезiнде мемлекет салықты алып жүрушiмен тiкелей қатынасқа кiредi және олардың мiндеттерiн тура анықтай алады;
г) тiкелей салықтар негiзiнде салық төлеушiнiң өзiнiң табысынан алынады. Жанама салықтар экономикалық әртүрлi сфераларына әсер етудiң болжамсыздығымен қауiптi.
Тiкелей салықтарды әдетте нақты және дербес деп бөлiнедi. Нақты (реалды) салықтар - бұл мүлiкке салынатын салықтар, яғни заттық салықтар. Оның атауы да осыдан: ағылшынның «real» сөзi мүлiк деп аударылды.
Дербес салықтар салық төлеушiнiң алған табысынан (пайдасынан) төленедi. Сөйтiп, табыс салығы дербес салықтарға жатады.
Дербес салықтар нақты салықтарға қарағанда салық төлеушiнiң нақты төлеу қабiлетiн есептеуге мүмкiндiк бередi, өйткенi олардың алған ақшалары салықты төлеу көзi болып табылады. (яғни салық төлеушi өзiнiң алған ақшасының бiр бөлiгiн бередi) .
3. Қазақстан Республикасының салық заңына сәйкес табыс салығы жалпы мемлекеттiк салықтар қатарына жатады.
4. Салықтарды жалпы (бюджетке түсiп және сол жерде даралығын жоғалтатын) немесе ортақ және арнайы (нақты мемлеккеттiк шығындарды қаржыландыруға арналған) салықтарға бөлiгенде, табыс салығы Қазақстан Республикасындағы жалпы (ортақ) салық ролiн ойнайды. Дегенмен, басқа мемлекеттерде табыс салығының арнайы түрлерi белгiленуi мүмкiн.
5. Табыс салығы жеке (яғни оның төлеушiлерi тек азаматтар болып табылады) және корпоративтiк (яғни оның төлеушiлерi тек заңды тұлғалар болып табылады) болуы мүмкiн.
Қазақстанда қазiргi жағдайда екеуi де табыс салығының төлеушiлерi болып табылады, сондықтан оның ресми атауы «корпоративтiк және индивидуалды табыс салығы». Дегенмен, бұрын табыс салығының субъективтiсi болып тек азаматтар алынатын, заңды тұлғалар пайдадан алынатын салықты төлеген.
§2. Корпоративтiк табыс салығын төлеушiлерi мен салық салу объектiлерi
Корпоративтiк табыс салығын төлеушiлер салық жылында салық салынатын табыс бар заңды тұлғалар болып табылады (мемлекеттiк кәсiпорындар, шаруашылық серiктестiктер, өндiрiстiк кооперативтер, коммерциялық емес ұйымдар), сонымен бiрге:
табыс салығын төлеушiлерге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнен басқа резидент заңды тұлғалар және резидент емес заңды тұлғалар;
кәсiпкерлiк iс - әрекеттен түсетiн табыстары бойынша коммециялық емес және бюджеттiк ұйымдар.
Заңды тұлғаға өз қатысушыларын (құрылтайшыларынан) бөлек салық салынады. Жай серiктестiктердiң, соның iшiнде консорционның шарты бойынша алынған табыс оған қатысушылардың арасында бөлiнедi, әрi олардың әрқайсысында сол табысқа салық салынады.
Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң құқықтық мәртебесiн анықтау мүмкiн болмаған жағдайда салық қызметi өздiгiнен оның жеке салық төлеушi ретiнде белгiлеуге құқылы.
Мемлекеттiк салық комитетiнiң ұсынысымен Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, Қазақстан республикасының үкiметi бiр өндiрiстiк комплексте iс-әрекетiн жүзеге асыратын бiрнеше заңды тұлғаларды бiр салық төлеушi ретiнде анықтауға құқылы.
Алматы қаласының Түркiсiб ауданы бойынша салық комитетiнде 2004 жылдың 1 қаңтарына 3600 төлеушi есепте тұр, олардың iшiнде 1729 төлеушi салық төлеуге тартылған. 2003 жылдың 1 қаңтарына жасалған мәлiметтерiмен салыстырғанда келесi нәтижелерге байланысты 76 төлеушiлер көбейдi:
- 30 қайта ашылған төлеушiлер есепке алды;
Мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша есепке 260 төлеушi тұр, олардың iшiнде 122 салық төлеуге тартылған.
Банктер бойынша есепке 8 төлеушi тұр, олардың iшiнде 3 салық төлеуге тартылған.
Ауыл шаруашылық кәсiпорындар бойынша 8 төлеушi есепке алынған, олар 1 жылдан астам әрекетсiз тұр.
Қоғамдық ұйымдар бойынша есепте 95 төлеушi тұр, олардың iшiнде 80 салық төлеуге тартылған.
Шетел инвестициялары бар кәсiпорында бойынша 14 төлеушi есепте тұр, олардың iшiнде 5 салық төлеуге тартылған.
Шетел заңды тұлғалар бойынша есепте 13 төлеушi тұр, олардың iшiнде 9 салық төлеуге тартылған.
Сақтандыру компаниялары бойынша есепте 10 төлеушi тұр, олардың iшiнде салық төлеуге 3 төлеушi тартылған.
Өндiрiстiк коперативтер бойынша есепте 81 төлеушi тұр, олардың iшiнде салық төлеуге 32 төлеушi тартылған.
Меншiк кәсiпорындар бойынша есепте 278 төлеушi тұр, олардың iшiнде салық төлеуге 79 төлеушi тартылған.
Басқа меншiк формалары бойынша есепте 138 төлеушi тұр, олардың iшiнде 102 төлеушi салық төлеуге тартылған.
Бұдан басқа, салық органдарында қаржы шаруашылық iс - әрекетiн жүргiзбейтiн кәсiпорындар (олармен кәсiпорындарды iздеу бойынша нақты жұмыс жүргiзiледi), заңды тұлғалардың алынатын табыс салығын төледен босатылған және бюджетпен орталықтандыра есеп айырысатын кәсiпорындар мен ұйымдар есепке алынған.
Қаржы - шаруашылық iс - әрекетiн 183 кәсiпорындар мен ұйымдар жүргiзбейдi:
- 1 жылдан астам 63 төлеушi әрекетсiз тұр;
- 1, 5 жылдан астам 198 төлеушi әрекетсiз тұр;
- жабылуға 9 төлеушi тұр;
- басқа есептер бойынша тiркеуге алудан бастап 58 төлеушi әрекетсiз тұр.
Iздеуге тұрған заңды тұлғалардың жалпы саны - 10, сөйтiп ауданның салық қызметiмен салық комитетi алдында есеп бермейтiн және салықтарды төлемейтiн салық төлеушiлердi iздеу бойынша нақты шаралар қабылданды.
Бұдан басқа салық комитетi Алматы қаласының паспорт столына салық төлеушiлердiң құрылтайшылары мен лауазымдары тұлғаларының нақты тұратын жерлерiн анықтау бойынша 16 сұрау жiберiлдi.
Салық заңдарына сәйкес заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын төлеуден толық босатылған салық төлеушiлер саны 83 кәсiпорындар мен ұйымдар.
Бюджетпен орталықтандыра есеп айырылысатын заңды тұлғалар саны 16 кәсiпорындар саны мен ұйымдар.
Табыс салығын салу объектiсi жылдың жиынтық табыс пен белгiленген шегерiс жасау арасындағы айырма ретiнде есептелген салық салынатын табыс болып табылады. Салық салынатын табыс (деңгейi) теңгемен белгiленедi. Салық салатын табыс есептелген кезде түсiмi, басқа да кiрiстер, сондай-ақ шетел валютасымен жеке шығын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң операция (төлем) жасалған күнгi ресми бағасы бойынша түгелмен қайта есептеледi.
Егер резидент емес заңды тұлға өзi iс - әрекетiн тек Қазақстан Республикасында ғана жүргiзбеген жағдайда және сонымен бiрге оның тұрақты мекеме арқылы жүргiзетiн iс - әрекетiнен алынатын табысын анықтауға мүмкiндiк беретiн жеке есебiн жүргiзбесе, табыс саласы салық төлеушiнiң, оның бюджетке төлейтiн төлемдерiн бақылайтын салық органдармен келiсiлген есеп негiзiнде анықталуға мүмкiн.
әрбiр нақты жағдайда бұл мақсаттар үшiн келесi көрсеткiштердiң бiрi алынады:
- Қазақстан Республиаксыныда өнiмдi (жұмыс, көрсетiлген қызмет) өткiзуден түскен жалпы түсiмнiң резидентi емес заңды тұлғаның бүкiл қызметiнен түскен жалпы түсiмiндегi үлес салмағы;
- Қазақстан Республикасының территориясындағы қызметiне байланысты шығындардың резидент емес заңды тұлғаның жалпы шығындар сомасынадғы үлес салмағы;
- Қазақстан Республикасының территориясында қызметiн жүзеге асыруда жұмыскерлер саны резидент емес заңды тұлғаның жалпы жұмыскерлер санындағы үлес салмағы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz