Көлік құралы салығы



1.Көлік құралы салығы
1) салық төлеушілер
2) салық салу обьектілері
2.Салық ставкалары, салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
1) салық ставкалары
2) салықты есептеу тәртібі
3) салықты төлеу мерзімдері
3.Салық кезеңі және декларациясы
1) салық кезеңі
2) салық есептілігі

4.Қолданылған әдебиеттер
Салық төлеушiлер

1. Егер осы бапта өзгеше көрсетiлмесе, меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) көлiк құралы салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралы салығын төлеушi болып табылады.
3. Мыналар:
1) жалпы меншік құқығында, меншік құқығында өзінің мүшелеріне тиесілі және өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылатын мынадай көлік құралдары бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер:
двигателінің көлемі 2500 текше см. дейінгіні қоса алғанда, бір жеңіл автомобиль;
двигателінің жиынтық қуаты 1000 га егістікке 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдері;
2)өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер:
сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар;
ветеринария қызметінің автомобильдері,
автозообиологиялық зертханалар,
автожемтасығыштар;
автотиеуіштер,
дән сепкiштерге автоқұйғыштар;
тыңайтқыш енгiзуге арналған автомашиналар;
ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды
автотиеуiштер;
тең штабельдерiн автотасымалдауыштар;
1. www.google.ru
2. www.salyk.kz
3. ҚР- ның салық кодексі
4. Найманбаев С.Ш. «Салықтық құқық»
5. Мухитдинов, Найманбаев, Серимов «Салықтық құқықтық түсіндірме сөздік»
6. Б.Ж. Ермекбаева «Салықтар және салық салу»

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
КӨЛІК ҚҰРАЛЫ САЛЫҒЫ

Салық төлеушiлер

1. Егер осы бапта өзгеше көрсетiлмесе, меншiк құқығында салық салу
объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел
басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың
құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) көлiк құралы салығын
төлеушiлер болып табылады.  
2. Лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық
салу объектiлерi бойынша көлiк құралы салығын төлеушi болып табылады.  
3. Мыналар: 
1) жалпы меншік құқығында, меншік құқығында өзінің мүшелеріне тиесілі
және өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу
процесінде тікелей пайдаланылатын мынадай көлік құралдары бойынша бірыңғай
жер салығын төлеушілер:
двигателінің көлемі 2500 текше см. дейінгіні қоса алғанда, бір жеңіл
автомобиль;
двигателінің жиынтық қуаты 1000 га егістікке 1000 кВт мөлшеріндегі
жүк автомобильдері;
2)өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай
мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын
төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер:
сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған
автомобиль-цистерналар;
ветеринария қызметінің автомобильдері,
автозообиологиялық зертханалар,
автожемтасығыштар;
автотиеуіштер,
дән сепкiштерге автоқұйғыштар;
тыңайтқыш енгiзуге арналған автомашиналар;
ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды
автотиеуiштер;
тең штабельдерiн автотасымалдауыштар;
автоулыжемшашқыш;
пәлекжинағыш машиналар;
аш АН-2 әуе кемесi;
өздiгінен жүретiн дестелегiштер;
астық жинағыш комбайндар;
доңғалақты тракторлар, өздігінен жүретiн шассилер және оңтайлы
энергетикалық құралдар;
мал азығын жинағыш комбайндар;
ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету
жөнiндегi автомобиль-шеберханалар;
өздiгінен жүретiн шөп шапқыштар;
маялағыштар;
жинағыш комбайндар (тамыржемiстiлердi, картопты, қызанақты, көк
бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнімін жинауға арналған);
3) мемлекеттік мекемелер;
4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша
Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан
соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн
бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар,
сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9
мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мінсiз әскери
қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен
наградталмаған адамдар;
5) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша
– меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;
6) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша
– Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, Халық қаhарманы
атағына ие болған, Даңқ орденiнің үш дәрежесімен және Отан орденiмен
наградталған адамдар, Ардақты ана атағын алған, Алтын алқа, Күмiс
алқа алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
7) ауыл шаруашылығы құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған,
пайдалану мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке
тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.

Салық салу объектiлерi

      1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және
(немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу
объектiлерi болып табылады. 

2. Мыналар:
      1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк
автосамосвалдар;
      2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары салық салу
объектiлерi болып табылмайды.

САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ, САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ

Салық ставкалары

1. Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай
ставкалар бойынша жүргізіледі:

Салық салу объектiсi Салық ставкасы
Рет № (айлық есептік
көрсеткіш)
1 2 3
1. Двигателінің көлемi мынадай жеңiл
     автомобильдер (текше см.):
1100-ге дейiн қоса алғанда 1
1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда 2
1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда 3
2000-нан жоғары 2500-ді қоса  алғанда 5
2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда 8
3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда 15
4000-нан жоғары 117
2. Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын
     арнаулы автомобильдер (тiркемелердi
     есептемегенде):
1 тоннаға дейiн қоса алғанда 3
1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса
 алғанда       5
1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса алғанда 7
5 тоннадан жоғары  9
3. Шынжыр табанды машиналар мен
механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн
машиналар мен пневматикалық жүрiстегi
механизмдер 3
4. Автобустар:
отыратын 12 орынға дейiн қоса 9
алғанда                
отыратын 12-ден жоғары - 25 орынды қоса алғанда 14
отыратын 25 орыннан жоғары 20
5. Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар,
двигателінің қуаты 55 кВт-дан аспайтын
көлемi шағын кемелер 1
Двигателінің қуаты 55 кВт-дан жоғары мотоциклдер
1
6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар,
яхталар (двигателінің қуаты мынадай ат күшiне
тең): 
160-қа дейiн қоса алғанда 6
160-тан жоғары 500-ді қоса алғанда 18
500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда  32
1000-нан жоғары  55
7. Ұшу аппараттары әрбір киловатт
қуаттан айлық
есептiк
көрсеткiштiң
4,0 процентi

2. Жеңіл автомобильдердің үш айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша
салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары - 2000
текше сантиметрді қоса алғандағы, бес айлық есептік көрсеткіш ставкасы
бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары - 2500 текше сантиметрді қоса
алғандағы, сегіз айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын
2500-ден жоғары - 3000 текше сантиметрді қоса алғандағы және он бес айлық
есептік көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 3000-
нан жоғары - 4000 текше сантиметрдi қоса алғандағы көлемде болған кезде
салық сомасы двигательдiң аталған көлемiнен асып түскен әрбiр бiрлiк үшiн 7
теңгеге ұлғайтылады.

3. Пайдаланылу мерзiмiне қарай ұшу аппараттарының салық ставкаларына
мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
      1) 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн Қазақстан Республикасының
шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:
      пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса алғанда –
2,0;
      пайдаланылу мерзiмi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілері
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі көлік салығы
Жергілікті табыс салығы
Жергілікті бюджетке түсетін салықтардың экономикалық мәні
Аймақтық бюджет табысын қалыптастырудағы меншікке салынатын салықтын ролі
Салықтар
Басқа да салықтар бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі
Салықтар есебінің ұйымдастырылуы
Салық төлеушінің міндеттері
Мүлік салығының есептеу механизмі және төлеу тәртібі
Пәндер