Саяси режим



I Кіріспе
1. Саяси режим
II Негізгі бөлім
1.Саяси режимнің жіктелуі
2. Демократиялық режимнің мәні және негізгі принциптері
3. Тоталитаризм және авторитаризм
III Қорытынды
Саяси билікті жүргізудің нақты бағыттарын және саяси жүйенің сипатын анықтауда «саяси режим» түсінігі үлкен маңызға ие болады. Саяси режим деген не және оның негізгі түрлері қандай деген мәселелер осы рефератымның мазмұнында қарастырылады.
Саяси режим – мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын мемлекеттік билік органдарының қызмет-әдістерінің жиынтығы. Басқаша айтқанда, мемлекеттік белгілі бір типіне тән билік жүргізудің тәсілдері мен түрлерінің жиынтығын саяси режим деген түсінік арқылы білдіруге болады. Ең бастысы – саяси режим қоғамындағы саяси бостандық деңгейін бейнелейді. Саяси режим мемлекеттік басқару нысанымен, қоғамдағы сан алуан саяси күштердің ара салмағымен және мемлекет билігін ұйымдастырудың қалыптасқан дәстүрлерімен сипатталады.
1) Д. Жамбылов. Саясаттану. Алматы, «Жеті жарғы». 2003
2) Ұ. Сыдықов. Саясаттану. Алматы. 1996
3) Арон Р. Демократия и тоталитаризм. М., 1993.
4) Вятр Е. Лекции по политологии Т- 1. Типология политических режимов. 1991.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I Кіріспе
1. Саяси режим
II Негізгі бөлім
1.Саяси режимнің жіктелуі
2. Демократиялық режимнің мәні және негізгі принциптері
3. Тоталитаризм және авторитаризм
III Қорытынды

Кіріспе
Саяси режимдер
Саяси билікті жүргізудің нақты бағыттарын және саяси жүйенің сипатын
анықтауда саяси режим түсінігі үлкен маңызға ие болады. Саяси режим деген
не және оның негізгі түрлері қандай деген мәселелер осы рефератымның
мазмұнында қарастырылады.
Саяси режим – мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның арасындағы қарым-
қатынастардың сипатын анықтайтын мемлекеттік билік органдарының қызмет-
әдістерінің жиынтығы. Басқаша айтқанда, мемлекеттік белгілі бір типіне тән
билік жүргізудің тәсілдері мен түрлерінің жиынтығын саяси режим деген
түсінік арқылы білдіруге болады. Ең бастысы – саяси режим қоғамындағы саяси
бостандық деңгейін бейнелейді. Саяси режим мемлекеттік басқару нысанымен,
қоғамдағы сан алуан саяси күштердің ара салмағымен және мемлекет билігін
ұйымдастырудың қалыптасқан дәстүрлерімен сипатталады.

Негізгі бөлім
Саясаттанушы ғалымдар саяси режимдерді жіктегенде көбінесе мемлекет
аумағында көппартиялыққа, ашық оппозицияның өмір сүруіне жол ашылған ба,
билік тармақталған ба, азаматтық қоғамның жағдайы қалай деген сияқты
принципті мәселелерді негіз етіп ұстайды. Біздіңше, саяси режимнің мәнін
анықтауда азаматтық қоғам мен мемлекеттің ара қатынасы шешуші роль
атқарады. Бұл тұрғыда үш түрлі жағдай қалыптасуы мүмкін.:
1. Мемлекет азаматтық қоғамның өмір сүруіне, қанатын жаюына жағдай
туғызып, оның ырқына жығылады. Азаматтық қоғамның мәртебесі
жоғары, қуаты үстем.
2. Мемлекеттің айбыны асқақтап, бүкіл қоғамды Жұмса – жұдырығында,
ашса – алақанда ұстап тұрады. Азаматтық қоғам мемлекеттің
өңешінде кетеді, азаматтар саяси жүйенің толық ықпалында болып,
айтқанына көніп, айтқанына жүреді.
3. Азаматтық қоғам мен мемлекет арасында тепе-теңдік бар.
Міне, осы үш жағдайға байланысты тарихта саяси режимдердің бірнеше
түрлері қалыптасқан:
• Демократиялық саяси режим
• Тоталитарлық саяси режим
• Авторитарлық саяси режим
Демократиялық режим – мезгілімен еркін және әділетті түрде өткізіліп
отыратын сайлаудан көрініс табатын халық еркіне , сондай-ақ адамның кісілік
қасиеттерін құрметтеуге және заңның құдіреттілігін мойындауға негізделген.
Демократиялық мемлекеттер бұрын да, осы заманда да баршылық, өзара
айырмашылықтары да жетерлік. Бірақ олардың барлығына да ортақ мынадай мәнді
белгілері бар:
1. Биліктің бастауы – халық;
2. азаматтардың сайлаушы есебіндегі теңдігі, ал сайлаудың әділ, жарыс
үстінде ұдайы мезгілімен өтіп тұруы;
3. саяси шешім қабылдап, оны орындау барысында азшылықтың
көпшілікке бағынуы;
4. мемлекеттің негізгі органдарының сайланбалығы, яғни үкімет құрамы
сайлау нәтижесіне орай қалыптастырылады.
Демократияның негізгі принциптері мыналар:
1. Көпшілікке мойын ұсынып, бағыну. Бұл принцип халықтың билік бастауы
екендігінен туындайды. Және де екі түрлі жолмен – тікелей және
өкілетті демократия арқылы – іске асады. Тікелей демократия барлық
азаматтардың теңдігін, оларды сайлау құқығын мойындайды және мемлекет
басшысын, мемлекеттік органдарды, басқару органдарын халықтың жасырын
дауыс беруге қатысып сайлауын білдіреді. Сондай-ақ, тікелей демократия
қоғам және мемлекет тағдырына қатысты аса маңызды мәселелерді шешуде
халық пікірін анықтауды мақсат ететін референдумдер өткізуді де
қамтиды. Өкілетті демократия жалпы халықтың, түрлі әлеуметтік
топтардың және саяси партиялар мен қозғалыстардың саяси биліктің әр
деңгейдегі тармақтары мен органдарына өз өкілдерін сайлап, өкілеттік
беруін білдіреді. Мәселен парламент депутаттарын және облыс, аудан,
қала деңгейінде мәслихат депутаттарын сайлау – осы өкілетті
демократияның көрініс табуы. Сонымен бірге көпшіліктің белгілі бір
мәселелерге қатысты өз саяси мүддесін жиналыстар, митингілер,
ереуілдер мен шерулер ұйымдастыру арқылы білдіріп, саяси шешімдер
қабылдататын кездері де болады. Оны саясаттану ғылымында охлократиялық
(тобырлық) демократия деп атайды.
2. Азшылықпен (оппозициямен) санасу. Шынайы демократиялық қоғамда
мемлекеттік органдардың бағдарламаларына, билік жүргізу тәсілдеріне
толық қосыла бермейтін, өзіндік пікірі, жол жобасы бар оппозицияның
болуы әбден заңды. Оппозициямен үнемі санасып, оның сын-пікірін, тың
идеяларын, дәйекті ұсыныстарын ескеріп отырған мемлекет билігі ғана өз
іс-әрекетінде жемісті нәтижелерге жетіп отырады. Бірақ азшылық өз
тарапынан заңды түрде қабылданған саяси шешімдерге мойын ұсынуға тиіс.
3. Азаматтардың құқығы мен бостандығын конституциялық тұрғыдан бекіту.
Демократиялық қоғамда адам және адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы болып табылады. Адам мен
азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, оған кепілдік беру –
мемлекеттің басты мақсаты және бүкіл қызметінің мәні. Мәселен,
Қазақстан Республикасы Конституциясында былай деп атап көрсеткен:
Тегіне, әлеуметтік, лауазмдық және мүліктік жағдайына, жынысына,
нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты
жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдайлар бойынша ешкімді
ешқандай кемсітуге болмайды (14-бап). Әркімнің жеке басының
бостандығына құқығы бар, сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік
беріледі. Оның қадыр-қасиетіне қол сұғылмайды.
4. Көппартиялық, Демократиялық қоғамда барлық партиялардың конституция
шеңберінде өмір сүріп, қызмет атқаруына кедергі жасалмайды.
5. Биліктің тармақталуы. Бұл принцип демократиялық қоғамның атрибуттық
қасиеттерінің бірі болып табылады. Биліктің заң шығарушы, атқарушы
және сот тармақтары өз қызметтерін тежемелік және тепе-теңдік жүйесіне
негіздей отырып өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырады.
6. Мемлекет органдары қызметінің жариялығы. Халық – жариялық бар жерде
ғана биліктің бастауы бола алады, ал мемлекеттік органдар халықтан
бөлінген, оның үстінен өктемдік жүргізетін күшке айнала алмайды.
7. Түрлі қоғамдық күштердің аса жоғары әлеуметтік және саяси
белсенділігі. Халықтың әртүрлі топтары менқатпарлары өз саяси
мүдделерін танып, алдына нақты бір мақсат қойып, саяси процеске
белсене араласқанда ғана саясаттың субъектілеріне айналып, биліктің
бастауы ретінде орныға алады.
Демократиялық режим әртүрлі нысанда қалыптасып, өмір сүруі мүмкін.
Оларды президенттік және парламенттік деп ажыратуға болады. Парламенттік
режим 3 түрге бөлінеді:
1. Бір партиялық парламенттік резим – парламентте және жеке-дара бір
партияның күші басым түсіп, үкімет құра алатын болса. Мәселен,
Ұлыбритания парламентінде лейбористік немесе консервативтік партия
сайлауда жеңіп шыққанына қарай сайлану мерзіміне үкімет құрады.
2. Парламенттік коалициялық жүйе – биліктің атқарушы органдары
сайлаудың қорытындысы бойынша дара үзіліп шықпаған әртүрлі
партиялардың одақтасып бас біріктіруі нәтижесінде құрылады
(Италия).
3. Консенсустік парламенттік режим – аймақтық және этностық
ерекшкліктерді міндетті түрде ескере отырып атқарушы билік тұтқасын
қалыптастыру (Бельгия).
Тоталитаризм - өз алдына саяси жүйенің бір түрі, қоғамдық құрылыс, XX
ғасырдың құбылысы. Тоталитаризм сөзінің мағынасы кейінгі латын тілінен
аударғанда “тұтас”, “бәрі” дегенді білдіреді. Бұл сөзді саясат саласына
өткен ғасырымыздың 20-шы жылдарының бас кезінде Б.Муссолини енгізген
болатын.
Тоталитаризм – қоғамдық жүйе ұжымдық мақсатқа, көсемнің құзырына бас
ұрып, ресми идеологияға бағынып, қоғам мен жеке адамға билік тұтқасы
тарапынан тырп еткізбейтін қатаң бақылау ұойылған мемлекеттік құрылыс.
Тоталитарлық режим жағдайында мемлекеттің бүкіл билігі көсем бастаған
(диктатор) ат төбеліндей аз ғана топтың қолына өтеді, демократия
принциптері аластатылып, азаматтық қоғам жойылады, адамдардың құқығы мен
бостандығы аяққа тапталады, күштеу, қорқыту, үрейлендіру, бұйыру тәсілдері
арқылы адамдар рухани ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси режимнің негізгі типтері және оларды жіктеу принциптері
Саяси режимдердің ерекшеліктері
«ХХ ғасырдағы тоталитарлы саяси режимдер»
Саяси режим түсінігі
Мемлекет нысанының соңғы элементі - саяси режим
Саяси режим түсінігі және түрлері
Саяси режим түрлері
Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
Саяси режимдердің жіктелуі жайында
Саяси режимдердің жіктелуі
Пәндер