Өндірістік кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырау мүмкіндігін төмендету жолдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
"Өндірістік кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырау мүмкіндігін төмендету жолдары" ( "Алматы электромеханикалық зауыты" ЖШС-і мысалында) тақырыбына жазылған
520830 "Экономика" (бакалавр) мамандығының 4курс студенті
Мемлекеттік аттестациялық комиссиясының алдында қорғауға жіберіледі
АЛМАТЫ,
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. ҚР-ҒЫ ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БАНКРОТТЫҚҚА ҰШЫРАУЫН БОЛДЫРМАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
- Банкроттықты болдырмаудың теориялық негіздері 6
- Банкроттықтың себептері, белгілері мен болжау әдістері 15
- Кәсіпорынның қаржылық және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің мүмкіндігі және объективті қажеттілігі 26
2. "АЭМЗ" ЖШС-НІҢ БАНКРОТТЫҚ БЕЛГІЛЕРІН ТАЛДАУ 36
2. 1. "АЭМЗ" ЖШС-нің экономикалық потенциалын талдау 36
2. 2. "АЭМЗ" ЖШС - ң қаржылық жағдайын талдау 48
2. 3 "АЭМЗ" ЖШС-нің банкроттық тәуекелінің диагностикасы 67
3. "АЭМЗ" ЖШС-ДЕ БАНКРОТТЫҚҚА ҰШЫРАУ МҮМҮКІНДІГІН ТӨМЕНДЕТУ ЖОЛДАРЫ 70
3. 1 Нарықтық экономикасы дамыған елдердің дағдарысқа қарсы
басқару тәжірибесі 70
3. 2 «АЭМЗ» ЖШС-ның қаржылық сауықтыру
жолдары 76
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТИЗІМІ 87
ҚОСЫМША 90
КІРІСПЕ
Қазақстанның тұрақтылығымен, кейін зкономиканың бірқатар өсуімен сүйемелденетін. XXI ғасырға енуі ағымдағы мәселелердің үшкірлігін бәсеңдетті. Бірақ та экономикадағы позитивті тенденциялар Қазақстанның шаруашылық дамуының негізгі мәселелерінің шешілгендігін, республиканың 90-шы жылдары зиян келтірген трансформациялы дағдарыстан түбегейлі шыққандығын дәлелдемейді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан экономикасын трансформациялау мақсатында жүргізілген антикризистік шаралар жеткіліксіз болды. Қазақстанда өмір сүруге қабілетсіз шаруашылық жүргізуші субъектілердің қиын-қыстау көпшілігінің болуы тек қана жүргізіліп жатқан нарықтық өзгерістер жолына ғана емес, сонымен қатар экономиканың ұзақ мерзімді даму перспективаларына және әлеуметтік-саяси сипатына байсалды кедергі болды. Республикада нарықтық қатынастардың нығаю қажеттілігі банкроттықтың ұлғаюына, антикризистік басқару ролінің күшеюіне әкеледі. Банкроттық - нарықтық экономикаға тән, объективті экономикалық құбылыс болғанымен, Қазақстанда оның сауығуына, кәсіпкерлер мен мемлекттің мүддесін қарғауға бағытталған құрал ретінде қалыптасқан жоқ.
Реформалардың басталуымен банкроттық институтының белсендірілуі республика экономикалық саясатының басымдылықтарының бірі болып табылады. Бірақ бұл басымдылық несиенің қол жетіспеушілігінен және кәсіпорындардың қайта құрылуына инвестициялардың тапшылығынан іске аса алмады. Тәжірибе көрсеткендей, республикадағы көптеген кәсіпорындардың банкроттылығы, үкімет төрелерінің үміт күткеніне қарамастан, олардың бәсеке қабілеттілігіне бет бұрған жоқ.
Мемлекет пен кредиторлардың борышқор-кәсіпорындардың банкроттық процесін ынталандырғанымен жаңа тиімді меншік иелері табылған жоқ. Себептері соңшалықты төлем қабілетсіз кәсіпорындардың көтілігінде немесе банкроттық процедураларын қолданудың бастапқы жағдайында емес, олар тереңірек: мемлекеттік меншікті асығыс жекешелендіру, банк салымшыларының заңды қорғанысының болмауы, Қазақстаннан батыс банктеріне миллиондаған қаржылардың құйылуы және т. б.
Қоғамның Қазақстан экономикасы сандық және сапалық мінездемелер ұстанымынан өзінің даму кезеңінде тұрғандығы болмысының сезінуі, оның бәсекелі-нарықтық жағдайда тұрақтылығының бірыңғай теориялық тұжырымдамасын жетілдіру қажеттілігін анықтайды. Бұл мәселенің қойылуы әкімшілік-әміршілік жүйенің жұмыс істеу жылдары болмауымен шарттасқан. Сәйкесінше, оған теорияда да тиісті назар аударылмаған.
Кәсіпорынның банкроттық тәуекелінің ерте диагностикасын жетілдіру өзінің шешімін қажет ететін жедел мәсәлелерінің бірі. Максималды ерте диагностиканы талап ету басқарушылық маневр үшін уақыт лагын құру және кәсіпорынның бастапқы мақсатты нұсқауына жету серпін өтеу қажеттілігінен туған.
Бұнын барлығы дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - өнеркәсіптік кәсіпорындардың қаржылық-экономикалық жағдайын комплексті және жүйелік талдау негізінде банкорттыққа ұшырау мүмкіндігін алдын-алу мен болдырмау жөнінде ұсыныстар жасау.
Қойылған мақсатқа сәйкес мынадай мәселелерді шешуге әрекет жасалды:
- "банкроттық" категориясының әлеуметтік-экономикалық мазмұның анықтау;
- кәсіпорындағы кризистік жағдайдың пайда болу шарттары мен факторларын айқындау;
- кәсіпорынның экономикалық потенциалын, қаржылық жағдайын, банкроттық жағдайының пайда болу белгілерін талдау және оны алдын-алу бойынша шараларды ұсыну.
Дипломдық жұмыстың обектісі электромеханикалық жабдықтарды шығаратын "Алматы электромеханикалық зауыты" болып табылады.
Дипломдық жұмыстың заты "АЭМЗ" ЖШС-де шешімдердің жаңа әдісін талап ететінбанкроттықты алдын-алудың теориялық және практикалық мәселелерінің жиынтығы болып табылады.
Зерттеу әдістері: статистикалық, математикалық, экономико-математикалық модельдер, дискриминантты талдау.
1. ҚР-ғы ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БАНКРОТТЫҚҚА ҰШЫРАУЫН БОЛДЫРМАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Банкроттықты болдырмаудың теориялық негіздері
Банкроттық деген сөз барлық қызығушы тұлғалар үшін белгісіздікке әкелетін фирманың, банктың, ұйымның қызметінің жойылуын білдіретіндіктен жиі қорқыныш пен үрей туғызады.
Бірақ, бұл тек банкроттықтың салдары ғана. Іс-жүзінде нарықтық экономикада банкроттықтың ролі зор және кең.
Біріншіден, нарықтық экономика жағдайында банкроттық экономиканы сауықтыру құралы және экономиканы сауықтыруға, мемлекет пен кәсіпкерлердің мүддесін қорғауға бағытталған. Банкроттық процедураларын арқасында, мысалы Қазақстанда осы процедураларға қамтылған кәсіпорындардың жартысы өндірісін жаңғыртады.
Екіншіден, банкроттық - нарықтық экономикаға тән объективті экономикалық құбылыс.
Банкроттық, әруақытта кәсіпкерліктің соңғы нәтижесіне жетудің белгісіздігімен демек, жоғалтулар тәуекелімен түйіндес, нарықтық қатынастар мәнімен алдын-ала анықталған.
Үшіншіден, өтпелі экономика жағдайында банкроттық көптеген мәселелердің шешілуіне, сонымен қатар өтелмеген төлемдер, өндіріс дамуына жәрдемдеседі. Сондықтан да ол ұлттық өндірістің құрылымдық бөлігі болып табылады.
Егер, бұны мойындаса проблеманың шешілуінің басты механизмі автоматты түрде банкроттық механизмі болуы керек. Бұл механизмді бүкіл дүние жүзінде қолданады, бірақ бізде меншік пен экономиканың қайта бөлісуі ретінде, ұлттық өндірушілерді басу механизмі ретінде, экономиканың жандануына қарсы механизм ретінде қабылданады. Оның нәтижесінде біздің елімізде бұл механизмнен қорқады, олар толығымен банкроттық процесін қосу жағдайды нашарлатып кейіннен өндірістің тоқтауына және жұмыссыздықтың көбеюіне әкеледі дегеннен шығады. Сонымен қатар мемлекеттік экономикалық ҒЗЖ -ның ұсыныстары да құрастырылған.
« Кәсіпорындарды жою және қайта құру агенттігі» арқылы банкроттық процедураларына ұшырайтын кәсіпорыныдарды талдау оларды 2 категорияға бөлуге болатынын көрсетеді:
- бәсекеқабілетті емес өнімді шығаратын кәсіпорындар, олардың басшылығы тіпті 10 жыл ішінде (баяғыда оларды жекешелеп) бір себептен жаңартуды, қайта құруды және өнімді жаңаландыруды өткізе алмайды, ол нашар менеджмент. Мұндай кәсіпорындардың басшылары мынадай тактиканы таңдап алған: олар баяғыдан банкке баруды қойған және өздерін және бухгалтерлерді қамтамасыз ете отырып төмен ликвидті қорларды қарапайым сатумен айналысып ақшалы өмір сүре береді. Бұл кезде қарыздар өсіп жатады, көлеңкелі экономика осы емес пе?
- басшылары ақшаларды айналдыру бойынша мақсатқа бағытталған тактика мен саясатты жүргізіп отырған кәсіпорындар. Олар үшін кәсіпорын - ақша айналдыру құралы ғана. Мұндай басшылар мен менеджерлердің мақсаты біреу - ол салықтарды төлемей, жалақыны төлемей және т. б. көп ақшаны шығарып алу. Өндірісті ұстау үшін минималды мөлшерде тек айналым қаражаттары ұсталады, бірақ салықтар төленбейді және барлық табыстар басшылардың қалталарына кетеді. Бұл топ басшыларының кейбіреулері салықтардан қашудың ұзын сызбасы бойынша жүреді: қарыздарды критикалық нүктеге дейін апарады, банкроттықтың алдында олар ликвидты активтерді шығарып алады, жаңа кәсіпорынды ұйымдастырады және таза беттен салықтарды төлемеуді жалғастырады.
Банкроттық бүгінде - экономиканы жаңартудың, төлемқабілетсіздік дағдарысын құрудың және экономиканы дамудың жаңа сатысына өткізудің ең тиімді процесі. Осылайша, нарықтық экономика жағдайындағы банкротықтың ролі үлкен.
Осылайша, ТМД және Қазақстан елдері экономикасында бар болудың тәжірибесі бұл инститтуттың қызмет етуіндегі көптеген сұрақтарды туғызады. Бұлардың себеебі аз емес, көбінесе ол теориялық базаның жетіспей жасалғандығы.
Банкроттық мәнін көрініс ретінде анықтау үшін бұл институттың пайда болу және даму тарихына көңіл аудару керек, сонымен қатар «банкрот» сөзінің этимологиясын қарастыру керек.
Банкротық түсінігі Рим жеке қоғамында енгізілгені. Бастапқыда Рим империясының азаматы өзіне жүктелген міндеттемелер үшін барлық мүлкімен, өзінің жеке бостандығымен және жанұя мүшелерінің бостандығымен жауап беретін. Кредиторға бағыну - кредиторлар өз міндеттемелерін орындату үшін қолданылатын әдістер. Сауда байланыстарының ары қарай дамуы және кеңеюі банкроттыққа деген жай көзқарасқа әкелді. Жәймендеп ауырлық орталығы төлем қабілетсіз борышкерді қылмыстық жазалаудан оның мүлкін төлеттіріп алуға ауыстырылды. Борышкерді төлем қабілетсіз деп танудың процесі мен тәртібі реттеле бастады. Рим құқығы кредитор қызығушылықтарын сөзсіз қорғау приципіне негізделді және мүлік жетіспеушілігі анықталған кезден бастап қолдан жасалған және шынайы түрдегі банкроттықты бөлмеді, борышкер барлық жағдайларда қамауға алынды, ол борышкер іс-әрекеттерін шектеудің шарасы және банкроттық мүлкін алып алудың процесінің басталуы болды. Сонымен қатар, борышкердің кредитормен шешілудің кез-келген сатысында әлемдік келісімдерге келу дәстүрі пайда болды.
Сонымен қатар дәл осы Көне Рим империясының заңгерлері басқа елдерде кең өріс алған борышты қайтармағандығы үшін қылмыстық және мүліктік жауапкершілік жиынтығы туралы Концепцияны бірінші болып жасағандығын ескеру керек.
«Банкрот» сөзінің этимологиясы ортағасырлық Италияның XII ғасырында орындық, сөрені немесе айырбасшының жұмыс орнын білдіретін «banca» - орындық, және «rote» - сынған дегенді білдіретін итальян сөздерінен шыққан. Осылайша, сынған орындық көпестердің және айырбасшылардың төлемқабілетсіздік белгілері болды, ал «банкрот» сөзінің өзі жалпы мәнге иеленді, осылайша дәрменсіз борышкерді айтатын болды.
Банкроттықтың дамуы негізгі ролі Англияда, бұл институт өз басталуынан осында ерекшелікке ие болды. Бұл елде тіпті 1543ж. өзінде қарыздың төлемсіздіктері туралы сот істерінің қарастырылу негізіне қарыз барын дәлелдеу емес, ал оны жабу мүмкіндігі жатқызылды. Кейінгі жылдары банкроттыққа алып келетін жалған келісімдер туралы заңдар жетілдіріледі, басты назар борышкерлерден мүліктер мен қаржылық қаржаттарды тығу фактілеріне, саналы түрде қарызды біреуіне төлеп екіншісіне зиян келтіруіне аударылады.
Ресейде банкроттық институты европалық елдермен қатар жүргізілді және оның құқықтық реттелуінде үш негізгі сатыны бөліп көрсетуге болады. Бірінші саты - революцияға дейінгі. Банкроттық институты дамуының бұл сатыны Ресейде көбінесе кредиторлардың қызығушылығын сипатайтын дәрменсіздік процедурасын өткізуге «кредиторлар аралық» бағыт ерекшелейді.
Екінші саты - ЖЭС кезеңі. Бұл кезеңнің дәрменсіздікті (банкротттықты) құқықтық реттеудің негізгі сипаттамасы болып қызығушылықтары ең алдымен мемелкет алдындағы міндеттемелер қорғалып орындалатын процестің барлық сатыларындағы үкіметтің өктемдік ролі.
Үшінші саты - Ресейдегі дәрменсіздік институтының дамуы - оның басталуы 1992ж. Банкроттық процедурасын реттеу қажеттілігі КСРО басшыларымен нарықтық экономикаға өтуді жариялаудан басталды.
Тәуелсіздікті алғанға дейінгі Қазақстандағы банкроттық дамуының тарихы және Ресейдегі банкроттық дамуының тарихы өзара бүтін және жалпы ретінде сәйкес келеді.
Жоспарлық рельстерден нарықтыққа өту рельстері банкроттық механизмінің іс-әрекетін енгізуді талап етті.
Нарықтық экономика - біржақты емес экономика, онда әдетте мемлекеттік сонымен қатар жеке кәсіпорындар бар, және де кәсіпорын иеленушілері болып мемлекет және де жеке тұлғалар табылатын аралас экономикалы сектор табылады. Нарықтық экономиканың тиімділігі оны бұл мақсаттарда банкроттық механизмін пайдаланып бәсекеқабілетті емес элементтер жүйелерінен шығарудың тұрақты шығару арқылы қамтамасыз етіледі.
Қазақстанда жалпы банкроттық механизмін жасап шығару және іске енгізуге қол жеткендігін мойындау керек. Тәелсіздік алғаннан бергі кезеңде сәйкес заңды-нормативті база қалыптасты, банкроттық бойынша мамандар саны дайындалған, банкроттық және банроттық процедураларды өткізу туралы істерді соттық қарастырудың белгілі бір тәжірибесі жасалған.
Қазіргі кезде белгілі бір дәрменсіздікті және банкротықты біршама пайдаланудың әртүрлі варианттары кездеседі. Отандық және әлемдік әдебиеттерде банкроттықтың бірегей анықтамасы жоқ. Мысалға, қазіргі ресейлік заңнамаларда «дәрменсіздік» және «банкроттық» түсініктері тепе-тең. Тіпті «банкротық» сөзінің қалыптасқан әсерлесуін назарға алатын болсақ та дәрменсіздік пен банкроттықтың американдық вариантын қолданған дұрыс болар еді. Осылайша, АҚШ-та банкроттық процедуларына қатысты жүргізілген тұлға өндіріс кезінде дәрменсіз болып саналады, ал сот шешімінен кейін банкрот болып саналады.
«Банкроттық» түсінігі өзара байланысты экономикалық және заңды қатынастардың кең аймағын қамтиды, ол берілген көріністің табиғатына әртүрлі көзқарастар мен сипттардың көзі болып табылды. Құқықтық бағыт тұрғысынан банкроттық заңды дәләлі, ол оны жою үшін негіз болып табылады. Банкроттық берілген контекстте заңгерлермен дәрменсіздік синонимі ретінде қолданылады, заңдарда бұл екі термин қолданылатыны жай емес.
Банкроттықтың мақсаттарын, міндеттері мен функцияларының өз түсінігіне жүгіне отырып қазақстандық ғалымдар өз анықтамаларын береді. Банкроттық - бұл шаруашылық жүргізудің экономикалық дәрменсіздігі, уақытша сипатты емес шаруашылық соттың шешімімен жарияланған қарыз міндеттемелері бойынша төлем қабілетсіздігі.
Өз мәні бойынша - банкроттық нарықтық экономиканың дұрыс көрінісі, бәсекелік күрестің өзіндік процесі, онда әлсіз кәсіпкерлік құрылымдар өз шаруашылық қызметін толықтырады. Банкроттық бәсекелік күрестің нәтижесі ретінде өндіріс дамуын, кәсіпкерлік ынтаны ынталандырады.
Банкроттықтың болуын дағдарысытың 2 формасымен анықтайды:
- кредиторлармен жарияланған талаптардың жалпы сомасы заңмен орнатылған 150 минималды айлық есептік көрстекішінен төмен болмағанда;
- кәсіпорын ағымдағы төлемедерін тоқтатып, сәйкес міндетті орындаудың мерзімі басталуынан үш ай ішінде кредиторлардың талаптарын орындауды қамтамасыз ете алмаса және қабілетті болмаса.
Әртүрлі елдердің заңдарында қабылданған құқықтық формалар мен әдістердің әртүрлілігінде барлық заңдық жүйелерде орталық орынды меншік құқығы және оның кепілдемелері (немесе мұндайдың жоқтығы) алады. Борышкерді дәрменсіз (банкрот) деп жариялау немесе борышкердің өзінің дәрменсіздігі (банкротығы) туралы жариялауы бұл құқық мүлкін өткізу (жою) үшін жүргізіледі. Құқық заңды тұлғаны сотпен дәрменсіз деп жариялаудың жариясына айналады. Заңды тұлғаны жою оның басқа тұлғаларға құқықтық берілуі тәртібінде құқықтар мен міндеттемелерінің өтуінсіз тоқтауына әкеледі. Сондықтан көптеген зерттеушілердің ойы бойынша банкроттық категория ретінде көбінесе заңды қатынастарды сипаттайды. Құқықтық бағыт тұрғысынан банкроттық - бұл сотпен (арбитражды сотпен) танылған немесе боышкермен жарияланған міндеті төлемдерді төлеу бойынша міндетті орындау және (немесе) ақшалай міндеттері бойынша кредиторлардың талаптарын толығымен қанағаттандыруға борышкердің қабілетсіздігі.
Құқықтық толтырылусыз қарыз қатынастары мүмкін емес болатыны сөзсіз, бүгінде банкроттық бойынша әдебиеттерде оны анықтауға деген құқықтық бағыт басым болатыны кездейсоқ емес.
Құқықтық бағытқа сәйкес, банкроттық - заңды тұлғаны жою бойынша негіз болып табылатын оның төлем қабілетсіздігінің заңды дәлелі. Құқықтық бағғыттың конституциялық бағытталуы - сотпен дәлелденген төлемқабілетсіздік. Сәйкесінше, сотқа дейінгі төлемқабілетсіздік бұл көзқарастан кәсіпорын құқықтық көзқарастан ондай болып табылмайды.
Бұл контекстте «төлемқабілетсіздік» және «дәрменсіздік» түсініктерін нақты бөлу қажеттілігі пайда болады. Қазақстандық ғалымдар нақты жауаптар береді. Төлемқабілетсіздік - бұл орындау мерзімдері болған ақшалай сипаттағы ақшалай міндеттемелер мен басқа да талаптарды борышкердің орындау қабілетсіздігі. Кәсіпорынды банкрот деп жариялау мақсатында дәрменсіздік деп бюджет және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ету қабілетсіздігін қосқанда тауарларды төлеу бойынша (жұмыстарды, қызметтерді) кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру қабілетсіздігі түсіндіріледі.
Біздің көзқарасымыз бойынша, қарыз қатынасындағы зерттеудің бастапқы нүктесі болып органикалық байланысқан бірақ өзара жеке жақтардың бөлінуі болуы керек: экономикалық мазмұны және заңды форма, бірақта бұл жерде олардың араласуы және де қарама- қарсы қойылуы мүмкін емес. Банкроттыққа деген экономикалық құқытық бағыт кездейсоқ емес және оны таза экономикалық немесе таза құқықтық көрініс ретінде қарастыру құқықтық жағдайдан дұрыс емес.
Экономикалық бағытта банкроттықты анықтау үшін бұрыштың негізіне шаруашылық субъектінің дәрменсіздігіне әкелетін себептерді зерттеуді қояды.
Банкроттық макро және микроэкономикалық өлшемдерде қарастырылады, бірінші бағыт қазіргі экономикалық теорияның, нарықтар теориясының жағдайлары мен қортындыларына, екіншісі - банкроттықа әкелген механизмдер мен экономикалық себептерді ашып көрсетуге, нарық теорияларына негізделген.
Егер банкроттық макроэкономикалық көзқарастан құрылымдық қайта құру мен экономиканы реформалаудың құралы болса, микроэкономикалықтан бұл дағдарыстың белсенді формасы. Әрине, бұл форманы түсінуде бірнеше ерекшеліктер бар. Ең кең таралғаны болып банкроттық дағдарыстың ең шекті көрінісі түрінде қаралатыны табылады.
Сонымен қатар кез - келген шаруашылық субъект дағдарысытың әртүрлі түрлеріне (экономикалық, қаржылық, өндірістік) ұшырауы мүмкін және банкроттық солардың бірі болып сипатталады. Банкроттықты бұл жағдайда қаржылық дағдарыс, яғни шаруашылық субъекттің өзінің ағымдағы міндеттемелерін орындау қабілетсіздігін ретінде түсіну керек. Бірақта шаруашылық процесінде кәсіпорындар одан да басқа экономикалық дағдарысқа (компанияның материалдық ресурстары тиімсіз пайдаланылған жағдайда) және басқару дағдарысына (еңбек ресурстарын тиімсіз пайдалану, қоршаған орта талаптарына басқару шешімдерінің адекватты емес көзқарасы және т. б. ) ұшырауы мүмкін.
Осыдан шыға отырып банкроттық түсінігін анықтаудың экономикалық бағыты біздің көзқарасымыз бойынша, келесідей түсініктемеден тұрады: «Банкроттық - бұл қызметтің тоқталуына әкелген өндірістік функциялар мен міндеттерді орындау үшін ақшалай-қаржылық ресурстардың бар болуымен немесе олардың жетіспеушілігімен, жоқтығымен байланысты тікелей кәсіпорында пайда болған экономикалық дағдарыс».
Басқа сөзбен айтқанда экономикалық бағыт кәсіпорынның банкроттықтың экономикалық механизмдерін қаржылық дағдарыс ретінде, құқықтық бағыт дәрменсіздік фактісі расталғаннан кейінгі кәсіпорынды жоюдың ұйымдастырушылық-құқықтық механизмі ретінде, яғни қаржылық банкроттық ретінде қарастырады. Ол макроэкономикалық, микроэкономикалық және қоғамдық аспекті бар банкроттықтың күрделі табиғатынан шығады: банкроттық экономика көзқарасынан және банкроттық жою процесі ретінде.
«Банкроттық» түсінігінің сонымен қатар оның анықтамасын ерекшелейтін екі жақты аспектісі бар. Шетелдік теорияда және тәжірибеде банкроттық процесс ретінде қарастырылады. Бірінші жағдайда - бұл процедурасында борышкер мүлкін жою жатқан заңды процесс. Банкроттықтың екінші анықтамасы дәрменсіз борышкердің оның кредиторларымен қатынастарды реттеу процедурасымен байланысты. Мұндай екіжақты бағыт банкроттық табиғатының күрделілігімен негізделген. Жоғарыда аталған екеуінен, ең дұрысы деп екінші анықтаманы санау керек, өйткені банкроттық процесіне тек жою процесі ғана емес, процедуралардың кең спектрі кіреді.
ТМД елдерінде, сонымен қатар Қазақстанда банкроттық түсінігіне деген құқытық бағыт басым, ол экономикалық жасаулардың жоқтығымен байланысты, ал банкроттық туралы заң банкроттық мәселелерін жүйелейтін жалғыз ғана құжат болып шығады. Екінші жағынан банкроттық туралы түсінік экономикадағы құқықтық қатынастарды заңды бекітудің әдісі ретінде, сәйкес экономикалық қатынастардан ерте тариха түрде қалыптасқан. Бірақ заңды процестер экономикалық көріністердің терең мазмұнын сипаттай алмайды, құқықты формал макроэкономикалық қатынастарды тек бекітеді. Осылайша, кәсіпорын оның дәрменсіздігі сотпен жарияланғаннан кейін ғана, сонымен қатар егер де ол өзінің банкроттығы және жойылуы туралы ресми түрде жарияласа ғана банкрот болып жарияланады.
Осылайша, біз банкроттықты анықтауға деген әртүрлі бағыттардың қарама-қайшылығын көреміз. Көптеген сұрақтар туады, оның ең маңыздысы: банкроттың айтылған бағыттарының қайсысы бүгінгі таңда қолдануға болатын және банкроттық теориясында қолданылады.
Т. И. Мухамбетовтың пікіріне сәйкес олардың әрқайсысының бар болуға құқығы бар және олардың әрқайсысы банкроттықа дееген қатынастар жағын қарастырады. Егер де экономикалық бағыт банкроттыққа әкелген себептерге, банкроттықтың экономикалық табиғатына негізделсе сонымен қатар кәсіпорынның дағдарыстан шығу мәселелері қарастырса, құқытық бағыт банкроттықты заңды реттеуге негізделген.
Тек көріністің ішкі жағдайын көру, ондағы тұрақты байланыстарды, мәнді ерекшеліктерді анықтау белгілі сипаттамасы туралы жалпы сипат береді. Банкроттықтың мазмұнын сипаттайтын экономикалық негізін елемеу күрделі теріс салдарға әкелуі мүмкін. Шаруашылық өмірдің императивтері «банкроттық» категориясында ең алдымен критериалды белгілерді бөлуді талап етеді.
Банкроттық - бұл нарықтық экономикадағы экономикалық объективті көрініс. Ол сәйкесінше кәсіпкерліктің шекті нәтижелеріне жетуінің белгісіздігімен, сәйкесінше жоғалту тәуекелімен байланысқан нарықтық қатынастардың мәнімен анықталған. Нарық тәукелсіз мүмкін емес, және де тәуекел нарық үшін оның шаруашылық субъектілерінің ерекшелігіне байланысты тұрақты және болмауы мүмкін емес жағдай.
Осылайша, банкроттық деп кредиторлармен борышкерлердің арасындағы соңғылардың төлем қабілетсіздігі және құқықтық формаларға сәйкес бекітілген өз міндеттемелері бойынша қарыздармен өз уақытылы төлемдерінің мүмкінсіздігі себебі бойынша қатынастарды сипаттайтын экономикалық құқықтық категорияны түсінеді. Бүгінде экономикалы-құқықтық бағыт басым болғанымен, соңғы кезде банкроттық тәжірибесінде оның экономикалық жақтары көріне бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz