Сот сараптамасын тағайындау және жүргізуде арнайы білімдерді қолдану


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3-бет
- Қылмыстық іс жүгізудегі арнайы білімдерді қолданудың түсінігі . . . 7-бет
- Сот сараптамасы арнайы білімдерді қолданудың негізгі нысаны ретінде . . . 18-бетСот сараптамасының түсінігі және маңызы . . . 18-бетСот сараптамасын жіктеу . . . 30-бет
- Сот сараптамасын тағайындаудағы арнайы білімдерді қолдану маңыздылығы . . . 37-бетСот сараптамасын тағайындау негізі . . . 37-бетСот сараптамасына қажетті материалдарды дайындау . . . 47-бет
- Сот сараптамасын жүргізу кезіндегі арнайы білімдерді қолданудың ерешеліктері . . . 54-бет
Қорытынды . . . 62-бет
Пайдаланаған қайнар көздер тізімі . . . 65-бет
Кіріспе
Біздің қоғамымыздың бастан кешіп жатқан қиын кезеңде қылмыспен күресу - мемлекетіміздің ең алғашқы міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасы Президенті Қазақстан Республикасының халқына арналған “Қазақстан-2030” жолдауында біздің қоғам оған әсер еткен трансформация нәтижесінде өзгеріп, біз өзге құндылықтар мен адамдық қатынастардың жаңа түріне өттік, біз еркін, жалпы біз тәуелсіз болдық деген. Елбасының бұл сөздерінің шындыққа сай екендігін адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғарғы құндылығы деп таныған Қазақстан Республикасының Конститутциясының мәтінінен көре аламыз. Қоғамның жалпы ілгері даму мемлекеттегі барлық процестердің дамуына әкеледі, сәйкесінше мемлекет қылмыспен күресу тетіктерінде дамытуы керек. Бүгінгі күні қылмыстық іс жүргізуде және жалпы қылмыстарды тергеу мен сотта қылмыстық істерді қарауда жалпыға белгілі емес арнайы білімдерді қолдану саласының даму тендениясы объективті заңдылық болып отыр. Бұған дәлел 1997 жылы 13 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі болып табылады, онда Қазақ КСР Қылмыстық іс жүргізу кодексіне қарағанда арнайы білімдерді қолдану қызметі кеңірек құқықтық регламенттеледі. Арнайы білімдерді қолданудың бірден бір және ең кең тараған нысаны сот сараптамасы болып табылады, ол қылмыстарды тергеу кезінде ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері сот сараптамасының процессуалдық және дәлелдемелік проблемалары осы саладағы заңнамалардың өзгеріп отыруына, әлі де қалыптасу кезеңінде болуына байланысты осы күнде де орын алып отыр. Бұл олардың шешілуі мен жоюылуының баяу жүруіне байланысты болып табылады.
Арнайы білімдерді құқық қорғау қызметінде қолдануға байланысты қаттынастарды құқықтық реттеудің жекелеген аспектілері бірқатар заң актілерінде бекітілген, айта кетсек, Қазақстан Республикасының “Прокуратура туралы”, “Ұлттық қауіпсіздік органдары туралы”, “Жедел іздестіру қызметі туралы ” заңдары. Арнайы білімдерді қолданудың құқықтық реттеудің механизмін дамытуға едеуір көмегін тигізген 12 желтоқсан 1997 жылы қабылданаған Қазақстан Республикасының “Сот сраптамасы туралы” Заңы болып табылады.
Сот сараптамасын қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білімді пайдаланудың негізгі нысаны деп айта келе оның негізгі кемшілігін, яғни қылмыстық істерді тергеудегі, сотта қараудағы аз икемділігіне назар аударған жөн. Бұл айтылғанға дәлел ретінде қылмыстық істерді тергеу мен сот отырысында сараптаманың көпшілігі формальді түрде тағайындалатынынан, қылмыстық іс жүргізудегі сот сараптамасы мүмкіншіліктерін бағалай алмауын айтуға болады. Сонымен қатар көптеген сарапшы қорытындыларының істерді тергеген және сотта қарау кезінде процессуалдық ережелердің бұзылуына байланысты дәлелдемелік маңызынан айрылуын, сот сараптамасын тағайындау мен жүргізу кезінде іске қатысушы тұлғалардың барлық құқықтары мен міндеттерін сақтамауын айтуға болады. Сараптаманы тағайындаумен және жүргізумен байланысты қызметтің төмен әдістемелік деңгейі туралы орындалусыз қайтарылып жатқан іс материалдарының көптігінен, сарапшының қосымша материалдарды ұсыну қажеттігі туралы арыздарынан көруге болады.
Сонымен қатар қазіргі кезде әрекет ететін Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексінің кейбір нормаларының жетілмеуінен де сот сараптамасының процессуалдық мәселелері өзекті болып отыр. Сот сараптамасын тағайындау, жүргізу және оның нәтижелерін бағалау саласында, сонымен қатар арнайы білімдерді қылмыстық істерді тергеуде және сот өндірісінде толығымен пайдалануда қылмыстық істі жүргізуші орган қызметкерлерімен заңды түрде дұрыс орындау ерекше маңызға ие және өзекті мәселенің бірі болып табылады. Осы жұмыс аталған кемшіліктерді қандай да бір көлемде азайтуға арналған.
Дегенмен сот сараптамасының ғылым мен заңнамадағы процессуалдық жағдайы мен деңгейін тек төмен жағынан қарастыра бермеу керек, өйткені оны қолданудың процессуалдық талаптарына қазіргі кездегі тәжірибе әлі біртіндеп бейімделу науқанында деп айтуға болады.
Менің жұмысымның алдына қойған мақсаттары келесідей:
- жалпы қылмыстық іс жүгізудегі арнайы білімдерді қолданудың түсінігін, мәнін және ерекшеліктерін ашу;
- сот сараптамасының арнайы білімдерді қолданудың негізгі нысаны ретіндегі түсінігін мен маңызын ашып, оның белгілерін анықтай отырып басқа тергеу әрекетінен ажырату;
- сараптаманы топтастыра отырып оның жекелеген түрлеріне жалпы түсініктеме беру, өйткені сараптаманың түріне байланысты қандай саладағы арнай білімдерді қолдану керектігі анықталады;
- сараптама тағайындаудағы арнайы білімдердің орнын анықтау оларды қолданудың ерекшелігін көрсету;
- сот сараптамасына қажетті материалдарды дайындауда арнайы білімдерді қолдану ерекшелігін ашу;
- сот сараптамасын жүргізу кезіндегі арнайы білімдерді қолданудың ерешеліктерін көрсету.
Бітіру жұмысы сот сараптамасын тағайындау мен жүргізудің процессуалдық және ғылыми негіздерін қамтитын төрт бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қылмыстық іс жүгізудегі арнайы білімдерді қолданудың түсінігі туралы барлық қажетті мәліметтер келтірілген, атап айтсақ жалпы арнайы білімдердің заңи және ғылыми түсінігі олардың қылмыстық іс жүргізудің мақсаттарын шешудегі орны, арнайы білімдерді қолданудың нысандары. Екінші бөлімде сот сараптамасының арнайы білімдерді қолданудың негізгі нысаны ретіндегі түсінігі беріледі, осы бөлімде сот сараптамасының процесуалдық түсінігі ашылады, сот сараптамсының жалпы қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білімдерді қолданудың бір нысаны ретіндегі маңыздылығы туралы сөз болады және сот сараптамасының жіктелуі жүзеге асырылады. Үшінші бөлімде сот сараптамасын тағайындаудағы арнайы білімдерді қолдану орны туралы мәселе көтеріледі, атап айтқанда сот сараптамасының тағайындау негіздері және сот сараптамасын жүргізуге қажетті материалдарды тағайындауда арнайы білімдерді қолдану ерекшелікетері айқындалады. Жұмыстың төртінші бөлімінде сот сараптамасын жүргізу кезіндегі арнайы білімдер қолдану ерекшеліктері туралы проблемдік мәселелер көтеріледі.
Бітіру жұмысын жазу барысында әртүрлі заңнамалар, нормативтік - құқықтық актілер, оқулықтар, оқу құралдары, шығармашылық басылымдар, мерзімдік басылымдар және басқа да шығармалар қолданылды.
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АРНАЙЫ БІЛІМДЕРДІ ҚОЛДАНУ ТҮСІНІГІ
Қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білідердерді қолдану процесінің тиімділігін артттыру үшін оның дұрыс және біркелкі түсінігін анықтап алу керек. Арнайы білімдердің ғылыми түсініктемесін берер алдында “арнайы білім” түсінігіне заңнама берген анықтамасына көңіл аударайық, ҚР ҚІЖК-нің 7-бабының 41-пунктінде “адам кәсіби оқудың не белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеудің нәтижесінде алған, қылмыстық сот ісін жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес білім” ретінде анықталған.
Қылмыстық іс жүргізу тиісті түрде функцияларын сәйкестендіргенде нақты құқыққа қайшы әрекеттің құбылысынан мәніне дейінгі жолды анықтап беретін іс жүргізу нормалары мен құқықтық институттардан тұратын әмбебап құқықтық кешен болып табылады. 1
Сонымен қатар қылмыстық істер бойынша адам қызметінің құқықтық емес саласының білімдерін пайдаланбай, жедел іздестіру қызметкерінің, тергеушінің, сарапшының, соттың қызметін ары қарай “технкаландырмай” ақиқатқа жету мүмкін еместігі де айқын. Сондықтан қылмыстық іс жүргізудің басты танымдық мақсатын жүзеге асуы тек заңмен рұқсат етілген адамның танымдық-рухани жұмысы нәтижесінде игерген әдістер, құралдар мен білімдердің барлығын кең және белсенді қолданғанда ғана мүмкін екенін мойындау керек. Ондай әдіс-тәсілдер, білімдер қатарына Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрсетілген арнайы білімдер және өзге де дағдылар жатады. Оларды қолдануды қылмысты тергеуде және сот ісін жүргізуде пайдалануды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ғылыми негізделген жүйені құрайды және ажырамас іс жүргізушілік институт болып табылады.
Сонғы уақыттарға дейін арнайы білідердің гносеологиялық категория ретіндегі таным териясындағы түсінігі қылмыстық іс жүргізуде анық емес болды.
“Арнайы білім” шынайы өмірде көп қолданылатын түсінік, бұл білімдер нақты бір адамның кәсіби оқудың немесе қандай да бір қызмет атқарудың нәтижесінде пайда болады. Арнайы білім ретінде заңмен бекітілген түсініктің ерекшелігі ретінде олардың қылмыстық процесте жалпыға мәлім еместігі және қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерін шешуге бағытталғандығымем түсіндіріледі. Дегенменен қалыптасқан арнайы білімнің анықтамасы қылмыстық процестегі жалпыға мәлім және жалпыға мәлім емес білімдерді ажырататын критерийлерді нақты көрсетіп бермейді, ал бұл өз кезегінде арнайы білімдердің мәнін талқылаумен байланысты болып келетін заң ғылымындағы проблемалық жағдайлардың шешілмей келе жатқандығын көрсетеді.
Заң әдебиетінде қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білімдердің мәнін, олардың мазмұнын және субъектісін, анықтауға біршама талпыныстар жасалған, бірақ арнайы білімдерге біркелкі түсініктеме берілген жоқ. Осы жағдай арнайы білімдердің түсінігін, оларды қолдану субъектілерін және сол білімдерді қолдану нысандарын анықтаудың қажеттілігін тудырады. Бұл факт өз кезегінде осы жұмыстың маңыздылығын көрсетеді.
Арнайы білімдерге байланысты әртүрлі қөзқарастарды анализдей отырып, олардың түсінігін сипаттауда А. А. Эйсман., В. И. Шиканов, Г. Г. Надгорный., Ю. К. Орлов., Г. И. Громович сияқты ғалымдардың анықтамалар көрсете кету керек.
Арнайы білімдердің түсінігін саралай отырып, А. А. Эйсман олардың қатарына заң, құқықтық ғылымды қоспағандағы, тек қана белгілі бір тұлғаларға тиесілі білімдерді жатқызады: “Бұл жалпыға мәлім емес, жалпының қолы жете бермейтін және жалпыға таралмайтын білім, қысқаша айтқанда бұл мамандардың шектелген ортасына ғана тиесілі білім, мәселен, физика саласындағы терең білім, биология саласындағы маман үшін арнайы білім болып табылатындығы сөзсіз және керісінше. Сәйкесінше, сот өзінің қызметінде өз тәжірибесі мен білімін пайдалана отырып, белгілі бір сауалды шешуге қажетті білімнің арнайы немесе арнайы еместігі туралы сұрақты шешу құқығын иеленген. 2 Мұндай көз карасты В. И. Шиканов та ұстанады. 3
Г. М. Надгорный арнайы білімдердің кәсіптік дайындық және кәсіптік қызметпен өзара байланысына көңіл бөледі. Ол қаралып отырған түсінікке келесідей анықтама береді: “Арнайы білімдер дегеніміз - ғылыми және инжинерлік техникалық қызметтердің негізін құрайтын ғылым және техника саласындағы білімдер және кез-келген өзге де қызметпен айналысуға қажетті білімдер. Қылмыстық іс жүргізуде арнай білімдер дәлелдемерді табуға, бекітуге, алуға, зерттеуге және бағалауға қолданылады. Дәлелдемелерді табу, бекіту, алу және зерттеуге қатысты арнайы заң ғылымдарының саласының білімдерін қоспағанда заң білімдері арнайы білімдерге жатпайды”. 4 Бұл дефиниция қылмыстық іс жүргізуде және тәжірибеде тергеу әрекеттеріне қатысушы анықтау органдарының сараптама-криминалистік және жедел іздестіру-техникалық топтарының қызметкерлері сарапшы деп танылып, олар арнайы білімге ие адамдар болып табылады деген ережеге сәйкес келеді.
Ю. К. Орлов арнайы білімді жалпы жұртқа белгілі біліменн келесідей ажыратады: “Арнайы білім ретінде жалпы білім беру және өмірлік тәжірибе саласының шегінен шығатын, тұлғалардың кейбіріне ғана тиесілі білімді танимыз. Арнайы білімдер ерекше дайындық пен кәсіби дағдылардың нәтижесінде қалыптасады. Арнайы білімдердің түсінігі, олардың жалпыға мәлім танымдардан айырмашылығы қоғамның даму деңгейіне, олардың жинаған білімдерінің көлеміне байланысты болып келеді.
Арнайы білімдердің қылмыстық істерді тергеуде пайдаланудағы мақсатты бағытының түсініктемесін Г. И. Грамович ұсынады. Оның пікірінше “қылмыстық іс жүргізудегі арнайы білім болып нысаналы кәсіптік дайындық және жұмыс тәжірибесінен алынған, дәлелдемелер алуға бағытталған, қылмыстық әрекетті әшкерелейтін, қылмыстық іске маңызы бар дәлелдемелермен жұмыс істеудің құралдары мен тәсілдерін қалыптастыру жұмысында пайдаланылатын адам қызметінің жүйелендірілген ғылыми білімдері, дағдылары, тәжірибелері”. 5
Арнайы білімдерді арнайы емес білімдерден айырудың қиындылығына көңіл бөлу керек. Арнайы білімдер адамдардың таным мүмкіндіктері мен қабілеттіліктерінің кең болуына және жалпыбілімдік дайындықтың тереңдеуіне байланысты адамдармен тез игерліп, аз уақыт кезеңінде арнайы білімдер қатарынан арнайы емес білімдер қатарына өтіп кетеді. Сонымен қатар ғылымда арнайы білімдер мен ғылыми білімдердің арасында ешқандай айырмашылықтар жоқ деген пікірлер кездесіп жатады. Бұл пікір тек қана сарапшының қызметіне ғана тән болып келеді. Шындығында да сараптама жүргізу үшін арнайы ғылыми білімдердің бар болуы міндетті шарт болып табылады. Дегенмен маман мен тергеушіге қатысты мұндай шарт даулы болып келеді. Қылмыстық сот өндірісін жүзеге асыру үшін арнайы білімдердің қажет екендігімен дауласпаймыз, бірақ біздіңше ол тұста қолданылатын білімдердің тек ғылыми болу керектігімен келісе алмаймыз. Қылмыстық істерді тергеу кезінде тергеуші немесе сотта кейбір мәселелерді шешу үшін жалпыға мәлім емес білім мен дағдыға ие тұлғаларды тарту қажеттілігі пайда болуы мүмкін.
Жоғарыда келтірілген арнайы білімдердің мәні мен маңызына қатысты ғылымда бар көзқарастардан көретініміздей, арнайы білім дегеніміз - адам кәсіби оқудың не белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуінің нәтижесінде алған, қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешу үшін пайдаланылатын қылмыстық сот ісін жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес ғылым. 6 Осы анықтама ҚР ҚІЖК-нің 7-бабының 41-тармағында көрсетілген.
Бірқатар ғалымдардың (А. А. Эйсманның, В. И. Шикановтың, Е. И. Зуевтің, И. В. Сорокотягинаның, Г. М. Надгорныйдың, Н. С. Романовтың, В. Н. Маховтың және тағы басқалардың) арнайы білімдердің мазмұнына қатысты тұжырымдарын саралауы арнайы білімдерді келесідей жүйе түрінде көрсетуге мүмкіндік берді:
- арнайы білімдер құқық пен жалпыға мәлім білімдерді қоспағандағы кез келген білімдердің жиынтығын білдіреді;
- арнайы білімдер белгілі бір мамандық иесінің кәсіби білімі болып табылады;
- арнайы білімдер ситуациялық сипатқа ие, өйткені оларды бұл санатқа жатқызу белгілі бір процессуалдық шешім қабылдауды білдіреді;
- арнайы білімдер ғылыми білім болып табылады;
- арнайы білімдер “аналық” ғылымдардың негізінде синтезделген білімдердің кешені болып табылады.
Жалпы, қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі және соттағы өндірісте пайда болатын сауалдарды шешуде арнайы білімдерді қолданудың шарттары келесідей болып келеді:
а) арнайы білімдер, тек қана нақты фактілік және құқықтық негіздер болған жағдайда ғана қолданылуға жатады. Мәселен, сот сараптамасын тағайындаудың фактілік негізі болып іс бойынша арнайы білімдерді пайдалана отырып, іс бойынша сұрақтарды шешу қажеттілігі табылады. Сараптама тағайындаудың құқықтық негізі болып, сараптама тағайындаудың қажеттілігін негіздеп көрсететін іс материалдары табылады. Сот сараптамасын тағайындаудың міндетті жағдайларына байланысты іс жүргізушілік негіздер болып ҚР ҚІЖК-нің 241-бабы табылады;
ә) арнайы білімдер заңда көрсетілген қылмыстық-процессуалдық заң нысанында қолданылулары керек. Мысалы, сот сараптамасы секілді мұндай арнайы білімдерді қолдану нысаны ҚР ҚІЖК-нің арнайы 32-тарауы бар. Ал дәлелдеу процесінде арнайы ғылыми-техникалық құрылғыларды қолдану - ҚР ҚІЖК-нің 129-бабында көзделген;
б) арнайы білімерді тек қана тиісті тұлғалар (тергеуші, судья, прокурор, анықтаушы, сарапшы, маман, аудармашы) өздерінің процессуалдық функцияларының шегінде ғана пайдаланулары керек. Сонымен қатар аталған тұлғалардың тәжірибеде өздерінің іс жүргізушілік функцияларының шегінен шыға отырып арнайы білімдерді пайдаланулары ҚР ҚІЖК-нің 90, 91, 92, 95, 96 баптарына сәйкес оларды шеттетуге (отвод) негіз болып табылады. Сарапшы, маман, аудармашыға қатысты оларды шақыруға байланысты сұрақтарды шешуде олардың құзыреттеріне қосымша талаптар қойылады.
в) арнайы білімдерді қолдану бойынша қызметтің өзі қылмыстық іс жүргізудің салалық қағидалары мен ережелерін қамтитын қағидалы ережелерге негізделуі тиіс болып табылады. Мысалға алып қарайтын болсақ, дәлелдеу кезінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану қылмыстық іс жүргізудің жалпы заңдылық, ғылыми маңыздылық, қылмыстық іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін және қауіпсіз болуы тиіс (ҚР ҚІЖК 129-бабы) .
г) арнайы білімдерді қолдану бойынша қызмет жүргізіліп жатқан процессуалдық әрекеттің шеңберінен шықпауы тиіс. Мәселен, сараптама тағайындаудың тәртібі ҚР ҚІЖК-нің 242-бабымен реттеледі, ал сараптамалық үлгілер алудың тәртібі ҚР ҚІЖК-нің 242-бабының мазмұнымен анықталады;
д) арнайы білімді қолдану қызметінің нәтижесі тиісті процессуалдық құжаттарда көрініс табулары тиіс. Жекелеген жағдайларда егер тергеу іс-әрекеттерін жүргізу барысында фотосуретке түсіру, киноға түсіру, дыбыс және бейнежазба қолданылса . . . , онда хаттамада оны жүргізу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар, оларды пайдалану жағдайлары мен тәртібі, бұл құралдар қолданылған объектілер және алынған нәтижеер көрсетілуге тиіс (ҚР ҚІЖК 203-бабы) .
Қылмыстық процесте қолданылуға жататын арнайы білімдердің жан-жақтылығын ескере отырып, Е. В. Селина оларды келесідей жіктеуді ұсынады:
1) адамның жай-күйі туралы арнайы ілімдер, бұл дегеніміз қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету заң шығарушының, соттың, құқық қорғау органдарының міндеттерінің ең бастысы болып табылады;
2) әлеуметтік саладағы арнайы білімдер;
3) криминалистік арнайы білімдер, өйткені оларды сот прокурор, тергеуші белгілі бір деңгейде меңгерген деп саналады.
4) басқа салалардағы арнайы білімдер.
Арнайы білімдерді қолдану бойынша қызметті шектейтін аталған талаптарды сақтағаннан кейін, қылмыстық сот ісін жүргізудегі мұндай білімдер процессуалдық маңызы бар “арнайы” маңызға ие болады және қылмыстық істерді тергеуде және сот қарауында пайда болатын сұрақтарды шешуде қолдануға жатады. Көпшілік авторлар арнайы білімдерді қолданатын тұлғаларға тек қана маманды не сарапшыны жатқызады. Тергеушінің (соттың) өзінің жеке арнайы білімін қолдану мүмкіндігі туралы сауал бүгінгі күнге дейін даулы болып отыр. Мысалы, В. Н. Махов, арнайы білім дегенге түсінік бере отырып, олардың қатарынан тергеуші мен сотқа кәсіби болып табылатын және қылмыстарды тергеу және қылмыстық істерді сотта қарау кезінде қолданатын олардың білімдерін алып тастайды. Дегенменен, В. С. Лисиченко, В. В. Циркаль В. И. Шикановтың, В. Я. Колдиннің, В. И. Гончаренконың “арнайы білімнің қолданылуының анағұрлым маңызды нысаны оны тергеушінің қылмыстық істерді анықтау, бекіту және зерттеуде өзінің процессуалдық құқықтарын пайдалана отырып, заңның талабына сай істің мән-жағдайын зерттеуде анық көрінеді” деген ой-қорытындыларын қолдайды.
Қылмыстық іс жүргізушілік құқығың реттейтін қатынастарының ерекшелігі ретінде бұл қатынастардағы субъектінің бірі заңмен бекітілген өкілеттіктерге ие және белгілі бір факт орын алған жағдайда өзіне заңмен анықталған әрекеттерді жасауға міндетті мемлекеттік орган (лауазымды тұлға) болып келетіндігін атап көрсетуге болады. Субъектілердің тобына іс бойынша өндірісті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар: сот (судья), прокурор, тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, анықтау органы және анықтауды жүзеге асыратын тұлға (анықтаушы) кіреді. Өздеріне берілген өкілеттіктердің шегінде әрекет ете отырып, олар іс бойынша өндірістің басталғандығы, оның бағыты мен мәні бойынша шешілуіне қатысты құқық нормаларын қолданады. Олардың құзыретінің шеңберіне сонымен қатар арнайы білімдерді пайдалану шартын, жағдайын, тәртібін анықтайтын құқық нормаларын қолдану құқықтары кіргізілген.
Аталған құқық қолданушылық қызметтің ерекшелігі бұл тұлғаларға арнайы білімдерді қолдану қажетттігі туған жағдайда өздерінің білімдерін не болмаса арнайы білімдерге ие процессуалдық тұлғаларды: маманды, сарапшыны, аудармашыны іске қатыстыру сауалын шешу кезінде айқын көрінеді.
Арнайы білімдерді қолданатын субъектілердің келесі бір тобын қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалар: сезікті, айыпталушы, олардың қорғаушысы, жәбірленуші, азаматтық талап қоюшы, азаматтық жауапкер мен олардың өкілдері құрайды. Олар:
- істің шешілуіне байланысты болып келетін заңмен қорғалатын жеке өздерінің, қорғалатын, өкілдік ететін құқықтарын қорғайды;
- істің бағыты мен барысына әсер етуге мүмкіндік беретін ауқымы кең іс жүргізушілік құқықтарға (белгілі бір міндеттерді көтере отырып) ие;
- мемлекеттік органның (лауазымды тұлғаның) ерекше актісімен іске жіберіледі және тартылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz