Кәсіпорындағы еңбек ақы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ

Пәннің аты:

Мамандық:

Оқытушы: Курстық жұмысты қорғау

2010 ж. болды

баға

Қостанай 2010

Мазмұны

I. Кіріспе . . . 3

1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және жұмыс уақытын пайдалану есебі . . . 5

1. 1. Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі . . . 9

1. 2. Еңбек ақы есебі . . . 10

2. Еңбекақының түрлері . . . 11

2. 1. Мерзімдік еңбекақыны есептеу . . . 13

2. 2. Кесімді еңбекақыны есептеу . . . 14

2. 3. Қосымша еңбекақыны есептеу . . . 16

2. 4. Орташа еңбекақыны есептеу . . . 19

3. Кәсіпорындағы еңбек ақы жүйесі және оны ұйымдастыру . . . 23

4. Еңбекақының экономикалық мәні және оның принциптері . . . 26

ІІ. Қорытынды . . . 28

ІІІ. Қолданылған әдебиеттер . . . 31

-2-

І. Кіріспе.

Халық шаруашылығының дамып, экономикалық өркендеу өзегінде, өндірістің негізгі түйіні - кәсіпорын болып саналады. Барлық өндіріс кезеңдерінде өндіріс экономикасының дамуына, жұмысшылардың өндірісіне тікелей байланысы арқасында кәсіпорында өнімді өндіру жұмысы атқарылады.

Қоғамдық еңбек бөлісі жүйесінде оқшауландырылған дербес жеке дара кәсіпорынды, өндіріс-шаруашылық бірлігі немесе шаруашылық жүргізуші субъект дейді. Кәсіпорында пайда алу мақсатында өнім өндіру жұмысын орындап, қызмет көрсетудегі жеке дара шаруашылық субъектісін айтамыз.

Қазақстан Республикасының заңдылық құжаттарында кәсіпорындардың жұмыс атқару түрлері әртүрлі ұйымдастыру құқығы қаралған: шаруашылық серіктестіктері мен қоғамдар (толық серіктестік, сенім серіктестігі, шектелген жауапкершіліктегі қоғам, қосымша жауапкершіліктегі қоғам, акционерлік қоғам) ; өндіріс кооперативтері; мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындар.

Кәсіпорын түрлерін ұйымдастырушы өзіне керекті түрін таңдап алады.

Кәсіпорын пәнін оқып үйренуде және оның қоғам өндірісіне тән төмендегі ортаны ескерілуі тиіс: материалдық, әлеуметтік, саяси және рухани өрістерін атауға болады. Кәсіпорынның материалдық өрісі - барлық өнім өндірісінің үрдісін, әлеуметтік - кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ақы төлеу үрдісін, сонымен бірге барлық өзара әртүрлі категориядағы қызмет ететін (формальдық және формальдық емес) қызметкерлердің бір-бірімен қатынасы.

Кәсіпорынның саяси өрісі - оның белгілі уақыт тәртібінде жұмыс істеуі, кәсіпорынды басқару әдісі, оған қоса өкімді түрде және сайлану құрамындағы формалар жиынтығының болып саналуын көрсетеді. Кәсіпорынның рухани өрісі - бұл эстетикалық және кәсіпшілік білімде еңбек дагдысымен көріну, сонымен бірге жаңа оймен рухани-мәдени құндылықтар жүйесін игеру.

Сонымен, кәсіпорын экономикасы ғылыми пән, оның объектісі кәсіпорын және зерттелетін заты заңдар мен заңдылық, біріншіден, оның мазмұнын анықтаса, екіншіден, экономикалық білім жүйесінің орнын анықтайды [13] .

-3-

Нарықтық экономиканың басты принципіне байланысты, қандайда болмасын шаруашылық субъектілері, ол адам болсын, жанұя, топ, ұжым, кәсіпорын, мүмкіндік түрде жұмысты іске асыруына және экономикалық қызметте кәсіпкерлік түрін таңдап алуына құқықты.

Экономикалық қызметте кәсіпкерлік түріне әртүрлі өнім, тауар өндіру, қызмет көрсету, сол сияқты сауда-делдалдык, қаржы-несие, ғылыми-ақпарат, басқару жұмыстары, яғни өндіріс шеңберіндегі кез-келген жұмыс түрі, бөлісу және қайта бөлу, айырбас, тұтыну және қоғамдық өнімді пайдалану және т. с. с. жобалануы тиіс. Бұлардың бәрі заңға сәйкес, оған қайшы келмеуі керек.

Өндірістік кәсіпкерлік - бұл түріне өндіріс тауарларын өндіруге бағытталған, өнімді тұтынушыларға сату жұмыстарын орындау, қызмет көрсету, ақпарат ұсыну жатады. Сонымен қатар, өндіріс міндетінде негізгі мақсаттан, атап айтқанда өндірістік ресурстармен қамтамасыз етілуінен басқа: өнімді сақтау, тасымалдау, өткізу және т. с. с. қосымша қызметтер кәсіпорынның негізгі міндетін толықтырады.

Коммерциялық кәсіпкерлік - бұл түріне негізінен тауар-ақша және тауар айырбастау міндетіндегі операцияларды жатқызуға болады. Мысалы, тауарды сатып алу барысында сатудың төмендегідей негізгі коммерциялық кезеңдері анықталады:

• тауардың (қызметтің) түрін таңдау;

• жоғары сапалы тауарға сатып алу бағасын белгілеу;

• өндірген тауарға деген сұранысын бағалау.

Қаржылық кәсіпкерлікте сатып алу және сату объектісі ретінде құнды қағаздарды (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т. б. ), валютаны, ақшаны жатқызуға болады.

Қаржылық мүмкіндігі мол сатып алушыларды тарту және оларды анықтау, іздеу жөнінде маркетингтік жұмыс пен нарықтағы құнды қағазға талдау жүргізу арқылы қаржы - несие келісімдерді іске асыруға жол ашылады. Қаржы кәсіпкерлігінде негізгі қатысушы ретінде қаржы биржасы саналады. Қазіргі кезде құнды қағаз нарық агенттеріне биржалардан басқа коммерциялық банктер, кәсіпорындар, мекемелер, жеке азаматтар, кәсіпкерлер жатады [1] .

-4-

1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және жұмыс уақытын пайдалану есебі.

Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын шаруашылық субъектісінің, жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындар - деп екі топқа бөледі.

Ал өнеркәсіп орындарында қызмет істеушілер мынадай екі топқа бөлінеді:

1. Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшьшары мен қызметкерлері.

2. Өнеркәсіптік шаруашылық субъектісінің балансыңдағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың жұмысшы қызметкерлері.

Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектісінің жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.

Есеп берген кезде қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтарға бөлінеді.

Басшылар қатарына - директор, ректор, президент меңгеруші және тағы басқалар жатады.

Мамандар қатарына - инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және тағы басқалары жатады.

Басқа да қызметкерлер қатарына - құжаттарды дайындайтын, есеп пен бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер және тағы басқалары жатады.

Бухгалтерлік есепте жұмысшы қызметкерлердің саны мен олардың жұмыс істеген уақытын есепке алуға тура келеді. Шаруашылық субъектісіндегі қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың "тізімдегі саны" - деп аталады.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны - кәсіпорындар мен ұйымдарға, яғни шаруашылық субъектіге қызметке жаңа адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады.

Еңбек есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақыты есебінен тұрады [6] .

-5-

Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі - кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің яғни шаруашылық субъектісінің мамандар бөлімінде (кадрлар бөлімі) жүргізіледі. Мамандар бөлімінде алғашқы мынадай есеп құжаттары пайдаланылады:

1. Жұмысқа алу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-1;

2. Басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-5;

3. Демалыс берілуі жайлы бұйрық (өкім) үлгілі Т-6;

4. Жұмыстан шығарылу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-8.

Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге шаруашылық субъектісінің мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады.

Еңбек кітапшасы - мамандар бөлімінде сақталынып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары, сондай-ақ ескертулері, сөгістері және тағыда басқа деректер жазылады.

Жұмысқа алу жайлы хат негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек кітапшасына төл құжаттарындағы тиісті жазулар жазылып және оған үлгілі түрі Т-2 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылар мен қызметкерлердің білімі, жұмыс орны, аты-жөні, ұлты, еңбек стажы, дүниеге келген күні, айы және дүниеге келген жылы, мекен-жайы және тағы басқа керекті мәліметтер толтырылады.

Шаруашылық субъектісіндегі әрбір қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен қызметкерлерге табельдік номер беріледі. Бұл номер - еңбекақы бойынша есеп айырысу құжаттарында көрсетіледі. Белгілі бір кезеңдегі, яғни, уақыттағы шаруашылық субъектісінің жұмысшылар мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны әрбір жұмыс күні сайын жұмысшылар мен қызметкерлердің, жұмысқа алу, басқа қызметке ауысу бұйрықтары негізінде анықталып отырады. Жұмысшылар мен қызметкерлер-дің күнделікті тізімдегі саны қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебінде табелінің деректеріне сәйкес келуі тиіс. Есеп беретін айдағы шаруашылық субъектісінің жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа саны сол айдағы әрбір календарьлық күндеріндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі санын қосып, яғни 1-нен 30-на дейін немесе 1-нен 31-не дейін (ақпан айында 1-нен 28-не дейін немесе 1-нен 29-на дейін) мей-

-6-

рам және қызмет істемейтін, демалыс күндері қоса алғандағы қосынды санды саңдық календарьлық күніне бөлу арқылы табады. Демалыс немесе мейрам күні, сондай-ақ басқа да жұмыс істемейтін күндері екі немесе одан да көп қатар болса, жұмыскерлердің тізімдегі саны ол күндердің әрқайсысына демалыс немесе мейрам күндері, сондай-ақ жұмыс істемейтін күндерінің алдыңғы жұмыс күніндегі тізімдегі санына теңеліп алынады.

Толық ай істемеген шаруашылық субъектісінде, құрылыс ұйымдарында жаңадан іске қосылған шаруашылық субъектісінде, сондай-ақ маусым мен жұмыс істейтін шаруашылық субъектісінде жұмысшылар мен қызметкерлердің ай бойы орташа саны есеп беретін айдағы шаруашылық субъектісінің жұмыс істеген күндеріндегі (демалыс және мейрам күндерін қоса есептегенде) жұмысшылар мен қызметкерлердің санының қосындысын сол айдағы календарьлық күн санына бөлу арқылы алынады.

Мысалы: шаруашылық субъектісі пайдалануға беріліп 2000 жылы 23 қаңтардан бастап жұмыс істейтін болды. Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны бұл шаруашылық субьектісінде мына төмендегідей:

23 қаңтар күні 403 адам

24 қаңтар күні сенбі

25 қаңтар күні жексенбі

26 қаңтар күні 405 адам

27 қаңтар күні 406 адам

28 қаңтар күні 405 адам

29 қаңтар күні 402 адам

30 қантар күні 402 адам

31 қаңтар күні сенбі

Сонымен қаңтар айында жұмыс істеген адам жалпы қызметкерлердің саны бұл шаруашылық субъектісі бойынша 3627 адам. Осы айдың календарьлық күн саны - 31 күн. Осыдан шаруашылық субъектісіндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа осы айдағы саны - 3627:31=117 адам.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің шаруашылық субъектісі бойынша бір жылдық орташа саны осы жылдағы барлық айлардағы олардың тізімінің орташа санының қосындысын 12-ге бөлумен анықталады. Егер шаруашылық субъектісі толық жыл бойы жұмыс істемеген болса, онда жұмыскерлердің тізімдік орташа саны жұмыс істеген айлардағы олардың сандарының қосындысын 12-ге бөлу арқылы табылады [9] .

-7-

Ескерту: Жұмысшылар мен қызметкерлердің шаруашылық субъектісі бойынша орташа еңбекақысын, еңбек өнімділігін және басқа да орташа шамаларын анықтау үшін "орташа еңбекақы" және басқа да орташа шамаларды есептеп шығаруға қолданатын жұмысшылар мен қызметкерлердің саны деген көрсеткіш қолданылады.

Бұл көрсеткішті табу үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамдық тізімдік санынан жұмысшылар мен қызметкерлердің кейбір категорияларына жататын адамдардың санын алып тастау керек. Ондай жұмысшылар мен қызметкерлердің қатарына жататындар:

1. Жүкті (екі қабат) және босануға байланысты демалыстағы әйелдер, сондай-ақ бала асырап алған әйелдер.

2. Заңда қаралған жасқа дейін баланы қарауға демалыс алған әйелдер (ер адамдар) .

3. Оқу демалысындағы еңбекақылары түгел, жартылай сақталған немесе сақталмаған жұмысшылар мен қызметкерлер, соңдай-ақ жоғары және арнаулы оқу орындарына түсуге емтихан тапсыру үшін еңбекақысы сақталмай жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлер. Әкімшіліктің ынтасы бойынша еңбекақысы сақталмай демалысқа кеткен жұмысшылар мен қызметкерлер және басқалар.

4. Орташа еңбекақыны табу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлер санын анықтауға, олардың қатарынан нақтылы жұмыс істегеніне қарай пропорционалды түрде күніне немесе аптасына толық жұмыс істемейтін жұмысшылар мен қызметкерлер кіргізіледі. Алды мен жұмыс істеген адам/күні табылады. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің барльқ жұмыс істеген сағатын, белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығына бөлінеді. Содан кейін барлық жұмыс істеген сағатын, күнін, айлық номенклатураға бөлу арқылы жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер табылады.

6. Орташа еңбекақы есептеу үшін есепке алынатын жұмысшы қызметкерлердің құрамына (қатарына) үйде отырып жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлер кіреді. Олардың саны сол жұмысшы мен қызметкерге есептелген айлық еңбекақыны, сол шаруашылық субъектісінде негізгі қызметті атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің сол айдағы орташа еңбекақысына бөлу арқылы анықтайды [12] .

-8-

1. 1. Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі

Еңбек есебінің маңызды элементі болып оның техникалық мөлшерленуі, яғни еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандықтары дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:

1. Тарифтік кесте;

2. Тарифтік енбекақы мөлшері;

3. Тарифтік мамандык анықтамалары.

Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалынады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшы қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай оларға тариф бойынша әртүрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі және жұмысшы-қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.

Тарифтік кестеде - жұмысшылар мен қызметкерлердін әрбір топтарының арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінін арақатынасы айқындалады. Тарифтік кестеде: тарифтік еңбекақы (сағаттық, күндік, айлық) осы өндіріс саласыңда өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді және мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді.

Тарифтік мерзімді еңбекақы мөлшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілетін өнім мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу процесін жүргізу кезінде анықталады [4] .

-9-

1. 2. Еңбекақы есебі

Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының алғашқы табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін субъектінің цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан субъектінің әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша шаруашылық субъектісінің жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы сомалары есептелінеді. Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы: негізгі және қосымша болып екі түрге бөлінеді.

Негізгі еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатқызылады:

1. Мерзімді және кесімді еңбекақы.

2. Сыйлықтар мен сыйақылар.

3. Үстеме сыйлықтар.

Қосымша еңбекақыға - еңбек ету заңдарына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста, қызметте болмаған уақытына төленетінтөлемдер жатқызылады. Мұндай төлемдер қатарына:

І. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.

2. Жұмысшьшар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғам-дық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.

3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақ-тандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.

4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төле-нетін төлемдер.

5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.

6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.

7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдері.

8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдар, төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады [4] .

-10-

3. Еңбекақының түрлері.

Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің екі түрі қолданылады. Шаруашылық субъектілеріңде барлық жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және есептеу үшін еңбекақының: мерзімді және кесімді түрлері қолданы-лады.

Мерзімді еңбекақы - жұмыс істеген уақытта сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы инженерлік-техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген. Өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы төленеді.

Мысалы: автоматтандырылған өндірісте машина жетпейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге шаруашылық субъектісінің басшыларына қаржы және есеп бөлімінің қызметкерлеріне тағы басқаларға. Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:

1. Жай мерзімді;

2. Мерзімді сыйлықты.

Жай мерзімді жүйесі бойынша - жұмысшылар мен кызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.

Мерзімді сыйлыкты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлемді санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.

Кесімді еңбекакы - жұмысшы-қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын жақсартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшы-қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өңдірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім келемі мен сапасына негізделіп белгіленеді [8] .

-11-

Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт ішіңде жасап шығарылатын, өндірілетін өнімінің саны және көлемімен анықталады.

Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:

1. Тікелей кесімді;

2. Кесімді сыйлықты;

3. Үдемелі кесімді;

4. Акордтық;

5. Жанама кесімді.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей кесімді жүйесі бойынша - бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері - бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.

Шаруашылық субъектісінде жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді санымен сапалық жағынан артығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді де ұтымды пайдаланганы үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Шаруашылық субъектілерінде немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу және сыйақының қандай жағдайда берілу керектігі жайлы ереже болуы қажет.

Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем - өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да күрделі ауыр болып саналатын операциялармен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежедең артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген шаруашылық субъектісінде қолданыла бермейді.

Кесімді еңбекақының акордтық жүйесі - шаруашылық субъектісінде жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады [14] .

-12-

2. 1. Мерзімдік еңбекақыны есептеу.

Мерзімдік еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына есептелінетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем, тағы басқа төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелінетін төлемдер жатқызылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық жағдайында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру
КӘСІПОРЫНДА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Тауарлы өнімі бағасының өзгерісі
«Жартас» ЖШС
«Арай» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы
Бухгалтерлік есеп бойынша есептер жинағы
Ақша қаражаттары және есеп айырысу есебі
Еңбек ақы бойынша есеп айырысулардың есебі мен талдауы
Оқу практикасының міндеттері
Кәсіпорында еңбекақы төлеудің ұйымдастырудың жіктемесі
Еңбек ақы есептеу және еңбек ақы міндеттемесімен есеп айырысу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz