Мердігерлік шарты жайлы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... 4
2. Мердігерлік шарт бойынша тараптардың
құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
3. Мердігерлік шарттың жекелеген түрлерінiң ерекшелiктерi ... ..12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді (белгілі мүлік пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды болып келеді. Осы қызметті негізінен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі.
Жұмыс атқаратың тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені ол тұлға мердігерлік шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттык, сипатта болса, тұлғаның қызметінің нәтижесінде оны беру бойынша міндетті де қамтиды. Сондықтан мердігерлік шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетілген қызметті реттеу бойынша ережелерімен елеулі ерек-шеленсе де, жасалған мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердігерлік шартының тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша сатып алу-сату шартымен ортақтығы болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық әдебиеттер еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде айтылады. Бірақ негізінен мердігерлік қатынастарды сатып алу-сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады.
Менiң курыстық жұмысымның негiзгi мақсаты –ол мердiгерлiк шарттың түсiнiгi мен оның жекелеген түрлерiнiң, нақты айтқанда тұрмыстық және құрлыстық медiгерлiк шаттарының ерекшелiктерiн қарастырып кету болып табылады.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi. (Ерекше бөлiмi) 1 шiлде 1999 ж.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi. (Жалпы бөлiмi) 1 шiлде 1999 ж.
4. Жайлин. Ғ. А. Азаматтық құқық. Оқулық. Ерекше бөлiм. II том. –Алматы: Заң әдебиетi. 2003.
5. Гражданское право .Том.2. Учебник для вузов. (Академический курс).Отв. ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы, 2002.
6. Гражданское право: Учебник. Т.2. /Под. ред. Е.А Суханов. М. 1993.
7. Комментарий к Гражданскому кодексу Республики Казахстан. Отв. ред. М.К. Сулейменов. Ю.Г.Басин. –Алматы «Жетi жарғы»2000.
8. Сергеев А.П, Толстой Ю.К. «Гражданское право»Часть 2. Проспект,
М.,1997

ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... 4
2. Мердігерлік шарт бойынша тараптардың
құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
3. Мердігерлік шарттың жекелеген түрлерінiң
ерекшелiктерi ... ..12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2 7
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Кіріспе
Мердігерлік шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау
бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның
(тұлғалардың) жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай
мінезде болып келеді (белгілі мүлік пайда болады). Одан басқа, орындалатын
жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл
мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол
жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды
болып келеді. Осы қызметті негізінен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп
мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың өзге
қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі.
Жұмыс атқаратың тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені ол
тұлға мердігерлік шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына
жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттык, сипатта
болса, тұлғаның қызметінің нәтижесінде оны беру бойынша міндетті де
қамтиды. Сондықтан мердігерлік шарты бұрын қарастырылған шарттардан
көрсетілген қызметті реттеу бойынша ережелерімен елеулі ерек-шеленсе де,
жасалған мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда
мердігерлік шартының тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша сатып алу-
сату шартымен ортақтығы болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық
әдебиеттер еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде айтылады.
Бірақ негізінен мердігерлік қатынастарды сатып алу-сату және еңбек
қатынастарынан айыруға болады.
Менiң курыстық жұмысымның негiзгi мақсаты –ол мердiгерлiк шарттың
түсiнiгi мен оның жекелеген түрлерiнiң, нақты айтқанда тұрмыстық және
құрлыстық медiгерлiк шаттарының ерекшелiктерiн қарастырып кету болып
табылады.
1. Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер

болып келеді Осы қызметті негізінен (жалпылама) онды (пайдалы) қызмет деп

қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының
қатысушыларының құқықтары және міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың
мазмұнынан айқын көрінеді.
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың
(тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және
белгіленген мерзімде онын нәтижесін тапсырысшыға өткізуге міндетті, ал
тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың
бағасын төлеуге) міндетті.
Мердігерлік шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау
үшін белгілі уақыт керек, сондықтан мердігерлік шарт бойынша шарт жасалу
кезі және оның орындалу кезі сәйкес келмеуі мүмкін. Өз кезегінде бұл оларға
тәуелділікке мердігердің жұмыс орындары қойылатын мерзімдерге әсер етеді.
Кейбір мердігерлік шарттардың орындалуы және жасалуы бір уақытта болуы
мумкін, мысалы, суретке түсіру шарттары "тез" фотосуреттер дайындаумен
байланысты мердігерліктің осындай мерзімдерінің ерекшелігі олардың барынша
қысқалыкы болады, және осы мердігерлік жасайтын шарттың тапсырысшының
себептенуші негізінде болуы мүмкін.
Мердігерлікке арналған нормалар, көбінесе Қазақстан Рес-публикасының
Азаматтық кодексінде (616-683-б) ұстанылып келеді. Одан басқа Қазақстан
Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Решубликасының
Мемлекеттік комитетінің 22.09.1996ж. №97-қаулысымен бекітілген, құнды және
антимонопольды саясат туралы тәртіптерінде қолданылады. Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексін Ерекше бөлімін қабылданғаннан кейін
құрылыс аясында мердігерлік қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан
Республикасының Құрылыс министрлігінің 3 наурыз, 1994. №5-5-өкімімен
бекітілген, Қазақстан Республикасының күрделі құрылыста мердігерлік
шарттарының уақытша тәртіптері, Қазақстан Республикасының Құрылыс
Министрлігінің 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекітілген, бас мердігерлердің
ұйымдарының қосалқы мердігерлік қатынастарымен өзара қатынастарының
ережелері күшін жойды.
Азаматтық заңнамада мердігерлік қатынастардың түрлерінің ең маңызды
және ерекше белгілері барлары реттелген. Мердігерлік шартының түрлі
сипаттамасына мыналар кіреді: 1) тұрмыстық мердігерлік; 2) құрылыс
мердігерлігі; 3) жобалау немесе іздестіру жұмыстарына мердігерлік; 4)
ғылыми-зерттеу, төжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға
мердігерлік. Оларға Азаматтық кодекстегі мердігерлік қатынастарды реттеуге
арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердігерлік шартының
жекелеген түрлеріне егер Қазақстан Республика-сының Азаматтық кодексінің
бұл түрлер туралы ережелерінде өзгеше белгіленбесе мердігерлік туралы жалпы
ережелер де (нормалар) қолданылады.
Мердігерлік шартынын элементтері. Мердігерлік шартының тараптары болып
мердігер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы — екінші тарапқа - мердігерге шарт бойынша келісілген
белгілі-бір жүмысты орындауға тапсыратын түлға.
Тапсырысшы ретінде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген
тұлғасы бола алады. Мердігерлік шарттарда мемлекеттің қатысу ерекшеліктері
жеке заң актілерімен белгіленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлік
және коммуникация министрлігінің 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекітілген,
жол жұмыстары жайындағы конкурстарды (мердігерлік саудалар) ұйымдастыру
және өткізу тәртібінің ережелері.
Мердігер - шарт бойынша белгілі жұмысты орындауға міндеттенетін тұлға,
көбінесе кәсіпкерлік қызметінің субъектісі, жеке тұлға немесе жеке
кәсіпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бір ретті (жүйелі емес) негізде
мердігерлік жұмысты кез келген әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға атқара
алады. Кейбір жағдайларда, "Лицензиялау туралы" 17.04.1995ж. Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес, (содан кейінгі өзгерістер мен және
толықтырулармен) мердігерлердің қызметі лицензиялануы тиіс. Мысалы, жобалау-
іздестіру, құрылыс-монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.
Кейбір жүмыстарды орындау үшін арнайы дағды, дәрежелі мамандық қажет.
Сондықтан мердігер, мердігерлік шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа
тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердігер болып заңды да және жеке де
тұлғалар қатысатын мердігерлік шарттарында мүмкін.
Бүкіл жұмыстың мөлшерін орындауга алғашқы шарт жасаған және басқа
тұлғаларды тартқан тұлға бас мердігер деп аталады (Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің 619-6. 1-тармағы). Тартылған тұлға
(тұлғалар) қосалқы мердігер болып табылады. Алғашқы мердігер оның алдында
тапсырысшы болады. Жалпы тәртіп бойынша қосалқы мердігерлік шартты жасауға
тапсырысшысының келісімінің керегі жоқ. Бас мердігер тапсырысшысының
алдында мердігерлік шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
Бас мердігердің келісімімен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға
үшінші тұлғалармен шарт жасасуға қүқылы. Мердігердің келісімі барлық жұмыс
орындайтын тұлғалардың іс әрекеттерін үйлестіру қажет болғасын талап
етіледі, болмаса бас мердігердің құқықтары мен мүдделері тікелей немесе
жанама зиян шегуі мүмкін. Алғашқы мердігер және үшінші тұлға
тапсырысшысының алдында іс жүзінде ортақ (немесе улесті) борыш-керлер болып
келеді, себебі олардың жасаған барлық әрекеттері-не (орындаған жұмыстарына)
жұмыстың акырғы нәтижесі де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине,
олар бөлек, бір-біріне байланысты (тәуелді) емес құқықтық қатынастардың
субъектілері, өйткені олардың әрқайсысымен бөлек (дербес) мердігерлік
шарттары жасалады.
Тапсырысшы ең басында бірнеше тұлғалармен бір шарт жасасуы мұмкін, осы
жағдайда тұлғалардың көптілігі орын алған бір міндеттемелік құқықтық
қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбір
айырмашылықтары орын алады. Бір мердігерлік шартын жасаудың себебі болып
міндеттеме затының бөлінбейтіні келуі мүмкін (ҚР АК 287 бабының 1 тармағы),
сондықтан мердігерлік, кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы себебінен
бірнеше борышкер тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе
алады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 287 бабы, 2
тармағы).
Бірнеше мердігерлер өзара қосымша (акцессорлық)
келісімдер жасауы мүмкін және олардың мәні де төмен емес, өйткені оларсыз
жұмыстарды орындау тәртібінде түсініспеушіліктер пайда болуы мүмкін. Басқа
жағынан, акцессорлық (қосымша) келісімдер, олар аталғандай мәселелерді
шешуге көмектесетініне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердің пайда
болуына әкелуі мүмкін. Ю.Г.Басин мынадай мысал келтіреді: Төрелік сот
тәжірибесінде үш жеке орындаушы тапсырысшы үшін ортақ төлем ақыны алып бір
жұмысты орындауға келіскен соң пайда болған дау орын алды. Алғашқы
(негізгі) шартты жасасқан соң мердігерлер алынатын ақыны өзара бөлуге
байланысты келісім жасасқан болатын. Көп кешікпей, тапсырысшы
мердігерлердің біреуінің қызметінен бас тартқан бірак сол мердігер басқа
мердігерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесін беруді талап еткен.
Бұны ол ақыны бөлу туралы мердігерлердің өзара келісіміне сүйеніп жасаған
және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келісімде сол шарттың біреуге
қатысты тоқтатудың салдары қарастырылмағанга сілтенген.
Келтірген мысалды талдай отырып бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу
туралы акцессорлық келісімге негізделген соң негізгі шарт тиісті бөлігінде
тоқтатылғасын негізді деп тануға болады[1]. Қосымша мердігерлер өзара
келісімдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте ала алмайтыны туралы
қорытынды жасай аламыз.
Мердігерлік шартының нысанасы — бұл мердігер мен орындаған жұмыстың
нәтижесі. Мердігерліктің нәтижесі әрқашан олармен жұмыс жүргізілетін
белгілі заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзінің бейнеленуін
табады.
Мысалы, бұл мүліктің құнын көбейтетін күрделі жөндеу, тек заттың
тиісті халін қалпына келтіретін ағымды жөндеу болуы мүмкін. Сол сияқты
кейбір езге жұмыстар да мысалы, көғалаландарды қию, киімдерді химиялық
тазалау, мүліктің тиісті күйін қалыпқа келтіруге және оны күтіп үстауға
бағытталған.
Мердігерлік жұмыстар кезінде мердігердің қызметінің өзі де
реттелінеді. Кейбір жағдайларда мердігер мердігерлік жұмыстарды өзі
орындауға міндеттенеді. Тапсырысшы жұмыстың жүргізілуін бақылай алады,
демек оларды орындауға қойылатын белгілі талаптар да бар. Бақылау жасалмаса
мердігер жүмысты орын-дау технологиясынан ауытқып кетуі, материалдарды
арзанға ауыстыруы мүмкін жөне т.б. бүзушылықтарга жол беруі мүмкін.
Мердігер бүзуіиылықтарының нәтижесі көрінбеуі де мүмкін, кейде олар оларға
қатысты наразылық үсыну мерзімдерінің шегінде анықталмауы мүмкін.
Мердігердің қызметінің өзі реттелетінін растайтын келтіргеннен өзге де
мысалдарды келтіруге болады. Жалпы аталған қызметтік реттелуі жұмыстың
соңғы нәтижесіне де өз әсерін тигізетіні түсінікті.
Шарттың бағасы орындалған жүмыстың құнына сәйкес келуі керек. Баға әр
кезде ақша сомасымен белгіленеді, бірақ төлеудің нысандары әртүрлі болуы
мүмкін. Мердігерлік шартында орындалатын жүмыстың бағасы немесе оны анықтау
тәсілдері көрсетіледі. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар баға
туралы келісімге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған үқсас жұмыстарға
қодданылатын бағаларды негізге алу арқылы сот белгілейді. Бағаны есептеу
үшін, тараптарға келтірілген шы-ғындар еске алынуы қажет. Егер, шарт
негізінде орындалатын жұмыстың күрделі құрамы болса, яғни сол жұмыстың өзі
бір-неше олардың түрінен құрылса, бірнеше кезеңдерді қамтыса және т.б.
жүмыстың бағасы смета жасау жолымен белгіленуі мүмкін. Смета бұл
мердігерлік шарты бойынша орындалатын барлық жұмыстың құнын жұмсалатын
материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.
2. Мердігерлік шарт бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттері
Мердігер шартта келісілген жұмысты өзінің тәуекелімен орындауға
міндетті. Яғни мердігердің мойнында ол кәсіби субъект болған соң, оның жұ-
мысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келеді.
Мердігердің осы міндетінің мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мінез
кұлығы ескеріліп тиісті дәрежеде өзгертілуі мүмкін. Оған жұмысты
орындамағаны үшін немесе дұрыс орындамағаны үшін мердігерді
жауапкершіліктен босататын жағдайлар да әсер етсді.
Мердігер жұмысты өз материалдарымен, күштерімен және құралдарымен
орындауға міндетті. Егер материал онымен берілсе, ол тапсырысшының алдында
материалдардың сатушысы болып табылады және олардың тиісті сапасы үшін
жауапты болады. Жұмыстың өзі тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады
және оған сәйкес болуы керек, яғни ол да сапалы орындалуы керек.
Мердігерлік шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериялық жасауға
жатқызылмайды, сондықтан оның тиісті орындауының негізгі белгісі ретінде
тапсырысшы-ның нұсқаулары болып табылады. Мердігер мемлекеттік
стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртіптерін сақтауға және
нормативті-техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға міндетті.
Осындай талаптар бірінші кезекте кәсіпкер ретінде жұмыс жасайтын
мердігерлерге қолданылады (ҚазақстанРеспубликасының Азаматтық кодексінің
632-6. 2-тармақ), бірақ кәсіпкер емес мердігердің де жұмыс орындау кезінде
міндетті қойылған талаптарынан шегінуіне құқығы жоқ, егер міндетті
талаптарды орындамаса оның кызметіне тиым салынуы тиіс. Бұл жаңа заттарды
жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.
Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгіленбесе немесе
толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар
негіз ретінде алынады. Мердігер белгіленген міндетті талаптармен
салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетін
жұмысты орындау міндетін шарт бойынша өзіне алуы мүмкін.
Мердігер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиісті күйінде (түзеу) болуын
қамтамасыз етуге міндетті. Ол өзі жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының
оның күнделікті шаруашылық қызметіне кірісуіне құқығы жоқ. Егер шартта
өзгеше көзделмесе, мердігер үшінші тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ
материлдар мен кұралдарды беруге міндетті.
Мердігерде үнемдеуге құқығы бар (ҚР АК 622-6). Бұан қатысты норма
заңнамада және бұрын ҚКСР АК-сында ол болмаған еді. Оны кірістіру
мердігердің тиымды шаруашылық жүргізуін қолдайды, себебі онда оның
қолданылуына байланысты үнемдеуге тікелей мүліктік мүддесі пайда болады.
Үнемдеу материалдардың жұмсалуын азайтуда орындалатын жұмыстың өзінің құнын
азайтуда болып келеді. Үнемдеу өдеттегіге қарағанда шығындарды азайтатын,
жаңа технологияларды енгізетін мерді-гердің жоғары дәрежелі кәсіпқойлығының
салдарынан болады. Мердігердің нақты шығыны бағаны белгілеу (сметаны жасау)
кезінде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердігер
алған үнем орындалған жұмыстың сапасына теріс әсер еткенін дәлелдей алмаса,
мердігер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын
сақтайды.
Мердігерлік шартта мердігер алған үнемді тараптар арасында бөлу
көзделуі мүмкін (ҚР АК 622-6. 2-тармақ). Осы жағдайда, тапсырысшымен шарт
бойынша төленетін баға азаяды. Егер тапсырысшы жағынан үнемдеуге көмектесуі
орын алмаса бүл норманы қолдану ақыл ойға сиыспайтын болып келеді. Басқа
жағынан, нарықтық экономика жағдайында мердігердің қызме-тін пайдалану
үшін, оның тұрақты іскерлік атағы пайда болу үшін, үнемдеу туралы норманы
қолдану қосымша ынталандыру болуы мүмкін.
Мердігер тапсырысшыға жүмыстың нәтижесімен бірге, шарттың нысанасын
пайдалану немесе өзгеше іске асыру үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті.
Осы міндетті қарастыратын нормада Азаматтық кодексте жаңа болып келеді.
Мердігердің осы міндеті тағы шартты да көрсетілуі тиіс.
3. Мердігерлік шарттың жекелеген түрлерінiң ерекшелiктерi
Тұрмыстық мердігерлік. Бұл шарт мердігердің тұрғындарға қызмет
көрсету аясындағы қатынастарды реттейді. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп
сатып алу-сату шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол
сияқты тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша олардың нөтижесі зат болып
келмейтін жүмыстар орындалады. Мысалы: косметика салондарыньщ шаш-тараздар,
моншалар, шеберханалар және т.б. қызмет көрсетуі осы сипатта болады.
Тұрмыстық мердігерлік қатынасында бөлшекгеп сатып алу-сату шартына секілді
бір тарабы болып тұтынушы қатысады.
Тұрмыстық мердігерлік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің
640-650 баптарымен реттеледі. Сонымен бірге Қазақ КСР "Тұтынушылардың
қүқығын қорғау туралы" заңы ,қолданылады. Тұрмыстық мердігерлік
қатынастарының белгілі бөлігі 1996 жылғы 20 қыркүйектегі №97 баға және
антимонополиялық саясаты бойынша, Қазақстан Республикасының Мем-лекеттік
комитетінің Қаулысымен бекітілген түрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету
Ережесімен реттеледі. Тұрмыстық мердігерлік шарты ерекшелігінің үлкен
бөлігі оның тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда болатын арнайы
мақсатының салдарынан болып келеді. Бөлшектеп сатып алу сатуда сатып алушы
қалай қорғалса, тұрмыстық мердігерлік катынас-тарында тұтынушы сол шекте
қорғалады. Тұтынушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын бірқатар нормалар
Азаматтық Кодекстің өзінде де бар.
Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша, кәсіпкерлік кызметті
жүзеге асырушы мердігер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшынын
түрмыстьқ немесе басқа да жеке кажеттіліктерін қанағаттандыруга арналған
белгілі-бір жүмысты орындауға міндет-тенеді, ал тапсырысшы жұмыстың
нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы телеуге міндеттенеді.
Тұрмыстық мердігерлік шарты жария шарттарға жатады. Сонымен бірге бұл
шарт консенсуалды, өзара жөне қайтарымды болады.
Тұрмыстық мердігерлік шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша егер заң
актілерінде немесе шартта, оның ішінде формулярлар ережелерінде немесе
тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе,
тұрмыстық мердігерлік шарты мердігердің тапсырысшыға түбіртек немесе
шарттың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиісті
нысанда жасалған болып есептеледі.
Жұмысты орындауға берілген тапсырыста (шартқа немесе бекітілген
нысандағы құжатта) мыналар көрсетілуі тиіс: орындаушының занды мекен-жайы;
тапсырысшының тегі жөне аты, оның мекен-жайы жөне телефоны; тапсырыс
қабылданған мерзім, тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзімі,
аванс сомасы (толық сомасы), тапсырысты қабылдаған және өткізген
тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жұмыс) түрлері, орындаушы мен тұтынушының
материалдарының (заттарының) толық тізімі, бағасы және саны (қанша
материалдар жұмыс орындау үшін қажет екені көрсетіледі), жөндеуге берілген
заттың зауыттық нөмірі жөне өзге де реквизиттер. Түбіртектегі бұндай толық
ақпарат болуына талаптар түрмыстық мердігерлік шарты жазбаша нысанда
жасалатынын білдіреді. Алайда тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны
шарттың жасалу фактісін немесе оның ережелерін растауда куәгерлік
айғақтарға сілтеме жасау қүқығынан айырмайды.
Жоғарыда аталғанның барлығын түрмыстық мердігерлік шартының міндетті
талабы (елеулі жағдайлары) деп қарастыру керек емес. Онда, жалпы мәндегі
нормаларға сәйкес жасалатын мердігерлік шартында да сияқты елеулі
жағдайларға нысана (орындалатын жүмыс туралы) және жүмысты орындау
мерзімдері туралы жағдайлар жатады.
Тұрмыстық мердігерлік шарттары ауызша нысанда да жасалуы мүмкін және
жетон, талон, кассалық түбіртек және тағы басқаларды берумен расталуы
мүмкін. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, түтыыушының немесе
мердігердің эскизі бойынша немесе үлгілері бойынша қабылданады. Онын
қолымен расталатын тұтынушының қалауы бойынша жөне осы туралы бір уақытылы
мердігермен келісу нөтижесінде үлгілерден және (немесе) жүмыс орындау (зат
жасау) техно-логияларынан ауытқу болуы мүмкін. Мұндай ауытқулар тұтыну-
шының өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне және оның мүлкіне, қоршаған
ортаға зиян келмеуі тиіс.
Тапсырыс рәсімделген құжат немесе шарттың талабы тұтынушының қүқығын
шектейтін болса, ол Қазақ ҚСР-ң "Тұтынушылардың қүқығын қорғау туралы"
Заңына сәйкес жарамсыз деп есептеледі. Тұрмыстық мердігерлік шартында
жүмыстың бағасы тараптардың келісімімен белгіленеді, бірақ ол мердігер
жариялаған прейскурантта көрсетілгеннен жоғары болмауы керек.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 644-бабына сәйкес
мердігер тұрмыстық мердігерлік шарт жасалғанға дейін тапсырысшыға
ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлері мен ерекшеліктері туралы, жүмыстың
бағасы мен оған төленетін ақы туралы, қажетті жөне сенімді ақпарат беруге,
сондай-ақ тапсырысшының сұрауы бойынша шартқа және орындалатын жұмысқа
қатысты басқа да мәліметтерді хабарлап отыруға міндетті. Егер жұмыстың
сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсы-рысшыға мердігер оны орындайтын
нақты тұлғаны көрсетуге тиіс.
Жоғарыда аталған міндеттерді орындау үшін жұмысты орындайтын
кәсіпорынның қызметі туралы маңдайшасы, заңды мекен жайы мен атауы, жұмыс
істеу режимі керсетілген маңдайшасы болуы керек. Жеке көсіпкер өзінің
тіркелген органы туралы ақпаратты, көрсетілетін қызметтің міндетті
талаптарының стандарты туралы ақпаратты және жұмысы сертификатталғаны
туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
Орындалуға жататын жұмыс туралы ақпарат оның түрлері, ерекшеліктері,
бағасы және төлеу нысаны туралы) кәсіпорынның түрақты мекен-жайынан тыс,
мысалы уақытша мекен жайда, жылжымалы пунктілерде, орынға барып жүмыс
істейтін бригадалармен қызмет көрсету жүргізген кезде де ұсынылуға тиіс.
Тапсырысты қабылдау жүргзілетін кәсіпорынның бөлмесінде тұтынушыға
керекті ақпарат көзге көрінетін жерде орналасуға тиіс. Оның тізімі
Қазақстан Республикасының тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесінің 5-
пунктінде берілген. Жекелеп алғанда онда жұмыс түрін орындауға лицензия,
тұтынушыға ұсынылатын мердігердің және өзге бұйымдардың (фур-нитураның)
үлгілері, типтік шарттардың түбіртектердің, жетондардың, қолхаттардың,
талондар жөне мердігер тапсырысты қабыддағанын және түтынушы жұмыс үшін
төлегенін растайтын өзге де құжаттардың үлгілері көрсетілуі тиіс.
Тапсырысшының тұтынушы ретіндегі қүқықтары оған оның қүқықтары, шарт
жағдайлары, орындалатын жұмыстардың сипаттамалары туралы толық ақпарат
берумен қатар мердігерге шартқа қосымша ақылы жүмыстарды немесе қызметтерді
қосуына тиым салу арқылы да қамтамасыз етіледі. Бір жұмысты орындау өзге
жүмыстар орындалуының міндеттілігіне әкелмеуі керек.
Тапсырысшы өзіне жүмыс нәтижелерін өткізгенге дейін кез келген уақытта
шарттан бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол орындалған жұмыс үшін
мердігерге белгіленген бағаның бір бөлігін төлеуі керек. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz