Ауаны ластанудан қорғау



1.Кіріспе
Ауа туралы жалпы түсінік
Топырақ туралы жалпы түсінік
Су туралы жалпы түсінік
2.Негізгі бөлім
1.Ауаның ластануы. Ауаны ластанудан қорғау. Ауаны тазарту жолдары.
2.Топырақтың ластануы. Топырақты тазарту жолдары.
3.Судың ластануы. Суды тазарту жолдары.
3.Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Атмосфералық ауа — түрлi газдардың қоспасы. Оның құрамында 78,08% азот, 20,9% оттегi, 0,93% аргон, 0,03% көмiрқышқыл газы бар. Ал қалған 0,01% басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон, т.б газдардың үлесiне тиедi. Жер бетiнде оттексiз тiршiлiк жоқ. Ол жасыл өсiмiдктердiң тiршiлiк əрекеттерi нəтижесiнде түзiледi. Өсiмдiктер су мен көмiрқышқылынан фотосинтез процесi кезiнде оттектi бөледi. Ал басқа барлық тiрi организмдер оттектi тек пайдаланушылар болып есептеледi. Көмiрқышқыл газы атмосфераға тiрi организмдердiң тыныс алуы, отын түрлерiнiң жануы, органикалық заттардың ыдырауы мен шiруi кезiнде бөлiнедi. Ауаның құрамындағы көмiрқышқыл газы мөлшерiнiң көбеюi адам мен жануарлар организмiне зиянды əсер етедi.
Табиғат үшiн атмосфералық ауаның маңызы ерекше жəне əртүрлi. Ол, бiрiншiден, фотосинтез үшiн көмiрқышқыл газының жəне тыныс алу үшiн оттектiң көзi. Ол тiрi организмдердi космостық сəулелерден қорғайды, Жерде жылуды сақтайды,
климатты реттейдi, зат алмасудың газ тəрiздi өнiмдерiн қабылдайды, планетада су буларын тасымалдайды, бұлт, жауын-шашын түзiлетiн жəне басқа да метеорологиялық процесстер жүретiн орын, ұшатын организмдер үшiн тiршiлiк ортасы болып саналады, топырақтың құнарлылығына əсер етедi, т.с.с. Ғалымдардың пiкiрiнше, қазiргi заманғы атмосфераның шығу тегi екiншi реттiк жəне ол Жердiң қатты қабықшасынан планета түзiлгенннен кейiн бөлiнген газдардан түзiлген. Жердiң геологиялық тарихы барысында Жердiң атмосферасы түрлi факторлар: атмосфералық газдардың космос кеңiстiгiне бөлiнуi, вулкандардың əрекетiнен газдардың бөлiнуi, күннiң ультракүлгiн сəулелерi əсерiнен молекулалардың ыдырауы, атмосфера компоненттерi мен жер қабығының жыныстары арасындағы химиялық реакциялар нəтижесiнде бөлiнетiн газдар əсерiнен үлкен эволюцияны басынан кешiрдi. Атмосфераның дамуы геологиялық жəне геохимиялық процестермен, сол сияқты тiрi организмдердiң тiршiлiк əрекеттерiмен тығыз байланысты. Атмосфера Жердiң беткi қабатын оның қалың қабаттарына өту кезiнде көпшiлiгi жанып кететiн метеориттердiң зиянды əсерлерiнен сақтап тұрады.
Атмосфера құрамының қалыптасуына үлкен əсер ететiн тiрi организмдердiң тiршiлiк əрекеттерi өз кезегiнде осы атмосфералық жағдайларға тiкелей байланысты. Атмосфера тiрi организмдерге зиянды əсер ететiн Күннiң ультракүлгiн сəулелерiнiң көп бөлiгiн ұстап қалады. Атмосфералық оттегi өсiмдiктер мен жануарлардың тыныс алу процесiне қатысса, ал көмiр қышқылы өсiмдiктердiң қоректенуiне қатысады. Климаттық факторлар, əсiресе, жылу режимдерi мен ылғалдылық адамдардың денсаулығы мен тiршiлiк қызметiне əсер етедi. Сонымен қатар адамның тiршiлiк əрекетi атмосфераның құрамы мен климатқа үлкен əсер етедi.
1. Безуглая Э.Ю., Расторгуева Г.М., Смирнова И.П. Чем ды-
шит промышленный город.— Д., 1991.
2. Гирусев Э.В., Бобылев С.Н. Экология и экономика при-
родопользования.— М., 1998.
3. Анаништов В.В. Экономика природопользования и охра-
на окружающей среды. — СПб., 1994.
4.Голуб А.А., Струкова Е.Б. Экономика природопользова-
ния.— М., 1995.
5. Одум Ю. Экология. Часть 1-2 — М., 1986 г.
6. Риклефс Р. Основы экологии. — М., 1979 г.

Кіріспе
Ауа туралы жалпы түсінік
Атмосфералық ауа — түрлi газдардың қоспасы. Оның құрамында 78,08% азот,
20,9% оттегi, 0,93% аргон, 0,03% көмiрқышқыл газы бар. Ал қалған 0,01%
басқа неон, гелий, метан, радон, ксенон, т.б газдардың үлесiне тиедi. Жер
бетiнде оттексiз тiршiлiк жоқ. Ол жасыл өсiмiдктердiң тiршiлiк əрекеттерi
нəтижесiнде түзiледi. Өсiмдiктер су мен көмiрқышқылынан фотосинтез процесi
кезiнде оттектi бөледi. Ал басқа барлық тiрi организмдер оттектi тек
пайдаланушылар болып есептеледi. Көмiрқышқыл газы атмосфераға тiрi
организмдердiң тыныс алуы, отын түрлерiнiң жануы, органикалық заттардың
ыдырауы мен шiруi кезiнде бөлiнедi. Ауаның құрамындағы көмiрқышқыл газы
мөлшерiнiң көбеюi адам мен жануарлар организмiне зиянды əсер етедi.
Табиғат үшiн атмосфералық ауаның маңызы ерекше жəне əртүрлi. Ол,
бiрiншiден, фотосинтез үшiн көмiрқышқыл газының жəне тыныс алу үшiн
оттектiң көзi. Ол тiрi организмдердi космостық сəулелерден қорғайды, Жерде
жылуды сақтайды,
климатты реттейдi, зат алмасудың газ тəрiздi өнiмдерiн қабылдайды,
планетада су буларын тасымалдайды, бұлт, жауын-шашын түзiлетiн жəне басқа
да метеорологиялық процесстер жүретiн орын, ұшатын организмдер үшiн
тiршiлiк ортасы болып саналады, топырақтың құнарлылығына əсер етедi, т.с.с.
Ғалымдардың пiкiрiнше, қазiргi заманғы атмосфераның шығу тегi екiншi реттiк
жəне ол Жердiң қатты қабықшасынан планета түзiлгенннен кейiн бөлiнген
газдардан түзiлген. Жердiң геологиялық тарихы барысында Жердiң атмосферасы
түрлi факторлар: атмосфералық газдардың космос кеңiстiгiне бөлiнуi,
вулкандардың əрекетiнен газдардың бөлiнуi, күннiң ультракүлгiн сəулелерi
əсерiнен молекулалардың ыдырауы, атмосфера компоненттерi мен жер қабығының
жыныстары арасындағы химиялық реакциялар нəтижесiнде бөлiнетiн газдар
əсерiнен үлкен эволюцияны басынан кешiрдi. Атмосфераның дамуы геологиялық
жəне геохимиялық процестермен, сол сияқты тiрi организмдердiң тiршiлiк
əрекеттерiмен тығыз байланысты. Атмосфера Жердiң беткi қабатын оның қалың
қабаттарына өту кезiнде көпшiлiгi жанып кететiн метеориттердiң зиянды
əсерлерiнен сақтап тұрады.
Атмосфера құрамының қалыптасуына үлкен əсер ететiн тiрi организмдердiң
тiршiлiк əрекеттерi өз кезегiнде осы атмосфералық жағдайларға тiкелей
байланысты. Атмосфера тiрi организмдерге зиянды əсер ететiн Күннiң
ультракүлгiн сəулелерiнiң көп бөлiгiн ұстап қалады. Атмосфералық оттегi
өсiмдiктер мен жануарлардың тыныс алу процесiне қатысса, ал көмiр қышқылы
өсiмдiктердiң қоректенуiне қатысады. Климаттық факторлар, əсiресе, жылу
режимдерi мен ылғалдылық адамдардың денсаулығы мен тiршiлiк қызметiне əсер
етедi. Сонымен қатар адамның тiршiлiк əрекетi атмосфераның құрамы мен
климатқа үлкен əсер етедi. Планетадағы оттегi тiрi заттар арқылы 5200-5800
жылда толық жаңарады. Ал оның бүкiл массасын 2 мың жылда тiрi организмдер
сiңiрсе, көмiрқышқылын— 300-395 жылда сiңiредi.
Жер атмосферасының газ құрамы ерекше. Егер Юпитер мен Сатурнның атмосферасы
негiзiнен сутек пен гелийден, Марс пен Венераның атмосферасы — көмiр
қышқылы газынан тұрса, Жердiң атмосферасы азот пен оттектен тұрады, сол
сияқты азмөлшерде аргон, көмiрқышқыл газы, неон жəне басқа тұрақты,
ауыспалы компоненттер бар. Атмосфераның ең маңызды ауыспалы компонентi —
су буы. Су буының негiзгi массасы тропосферада, өйткенi атмосфераның
қабаттары жоғарылаған сайын оның концентрациясы азая бередi. Атмосфералық
процестерге, əсiресе стратосфераның жылу режимiне озон үлкен əсер етедi.
Озон стратосферада жинақталып, күн радиациясының ультракүлгiн сəулелерiн
сiңiредi.
Ендiк пен жылдың мезгiлiне байланысты озонның бiр айдағыорташа мөлшерi
өзгерiп отырады, оның қалыңдығы 2,3-5,2 мм аралығында болады. Жалпы
табиғатта озонның мөлшерi экватордан полюстерге қарай жоғарылайды. Қазiргi
кезде адамның
шаруашылық тiршiлiк əрекетiнiң əсерiнен атмосфераның озон қабатының бұзылуы
байқалуда. Мысалы, озон қабатының бұзылуына əсер ететiн фреондар
(хладондар) деп аталатын галогендi қосылыстар. Бұл қосылыстар бөлме
температурасында қайнайды, өте ұшқыш, Жердiң бетiнде химиялық инерттi,
мұздатқыш қондырғыларда қолданылады. Фреондар стратосфераға көтерiлiп,
фотохимиялық айрылу реакциясына түсiп, бiздiң планетамызды ультракүлгiн
сəулелерден сақтайтын,
озон молекулаларын ыдырататын, химиялық реакциялардың катализаторы болып
саналатын хлор аниондарын бөледi. Қазiргi кезде озон қабатының жағдайына
қатаң бақылау — мониторинг жүргiзiлуде. Озон қабатының бұзылуының үлкен
зардаптарға əкелуiне байланысты бiрқатар елдер қазiргi кезде фреондар
өндiрiсi мен оны пайдалануды қысқартып отыр, дегенмен де жалпы əлемде бұл
көрсеткiш əлi де жоғары күйiнде қалғандықтан олардың атмосферадағы
концентрациясы да
жылдан жылға ұлғайып отыр. Көптеген бақылаулар бойынша озон қабаты
атмосферадабiркелкi таралмаған. Солтүстiк жарты шар атмосферасында
оңтүстiкке қарағанда фреондардың концентрациясы 8-9% жоғары.
Топырақ туралы жалпы түсінік
Топырақ. Жер бетiнде Күннiң энергиясы заттардың екi айналымын: су айналымы
мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық жəне
заттардың топырақ, өсiмдiктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы
айналымы- кiшi немесе биологиялық айналымды туғызады. Екi айналым да бiр-
бiрiмен тығыз байланысты. Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегi
ма-
ңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.
Топырақтану ғылымының негiзiн салушылардың бiрi В.В.Докучаев ХХ ғасырдың
басында топырақты өзiне тəн өзара байланыстары, тiршiлiк ету заңдылықтары
мен өзiн-өзi реттеуге қабiлеттi табиғи-тарихи дене деп қарастырады,
топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен,
өсiмдiктерiмен, рельефiмен жəне ландшафтымен тығыз байланысты болатынын
атап көрсеткен.
Тау жыныстарының топыраққа айналу процесiнiң аса бiр маңызды жəне жалпы
құбылысы құрлықтың бүкiл бетiн жауып жатқан гумустық қабаттың түзiлуi
болды. Бұл қабат топырақтың ең бiр белсендi бөлiгi болып саналады.
Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама бердi, ол: топырақ
түзiлу процесi құнарлылық түзiле жүретiн өсiмдiктер мен тау жыныстарының
арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсеттi.
Топырақ ресурстары Жер бетiндегi тiршiлiкке қажеттi ен маңызды алғы
шарттардың бiрi болып табылады. Алайда оның шын мəнiндегi маңызы мен ролiн
өз дəрежесiнде бағалай алмай келемiз. Топырақ биосфераның компоненттерiнiң
бiрi ретiнде
адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн биохимиялық орта болып саналады, ол
энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арсындағы
тiкелей жəне жанама əсерлердi тепе-теңдiкте сақтап тұра алатын өздiгiнен
тазару процестерiнiң механизмдерiнiң аса маңызды резервi болып табылады.
Адамдарға азық-түлiк пен жануарларға қоректi өндiру үшiн қажеттi жағдайлар
тек топырақ арқылы ғана жасалынады.
Топырақтың табиғи дене ретiндегi негiзгi функциясы атмосфералық жауын-
шашынды жинақтау мен су балансын реттеу, өсiмдiктерге қажеттi қоректiк
элементтердi жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету,
ластаушы зат-тарды тасымалдау.
Топырақ — сыртқы орта жағдайлары: жылу,су, ауа, өсiмдiктер мен жануарлар,
микроорганизмдердiң бiрiккен əсерiнен қалыптасқан жердiң беткi құнарлы
қабаты. Топырақ түзгiш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның iс-əрекетi
де жатады. Тiрi организмдер топырақтың негiзгi қасиетi — құнарлылығының
қалыптасуына жағдай жасайды.
Топырақтың құнарлылығы дегенiмiз — оның өсiмдiктердi оларға қажеттi
қоректiк элементтермен, сумен жəне ауамен қамтамасыз ету қабiлетi. Ол
топырақ түзiлу процесi барысында жəне адамның топыраққа əсер етуi
нəтижесiнде қалыптасады.
Ол бүкiл адам баласының тiршiлiгiнiң көзi болып табылатын аса маңызды
байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнiмiнiң, ауылшаруашылық дақылдары
өндiрiсiнiң негiзi.
Топырақ — барлық элементтердiң аккумуляторы: ол оларды өзiнде жинақтап,
сумен шайылып кетуден сақтайды. Өзiнiң қалыптасқан зат алмасу процесi бар,
тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқыны,
эрозия, құрғақшылық, т.б.) əсерiне қарсы тұра алады. Бiрақ топырақ көптеген
антропогендiк факторлардың (жер жырту, мал жаю, техниканы қолдану, т.с.с.)
ұзақ уақытқа созылатын əсерiне сезiмтал келедi. Топырақтың құнарлылығы адам
iс-əрекетiне де байланысты.
Топырақ — барлық материалдық игiлiктердiң көзi. Ол азық-түлiк, малға жем,
киiм үшiн талшық, құрылыс материалдарын бередi. Топырақтың ең маңызды
байлық екендiгiн айта келiп, К.Маркс, еңбек — байлықтың əкесi болса,
топырақ — анасы деген.
Топырақ ешнəрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазiргi таңда, ғылым əлi
күнге дейiн табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған
жоқ. Өсiмдiктердi топырақсыз өсiрудiң кез келген əдiсi (гидропонды,
пластопонды, аэропонды) топырақтың ролiн дəл өз мəнiнде орындай алмайды.
Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған жəне əлi де маңызды болып қала
беретiн аса маңызды проблема топырақтың топырақ түзiлу процесiндег
өзiдiгiнен қалпына келу қабiлетiн сақтап қалуға барынша жағдай жасау.
Топырақ — биосфераның басқа элементтерiмен үздiксiз алмасып отыратын,
олармен тығыз байланысты жəне биосфераның кейбiр элементтерiне
(атмосфералық ауа, жер бетiлiк жəне жер астылық сулар) өзi де əсер ете
алатын өте күрделi ашық система. Топырақ үнемi климат пен ауа райы
компоненттерi, флора мен фауна, əсiресе соңғы кезде түрлi антропогендiк
зиянды əсерлерге ұшырап отыр. Топырақта эрозиялық процестер көбейiп,
өздiгiнен тазару қабiлетi нашарлап, құнарлылығы кемуде.
Топырақтың деградациялануының (латын тiлiнен аударғанда — "төмендеу",
"артқа кету" ) негiзгi факторлары : эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен
пестицидтердi шамадан тыс көп қолдану, т.с.с.
Топырақтың қорғау мен бақылау объектiсi ретiнде қоршаған ортаның басқа
объектiлерiмен салыстырғанда бiрқатар өз ерекшелiктерi бар. Ең алдымен
топырақ атмосфералық ауа мен жер бетiлiк суларға қарағанда əлдеқайда
қозғалыссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тəн аса қуатты табиғи
өздiгiнен тазару қасиетi жоқ. Топыраққа түскен антропогендiк ластаушылар
онда жинақталып, көбейе бередi.
Су туралы жалпы түсінік
Гидросфера — бiздiң планетамыздың аса маңызды құрам бөлiктерiнiң бiрi.
Гидросфераға күн энергиясы мен гравитациялық күштер əсерiнен қозғалысқа
түсетiн жəне бiр күйден екiншi күйге өте алатын барлық су түрлерi жатады.
Гидросфера Жердiң басқа элементтерi атмосфера мен литосферамен тығыз
байланысты. Жердегi су үнемi қозғалыста болады. Табиғаттағы су айналымы
гидросфераның барлық бөлiктерiн бiр-бiрiмен байланыстырып, бiртұтас жабық
жүйе : мұхит —атмосфера — құрлықты түзедi. Ол гидросфераның түрлi
бөлiктерiнiң əртектiлiгiне байланысты өзгеретiн су алмасу процесiнiң
белсендiлiгiн қамтамасыз етедi.
Мұхиттағы су гидросфераның барлық массасының 97 % құрайды жəне Жер
планетасы бетiнiң ауданының 75% аса бөлiгiн алады. Биосфера тiршiлiгiнде
мұхиттың алатын орны ерекше: онда биосфераның химиялық тазаруы мен
биомассаның өндiрiсiн қамтамасыз ететiн толып жатқан химиялық реакциялар
жүредi. Су кез келген жануарлар мен өсiмiдктердiң ткандерi мен
клеткаларының құрамына кiредi. Жануарлар мен өсiмдiкетр организмдерiндегi
өте күрделi реакциялар тек қана су қатысында жүре алады. Жер планетасындағы
климат та көп жағдайда суға жəне атмосферадағы су буларының мөлшерiне
байланысты қалыптасады. Мұхиттардағы судың беткi бес жүз метрлiк қабаты
ондағы планктонның сүзгiш аппараты арқылы 40 күн iшiнде сүзiлiп өтсе, бiр
жыл iшiнде мұхиттағы бүкiл су планктон арқылы тазарып отырады. Теңiз
суындағы ерiген тұздардың концентрациясы 3,5% болса, химиялық құрамы
жағынан бұл тұздардың 99,9% — натрий, калий, хлор, бром, фтор, магний,
кобальт, т.б. иондардың үлесiне тиедi.
Биосферадағы үш сфераның — ауа, су, топырақ сфераларының арасындағы өзара
қарым-қатынастарды, негiзгi заты көмiрқышқыл газы болып табылатын
карбонаттық тепе-теңдiк арқылы жақсы түсiнуге болады. Мұхитта атмосфераға
қарағанда көмiрқышқыл газы 60 есе көп. Көмiрқышқыл газы суық суда жақсы
еритiн болғандықтан, мұхит тропиктерде оны атмосфераға насос тəрiздi тартып
алады, сондықтан да бұл аймақтарда оның қысымы оңтүстiк пен солтүстiк
ендiктерге
қарағанда жоғары болады. Атмосферадағы СО2 мөлшерi артқан сайын мұхит
суындағы оның мөлшерi де артады, нəтижесiнде кальций карбонатының
ерiгiштiгi жоғарылап, гидрокарбонат- иондар көбейедi. СО2 мөлшерi азайғанда
сутек иондарының концентрациясы төмендейдi де, кальций карбонатының көбiрек
тұнбаға түсуi байқалады. Осылайша мұхит суларындағы көмiртек иондары
тұрақтанып, атмосфераның анторопогендiк ластануынан жиналған СО2 артық
мөлшерi сiңiрi-
ледi. Қорыта айтқанда, су биосферада ең негiзгi роль атқарушы болып
табылады, себебi тiрi организмдердегi барлық биохимиялық процестер тек су
қатысында ғана жүре алады, сондықтан да олардың клеткалары мен тканьдерiнiң
көп бөлiгi судан тұрады.
Су — əлемнiң ең үлкен байлығы. Бiрақ бiздiң планетамыздағы тұщы судың қоры
санаулы ғана, барлық су ресурстарының 3% ғана. Таза судың жетiспеушiлiгi
жер шарының көптеген аудандарындағы өткiр мəселелердiң бiрi болып отыр.
Жердегi су ресурстары жалпы алғанда, жер бетiлiк немесе континетальды
сулар, Бүкiл Əлемдiк мұхит сулары жəне жер астылық сулар болып үш топқа
бөлiнедi. Жер бетiлiк, не континентальды суларға — өзен, көл, жабық
теңiздер, батпақтар, атмосфералық жауын-шашын сулары, мұздықтар суы, Бүкiл
Əлемдiк мұхитқа мұхиттар мен оларға құятын теңiздер, ал жер астылық суларға
топырақ ылғалдары, жер астылық грунт сулары жатады. Судың химиялық құрамы
бiр-бiрiне байланыссыз екi фактордың — тарихи-табиғи жəне геологиялық
жағдайлар мен антропогендiк фактордың əсерiнен қалыптасады. Судың химиялық
құрамының түрлiше болуы себептi оларды минералдану дəрежесiне байланысты
төмендегiше классификациялауға болады (1 гл):
тұщы су ------------------- 1 ге дейiн
тұздылау ------------------- 1-25
тұзды ------------------- 26-50
ащы ------------------- 50
Жер бетiндегi тұщы су қорының 97% Антарктида, Гренландия, полюстер мен
таудағы мұздықтардың үлесiне тиедi. Егер осы мұздықтарды Жердiң бетiне
бiрдей етiп бөлсе, онда ол қалыңдығы 53 м қабат түзген болар едi. Бiрақ
осындай тұщы су қорын пайдалану əлi күнге мүмкiн болмай отыр. Құрлықтың бар
болғаны шамамен 3% көлдер мен өзендер алып жатыр. Сондықтан да тұщы судың
жетiспеушiлiгi түсiнiктi жағдай деуге болады. Табиғатта су айналымы
үздiксiз жүрiп отырады. Күн сəулесiнiң əсерiнен Мұхит суларының, құрлықтың
беттерiнен жəне өсiмдiктердегi транспирация арқылы су үздiксiз буланады.
Нəтижесiнде атмосфера су буларымен қанығады. Буланған су конденсацияланып,
бұлттар түзiп, атмосфералық жауын-шашын болып жер бетiне жауады. Жерде оның
бiраз бөлiгi топырақ пен өсiмдiктер беттерiнен буланып, бiразы топыраққа
сiңiп, өсiмдiктерге сiңiрiледi, не топырақтың терең қабаттарына өтiп, онда
грунт суларымен бiрге қайтадан жер бетiне шығып, мұхиттарға қосылады. Жауын-
шашынның бiраз бөлiгi топырақ
беттерiнде қалып, өзендерге қосылады.

Негізгі бөлім
Ауаның ластануы. Ауаны ластанудан қорғау. Ауаны тазарту жолдары.
Өндiрiстiң қарқындап дамуына жəне отын түрлерiн кең масштабта жағуға
байланысты атмосферадағы бос оттектiң қоры азайып, ал көмiрқышқыл газының
мөлшерi жоғарылауда. Нəтижесiнде табиғаттағы көмiртектiң айналымы бұзылды
деуге болады. Академик А.П. Виноградов зерттеулер нəтижесiнде көмiрқышқыл
газының концентрациясы жыл сайын 0,2% ға ұлғайып отырғанын анықтады.
Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы
күнге дейiн түрлi жану процестерiнде 273 млрд. тонна оттегi жұмсаған болса,
соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана
жұмсалған. Көмiртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмiрқышқыл
газының концентрациясының жоғарылауы Жердегi барлық химиялық тепе-теңдiкке
үлкен əсер етедi. Атмосфера табиғи жəне жасанды (антропогендiк) жолмен
ластанады.
Табиғи ластану. Атмосферада үнемi белгiлi мөлшерде шаң болады. Шаң
табиғатта жүретiн табиғи процестер нəтижесiнде түзiледi.
Шаңның үш түрi болады: минералдық (органикалық емес), органикалық жəне
космостық. Тау жыныстарының үгiтiлуi мен бұзылуы, вулкандар атқылауы,
орман, дала, торфтардың өртенуi, теңiз беттерiнен судың булануы минералдық
шаңның түзiлуiне себеп болады. Органикалық шаң ауада аэропланктондар —
бактериялар, саңырауқұлақтардың споралары мен өсiмдiктердiң тозаңдары, т.б.
түрiнде жəне өсiмдiктер мен жануар-
лардың ыдырау, ашу, шiру өнiмдерi түрiнде болады. Космостық шаң жанған
метеориттердiң қалдықтарынан түзiледi.
Табиғи ластанудың бiр түрi космостық шаң атмосферадағы жанған метеориттер
қалдықтарынан түзiледi, 1 жыл iшiнде оның мөлшерi 2-5 млн тоннаға дейiн
жетедi. Табиғи шаң жер атмосферасының негiзгi құрам бөлiгi болып табылады.
Табиғи шаң бөлшектерi органикалық немесе бейорганикалық болуы мүмкiн,
олардың радиусы шамамен 10-3—10-4 см болады жəне топырақ пен тау
жыныстарының үгiтiлуi, вулкан атқылауы,
орман, дала, торфтардың өртенуi немесе Дісу беттерiнен булану
нəтижесiнде түзiлуi мүмкiн. Атмосфераның төменгi қабаттарындағы шаң сусыз
шөл далалардан пайда болады немесе аэропланктондар — бактерия, өсiмдiк
споралары, саңырауқұлақтар, өсiмдiктер мен жануарлардың қалдықтарының шiру,
ыдырау өнiмдерiнен түзiледi.
Мұхит үстiндегi ауа атмосферасында магний, натрий, кальций тұздарының майда
кристаллдары болады, олар су шашырандылары ауада құрғап қалғанда түзiледi.
Əдетте табиғи жолмен ластану биогеоценоздар мен онда тiршiлiк ететiн
организмдер үшiн аса көп зиян келтiрмейдi. Атмосфералық шаң Жер бетiнде
жүретiн кейбiр процестер
үшiн белгiлi роль атқарады. Ол су буларының конденсациялануы үшiн, олай
болса жауын-шашынның түзiлуiне əсер етедi. Бұнымен қатар күн радияциясын
сiңiрiп тiрi организмдердi күннiң зиянды сəулелерiнен қорғайды. Академик
В.И. Вернадский атмосфералық ауа планетамыздың химиясында маңызды роль
атқарады деп жазды.
Жер бетiндегi заттардың биологиялық ыдырауы, оның iшiндегi топырақ
бактерияларының тiршiлiгi күкiртсутек, аммиак, көмiрсутектер, азот,
көмiртек оксидтерiнiң орасан зор мөлшерiнiң түзiлуiне əкелiп соғады.
Жасанды ластану. Атмосфераны ластаушылардың ең негiзгiлерi транспорт
түрлерi, əсiресе автомобильдердiң жанармайларының жану өнiмдерi болып
табылады. Француз ғалымы Ж. Детридiң есептеулерi бойынша, автомобильдерден
бөлiнген газдардың құрамында көмiрқышқыл газы — 9%, көмiртек оксидi -4%,
көмiрсутектер — 0,5%, оттек — 4%, сутек -2%,альдегидтер — 0,004, азот
оксидтерi — 0,06%, күкiрт оксидтерi— 0,006% барлығы 200 ге жақын
компоненттер бар екенiнанықтады. Қоршаған ортаға көмiртек, күкiрт жəне азот
оксидтерiмен бiрге бензиннiң құрамына кiретiн канцерогендi заттар,
мысалы 3,4-бензопирен мен қорғасын өте зиянды əсер етедi.
Атмосфераға транспорттардан бөлiнген газдардың құрамында 25-27% қорғасын
болатыны анықталған. Жəне оның 40% диаметрi 5 мкм ге дейiн болатындықтан
ауада ұзақ уақыт сақталып, онымен бiрге адам организмiне түсетiндiгi
белгiлi болды. Қазiргi кезде бүкiл əлемде шамамен 500 млн аса автомобиль
жүрiп тұрса, үлкен қалалардағы атмосфералық ауаның тазалығын сақтау адамзат
үшiн қаншалықты маңызды екенi түсiнiктi. Мысалы, Лос-Анджелес қаласының
ауасын үнемi 2,5 млн автомобиль, Парижде — 900 мың, т.с.с. ластайды. Ал
əрбiр
мың автомобильден күнiне ауаға 3000 кг көмiртек оксидтерi,
т.с.с отынның толық емес жану өнiмдерi бөлiнедi. Бұл физикохимиялық
қоспалар тыныс алу кезiнде адам мен жануарларға аса зиянды болып табылады.
Ауа бассейнiн күкiрттi газбен жəне шаңмен ластаушы жылу электр станциялары.
Қуаты орташа жылу электр станциясы 1 сағатта 80 т көмiр жағып, атмосфераға
шамамен 5 т күкiрттi ангидрид жəне 16-17 т күл бөледi. Атмосфералық ауаның
тазалығына үлкен əсер ететiн жағылатын отынның сапасы, жағу əдiстерi,
газтазартқыш қондырғылар мен қалдық бөлетiн трубалардың биiктiгi. ЖЭС газға
көшiру зиянды қалдықтар
мөлшерiн бiршама азайтады. Зиянды газдарды авиациялық транспорт та бөледi.
Ж.Детридiң есептеулерi бойынша, реактивтi самолеттер ұшу кезiнде 1 сағатта
0,7 кгм3 альдегидтер, 6,5 кг көмiртек оксидi, 1,7 кг
көмiрсутектер, 4,3 кг азот оксидтерi, 6,3 кгм3 қатты бөлшектер
бөледi екен Атлант мұхиты арқылы ұшып өтетiн бiр реактивтi самолет,
8 сағат ұшу кезiнде осы уақытта 25000 га жердiң орманы бөлетiн оттектi
жұмсайды екен. Атмосфераның антропогендi ластану жолдары жылу энергетикасы,
мұнай, газ өңдеу өнеркəсiптерi, транспорт, термоядролық қаруларды сынау,
т.б. арқылы жүредi. Бұлардың əрқайсысы құрамы ондаған мың компоненттерден
тұратын түрлi қоспаларды атмосфераға бөлiп шығарады. Ауа кеңiстiгiн
ластайтын қосылыстар көмiртек оксидтерi, күкiрт пен азот қосылыстары,
көмiрсутектер мен өндiрiстiк шаң тозаң. 1 жыл iшiнде атмосфераға 200 млн
тонна көмiртек оксидi (СО), 20
млрд тонна көмiрқышқыл газы , 150 млн тонна күкiрт оксидi, 53 млн тонна
азот оксидтерi , 50 млн тонна түрлi көмiрсутектер бөлiнедi.
Биосфераның ауыр металдармен ластануы — ғылыми техникалық прогресстiң аса
маңызды проблемаларының бiрi болып отыр. Кейбiр есептеулер бойынша бүкiл
адамзат қоғамы кезеңiнде 20 млрд тонна темiр өндiрiлген болса, оның түрлi
техника, құрал жабдықтар, қондырғылардағы мөлшерi 6 млрдтонна ғана, олай
болса 14 млрд тонна темiр қоршаған ортағатаралып, ластап отыр деуге болады.
Бұдан басқа жыл сайын өндiрiлген сынап пен қорғасынның 80-90 % биосфераға
та-
ралған. Көмiр жанған кезде күл жəне түрлi газдармен бiрге қоршаған ортаға
таралатын кейбiр элементтердiң мөлшерi олардың өндiрiлген мөлшерiнен де
асып түседi. Мысалы, магний — 1,5 есе, молибден — 3 есе, мышьяк — 7 есе,
уран, титан — 10 есе, аллюминий, иод, кобальт — 15 есе, сынап-50есе ,
литий, ванадий, стронций, бериллий, цезий — 100 деген есе, галлий мен
германий — мыңдаған есе, иттрий — 10 мыңдаған
есе, т.с.с. Ауаның ластануы адамның денсаулығына, экожүйелердiң
қалыпты жұмыс iстеуiне, т.с.с. көптеген организмдерге зиянды
əсерiн тигiзедi. Ауа бассейнiнiң мөлдiрлiгiнiң өзгеруiне атмосферадағы
көмiрқышқыл газының үлкен əсерi бар. Жыл сайын атмосферадағы оның мөлшерi
0,4 % артып отыр, қазiргi кездегi атмосферадағы көмiрқышқыл газының мөлшерi
0,032 %. Кейбiр есептеулер бойынша атмосферадағы көмiрқышқыл газының
мөлшерi əр 23 жыл сайын 2 еселенiп отырады. Көмiрқышқыл газы инфрақызыл
сəуленi — жылу сəулесiн сiңiредi, оның
мөлшерi белгiлi бiр концентрацияға жеткенде қоршаған орта дағы жалпы
температураның жоғарылауына əкелiп соғуы мүмкiн. Атмосферадағы озонның
мөлшерi (көлем бойынша) 2 х 10 %, бiрақ ол Жер бетiн күн радиациясынан
қорғап тұрады жəне бактерицидтiк қасиетi бар.
Атмосфераның күкiрттi қосылыстармен ластануы қазiргi таңдағы аса маңызды
проблемалардың бiрi болып отыр. Күкiрт атмосфераға 5000 жылдан астам уақыт
бойы бөлiнiп отыр. Күкiрт оксидтерi өсiмдiктерге, жануарлар мен адам
организмiне зиянды əсер етедi. Атмосферада күкiрт (1V) оксидi күкiрт (V1)
оксидiне дейiн тотығады да, су буларымен қосылып, күкiрт қышқылына
айналады. Күкiрт қышқылы атмосфералық
жауын шашынмен бiрге қышқыл жаңбыр түрiнде жерге жауады. Қышқыл жаңбырлар
су экожүйелерiне зиянды əсерiн тигiзедi, ағаштар мен ауыл шаруашылық
дақылдарының өсуiн тежейдi, сөйтiп үлкен экономикалық шығын келтiредi.
Атмосфераға бөлiнген ауыр металдар заттардың табиғи айналымына қосылады.
Олардың су мен топырақта көп мөлшерде жи-
нақталуы тiршiлiкке үлкен зиян келтiредi. Мышьяк пен хром рак ауруларының
тууына себеп болады. Ал селенмен уланған организм өлiмге ұшырайды.
Атмосфераның радиоактивтi ластануы нəтижесiнде радиациялық əсер ету
байқалатын болғандықтан өте қауiптi болып саналады. Радиациялық əсер —
радиоактивтi заттардан бөлiнетiн радиоактивтi сəулелердiң əсерi. Бұл
сəулелер кейбiр химиялық элементтердiң атом ядроларының ыдырауы кезiнде
сыртқы ортаға бөлiнедi. Бөлiнген радиоактивтi сəулелер адам организмiнiң
тiрi тканьдерi арқылы өтiп, биологиялық процесстердi бұзып, организмде
түрлiше физикалық, химиялық жəне
физиологиялық, ең соңында патологиялық өзгерiстер туғызады.
Радиациялық əсерлердiң шығу көздерi баршаға мəлiм, қарапайым космостық
сəулелерден бастап, экологиялық катастрофалар болып табылатын ядролық
қаруларды сынау, атом ядролық станциялардағы авариялар, т.с.с. Көптеген
елдерде ядролық қаруды сынау жұмыстарының жүргiзiлуiне байланысты ядролық
өндiрiстiң, атом-электр станцияларының дамуына байланысты атмосферада
жасанды радиоактивтiлiк көздерi пайда болды. Радиоактивтi элементтердi
өндiру мен атом қондырғыларын, двигательдерiн iске қосу жұмыстары кезiнде
атмосфераға өте қауiптi радиоактивтi заттар бөлiнуi мүмкiн. Радиоактивтi
заттар атмосферада тозаң, не аэрозоль түрiнде болады, олардың азғантай
дозасының өзi адамның нерв системасы, жыныс бездерi, асқорыту, тыныс алу
органдары, қалқанша без бен гипофиз қызметiне зиянды əсер етедi.
Атмосфера радиоактивтi заттармен əсiресе, атом жəне сутектi бомбалардың
жарылуы кезiнде ластанады. Атом жарылысы кезiнде түзiлген изотоптардың
жартылай ыдырау кезеңдерi түрлiше. Əсiресе, стронций-90 (жартылай ыдырау
кезеңi 25 жыл) мен цезий-137 (жартылай ыдырау кезеңi 33 жыл) өте қауiптi.
Радиоактивтi изотоптар өсiмдiктердiң қалдықтары, жануарлардың қалдық
өнiмдерi арқылы да таралады. Олардың тасымалдануында қоректiк тiзбектер де
бiршама роль атқарады.
Судағы изотоптар өсiмдiктерге сiңiрiлiп, олармен балықтар қоректенiп,
балықтарды жыртқыш балықтар не құстар қорекке пайдаланады, т.с.с.
1945 жылы августа Жапонияның Хиросима мен Нагосаки қалаларында жарылған
атом бомбалары ондаған мың адамдардың өмiрiн қиды, оның зардаптары əлi
күнге дейiн сақталуда. 1963 жылы Москва қаласында бейбiтшiлiк сүйгiш
мемлекеттердiң бiразы бiрiгiп, ядролық қаруды атмосферада, космос
кеңiстiгiнде жəне су астында сынауға тыйым салу туралы келiсiмге қол қойды.
Бұл келiсiмнiң адамдардың денсаулығын сақтау мен бүкiл тiршiлiктi қорғауда
үлкен маңызы бар. Атом энергиясын кең масштабта қолдану нəтижесiнде атом
өндiрiсiнiң қалдықтары көбеюде. Ендi осы қалдықтарды зиян сыздандыру
проблемасы да туындап отыр. Бұл проблеманы шешу жолдары түрлi елдерде
түрлiше жүзеге асуда. Мысалы, АҚШ мен Англия атом өндiрiсiнiң қалдықтарын
Атлантика мұхитына тастайды, Франция ескi темiржол туннельдерiне сақтайды,
ал бiздiң елiмiзде жердiң терең қабатына көмiледi, бұл
ең зиянсыз жəне тиiмдi жол болып саналады.
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы кезеңiнде атмосфераның шумен ластануы
да бiрқатар зардаптарын тигiзуде. Деңгейi шамамен 90-120 децибел болатын
шулар адамның жүйке жүйесiне əсер етiп, есту органдарының қызметiн
нашарлатып, тiптi кейбiр жағдайларда жүйке — психикалық аурулардың пайда
болуына себеп болады. Бұнымен қатар гипертония, асқазанның жарасы,
организмнiң эндокриндiк системасы-
ның бұзылуы сияқты аурулардың пайда болуына, нерв клеткаларының
дегенерациялануына əкеп соғады. Үздiксiз қатты шу əсерiнен перифериялық қан
тамырлары тарылып, бұлшық еттер мен миға қанның келiп жетуi қиындайды.
Деңгейi 130 децибелден асатын шу акустикалық травмалар туғызады. Батыстың
бiрқатар елдерiнде əскери аэродромдар маңындағы елдi мекендер тұрғындарының
үнемi ұшып тұратын реактивтi самолеттердiң шуынан жүректiң миокардi
инфаркт, жыныс органдары қызметiнiң əлсiреуi сияқты аурулар жиiлеген. Ал
кенеттен болған қатты шу əсерiнен жүректiң тоқтап қалуы да байқалады.
Жануарларда да, əсiресе үй құстарында жұмыртқалар салу, сиырлардың сүт беру
қабiлетi төмендейтiнi байқалған. Осыған байланысты шудың əсерiн төмендету
үшiн бiраз шаралар жүзеге асырылады. Мысалы, үлкен қалаларда жасыл
өсiмдiктер шудың деңгейiн бiршама төмендетедi. Олар түскен
шу энергиясының 20% жұтады. Бүнымен бiрге шуды сiңiрушi
конструкцияларды, экрандар орнату сияқты шаралар да атмосфераның шумен
ластануынан қорғайды.
Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн əрқашан зиян.
Түтiннiң құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы
тұмандардың түзiлуiне əкеп соғады. Тiптi кейбiр жағдайларда улы заттардың
жинақталуы нəтижесiнде адамдардың аса қауiптi аурулары мен өлiмiне себеп
болады. Мысалы, Лос-Анджелес қаласында, Калифорнияда, Британ аралдарында,
сол сияқты ФРГ мен бiрқатар елдерде зиянды улы заттардың жоғары
концентрациясының
атмосферада жинақталуы нəтижесiнде смог деп аталатын қалың тұмандар
байқалды.Лондонда смогтар ХIХ ғасырдың соңынан бастап — ақ белгiлi болған.
Əсiресе 1952 жəне 1956 жылдары болған смогтар елге үлкен зардаптарын
тигiзд%i. 1952 жылдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауаны ластайтын ластағыш заттар
Табиғи орта, экономикалық дамудың негізі ретінде дамуы
«Биоэкология» пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қоршаған орта және адам денсаулығы туралы ақпарат
Табиғат ты қорғау әр бір адамнын міндеті
Қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғау
Химиялық өнеркәсіптердегі төтенше жағдайды анықтау
Қоршаған орта және адам денсаулығы
Ауыл шаруашылық жерлерін және суды қорғау
Халықаралық экологиялық құқық ұғымы
Пәндер