Қазіргі заманда қалыптасқан экологиялық жағдайлар



1. Кіріспе.
2. Қазіргі заманда қалыптасқан экологиялық жағдайлар.
3. Қазіргі замандағы қалыптасқан экологиялық жағдайлардың туындау себептері.
4. Экология проблемаларын шешу жолдары.
5. Қазақстандағы экология ғылымы.
6. Қорытынды.
7. Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi.
Қазіргі кезде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейтті. Әсіресе, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. “Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз” деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттыңөзіне тән құбылыстардан табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.
Жер бетіндегі жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық өрлеумен тікелей байланысқан. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің көбі өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін дамыған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен индустрияландыру науқаны жаппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластануын күшейтті. Екіншіден, бұл жылдары дүниежүзіндегі демографилық жағдай да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген “тұтыну қысымын” өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына келтіріп отыратын уақыттыңмерзімінен жаңылды. Табиғаттың өздігінен қалпына келетінін күтпей-ақ оны “жеделдете қанау” оның жүдеушілігін тудырады. Үшіншіден, қалалар көбейіп, онда тұратын халық саны артты. ХХ ғасырдың басында жалпы халықтың 10%-ы ғана қалада тұрса, ғасыр аяғында бұл 50% жуықтады. 2001 жылы Қазақстандағы қала халқы 54%-ға жетті. Осынша көп адамның шағын аймаққа жиналуы жерге түсетін салмақты күшейтті, қала мен қала маңының ластануы ұлғайды.
Адамзаттың өмір сүру жағдайларының жақсаруы, ғылыми-техникалық өрлеу табиғат пен қоғам арасындағы “алмасусыз” іске асу мүмкін емес. Бұл әалмасуә сөз жоқ табиғатқа зиян келтіреді. Ал, бұл өз кезегінде адам денсаулығына, жер бетіндегі тіршілік дүниесіне келетін зиянға ұласады. Мәселе - осы зиянды болдармау, мүмкіндігінше азайта білуде, табиғаттың өз тіршілігін сақтап, қалпына келтіруіне жағдай жасауда болып отыр. Экология білімінің көмегі де осы жерге керек.
Бізге материалдық өндіріске баға берудін екі өлшемі (әлеуметтік, экономикалық) қалыптасқан. Ал, қазіргі өмір осы өлшеемге экологияны да қосуды қажет етіп отыр. Әрбір салынатын өндіріс орнын әлеуметтік, экономикалық жағынан дәлелдеумен қатар оның экологиялық жағдайларын (келетін зардаптары мен оны болдырмау мүмкіндігін) қоса ескеріп негіздесе, бұл салада – қазір орын алып отырған қателікке жол берілмесе еді. Осылардың салдарынан Қазақстан қазір экологиялық жағдайы ауыр өлкенің біріне айналып отыр.
1. Ә. Бейсенова, А.Самақова, Т.Есболов, Ж.Шілдебаев. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы, 2004.
2. Әділов Ж.М. Тұрақты даму және айналадағы орта. Алматы,1998.
3. Бейсенова Ә., Қазыханова Б. Экология. Алматы 1998.
4. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология. Алматы, 2004.
5. Сағымбаев Г.К. Экология негіздері. Алматы, 1998.
6. Мырзабеков Ж.М. Особо охряняемые природные территории Казахстана. Алматы, 2000.
7. Экологиялық білім бағдарламасы. Алматы, 1999.
8. Экологическое состояние окружающей среды в Республике Казахстан. Алматы, 1994.

Жоспар:

1. Кіріспе.
2. Қазіргі заманда қалыптасқан экологиялық жағдайлар.
3. Қазіргі замандағы қалыптасқан экологиялық жағдайлардың туындау
себептері.
4. Экология проблемаларын шешу жолдары.
5. Қазақстандағы экология ғылымы.
6. Қорытынды.
7. Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi.
Қазіргі кезде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастың
күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен
өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын
күшейтті. Әсіресе, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, адам мен табиғат
арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс
материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы
жедел игеріле бастады. “Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге
айналдырып, бермесін тартып аламыз” деген көзқарас қалыптасты. Мұның
барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттыңөзіне тән
құбылыстардан табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен
әлдеқайда асып түсті.
Жер бетіндегі жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық өрлеумен
тікелей байланысқан. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің көбі
өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін дамыған елдер қатары
оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен индустрияландыру науқаны жаппай
етек алды. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты.
Өз кезегінде бұл ауаның ластануын күшейтті. Екіншіден, бұл жылдары
дүниежүзіндегі демографилық жағдай да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары
бойынша халық саны тез өсіп кетті. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген
“тұтыну қысымын” өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына
келтіріп отыратын уақыттыңмерзімінен жаңылды. Табиғаттың өздігінен қалпына
келетінін күтпей-ақ оны “жеделдете қанау” оның жүдеушілігін тудырады.
Үшіншіден, қалалар көбейіп, онда тұратын халық саны артты. ХХ ғасырдың
басында жалпы халықтың 10%-ы ғана қалада тұрса, ғасыр аяғында бұл 50%
жуықтады. 2001 жылы Қазақстандағы қала халқы 54%-ға жетті. Осынша көп
адамның шағын аймаққа жиналуы жерге түсетін салмақты күшейтті, қала мен
қала маңының ластануы ұлғайды.
Адамзаттың өмір сүру жағдайларының жақсаруы, ғылыми-техникалық өрлеу
табиғат пен қоғам арасындағы “алмасусыз” іске асу мүмкін емес. Бұл әалмасуә
сөз жоқ табиғатқа зиян келтіреді. Ал, бұл өз кезегінде адам денсаулығына,
жер бетіндегі тіршілік дүниесіне келетін зиянға ұласады. Мәселе - осы
зиянды болдармау, мүмкіндігінше азайта білуде, табиғаттың өз тіршілігін
сақтап, қалпына келтіруіне жағдай жасауда болып отыр. Экология білімінің
көмегі де осы жерге керек.
Бізге материалдық өндіріске баға берудін екі өлшемі (әлеуметтік,
экономикалық) қалыптасқан. Ал, қазіргі өмір осы өлшеемге экологияны да
қосуды қажет етіп отыр. Әрбір салынатын өндіріс орнын әлеуметтік,
экономикалық жағынан дәлелдеумен қатар оның экологиялық жағдайларын
(келетін зардаптары мен оны болдырмау мүмкіндігін) қоса ескеріп негіздесе,
бұл салада – қазір орын алып отырған қателікке жол берілмесе еді. Осылардың
салдарынан Қазақстан қазір экологиялық жағдайы ауыр өлкенің біріне айналып
отыр.
Қазақстандағы 182 млн. га жайылымның 110 млн. га әр түрлі деңгейде
зиян шекті. 7 млн. га орман жойылып кетті. Оларға жануарлар мен
өсімдіктердің аса бағалы түрлерінің жойылғанын қоссақ, шеккен зиянымыздың
орны толмайтынын көреміз. Адамның қолымен жасалған зиянды іс табиғаттағы
зат алмасу мен табиғи компоненттердің байланысына да әсер етпей қоймайды.
Мысалы, орман ағаштарының кесілуі топырақтағы ылғал мөлшерін кешенді, содан
топырақ құнарлығы өзгереді. Соның салдарынан өсімдіктер тіршілігіне зиян
келеді, өсімдік азайған жерде жануарлар да тұрақтамайды.
Ауыл экологиясының нашарлауы негізінен шаруашылық көзінің қалыптасқан
жүйесінің бұзылуына байланысты болып отыр. Мәселені шешуде Елбасының ауыл
мәселесін күн тәртібіне қоюыхалықтың қызу қолдауына ие болып кетті.
Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын
өнеркәсібінің жедел және көп мөлшерде дамуы да әсерін молайтып отыр. Жыл
сайын қазақстандағы су қоймаларына химиялық қоспалармен ластанған 6 млрд.
м3 ағын су құйылды. 3 млн. тонна зиянды заттар ауа қабатына сіңеді, 200
млн. тонна қатты қалдықтар қоқысқа тасталады. Басқа да шикізат көздерін
игеру ауаны ластаумен қатар жүргізілуде, олардың қатарына мыс, қорғасын,
мырыш. Күміс, хромм, ванадий, фосфорит, мұнай т.б. кен орындары жатады. Ірі
өндіріс орны болмаса да Алматыда да ауаның қалыптан тыс ластануы байқалады.

Ірі өнеркәсіп орындары шоғырланған, ірі көлік торабы бар облыс
орталықтарының көбінде экологиялық жағдай нашар. 2000 жылы республиканың 19
қаласында жүргізілген атмосфераның ластану мүшесін анықтайтын моноторинг
қорытындысы бойынша Өскемен, Риддер, Шымкент, Ақтөбе, Алматы қалаларының
ауасы өте лас болды. Республика қалалары бойынша атмосферадағы зиянды
шаңдардың жиынтығы зиянды заттардың шектеулі мөлшерінен ортта есеппен 1,2
есе көп. Ауаның шаңдануының ең көп мөлшері Жезқазғанда, Шымкентте, Ақтауда
байқалған. Ауадағы адам организіміне аса қауіпті улы газдардың мөлшері
132,2 тонна күкіртсутегінен, 7732,7 тонна аммиактан, 4621,4 тонна
қорғасыннан, 1606,6тонна мышьяктан, 335,6 тонна күкірт қышқылынан құралады.
Бір Қарағанды облысының өндіріс орындары ауаға 1108,1 тонна улы газды
таратады екен.
Бізде бүгінгі экологиялық дағдарысқа ғылыми-техникалық өрлеу кінәлі.
Табиғат компоненттері өзара үйлесіммен құралған. Оның даму жолының
өзіндік заңдылығы бар. Қазіргі экологиялық дағдарыстың түпкі себебі осы
заңдылықты білмеуде, түсінбеуде, оған жөнсіз араласуда жатыр. Осыдан
табиғаттың зат және энергия алмасу жүйесі бұзылады. Сондықтан әрбір қоғам
мүшесі табиғат құбылыстары заңдылықтарымен аздап болса да таныс болуы
керек. Экологиялық сауатсыздықты жою – үкімет арасында жүргізетін негізгі
міндетке айналу керек.
Бүгінгі таңда халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін
мемлекеттік деңгейде кең көтерудің қажеттігі туындап отыр. Экологиялық
білім беру дегеніміз – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және
қоршаған ортаның үйлесімділігін және оны тиімді пайдаланудың жолдарын
халыққа түсіндіру. Оның ішінде қоршаған орта мен табиғи ресурстарды тиімді
пайдалану арқылы табиғатты аялай білетін, оны бүлінуден қорғайтын,
экологиялық білім мен мәдениетті жоғары, ізгілікті, адамгершілігі мол жас
ұрпақты тәрбиелеудің маңызы бар. Экологиялық дағдарыстың ұлғайуын мейлінше
тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру жалпы
халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде
ғана іске асады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру негізінде жеке адам мен қоғамның
табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетін қалыптастыруға
болады. Сол арқылы еліміздің халық шаруашылығыынң әлеуметтік және
экологиялық мәселелерін шешуге көмектесеміз. Экологиялық және табиғатты
қорғау заңдарын жетілдіру және оларды бұлжытпай орындау, табиғи ресурстарды
пайдалануда жауапкершілікті күшейту, қоршаған ортаның табиғаты мен адам
денсаулығының үйлесімділігін арттыру, үздіксіз экологиялық білім беруді
ұйымдастыруды тездету, қамтамасыз ету, тағы басқалар осы саладағы негізгі
міндеттер қатарына жатады.
Үздіксіз экологиялық білім берудің негіздер қазақ халқының табиғатпен
қарым-қатынас үстінде туған табиғи көзқарасы мен салт-дәсүрінен бастау
алады. Көшпелі тұрмыс кешкен қазақтар өзінің бүкіл тыныс тіршілігін
табиғатпен байланыстырған. Оны аялап, аң-құсына дейін киелі санап, өзен, су
бойын таза күтіп ұстаған. Табиғат туралы оң көзқарас, сол арқылы адам
бойына сұлулық пен әсемдік дарыту идеясы қазақ ағартушылары мен
жазушыларының еңбектерінде кең қойылған. Абай мен Шоқанның, Жамбыл мен
Ыбырайдың, Мағжан мен Сәкеннің, Ілияс пен Қасымның шығармаларынан талай
қызықты дерек, көркем жасалған табиғат суреттерін табуға болады.
Экологиялық білім берудің қазіргі заманғы ғылыми негіздері, оны жүзеге
асыру проблемалары мен бағдарламалары, БҰҰ мен ЮНЕСКО мәжілістерінде
қаралды. Одан соң Стокгольм, Тбилиси қалаларында өткен халықаралық
конференцияларында жалғасын тапты. Ал, Рио-де-Жанейрода өткен конференция
экологиялық білім беру мәселелерін қайта қарап, ондағы негізгі бағыттарды
айқындап берді. Олар биосфера тұрақтылығын сақтау үшін экологиялық ағарту
жұмыстарының тұтас жүйесін құру, экологиялық білім беруді тұрақты жүзеге
асыру және жұртшылық арасында экологиялық үгіт насихатты күшейту.
Экологиялық білім берудің нормалық-реттеуші құжаттары “Қоршаған ортаны
қорғау туралы заңда” (1997), “Қазақстан Республикасының экологиялық
қауіпсіздігін сақтау концепцциясында” (1997), “Қазақстан Республикасында
экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясында” (1998),
“Экологиялық білім бағдарламасында” (1999) қарастырылған.
Экологиялық білім мен тәрбие беру ісі оқу орындарында білім деңгейіне
қарай жүргізіледі. Мектепке дейін балалар мен бастауыш мектептерде ол
қоршаған ортамен таныстыру, адам мен табиғаттың бірлігі мен өз үйіндегі,
ауласындағы табиғат бөлшектеріне (егілген ағаш, қорғаға өскен шөп, бау-
бақша) қамқорлық жасау қажеттігін ұғындыру арқылы өтеді. Содан біртіндеп
табиғаттың сыртқы көріністеріне қарай ауысады. Мұның өзі, белгілі дәрежеде,
бала бойына салауатты өмір салтын орнықтыруға көмектеседі. Бұл салада
оқытудың негізгі әдістері мен амалдары – экологиялық мазмұнға құрылған
танымдық дүниелер, ойындар, т.б.
Жалпы және арнайы білім беретін орта дәрежелі оқу орныдарындағы
экологиялық білім беру мен тәрбие осы алғашқы мәліметтерге сүйене
дамытылады. Бұл кезеңде компьютерлік моделдерді қолдану да тиімді.
Экологиялық білім жүйесін қалыптастыру, оқушыларды қоршаған ортаны қорғау
сезімі мен жауапкершілікке үйрету, экологиялық білім жетістіктерінен
хабардар болу, нормалық-құқықтық құжаттарды білу негізінен мектеп
қабырғасында жүзеге асады. Оларға оқытудың, үйретудің әдіс-тәсілдері де әр-
түрлі болмақ. Адамның іс-әрекеттерін табиғатқа әсерін, оның зардаптарын
талдау, табиғаттағы өзгерістерді салысытру ғылыми-зерттеу жұмыстарының
алғашқы элементтері есебінде баланың іздеуіне жол ашады. Сонымен бірге
оқушылаға білім беретін факторлардың ғылымилығын, табиғат компоненттерінің
(ауа, су, топырақ, өсімдік, жан-жануарлар, т.б.) өзара байланысын
табиғаттағы тепе-теңдікті, балаларды табиғатты сүйуге, оған қызығуға
баулуды, экологиялық білім беретін пәндерді (география, биология, химия,
математика, физика, әдебиет, тарих, қоғамтану, т.б.) үйлесімділігін,
көрнектілік ұстанымдарын іске асыру да түпкі мақсатқа жетудің айла амалдары
есебінде қолданылады.
Білім жүйесін оптимизациялау жағдайында экологиялық білім берудің ең
ұтымды және экономикалық жағынан тиімді жолдарын іздестіру – қазіргі мектеп
алдындағы маңызды мінеттердің бірі. Экология пәні барлық сыныпта өту мүмкін
де емес. Жинақталған тәжірбиелер экологиялық білім берудің пән аралық
байланыстарын жүзеге асыру, пәндерді экологияландыру, факультативтік
сабақтар өту, содан кейін барып жоғарғы сыныптардың бірінде (9-сынып) пән
ретінде оқыту тиімді екенін дәлелдеп отыр. Пәндерді экологияландыру жаңа
буын оқулықтарға негізгі мақсат болып қойылады. Экологияға жақын пән
оқулықтарында экологиялық материал берілмек. Бұл салада пәндерді
экологияландыру арқылы экологиялық проблемаларды түсіндіруді үйлесімді
жүргізу, сонымен бірге арнайы экологиялық білім беретін курсты қалыпастыру
міндеті қойылады. Қазіргі кезде осы екі бағытты іске асыруда елеулі
қиындықтар кездесуде. Оған пәндерді экологияландыруға белгілі бір пән
мұғалімінің білімінің жетімсіздігі, ал пән ретінде экологияны оқытатын
мамандарждың жетіспеушілігі себеп болып отыр. Сондықтан бұл жүйеде жұмыс
істейтін ұстаздарға экология ғылымының теориялық негіздерін оқып үйрену,
пәндер (география, химия, биология, т.б.) негізінді экологиялық
проблемаларды интеграциялау, биосферадағы тіршіліктің тұрақтылығы мен
біртұтастығын, оның антропогендік әсерлердің әрекетінен болатын өзгерісін
өзара байланыстыра қарап оқыту міндеттері жүктеледі. Жаратылыстану пәндері
балаларға экологиялық білім берудің негізгі саласы болуға тиіс. Экологияның
факультативтік курстары арқылы оқыту, сыныптан тыс жұмыстар жүргізу,
экологиялық сабақтарды табиғат аясында өткізу жобалары “Қазақстан
Ресрубликасы білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрьие ьеру
тұжырымдамасында” (2002) толық айтылған.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, мектепте үлгерімі төмен оқушылардың 85%-
ның денсаулығы нашарлығы анықталған. Оған баланың режим ұстамауы, уақытында
дұрыс тамақтанбауы, тамақтың нәрсіздігі, мінез-құлықтағы кемістіктер,
отбасы жағдайының ауырлығы себеп болған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиясының ластануы
Ауру түрлері
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық проблемалар және оны шешу жолдары
Қоршаған ортаның экологиялық ахуалы
Қазақстан Республикасында экологиялық мәселесінің орны
Қазақстан Республикасындағы экологиялық мәселелер
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар
Қазақстан полигондары
Мемлекет функциясының түсінігі түрлері жүзеге асырудың нысандары
Әлемдік саясат
Пәндер