Сақтар жайлы



1. Сақтардың саяси тарихы.
2. Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы.
3. Өнері мен мифологиясы.
4. Үйсіндер.
5. Қаңлы мемлекеті.
6. Ғұндар.
7. Сарматтар.
Сақтардың сяси тарихы. Қазақ тарыхын зерттеген тарихшы этнограф, антрополог, археолог ғалымдардың бірсыпырасы қазақ халқының арғы тегі ерте заманда Орта Азияны мекен еткен ежелгі сақ тайпаларынан шыққан дейді. Ежелгі заманда Орта Азия өңірін мекен еткен сақ тайпалары туралы тарихи деректер сол замандағы парсы және грек авторларының жазба деректерінде сақталған.Ежелгі грек тарихшылары оларды “Азиялық скифтер” деп атаса, парсы тарихшылары оларды сақ деп атаған. Сақтардың 3 тобы бар:
1. Парадария – теңіздің арғы жағындағы сақтар.
2. Тиграхауд – шошақ бөрікті сақтар.
3. Хаомоварга – хаомо сусынын дайындайтын сақтар.
Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен Ахименидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з.бұрынғы 519-518 ж.ж сақтарға қарсы 1-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазады. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдабайлап әскерін апаттан құтқарады, бірақ жлпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б.з. дейінгі 330-327 жылдары Александр Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып Сырдарияға қарай беттейді. Осы Александрдың бұйрығы бойынша Сырдария жағасынан Александрия Асхата (Шеткі Александрия) деген қала салынады. Бұл қала жаңа мемлекеттің солтүстік шығыс шебіндегі тірек-пункті ретінде саналады. Оны салу сақтарды көп алаңдаты. А. Македонскийдің Яксарт (Сырдария) сыртындағы сақтар тайпаларын қырып, бағындырғысы келген ұмтылыс талабы сәтсіз аяқталады.
Орта Азия мен Орта Шығыстың тағдыр – талайында сақтар бұдан бұлай да маңызды рөл атқара береді. Мәселен, б.з. бұрынғы 3 ғ. – б.з. дейінгі 3 ғ. аралық тарихына ықпал жасап отырған Парфия мемлекетінің құлауына, Грек – Бактрия патшалығының талқандалуына және Кушан империясының құрылуына ат салысады.

Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы. Байтақ дала мен тау алқаптарын игеру дәуірі, мал шаруашылығының сан алуан түрлерінің жаппай дамып, жетекші салаға айналуы және оның егіншілікпен ұштасу дәуірі сақтар уақытымен байланысып жатыр. Көшпелі мал шаруашылығында бүкіл ру және бүкіл тайпа мал – жанымен, дүние мүлкімен жылжып көше берген . Ол Батыс Қазақстанға, ішінара Орталық Қызықстанға тән болған.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы тұрақты қысқы және жазғы мекен жайлары болуын күнілгері ойластырып отырған. Мал шаруашылығының осы түрі Шығыс Қазақстан мен Жетісуда, Орталық және Батыс Қазақстанның бірқатар аудандарында етек алған еді.
1. С.Н.Руденко- «Алтайдағы скиф өнері»
2. А.Н.Бернштам- «Жетісу және Тянь-Шань мәдиенетініңтарихи кезеңдер»
3. Герадот – «Тарих»
4.Қазақ энциклопедиясы 1т.
5. «Қазақстан әйелдері» журналы 1994 жыл №2 2бет

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1. Сақтардың саяси тарихы.
2. Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы.
3. Өнері мен мифологиясы.
4. Үйсіндер.
5. Қаңлы мемлекеті.
6. Ғұндар.
7. Сарматтар.

Сақтар

Сақтардың сяси тарихы. Қазақ тарыхын зерттеген тарихшы этнограф,
антрополог, археолог ғалымдардың бірсыпырасы қазақ халқының арғы тегі ерте
заманда Орта Азияны мекен еткен ежелгі сақ тайпаларынан шыққан дейді.
Ежелгі заманда Орта Азия өңірін мекен еткен сақ тайпалары туралы тарихи
деректер сол замандағы парсы және грек авторларының жазба деректерінде
сақталған.Ежелгі грек тарихшылары оларды “Азиялық скифтер” деп атаса, парсы
тарихшылары оларды сақ деп атаған. Сақтардың 3 тобы бар:
1. Парадария – теңіздің арғы жағындағы сақтар.
2. Тиграхауд – шошақ бөрікті сақтар.
3. Хаомоварга – хаомо сусынын дайындайтын сақтар.
Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар
деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен
Ахименидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з.бұрынғы 519-518 ж.ж
сақтарға қарсы 1-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер
қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазады. Тамшы нәрі
жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдабайлап әскерін
апаттан құтқарады, бірақ жлпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік
соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап,
бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б.з. дейінгі 330-
327 жылдары Александр Македонский Соғданың астанасы Мараканданы басып алып
Сырдарияға қарай беттейді. Осы Александрдың бұйрығы бойынша Сырдария
жағасынан Александрия Асхата (Шеткі Александрия) деген қала салынады. Бұл
қала жаңа мемлекеттің солтүстік шығыс шебіндегі тірек-пункті ретінде
саналады. Оны салу сақтарды көп алаңдаты. А. Македонскийдің Яксарт
(Сырдария) сыртындағы сақтар тайпаларын қырып, бағындырғысы келген ұмтылыс
талабы сәтсіз аяқталады.
Орта Азия мен Орта Шығыстың тағдыр – талайында сақтар бұдан бұлай да
маңызды рөл атқара береді. Мәселен, б.з. бұрынғы 3 ғ. – б.з. дейінгі 3 ғ.
аралық тарихына ықпал жасап отырған Парфия мемлекетінің құлауына, Грек –
Бактрия патшалығының талқандалуына және Кушан империясының құрылуына ат
салысады.

Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы. Байтақ дала мен тау алқаптарын
игеру дәуірі, мал шаруашылығының сан алуан түрлерінің жаппай дамып, жетекші
салаға айналуы және оның егіншілікпен ұштасу дәуірі сақтар уақытымен
байланысып жатыр. Көшпелі мал шаруашылығында бүкіл ру және бүкіл тайпа мал
– жанымен, дүние мүлкімен жылжып көше берген . Ол Батыс Қазақстанға,
ішінара Орталық Қызықстанға тән болған.
Жартылай көшпелі мал шаруашылығы тұрақты қысқы және жазғы мекен
жайлары болуын күнілгері ойластырып отырған. Мал шаруашылығының осы түрі
Шығыс Қазақстан мен Жетісуда, Орталық және Батыс Қазақстанның бірқатар
аудандарында етек алған еді.
Мал шаруашылығының үшінші түрі – отырықшы шаруашылық болатын. Мұнда
халықтың бір бөлігі ұдайы егіншілікпен шұғылданып, отырықшы болып қалатын.
Ал, оның екінші бөлігі жақын – жуық жерлердегі жазғы жайлау мен қысқы
өрістерге көшіп кетіп, қайтып келіп отырған. Қазақстанның оңтүстігінде –
Сырдария мен Арыс, Келес алқаптарында хал – жағдай тап осындай еді. Әсіресе
ірі қара мал басым болған.
Жылқы өсіру сақтар мал шаруашылығының аса маңызды бағытының бірі
болған. Орталық Қазақстанда жүргізілген қазу жұмыстарының материалдарынан
жылқының екі тұқымы болғаны анықталды. Көшпелілердің үйге үйренген малының
ең маңызды түлігінің бірі ет пен сүт, жүн мен тері беретін қой еді.
Қазбаларға қарағанда, сақтарда маңдай алды дөңестеу ірі қойлар көп тараған.
Сақтар арасында қоймен бірге түйе шаруашылығы кең дамиды, ол әсіресе Батыс
және Оңтүстік Қазақстанның далалық және шөлейт аудандарында өркен жаяды.

Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен
қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдария алқабында
сақтардың Шірік – Рабат, Бәбіш – молда, Баланды секілді қоныстары
төңірегіндегі егістерді жарма тартып суарып отырған.

Кәсіптері мен сауда. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны
өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері мен кәсіптері жоғары
дәрежеде дамыған еді. Сақ ісмерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен
сүңгі ұштарын аттың қайыс - әбзелдерін, әшекейлер мен айналар, сол сияқты
қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған, олардың көбісі көркем өнердің
таңдаулы туындыларының қатарына жатады.

Сауда. Еуразияның далалары мен таулы алқаптарын сақтар билеп тұрған
кезеңде Батыс пен Шығысты, Жерорта теңізі аймағы мен Қытайды байланыстырған
халықаралық өтпеоі сауда басталады. Б.з. д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде
дала жолы пайда болды. Бұл жолмен 40 – параллель бойын қуалай, далалық
аймақтарға бағалы тауарлар жеткізіліп отырған. Геродоттың сипаттауына
қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына, сосын
Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі
Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі
Қазақстанды кесіп көктей өтеді. Қытай жібегі мен Иран кілемдері осы
жолдармен сақтарға келіп жетеді, олардың жұрнақтары Алтайдағы Пазырық
обаларын қазған кезде табылды.

Сақтар қоғамы. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болған: олар –
жауынгерлер (жауынгердің ежелгі үндіирандық аты “арбада тұрған”); абыздар
жігі - олардың танымал белгісі құрбан табақ пен айырықша бас киім болған;
қауымшыл сақтар, “сегізаяқтар” жігі яғни соқаға жегетін екі өгізі барлар
жігі. Аты аталған осы жіктердің әрқайсысының өзіне тән дәстүрлі түсі
болған. Жауынгерлерге – қызыл, абыздарға – ақ, қауымшылдарға – сары мен көк
түстер таңдалып беріледі.
Көсемдер мен патшаларының тұлғаларына айрықша тоқталып өту керек.
Бәрінен де бұрын сақ тайпаларының көсемдері әскери жіктердің өкілдері
болған. Гректер оларды басилевс – патша деп атаған. Жауынгерлер мен
патшалардың белгісі жебелі садақ екен. Патша садағын баласына әрі
мұрагеріне тапсырып отырған, сол себепті де жауынгерлер мен патшалар
зиратына садақ пен жебелерді бірге қойған.

Өнер мен мифологиясы. Сақ өнерінің зерттеушілері, бірінші жағынан,
оның Иранның Ахеменид және Бактрияның көркем өнерімен, екінші жағынан,
Қытайдың Чжоу мен Хань дәуірлері өнерімен тығыз байланысты болған деп
есептейді. Бәрінен де бұрын б.з.д. 1 - мыңжылдықтың бас кезінде қазіргі
Иран территориясына ирантілді тайпалар келіп кіре бастаған, солардың
ықпалымен елге бірқатар әдет –ғұрыптар, қару – жарақ пен ер – тұрманның
жаңа түрлері тарай бастады.
“Аң стилі” өнері сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезде
танысқан оңтүстік дәстүрлері әсерімен пайда болған. Сақтар арасында
зергерлік өнер мейлінше жетіліп, биік деңгейге көтерілген. Зергерлік өнерде
олар ағаштан жасалған әртүрлі бейнелер мен әшекейлерді қақ алтынмен аптау
әдісін кеңінен қолданған. Сақтардың зергерлік өнері Есік обасы бұйымдарынан
толығырақ көрінеді, сол бұйымдарға қарап, біз текті – дәлетті сақтардың
киген киімі, айқасқа шығарда тағынатын қару - жарағы туралы біраз мәлімет
алдық.
Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған.
Сақтардың әлемнің құрылымы жөнінде өзіндік түсінігі болады. Оларға әлемнің
төртжағы – сол, оң, алғы және артқы жақтары бар деп есептеген. Тұтас
алғанда сақтардың немесе сақ – скифтердің “аң стилі” сақ тайпалары
дүниетанымының заңды көрінісі, олардың мифологиясының бейнелеу өнеріне
келіп дарып – сіңуі, көшпелілер идеологиясын білдіретін айрықша белгілер
жүйесі ретінде құрылып қалыптасады.

Үйсіндер

Жетісудағы Тиграхауд – сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары
Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б.з.д. 2 ғ. 160 ж. шамасында
үйсіндердің бір бөлігі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды,
сөйтіп қолбасшы “гуньмо” иеліктің негізін салды. Үйсіндердің негізгі
территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс шекарасы Шу мен Талас
арқылы өтіп, Қаңлылармен шектеседі. Шығысында Ғұндармен ортақ шекара болды,
ал оңтүстігінде олардың иелігі Ферғанамен ұштасып жатты. Үйсіндердің
астанасы Чигучен Ыстықкөлдің жағасына орналасты.

Деректерде б.з. 3-ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің сяси тарихы
олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым – қатынас жасағаны,
үйсіндердің гуньмолары – билері қытай ханшаларына үйленіп отырғанын
баяндайды. Үйсіндердің этникалық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған.
Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс Иран тайпаларынан шыққан десе, екінші
діреулері үйсіндер – түріктердің арғы аталыры, олар түрікше сөйлеген деп
есептейді. Бірақ, қалай болса да, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі
“үйсін” деп аталады.

Үйсіндер шаруашылығы. Қытай бастаухаттары үйсіндерді көшпелі ретінде
сипаттаған. Оларда үйсіндер “егіншілікпен де, бау – бақша өсірумен де
айналыспайды, тек оты мол, суы мол жерлерге мал – жпнымен бірге көшеді де
жүреді” – деп жазылған. Расында да, мал шаруаылығы үйсіндердің өмір –
тіршілігінде шешуші рөл атқарған.Үйсіндердің отырықшы болып, егіншілікпен
айналысқанының бір дәйекті дәлелі – олардың тұрақты тұрғын үйлері, қора –
жзайлары, саздан көптеп жасалған ауыр аяқ – табақтары, тас – кетпендер мен
әртүрлі дақылдар қалдықтары бар мекенжайларының болуы. Үйсіндердің
шаруащылығы кешенді – малшаруашылықты – егіншілік болған. Үйсіндер жылқы,
қой, ешкі, сиыр, түйе және басқа малды өсірген. Үйсіндер мыс, алтын,
қалайы, қорғасын кенді орындарын пайдаланған темірді балқытып, одан пышақ
пен қанарлар, семсерлер, жебе ұштарын жасаған. Түрлі түсті тастардан, асыл
металлдардан моншақтар мен сырғалар, киім – кешек әшекейлерін істеп
шығарған.

Үйсін қоғамы біртектес болмаған, онда байлары – тайпа мен ру
дәулеттілері. Жасаулдар мен абыздар және қатардағы бұқара – малшылар мен
егіншіліер болған. Үйсіннің әскер - басылары мен аса көрнекті
шенеуніктерінің қолында алтын мен мыс мөрлері болғаны туралы жазба
деректер айғақталады. Жеке меншік тек малға ғана емес, жер – суға да
таралған. Үйсіндер қоғамында қауымның азат мүшелерімен бірге құлдар да
болған. Олар негізінен соғыс тұтқындарынан құралады екен.
Үйсін қоғамындағы әлеуметтік айырмашылықтар археология материалдарынан
айқын байқалады. Үйсін обалары көлемі жағынан үш топқа бөлінеді: диаметрі
80 метр, биіктігі 15 метрге дейін жететін үлкен обалар; диаметрі 15 және
биіктігі 2 метрге дейін жететін орташа обалар; диаметрі 10, биіктігі 1
метрге жететін көп кездесетін кішкентай обалар.
Қаңлы мемлекеті

Қаңлы Қытайша Канцзюй жазба деректерде б.з. дейінгі 2 ғ. айтылды. 138
ж. Қытай императоры Уди Батыс елдеріне чжан Цяньді бас етіп сауда елшілігін
жіберді. 13 жылдан кеін талай қиыншылықтардан өтіп, Чжан Цянь қайта оралды.
Ол бастырған жазбаларда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақ тайпаларының орналасуы
Еуразия құрлығындағы сақ империясындағы тәлім-тәрбие
Тасмола мәдениеті
Сақтар (скифтер)
Қазақстан территориясындағы тайпалық одақтар
Батыс Қазақстандағы сақ тайпаларының ескерткіштері
Ежелгі дәуір әдебиеті туралы ақпарат
Сақтардың соғыс стратегиясы
Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Сақ дәуіріндегі ескерткіштерге археологиялық зерттеулер
Пәндер