Өнімді өндіруден, сатудан және жұмыстан алынған табыстар және оларды жоспарлау


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
1 ӨНІМДІ ӨНДІРУДЕН, САТУДАН ЖӘНЕ ЖҰМЫСТАН АЛЫНҒАН ТАБЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ . . 5
1. 1 Корпорация табысының мәні мен мазмұны . . . 5
1. 2 Коропрацияның өнімді сатудан, жұмыстан және өсу фактордан түскен табыстарын қалыптастыру мен бөлу негіздері . . . 9
2 КОРПОРАЦИЯ ТАБЫСТЫЛЫҒЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ . . . 19
2. 1 АҚ «Қазақстан қағазы» компаниясының жалпы экономикалық сипаттамасы мен табыс көздерін талдау . . . 19
2. 2 АҚ «Қазақстан қағазы» компаниясының табысын бөлуді
2008-2010 жж бойынша талдау . . . 21
3 Табысты қалыптастыру мен жоспарлауды жетілдіру жолдары . . . 27
Қорытынды . . . 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 33
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау керек. Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы ақша қаражаттарын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Қаржылық тепе-теңдікке жету кәсіпорынды шаруашылық жүйесінің тұрақты звеносы ретінде қарастыруға болады, бұл экономиканың нақты секторының дамуының маңызды факторы болып табылады.
Қаржының тұрақтылығы мен рентабельділікке талдау жүргізу мәліметтері ұйымдардың жедел басшылық жұмысы және олардың құрылымдық бөлімдері үшін қолданылады, мемлекеттік қаржылық есеп беруді құрастыру үшін, экономикалық болжамды және ағымдағы жоспарды, қорыта келе, еліміздің экономикасын дамыту заңдылықтарын оқып білу және зерттеу қажет.
Нарықтық қатынастар жағдайларында корпорацияның қоршаған ортадағы өзгерістер, сондай-ақ, осы өзгерістерден туындайтын қосымша мүмкіндіктер мен тәуекелдер де тұрақты өсіп отырады. Сондықтан корпорацияды басқару стратегиясы осы өзгерістерден мүмкіндіктерді алу мүмкіндіктерін, шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді және тәуекелдерді қамтитындай болуы керек.
Бәсекелестік ортада корпорацияның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті корпорацияның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.
Табыс корпорация қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол корпорацияның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай корпорация кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс корпорацияның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.
Корпорацияның өндіріске салынған активтерінің табыстылық деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын корпорациядар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. Өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайларында табыстың корпорация қызмтіндегі ролі мен оны арттырудық жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:
- корпорация табысының экономикалық негіздерін қарастыру;
- корпорация табысының талдау және жоспарлау әдістемелерін қарастыру;
- корпорациядардағы табыстың артуын түрлі факторлардың және қаржылық тәуекелдердің әсерін анықтау.
Зерттеу объектісі ретінде корпорацияның өндірістік, инвестициялық, қаржылық және басқа да қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелері қарастырылады.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда корпорацияның табысының жалпы ұғымына және оның корпорация қызметіндегі ролі мен функцияларына, сондай-ақ табыстың қалыптасу және орналастыру тәртіптері қарастырылады.
Екінші тарау барысында корпорациядардың табыстылық деңгейін талдаудың әдістемесі және рентабельділіктің негізгі көрсеткіштері зерттеуге алынады. Сонымен қатар, корпорация табысын жоспарлау әдістемесі де қарастырылады.
Үшінші тарауда қазіргі таңдағы корпорациядардың табыстылығын арттырудың негізгі жолдары мен табыстың көлеміне әсер етуші қаржылық тәуекелдерді және олардың алдын алу шаралары қарастырылады.
Курстық жұмыс барысында отандық және шет елдік танымал ғалымдардың еңбектері, оқулықтары, сондай-ақ еліміздегі мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ғылыми мақалалардың мәліметтері қолданылды.
1 ӨНІМДІ ӨНДІРУДЕН, САТУДАН ЖӘНЕ ЖҰМЫСТАН АЛЫНҒАН ТАБЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОСПАРЛАУ
1. 1 Корпорация табысының мәні мен мазмұны
Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық ілімдердің ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз - бұл ақша шығыстары мен кірісерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс - бұл корпорацияның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы корпорацияның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.
Біз білетіндей, корпорация табыстары оларды алудың және қолданудың сипаттамасы мен шарттарына байланысты негізгі екі түрге бөлінеді:
- негізгі қызметтен алынған табыс;
- өзге де табыстар.
Негізні қызметтен алынған табыс өнімді өткізумен, қызметтер көрсетумен және жұмыстар орындаумен байланысты қаражат кірістерін қамтиды.
Өзге табыстарға өткізілімнен тыс операциялардан, мүлікті сатудан түскен қаражаттар, сондай-ақ, төтенше жағдайлардан алынған табыс жатады.
Бухгалтерлік есеп теорияшылары табыс ұғымымен байланысты келесідей мәселелерді атап көрсетеді. /1, 22 б/
- Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, демек корпорация әлі табыс алған жоқ. Бұл мәселе корпорацияның өндіріс барысына салынған, алайда әлі бітпеген капитал айналымының экономикалық мәні мен меншіктік құқықтың сәйкес келмеуінен туындайды.
- Тауарлар жөнелтілді, өнімдер сатылды, қызметтер көрсетілді, жұмыстар орындалды, алайда олар әлі төленген жоқ, алайда корпорацияның балансында табыс көрсетіледі. Бұл жағдайда құндылықтар толық құны бойынша дебиторлық борыш құрамында тіркеледі. Қаржылық тұрғыдан қарастырғанда корпорацияның өзінің алған табысын пайдалануға нақты мүмкіндіктері жоқ.
- Корпорация өзінің табыс сомасына үлкен сомаға ірі көлемдегі құндылықтар сатып алды. Бухгалтерлік есеп бойынша табыс бар, алайда кассада немесе есеп-шоттарда нақты ақша қаражаттары жоқ. Бұл жағдайда корпорация ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілмеген салықтық, пайыздық, дивидендтік төлемдерді жүзеге асыруына тура келеді.
- Жоғарыда аталған жағдайдың шегіне жеткен нұсқасы - бухгалтерлік есепте табыс көрсетілген корпорация банкрот деп жарияланады. Мұндай жағдай корпорация өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған табысты өтімсіз активке салумен сипатталады. Нәтижесінде корпорацияның өтімділігі жойылады да, банкроттық жағдайға ұшырайды.
- Корпорацияның мүлкі есепті кезеңде ұлғайғанмен, табыс жоқ. Құндылықты қайтарымсыз және өтелімсіз берген жағдайларда корпорацияның табысы емес, қосымша капиталы ұлғаяды. Мұндай жағдай мүлікті қайта бағалау немесе инвентаризация барысында артық құндылықтарды анықтау нәтижесінде де кездеседі.
- Корпорация нақты түрде шығын көруде, бірақ бухгалтерлік есепте номиналды есептік табысты көрсетеді. Мысалға, корпорация қандай да бір өндірістік активке ірі көлемдегі қаражаттар салды, ал бұл актив бірнеше жылдан кейін ғана толық өтеледі. Нәтижесінде, активтік бүкіл өтелім кезеңі бойында корпорация зиян көруде болады, ал бухгалтерлік есеп тұрғысынан осы кезеңдер ішінде ай сайын табыс көрсетіледі.
- Корпорацияның біртұтас тұлға ретіндегі құны мен оның активтерінің құнының жиынтығының арасында айырмашылықтар болады. Бұл көрсеткіштердің айырмасы «гудвилл» немесе «фирманың құны» деген ұғыммен белгілі. Әдетте бұл көрсеткіш оң нәтижені көрсетеді, яғни корпорацияды бөлшектеп сатқан жағдайда оны толық сатқандағы жағдаймен салыстырғанда көп қаражат өндіріп алуға болады.
Табыспен байланысты барлық көзқарастарды зерттеудің нәтижесінде ғалымдар мынадай қорытындыға келді: «бухгалтерлік есепте көрсетілген табыс қаржылық-шаруашылық қызметтің нақты нәтижелерін көрсетпейді. Бұл, өз кезегінде, бухгалтерлік және экономикалық табыс деген түсініктерді бөліп қарастыру керек деген тұжырымға алып келді. Біріншісі - тауарлар мен қызметтерді өткізудің нәтижесі деп қарастырылса, екіншісі - капиталдың «жұмыс істеуінің» нәтижесі деп қарастырылады. /2, 55 б/
Табыстың осындай екі түрлі тұжырымдамасы батыс елдерінде кеңінен даму алды. Батыстық негіздерге сүйенсек, табыс концепциясы үш түрлі мақсат үшін маңызды:
- салықтарды есептеу үшін;
- кредиторлар мен акционерлердің мүдделерін қорғау үшін;
- тиімді инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін.
Табыстың бухгалтерлік тұжырымдамасы тек бірінші мақсатқа қол жеткізу үшін ғана қолайлы және үшінші мақсатты қамтамасыз ету үшін мүлдем қолайсыз болып табылады.
Табыстың түрлі ғылыми тұжырымдамаларын талдай отырып, «табыс» ұғымына келесідей анықтама беруге болады. Табыс деп тауарды өткізу, қызметтер көрсету және жұмыстар атқару нәтижесінде қалыптасқан қосылған құнды айтады. Өзге мүліктерді сату, өткізілімнен тыс операциялардан түскен қаражаттар және басқа да қаражат кірістері корпорацияның пайдасын арттырады.
Бүкіләлемдік банктің бухгалтерлік есеп, қаржылық есеп беру және аудит бойынша әдістемелік нұсқаулығында «табыс» ұғымы келесідей түрде анықталады. «Табыс дегеніміз - қаржының келуі немесе активтердің құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады; бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне алып келеді».
Ықшамдалған түрде бұл ұғым 1995-жылдың 26-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің заңдық күші бар «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» №2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабы былай дейді:»Табыстар - бұл есепті кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы болып табылады».
Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыс алу әсте мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай корпорацияның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы орайда табыстың корпорация қызметіндегі, сонымен қатар қоғам өміріндегі ролі маңызды болып табылады.
Нарықтық жағдайларды табыстың ролі айтарлықтай өсті. Өзіміз білетіндей, жоспарлы-директивті экономика жағдайларында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс табу кез-келген корпорацияның мақсатты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс корпорацияның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Табыс табу кез-келген корпорацияның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика корпорацияның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және корпорацияның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр корпорация өзінің ағымды және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаражат көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымды шығындар болса, олар банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциялық несиелермен, сонымен қатар, капитал салымдары бнктердің ұзақ мерзімді несиелерімен жабылуы мүмкін.
Нарықтық экономикада корпорация табысының ролі оның атқаратын функцияларымен анықталады. Экономикалық нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде ретінде табыс бірқатар маңызды функцияларды атқарады. /3, 29 б/
Біріншіден, табыс корпорация қызметінің тиімділігін білдіретін көрсеткіш болып табылады. басқаша айтар болсақ, корпорацияның табыстылығы деген деректің өзі оның қызметінің тиімділігінің айғағы болып табылады. Алайда, бұл көрсеткіш корпорация иелері мен кредиторлары үшін нақты бір қолайлы жағдайдың дәлелі бола ала ма? Әрине, жоқ, себебі корпорацияға кез-келген бір табыс қажет емес, оның барлық мүдделі тұлғалардың (корпорация иелерінің, қызметкерлердің, кредиторлардың) қажеттіліктерін қанағаттандырарлық мөлшері қажет. Табыс мөлшері көптеген факторлармен анықталады, олардың кейбіреулері корпорацияның өзіне байланысты болса, кейбіреулері корпорацияның қолынан келмейтін шаралар болып табылады.
Екіншіден, табыс ынталандырушы функция қызмет атқарады. Корпорациядардың қорытынды қаржылық-экономикалық нәтижесі бола отырып, табыс нарықтық шаруашылық өмірде шешуші роль атқарады. Табыс «корпорациядардың басты мақсаты» деген дәрежеге ие екенін білеміз. Бұл шаруашылық субъектілерінің экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің игіліктерге ұласуы табыстың мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне (соның ішінде салық салу жүйесіне де) байланысты.
Табыс - меншікті капитал өсімінің бірден-бір көзі. Нарықтық қатынастар жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, корпорация қарамағында қалатын табыс мөлшеріне икемделе отырып, корпорацияның даму перспективаларына сәйкес дивидендтік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.
Нарықтық экономикада табыс - өндірістік активтердің және өндірілетін өнімнің қозғаушы күші болып табылады. /4, 162 б/
Тағы да айта кететін жағдай - табыс корпорация жұмысшыларының әлеуметтік игіліктерінің көзі болып табылады. Салықтарды, дивидендтерді және басқа да бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін корпорация қарамағында қалатын табыс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлеуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.
Үшіншіден, табыс мемлекеттік бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Табыс мемлекеттік бюджет қазынасына салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде түседі. Бұл қаражаттар, өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде бекітілген мақсаттарына бағытталады.
Сонымен, корпорацияның табысы - оның экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл қорытынды кәсіпкерлік қызметтің түпкі мақсатынан келіп туындайды. Қазіргі замандағы батыстық экономика ғалымдары корпорациядардың мақсаттарын келесідей тәртіппен тұжырымдайды:
- акционерлік меншікті арттыру;
- табысты арттыру;
- басқарушылық сыйақыларды арттыру;
- әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.
Қаржыны басқарудың бүгінгі теориясы бизнестің ең бірінші кезектегі мақсаты - корпорация акционерлерінің материалдық мүдделерін арттыру болып табылады деген тұжымға негізделген. Яғни корпорациядар өздерінің қарапайым акцияларының биржалық құнын арттыру тиіс. Корпорацияның басқа мақсаттары да оның экономикалық саясатына өз әсерін тигізетіні сөзсіз, алайда олар алғашқымен салыстырғанда маңыздылығы төмен болып саналады.
Корпорация мақсаттарын бұлайша саралау батыстық экономика үшін әбден ақылға қонымды. Табысты арттыру аз ғана уақытты қамтитын қысқа мерзімді міндет болып табылады, ал акционерлік меншікті арттыру - ұзақ мерзімді мақсат болып табылады. Себебі корпорация иелері бүгінгі табысқа да, келешектегі табысқа да мүдделі.
1. 2 Коропрацияның өнімді сатудан, жұмыстан және өсу фактордан түскен табыстарын қалыптастыру мен бөлу негіздері
Корпорация табысының қалыптасуы және оның орналастырылуы (үлестірілуі, пайдаланылуы) оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен анықталады.
Корпорацияның жалпы табысы оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған табыстарының жиынтығынан қалыптасады. 1. 1-суретте корпорацияның жалпы табысының қалыптасу үлгісі берілген.
Жалпы табыстың құрамында корпорацияның барлық қызмет түрлерінен алынған табыстары кіреді. Бірінші кезекте жалпы табыс өнімді өткізуден, яғни негізгі қызметтен алынған табысты қамтиды. Бұл табыс жалпы өнімді өткізуден түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді және өнімді өндіруге, өткзуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады.
Екіншіден, жалпы табыстың құрамына тауарлық емес өнімдерді сатудан алынған табыс, яғни корпорацияның балансында есептелетін қосалқы өндірістердің (ауыл шаруашылық өндірісінің, көлік шаруашылығының және басқа да шаруашылықтардың) табыстары кіреді.
Үшіншіден, жалпы табыстың құрамына негізгі қорларды және өзге де мүліктерді сатудан түскен табыс кіреді.
Сондай-ақ, жалпы табыс өткізілімнен тыс алынған табыстар мен шығындарды, яғни тауарды немесе қандай-да бір активті сатудан тыс операциялардың нәтижесін, қамтиды. /5, 115 б/
Корпорацияның қарамағында қалатын жалпы табысы әрі қарай үлестіру объектісі ретінде қарастырылады. Оны үлестіруді табыстың бір бөлігін мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге, ал қалған бөлігін корпорацияның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау деп түсінуге болады. Табысты үлестіру заңдылығы - салықтар мен басқа да міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі. Содан кейін қалатын табысты үлестірудің бағытын анықтау корпорацияның құзіретіне жатады.
Табысты үлестірудің негізгі принциптері келесілер:
- корпорацияның өндірістік-шаруашылық, қаржылық және инвестициялық қызметтерден алынған табысы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен корпорация арасында бөлінеді;
- мемлекет қазынасына түсетін табыстың бөлігі салықтар және алымдар ретінде мемлекеттік бюджетке түседі. Салықтардың құрамы, мөлшерлемелері және сәйкес деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде белгіленеді;
- салықтардан кейін шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс мөлшері өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық, инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, корпорацияның қаржы қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек;
- шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын табыс әуелі корпорацияның әрі қарай дамуын қамтамасыз ететін қорларға, ал қалған бөлігі тек тұтыну қорларына кетеді.
Корпорация қарамағында қалатын табыс (таза табыс) екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлігі тұтыну қорларына, екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады.
Тұтыну қорларына бағытында қолданылатын табыс корпорацияның мүлкін арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізуге, сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады. Корпорацияның капиталын ұлғайтуға орналастырылған табыс өндірілген өнімнің көлемін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, түптеп келгенде шаруашылық субъектінің келешектегі әлуетті (потенциалды) табыстылығын арттырудың алғы шарты болып табылады.
Сондай-ақ, табыс тек өндіріс процессіне орналастырылып қана қоймай, сонымен қатар, жұмысшылар мен қызметкерлердің әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге, олардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, оларға қосымша сыйақылар төлеуге, басқа да әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады. Бұл, өз кезегінде, қызметкерлер тарапынан еңбекке деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.
Табыс орталығы - шаруашылық субъектілердің табыс әкелетін бөлімшесі, ол профит деп аталады. (фр. табыс, пайда)
Жоспарлау кәсіпорынның айналыста жоғары көрсеткіштерге жеткізетін экономикалық табысы, пайда түсімі және басқа әсерлі қаржылай көрсеткіштерге жеткізеді деу артық та болар еді. Кейбір мамандар жоспарлауды сондай-ақ өзара тәуелді етіп көрсетуге тырысады. Дегенмен ары қарай жеке болжамдармен іс алға жылжымайды. Қайта тәжірибе көрсеткендей кәсіпорынның жоғары табысы мен тез өркендеуі жай түрде жоспарлауға ғана байланысты емес, кәсіпкерлік дарын мен кәсіпорын басшылығының дұрыс шешім қабылдауына көбірек байланысты сонымен қатар, көптеген кәсіпорындар, соның ішінде қазақстандық кәсіпорындар, жоспарлауды өзінің даму кезеңінің қалыпты кезеңі басталғанда, қол жеткен табыстарын бекіту кезеңінде проблемалалар пайда бола бастағанда, нағыз өсу кезеңі өткеннен кейін қолдана бастайды. Қазақстандық кәсіпорындар үшін жоспарлауды қолданудың 2 түрін көрсетуге болады: [7, 98 б. ]
Қаржылық қорытындыны шығару үшін өнімнің өзіндік формасын кабылдайтын өндіріс және жүзеге асыруға түсім мен шығындарды салыстыру қажет.
Түсім өзіндік құннан асқанда қаржылық қорытынды табыс алуды куәландырады. Кәсіпкер өзінің мақсаты етіп табысты қояды, бірақ ол мақсаттқа майемі жетпейді. Егер түсім өзіндік құнға тең болса тек өндіріс пен өнімді таратуға кеткен шығынды ғана жаба алады. Тарату шығынсыз жүрді, бірақ өндірістің, ғылыми - техникалық, әлеуметтік дамудың қайнар көзі ретіндегі табыс жоқ.
Түсімнен жоғары шығындарды кәсіпорын теріс қаржылық нәтижені алады, ол қиын қаржылық жағдайға әкеледі. Кәсіпорынға тәуелді факторлар: таратылатын өнімге баға деңгейі және енбек ақы.
Кәсіпорынға тәуелді факторларға шаруашылық жүргізу деңгейі, басшылар мен менеджерлердің басқаруы, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, оның өтімділігі, өндірістік және қаржылық жоспарлаудың тиімділігі.
Таза табыс формуласы:
Таза табыс = жалпы түсім алу (өнімнің толық (коммерциялық) өзіндік құны + кәсіпорын төлейтін салық + айып санкциялар) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz