Темір жол көлігі туралы


Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлімТемір жол көлігі қажеттеріне арналған жерлерТемір жол көлігінің күзет аймақтарыТемір жол көлігінің қажетіне арналған жерді бөлу мен пайдалану тәртібіТемір жол көлігінің қорғалатын аймақтары
- Қорытынды
Кіріспе
1. Тасымалдаушыға немесе тасымалдау процесіне қатысушысына өздеріне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жер пайдалануға немесе меншікке берілетін жер темір жол көлігінің қажеттеріне арналған жер болып табылады.
Темір жол көлігі қажеттеріне арналған жерге мынадай темір жолдарға және олармен технологиялық байланыстағы құрылғылар мен ғимараттарға:
- магистраль жолдарына және солармен технологиялық байланыстағы құрылыстар мен ғимараттарға ( темір жол белдеуі, көпірлер, тоннельдер, виадуктер, сигналдық жабдықтар, қызметтік техникалық үйлер)
- кірме жолдар
- энергетика, локомотив, вогон, жол және жүк шаруашылықтары сумен жабдықтау және канализация құрылыстары, қорғау және бекіту екпелері, қызметтік және темір жол көлігіне қызмет көрсететін арнаулы мақсаттағы өзге де объектілері бар темір жол станциялары (вокзалдар)
- темір жолдарға берілген белдеулер мен күзет аймақтарына бөліп берілген жерлер жатады.
Тасымал процесіне қатысушылар өздерінің кінәсін қоршаған ортаға келтірген зияны үшін, сондай ақ темір жол көлігінің қажетіне арналған жерді тиісінше күтіп ұстамағаны үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
Темір жол көлігінің қажеттеріне арналған жер учаскелері темір жолдар мен темір жол станцияларын дамытудың жобалау техникалық құжаттамасына және бас схемасына сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтер бойынша беріледі.
Тұрғын халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай ақ темір жол көлігі қажеттеріне арналып бөлінген белдеуге іргелес жер учаскелеріндегі объектілерді қауіпсіз пайдалану мақсатында жер пайдаланудың ерекше шарттарымен күзет аймақтары белгіленеді, олардың шегінде аймақтарды белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлері шектеледі немесе оларға тыйым салынады.
- Темір жол көлігінің күзет аймақтарына: орманды қорғау белдеулері, көлік құрылыстарының, құрылғылары мен басқа да объектілерінің сақталуын, төзімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті жер учаскелері, сондай ақ темір жол көлігіне бөлінетін белдеуге іргелес орналасқан, сел қаупі, көшкін қаупі бар аймақтардағы және басқа да қауіпті әсерлер төнетін жерлердегі жер учаскелері кіреді.
Күзет аймақтары жер учаскелерінің мншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учакскелерін алып қоймай белгіленуі мүмкін.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай ақ темір жол көлігінің қажетіне арналған жерге бөлінген белдеуге жанасатын жер учаскелеріндегі объектілерді қауіпсіз пайдалану мақсатында, жер пайдаланудың ерекше жағдайларымен қорғалатын аймақтар белгіленеді, олардың шегінде аймақтарды белгілеу мақсаттарымен сыйыспайтын қызмет түрлеріне шек қойылады немесе тыйым салынады.
Темір жол көлігінің қорғалатын аймақтарына көлік құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектілерінің сақталуын, беріктігін әрі орнықтылығын қамтамасыз етуге қажетті қорғаныш орман аймақтары, жер учаскелері, сондай ақ темір жол көлігіне бөлінген белдеуге жанасатын, сел қаупі, көшкін қаупі және басқа да қауіпті жағдайлар болатын аймақтардағы және өңірлердегі жер учаскелері жатады.
Темір жол көлігі қорғалатын аймақтарының жері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың иелігінен алынбайды және олар бұл жерді белгіленген шектеулерді сақтай отырып пайдаланады.
Темір жол көлігінің қорғалатын аймақтарына:
- темір жол көлігінің қажетіне арналған жерге іргелес жатқан учаскенің меншік иесінің немесе оны пайдаланушының жазбаша келісімінсіз тұрақты және уақытша сипаттағы құрылыс, монтаждау және тау кен жұмыстарын жүргізуге;
- көшкіннің, шөгіндінің, сел тасқынының, сай жыраның пайда болуына, сусымалы құмдардың, қар үйінділерінің, көшкіннің туындауына, өзге де осындай зардаптарға әкеліп соғатын тәсілдермен ағаштарды кесуге және өсімдік қабатын бұзуға тыйым салынады. темір жол көлігінің қажетіне арналған жерді бөлу мен пайдалану тәртібі.
Жер учаскелерін беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Жер учаскелері темір жолдар мен темір жол станцияларын дамытудың жобалау техникалық құжаттамасы мен бас схемаларына сәйкес, уәкілетті органмен келісе отырып белгіленген тәртіпппен бекітілетін нормативтер бойынша беріледі.
Бөлінген белдеудегі темір жол көлігінің қажетіне арналған жерді пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарына сәйкес уәкілетті орган белгілейді.
Темір жол көлігі қызметкерлерінің еңбек қатынастарын реттеу ерекшеліктері
Темір жол көлігі қызметкерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарымен, бас келісіммен, салалық келісімдермен, жеке еңбек және ұжымдық шарттармен реттеледі.
Темір жол көлігінің поездар қозғалысына тікелей байланысты қызметкері кәсіби даярлығы мен денсаулығы жөнінен уәкілетті орган белгілейтін талаптарға сай болуға тиіс.
Темір жол көлігінің поездар қозғалысына тікелей байланысты қызметкері жұмыс режимінің ерекшеліктерін уәкілетті орган белгілейді.
Темір жол көлігінің қызметкерін жұмыстан шеттетудің қосымша негіздері
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдарында көзделген негіздемелерден басқа уәкілетті органның, магистралдық темір жол желісі операторының талап етуі бойынша жұмыс беруші мынадай жағдайларда:
- магистралдық темір жол желісі диспетчерлік қызметінің, операторының тасымалдау процесі мен поездар жүрісін басқаруға байланысты нұсқауларын орындамағаны үшін;
- жұмыс уақытының режимін бұзғаны үшін темір жол көлігінің қызметкерін жұмыстан шеттетуге міндетті.
Жұмыстан шеттетілген кезеңге жалақы сақталмайды. Қызметкерді жұмыстан шеттету осыған негіз блған себеп анықталғанға дейінгі мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін.
- Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай ақ темір жол көлігінің қажетіне арналған жерге бөлінген белдеуге жанасатын жер учаскелеріндегі объектілерді қауіпсіз пайдалану мақсатында, жер пайдаланудың ерекше жағдайларымен қорғалатын аймақтар белгіленеді, олардың шегінде аймақтарды белгілеу мақсаттарымен сыйыспайтын қызмет түрлеріне шек қойылады немесе тыйым салынады.
Темір жол көлігінің қорғалатын аймақтарына көлік құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектілерінің сақталуын, беріктігін әрі орнықтылығын қамтамасыз етуге қажетті қорғаныш орман аймақтары, жер учаскелері, сондай ақ темір жол көлігіне бөлінген белдеуге жанасатын, сел қаупі, көшкін қаупі және басқа да қауіпті жағдайлар болатын аймақтардағы және өңірлердегі жер учаскелері жатады.
Темір жол көлігі қорғалатын аймақтарының жері меншік иелері мен жер пайдаланушылардың иелігінен алынбайды және олар бұл жерді белгіленген шектеулерді сақтай отырып пайдаланады.
Темір жол көлігінің қорғалатын аймақтарына:
- темір жол көлігінің қажетіне арналған жерге іргелес жатқан учаскенің меншік иесінің немесе оны пайдаланушының жазбаша келісімінсіз тұрақты және уақытша сипаттағы құрылыс, монтаждау және тау кен жұмыстарын жүргізуге;
- көшкіннің, шөгіндінің, сел тасқынының, сай жыраның пайда болуына, сусымалы құмдардың, қар үйінділерінің, көшкіннің туындауына, өзге де осындай зардаптарға әкеліп соғатын тәсілдермен ағаштарды кесуге және өсімдік қабатын бұзуға тыйым салынады.
- Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер - темір жолдар, құрылыстар, жол желісіедегі және басқа ғимараттар, темр жол станциялары, қорғаныштық орман екпелері және жол құрылғылары алып жатқан жер учаскелері.
Ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердің түрлері:
- Өнеркәсіп жерлері;
- Темір жол көлігінің жері;
- Автомобиль көлігінің жері;
- Теңіз және ішкі су көлігінің жері;
- Әуе көлігінің жері;
- Құбыр тасымалы көлігінің жері;
- Байланыс және энергетика жері;
- Қорғаныс қажеттеріне арналған жерлер;
- Ауыл шаруашылығынан өзге де мақсатқа арналған жерлері;
Темір жол көлігінің инфрақұрылымын дамыту қолданыстағы темір жол желісін Қазақстан халқының, экономикасы мен өнеркәсібінің қажеттілігінен шыға отырып, жаңа учаскелер салу арқылы желілерді оңтайландырумен қатар қауіпсіздік пен қозғалыс жылдамдығын әлемдік стандарттарға сәйкес келтіруге бағытталатын болады.
Қалпына келтіру, жүк тасымалдылығы көп учаскелердің өткізу қабілетін арттыру және электрлендіруді қоса алғанда, халықаралық транзит дәліздерінде және негізгі республикаішілік бағыттарда магистральдық желінің техникалық жай-күйінің деңгейі басымдылық ретімен арттырылуы тиіс.
Инфрақұрылым объектілерінің негізгі қорларына кезең-кезеңімен жаңарту жүргізілуі және олар темір жол көлігінің халықаралық стандарттарына сәйкес келтірілуі тиіс.
Темір жол көлігінің желісін өңірлік басымдықта дамыту Солтүстік - Оңтүстік (Ресей - Орталық Азия) және Шығыс - Батыс (Оңтүстік Шығыс Азия - Қытай - Еуропа) бағыттарында жүргізілетін болады.
Стратегияны іске асыру кезеңінде жаңа темір жол желілерін салу жөніндегі мынадай инфрақұрылымдық жобалар қаралатын және экономикалық негіздеме болған жағдайда іске асырылатын болады:
Бейнеу - Шалқар станциясы учаскесі, поездардың жүру бағытының ұзақтығын батыс өңірі мен Азия елдерінің Ақтау теңіз порты арқылы қатынасында орта есеппен 530 км-ге қысқарады;
Қорғас - Сарыөзек учаскесі, ол қолданылып жүрген бағыттармен салыстырғанда Ақтау портынан Қытайға дейінгі темір жол тасымалдарының қашықтығын едәуір қысқартады, ал Шалқар - Бейнеу темір жол желісін салу жобасы іске асырылғаннан кейін Цзиньхе - Ақтау бағытының ұзақтығы қазіргі 3 920 км-дан 3 222 км-ге дейін қысқарады;
Жезқазған - Сексеуіл станциясы учаскесі, ол Қазақстанның орталық облыстарынан Ақтау портына анағұрлым қысқа шығуды қамтамасыз етеді және іргелес өңірде көмір, мұнай-газ, мыс-темір рудасы және басқа да кен орындарын игеруде жәрдем етеді;
Шар станциясы - Өскемен учаскесі, ол Локоть станциясы арқылы қолданыстағы бағыттармен салыстырғанда тасымалдау қашықтығын Ресей аумағы арқылы жүруді қажет етпестен 300 км-ден астамға қысқартады;
Қазақстан жүктерін Каспий теңізіне неғұрлым тиімді тасымалдау және Ақтау теңіз портынан шамадан тыс жүктемені азайту үшін Маңғышылақ - Баутино және Ералиев - Құрық жаңа темір жолдары құрылысы жүзеге асырылатын болады.
Темір жолдарды одан әрі жаңғырту үшін жүк тасымалдылығы көп Мақат - Қандыағаш, Алматы - Ақтоғай, Қостанай - Железорудная және Хромтау - Алтынсарин учаскелерін электрлендіру бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады.
Өңірлер арасында өте қысқа бағыттар бойынша жүк тасымалдарын оңтайландыруға және жаңа темір жол желілерін салу арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерге экспортталатын тауарларды жеткізуді жеделдетуге мүмкіндік беретін ұлттық тұйық темір жолдар желісін қалыптастыру жүк поездарының артық жүрістерін болдырмауға және түпкі өнім құнындағы көліктік құрамдастар үлесін төмендетуге мүмкіндік береді.
Темір жол көлігінің инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруда олардың жоғары капитал қажеттілігіне байланысты мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік нысаны кеңінен қолданылатын болады. Жаңа инфрақұрылымдық объектілер құрылысы кезінде жеке бастамашылықты тарту үшін мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестіктің әртүрлі схемасы қолданылатын болады.
Темір жол көлігінде жүргізілген құрылымдық қайта құрулар көлік қызметтерінің бәсекелі нарығын қалыптастыру мен дамыту үшін негіз және қажетті алғышарттар құрады. Тасымалдау қызметін қызмет көрсетуден бөлу және магистралдық желені ұстау жолаушылар мен жүктер тасымалдары бойынша қызметтер ұсынуда бәсекелі ортаның қалыптасу мүмкіндігін көздейді. Локомотивтік тарту мен жүк вагондарын ұсыну жөніндегі қызметтер де бәсекелі секторға бөлінген.
Сонымен бірге магистральдық темір жол жүйесінің қызметтерін ұсыну табиғи-монополиялық сала болып қала береді және мемлекеттің қарауында болады. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының жоғары әлеуметтік қыры мен магистральдық желіні пайдаланғаны үшін тарифтер деңгейіне экономикалық тәуелділігін ескере отырып, оларды қалыптастыру оны жөндеуге және ұстауға арналған белгілі бір шығындар нормасын және Ұлттық режимді ұсыну туралы 1994 жылғы тарифтер мен сауда туралы бас келісімнің (ТСБК) талаптарын ескерумен, магистральдық темір жол желісі қызметтеріне тарифтерді маңызды өлшемдер бойынша саралау мүмкіндігін көздейтін айқын әдістемеге негізделуі тиіс.
Кез келген ықтимал операторға көлік қызметтері нарығына қол жеткізудің бірыңғай талаптары мен тең шарттарын белгілеу үшін тиісінше нормативтік құқықтық база жетілдірілуге тиіс. Лицензиялау мен сертификаттау жүйесі осы талаптардың орындалуын және ұсынылатын қызметтердің қажетті сапалық деңгейін қолдауды қамтамасыз етуі тиіс.
Мемлекет белгілейтін әлеуметтік мәні бар қатынастар (облысаралық, ауданаралық және қалааралық) бойынша жолаушыларды тасымалдауға арналған тарифтердің шекті деңгейін шектеу Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес көзделетін мемлекеттік бюджеттен (республикалық немесе жергілікті) субсидиялар түрінде осындай тасымалдарды ұйымдастыруға байланысты залалдар үшін тасымалдаушыларға өтемақы тетіктерін көздеуі тиіс.
“Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы” - республика экономикасының күретамыры - темір жол транспорты жұмысын одан әрі дамыту бағытында ауқымды іс-шараларды жүзеге асыруда. Ең негізгі ұстанымы - сенімділік пен тиімділікке негізделген іргелі компанияның бүгінгі таңдағы басты мақсаты - ел әл-ауқатын, Қазақстан экономикасын өркендетуге сүбелі үлес қосу. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, жүк және жолаушы тасымалында, өзге де мәселелерде тиімділік пен нәтижелікке қол жеткізілуде. Ұлттық компанияның республика аймағындағы темір жолдарды бүгінгі заманның жоғары талаптарына, болашақ бағдарламаларға орай одан әрі қуаттандыруға арналған өте күрделі, мол қаржыны қажет ететін бірқатар жобаларының өз шешімін табуы құптарлық жәйт.
Соңғы жылдары жалпы ұзындығы - 14878 шақырымға, салааралық кәсіпорындарының саны 340-қа дейін жеткен “Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясының өндірістік көрсеткіштері біршама өсті. Мәселен, орташа тәуліктік жүк тиеу, жүк түсіру 2, 5 есеге, ал шығарылған өнімнің жылдық көлемі үш есеге көбейді. Жүк тасымалы болса, 300 миллиард тонна шақырымды құрады. Сонымен қатар, өндірістік қорларды пайдалану тиімділігі де арта түсуде. Айтуға жеңіл, жәй ғана цифрлардың соңында осы салада қажырлылықпен еңбек етіп жүрген мыңдаған адамның маңдай тері тұр. Еліміздің темір жол саласында қазірде 125 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бұл республика халқының 1 пайызын құрайды.
Ұлттық компания мамандарының айтуынша, Қазақстан темір жолы қуатының ауқымдылығына көз жеткізу қиын емес. Өйткені, оған нақты әрі салмақты деректер жеткілікті: темір жол көлігінің үлесіне еліміздегі барлық жүк айналымының - 68 пайызы, жолаушылар айналымының - 57 пайызынан астамының тиюі соның айқын айғағы. Республикадағы 14 мың шақырымнан астам жолдың 5 мыңы - қосжолды, ал 4 мыңға жуығы - электрлендірілген. Ырғақты түрде дамып отырған салада өндірістік, қаржылық және техникалық көрсеткіштердің жоғары деңгейге көтерілуінің сыры сала жетекшілері мен мамандардың істі ұтымды ұйымдастыра білуінде болса керек. Ұлттық компания дәйектілікпен іске асырып отырған маңызды мәселелердің арасында республиканың транзиттік-көліктік қуатын ұлғайту да бар. Компанияның еліміздің көліктік рыногында ең ірі және өркендеп өсіп отырған секторға айналуы құптарлық жәйт. Мұнымен қоса ол көпшілік пікірінше, ең сенімді және қауіпсіз көлік түрі болып есептелінуде. Қазақстандық тұрғындардың басым көпшілігі, нақтырақ айтқанда, 15 миллионға жуығы темір жол көлігін пайдаланып, оның қызметіне жоғары баға береді. Қазақша айтқанда, тоқсан тарау жолдың тоғысында тұрған республиканың темір жол магистралы Қазақстанды Ресеймен және Еуропа елдерімен, Азия - Тынық мұхит аймағындағы елдермен, Орталық Азия, Таяу Шығыспен байланыстырады. Сонымен қатар, темір жол Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Қытай мемлекеттері темір жолдарымен де тоғысады. Мұның өзі көліктің қызмет рыногындағы негізгі артықшылықтардың бірі десе де болады.
“Бармасаң, келмесең жат боласың” демекші, экономика күретамыры - темір жол қызметіне жүктелген салмақ өте ауқымды әрі күрделі де қиын екенін атап айту қажет. Мемлекет экономикасының тұрақты дамуы халықтың тіршілік деңгейі мен жағдайының жақсаруы темір жол көлігі қызметіне тығыз байланысты десек, бұл орайда ауыз толтырып айтарлықтай табыстар да аз емес. Қоғамдағы ең басты құндылық адам. “ҚТЖ” ҰК” жолаушылар қауіпсіздігіне, оларға көрсетілетін қызмет сапасына ерекше көңіл бөлуде. “Театр киім ілгіштен басталады” демекші, жолаушылар пойыздарындағы қызмет көрсету деңгейі үлкен ұжымның бет-бейнесін көрсетеді. Сондықтан да темір жол бекеттері мен пойыздарда жолаушыларға сервистік сапалы қызмет ұсыну жолға қойылған. “Жолаушылар тасымалы” ашық акционерлік қоғамы жолаушыларға көрсетілетін қызметтің жаңа түрлерін енгізуде. Әсіресе пойыздардағы бригада қызметкерлерінің кәсіби білім деңгейін, мәдениетін арттыру бірінші кезектегі іс. Бүгінде жаңа бағдарлар ашылып, темір жол бекеттері қайта құрылуда.
Алдыңғы 2003 жылы жолаушылар қозғалысы кестесіне бірден бірнеше жаңа бағыттар - Астана-Бішкек, Астана-Адлер, Алматы-Санкт-Петербург, Атырау-Симфереполь, Астана-Көкшетау енгізілді. Бұл бағдарлар көпшілік сұранысы мен қажеттілігін терең зерттеп, талдау нәтижесінде ғана іске асырылды. Қызмет сапасын одан әрі жетілдіріп, түрлерін көбейту мәселесіндегі талпыныстың тереңдігі қуантады. Биылғы жылдан бастап пойыздарда кабельді теледидар қызметін қалыпқа келтіру ойластырылған.
Соңғы уақыттардағы тағы бір жаңалық “Жібек жолының маржаны” аталған жаңа туристік маршрут азғана уақыт ішінде көпшілік ықыласы мен қолдауына ие болды. “Жолаушылар тасымалы” АҚ Тұран-Азия туристік агенттігі және “Lernіdee” неміс фирмасы бірлесіп ұйымдастырған сапарға қатысушы туристер Шығыстың інжу-маржаны атанған - Алматы, Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Хиуа және тағы да басқа көрікті әрі ежелгі, тарихы терең қалаларды аралап, көріп, халықтың салт-дәстүрімен танысуда.
Биыл “Жолаушылар тасымалы” АҚ Қазақстан туристік ассоциациясымен бірлесіп, алты туристік маршрутты ұйымдастыруды жоспарлауда. Астана мен Бурабай арасына “Оқжетпес” электр пойызының қатынай бастағанына биыл үш жылға жуықтады. 1, 2, 3 класты вагондар теледидармен және басқа да қажетті жабдықтармен жабдықталған. Бүгінде республикада қала сырты қатынасына арналған 73 маршрут жасақталды. Жыл басынан бері пайдалануға қолайлы әрі сенімді темір жол көлігін 4 миллионға жуық жолаушы пайдаланған.
Қазақстан темір жолы тарихындағы ірі оқиға - темір жолдың құрылғанына 100 жыл толу мерекесі республикада өндірістік, қаржылық жоғары көрсеткіштермен қарсы алынды. 2004 жылы тамыз айында Астанада өткен мерекелік салтанатқа қатысқан Мемлекет басшысы Н. Назарбаев темір жолдың Қазақстан экономикасын қалыптастыруда, мемлекеттік тәуелсіздікті нығайтуда аймақтық тұтастықты, елдегі тұрақтылықты қалыптастырудағы рөліне жоғары баға берді. Өз кезегінде теміржолшылар Елбасына жақын арада темір жол құрылысында жаңа ірі жобаларды іске асыруға, бәсекеге қабілетті темір жол өнімдерін көптеп шығаруға уәде етті. Теміржолшылар өз уәделерінде тұрып, үлкен азаматтық та танытты. Арада бір ай өтіп үлгермей-ақ 9 қарашада қазақстандық теміржолшылар ауыр салмақты жүк тасымалдауда әлемдік рекордқа қол жеткізді. Ақтау портынан Құлсары стансасына дейін жеткізілген жүктің көлемі төрт қабатты үйдің көлеміндей еді. Бұл жүк темір жолдың барлық бөлімшелері қызметкерлерінен кәсіби шеберлікті, біліктілікті және төзімділікті қажет еткендігі ақиқат.
Осындай өте күрделі сынақтың сәтті аяқталғаны шынында да ел көңілін көкке көтеретін ірі қуаныш. Өйткені, теміржолшы мамандығы ерлік пен өрлікті талап ететін кәсіп. Алтынсарин-Хромтау жаңа темір жолында жүйелі түрде қатынауға мүмкіндік туды. Жаңа жол торабы Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік жылдарындағы темір жол құрылысындағы ең ірі жоба болып есептелінеді. Бір құптарлығы, бұл еліміздің Батыс аймағына өзге мемлекеттердің темір жол учаскелеріне соқпай өтетін қолайлы жол. Алтынсарин-Хромтау жолын пайдалану нәтижесінде жыл сайын мемлекеттің 160 миллион доллар қаражаты үнемделді. Орталық және батыс жолдарын тікелей жалғаған Алтынсарин-Хромтау тасымал тасқынын да арттырды. Мерекелік жылы 4 мыңнан астам теміржолшы медальдармен марапатталды.
Қарамағанда ірі локомотив паркі (700 тепловоз, 600 электровоз) және вагондар паркі (86 мың жүк және 2000 жолаушылар пойызы) бар “Қазақстан темір жолы” Ұлттық компаниясы” саланың қайта құрылған (2001 ж. ) уақытынан бастап бүгінгі кезеңге дейін кедергісіз дамуда. Ұжымда еліміздің темір жол көлігін бүгінгі таңдағы дамыған рыноктық бәсеке жағдайында жоғары талапқа жауап беретіндей деңгейге жеткізу мәселесі бірінші кезекке шығарылған. Республика темір жол көлігінің сыртқы және ішкі қатынасын одан әрі өрбітіп, жаңа бағдарлар көбейтілуде. Жолаушы және жүк тасымалы қызметінде тың әдістер мен формалар енгізілді. Үкімет қаулысымен (2004 жылғы ақпан) темір жол көлігін 2004-2006 жылдары қайта құру бағдарламасы жолаушылар тасымалын 2005 жылдан бастап республикалық бюджеттен субсидиялау көзделді. Өткен жылы республикалық бюджеттен бөлінген 10 миллиард теңге әлеуметтік мәні бар жобаларға, жолаушылар тасымалына жұмсалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz