Экономикалық өсу жайлы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 тарау. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ТҮСІНІГІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Экономикалық өсу мән.мағынасы, түрлері, ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Экономикалық өсу басты факторлары мен мақсаттары ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Экономикалық өсудің негізгі үлгілері (әлемдік тәжірибе) ... ... ... ... ...13

2 тарау. ҚР.НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 ҚР экономикалық даму кезеңдерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2 Қазақстан экономикасы өсуін тұрақты тенденцияға айналдыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеметтік мәселелерді шешуде маңызды бола отырып, бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез келген мемлекет өз халқының тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Ал бұл міндетті атқару үшін ұлттық экономиканың, халық шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу қажет.
Өсу кез келген экономиканың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл-ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға қол жеткізу мақсаттары көрсетілген. Жоғары индустриалды қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрудің жоғары деңгейімен және сапасымен, халықтың әлеуметтік топтары арасындағы қайшылықтардың жеңілдеуімен сипатталады.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде негізігі себеп болған: Экономикалық өсу кез келген мемлекет үшін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Яғни мемлекеттің даму қарқын айқындау үшін оның экономикалық өсуіне талдау жүргізу арқылы анықтауға болады. Менің ойымша, экономикалық өсу тақырыбы өте актуалды болып келеді. Оның актуалдығы келесідей себептермен түсіндіріледі: Мемлекеттің экономикасының өсуіне талдау, болжау және жоспарлау жұмыстарын жасау арқылы оның себеп салдарын анықтауға болады. Экономика циклдық сипатта дамиды, яғни экономиканың құлдырауынан кейін әрқашанда өсу немесе өркендеу процесі орын алады. Сондықтан экономика үшін экономикалық өсудің мазмұны мен себептерін түсіну өте маңызды болып табылады.
Тақырыптың өзектілігіне сәйкес мен мына мәселені – Қазақстан Республикасының экономикалық өсу жағдайын талдау мәселелесіне тоқталдым. Тақырыптың мақсаты – Қазақстан Республикасы ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету. Бұл мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттемелер қойдым:
~ Тұрақты экономикалық өсуге жету үшін нақты мәселелерді шешу;
~ Осы мәселелерді шешуде қарастырылатын кедергілер;
~ Экономикалық өсуге арналған бағдарламалар мен саясаттарды қарастыру.
1. Е. Б. Жатқанбаев «Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы;»- Алматы, – 2006 ж
2. Ж. Х. Ғабит «экономикалық теория;»- Астана – 2006 ж
3. Н. Қ. Мамыров, М. Ә. Тілеужанова «Макроэкономика;»- Алматы экономика- 2003
4. Л. А. Бимендиева, Ш. П. Жылсақсынова «Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде;», //ҚазҰУ хабаршысы – 2004, №6, 18-22б
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы туралы баяндама;», //www. Google. kz/
6. Б. Досманбетов «Еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуының басым бағыттары;» ,//Жаңа ғасыр – 2006, №1, 20-28б
7. Жұмабайқызы «Экономикалық өсім жағынан Қазақстан Ресейді басып озды;», //Айқын – 2006, 22 қараша
8. Н. Қ. Мамыров, А.Н. Саханова, Ш. С. Ахметова, Л. Брузати «Государство и бизнес 1-том;»- Алматы – 2002 ж
9. Г.М. Гукосян. Экономическая теория. Практикум. М.: ИНФРА-М, 1999г. 89-91 беттер.
10. “Қазақстан – цифрларда;”, Статистикалық жинақ/Редакциясын басқарған Б. Т. Сұлтанова - Алматы, 2006ж
11. Тюнин А.И. Экономический рост РК // Статистика, учет и аудит. №3 (16) 2004. 53-54 беттер.
12. Сидорец Г. Механизм устойчивого развития национальной экономики // Саясат №1, 2005ж
13. Аубакиров Я.А., Байжумаев Б.Б, Жакыпова Ф.И, Табеев Т.П. «Экономикалық теория;»- Алматы, 1999ж.(3 бөлім)
14. К. Сатымбекова «Тенденции экономического развития РК в современном условиях;»,//Саясат – 2005, №8 (4-5б)
15. www. google. kz/ “2007 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Жалпы ішкі өнім”
16. www. google. kz/ “Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу”
17. Б.М. Мұхамедиев, Р.Т. Дуламбаева, Д.Ж. Рахматуллаева “Макроэкономика дәрістерінің курсы;”- Алматы, “Қазақ университеті” – 2007
18. Агапова Т. А., Серегина С.Ф. Макроэкомика: Учебник. – МГУ, 1997.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 тарау. Экономикалық өсу түсінігінің
теориялық аспектілері
1.1 Экономикалық өсу мән-мағынасы, түрлері,
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Экономикалық өсу басты факторлары мен
мақсаттары ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Экономикалық өсудің негізгі үлгілері (әлемдік
тәжірибе) ... ... ... ... ...13

2 тарау. ҚР-НЫҢ экономикалық өсу жағдайын талдау
2.1 ҚР экономикалық даму кезеңдерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 19
2.2 Қазақстан экономикасы өсуін тұрақты тенденцияға айналдыру

жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..26

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
27

КІРІСПЕ

Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеметтік мәселелерді шешуде
маңызды бола отырып, бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез келген
мемлекет өз халқының тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуға және ұлттық
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Ал бұл міндетті атқару үшін ұлттық
экономиканың, халық шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қол
жеткізу қажет.
Өсу кез келген экономиканың басты мақсаттарының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан 2030 Бағдарламасында
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты
экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл-ауқат жағдайын
көтеруге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға қол жеткізу мақсаттары
көрсетілген. Жоғары индустриалды қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрудің
жоғары деңгейімен және сапасымен, халықтың әлеуметтік топтары арасындағы
қайшылықтардың жеңілдеуімен сипатталады.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде негізігі себеп болған:
Экономикалық өсу кез келген мемлекет үшін негізгі көрсеткіштердің бірі
болып табылады. Яғни мемлекеттің даму қарқын айқындау үшін оның
экономикалық өсуіне талдау жүргізу арқылы анықтауға болады. Менің ойымша,
экономикалық өсу тақырыбы өте актуалды болып келеді. Оның актуалдығы
келесідей себептермен түсіндіріледі: Мемлекеттің экономикасының өсуіне
талдау, болжау және жоспарлау жұмыстарын жасау арқылы оның себеп салдарын
анықтауға болады. Экономика циклдық сипатта дамиды, яғни экономиканың
құлдырауынан кейін әрқашанда өсу немесе өркендеу процесі орын алады.
Сондықтан экономика үшін экономикалық өсудің мазмұны мен себептерін түсіну
өте маңызды болып табылады.
Тақырыптың өзектілігіне сәйкес мен мына мәселені – Қазақстан
Республикасының экономикалық өсу жағдайын талдау мәселелесіне тоқталдым.
Тақырыптың мақсаты – Қазақстан Республикасы ұзақ мерзімді экономикалық
өсуді қамтамасыз ету. Бұл мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттемелер
қойдым:
~ Тұрақты экономикалық өсуге жету үшін нақты мәселелерді шешу;
~ Осы мәселелерді шешуде қарастырылатын кедергілер;
~ Экономикалық өсуге арналған бағдарламалар мен саясаттарды
қарастыру.

1 Экономикалық өсу түсінігінің теориялық аспектілері

1.1 Экономикалық өсу мән-мағынасы, түрлері, ролі

Экономикалық өсу дегеніміз- бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы
түрде жетілдірілуі. Экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық
экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ-ң
артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Мағынасы бойынша, экономикалық
өсу өз құрамына өндіріс нәтижелеріне жаңа үдемелі теңдіктердің қалыптасуын
қосатын, экономикалық даму процесінің бір нысаны болып табылады. Даму- бұл
көпөлшемді процесс, оның құрамына техникалық экономикалық, әлеуметтік,
саяси саладағы терең түбегейлі өзгерістер кіреді.
Экономикалық даму оң және теріс динамикада болуы мүмкін. Ал,
экономикалық өсу экономикалық дамудың оң динамикасы болып табылады.
Экономикалық өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі
табылады. Сонымен, экономикалық өсу- бұл экономика дамуының оң динамикасын
сипаттайтын, экономикалық элементтердің (жұмыссыздық, баға, өндіріс, т.б )
даму бағыты. Сонымен қатар, Экономикалық өсу- бұл номиналды және нақты ЖҰӨ-
ң өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экономикалық қуатының артуының
негізі. Сондықтан, экономикалық өсу мемлекеттің экономикалық саясатының
басты мәселесі болып табылады.
Нақты экономикалық өсу- Экономикадағы негізгі қайшылықты (ресурстардың
шектеулілігі мен қоғамдық қажеттіліктердің шексіздігі арасынлағы) жаңа
деңгейге шешу. Ол екі тәсілмен шешілуі мүмкін:
1 Өндірістік мүмкіншіліктерді арттыру арқылы (жаңа ресурстарды, өндіріс
процесінде жаңа мүмкіншіліктерді қолдану ).
2 Қолда бар мүмкіншіліктерді тиімді пайдалану және қоғамдық
қажеттіліктерді жетілдіру арқылы (темекі шегумен, нашақорлыққа қарсы күрес,
адамның өзін-өзі жетілдіруі, мәдениетті дамыту).
Қазіргі экономикалық өсу- нақты ұлттық табыстың өсу қарөынының халық
санының өсу қарқынынан тұрақты түрде жоғары болуы. Қазіргі экономикалық
өсуге тән белгілер:
1. Жан басына шаққандағы ЖІӨ өседі.
2. Халықтың білім деңгейі жоғарылайды.
3. Аграрлық сектордың үлесі азаяды.
4. Урбанизация процесі жеделдейді.
5. ЖІӨ-гі экспорттың үлесі артады.
6. ЖІӨ-гі жинақ үлесі біртіндеп өсе бастайды.
7. Экономика мен әлеуметтік-саяси даму арсында тығыз байланыс туындайды.
Экономикалық өсудің қарқыны мен экономикалық өсу сапасының жоғарылауы
арасында белгілі бір алшақтық болатынын айта кету керек. Өсудің жоғары
қарқыны өсу сапасының төмендеуі арқылы да болуы мүмкін. Мысалы, еңбек
шығындарының артуына, сол жылы эономикалық өсу қарқынын өсіретін жұмыс
күнінің үзаруы немесе еңбек интенсивтілігінің өсуі өз кезегінде
экономикалық өсу сапасына кері әсер етеді, яғни бос уақытты азайтады.
Керісінше, төмен және теріс экономикалық өсу қарқыны сапалы өнім шығару
негізінде тұтынуды қанағаттандырумен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан да көп
экономистердің ойы бойынша өсу аса жоғары қарқынды (9-10%) болса да, төмен
болса да (2-3%) экономикалық өсудің тұрақты қарқыны болу керек. [1, 260-
261б]
Экономикалық өсудің типтері:
Экстенсивті - өндірістік қуаттардың кеңеюі бұрынғы техникалық негізде
қалады.
Экстенсивті экономикалық өсудің кемшіліктері:
- техникалық тозуға ұшыратады;
- өндірістік стагнацияның (экономикалық өсудің тоқтауы) болуы мүмкін;
- өндірістік шығындардың басым болуы.
Артықшылығы:
- экономикалық өсудің қамтамасыз етудің қарапйымдылығы;
- табиғи ресурстарды жылдам игерілуі;
- еңбек қамтудың жоғары болуы.
Экстенсивті экономикалық өсудің факторалары:
1. жұмыс күші санының өсуі;
2. инвестиция көлемінің өсуі;
3. пайдаланылатын шикізат пен материалдардың көлемінің өсуі.
Интенсивті экономикалық өсу: техника мен технологияның жетілуі өндіріс
потенциалының көбеюіне әкеледі. Ерекшелігі:
- өндірістің ғылымсиымдылығының көтерілуі;
- ғылыми-техникалық ақпараттың кеңінен пайдаланылуы.
Интенсивті экономикалық өсудің факторалары:
- жаңа техника мен технологияның енгізілуі;
- жұмысшылардың квалификациясының өсуі;
- өндірісті ұйымдастырудың жақсаруы;
- қолданылып жүрген негізгі және айналым қорларының жақсаруы; [9, 89-91б]
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына
шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі
кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономиканың тұрақты өсуі, адам басына
шаққандағы табыстың өсуі- бұл экономикадағы жаңа құбылыс.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
1) Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ). Ал,
елдің экономикалық өсуін есептегенде, өсу көрсеткішінің қарқынын білу
керек.
Экономикалық өсу қарқыны = ЖІӨ1 ЖІӨ0 * 100%
ЖІӨ1 – нақты ЖІӨ ағымдағы жылда;
ЖІӨ0 – базистік жылдағы нақты ЖІӨ.
2) Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы
құрылымының өзгеруі, өндірісті қйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі
және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге
ауысуына негіз болады.
Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде
қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының
көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен
құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанғаттандыра
алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалды шеше алады. Экономикалық өсу
ресурс шектелуінің ахуалын шешуді жеңілдетеді.(3, 338-339 б)
Өсу кез келген экономиканың басты мақсаттарының бірі болып табылады.
Бұл мақсаттың басымдылығы екі жағдайға жауап берді:
1. Жеке және ұжымдық қажеттіліктердің өсуін қамтамасыз ету (өмір сүру
деңгейін көтеру).
2. Халықаралық бәсекеге қатысу үшін барынша жағымды жағдайлар жасау.
Өсу сатылары:
~ дайындық сатысы кезінде бірқатар құрылымдық өзгерістер баяу және кезеңді
жүргізіледі;
~ салыстырмалы қысқа (30-40жыл) өрлеу сатысы, артқа түскен инвестицияның
әсерінен экономика дамудың шегінен өтеді;
~ дамудың тұрақты өтпелі сатысы, азды-көпті күшті ауытқуларға қарамастан
экономика белсенділіктің тұрақты өспелі деңгейін сақтайды, бірақ бұл жерде
өсу қарқыны алдыңғы кезеңге қарағанда төмен болады.
Экономикасы дамыған елдердегі басты мәселелердің бірі -
экономикалық өсудің халықтың өмір сүру деңгейіне теріс әсер ететін келеңсіз
құбылыстардың дамуымен жалғасатындығында болып отыр. Бір жағынан, инфляция
мәселесі экономикалық саясатты үздіксіз етуге және жедел экономикалық өсуге
қол жеткізуге итермелейді. Осылайша үкіметтің барлық талпынысының негізі
тұрақты экономикалық өсу болып табылады.[1, 262 б]
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты болып халықтың материалдық әл-
ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады.
Материалдық әл-ауқатты көтеру экономикалық өсудің басты мақсаты ретінде
келесі негізгі құраушылармен нақтыландырылады:
1. Халықтың орташа жан басына шаққандағы табысы. Бұл мақсатқа қол
жеткізу жан басына шаққандағы ұлттық табыстың өсу қарқынынан көрінеді.
2. Бос уақытты көбейту. Бұл мақсат елдің жалпы ЖҰӨ немесе ҰТ
көрсеткіштерінде көрінбейді, бірақ қажетті игіліктің бірі болып табылады.
Сондықтан да бұл мақсатты бағалау кезінде аптаның белгілі бір қарастырылып
отырған уақытта қысқарылуын, қызметкердің еңбек қызметтің ұзақтығын ескеру
қажет.
3. Халықтың түрлі әлеуметтік топтары арасында ҰТ-ң бөлінуін жақсарту.
Егер нақты ҰТ өсіп, дұрыс бөлінбесе, онда экономикалық өсу халықтың
көпшілік бөлігі үшін тиімсіз болар еді, себебі олардың әл-ауқаты бір
қалпында қалады немесе одан нашарлай түседі. Сондықтанда экономикалық даму
процесінде әлеуметтік қорғау қағидасы ұсталуы керек.
4. Өндірілген тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту және әрлендіру.
Бұл көрсеткіштер нақты ҰТ-ға тікелей көрініс алмайды. Бірақ жоғары сапалы
және дифференцияланған тауарлар тұтынушылық қажеттіліктің қанағаттандырылу
деңгейін жоғарылатады, ол өз кезегінде тауарлар мен қызметтерге шығыстауды
көбейтеді, ал олардың жиынтық мөлшері өндірілген ҰТ көлемін сипаттайды.
Жоғарыда көрсетілген экономикалық өсу мақсаттарына жетуде халық
шаруашылығының өнеркәсіптңк өндіріс салаларының тиімді қызмет етуін арттыру
керек. Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттырып, экономикалық өсуге
жетудегі маңызды фактор – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру,
тиімді пайдалану. Техникалық прогресс экономикалық өсудің маңызды
қозғаушысы болып табылады. [4, 18-19 б]
Сонымен, экономикалық өсу – қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде
жетілдірілуі, нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық
шаруашылықтың дамуы. Ал, қазіргі экономикалық өсуге келсек, ол - өндірістің
ұзақ мерзімді өсу қарқынының халық санының өсу қарқынынан тұрақты түрде
артуы кезіндегі экономикалық даму. Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен
әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды бола отырып, бірнеше жүз жылдар бойы
зерттелуде. Кез келген мемлекет өз халқының тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын
жақсартуға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Ал бұл
міндетті атқару үшін ұлттық экономиканың, халық шаруашылығының әлеуметтік-
экономикалық дамуына қол жеткізу қажет.
Жоғары индустриалды қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрудің жоғары
деңгейімен және сапасымен, халықтың әлеуметтік топтары арасындағы
қайшылықтардың жеңілдеуімен сипатталады. Сондай-ақ меншік қатынастары,
экономикалық өсудің әлеуметтік және экономикалық факторлары арасындағы
арақатынас өзгереді, адам капиталының рөлі жоғарылайды. Басқаша айтсақ,
жоғары индустриалды сатыға өту үшін ұзақ мерзімді экономикалық дамуды
қамтамасыз етуі қажет.
Экономикалық өсу деп – қоғамдық өнімнің және өндіріс факторларының
сандық өсуін және сапалық жетілуін түсінеміз. Экономикалық өсудің
тұрақтылығы – экономикалық саясаттың басты бөлігі болып табылады.

1.2 экономикалық өсуДІҢ басты факторлары мен МАҚСАТТАРЫ

Ұлттық экономиканың өсуін өлшеу үшін жиынтық өнім көрсеткіштерін
Экономика ғылымында экономикалық өсудің негізгі 3 факторы бар: ұсыныс
факторлары (тікелей), сұраныс факторлары (жанама) және бөлу факторлары.
Ұсыныс (тікелей) факторы деп өндіріс көлемінің өсуін жүзеге асыруды
түсінеміз. Оның құрамына:
• Табиғи ресурстарының саны мен сапасы;
• Еңбек ресурстарының саны мен сапасы;
• Негізгі капиталдың көлемі мен сапасы;
• Қолданыстағы технология;
• Ғылыми жобалардың тәжірибеде қолданылуы жатады.
Сұраныс (жанама) факторына:
• Қоғамдағы жиынтық табыстар мен шығындардың деңгейі;
• Бос капиталдың қолма-қолдығы;
• Кредиттік қатынастар жүйесінің дамуы және тұтынушылардың кредит алу
мүмкіндіктері;
• Табысқа салынатын салықтың төмендеуі;
• өндірістік ресурстарға бағаның төмендеуі жатады.
Бөлу факторларына:
• өндіріс факторларын және ресурстарын ұтымды орналастыру;
• табыстарды бөлу;
• елдің экономикалық құрлымының өзгеруі;
• өндірілетін өнім бағасының динамикасы;
• экономикадағы инфляциялық процестердің болуы.
пайдалануға болады: ЖІӨ, ЖҰӨ, ҰТ. [13, 149-150]
Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және
технологиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады.
Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ, олар:
1) Сұраныс факторы.
2) Бөлу, тарату факторы.
Өндіріс әлуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді
дер кезінде сату да маңызды.
Экономиканың өсуіне әсер ететін сұраныс пен ұсыныс факторлары бір
бірімен тығыз байланысты.
Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі.
Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс
талдырмасы (шок) және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе
теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясат тұрақтандыруға тырысады.
Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі
экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсунің көлемін
ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық
ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім
көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторының және
заңдылықтарының талдауы макроэкономикалық теорияның басты сұрақтарының
біреуі болып табылады. [3, 339-340 б]
Экономикалық өсуге әсер ететін факторлар тікелей және жанама болып
бөлінеді. Тікелей фактор экономикалық өсуге физикалық қабілеттілікті
тікелей анықтайды. Жанама осы қабілеттің іске асу мүмкіншілігіне әсер
етеді. Тікелейді 5 негізгі факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен
ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді:
- еңбек ресурстары санының көбеюі және сапасының жоғарылауы;
- негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы;
- өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуының жетілдірілуі;
- шаруашылық айналымына тартылған өндіріс ресурстарының саны мен сапасының
өсуі;
- қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттердің өсуі.
Жанамалар құрамына мынадай ұсыныс факторлары жатады: нарықтың
монополиялану дәрежесінің төмендеуі, өндіріс ресурстарына бағаны төмендету,
пайдаға салынатын салықтың азаюы, несие алу мүмкіндіктерінің көбеюі.
Көптеген оқулықтарда экономикалық өсудің екі түрін қарастырады:
экстенсивтік, яғни өндіріс көлемінің ұлғаюы факторлардың қолданысын сандық
жағынан арттыру арқылы мүмкін болады, ал интенсивтік түрі – факторларды
тиімді пайдалану ақылы өндіріс көлемін сандық тұрғыдан да және сапалық
тұрғыдан да арттыруды айтады. Нақты экономикада оның өсуінің екі түрі де
белгілі арақатынаста немесе ұштасқан жағдайда көрініс табады. Дамыған
елдерде ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін экономикада кең түрде
енгізудің нәтижесінде жаңа экономика қалыптасты, оны постиндустриалдық
немесе инновациялық экономика деп те атайды. Бұл экономикада интенсивтік,
инновациялық факторлар экономиканың өсуін негізінен қамтамасыз етеді,
сапалық жаңа сатыға көтереді. [2, 155-156б]
Экономикалық өсудің экстенсивті және интенсивті типтеріне қатысты
өсудің тікелей факторлары екі негізгі топқа бөлінеді: экстенсивті және
интенсивті. Экономикалық өсудің экстенсивті үлгісі- ұлғайтылған ұдайы
өндірістің ең қарапайым жолы. Экономикалық өсудің бұл типінде материалдық
игіліктер мен қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының
көпшілігін қолдану арқылы жүреді: жүмыскерлерді, еңбек құралдарын, жерді,
шикізатты, отын-қуат ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің
нақты көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың
өсу қарқынының арасындағы пропорциялар тұрақты болып сақталады.
Экономикалық өсудің экстенсивті өсу үлгісінің көмегімен жұмыссыздықты
жылдам қысқартуға, жұмыс күшінің жұмыспен көп қамтылуын қамтамасыз етуге
болады. Экономикалық өсудің мұндай жолының күрделі кемшіліктері де бар.
Біріншіден, оған техникалық тоқырау кідірісі тән, мұндай тоқырау кезінде
өнім шығаруды ұлғайту техникалық прогреспен қатар жүрмейді. Екіншіден,
капитал қайтарымы,материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі сияқты
көрсеткіштер өзгеріссіз деңгейде қалады. Үшіншіден, экономикалық өсу
шығындық сипат алады, оның себебі, өндірісті экстенсивті кеңейту еңбек және
табиғи ресурстардың жеткілікті көлемдерінің болуын ұйғарады және
экономиканың масштабтары солардың есебінен ұлғаяды. Бұл орайда ұдайы
өндіріс жағдайлары шарасыздан нашарлай түседі. Сондықтан экономикалық
өсудің экстенсивті жолына ұзақ мерзімді бағдарлану тұйыққа әкеп тірейді.
Экономикалық өсудің интенсивті типі керісінше сипатталады- өндірістің
кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге
асырылады: прогрессивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен
жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б. Осы
жағдайда өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны нақты жиынтық шығындардың
өзгеру қарқынынан артық болып отырады. Экономикалық өсудің қарқынды
үлгісінің басты айрықша белгісі- техникалық прогресс базасында өндіріс
факторларының тиімділігін арттыру. Өндірісті қарқынды ұлғайтудың шүбәсіз
құндылығы табиғи ресурстардың шектеулілігінен туындайтын экономикалық өсу
тосқауылдарын жеңетіні болып табылады. Қарқынды экономикалық өсу кезінде
өндіріс ауқымдарын ұлғайту анағұрлым ілгерішіл техниканы, озық
технологияларды, ғылым жетістіктерін қолданудың, сондай-ақ кадрлардың
біліктіліктерін арттырудың есебінен жүреді. Экономикалық өсудің қарқынды
үлгісінің ерекшеліктері мынада, мұнда экономиканың өсу қарқынының өте
жоғары болуы мүмкін емес, ал ғылыми – техникалық прогресс жұмыссыздықты
тудыруы мүмкін.

Экономикалық өсу факторлары

Экстенсивті
Интенсивті

Жұмыс күшінің капиталдың Қолданылатын Ресурстарды
пай-
Санының өсуі өсуі ресурстар сапасын
далану тәсілдерін
жоғарылату
жетілдіру

жұмыс Заттанған технологияны
Өндіріс пен өткізуді
күшінің капитал жетілдіру
ұйымдастыру не-
сапасын сапасын
месе басқаруды
жақсарту жақсарту
жетілдіру

Экономикалық өсу потенциалын жүзеге асыруда табыстарды бөлу тәртібі де
маңызды рөл атқарады. Ол осы қызметін тек жұмысшыларды еңбек өнімділігін
арттыруға ынталандырған болса атқарады. Басқа сөзбен айтқанда, экономикалық
потенциалдың мүмкін қарқынмен өсуі үшін өндіріс факторларының меншік
иелерінің табысының өсу шапшаңдығы олардың өнімділігінің өсу шапшаңдығына
тең болу қажет.
Мақсаттардың иерархиялық бағыныштылығын мақсаттар пирамидасы деген
ұғыммен атау қабылданған. Экономикалық әдебиеттерде, әдетте, маңызды төрт
мәселені айтады: 1. Экономикалық өсу. 2. Жұмыспен толық қамтылу. 3. Баға
деңгейінің тұрақтылығы және ұлттық валютаның орнықтылығы 4. Сыртқы
экономикалық тепе-теңдік.
Ұсынылып отырған схема сырттай осындай құрылымды көрсетеді: оның
негізгі мақсаты молшылықпен байланысты және оны нақты цифрлармен белгілеу
мүмкін емес, ол белгілі бір нақтылы тапсырмалар қатарына бөлшектенеді.
Алайда, экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында осынау нақты
тәсілдердің жиынтығынан үйлесімді жүйе тудыру өте қиын. Бұл екі түрлі
жағдаймен байланысты. Біріншіден, нақты міндеттің тұжырымдалуының өзі
белгілі бір қиындықтардың элементтерін көрсетеді. Қоғамның әр түрлі
топтарында, көбінесе, мақсаттар туралы әр қилы түсініктер болады.
Екіншіден, іс жүзіндегі реттеудің жүзеге асуы мынаны көрсетеді: бір
мақсатты орындау, екіншісінің орындалуын тежейді немесе тіпті, жалпы оған
жету мүмкін де болмайды. Бірқатар нақтылы мақсаттарды жүзеге асыру үшін,
олардың қисындарын қалыптастыра отырып, экономистер оны мақсаттардың дуалы
көпбұрышы деп атаған.

Экономикалық өсу

Ұлттық валюта мен
бағаның тұрақтылығы Жұмыспен толық
қамту

Сыртқы экономикалық тепе-теңдік

Мақсаттардың дуалы көпбұрышы

Міндеттер қайшылығының өте айқын мысалы – баға тұрақтылығын қамтамасыз ете
отырып бір мезгілде жұмыспен толық қамтуға жету болып табылады. Еңбекке
қабілетті жұртты еңбекке тарту деңгейі неғұрлым жоғары болса, оның
төлемінің (яғни, табыстарының) жиынтық деңгейі соғұрлым жоғары болады. Бұл
тиісінше жиынтық сұраным ауқымын көтереді, соның нәтижесінде баға да
көтеріледі.
Бұл жағдайда өнім мен қызмет өндіру де арта түседі, алайда
экономикалық өсу кезеңінде (жұмыспен қамтылу ұлғайған шақта) жалақының өсу
қарқыны еңбек өнімділігінен асып кете алады. Мұндай жағдай өсу кезеңінде
кәсіподақтардың жұмыс берушілер одақтарымен жүргізілген тарифтік келіссөз
барысында олардың қысым жасауды күшейте беретіндіктерімен байланысты.
Кәсіпкерлер одақтары мұндай талаптарды орындаудан құлдырау кезеңдерінде
бас тарта отырып, қолайлы конъюктуралық жағдайларда көрінеді. Мұндайда олар
пайда нормасының құлдырауымен келісіп, оның массасын арттыру жағынан ұту
тиімді деп санайды. Өз кезегінде инфляцияның күшеюі, жұмыспен қамтуды
азайтатын, өндірістің конъюктуралық құлдырауына әкеп тірейді.
Жоғарыдағы аталған үш мақсаттың орындалуы, ұлттық экономика
шеңберінде макроэкономикалық тепе – теңдікке жетуді қамтамасыз етеді.
Алайда мынандай заңдылық байқалады: ел экономикасы дамудың неғұрлым жоғары
деңгейіне ие болған сайын, ол соғұрлым сыртқы экономикаға ашықтана түседі.
Бұл сырттағы экспансияның қосымша мүмкіндігін білдіреді. Осымен қатар
сыртқы қолайсыз факторлардың ықпалынан ұлттық экономиканың осалдығы
көтеріледі. Мұндай жағдайдағы экономикалық саясаттың енгізгі міндеті –
ұлттық экономиканы халықаралық бәсекелестіктен сақтап қалу. Нақты мақсат –
басқа елдермен сыртқы экономикалық есептеу жүйесінде теңдікке жету. Мұндай
теңгерім нарықтық ортаның шеңберінде әр түрлі елдердің экспансиялық
ұмтылыстарын қабаттастыра жүзеге асыруға мүмкін жасайды.
Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен
орта есеппен жылына 2-4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа бір
мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық
деңгейінің 2-3%-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш
басқаша: 3,5-8,5%). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның
орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция
деңгейі жылына 1-2%-ды құрайтын болса.( іс жүзінде әдетте 5-10%-ға
жетеді). [2, 156-158 б]
Қазір техникалық прогрес деп аталатын экономикалық өсудің факторын
қарастырайық. Бұл фактор экономикалық өсуде маңызды рөл атқаратыны анық.
Себебі техникалық прогреске тек қана өндірістің мүлде жаңа әдістері ғана
еніп қоймай, сонымен қатар басқарудың жаңа түрлері мен өндірісті жаңаша
организациялау кіреді. Жалпы айтқанда, техникалық прогрес деп, жаңа
білімдерді ашу арқылы түпкі өнімнді шығару көлемін ұлғайту мақсатымен
берілген ресурстарды жаңаша әдіспен комбинациялау болып табылады.
Бір қарағанда техникалық прогрестің жылжуы тарихи жағдайда
ұзақтылығымен және ұмтылғыштығымен бейнеленеді. Жақын арада ғана
технологиялық жетістіктер салдарынан күрделі автоматизациялау жүргізіле
бастады. Көптеген фабрикалардағы жұмыстың бір ғана кнопканы басумен іске
асырылуы ғажап жағдайға айналды. Осы секілді жаңалықтардың ашылулары
экономикалық өсуге жақсы әсер етеді.
Сонымен, экономикалық саясаттың бір мәселені шешуді көздеуі, екіншісін
шешудегі қиыншылықтармен ұштасып жатуы мүмкін. Таңдау жасай отырып, белгілі
бір принципті ұстанған жөн: орындалмауы экономикаға өте қауіпті болатын
мәселені алдымен шешу керек.

1.3 Экономикалық өсу үлгілері

Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты
өсу үлгісі абстракты, экономика үрдісінің нақты түрі графикс немесе теңдік
түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдаланылатын болжамдар нақты
үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі
құбылыстың заңдылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді.
Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс
факторларының өсу ықпалымен, яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда
болады.Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі
өндірістік факторлардың өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына,
еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін
керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте
келе, капиталдың экономикада амортизацияның есебінен қысқаратыны және таза
инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы
деп айта алмаймыз, оның бағалылығы – халықтың жағдайын көтеруге негіз
болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, тұтыну
бағасының динамикасын қарастыру керек.
Экономикалық өсу үлгілеріне кесек, оның негізгі үш үлгісін атап өтуге
болады:
1.Неоклассикалық үлгі, яғни еркін рыноктық қатынасты, өндіріс факторларын
қарастырады.
2.Кейнстік және неокейнстік үлгілер – сұранысты ынталандыра отырып
экономиканы зерттейді.
3.Институционалдық үлгі – дамып келе жатқан қажеттілікті үнемі
қанағаттандыруға және халық шаруашылығының құрылымының институционалдық
өзгерістеріне көңіл бөледі.
Неоклассикалық бағыт төмендегілерге негізделген:
А) өндірістің әрбір факторы өндірілетін өнімге сәйкес үлесін қамтамасыз
етеді;
Б) өнім құны шекті факторлармен жасалады;
В) экономика шекті бәсеке процесі кезінде тепе теңдікті автоматты түрде
қалпына келтіру үшін қажетті алғы шарттарға ие.
Неоклассикалық үлгінің зерттеу объектісі экономикалық өсу факторлары,
яғни еңбек, капитал, ресустар, ҒТП, уақыт, экологиялық, ақпараттық фактор,
адам капиталы болып табылады. Ал, кейнстік бағытты жақтаушылар теориясында
өсу экономикалық-әлеуметтік алғышарттардың кешеніне әсер етпейтін, тек
технико-экономикалық параметрлердің өзгерісі деп дәлелденген. Ол ең алдымен
сапалық емес, сандық құбылыс ретінде қарастырылады. Кейнстік және
неокейнстік бағыт экономикалық өсудің алғышарттарын жасайды, яғни
дағдарыстан қалай шығу керек, дамушы елдердің саясаттарын қарастырады.
Неоклассикалық пен неокейнстік үлгілердің өзара айырмашылығына қарамастан,
олар ұқсас методологияға негізделген. Институтционалдықтың олардан
өзгешелігі сапалық басқа теорияларға сүйенеді. Бірқатар зерттеушілер артта
қалушылықты институтционалды шарттармен байланыстырады, соның ішінде ұлттық
білім беру мен кәсіби даярлау жүйесінің дамымағандығы. Шынында да, артта
қалған экономика ұлттық білім беруге, кәсіби даярлауға және кадрларды қайта
даярлауға жеткілікті қаржы бөле алмайды. Жалпы және арнайы білім беру
жүйесінің дамымағандығы білікті мамандардың төменгі деңгейін сипаттайды. Ол
өз кезегінде еңбек өнімділігінің деңгейіне кері әсер етеді, оның әлсіз өсу
қарқыны экономиканың артта қалуының басты себебі болып табылады. [4, 20-21
б]
Кейнстің өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады, бізге
белгілісі кейнстік қысқа мерзімдік тепе-теңдік үлгісі.
Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды қоса
отырып қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе
теңдігінің шарттарын анықтауға болады.
Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домар үлгісі болып табылады,
бұл үлгіде капиталдың шекті өндірісі Леонтьев функциясы ретінде
қарастырылады. Домар үллгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан
шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал
капиталдың (К) Y-ке қатынасы (КY) және қор жинағы нормасы тұрақты болып
келеді. Өнім тек бір ресурсқа тәуелді деп айтуға болады, ол- капитал.
Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің факторы
болып табылады. Егер берілген мерзімде инвестиция және І-ге өссе, онда
мультипликатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге өседі:

∆Y(AD) = ∆I * m = ∆I (11-b) =∆ I (1s)

m- шығын мультипликаторы
b- түтынуға шекті бейімділік
s- қор жинағына шекті бейімділік
∆Y(AS)= a* ∆K –жиынтық ұсыныстың өсуі
a- капиталдың шекті өнімділігі.
Капиталдың К өсімшесі инвестицияның I көлемімен қамтамасыз етіледі, осыдан
∆Y(AS)= a*I.
Экономиканың өсуінің тепе теңдігі сұраныс пен ұсыныстың
теңестірілуінің шартында пайда болады.
∆Is=a* I немесе ∆II = a*s, яғни инвестицияның өсімшесі капиталдың шекті
өнімділігі мен қор жинағының шекті бейңмділігіне тең болуы керек.
Сондықтан, Е. Домардың теориясына сай, экономикадағы нақты табыстың
тепе теңдік өсу қарқыны және қолда бар өндірістік қуаттың барлығы
қолданылады. Ол капиталдың шекті өнімділігіне және қор жинағының
нормаларына тура пропорционал немесе ∆Y∆K- капиталдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДСҰ мен Қазақстанның болашақтағы потенциалы
Қазақстандағы демографиялық процестер туралы ақпарат
Инвестициялық саясатты қаржыландыру көздері
Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі
Экономика пәнінен дәрістер
Экономикалық жүйе: мәні, элементтері және даму сипаты
«DreamPro» компаниясының даму стратегиясы
Түркия салық жүйесі
Азаматтардың табысына салынатын салық
Қоғамды алға жетелейтін, өркениеттің басты себебі болып табылатын прогрестің маңыздылығы
Пәндер