Экономикалық өсу: факторлары, кезеңдері, ерекшеліктері
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Экономикалық өсудiң жалпы түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Экономикалық өсудiң түрлерi және ғылыми.техникалық прогресс ... ... .11
2 ҚАЗАҚСТАНЫҢ ДАМУШЫ ЕЛ РЕТІНДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІ ... 18
2.1 Дамушы елдердің экономикалық өсуiнiң ерекшелiктерi мен мәселелері .18
2.2 Қазақстандағы экономикалық өсу және оның тұрақтылығын сақтаудағы экономикалық қауіпсіздігінің қазіргі мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде негізгі себеп болған: Экономикалық өсу кез келген мемлекет үшін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Яғни мемлекеттің даму қарқын айқындау үшін оның экономикалық өсуіне талдау жүргізу арқылы анықтауға болады. Менің ойымша, экономикалық өсу тақырыбы өте актуалды болып келеді. Оның актуалдығы келесідей себептермен түсіндіріледі: Мемлекеттің экономикасының өсуіне талдау, болжау және жоспарлау жұмыстарын жасау арқылы оның себеп салдарын анықтауға болады. Экономика циклдық сипатта дамиды, яғни экономиканың құлдырауынан кейін әрқашанда өсу немесе өркендеу процесі орын алады. Сондықтан экономика үшін экономикалық өсудің мазмұны мен себептерін түсіну өте маңызды болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты экономикалық өсуді макроэкономикалық зерттеу және оның қарқындары мен факторларына талдау жасау болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында мен келесідей мәселелерді бөліп көрсеттім:
1) Экономикалық өсу және оның даму қарқынын макроэкономикалық талдау;
2) Экономикалық өсудің факторларына сандық баға беру;
3) Экономикалық өсудің түрлеріне сипаттама беру;
4) Экономикалық өсуді ынталандыру үшін қолданылатын шараларға қысқаша шолу жасау;
Курстық жұмысты жазу барысында жоғарыда көрсетілген мәселелерге қоса экономикалық өсуді тежейтін факторлар, экономикалық өсудің фазаларына, экономикалық өсудің теориясына, экономикалық өсуді мемлекет тарапынан реттеу мәселелеріне де жалпы шолу жасап шықтым.
Экономикалық өсу әдетте ЖIӨ-нiң нақты өсуiмен бағаланады және оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң алатын орны үлкен болуы керек.
Экономикалық өсудiң тұрақтылығы шаруашылық саясатты жүргiзудiң бiрден-бiр көзi. Экономикалық өсу тек қана жұмысшыларға жұмыс орнын табу, жұмыс күшiнiң толықтырылуы емес, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейiн алдын-алу болып табылады.
Осылайша курстық жұмыс тақырыбын “Экономикалық өсу: факторлары, кезеңдері, ерекшеліктері ” деп алдым.

1. Шумпетер Й. / Теория экономическая развития – Москва; Прогресс, 1998 – 454 с.
2. Купешова Сауле Телеухановна “Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан.” – диссертация. Алматы, 2002 г.
3. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика: - Оқулық. – Алматы: Экономика, - 2003. – 432 бет.
4. Н.А. Назарбаев. // “ Қазақстан – 2030 “ ұзақ мерзiмдi даму стратегиясы.
5. Әкiмбекеов С., Баймұхамбетова А.С. Жанайдаров У.А. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 464бет.
6. Кэмпбел Р. Макконнелл, Стэнли Л. Брю «Экономикс», том 1, Таллин, 1995
7. Самуэльсон П. А. «Экономика», том 2, Москва, 1992
8. Чепурин М.Н. Курс экономической теории. Киров.: АСА. 1995.
9. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – СПб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
10. Карибджанов Е.С. Модели экономикаческого развития Юго-Восточный страны – Алматы: 2000 г.
11. Соколова М.С. Управление наукойи техникой в Республике Корея // Инновации №9-10, 2007г.
12. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. №6, 2000 г.
13. Стратегия “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы. 2003 ж.
14. Статистика Казахстана. Алматы, - 2008 г. – 453 стр.
15. «Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері», Қаржы полициясы органдарының құрылғанына 10 жыл толуына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары – 1 бөлім, Астана, 2004ж.
16. Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
17. Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
18. Н.Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2008 ж. 5 ақпан.

МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТІНДЕ

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Экономикалық өсудiң жалпы түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Экономикалық өсудiң үлгілері мен факторлары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Экономикалық өсудiң түрлерi және ғылыми-техникалық прогресс
... ... .11
2 ҚАЗАҚСТАНЫҢ ДАМУШЫ ЕЛ РЕТІНДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІ ... 18
1. Дамушы елдердің экономикалық өсуiнiң ерекшелiктерi мен мәселелері .18
2.2 Қазақстандағы экономикалық өсу және оның тұрақтылығын сақтаудағы
экономикалық қауіпсіздігінің қазіргі мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ... 32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..34
КIРIСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде негізгі себеп болған:
Экономикалық өсу кез келген мемлекет үшін негізгі көрсеткіштердің бірі
болып табылады. Яғни мемлекеттің даму қарқын айқындау үшін оның
экономикалық өсуіне талдау жүргізу арқылы анықтауға болады. Менің ойымша,
экономикалық өсу тақырыбы өте актуалды болып келеді. Оның актуалдығы
келесідей себептермен түсіндіріледі: Мемлекеттің экономикасының өсуіне
талдау, болжау және жоспарлау жұмыстарын жасау арқылы оның себеп салдарын
анықтауға болады. Экономика циклдық сипатта дамиды, яғни экономиканың
құлдырауынан кейін әрқашанда өсу немесе өркендеу процесі орын алады.
Сондықтан экономика үшін экономикалық өсудің мазмұны мен себептерін түсіну
өте маңызды болып табылады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты экономикалық өсуді макроэкономикалық
зерттеу және оның қарқындары мен факторларына талдау жасау болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында мен келесідей мәселелерді бөліп
көрсеттім:
1) Экономикалық өсу және оның даму қарқынын макроэкономикалық
талдау;
2) Экономикалық өсудің факторларына сандық баға беру;
3) Экономикалық өсудің түрлеріне сипаттама беру;
4) Экономикалық өсуді ынталандыру үшін қолданылатын шараларға
қысқаша шолу жасау;
Курстық жұмысты жазу барысында жоғарыда көрсетілген мәселелерге қоса
экономикалық өсуді тежейтін факторлар, экономикалық өсудің фазаларына,
экономикалық өсудің теориясына, экономикалық өсуді мемлекет тарапынан
реттеу мәселелеріне де жалпы шолу жасап шықтым.
Экономикалық өсу әдетте ЖIӨ-нiң нақты өсуiмен бағаланады және оның
өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу
кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы
деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр
экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл
бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық
экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң
алатын орны үлкен болуы керек.
Экономикалық өсудiң тұрақтылығы шаруашылық саясатты жүргiзудiң
бiрден-бiр көзi. Экономикалық өсу тек қана жұмысшыларға жұмыс орнын табу,
жұмыс күшiнiң толықтырылуы емес, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейiн алдын-алу
болып табылады.
Осылайша курстық жұмыс тақырыбын “Экономикалық өсу: факторлары,
кезеңдері, ерекшеліктері ” деп алдым.

Экономикалық өсу қоғамдық өндіріс көлемінде өндірілетін өнім мен
көрсетілетін қызметтің көлемімен анықталады. Сондықтан ғылыми әдебиеттерде
экономикалық өсудің негізгі көрсеткіші ретінде жалпы ұлттық өнімді жиі
қарастырады. Оған қоса, бұл мақсатта жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) динамикасы да
қарастырылады. Жалпы ішкі өнімнің 2 түрі бар: нақты және номиналды. Нақты
жалпы ішкі өнімді табу үшін номиналды жалпы ішкі өнімнен инфляция яғни
бағаның өсуін өткен жылмен немесе базалық жылмен салыстыра отырып шегеріп
тастаймыз. Экономикалық өсуді анықтау барысында тек нақты жалпы ішкі өнім
көлемі ғана қарастырылады. Өйткені нақты жалпы ішкі өнім номиналдыға
қарағанда бізді нақты ақпаратпен қамтамасыз ете алады. Мысалы, егер
ағымдағы жыл ішінде өндіріс көлемі өзгермесе және өнім бағасы 4 есе
қымбаттаса жалпы ішкі өнім көлемі де шамалап есе ұлғайяды, бірақ бұл
экономикалық өсуге жатқызылмайды.
Халықаралық тәжірибеде экономикалық өсуді есептеуде көбінесе бір адам
басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім көлемі есептеледі. Бұл көрсеткішті
есептеу үшін белгілі бір мемлекеттегі бір жыл ішінде өндірілген жалпы
ұлттық өнім көлемін сол мемлекеттегі адамның санына бөледі. Бұл көрсеткіш
негізінен мемлекеттегі адамдардың өмір сүру жағдайын көрсетеді. Мысалы,
Индияның жалпы ұлттық өнімі Швейцариямен салыстырғанда шамалап 70
процентке көп, бірақ Индия азаматтарының өмір сүру жағдайы Швейцарияға
қарағанда шамамен 60 есе төмен. 1, 59 б
Көріп отырғанымыздай жалпы ұлттық өнім тек жалпы көрсеткіш ретінде
қолданылыда. Экономикалық өсу туралы нақты ақпараттарды алу үшін халық
санын да қарастыруымыз керек. Мысалы, бір жыл ішінде нақты жалпы ұлттық
өнім 1,5 процентке ұлғайса, ал сол мемлекеттегі халық саны да 1,5 процентке
ұлғайса бұл экономикалық өсу ретінде қарастырылмайды. Нақты экономикалық
өсу болу үшін жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқыны халықтың өсу қарқынынан
жоғары болу керек.
Экономикалық өсуді абсолютті және салыстырмаллы көрсеткіштермен
сипаттауға болады. Абсолютті көрсеткіштерге нақты сандар жатқызылса, ал
салыстырмалы көрсеткіке проценттік қатынастарды жатқызщуға болады. Мысалы,
егер нақты жалпы ұлттық өнім өткен жылы 200 млрд. теңгеге тең болса, ал
ағымдағы жылы 210 млрд. теңгеге тең болса, онда экономикалық өсудің
абсолюттік көрсеткіші 10 млрд теңгеге тең (210 млрд – 200 млрд = 10 млрд)
және салыстырмалы көрсеткіші 5 процентке тең ((210 - 200) 200 = 0,05)
болады.
Кейбір кездері экономисттердің экономикалық өсудің
қарқындылығының елеулі өзгерістеріне көп көңіл аударуы әдеттен тыс болып
көрінеді. Шын мәнінде экономикалық өсудегі төрт және үш процент арасындағы
айырмашылық соншалықты маңызды ма? Ия, маңызды. Бүгінгі таңда Америка
Құрама штаттарында нақты жалпы ұлттық өнімнің көлемі шамалап 3995 млрд.
долларға тең және де олар үшін экономикалық өсудің қарқыны үш және төрт
проценттің айырмасы 40 млрд. долларға тең болады. Экономикалық жағдайы өте
нашар мемлекеттер үшін экономикалық өсудің қарқыны 0,5 процентке төмендесе
ашаршылыққа және экономикалық құлдырауға да алып келуі мүмкін.
Бірнеше жылдар аралығындағы экономикалық өсудің кішкене өзгеруі үлкен
мәндерге ие болуы мүмкін. Мысалы, А мемлекеті мен Б мемлекеттерінің жалпы
ұлттық өнімдерінің көлемі бірдей, бірақ экономикалық өсу қарқындары әр
түрлі деп алайық. А мемлекеті үшін бір жыл ішіндегі экономикалық өсу
қарқыны – 4 процент, ал Б мемлекеті үшін бұл көрсеткіштің мәні небары 2
процентке тең. Осы екі мемлекеттердің жалпы ұлттық өнімдері екі есе көбейю
үшін қанша жыл керек екенін есептеп шығару үшін біз 70 санының ережесін
қолданамыз (бұл әдіс негізінен бағаның екі есе өсуі үшін қажетті жылдардың
санын анықтау үшін қолданылады; ол үшін 70 саны бір жылдағы инфляция
қарқынына бөлінеді. Мен өз мысалымда бір жылдағы инфляция қарқынының орнына
бір жылдағы экономикалық өсудің қарқынын, ал бағаның орнына жалпы ұлттық
өнімнің көлемін аламын). Осы ережеге сәйкес А мемлекетінің жалпы ұлттық
өнімінің көлемі 17,5 жылда (704), ал Б мемлекетінің жалпы ұлттық өнімінің
көлемі 35 жылда (702) екі есе өседі.
Бір адамға шаққандағы нақты жалпы ұлттық өнімнің көлемінің өсу қарқыны
экономикалық өсу қарқыны бірдей болған жағдайда да арасындағы айырма
алшақтай береді. Мысалы, Г және Д мемлекеттеріндегі экономикалық өсу
қарқыны бірдей деп алайық (жылына 5 процент); бірақ егер Г мемлекетіндегі
бір адамға шаққандағы жалпы ұлттық өнімнің көлемі 10 мың теңгеге тең, ал Д
мемлекетінде бұл көрсеткіш 500 теңгеге тең болса, онда 5 проценттік
экономикалық өсу Г мемлекеті үшін 500 теңге өсім алып келеді, ал Д
мемлекеті үшін мұндай өсім небары 25 теңгеге тең болады.
Сондай – ақ, экономикалық өсудің тұрақтылыққа қарағанда үлкен маңызы
бар екені анық ақиқат. Мысалға, экономикалық құлдырауды тоқтата алсақ ,
онда ұлттық табысты да бір мезгілде үлкейтуіміз мүмкін , айталық 6 % - ке.
Егер де экономикалық өсудің жылдық қарқындары 3 % - ті құраса, онда 2
жылдың ішінде-ақ ұлттық табыстың өсімі 6 % - ті құрайды және де
экономикалық өсудәің қарқындылығы алдағы уақытта ұлттық табыстың ұлғаюын
екі жыл сайын 6 проценттік өсімді қамтамасыз етеді. 1, 81 б
Экономикалық өсудiң теориясы бұл көптеген концепциялар және бұлар әр
кезеңде әр түрлi бағытта дамыды. Бұл жағдайлар экономикалық өсудiң бiр
деңгейден екiншi деңгейге ауысуына негiз болады. Оларды әдiстемеге
байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады:
1) Неокейнстiк;
2) Неоклассикалық;
3) Тарихи-әлеуметтiк.
1) кейнсиандық (неокейнсиандық) мекроэкономикалық тұрақтылық теориясы.
2) классикалық (неоклассикалық) теориялар, өзiнiң теориялық бастауын сонау
Ж.Б. Сэйден алып және Дж.Б. Кларк, Р.Солоудың еңбектерiмен аяқталды 2.
Классикалық бағыттағы ойда рыноктық жүйенiң тиiмдiлiгi, яғни өзiн-өзi
реттеу механизмi қарастырылған, мұнда тек қана экономикалық субъект қана
емес бүкiл экономикалық өндiрiс факторлары қарастырылады. Мүлтiксiз еркiн
бәсеке, рыноктық баға жалпы тепе-теңдiктi қамтамасыз еттi. Осы мақсатта
классикалық теория XIXғ. және XX ғ. Басында экономикалық өсуде басты
орында болды.
Ұлы экономистер А. Смит, Д.Рикардо, Т.Мальтус және К.Маркс халықтар
байлығы қорлануына басты көңiл бөлдi. Ал екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн
Р.Харрод өзiнiң ғылыми статьясында ұлттық өнiмнiң өсуiне байланысты өсудiң
үш концепциясын ұсынды: неокейнсиандық (Т.Харрод, Е.Домар); неоклассикалық
(Р.Солоу); посткейнсиандық (Н.Калдор); 2.
Ал XX ғасырдағы болған дүниежүзiлiк экономикалық дағдарыс тұсында,
яғни өндiрiс қатынастары бұзылуы нәтижесiнде классикалық теорияның
экономиканың рыноктық тепе-теңдiкте бола алмайтындығын дәлелдедi. Осы
дағдарыстан шығуда экономикаға мемлекеттiң араласуы керек болды, яғни
кейнсиандық бағыт қалыптасты. Ол экономиканы қысқа мерзiмде қарастырады.
Кейнсиандық модельдiң таянышына ұлттық шаруашылық түгелiмен
кiредi. Кейинсиандық теорияның басты макроэкономикалық мәселесi ұлттық
табыстың анықтауыш деңгейi динамикасы және оны бөлу болып табылады. Бұл
факторлар кейнсиандық эффективтi сұраныс арқылы қаралады. Дж. Кейнс
концепциясы макроэкономикалық тепе-теңдiкке жетуде толық жұмысбастылықты
айта отырып , ЖҰӨ көлемiне қашан эффективтi сұраныс болмай болмай қалған
жағдайда оған мемлекет жағынан қосымша инвестициялар бөлiну керек дедi.
Кейнстiк өсу үлгiсi негiзiнде логикалық құрал қолданылады, бiзге
белгiлiсi кейнстiк қысқа мерзiмдiк тепе-теңдiк моделi. Кейнстiк өсу
моделiнiң қарапайым түрi Е. Домар үлгiсi болып табылады, бұл моделде
қапиталдың шектi өндiрiсi Леонтьев функциясы ретiнде қарастырылады.
Домар үлгiсi еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл
бағаның тұрақтылығын ескередi. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың У-
ке қатынасы ( K Y) және қор жинағы нормасы тұрақты болып келедi. Өнiм тек
1 ресурсқа ғана тәуелдi деп айтуға болады, ол – капитал 3, 168 б.
1.2 Экономикалық өсудiң факторлары
Кез келген мемлекеттің экономикалық өсімі негізгі алты фактормен
анықталады, оның төртеуі экономикалық өсудің нақты мүмкіндігімен
байланысты. Олар:
1) мемлекеттегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы;
2) мемлекеттегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы;
3) негізгі капиталдың көлемі;
4) технология. 5, 231 б
Жоғарыда аталып өткен төрт факторды ұсыныс факторы деп топтауға
болады. Осы факторлардың арқасында ғана өндірістің ұлғаюы нақты мүмкін
болады. Нақты өндірілетін өнімнің көлемінің ұлғаюына сапасы жақсы ресурстар
мен технологиялық потенциал қажет.
Дегенмен өсуге деген қабілеттілік пен нақты өсуді ажырата білу қажет.
Бұған келесі екі пікірдің маңызы бар.
Біріншіден, экономикалық өсу сұраныс факторларына тікелей қатысты. Өсу
барысындағы өндіріс процесін іске асыру үшін мемлекеттің экономикалық
жағдайы ресурстардың көлемінің үнемі өсіп тұруын толық түрде қамтамасыз
етуі керек. Ол үшін жиынтық шығындардың көлемін үлкейту қажет.
Екіншіден, экономикалық өсуге бөлу факторлары әсер етеді. Өндірістік
потенциалды неғұрлым мақсатты қолданылу үшін тек қана ресурстарды түгелімен
экономикалық айналымға бағыттау ғана емес, сонымен қатар оларды тиімдірек
утилизациялау керек. Нақты өндірілетін өнімнің көлемін ұлғайту үшін
ресурстарды тиімді пайдалану қажет және көп өнім алатындай қайта бөлу
керек.
Экономикалық өсімге әсерін тигізетін ұсыныс және сұраныс факторларының
арасынды тығыз байланыс бар. Мысалы, жұмыссыздық капиталдың жинақталу
дәрежесін төмендетеді және ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсалатын
шығындардың көлемін азайтады. Және керісінше, жаңа технологияларды аз
еңгізу және капиталды аз жұмсау өзкезегінде жұмыссыздыққа алып келеді.
Бұл факторлардың өзара байланысы туралы мәліметтерді өндіріс
мүмкіндігінің қисығы бере алады. Сурет – 1. 6, 74 б
Сурет 1 - Өндіріс мүмкіндігі қисығы
Бұл қисық белгілі бір негізгі капитал, технологиялық потенциал, еңбек
және табиғи ресурстардың сапасы мен санының әр түрлі қатынастарында
өндірілетін өнімнің ең көп түрлі варианттарының санын көрсетеді. Кез
келген ұсыныс факторларының позитивті әсері (ресурстар мен технологиялық
прогрестің саны ме сапаының жоғарлауы) өндіріс мүмкіндігінің қисығын оңға
жылжытады, суретте ол АВ-ның СД-ға ығысуы ретінде көрініс табады.
Бірақ экономиканың өзінің өндіріс потенциалын толығымен жүзеге асыруы
сұраныс пен бөлу факторларымен шектеледі. өндіріс мүмкіндігінің қисығы оңға
ығысуы немесе жылжуы мүмкін, бірақ өндірістің нақты көлемі өз шегіне жете
алмайды. Басқаша сөзбен айтқанда, нақты экономикалық әрекет қисығы әрқашан
өндіріс мүмкіндігі қисығының шеңберінен аса алмайды тек соның көлемінде
ғана болады. Өндіріс потенциалы төменде көрсетілген жағдайда ғана жүзеге
асады:
1) шығындардың жиынтығы тек толық жұмысбастылықты қамтамасыз
ететін көлемде ғана көбейеді;
2) қосымша ресурстар өндірілетін өнімнің көлемін максималды
ұлғайту мақсатында тиімді пайдаланылады.
Мысалы, Америка Құрама Штаттарында еңбек күшінің таза өсімі жылына 2
млн.- ға дейін жетеді. Бұл фактор өздігінен өндіріс қуаттылығын немесе
экономика потенциалын ұлғайтады. Бірақ экономикалық потенциал өндіріс
өсімінде көрініс табу үшін осы жоғарыда аталып кеткен барлық 2 млн. адамға
өз мүмкіндігін аша алатын жұмыс орындарын тауып беру керек. Қоғамға жаңа
жұмыссыздар мен бір салада маманданған бірақ мамандығына қатысы жоқ басқа
салада жұмыс істейтін адамдардың қажеті жоқ.
Сұраныс факторы мен ресурстардың бөліну факторының бар маңыздылығын
біле отыра, экономикалық өсу проблемасына шешім іздегенде ұсыныс
факторларына көңіл аударылады. Экономикалық өсім жалпы ұсыныс қисығын оңға
ығыстыратын факторлармен сипатталады. Сурет 2. 6, 77 б
Сурет 2 – Баға мен өндіріс көлемі ара қатынасы
2-ші суретте жалпы жиынтық сұраныстың ұлғаюы AD қисығының оңға таман
жылжуы, яғни AD1 қисығының AD2 қисығына таман жылжуы ретінде көрініс
табады. Бұл қозғалыс мынаны түсіндіреді: бағаның әр түрлі дәңгейлерінде
тауарлар мен қызметтердің көлемі ұлғаяды.
Келесі 3-ші суретте ұсыныс факторларының экономикалық өсуге тигізетін
әсері көрсетілген. 7, 286 б
Сурет 3 - Ұсыныс факторларының экономикалық өсуге әсері
Бұл суретте нақты өнім және табысты ұлғайту негізгі екі әдіспен жүзеге
асырылуы көрсетіген:
1) ресурстардың үлкен көлемін тарту жолы арқылы;
2) ресурстардың қолданылуды көбірек өндіру жолы;
Ең алғаш еңбектің шығындалуынқарастырайық.
Нақты жалпы ұлттық өнім кез келген уақытта еңбектің шығындалуын
(адамсағат) еңбектің өнімділігіне көбейтуімен анықталады деп айтуға
болады. Немесе
Жалпы ұлттық өнім =адам-сағаттардың істелген саны x еңбек өнімділігі.
Мысал. Шаруашылықта 10 адам жұмыс істейді және әрқайсысы жылына 2 мың
сағат жұмыс атқарады (50 аптаның әр аптасында 40 еңбек уақытынан ),
сондықтан жұмыс істелген адам-сағаттың жалпы саны 20 мыңды құрайды. Егер де
орташа өндіру адам-сағатына санасақ 5 долларды құраса, онда жалпы өнімді
шығару немесе нақты жалпы ұлттық өнім 100 мың долларды құрайды (20 мың x 5
доллар).
3- Сурет мынадай сұрақтарға жауап береді :
1) Жұмыс істелген уақыт санын не анықтайды?
2) Еңбек өнімділігі неге байланысты болады?
Еңбек шығынының көлемі жұмыс істеушілер саны мен орташа жұмыс істейтін
аптаның ұзақтылығына тәуелді болып келеді. Ал жұмыс істеушілердің саны
негізгі халықтың бөлігінің еңбекке жарамды жасының болуына және де еңбек
күшінің өндіріске тарту деңгейіне байланысты. Басқа сөзбен айтқанда, ол
еңбекке жарамды халықтың өндірісте нақты жұмыс атқаруына байланысты болып
келеді. Орташа жұмыс істеу аптасы құқықтық және институционалдық
факторлармен, сондай-ақ коллективтік келісімдермен анықталады.
Еңбектің өнімділігі техникалық прогрес, қордың күштілігі, еңбек
күшінің спасы және бөлудің эффективтілігі, әр түрлі ресурстарды сәйкес
клтіру және басқару секілді факторлардың ықпалында болады. Басқаша айтсақ,
еңбек өнімділігін үлкейтуге болады тек сондай жағдайда, егер денсаулықты,
профессионалдық дайындықты, білімді жақсартса және көп көңіл аударылса;
сонымен бірге техникамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру және
табиғи ресурстармен қамтамасыздандыру үлкейсе; егер кәсіпорын мықты болып,
өндірісті басқару жақсы болса; жұмысшыларды неғұрлым эффективті салаларға
орналастыру. 8, 197 б
3-Сурет өнімге деген сұранысты анықтайтын факторлар жайында мағлұматты
береді. Ол суретте экономиканың мүмкіншіліктерін анықтайтын жалпы өнімді
ұсыну мен өндіру факторлары көрсілген.
Қазір техникалық прогрес деп аталатын экономикалық өсудің факторын
қарастырайық. Бұл факор экономикалық өсуде маңызды рөл атқаратыны анық.
Себебі техникалық прогреске тек қана өндірістің мүлде жаңа әдістері ғана
еніп қоймай, сонымен қатар басқарудың жаңа түрлері мен өндірісті жаңаша
организациялау кіреді. Жалпы айтқанда, техникалық прогрес деп, жаңа
білімдерді ашу арқылы түпкі өнімнді шығару көлемін ұлғайту мақсатымен
берілген ресурстарды жаңаша әдіспен комбинациялау болып табылады.
Бір қарағанда техникалық прогрестің жылжуы тарихи жағдайда
ұзақтылығымен және ұмтылғыштығымен бейнеленеді. Газдық және дизельдік
двигательдер, конвейерлер өткен заманның негізгі жетістіктері ретінде ойға
келеді. Жақын арада ғана технологиялық жетістіктер салдарынан күрделі
автоматизациялау жүргізіле бастады. Көптеген фабрикалардағы жұмыстың бір
ғана кнопканы басумен іске асырылуы ғажап жағдайға айналды. Дыбыстан тез
ұшақтар, транзисторлар және интегралдық кестелер, компьютерлар, ксерокстар,
контейнерлік тасымалдаулар және ядролық энергия, космосқа ұшқан сапарлар, -
бұл тнхникалық прогрестер өткен замандағы ата-бабаларымыздың тек
армандарындығы ойлары еді. Осы секілді жаңалықтардың ашылулары экономикалық
өсуге жақсы әсер етеді.
1.3 Экономикалық өсудің түрлері мен үлгілерін макроэкономикалық талдау
Экономикалық өсудің экстенсивті түрі дегеніміз – ол эканомиканың
өндіріс факторларының ескі техника негізінде сан жағынан молаюын айтады
(экстенсивті – латын тілінен аударғанда extensivus - ұлғаймалы ).
Эккономикалық өсуге әсер ететін факторлар:
1) Негізгі капитал
2) Ғылыми техникалық прогрес
3) Еңбек ресурстары
4) Табиғат ресурстары
5) Жиынтық сұраныс
Көрсетілген факторлардың өнімнің шығарылу көлемін үлкейту үшін
әрқайсысының қызметін анықтау үшін эконометрмка қолданылады (ғылыми тәртіп
, экономикадағы сан жағынан өзгерулерді зерттеуші ретінде). Оның көмегімен
ұлттық шаруашылықтың өсуінің эконометрикалық моделі құрылады. Осылайша
экономикалық өсуді карастыра отырған Нобель сыйлығының лауреаты Роберт
Солоу (АҚШ) өндірістік функция формуласын қарастырған.
Экстенсивті экономикалық өсу – ол шаруашылықтың дамытуын ең ыңғайлы
әдісі болып табылады. Бұл әдістің көмегімен табиғи ресурстады өте жылдам
игеруге болады, оған қоса салыстырмалы түрде тез жұмыссыздықты қысқарту
мүмкіндігі және де жұмысшы күшінің үлен көлемде жұмыс істеуін
ынталандырады.
Өндіріс көлемін ұлғайтудың мұндай жолының көптеген кемшіліктері де
бар. Оған техникалық тоқырау тәуелді болып келеді де, өнімнің сан жағынан
шығарылуының үлкеюі техника – экономикалық прогреспен байланыспайды. Бірақ
техникалық прогрестің экономикалық өсудегі маңызы өте зор болып табылады.

Практикада көрсеткендей, техникалық прогрес пен капитал салу, яғни
инвестициялау бір-бірімен тікелей байланысты. Техникалық прогрес көп
жағдайда жаңа машиналар мен құрал-жабдықтарға инвестициялауды қажет етеді.
Өндірістік функция өнімнің шығарылуы негізгі капиталға (К) , еңбекке
(L)және жерге (табиғи материалды ресурстарға – N ) сан жағынан (F) тікелей
тәуелді екені белгілі: 3, 336 б
Y=F(K,L,N)
(1)
Р. Солоудың зерттеуі бойынша, экономикалық өсудің моделі техникалық
прогрес болмаған жағдайда факторларды үлкейту масштабына байланысты тұрақты
қайтарым (отдача) қасиетін қамтиды:
ZY=F(ZK,ZL,ZN).
(2)
Берілген формула келесі функционалдық тәуелділікті көрсетеді. Егер де
капитал, еңбек және материалдық шығындар Z мәніне дейін өсетін болса , онда
өндірістің көлемі де Z мәніне дейін ұлғайады. Өндірістің экстенсивті
түрдегі көбеюіне дәл осы қасиет тән. Ол шығындалған өндіріс факторларының
көлеміне түзу пропорционалды болып келеді. Бұл тәуелділік мына графикпен
көрсетіледі (Сурет 4). 9, 547 б
Сурет 4 – Шығындалған өндіріс факторлары көлемі
Экстенсивті экономикалық өсуде өнімнің шығарылуының көбеюінің деңгейі
қолданылатын шығарылатын негізгі қордың көлемінің үлкеюіне , материалдық
ресурстар мен жұмысшылар санының үлкеюіне тікелей байланысты болады, яғни
бірдей деңгейде ұлғаяды. Сондықтан қордың қайтарымдылығы, қордың
сыйымдылығы және де еңбек өнімділігі секілді экономикалық көрсеткіштердің
мағыналары өзгермейтін деңгейде қалып қояды. Басқаша айтсақ, өндірістің
жалпы эффективтілігі, қолайлы жағдайдың өзінде де, өзгермейтін күйде қалып
кояды. Сондықтан, негізгі өндіріс қорларын (ғимараттар, құрал-жабдықтар)
жаңартуға қаржы-қаражат жетіспейді, нақты айтсақ, жаңа ғылыми- техникалық
өзертулер енгізілмейді. Сол себептен бұрыңғы СССР-дағы өндірістік негізгі
қорлардың тозуы 1990- жылы 1986- жылға қарағанда 38 пайыздан 41 пайызға
дейін өскен болатын. Нақты айтсақ , өндірістік құрал – жабдықтардың
мерзімдері нормативті мерзімнен екі есе асқан болатын.
Экономикалық өсудің экстенсивті түрі табиғи ресурстарды тез игеруге
мүмкіндік береді. Бірақ соның нәтижесінде ресурстарды экстенсивті әдісті
қолдана отырып игеру тиімді емес немесе көп шығынды болып табылады. Мұндай
жағдайда ресурстардың көзі тез арада жоғалады немесе жоққа ұшырайды.
Экстенсивті өсу кезінде қор сыйымдылық көрсеткіші өзгеріссіз қалады, бірақ
өндіріс көлемі өседі. Соның нәтижесінде шикізат қоры азаяды. Осылайша
шикізаттың бір данасын (мыс, бір тонна мұнай) алу үшін еңбек пен өндіріс
құралдарын көбірек жұмсау қажетті болады. Мұндай жағдайда экономикалық өсу
ұзақ мерзімде шығынды болып табылады. Яғни, өсу болғанымен ол тек қана
шикізат базасының нәтижесі болып табылады, ал шикізат өз кезегінде қалпына
келмейтін және шектеулі табиғи ресурс болып табылады.
Экстенсивті әдіспен даму ұзақ мерзім аралығында мемлекеттегі ұлттық
өндіріс пен шаруашылықты ыңғайсыз жағдайға соқтырады. Дамыған мемлекеттер
көбінесе мұндай әдісті қолданылмайды, экстенсивті дамуды тек ресурстары
жеткілікті, бірақ технологиялық және экономикалық жағдайы нашар дамушы
мемлекеттер қолданылады. Экономикалық жағдайы нашар мемлекеттерге
экстенсивті даму нәтижесінде шығынды болып келеді. Оған мынадай себептер
бар: технологиялық дамудың нашарлығы, өндіріс құралдарының немесе еңбек
заттарынынң ескіруі, яғни техникалық талаптарға сай келмеуі, жұмысшылардың
мамандану дәрежесінің төмен болуы, шикізат көздері мен оларды өндіретін
цехтар мен зауыттардың бір бірінен алшақта орналасуы және тағы да басқа
себептер.
Егер статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Америка Құрама Штаттарында
қор қайтарымдылық көрсеткіші соңғы жылдарда біршама өзгеріссіз қалған, ал
біздің өндіріс орындарында бұл көрсеткіш соңғы 25 жыл ішінде шамалап 2 есе
төмендегені белгілі. Батыс экономистерінің айтуынша Совет Одағы кезінде
одақ мемлекеттері батыс мемлекеттерімен салыстырғанда өнімнің бір данасын
өндіру үшін энергия мен шикізатты 2-3 есе көп жұмсаған.
Экономикалық дамудың күрделірек түрі интенсивті даму. Француз тілінен
аударғанда intensif – ынта қою немесе бар күшін салу деп аударылады.
Экономиканың интенсивті дамуының негізгі ерекшелігі – мұнда техникалық
прогрестің базасы нәтижесінде өндіріс факторларының тиімділігін жоғарлату
болып табылады.
Экономикалық дамудың мұндай жағдайында тех техниканың ғана емес
сонымен қатар басқа да өндіріс факторларының тиімділігін жоғарлату
қарастырылады. Мұндай экономикалық өсудің әдісін қарапайым мынадай
математикалық формуламен өрнектеуге болады: 5, 551 б
Y=AF(K,L,N)
(3)
Бұл формулада берілген А – ол , факторлардың жиынтық өнімділігі. Бұл
формулада көрсетілгендей , егер де өндірістік факторлардың шығындарының
көлемі өзгермесе , ал олардың жиынтық өндірісі А 1%-ке өссе , онда өндіріс
көлемі де 1%-ке өседі.
Экономикалық өсудің интенсивті түрі өндіріс құралдарының ең тиімді
түрлерін кең қолдануға негізделеді. Яғни өндірілетін өнімнің көлемін
ұлғайтуда ең жаңа және прогресивті техниканың түрлері қолданылады, оған
қоса ғылыми жетістікке ие болған жене шикізатты барынша үнемдей алатын
техниканың түрлері де қолданылады. Әрине жаңа техникамен қолданыла алатын
мамандар дайындалады. Осы факторлардың нәтижесінде өндірілетін өнімнің
сапасы жоғары болады, еңбек өнімділігі жоғарлайды, өнімді өндіруге
жұмсалатын ресурстар тиімді және үнемді қолданылады, өнеркәсіптің
материалдық базасы тиімді қолданылады.
Өндірістің интенсивті ұлғаюының экстенсивті ұлғаюға қарағанда бірнеше
артықшылықтары бар. Интенсивті ұлғаю экономикалық өсудің ең тиімді түрі
болып табылады, өйткені мұнда ғылыми жетістіктер мен жаңа техника
қолданылады.
Осыған байланысты қоғамдық деңгейде ғылыми – техникалық информацияның
өндірісі дамиды да , соңына таман өндірістің тиімді құралына айнала
бастайды. Осымен бір мезгілде қатар білім беру жүйесі , кадрларды дайындау
мен қайта дайындау жұмысшылардың мәдени – техникалық деңгейінің өсуін
қамтамасыз етеді.
Өндірістің интенсивті көбеюіне негізгі назар аударарлық болатын нәрсе
, оның нақты ресурстардың белгілі шектеулігінен пайда болатын экономикалық
өсудегі кедергілерді жеңіп шығатыны. Шаруашылықтың даму жағдайы жаңа жолға
көшеді , яғни тоқтамайтын ғылыми – техникалық және де экономикалық прогресс
жолына. Шаруашылықтың дамуындағы бұндай жолдың негізгі және пайдалы факторы
ретінде ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады. Мысалға алсақ , жаңа
технологияны қолдану жолымен берілген бір тонна жанармайды (7000 ккал)
сақтап қалу үшін , тура осындай көлемдегі жанармайды өндіруге кеткен
шығындармен салыстырғанда 3-4 есе азырақ шығын кетеді.
Сондай-ақ интенсификациялау халық шаруашылықтағы құрылымдарды өте
күрделі прогрессивті түрде қайта құрумен , кең көлемде кадрларды
дайындықтан өткізумен , ынтасын білдіретін және де өте жоғары деңгейдегі
жұмысшыларды дайындаумен тікелей байланысты. Ұлғайған өндірістің интенсивті
түрінің ерекшелігі , ол өндірістің түрінде экономикалық өсудің өте жоғары
деңгейдегі қарқындылығы мүмкін болады , бірақ оған қоса ғылыми –
техникалық прогрес жұмыссыздықты тудыруы мүмкін. Ал мұндай жағдайда
жұмыссыздық елдегі еңбек күші көп аудандарда одан да көбее түседі.
Өндірістік ресурстарды үнемдеудегі кез-келген бағыттағы жағдайларға
байланысты интенсификациялаудың бірнеше түрін айырады (5-сурет). 2
Сурет 5 – Экономикалық өсуді интенсификациялау
Интенсификациялаудың еңбек жинаушы түрінің болжамдауы бойынша жаңа
техника өндірістен еңбек күшін біртіндеп жоюда деп түсіндіреді. Бұл
жағдайда өнімді шығару қарқындылығының өсуі жұмысшылар санының өзгеру
қарқындылығынан озық болады. Басқаша айтқанда , өндірістің барлық өсімі
еңбек өндірісінің көбеюінің арқасында жеке түрде немесе толық жетеді.
Интенсификациялаудың бұл түрі бастапқы кездегі халық шаруашылығын
индустриализациялаудағы құрал-жабдықтардың өндірісінің дамуынада қолайлы
болып келеді. Техникалық прогресс , сондай-ақ жұмысшы күшін өндірісте
біртіндеп аз көлемде қолдана бастау неғұрлым жылдамырақ бірінші жағдайда ,
яғни өндіріс заттарын өндіруде болады және де неғұрлым жай түрде екінші
жағдайда , яғни тұтыну заттарын өндіруде болады. Бәрімізге белгілі , бұл
жағдайда өндіріс қарқындылығы негізгі түрде өндіріс заттары арқасында арта
түседі , нақтырақ айтқанда осы өндірістің дамуы өзіне қажетті заттарды
шығарғанда ғана қарқынды болуы. Экономикалық өсудің бұл түрінедегі қатаң
түрдегі келіспеушілік кездейсоқ жағдай емес. Яғни өндіріс үшін тездетілген
өндірістің өсуімен және барған сайын одан қалып келе жатқан тұтыну
заттарының өндірісі арасындағы келіспеушілік. Мұндай түрдегі келіспеушілік
халықтың өмір сүру деңгейіне кері әсерін тигізеді.
Интенсификациялаудың капитал жинаушы түрі: шикізаттар мен
материалдарды және де құралдар мен машиналарды тиімдірек пайдаланудың
арқасында өндіріс қаржыларын тиімдірек жұмсауға болда. Мұндай жағдайда
капиталдың техникалық құрамы төмендейді немесе оның ұлғаюы
бәсеңдетіледі. Бұл процесстер өнімдерді арзандаттыратын , сондай-ақ химия
полимерлері сияқты жоғарғы тиімділікті заттай өндірістік факторлар
қолданғанда, жоғарғы деңгейдегі автоматикалық құрылғыларды игеру кезінде,
ҒТР-дың (ғылыми - техникалық прогресс) бастапқы кезеңдерінде көрініс
табады. 5, 269 б
Көп жақты интенсификация дегеніміз – ол барлық берілген ресурстар
қолданылатын экономиалық өсудің бір түрі. Бұл экономикалық өсудің түрі
кезінде өндірістің еңбек шарттары да, заттық шарттар да үнемделеді. Көп
жақты интенсификация , ол қазіргі заман деңгейіндегі ғылыми – техникалық
прогреске және де жаңа технологиялық революция шарттарына оңай түрде енеді.
Көп жақты интенсификация ұлғайған өндірістің барлық процестерінің
сапасы жағынан жаңартылуына жол ашады.
Өндірісті шығынды түрдегі экстенсивтік өсіруге қарсы түрде көп жақты
интенсификация экономикалық өсудің шығынға қарсы траекториясын қамтамасыз
етеді.
Сурет 6 – Көп жақты интенсификациялау сызбасы
Графикте көрсетілгендей, ұлттық табыстың (ҰТ) көлемі барлығынан
жылдамырақ өседі, оған қарағанда құралдар өндіріп шығару (Ко) мен
жұмысшылар күшінің саны (Р) біршама жай түрде өседі. Нәтижесінде бір өнімге
кететін құн (Сс) төмендей түседі де, ұлғайған өндіріс сапалы түрдегі жаңа
қасиеттерге иемденеді (6-сурет). 9, 556 б
Экономикалық дамудың жаңа түрдегі сапасы ең алдымен ұлттық табыс
өндірістің тиімді өсуінде көрсетіледі. Бұл жағдайда ұлттық табысқа
шаққандағы еңбектің шығындалуы мен өндіріс құралдары азаяды. Сондықтан
барлық шаруашылықтың даму жақсарады , сонымен қатар ғылыми – техникалық
деңгей және де шығарылатын өнімнің сапасы жақсарады.
Бұл техникалық әдіспен болатын өндірістің тура ықпалы болып табылады.
Қазіргі замандағы халық шаруашылығының құрылысын жасаудың әсерінен
жаңа заттар пайда болуда. Жалпы өндірілген өнімнің көп үлесін ғылымды көп
қажет ететін өнімдер алады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: құрал
жабдықтар, компьютерлер мен ЭВМ-ның сан алуан түрлері, электротехникалық
өндіріс, атомдық энергетика, синтетикалық өндіріс, пластикалық өндіріс,
құрылыс материалдары және ҒТР-дың (ғылыми техникалық революция)
жетістіктерін қажет ететін өндіріс салалары жатады.
Сонымен қоса, тұтынуға арналған тауарлардың арасында шикізаттай
тауарлардың көлемі азайып, соның есесінен дайын өнімдердің көлемі көбеюде.
Мұндай құрылымдық өзгерістің негізгі себебі ресурстарды тиімді қолдану
мақсатында әр бір өндірілетін өнімге неғұрлым аз көлемде материалдар мен
энергияны қолдану болып табылады.
Экономикалық дамудың жаңа сапасы
өндірістің шаруашылық
тұтыну
тиімділігі құрылымының
бөлігінің
прогрессивтілігі
өсуі
Техникалық деңгейдің түпкі өнімнің
және өнім
ұлғаюы
сапасының өсуі
Сурет 7 - Экономикалық дамудың жаңа түрдегі сапасы
Тауарларды жалпы экономикалық теория іліміне сүйене отырып екіге
бөлуге болады: тұтыну тауарлары және қорлану тауарлары; Ұлғаймалы
өндірістің дамуы мына жағдайда жүзеге асады: ұлттық табыстың құрамында
қорлану тауарларына қарағанда тұтыну тауарларының үлес салмағы жоғары
болған жағдайда. Осының нәтижесінде халықтың өмір сүру сапасы және
әлеуметтік жағдайы жоғарлайды, сонымен қоса мемлекеттегі жалпы экономикалық
жағдай жақсарады және ұлттық шаруашылықтың тиімділігі жоғарлайды. 8, 269
б
Экономикалық дамудың жаңа сапалық жағлайында өндіріс процесінің
пропорциясы айқын өзгереді. Сондықтан өндіріс заттарының өндірісі жай
өседі де, керісінше тұтыну құралдарының өндірісінің жылдам өсуіне жағдай
туады.
2 ҚАЗАҚСТАНЫҢ ДАМУШЫ ЕЛ РЕТІНДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІ
2.1 Дамушы елдердің экономикалық өсуiнiң ерекшелiктерi мен мәселелері
Бүгiнде әлемдiк экономикада барлық елдердiң негiзгi мақсаты мен бағыт-
бағдары тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзiп, халықтың тұрмыс деңгейiн
жақсартып, әлемдiк рыноктағы бәсекелестiк орнын мығымдауға ынталы болады.
Бiрақ әрбiр елдiң экономикалық өсуге қол жеткiзуi әр деңгейде және әр
түрлi формада көрiнiс табады. Бiзге белгiлi қазiр әлемдегi елдер даму
жағынан үш түрге бөлiнедi. Олар:
1) Жоғары дамыған елдер;
2) Дамушы елдер;
3) Даму жағынан артта қалған елдер 4.
Қазақстан Республикасы әлемдiк экономикаға өзiнiң егемендiгiн
алғаннан кейiн дамушы ел ретiнде өз орнын тапты. Себебi Елбасымыз өз
Жолдауында атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы
елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Ал әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай бүгiнде әлемде дамыған және
даму жағынан жоғары болып отырған елдердiң барлығы дамудың сервистiк-
технологиялық бағытына өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан
артта қалған және өте тиiмсiз экономикадағы дамушы елдер жатады. Сондықтан
елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына өтуi үшiн эономикалық дамудың
индустриялы-инновациялы жолына түсуi қажет. Осы мақсатта елiмiзде бүгiнде
алғашқы iс-шаралар жүзеге асуда. Оның негiзгi елiмiзде 2003-2015 жылдарға
арналған Индустриялы-инновация стратегияның қабылдануы болып табылады 10.
Қазiргi әлемдiк экономикада шикiзат бағыттағы экономиканың дамуы
тұрақсыз болып келiп, ол әлемдiк рыноктағы шикiзат бағаларының өзгеруiне
тәуелдi болады. Бүгiнде шикiзат бағытындағы елдер даму жағынан артта қалған
және экономикасы тиiмсiз жағдайда болып отырған дамушы елдер айналысады. Өз
кезегiнде шикiзат бағытындағы экономиканың шығындары көп болып, ол қоршаған
ортаға, жалпы қоғамға өз зиянын тигiзедi.
Ал дамушы елдер iшiнде индустриялы-инновациялы, технологиялары
дамыған және өнеркәсiптiң өңдеушi салаларын дамытып, қалдықсыз өнеркәсiптi
iске асырып отырған әлемдегi жаңа индустриялы елдердi атап өтсек болады.
Олардың iшiнде экономиканы қысқа мерзiмде тиiмдi реформалап, дамудың жоғары
дәрежесiне жеткен Оңтүстiк-Шығыс Азияның елдерiн атауға болады. Бұл елдер
20-30 жыл iшiнде әлемдiк шаруашылықта “Азия жолбарасы”, “Азия айдаһары”
деген атпен дүниежүзiне белгiлi болды. Бұл елдерге:
1) Оңтүстiк Корея;
2) Тайван;
3) Китай;
4) Сингапур;
5) Малайзия;
6) Индонезия;
7) Гонконг елдерi жатады 10, 12 б.
Бұл аталған дамушы елдердiң барлығы экономиканың шикiзаттық бағытынан
қол үзiп, дамудың индустриялы, жоғары технологиялы жолына түсiп, бүгiнде
әлемдегi дамыған жетiлiк елдермен бәсекеге түсуде.
Олардың мұндай өсудiң жоғары деңгейiне және тиiмдi экономикалық жолға
түсуiне осы елдерде жүргiзiлген экономикалық реформалардың жемiсi деп
айтсақ болады. Бұл елдерде мемлекет тарапынан экономиканы тиiмдi реформалау
кезеңдер арқылы және даму стратегиялары арқылы iске асты.
Әрине Қазақстан Республикасы үшiн экономикалық өсудiң жоспарын
жасауда осы елдерден үлгi алу бiздiң ұлттық экономика үшiн тиiмдi болып
табылады. Сондықтан осы елдердiң экономикалық дамуының ерекшiлiгiн талдап,
оның елiмiз экономикасы үшiн қолайлы жақтарын анықтау бүгiндегi
тапсырмалардың бiрi. Осылайша мен мысал ретiнде осы шетелдердiң
экономикалық өсуiнiң процесiне тоқталып өтудi жөн көрдiм.
Осы дамушы елдердiң бiрi, бүгiнде әлемдегi әйгiлi жетiлiкке бәсекелес
болып отырған Оңтүстiк Корея Республикасы. Бүгiнде бiрде-бiр ел өзiнiң жаңа
өнеркәсiп салаларының дамуы, экономикасы жағынан Жапония, АҚШ және Еуропа
елдерiмен бәсекелес бола алмаған едi. Ал қазiр Оңтүстiк Корея компаниялары
мен фирмалары электротехника, метал өнiмдерi, машина жасау, текстильдi және
т.б. тауарларды өндiруде жоғары табыстарға жетiп, жаңағы аталған дамыған
елдермен бәсекеге түсуде.
Оңтүстiк Кореяның әлемдiк саудадағы үлесi 80-шi жылдары 10%-ға өстi.
Сол уақытта Оңтүстiк корея Рспубликасы темiр бұйымдарын экспорттаудағы
үлесi 57%, 52,4% - түссiз телевизорлар экспорты, 41,8% - ақпаратты талдау
құрылғылары, 40,9% - ер адамдар көйлегi мен синтетикалық маталар, 32,2% -
металдық контейнерлер экспорттады 10, 14 б.
Кореяның өткен ғаысрдың соңғы ширегiндегi ЖҰӨ-нiң орта жылдық өсуi
8,5% ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz