Тілдің танбалық сипаты туралы ақпарат



1. Тілдің танбалық сипаты.
2. Тіл құрылымының элементтері.
3. Тілдің құрылымдық қасиеті.
Дыбыс тілі қатынас құралының ең маңызды түрі болғанымен, оны қолдану әрдайым мүмкін де, тиімді де бола бермейді. Кейде дыбыс тілі арқылы хабарлауға, білдіруге болмайтын жайттар өмірде жиі кездеседі. Мұндай жағдайларда бір нәрсе жайында басқаларға хабар беру үшін, сол хабардың шартты көрсеткіші ретінде әр түрлі материалдық белгілерді қолданған. Ондай шартты белгілер орыс тілінде знак, қазақ тілінде таңба деп аталады. Таңба деп басқалардың білдірмекші болған белгілі бір хабардың орнына, қолданылатын сезім мүшелерінің біріне заттық, құбылыстық, дыбыстық, сәулелік, әрекеттік тағы солар сияқты белгілерді айтады. Белгілі бір нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық көрсеткіш, яғни таңба таңбалаушы деп аталады да, ол білдіріп тұрған мағына таңбаланушы деп аталады. Мысалы: бағдаршамның қызыл жарығы – таңбалаушы да, ол білдіріп тұрған «жүруге болмайды» деген мағына таңбаланушы. Сондай-ақ, шеберханалар маңдайшасындағы телевизор, радио қабылдағыштардың суреттері таңбалаушы да, олар білдіріп тұрған «осы заттар осы жерда жөнделді» деген мағына таңбаланушы. Таңба ретінде кез келген затты, кез келген шартты белгіні қолдануға болады. Ондай шартты белгілер – материалдық жағынан да, білдіретін хабарының мазмұны, оны беру тәсілі мен таңбаның құрылымдық сипаты жағынан да алуан түрлі, ол- ғылым обьектісі болуға әбден жарайтын, мейлінше күрделі құбылыс. Осы себептен үстіміздегі ғасырдың 30-жылдарынан бастап, таңбаларды зерттейтін семиотика деп аталатын дербес ғылым қалыптасты. Семиотика-грек сөзі, мағынасы белгілі.
Семиотика хабаршы таңбалар туралы жалпы теориялық ілім, ол таңбалардың табиғатын, жүйесін, түрлерін, қолдану процесіндегі құбылыстарын, таңбалардың бір бірімен және өздері білдіретін мағынамен қарым қатынасын зерттейді.
Семиотика- 30-жылдарда ғана қалыптасқан жас ғылым болғанымен, әр түрлі материалдық белгілерді хабаршы таңба ретінде қолдануды адамдар ежелгі заманнан бастап ақ білген.
Тілде таңбалық сипаттың барлығын XIX ғасырдағы көрнекті тіл ғалымдары – Ф.Бопп мен В.Гумбольдт та айтқан. Дегенмен, бұл мәселенің тіл білімінің негізгі проблемаларының бірі ретінде қойылып, тіл білімінде оны зерттейтін тілдік семиотика дейтін саланың болу қажеттігіне көз жеткізген ғалым – Ф.де Соссюр.
К.Аханов «Тіл білімінің негіздері»
Қордабаев Т. «Тілдің структуралық элементтері»
Әлеуметтік лингвистикалық терминдердің сөздігі.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тіл-таңбалық жүйе

Жоспар:
1. Тілдің танбалық сипаты.
2. Тіл құрылымының элементтері.
3. Тілдің құрылымдық қасиеті.

Дыбыс тілі қатынас құралының ең маңызды түрі болғанымен, оны қолдану
әрдайым мүмкін де, тиімді де бола бермейді. Кейде дыбыс тілі арқылы
хабарлауға, білдіруге болмайтын жайттар өмірде жиі кездеседі. Мұндай
жағдайларда бір нәрсе жайында басқаларға хабар беру үшін, сол хабардың
шартты көрсеткіші ретінде әр түрлі материалдық белгілерді қолданған. Ондай
шартты белгілер орыс тілінде знак, қазақ тілінде таңба деп аталады. Таңба
деп басқалардың білдірмекші болған белгілі бір хабардың орнына,
қолданылатын сезім мүшелерінің біріне заттық, құбылыстық, дыбыстық,
сәулелік, әрекеттік тағы солар сияқты белгілерді айтады. Белгілі бір
нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық көрсеткіш,
яғни таңба таңбалаушы деп аталады да, ол білдіріп тұрған мағына таңбаланушы
деп аталады. Мысалы: бағдаршамның қызыл жарығы – таңбалаушы да, ол
білдіріп тұрған жүруге болмайды деген мағына таңбаланушы. Сондай-ақ,
шеберханалар маңдайшасындағы телевизор, радио қабылдағыштардың суреттері
таңбалаушы да, олар білдіріп тұрған осы заттар осы жерда жөнделді деген
мағына таңбаланушы. Таңба ретінде кез келген затты, кез келген шартты
белгіні қолдануға болады. Ондай шартты белгілер – материалдық жағынан да,
білдіретін хабарының мазмұны, оны беру тәсілі мен таңбаның құрылымдық
сипаты жағынан да алуан түрлі, ол- ғылым обьектісі болуға әбден жарайтын,
мейлінше күрделі құбылыс. Осы себептен үстіміздегі ғасырдың 30-жылдарынан
бастап, таңбаларды зерттейтін семиотика деп аталатын дербес ғылым
қалыптасты. Семиотика-грек сөзі, мағынасы белгілі.
Семиотика хабаршы таңбалар туралы жалпы теориялық ілім, ол
таңбалардың табиғатын, жүйесін, түрлерін, қолдану процесіндегі
құбылыстарын, таңбалардың бір бірімен және өздері білдіретін мағынамен
қарым қатынасын зерттейді.
Семиотика- 30-жылдарда ғана қалыптасқан жас ғылым болғанымен, әр
түрлі материалдық белгілерді хабаршы таңба ретінде қолдануды адамдар ежелгі
заманнан бастап ақ білген.
Тілде таңбалық сипаттың барлығын XIX ғасырдағы көрнекті тіл
ғалымдары – Ф.Бопп мен В.Гумбольдт та айтқан. Дегенмен, бұл мәселенің тіл
білімінің негізгі проблемаларының бірі ретінде қойылып, тіл білімінде оны
зерттейтін тілдік семиотика дейтін саланың болу қажеттігіне көз жеткізген
ғалым – Ф.де Соссюр.

Тілдік таңба- тіл тілдік таңбалардан тұрады. Тілдік таңба-ойдағы мазмұн мен
жіктелген дыбыстардан құралады. Тілдік таңбаның осы екі қыры арқылы адам
санасында қоршаған орта,оқиғалар мен фактілер бейнеленіп қабылданады.
Тілдік таңбаның жиі кездесетін түрі-сөз. Адамзат жинаған білімді сақтап,
кейінгі ұрпаққа жеткізетін-сөз,яғни сөз-хабар сақтаушы. Тілдік таңбаның ең
негізгі қасиеті-дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу.
Сонымен, тілдік таңба танымдық қызметімен бірге,тілдегі структуралық
бірліктерді (фонема,морфема,сөз тіркесі,сөйлем) анықтайды.
Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшкліктерінің бірі болып
табылады. Осылай болғандықтан,философтар мен лингвистер бұл мәселеге
ертеден бері назар аударып келеді Тілдің таңбалық табиғаты әсіресе Бодуэн
де Крутенэнің еңбектерінен және Фердинанд де Соссюрдің Жалпы
лингвистика курсы атты еңбегі жарыққа шыққаннан бергі дәуірде кең
көлемде қарастырыла бастады. Фердинанд де Соссюр тілді таңбалардың жүйесі
деп есептейді де, оны таңбалардың басқа жүйелерімен салыстыра қарайды. Ол
былай деп жазды: Тіл дегеніміз идеяларды білдіретін таңбалардың
жүйесі,демек,оны жазумен, мылқаулар үшін жасалған әліппемен, символ мәнді
әдет – ғұрыатармен, сыпайылық формаларымен, әскери сигналдармен және тағы
басқаларымен салыстыруға болады. Ол тек осы жүйелердің ішіндегі өте-мөте
маңыздырағы. Сонымен, қоғам өмірінің ішіндегі таңбалардың табиғатын
зерттейтін ғылым бар деп ойлауға болады, біз оны семиология деп атар
едік .
Таңбалар жүйесі қазіргі заманғы ғылымда кең өріс алғандығын және әр
түрлі типтегі таңбалар туралы ғылым-семиотика білімнің әр түрлі
салаларының назарын аударып отырғанын айту қажет. Ғылыми зерттеу
процесінде таңбалық жүйелердің мол тобын қолданудың өрістеуі қазіргі
заманғы ғылымның маңызды ерекшелігі болып саналады. Біздің кезіміздің
адамдары өзінің практикалық қызметінің табысты болуы үшін табиғи
таңбалар жүйелерін ғана емес, сонымен бірге әр түрлі жасанды тілдерді
қолдануға мәжбүр болып отыр. Әр түрлі типтегі таңбалар таңбалар жүйелері
туралы ғылым-семиотика соңғы кезде зерттеушілердің назарын өзіне жиі
аудара бастады. Оның негізгі проблемалары – таңба мен мағынаны анықтау,
таңбалық ситуацияның компоненттерінің анализі, таңбалардың типологиясы
және т.б.- диалектикалық материализм философиясының теориялық танып білу
проблематикасымен тығыз астарласып жатады және философтар мен
логиктердің, лингвистика, психология және кибернетика салаларындағы
мамандардың қоян-қолтық жұмыс істескен жағдайында ғана табысты шешімін
таба алады.
Жалпы таңба атаулының, әсіресе тілдік таңбаның, айрықша белгісі
оның табиғатының екі жақтылығында. Мысалы,көшедегі жүріс-тұрысты светофор
арқылы ретке келтіру жүйесінде жасыл түсті таңбаның формасы ретінде
қарауға болады және оған осы жүйенің ішінде белгілі бір мазмұн , атап
айтқанда, қозғалуға, жүруге, өтуге рұқсат деген мазмұн сәйкес келеді.
Бұл семиотикалық жүйенің элементтері екі жақты құбылыс ретінде, яғни осы
жүйенің ішінде формасы және мазмұны бар таңбалар ретінде қызмет етеді.
Жасыл түс сигнал жүйесінен тыс қозғалуға,жүруге,өтуге рұқсат дегенді
білдіре алмаған болар еді. Тілдік таңбалар да осы сияқты; мысалы, бір
тілдің түбір морфемасы немесе аффикстік морфемасы басқа бір тілдің
жүйесінде ешқандай мәнге ие бола алмайды. Егер белгілі бір элемент
семиотикалық жүйеде ешбір мәнге ие болмаса , онда ол сол жүйенің таңбасы
емес, жай ғана физикалық дыбыс болып қалады. Тілдік таңбаның екі жақты
сипаты оның ең мәнді белгілерінің бірі болып саналады. Таңбаның екі жағы
– таңбалаушы және таңбаланушы жақтары тілде олардың абстракциясы,
сәулеленуі түрінде тіркеледі, сөйлеушілердің санасында мағыналар түрінде
және таңбалық форманың сезімдік образдары түрінде сақталады.
Тілден басқа барлық таңбалар жүйесі қолдан жасалады. Олар келісім
бойынша жасалады және келісім бойынша өзгере алады. Таңбалардың мұндай
жүйесі қоғамдағы адамдардың қатысуымен және солардың келісімі бойынша
жасалады. Ал дыбыстық тілдің дамуы қоғам мүшелерінің еркіне бағынышты
емес . Әрбір жаңа ұрпақ сол қоғамда тарихи қалыптасқан тілді
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Авторлық сана – мәтіннің базалық ұғымы
Мәдениет морфологиясы мен анатомиясы: олардың мәдниет конфигурациясын зерттеудегі рөлі
Тіл біліміндегі концепт ұғымының сипаты
Тіл қатынас жүйесі және аударма түрлері
Тілдік қатынас
Тілдің таңбалық және құрылымдық сипаты
Тілдің таңбалық сипаты
Таңбалар жүйесінің ұғымы
Сөйлеуге тән қасиеттер мен сапалықтар
Тілдесу психологиясы
Пәндер