Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданы туралы


Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданына Атырау және Маңғыстау облыстары кіреді. Аумағынығ көлемі 284 шаршы шақырымға тең. Халық саны 610, 7 адамды құрайды, оның 75% қала тұрғындары. Орта есеппен алғанда 1 шаршы шақырымға 5 адам шамасындай келеді. Оның жерімен өтетін темір жолдың ұзындығы 1517 км., ал асфальт төселген автомобиль жолының ұзындығы 4700 км.
Осы экономикалық ауданда Қазақстан халық шаруашылығының 16% астамы шоғырланған. Оңтүстік Батыс экономикалық ауданының республика өнеркәсібінің жалпы өнімділігі үлесі 13% шамасында, ал ауыл шаруашылығының өніміндегі үлесі 2%. Бұл өңір респудликаның халық тұтынатын заттарының 3% дан астамын өндіріп, тауар айналымының 5% қамтамасыз етеді. Мұнда Қазақстанның ЖІӨ 9%-ы өндіріліп, еңбек қорының 5% шоғырланған.
Атырау облысы
Атырау облысы Қазақстан республикасындағы әкімшілік -аумақтық бөлік. Атырау облысы 1925 жылға дейін Орал облысының, 1925-1929 жылдары Бөкей губерниясының кұрамында болып келді. 1929 жылы Гурьев округі құрылды. 1930 жылы 17 желтоқсандағы ҚазОАК мен Халком Кеңесінің Қазақстанды аудандастыру жөніндегі қаулысына сәйкес бұрынғы Есбол, Жаманқала, Новобогат аудандары, Теңіз ауданының бір бөлігі және Гурьев қаласының негізінде Гурьев ауданы құрылды. 1932 жылдың басында Доссор ауданының Сағыз өзенінің оң жағасындағы жерлері Гурьев ауданына енді. 1938 жылы 15 қаңтарда Гурьев (қазіргі Атырау облысы) болып қайта құрылды. Жерінің аумағы 112, 0 мың шаршы шщақырым. Тұрғыны 453, 2 мың адам. Атырау облысы құрамында 1 қала, 7 аудан, 15 кент бар. Орталығы - Атырау қаласы.
Атырау облысы Еуропаның қиыр шығысы мен Азияның қиыр батысының түйіскен тұсында орналасқан. Батыс Ресей Федерациясының Астрахан облысымен, солтүстігінде Батыс Қазақстан, шығысында Ақтөбе, оңтүстігінде Маңғыстау облыстарымен шектеседі. Облыс аумағы теңіз деңгейінен төмен жатқан Каспий ойпатының солтүстік - шығыс бөлігін, Жем қыраты мен үстірттің батыс шетін, Каспий теңізінің солтүстік бөлігін алып жатыр. Жері, негізінен, жазық болып келеді. Облыс аумағының батысын Нарынқұм жалдары, оңтүстігін Ботпайсағыр, Қосдәулет, Бозанай, Меңтеке құмдары, солтүстік - шығыс бөлігін Тайсойған, Бүйрек, шығысын Қарақұм алқаптары, солтүстігін Индер тауы қамтиды. Облыс жерінің шығысы Ойыл, Сағыз, Жем өзендері салаларымен тілімдеген, әрі теңіз деңгейінен едәуір жоғары орналасқан. Бұл аймақты Жем қыраты мен Үстірттің батыс сілемдері, Доңызтаудың бөліктері - Желтау, Тамды т. б. жорталар алып жатыр.
Геологиясы және кен байлықтары.
Атырау облысының Каспий теңізі алып жатқан бөлігін төрттік кезеңнің аллювиалдық және теңіздік шөгінділері құрайды. Облыс жерінің қыратты бөлігі тектоникалық процестер негізінде пайда болған. Бұл процестер, әсірес, ойпат табанындағы тұзды қабаттарға көп әсер етеді. Соған байланысты тұз шөлінділерінен тұз күмбездері түзілген. Атырау облысының жер қойнауында мұнай мен газдың ірі кен орындары шоғырланған. Индер кенінде бораттың, калий тұзының мол қоры бар.
Экономикасы.
20 ғасырдың басында Атырау облысының шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығынан, Доссор және Мақат мұнай, Каспий теңізі мен Жайық өзеніндегі балық аулау кәсіпшіліктерінен тұрды. Мұнда 1879 жылы Қараша айында Қарашұңғыл мұнай кешенінен тұңғыш мұнай фонтаны атқылап, Қазақстан мұнай кәсіпшілігінің негізі қаланды. 1920 жылы мұнай және балық кәсіпшіліктері мемлекеттік меншікке алынды. 30 - жылдары Орал - Ембі мұнай кәсіпшіліктерін қалпына келтіру мен Орал - Каспий мемлекеттік балық тресін құруға, Гурьев -Қандағаш темір жолын салуға, 1945 жылдан кейін жаңа мұнай - газ кендерін кеңінен игеруге байланысты Атырау облысының экономикасы тез қарқынмен дамыды.
Облыс өнеркәсібі жергілікті табиғи және ауыл шаруашылық шикізаттарын өндіру мен өңдеуге бағытталған.
Атырау облысында мұнай өндіру, балық аулау және оны өңдеу, химия, машина жасау, металл өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, сонымен қатар тамақ және жеңіл өнеркәсіп салалары дамыған. Мұнай Мақат, Доссор, Қосшағыл, Байшолнас, Комсомол, Құлсары, Қаражон, Теңіз, Биікжал, Мұнайлы, Прорва, Сарықамыс, т. б. кәсіпшіліктерінде өндіріліп, Атырау мұнай өңдеу зауытында өңделеді, Ресейдегі, т. б. шет елдердегі мұнай өңдеу зауыттарына жіберіледі. Балық аулау мен өңдеу өнеркәсібі негігінен Каспий теңізіндегі 200-ден астам балық аулау кемелері мен 9 зауыт, Балықшы кентіндегі балық консервілеу комбинаты мен Шортанбай балық зауыты құрайды. Облыста бірнеше тігін фабрикасы, нан, сүт зауыттары, ет комбинаты, тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары, т. б. мекемеоер жұмыс істейді. Атырау облысының ауыл шаруашылығы қой, ірі қара, жылқы және түйе өсіруге маманданған. Мал шаруашылығымен бұрынғы кеңшарлар мен ұжымшарлар негізінде ұйымдастырылған шаруа қожалықтары айналысады. Егіншілік нашар дамыған. Еділ тармақтары мен Жайық бойындағы шаруашылықтар жемшөп, картоп, көкөніс, жүгері өсіруге маманданған. Облыста ауыл шаруашылық жерінің көлемі 9988, 7 мың га, оның 33, 8 мың гектары егістік, 170, 3 мың гектары шабындық, 9784, 6 мың гектры жайылым.
Облыста көліктің барлық түрі дамыған. Темір жол облыс орталығын шығысында Доссор, Мақат, Құлсары арқылы Ақтау қаласымен, Қандағаш арқылы Орск қаласымен, Аққыстау арқылы Волгоград қаласымен, автомобиль жолы Орал және Астрахан қалаларымен, теңіз жолы Астрахан, Махачкала, Ақтау, Баку, Түркменбашы, т. б. қалалармен, әуе жолы Астанамен, Алматымен, республиканың басқа да облыс орталықтарымен, шетел астаналарымен байланыстырады.
«Атыраубалық»
«Атыраубалық» - балық аулаумен және оны өңдеумен шұғылданатын Қазақстандағы ірі өнеркәсіп. «Линспромстрой» цехы, Гурьев балық консерві комбинаты негізінде құрылған. 1958 жылы Гурьев өндірістік балық өнеркәсібі басқармасы болып аталды. 1976 жылы ірі бірлестікке айналды. Құрамында: Атырау кеме жөндеу зауыты, Шортанбай балық зауыты, сонымен қатар балық зауыты автобазасы, машина мелорация стансасы, материалдық - техникалық жабдықтау және өткізе мекемесі, 9 цех және 9 балық аулау серіктестігі бар. Өндірістік цехтары қайта жабдықталып, кеңейтілген. Жаңа уылдырық цехы, айлақ жолы салынып, қуатты крандар орнатылды. 9 жүзбелі уылдырық зауыты жұмыс істейді. Мұнда уылдырық пен балық өнімдерін шығаратын автоматты және кешенді механикаландырылған желілер бар. Өнімнің жаңа түрлерін шығару игерілген. Бекіре балығынан құтыланған өнімнің бірнеше түрі шығарылады. Бірлестікте шығарылған жалпы өнім соңғы елу жылда 11 есе өсті. 1992 жылы кәсіпорын акционерлік қоғамға айналып, бірлестік акциясының 40 проценттен астамын Кавске (Швейцария) және Ковинреке (Германия) фирмалары иеленді.
1997 жылы «Ракушка» кентінде Қазақстанда алғаш рет, жылына 3 млн. бекіре тұқымдас балық шабақтарын өсіретін зауыт іске қосылды. Батыс Еуропа, Таяу шығыс, т. б. елдерге өз өнімдерін шығарады.
Атырау машина жасау зауыты.
Петровский атындағы мұнай кәсіпшілігіне және геологиялық барлау жұмыстарына қажетті аспаптар мен қосалқы бөлшектерді, насостар, балшық араластыратын машиналар, тракторлардың қосалқы бөлшектерін, т. б. шығаратын ірі кәсіпорын. Зауыт 1921 жылы «Ембімұнай» тресінің механикалық шеберханасы негізінде механикалық зауыты болып құрылған. 1941 жылы қазан айында Донбастан көшірілген Петровский атындағы зауытпен біріктірілді. Зауытта токарьлық станоктар, 8 шинельді оймалауыш, жартылай автоматты станоктар, сегментті араларды қайрайтын жартылай автоматтар, жоғары өнімді престер, т. б. жабдықтар өндіру игерілген. 1985 жылдан бастап автоматтандырылған желілер, металл өңдеудің қазіргі заманғы . Зауытта 1995 жылдан бастап еліміздің мұнай өнеркәсібіне қажетті құрал - саймандарды шығару қолға алынды.
Атырау мұнай өңдеу зауыты.
Атырау мұнай өңдеу зауыты - мұнай өнімдерін шығаратын өнеркәсіп. Зауыт құрылысы 1943 жылы 14 сәуірде басталды. 1945 жылы алғашқы өнімін берді.
1969 жылы тамыз айында зауытта жылдық жұмыс өнімділігі 3 млн тонналық атмосфералық түтікше-электрмен тұзсыздандыру қондырғысы пайдалануға берілді. Бұл бензин, дизель отыны мен қара май шығару мөлшерін ұлғайтты. Зауыт 1965 жылдан бастап Маңғыстау мұнайын өңдей бастады, қайталама процесті дамыту қолға алынды. 1980 жылы баяу кокстеу қондырғысы іске қосылып, Қазақстандық тұңғыш кокс алынды. 1989 жылдан бері зауытта мұнай коксын қыздыра шынықтыратын қондырғы жұмыс істейді.
1987 жылы бұрынғы «Гудри» қондырғысында уайт-спирит шығаратын өндірістің 1-кезегінің құрылысы басталып, сол жылдың күзінде автоматты желі іске қосылды. Зауытта, сонымен қатар, сусабындар, іштен жанатын двигательдерге арналған «Тосол - А - 50М» майы, ыдыстар мен сантехникалық құралдарды жууға арналған «Афол» сұйығы өндіріледі. Зауыт 1993 жылы акционерлік қоғам болып қайта құрылды.
Маңғыстау облысы.
Маңғыстау облысы республиканың оңтүстік - батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде Атырау, солтүстік - шығысында Ақтөбе облыстарымен, шығысында Өзбекстанмен және оңтүстігінде Түркменстанмен шектеледі. Батысын Каспий теңізі шаялы.
Маңғыстау түбегінде мұнай, газ, уран, т. б. қазба байлықтары бар. Химия өндірісі дамыған, газ өңдеу, пластмасса зауыттары, металлургия комбинаты бар. Оның негізгі өнімдері: минералдық тыңайтқыштар, күкірт қышқылы, жасанды аммиак, полистирол болып табылады. Тамақ, жеңіл өнеркәсіп, тұрмыстық қызмет кәсіпорындары жұмыс істейді.
Ембі алабымен салыстырғанда Маңғыстау мұнайын өндіру үш есе арзанға түседі және тиімді. Оның себебі, Маңғыстау мұнайы жер бетіне жақындау жатады, оның қоры тығыз, осыдан келіп, бұрғылау өнімі жоғары.
Маңғыстау өнеркәсіп торабы мұнай мен газдың мол қорына сүйене дамып келеді. Газ өңдейтін кәсіпорындары бар мұнай және газ өнеркәсібінің дамуы жөнінде республикадағы ең ірі өнеркәсіп торабының бірі болуына жеткізу қолға алынған.
Ақтау өнеркәсіп бірлестігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz