Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

Негізгі бөлім

І . тарау. ҚР . ның даму стратегиясында аумақтың алатын орны.

1.1. Экономикалық тұрғыдан алғанда аумақтың рөлі ... ... ... ... ... ... ... .5

1.2.Аумақтарда жергілікті өзін. өзі басқару механизімін енгізу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

1.3. Жергілікті өзін . өзі басқарудың принциптері мен моделдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ІІ.тарау. Қазақстандағы жергілікті өзін.өзі басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

2.1. Жергілікті өзін.өзі басқару жүйесінің қысқаша экономикалық тарих ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

2.2.Қазіргі билікті орталықсыздандыру мен шоғырландырмаудың құрылымдық моделдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

2.3.Жергілікті өзін. өзі басқарудың шетелдік моделі ... ... ... ... ... ... ... 29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру ұлттық деңгейде басқару өкілеттігінің бір бөлігін жергілікті деңгейге беруді қамтиды. Жергілікті өзін-өзі басқару (ЖӨӨБ) сферасына бағытталуды ұйымдастыру, ең алдымен азаматтық басқаруға қатысу құқығын беру қажеттілігі мен төменнен жоғары құрылатын мемлекеттік билік жүйесін тиімді құру. Жергілікті жердегі биліктің құрылымы жергілікті халықтың қажеттілігіне жауап бермесе, реформалау процессі жай жүріп, тиімсіз болады.
Демократиялық мемлекетті құру және қызметтестіру үшін, орталық билік пен ЖӨӨБ-дың өзара қатынасының тиімді механизмін құру қажеттілігі туындайды.
Жоғарғы дамыған елдерде басқарудың орталықтандырылған және орталықсыздандырылған функциясы барлық уақытта жүргізіледі. Олар бірін-бірі толықтырып, ауыстырып және түрлендіріп отырады. Жақсы ұйымдасқан жүйе ең алдымен “орталықсыздандырудың орталық-субъекті” жүйесі шегінде бірлескен міндеттердің және өкілеттіктер мен ресурстарды қайта бөліп берудің нәтижесінде қалыптасатын байланыстардың нық және келісімді принциптеріне сүйенеді.
Жоғарыда келтірілген негізде мемлекеттің құрылу бағытын талқылай отырып, суверинтетті еліміздің алғашқы жылдары мемлекеттік басқару функциясы орталықтанған процесте құрылғандығына негізделуге болады. Егеменді мемлекеттің құрылуында қоғамдағы саяси және әлеуметтік процестерде басқаруды сақтау және экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің басқару жүйесін орталықтандыру міндеті тұрды. Бірақ, енді алдағы кезеңде орталықтандырылған билік Қазақстанның экономикалық және саяси дамуын тежейтінін түсіну керек.
Сондықтан Қазақстан республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың; «Енді жергілікті жерге тиісті өкілеттіктерді беруге болады. Әлбетте ол, біздің мемлекетіміздің унитарлылығын және жекелеген функцияларды орталықтандырудың объективті қажеттіліктерін ескерсек, бұл мәселелерді шешу әдісі барлық уақытта маңызды болып қала бермек. Қазақстандағы аймақтарға кірістерді қайта бөлуді ескеруге тиіспізң, деген мәлімдемесі кездейсоқ емес.
Бұл принципиалды жағдай «Қазақстан-2030ң даму стратегиясында айқын бейнеленген және Президенттің жылдағы республика халқына жолдауында, мемлекеттік басқару жүйесінің құрылуындағы негізгі принциптердің бірі ол, басқарудың барлық деңгейлері арасында міндеттерді нақты шектеумен бірге, мемлекет функциясын орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынас жүйесін жетілдіру екендігі белгілі.
Елдің саяси жүйесін демократияландыру бағдарламасында Президент өзінің Қазақстан халқына жолдауында, мемлекеттік құрылымды орталықсыздандырудың нақты әдістерін ұсынды. Ол әдістер жайында елбасы: «Біз кезең-кезеңмен кең көлемде барлық деңгейдегі басшыларды сайлау бағдарламасын қарауымыз қажет. Бұл жерде бірқатар елдегі ойластырылмаған революциялық төзімсіздігі салдарынан басқарушылық жоғалтулар мен күйзелістерді болдырмау проблемаларын да айтпай кетуге болмайды. Мен жақын арада кезең-кезеңмен өту деңгейлерін нақты белгілеп жасауға кірісуіміз қажет деп санаймын. Сонымен бірге ЖӨӨБ моделінің жағдайлықтан алыс екендігінде ұмытпауымыз керек. Біз осы салада реформа жүргізуге баруымыз қажетң деп айтты.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Танкиева: "Жергілікті басқаруда экономикалық механизмдерді қолдану жолдары". "Саясат" Алматы 2005ж
2. ҚР әлеуметтік – экономикалық дамуының 2005 – 2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары. ОҚО Статистика агентігі. Шымкент, 2005*.
3. ОҚО 2005 – 2007 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы. ОҚО Экономика және бюджетті жоспарлау департаменті. Шымкент, 2005.
4. П.В.Забелин, Н.К.Моисеева. Основы стратегической управления. Москва, 1998 г.
5. Баянов Е. ред. "Мемлекеттік және құқық негіздері", Оқулық, Алматы, "Жеті жарғы", - 2001ж.
6. "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" Президенттің Қазақстан халқына Жолдау / Егемен Қазақстан, 19.03.2004ж.
7. Көшім Д., "Жергілікті өзін-өзі басқару - азаматтық қоғамның алғашқы баспалдағы", - Алматы, 2000ж.
8. Қазақстан Республикасының Конституциясы., Алматы, 1995 ж. 89, 95 баптар.
9. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы. №23 желтоқсан, 2003 ж.
10. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңы., "Заң", №3, 2001ж. 9-26 бет.
11. Мәдинов Р. "Сағым" идеядан сақтанған абзал немесе билікті орталық пен аймақтар арасында бөлуді жеделдеткісі келетіндердің көксегені не?/ "Егемен Қазақстан", 16.04.2002ж.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3

Негізгі бөлім

І – тарау. ҚР – ның даму стратегиясында аумақтың алатын орны.

1.1. Экономикалық тұрғыдан алғанда аумақтың
рөлі ... ... ... ... ... ... ... .5

1.2.Аумақтарда жергілікті өзін- өзі басқару механизімін
енгізу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

1.3. Жергілікті өзін - өзі басқарудың принциптері мен
моделдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

ІІ-тарау. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы
мен дамуы

2.1. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қысқаша экономикалық
тарих ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

2.2.Қазіргі билікті орталықсыздандыру мен шоғырландырмаудың
құрылымдық
моделдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .26

2.3.Жергілікті өзін- өзі басқарудың шетелдік
моделі ... ... ... ... ... ... ... 2 9

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...33

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..34

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру ұлттық
деңгейде басқару өкілеттігінің бір бөлігін жергілікті деңгейге беруді
қамтиды. Жергілікті өзін-өзі басқару (ЖӨӨБ) сферасына бағытталуды
ұйымдастыру, ең алдымен азаматтық басқаруға қатысу құқығын беру қажеттілігі
мен төменнен жоғары құрылатын мемлекеттік билік жүйесін тиімді құру.
Жергілікті жердегі биліктің құрылымы жергілікті халықтың қажеттілігіне
жауап бермесе, реформалау процессі жай жүріп, тиімсіз болады.
Демократиялық мемлекетті құру және қызметтестіру үшін, орталық билік
пен ЖӨӨБ-дың өзара қатынасының тиімді механизмін құру қажеттілігі
туындайды.
Жоғарғы дамыған елдерде басқарудың орталықтандырылған және
орталықсыздандырылған функциясы барлық уақытта жүргізіледі. Олар бірін-бірі
толықтырып, ауыстырып және түрлендіріп отырады. Жақсы ұйымдасқан жүйе ең
алдымен “орталықсыздандырудың орталық-субъекті” жүйесі шегінде бірлескен
міндеттердің және өкілеттіктер мен ресурстарды қайта бөліп берудің
нәтижесінде қалыптасатын байланыстардың нық және келісімді принциптеріне
сүйенеді.
Жоғарыда келтірілген негізде мемлекеттің құрылу бағытын талқылай
отырып, суверинтетті еліміздің алғашқы жылдары мемлекеттік басқару
функциясы орталықтанған процесте құрылғандығына негізделуге болады.
Егеменді мемлекеттің құрылуында қоғамдағы саяси және әлеуметтік процестерде
басқаруды сақтау және экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін
мемлекеттің басқару жүйесін орталықтандыру міндеті тұрды. Бірақ, енді
алдағы кезеңде орталықтандырылған билік Қазақстанның экономикалық және
саяси дамуын тежейтінін түсіну керек.
Сондықтан Қазақстан республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың; Енді
жергілікті жерге тиісті өкілеттіктерді беруге болады. Әлбетте ол, біздің
мемлекетіміздің унитарлылығын және жекелеген функцияларды орталықтандырудың
объективті қажеттіліктерін ескерсек, бұл мәселелерді шешу әдісі барлық
уақытта маңызды болып қала бермек. Қазақстандағы аймақтарға кірістерді
қайта бөлуді ескеруге тиіспізң, деген мәлімдемесі кездейсоқ емес.
Бұл принципиалды жағдай Қазақстан-2030ң даму стратегиясында айқын
бейнеленген және Президенттің жылдағы республика халқына жолдауында,
мемлекеттік басқару жүйесінің құрылуындағы негізгі принциптердің бірі ол,
басқарудың барлық деңгейлері арасында міндеттерді нақты шектеумен бірге,
мемлекет функциясын орталықсыздандыру және бюджетаралық қатынас жүйесін
жетілдіру екендігі белгілі.
Елдің саяси жүйесін демократияландыру бағдарламасында Президент өзінің
Қазақстан халқына жолдауында, мемлекеттік құрылымды орталықсыздандырудың
нақты әдістерін ұсынды. Ол әдістер жайында елбасы: Біз кезең-кезеңмен кең
көлемде барлық деңгейдегі басшыларды сайлау бағдарламасын қарауымыз қажет.
Бұл жерде бірқатар елдегі ойластырылмаған революциялық төзімсіздігі
салдарынан басқарушылық жоғалтулар мен күйзелістерді болдырмау
проблемаларын да айтпай кетуге болмайды. Мен жақын арада кезең-кезеңмен өту
деңгейлерін нақты белгілеп жасауға кірісуіміз қажет деп санаймын. Сонымен
бірге ЖӨӨБ моделінің жағдайлықтан алыс екендігінде ұмытпауымыз керек. Біз
осы салада реформа жүргізуге баруымыз қажетң деп айтты.

І – тарау. ҚР – ның даму стратегиясында аумақтың алатын орны.
1.1. Экономикалық тұрғыдан алғанда аумақтың рөлі

Мемлекеттің даму барысында аумақтық және олардың билік ететін
органның ролінің арта түсуі жергілікті және дүниежүзілік тенденция ретінде
ұсынылуда. Оған келесідей көптеген жағдайлар әсер етеді:
1. Өңірдің әлеуметтік жағы және адам факторының басым роль атқаруы;
2. Аймақтардың өзара байланыстарының едәуір ұлғаюы;
3. Еңбек ресурсының қозғалысының күшеюі;
4. Аймақтардың өндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделене түсуі
мен халықтық маңызының артуы.
Аумақ дегеніміз бірнеше елді - мекеннен тұратын мемлекет территориясын
бір бөлігін құрайтын және мемлекеттің мүддесін көтеруге негізделген
қоғамдық құру мен басқаруды атаймыз. Аймақтың ролінің күшеюі, біріншіден,
мемлекет пен аймақтар арасында басқару функциясын қайта бөлуді, қайта
қарастыруды, екіншіден, мемлекеттік территориялық басқару мен жергілікті
өзін-өзі басқарудың ең ұтымды үйлесімін көздейді. Бұл жағдай Қазақстанға да
тән, себебі мемлекеттік тәуелсіздік құру экологиялық дамыған аймақсыз
кеңейтілген әлеуметтік инфрақұрылымсыз мүмкін емес.
Аумақтық экономика – экономиканың өндіріс салаларымен кәсіпорындарды
ел аумағының жекелеген өңірлеріне ұтымды орындардың өнімді өткізу аймақтары
қалыптастыруды көздейтін сала. Мемлекеттің аймақтық саясаттың негізгі
көрсеткіші болып өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық бостандығы
және шығармашылық іскерлігі есептеледі. Аумақтар мен шаруашылық
бірліктердің өзін-өзі дамытудың міндетті түрдегі келесілер болады:
1. Өзін-өзі басқару.
2. Серіктестік таңдаудағы бостандық.
3. Өндірісі құрал-жабдықтар нарығы.
4. Валюталық қаражат және басқа да элементтер.
Әрбір мемлекетте екі түрлі территориялық құралдар бар:
1. Аралық территориялық құралдар және соған сәйкес билік ететін
органдармен басқару.
2. Ең төмендегі әкімшілік территориялық құралдар және жергілікті
басқару органдар.
Аралық органдар дегеніміз аймақтағы облыстарда басқаратын органдар.
Олар өз қызметін өз территориясында мейлінше тәуелсіздік қағидалар
негізінде жүргізуге тырысады. Ал, жергілікті билік жүргізілетін ол төменгі
әкімшілік органдар ол өз қызметтерін қалалық болмаса селолық аудандарда
іске асырылады.
Аумақтық және жергілікті билік органдары қаражаттың негізгі 3 кіріс
көзі бар:
1. Салықтар;
2. Салықтық емес табыстар;
3. Пайызсыз беретін ақшалай жәрдемнің түрі.
Мемлекеттік аумақтық саясаттың мақсаттары күрделі әрі көп қырлы
болады. Қазақстанның даму басымдықтары көзқарасы бойынша маңыздылары
мыналар болады:
1. Қазақстандық мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық негіздерін нығайту
мен оның біртұтастығын нығайту, әскери мен экономикалық қауіпсіздікті және
экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
2. Жеке әлеуметтік топтардың өмір сүру деңгейінде әлеуметтік теңдігін
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясат пен олардың мүдделерінің
теңдігін қамтамасыз ету;
3. Аймақтарда әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканың тұрғындарды
әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету механизмінің қалыптасуы;
4. Қазақстанның түрлі аймақтағы тұрғындардың өмір сүру деңгейін
жоғарлату;
5. Қазақстан Республикасының барлық халықтарының толыққанды ұлттық
мәдени дамуына жағдайлар құру.
Мемлекеттік аумақтық саясаттың негізгі мәні орталық билік органының
тәуелді болуы және мемлекеттің асырауы тиіс идеологиясынан арылу,
Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-мәдени және ғылыми-технологиялық дамуына
озық технологияларын пайдалану және тұрғынның өмір сүру деңгейінің тұрақты
өсімін қамтамасыз ету болады. Бұл кезеңнің саяси стратегиясы 3 негізгі
мәселелерге шоғырланған. Олар:
1. Кедейшілікті жоғалту;
2. Жұмысбастылықты;
3. Әлеуметтік интеграцияны жүзеге асыру.
Мемлекеттік аймақтық саясаттың міндеттері алдын-ала қойылған
мақсаттармен шартталады және келесі іс-шараларды жүзеге асырады:
1. Аумақтың бюджеттік дербестігінің заңды негізін қамтамасыз
ететін
саяси, экономикалық және құқықтықсипаттағы шараларды өңдеу;
2. Шаруашылық, қаржы, әлеуметтік, мәдени, ұлттық саясатта
орталық билік органдары мен жергілікті органдардың пропорционалды және
тізбектелген өзара қарым-қатынасы;
3. Мемлекеттің барлық аумағына әрбір Қазақстанның азаматына
конституциялық құқықтары мен бостандықты нақты қамтамасыз ету;
4. Экономиканың рационалды кеңістіктегі құрылымын қалыптастыру,
аумақтық еңбек бөлінісін жетілдіру, Қазақстанның аймақтық экономикалық
байланыстары мен шаруашылық маманданудың тиімді және бәсекекге қабілетті
бағыттарын дамыту;
5. Институционалды және нарықтық инфрақұрылымның тауар, еңбек,
капиталдың аймақтық және республикалық нарықтың қалыптасуы;
6. Едәуір күрделі әлеуметтік-экономикалық, этно - саяси,
демографиялық және экологиялық жағдайдағы аймақтағы мемлекеттік қолдау
көрсету;
7. Өнеркәсіптік және қазба өндірісі жанындағы тұрғындар
пунктерінде, депрессивті аудандарда ірі және кіші қалаларға тән
проблемаларды шешу.

Мемлекеттік аймақтық бағдарламалар әлеуметтік экономикалық (табыстар
деңгейінің төмендігі, кен орындарын игеру салдарынан туатын жұмыссыздардың
жоғары деңгейі бәсекелестің шарттың өзгеруі), экологиялық (апатты
жағдайлар, климаттың өзгеруі) сипаттағы нақты өлшем көрсеткішіне,
мемлекеттің арнаулы экономикалық немесе техника, технологиялық мүдделеріне
арнаулы экономикалық аймақтар, технополистер сүйенуге тиіс.Олар мемлекеттік
бюджеттен қаржыландырады, ал сыртқы және жергілікті көздер олар үшін
басқаша шешімдер қабылдау жолымен тартылуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар
арнаулы заңдар негізінде жүзеге асуы тиіс. Әрбір аймақ өз мүмкіндіктері
аясында өзінің экономикалық саясатын, яғни табыс табу негізін заңмен
анықтау мен өкілеттілікті өзін-өзі басқару туралы заңдар аймағында
жүргізілуі мүмкін. Стратегия даму бағдарламалар мен жоспарлары мен аймақтық
саясаты іске асыру механизмі болып табылады.
Қазіргі таңда Қазақстан Рсепубликасы орталық органдардан аумақтар
мен жергілікті деңгейге өз өкілідігін тапсыру табылдырығында тұр.
Қазақстан Рсепубликасы Конститутциясының 89-бабы бойынша жергілікті өзін-
өзі басқару жергілікті мемлекеттік басқару деңгейіне сай жүргізіледі:
жергілікті маңызды мәселелердің заңды түрде шешіліп, сайлау жолымен, заң
арқылы бекітілген іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылатыны белгілі.
Жергілікті өзін-өзі басқару – қызметтер кешенін ұсыну жолы арқылы
олардың әлеуметтік жағдайын және басқа да тұтынуын максимальды түрде
қанағаттандыру, сондай-ақ өкімет өкілдерінен тұрғындардың мүлкін алуға жету
мүмкіндігі.
Жергілікті өзін-өзі басқару моделі ең алдымен территориялық жағынан
ұйымдастыру жүйесіне тәуелді болатынын көрсетеді. Унитарлы мемлекеттерде
территорияларды басқару тікелей орталық органдар арқылы жүзеге асырылады.
Орталық өкімет арқылы нығайтса, унитарлық жүйе өзінің территориялық
бірліктеріне көптеген автономиялар ұсынады. Бірақ мемлекеттің территориялық
ұйымдастырылуының 2 жүйесін жақындату тенденциясы бір жүйеге келтірілмейді,
себебі олардың негізінде ұйымдастырудың әртүрлі алғышарттары мен
принциптері бар.
Жоғарда айтылған мәселелерге байланысты жергілікті өзін-өзі басқару
жүйесін федералдық және унитарлық мемлекеттерде мәселен, Ресей Федерациясы
мен Қазақстан Республикасында біркелкі салыстыруға болмайды. Қазақстан
Рсепубликасы үшін жергілікті өзін-өзі басқаруда едәуір жақын жүйелер де
дамыған, яғни бұларға унитарлы Франция, Жапония секілді мемлекеттердің
жүйелері тән. Барлық мемлекеттерде басқарудың үш деңгейі бар: ұлттық,
аймақтық және жергілікті. Қазақстанға тән бұл республикалық, облыстық және
жергілікті деңгейлер. Унитарлы мемлекеттерде мемлекетті дамыту және
жетілдіру процесі алдымен ұлттық деңгейде пайда болады, одан кейін күшті
және тұрақты орталық өкімет өз өкілінің бір бөлігін аумақтық және
дергілікті деңгейде жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқару органының
құрылымын таңдау мемлекеттің даму стратегиясын анықтайды. Дамыған елдердің
көп жылдық тәжірибесі көрсеткендей, көптеген елдер қауымдық жолмен
муниципалды істерді шешуден бас тартты. Бірақ, Қазақстанда бұл тиімсіз
механизм әлі де болса пайдаланылып келеді. Шын мәнінде көпетеген
стратегиялық мәселелер сол проблемаларды шешуге арналған. Жергілікті өзі-
өзі басқарудың қазіргі таңдағы органдары ережеге сай, келесі сатылы формада
құрылған: сайлау корпусы, партиялық машина, өкілетті кеңес, орындаушылық
орган басқармасындағы лауазымды тұлға.

1.2.Аумақтарда жергілікті өзін- өзі басқару механизімін енгізу
Кез-келген мемлекетте ЖӨӨБ үш негізгі мақсатта іске асады: мемлекеттік
басқарудағы орталықсыздандырудың қамтамасыз ету, жергілікті маңызды
мәселелерді шешудегі демократиялық дамудың бастауы мен жергілікті істі
жүргізудегі тиімділікті арттыру.
"ЖӨӨБ" түсінігі мемлекет пен қоғамның тіршілігіндегі ұйымдасу жөніндегі
түрлі қадамтарды талқылаудың әралуанды жоне кешенді көріністерін қамтиды.
ЖӨӨБ аясында жергілікті маңызды мәселелерді өздері шешуте ұмтылатын
жергілікті жердегі биліктің конституциямен нақтыланған ұйымы түсініледі.
ЖӨӨБ болып табылатын;
а)елдің конституциялық құрылымының негізі;
б)халықтың жергілікті маңызды мәселелерді өздері шешудегі құқығы;
в)халық билігінің формасы.
ҚР-ның Конституциясы демократиялық қоғам мен құқықтык мемлекетті
құруда, Қазақстанның дамуына бағытталғанын нақтыланғанымен, жергілікті
мемлекеттік басқару мем ӨӨБ-дың саяси кұқықтық аспектілерін толық түрде
анықтамаған.
Конституция-мемлекеттік саяси-құқықтық әрексті негізінде,
терриоториялық-әкімшілік бірліктің үйлесімді дамуына бағытталған. Осы
әрекеттер перспективалық мақсатты белгілеп концепцияда келтірілуі, ұлттық
және жергілікті деңгейдегі терриоторияның дамуын стратегиялық және
тактикалық міндеттерін ғылыми негіздеу тиіс. Қазақстанда ЖӨӨБ-дың
қалыптасуы үшін өте маңыздылықты иемденетін, ел Конституиясының 1-тараудың
3-бабында көрсетілгендей халық билігінің дербес формасы ретіндс көрінеді,
ал "халық мемлекет билігінің жалғыз көзі б.т." Ал 2-тарау 3-бабта, халық
тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы билікті құрады,
сонымен қатар өзінің мемлекеттік билік органдарының өкілеттігін беруді
қамтамасыз етеді.

Кесте 1. Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару бойынша 1990-2007
жылдар аралығындағы НҚҚ.
Жылдар Халықаралық келісімдер мен конвен
циялар Кодекс Заңдар Жарлық Қаулы Бұйрық басқа Барлығы
1990 1 1 1 3 1991 2 3 5 1992 1 1
2 1993 3 1 4 1994 1 1 1995 2
1 3 1996 6 4 10 1997 7 1 2 3 13
1998 4 1 3 10 18 1999 2 1 13 16 32 2000 1
2 3 4 3 7 20 2001 1 5 3 10 7 26 2002 6 7 12 3
6 34 2003 5 5 6 12 1 15 44 2004 7 9 16 1 5 38
2005 3 2 16 2 11 34 2006 2 8 19 32 61 2007 1
1 3 18 1 20 44 барлығы 8 54 45 137 11 137 392
Жергілікті референдум — жергілікті аса маңызды мәселелерді шешуде арнайы
заңмен нақтыланған муниципалды үйымдардағы азаматтардың дербес дауыс беруі.
Муниципалды сайлаудың жергілікті референдумнан ерекшелігі, ол
жергілікті маңызды мәселелерді нақты шешуде зандылық күшті қандайда бір
түлғалы мандатты бермейді.
Жергілікті референдумның маңыздылығы халықтың еркіндігінін жоғарғы
көрінісі Қазақстандағы ЖӨӨБ туралы заңының жазылуында қандай да бір
мемлекеттік билік органдары немесе ЖӨӨБ органдарының мақүлдауын
қажетсінбейтін жергілікті референдумды шешуге қатысу мүмкіндігінде нақты
ерекшеліктерді ескеруі тиіс, егер терриоториялық ұйымдарға қатысты сәйкес
конституцинлық нормаға қарсы келмесе БАҚ-да ресми жариялануға берілуі тиіс.
Одан басқа Қазақстанда ЖӨӨБ жүзеге асыру үшін аймақтық және жергілікті
деңгейде басқаруды ұлттық қоғамдық саяси сферада радикалды реформаны атқару
моделін іріктеу қажет. Осыған байланысты реформаның ӨӨБ-да аймақтық және
жергілікті жағдайды объективті бағалау мен сараптау арқылы ұжымдық дайындық
процесінің тиімді қызмет етуін көрсететін ашық қоғамдағы ЖӨӨБ және
мемлекеттік қызметті реформалаудың саяси институтын мақсатты құру. қажет.
Әлі күнге дейін мемлекеттік биліктің аймақтық деңгейіндегі атқарушы
және өкілетті органды жузеге асырушы мемлекеттік және ЖӨӨБ институттарының
статусы анықталмаған. Төменгі әкімнің нақты құзіреті белгіленбеген және
атқарушы орган мен өкілеті органның өзара қызмет механизмдері жасалынбаған.
ЖӨӨБ бұрынғысынша орталық билік пен аймақтық әкімшілікке күшті тәуелділік
күйінде қалуда. Оның көптеген негізгі мүмкіндіктері; құрылымы, қаржылық-
экономикалық құқықтық негізі, жергілікті және аймақтық деңгейде органдардың
күрылуы мен қызметтерінің механизм!; шешілетін міндеттердің нақты айналымы
жоқ және т.б. анықталмаған.
Елдегі барлық ұйымдасуды жүзеге асыруда, ең алдымен заң билігінде
қабылданған заңнан басталады, сосын атқарушы органдарға өтіп барлық қоғам
сферасына таралады. Заңдылық тәртіптегі жоғарыдағы логиканың бүзылуы оларды
бірте-бірте шектеу арқылы асинхронды ерекшелікте тұтас саяси реформаның
бұзылуына жоне тәртіпсіздікке бой алдырады.
Өткен уақыттағы елдегі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың бір себебі,
тұтас саяси реформаның болмауынан басқарудың аймақтық және жергілікті
деңгейдегі даму формасын камтамасыз ететін заңнаманың жоқтығынан деп
болжауға болады. Осыған байланыста мемлекеттік ӨӨБ туралы, ЖӨӨБ туралы,
жергілікті бюджет туралы заңды өңдеп енгізу кезек күтірмейтін мәселесі
жалпы ұлттық маңыздылықты иемденіп, бір бағытта қарауды қажетсінеді.
Заңдар жинағын қарау мен қабылдау аймақтардағы және жергілікті халықты
дайындаумен сәйкес жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ терриоторияның ұйымдасуы,
әдет-ғұрпы, мәдениеті мен тарихи ерекшелектеріне қатысты басқа да факторлар
мен жергілікті инфрақұрылым ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұл үшін міндетті
түрде;
-бастапқы кезенде аймақтық деңгейде ЖӨӨБ органдарының басшылары мен
персоналдарын оқыту орталықтарын құру және халықтық жалпы міндетті оқу
моделіне жеткізу;
- ҚР аймақтарының дамуына қатысты заң концепциясын өңдеу;
- базалық нормативтік актілермен айналысатын, мониторинг және
сараптау жүргізетін және мемлекеттік органдардың аумақтық органдармен өзара
қызмет ететін, яғни ЖӨӨБ органдарына ұйымдық-құқыктық саясатты анықтайтын
республикалық орталықты құру;
-қоғамдық-психологиялық әсер ету институтын құруды белсендіру, осы
сфераға үлкен көңіл аударуды қажет етеді. Қазіргі адамның менталитетін
өзгертпей, мемлекет пен қоғамда нақтыланған жоспардағы саяси-әлеуметтік
технологияның жаңа нәтижелеріне жету қиын.
Жалпы міндетті оқу моделінің мақсаттылығы, елдің әлеуметтік-
экономикалық жағдайын көтеру үшін мемлекеттен жүргізілетін реформаларға
республика халқының белсенді қатысу позициясын құру мақсатты
бағдарламасымен енгізіледі. Берілген кезеңнің әрбір модулі өз кезегіндегі
әлеуметтік тапсырыс пен қажеттіліктерге байланысты өзгеретін кеңейтілген
құрылымды қамтылуын алады. Халықтың мүддесі мен қалауын ескере отырып ҚP
Парламентінің отырысында қаралып және қабылдануы үшін заң жобасын жалпы
халықтық талқылауға жіберілуі қажет.
Қоғамның тұрақты даму схемасы үшін Қазақстандағы билікті
орталықсыздандыру және ЖӨӨБ-дың аймақтық теориялық және практикалық
зерттеулерге сүйенуі тиіс.
ЖӨӨБ-дың ұйымдық моделін қ және ҚР-дағы мемлекеттік құрылымда оның
орнын анықтайтын моделді келесі түрде ұсынуға болады.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды аумақтар бойынша ұйымдастыру мемлекеттік
және жергілікті денгейде әзірленген құқықтық негіздерге сүйенеді.
Муниципалды құрылымдардың аумақтарын қалалар, селолар, аудандар, сондай-
ақ жалпы қолданыстағы соларға жақын жатқан жерлер құрайды.
Қала ішіндегі муниципалды құрылымның қалыптасуы, бірігуі,қайта құрылуы,
және таратылуы, шекараларын орнату немесе аумақтарын өзгертуге қатысты
барлық сұрақтарды тиісті аумақ халықтарының ой-пікірін есепке ала отырып
жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті органдары шешеді
Шекараларын, атауларын өзгерту тарихи және басқада жергілікті
дәстүрлерді есепке ала отырып іске асырылады.
Әрбір муниципалды құрылымда негізгі салалар бөліп көрсетілетін,
соған муниципалды құрылым маманданатын шаруашылық кешен түрінде болады.
Бұл салалармен толықтырушы кешендер байланысты, яғни алдыңғы қатарлы
салаларға қызмет көрсететін және халықтың, өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылымның қажеттілігін қамтамасыз ететін салалар. Муниципалды құрылым
халықтың саны, құрылымы және шаруашылық көлемі бойынша әртүрлі, тиісінше
басқару құрылымы, әдістері мен формалары да әртүрлі болады.
Муниципалды құрылымдардағы басқару сферасы болып көптеген
жағдайда әлеуметтік сфера, экономикалық объектілер және олардың өндірістік
инфрақұрылымдары табылады.
Муниципалды құрылымдарды дамытуда аудандық жоспарлау ҚР аумақтарын
ұйымдастыру бойынша дәстүрлі мәселелерді шешу үшін негіз болып табылады :
шаруашылық объектілерді, инфрақұрылымдарды орналастыру.
Аудандық жобалау географиялық, инженерлі-техникалық, архитектура-
құрылыстық факторлар мен жағдайларды есепке алады.

Аудандық жобалау муниципалды құрылым аумағында басқару органдары
әзірлеген аудандық кешендердің дамуының болжамдарын, жоспарларын және
бағдарламаларын нақтылайды, олардың дамуын анықтайды.
Аудандық жобалау келесі мәселелерді шешуге септігін тигізеді :
-муниципалды құрылым аумағы шеңберінде өнеркәсіпті тиімді орналастыру ;
-табиғи, еңбек, материалды-техникалық ресурстарды кешенді пайдалануды
қамтамасыз ету ;
-таранспорт, энергиямен және сумен қамтамасыз ету жүйелерінің мәселелерін
шешу ;
-муниципалды құрылым шеңберінде демалу орындары мен табиғатты қорғауды
ұйымдастыруды қамтамасыз ету ;
Аудандық жобалауда муниципалды құрылым объектілерінің негізгі
типтерін бөліп көрсетуге болады :
1) қалалық агломерация – келесілермен мінезделінеді :a) халықтың көп
бөлігінің шоғырлануы мен аумақтың өсуі; б) қала шетінің жылдам өсуі в)
шақын шекаралар;
2) Өнеркәсіптік ресурстардың шоғырланған жерінде пайда болған қалалар –
яғни табиғи ресурстарға бай аудандар (көмір, мұнай, газ), бұл болашақта
қала үшін қауіпті (Акбакай алтын кен орны, Каратау, Жанатас фосфоры)
3) Ауыл шаруашылық аудандары
4) Демалуға болатын аудандар – Мерке, Қаратау – Көктал, - бұл аудандардың
дем алу ресурстары үлкен маңызға ие (курорттық, туристік), ал оларды
пайдалану саланың мамандануына алып келеді . Курорттық аудандарда курортқа
қызмет етумен байланысты шаруашылық салаларын дамытуды ғана жоспарлау
қажет.
1.3. Жергілікті өзін - өзі басқарудың принциптері мен моделдері.
ЖӨӨБ-дың формалары мен типтерінің көптігіне карамастан ЖӨӨБ жүйесін
қамтамасыз ететін бірнеше негізгі принциптерді бөліп көрсетуге болады.
Демократизм принципі - аймақтық масштабтағы мәслелерді шешуде халықтың
кең катысуы. Бұл принциптің қызметі муниципалитеттің ағымдық ісіне қоғамды
тарту механизміне негізделеді, терриотория аймағындағы қоғамдық
бірлестіктердің өкілеттіктері мен жауапкершілік шегін бекітумен
жүргізіледі.
Субсидиярлы принципі - басқарудың түрлі деңгейлері арасындағы
өкілеттіктерді бөлу мен қайта бөлу процедурасы. Осы принциптің қолдану
аясында билікті атқару өкілсттігі мен осы органдардың халық арасындағы
жауапкершілік реттілігінің тұрақты болуын анықтайды. Төменгі деңгейде
атқаруға мүмкін болмаған жағдайды ғана өкілеттігі жоғары деңгейдегі органға
беру, осы принципке сәйкес келеді.
Бұл принципке басқару деңгейлері арасындағы басқару қызметін тиімді
бөлу, тиімділіктің басты критериясы болып халық арасында қажеттіліктерді
максималды қанағаттандыру болып табылатын қажеттілігі ескеріледі, содай-ақ
билік субъектілерінің арасындағы жауапкершілікті қатаң бөлу міндетіне
негізделеді. Билік құрылымдары арасындағы билікті бөлудің басты бейнесі ол,
халыық пен билік арасындагғы аралықты қысқарту да осы принципке сәйкес
келеді.
Комплементарлы принцип — тік басқаруды бөлу арқылы билік функцияларын
теңдей бөліну жағдайын құру. Осы принципке сәйкес басқару құрылымындағы
билік өкілеттіктерінің бөліну, жоғарыдан, сонымен бірге төменнен де
жүргізіледі. Бұл қоғамды бұзуға әрекеттенетін жасырын орталық басқарудың
туу мүмкіндігін шектейді.
Депортаментализаций принципі — ЖӨӨБ органдарының функционалды және
терриоториолды функциясын есепке алады.
Орталықсыздандыру принципі — жекелеген аймақтарға басқару функциясын
осы аймақтың өзіне беріледі.
Орталықсыздандыру механизмі мемлекеттік және муниципалдық органдар
пәнін енгізудің мөлдір бастамасының қалануып қажет етеді. Орталықсыздандыру
мемлекеттік өкіліттіктігінің қажетті ресурстарып орындау үшін жергілікті
жерге бөлінген кепілдіктерді делегирлеуді ұйғарады.
Орталықсыздандыру механизмі құру реттілігі келесі пунктерді қамтиды.
1. Әрбір муниципалды бірлестіктерде мемлекет өкілеттігінің құрылуы;
2. Олардың орындалуына бағытталған материалдық және қаржылық
құралдарының көлемін анықтау;
3. Заңға сәйкес мемлекеттің іске асырылып жатқап өкілеттігін
беруді құжаттау;
4. Өкілеттікті беру механизмінің тиімділігі мен сапасын анықтау.
ЖӨӨБ белгіленген ұлттық заң шеңберіндегі мемлекеттік міндеттср
аясындағы қоғамдық мүдделердің бөлінуін басқару тәртібі, тек өз терриотория
мүдделері аясында жүргізетін жеке билік органдарын сайлау арқылы жүргізуді
ұйғарады.
ЖӨӨБ-дың басты принциптері арасынан мыналарды айрықша көрсетуге болады.
1. Жергілікті билік органдарының сайланбалылығы;
2. Коммуналдық меншіктің болуы;
3. Жергілікті билік пен халық арасындағы қатынастардың келісімі
негізі;
4. Өзіндік кіріс ағымы себінен территориялық кажеттіліктерді
қанағаттандыру;
5. Әлеуметтік сферада ЖӨӨБ-дың жетік мамандануы:
6. Муниципалды қызметкерлердің лауазымды қызметке конкурстық жүйе арқалы
орналасуы;
7. Берілген терриоториядағы тұрғылықты халыққа есеп беру:
8. Шешім қабылдау еркіндігі;
9. Құқықпен қорғалуы.
Осығанан байланысты ЖӨӨБ жергілікті маңызмы мәселелерді шешудегі
халықтық билік формасы ретінде көрінеді. ЖӨӨБ-дың мәні—бұл азаматтардың
жалпы алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін өз ынталарымен ерікті бірігуі.
ЖӨӨБ-дың келесі - идеялық, доктриналық, қамтамасыз етушілік
негізін қалаушы принцинтсрі;
-жергілікті мемлекеттік басқару мен ЖӨӨБ органдарының өзара әрекеттестігі;
-мемлскеттің институционалдык параметрлеріндс ӨӨБ-дың дамуының көрінуі;
- ӨӨБ-да азаматтардың кең көлемде қатысу еркіндігі және құқығы;
-бекітілген заң шеңберінде өздерінің жеке инициативасын жүзеге асыру үшін
толық еркіндікте болуы.
1. Қазақстанда жергілікті мемлекеттік басқару мен ӨӨБ органдарының
өзара әрекеттестік принципі ерекше қызығушылық тудыруда. Бұл келесі
факторларға негізделеді.
ҚР Конституциясы (89-бап) халықтың жергілікті ммаңызды мәселелерін
өздері шешуін қамтамасыз ететін ЖӨОБ-ды мойындайды ҚР Конституциясында
мемлекеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси жүйе теориясының авторы
Сайлау жүйелері ұғымы
Басқарудың орталық деңгейінің құрылымын жетілдіру
Бүгінгі Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың күйіне кешенді талдау жасап, орталықтандыру мен орталықсыздандыру балансына қол жеткізу қажеттігін елдегі әкімшілік реформасы тұрғысында негіздеу
Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметтерін дамыту мәселелері және бағыттары
Мемлекеттік қызмет әлеуметтік институт ретінде
Қоғамның құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы
Қазақстаңдағы мемлекеттік басқару жүйесіндегі орталықтаңдыру
Қазақстан Республикасындағы сайлау технологияларының даму ерекшеліктері
Пәндер