Химия саласы


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

  1. Кіріспе бөлім

а) Химия дамуының негізгі кезеңдері

б) Алхимиядан - химияға

2) Негізгі бөлім

а) Флогистон теориясы

б) Химия өнеркәсібі

3) Қорытынды

Химиялық алғашқы мәліметтер, жеке химиялық процестерді қолдан жасай білу ерте заманнан бері белгілі. Химия да, басқа ғылымдар сияқты адам қоғамының материалдық мұқтажын өтеуден өсті. Мұнда да, басқа ғылымдардағыдай, практикалық білім теориядан бұрын туды. Іс жүзінде керекті жеке бір химиялық процестерді ашып, керегіне пайдалану алғашқы қауым кезінде- ақ болған, мысалы, біздің жыл санауымыздан 3000 жыл бұрын Месопатамияда кеннен темір, мыс, күміс, қорғасын алған, ал 1200 жыл бұрын, әрине, осы химиялық білімдер химия ғылым болуынан бірнеше мың жылдар бұрын шыққан. Беріректегі құл иеленуші мемлекеттерде де тұрмысқа керекті химия өсе берген. Әсіресе ертедегі Египетте көп химиялық білімдер жинақталған.

18 ғасырдың ортасына дейін химия ғылымы деп есептелмеген, оған дейін химия кәсіп, шеберлік ретінде ғана болған. Мысалы, біздің жыл санауымыздан үш ғасыр бұрын ерте замандағы мәдениетті ел - Египеттің Александрия қаласында Ғылым академиясы болған.

Алхимия дәуірі. Химияның өзінде қалыптасқан теория болмағандықтан ол жалпы ғылымдағы үстем теорияның ықпалында болған. Ерте кезде Аристотель ілімі үстем болған. Аристотель ілімі мәні затта емес, оның қасиеттерінде, заттың қасиетін өзгертсе, зат өзі өзгереді деген. Заттарды өзгертуші «квинтэссенция» деген бар деді. Аристотельдің ілімін шіркеу қолдап, оны мүлтіксіз, құдай сөзіндей деп таныпты.

Сол заманда Александрияда Аристотель ілімінің әсерінен жай металдарды алтынға айналдыруға болады деген ағым туды. Ол үшін квинтенссенцияның бір бөлігі -«философия тасын » табу керек болды. «Философия тасы» алтын жасағынан басқа кәріні жасартады, ауруды сауықтырады, т. т. деп ойлады. Ол кездегі химияны кәсіп етушілердің барлығының арманы «философия тасын» табу болды.

Орта ғасырда Европа елдерінің химиктері осы алхимияның шырмауында болды. Химия тарихында алхимия дәуірі ұзақ уақытқа созылды. Қорытып айтсақ, алхимия дәуірінен қалған пайдалы істер де бар:

  1. Алхимиктер көп тәжірибелер жасау нәтижесінде химиялық жұмыс істеудің толып жатқан тәсілдерін тапты.
  2. Жаңа заттар ашылды: қышөылдар, сілтілер, түрлі тұздар және мышьяк, сурьма, висмут және фосфор сияқты элементтер.

Мұнымен қатар алхимия дәуірі ғылымның дамуына кедергі жасады:

  1. Теориялық негізі Аристотельдің жалған ілімі болғандықтан, алхимия ғылымға айнала алмады. Әсіресе Европадағы алхимия ғылымға қарсы болып, діни көзқарасты қолдады.
  2. Философия тасына өзі ие болып, баюдан келіп туған құпиялық зиянды әсерін тигізді. Әрбір алхимик жаңа бірдеңе тапса, оны халыққа, басқа ғылымдарға жарияламауға тырысатын. Құпияларын әкесі баласына ғана айтып кететін болған.

Россияда алхимия пікірлері таралған. Россиядағы жеке химиялық білімдер, практикалық химия, Батыс Европаның әсерсіз, өздігінше дамып жатты. Қайта Таяу Шығыс елдерімен химиялық білім жайында қатынас, айырбас болып тұрды.

Алхимиядан - химияға. Алхимия дәуірінде, әртүрлі уақытта елде практикаға химиямен айналысушылар болған. Европада ғылым мен өнердің қайта өрлеу дәуірінің әсерінен химияда 16-17 ғғ. практикаға бет бұрушылық күшейді. Химияның міндеті - дәрі даярлап, адам емдеу деп Парацельс, Либавий ятрохимия деген бағыт туғызды. Бірақ химиялық практика біраз ілгері басқанымен, алхимиядан басқа теория болмады. Осы кезде 1661 жылы Роберт Бойль ескеріп, кедергіге айналған алхимия қағидаларына қарсы шығып, оларды мықты сынайды. Бойль жаңа теория ұсынбағанымен, химияны ғылыми жолға қоюға тырысады. «Химиялық элемент деген не? » деген сұрақ қойып, оған берген жауабы химиялық элементтің осы уақыттағы анықтамасына жуық келді.

Флогистон дәуірі. 16 ғасырда Батыс Европада феодализм жойылып, оның орнына сауда, әсіресе өнеркәсіптік буржуазия келген кезде, өнеркәсіп, оның ішінде металлургия күшейді. Металл өндіру технологиясы, жану, тотығу, тотықсыздану сияқты химиялық процестер ашылды. Осыларды іс жүзінде орындау қолдан келгенмен, оны жақсарту, тездету, т. б. Үшін теориялық негізін білу керек болды. Химияда ескірген, әрі жалғандығына жұрттың көзі жеткен алхимия ілімінен басқа еш теория әлі жоқ еді.

Неміс химигі Шталь тәжірибелік мәліметтерді қорытып флогистон теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша барлық жаңа, тотыға алатын заттардың құрамында флогистон болады. Зат жанғанда, не тотыққанда ондағы флогистон бөлініп шығады, темірді қыздырғанда флогистон бөлініп шығып, қақ түзіледі. Демек флогистон теориясын жану не тотығу процесін айыру реакциясы деп қарайды.

Кейін флогистон теориясына қайшы келетін фактілер көбейді, мысалы, темір қаққа айналғанда оның салмағы флогистон бөлініп шыққандықтан кемудің орнына өсіп шығады екен. Флогистон теориясы жүз жылдай өмір сүрді, қайшы фактілер көбейгендіктен химияның ендігі дамуына тұсау бола бастады.

Флогистон теориясына ғылыми соққы берген М. В. Ломоносов болды. Бұл теорияның терістігін кейін Лавуазье толық дәлелдеді.

Химияның ендігі жаңа кезеңі атом- молекулалық теориядан басталды.

Химияның ғылыми негізін қалаған орыстың ұлы ғалымы М. В. Ломоносов болды. Химия ғылымында жүздеген заң, теория, қағидалар бар, бірақ бұлардың барлығы кейін ашылған, ал Ломоносовтың өзі химияның тұңғыш заңы, қай жағынан қарағанда да өте маңызды заңы - материяның сақталу заңын ашқан.

Мұнымен қатар, Ломоносов атом- молекулалық териясын, жылудың кинетикалық теориясын ашты, химиялық реакцияларда салмақтық бақылау жасау үшін таразыны ғылыми құрал етіп пайдалануды, химия мен физика және математиканы ұластырып, физикалық химияны, тағы басқа осы сияқты химияға ғылыми негіз болатын мәселелерді ұсынған.

Сөйтіп, 18 ғасырдың ортасында данышпан ғалым М. В. Ломоносовтың еңбектерінің арқасында химия дәл ғылымдар қатарына қосыла бастады.

Химия өнеркәсібі. Россияда осыдан 1000 жыл бұрын химиялық өнеркәсіптің кейбір түрлері болған, ол тұз қайнату, минерал бояуларын жасау.

Россияда бір жағынан бүкіл дүние жүзіне әйгілі, жалпы химияның дамуына ірі үлес болып қосылатын ғылыми табыстар болса, екінші жағынан мешеу өнеркәсі болған. Бірінші дүниежүзілік соғыс алдында Россияда ірісі бар, орташасы бар небары 70 химиялық өндіріс орны болған, сол кезде Россияның жан басына, немесе егіс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияның маңызы және міндеті
Дүние жүзілік химия өнеркәсіптерінің ірі карпорациялары
Техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесі
Германияның химиялық парктері
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсіп саласына жалпылама шолу
Қазақстан Республикасының өнеркәсібі мұнай-химия саласы
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Химияның даму деңгейлері
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп түрлері
Өнеркәсіп кешендері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz