Қаратау фосфорит алабы



АҢДАТПА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 КЕНОРЫН ОРНАЛАСҚАН АУДАННЫҢ ҚЫСҚАША
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2 КЕНОРЫННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.1 Стратиграфиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.2 Тектоникалық құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.3 Кендердің типтері мен заттық құрамдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.4 Кенорынның минералогиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.5 Көнекілік материалдар
ТІРКЕМЕ А ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
ТІРКЕМЕ Б ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Қазақстан жер қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Соның ішінде біздің қарастыратынымыз – Қаратау фосфорит алабы. Қаратау фосфорит алабы Қаратау тауының солтүстік-батыс сілеме-Шолақтау баурайында,Жетімшоқы және Ақтау тауаралық аңғарында,бұта аралас боз жусан,сұлыбас,бетеге, т.б. астық тұқымдас шөптесін өскен сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан.1936 ж. геолог И.И.Машкара Кіші Қаратау (Бат. Тянь-Шань)жотасында ұсақ түйірлі кремнийлі-карбонатты төменгі кембрийлік фосфорит кен орындарын ашты.1937-46 жылы П.Л.Безруков, Б.М.Гиммельфарб, А.С.Соколов, т.б. осы өңірден, әр түрлі 40-тан астам үлкенді-кішілі кен орындар мен кенбілінімдерін анықтады. Қаратау фосфоритті кеніші алғашқы өнімін 1946 жылы 5 желтоқсанда бере басталып, Шолақтау кенті (қазіргі Қаратаау қаласы) салынды. Мұнда Шолақтау кен орны негізінде Қаратау кен-химия комбинаты іске қосылды. Осы комбинатқа қарайтын Жаңатас, Ақсай, Шолақтау, Көксу,Түйесай кендкрі пайдаланылуда. 1964 жылы Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қ.И.Сәтпаев атындағы Ұлттық техникалық университет ) бөлімшесі ашылды. Қаратау фосфоритті алабы қоры жөнінде дүние жүзінде бірді-екілі кенорындары ғана шамалай алса, сапасы жағынан оған әлемде тең келері жоқ.
1 Есенов, Д.Кунаев, С.Мұхамеджанов «Недра Казахстана».
2 М.Мұқтаров, Б.Шайманов «Қазыналы Қаратау» Алматы, 1983.
3 Сагунов В.Т, Вирт Г.Р, Несипбаев А.Н «Фосфатные руды Казахстана» Алматы, 1990.
4 Н.Сейітов, А.Абдуллин «Геология терминдерінің сөздігі» Алматы «Қазақстан», 1996.
5 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминалогиялық сөздік Алматы «Рауан», 2000.

Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

АҢДАТПА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 КЕНОРЫН ОРНАЛАСҚАН АУДАННЫҢ ҚЫСҚАША
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...4
2 КЕНОРЫННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.1 Стратиграфиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...5
2.2 Тектоникалық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..8
2.3 Кендердің типтері мен заттық
құрамдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 11
2.4 Кенорынның
минералогиясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 12
2.5 Көнекілік материалдар
ТІРКЕМЕ
А ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...13
ТІРКЕМЕ
Б ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...16

КІРІСПЕ

Қазақстан жер қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Соның ішінде
біздің қарастыратынымыз – Қаратау фосфорит алабы. Қаратау фосфорит алабы
Қаратау тауының солтүстік-батыс сілеме-Шолақтау баурайында,Жетімшоқы және
Ақтау тауаралық аңғарында,бұта аралас боз жусан,сұлыбас,бетеге, т.б. астық
тұқымдас шөптесін өскен сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан.1936 ж.
геолог И.И.Машкара Кіші Қаратау (Бат. Тянь-Шань)жотасында ұсақ түйірлі
кремнийлі-карбонатты төменгі кембрийлік фосфорит кен орындарын ашты.1937-46
жылы П.Л.Безруков, Б.М.Гиммельфарб, А.С.Соколов, т.б. осы өңірден, әр түрлі
40-тан астам үлкенді-кішілі кен орындар мен кенбілінімдерін анықтады.
Қаратау фосфоритті кеніші алғашқы өнімін 1946 жылы 5 желтоқсанда бере
басталып, Шолақтау кенті (қазіргі Қаратаау қаласы) салынды. Мұнда Шолақтау
кен орны негізінде Қаратау кен-химия комбинаты іске қосылды. Осы комбинатқа
қарайтын Жаңатас, Ақсай, Шолақтау, Көксу,Түйесай кендкрі пайдаланылуда.
1964 жылы Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қ.И.Сәтпаев атындағы
Ұлттық техникалық университет ) бөлімшесі ашылды. Қаратау фосфоритті алабы
қоры жөнінде дүние жүзінде бірді-екілі кенорындары ғана шамалай алса,
сапасы жағынан оған әлемде тең келері жоқ.

1.КЕНОРНЫ ОРНАЛАСҚАН АУДАННЫҢ
ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
Жамбыл мен Шымкент облыстары жеріндегі фосфорит кендері шоғырланған
өңір. Жамбылдың солтүстік-батысында 100 км-ден басталатын Қаратау фосфорит
алабының ұзындығы 100-120 км, ені 25-30 км. Бұл өлкеде химия өнеркәсібі
жақсы дамыған. 1945 жылы Қаратау кен байыту комбинатының қазіргі Қаратау
өндірістік бірлестігі құрлысы басталды. Кәсіпорын 1946 жылы іске қосылып,
алғаш рет фосфорит рудасын бере бастады. Кәсіпорынға кенді негізінен
Шолақтау кеніне береді. Ал 1959 жылы Ақсай, Жаңатас ірі кен көздері ашылып,
фосфориттің мол қорын игеру қолға алынды, мұнан біраз бұрынырақ Жамбыл
қаласында суперфосфат заводының құрылысы басталып, екі жылдан кейін ол
өзінің алғашқы өнімін берді.
Бұл жерде химия өнеркәсібі және оның көптеген салалары басты орын
алады. Оның 60 пайызын кен-химия, 40 пайызын негізгі химия өнеркәсібі
қамтиды. Бұл өнеркәсіп рыногы Республикамыздағы ұнтақталған фосфор
шикізатын, товарлы фосфор рудасын, фторсыздандырылған фосфор, шақпақ қант
шығаратын бірден-бір аудан. Сондай – ақ, сары фосфор, минералдық тыңайтқыш,
спирт және былғары тауарларын шығаруда кешеннің Республика бойынша үлес
салмағы үлкен. Қаратау алабының мол қоры негізінде болашақта еліміздің
фосфорит шикізатына деген қажеттінің 40 пайызы өтеледі. Қазір Қаратау
алабында 40-тан астам кен көзі бар. Кеннің негізгі қоры қазіргі кезде
пайдаланылып және пайдаланылуға берілуге әзірленіп жатқан Жаңатас, Ақсай,
Шолақтау, Көксу, Көкжол, Үшбас, Ақжар тағы басқа жерлерде шоғырланған осы
кен орындарындағы мол фосфор шикізатының негізінде Республикамызда
минералдық тыңайтқыш еселеп артады. Бұл салада кешеннің үлес салмағы
Республикада 78 пайызға жетеді.

2 КЕНОРЫННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қаратау – Жамбыл кешені облыстың оңтүстік – батыс өңіріне орналасқан. Оның
құрамына Жамбыл, Қаратау, Жаңатас қалалары, көптеген елді мекендер және
оларға жақын орналасқан ауыл шаруашылығы аудандары кіреді. Қаратау
фосфориттері кембрий кезеңінде теңіз түбінде тұнған шолақтау свитасы
құрамына кіреді. Бұл сивтаның фософрлы шөгінділері төменнен жоғары қарай
мынандай стратиграфиялық кезекпен қабаттасады: доломиттер, кремнийлі және
кентасты қабаттар. Кентасты қабаттар негізінен фосфориттерден тұрады [А].

2.1 Стратиграфиялық ерекшелігі
Рифей бірлестігі Көкжота сериясы жотасының солтүстік – шығысынан
оңтүстік – батысына қарай созылып жатыр. Ол кешенде жасыл-сұр, қара-жасыл,
ашық жасыл, сары, жасыл-күңгірт, кварц-хлориттенген, серицит-кварцты,
филиттелген алевролиттер, ізбестастар, құмтасталған ізбестастар бар.
Өзгерген порфириттер, диабаз, кварцты порфирлер жиі байқалады. Әр
тастобырдың бөліктерінде, құмтастар мен карбонатты жыныстарды үш бөлікке
бөлген: төменгі-құмтастар(600 м), ортаңғы-әктасты-құмтасты-тақтатаста р(200-
250 м) және жоғарғы-тақтатасты-әктастар(100-150 м). Бүкіл тастобырдың
қалыңдығы 3000-3500 м.
Көкжота тастобырының оңтүстік-батысында Талас-Ферғана жарылымы
жарылған, ал солтүстік-шығысында – Қарой жарылымы бар, ол үлкенқарой
тастопшасымен шектеседі.
Үлкенқарой тастопшасы Қаратау алабының барлық жерінде таралған. Ол
жерде конгломераттар, гравелиттер, алевролиттер, сазданған тақтатас,
доломиттенген әктастар және вулкаонгенді жыныстар бар. Құрамы, түсі және
біркелкі қасиеттеріне байланысты тастопша үш тастобыршаларға бөлінеді:
төменгі (жасыл-сұр түсті құмтастар), ортаңғы(қоңыр-күрең құмтастар) және
жоғарғы (конгломерат-гравилиттелген-құмтаст алған). Тастобырдың қалыңдығы
1100-1200 м.
Тоғызбай тастобыры (1500 м) солтүстік-батыс бөлігінде дамыған. Бұл
жерде фитогенді әктас, доломиттер, қызыл түсті мергелдер және галлиттер
кездеседі.
Венд кешені. Көксу тастобыры солтүстік-батысынан Бабатайға дейін, ал
оңтүстік-шығысынан Куюк қаласына дейін таралған.
Дерегес және Көксу кен орындарының аудандарында жасыл-сұр түсті
граувакталған құмтастар (10-15 м), конгломераттар (1-10 м), жасыл-сұр түс-
тісазды тақтатас (10-40 м). Дерегес кен орны ауданындағы қиманың үстіңгі
жағында карбонатты құмтастардың линзалы қабаты, әктастар және ашық-сұр
әктастардың линзалары кездеседі. Тастопшаның қалыңдығы 200-240 м.
Шышқан тастопшасы қиманың ортаңғы бөлігін алып жатыр. Жасыл-сұр,
жасыл, қоңыр, туфтытақтатастар, туфтар (5-30 м) және күлгін туфтар (0,2-1,5
м), құмтастар (1-8 м) созылым бойында байқалады. Қалыңдығы 130-дан 270 м-ге
дейін.
Қорған тастопшасы тастобырдың үстіңгі жағын көрсетеді. Онда
туфтытақтатастар, ашық-жасыл туфтар және жиі қабатты күлгін туфтар бар.
Алабтың солтүстік-батысына қарай туфогенді материалдар жиілеп кездеседі.
Қиманың үстіңгі қалыңдығы 130-250 м, Қаратау ауданында 270 м-ге дейін
көтеріледі.
Кішіқарой тастобырының қалыңдығы 720-760 м, ал Жилян кенорнында 400
м.
Тамды тастобыры шолақтау және шабақты тастопшаларына бөлінеді.
Шолақтау тастопшасы бұрыштық үйлесімсіздікпен қарай тастобырымен астасады.
Тастопшаның қалыптасуына төменгі доломиттер горизонты байқатады.
Қалыңдығы 6-8 м. Жоғары жағында кремнийлі жыныстың горизонты және жұқа
қабатты фосфориттер бар. Горизонттың қалыңдығы 25 м. бұл жер үш будаға
бөлінеді: төменгі (фосфоритті), ортаңғы (фасфаттытақ-татасты) және
жоғарғы(фосфоритті).
Төменгі буда негізінен фосфориттерден және фосфорит-кремнийлі
тақтатастар қабатынан тұрады. Ортаңғысы фосфатты-кремнийлі тақтатастар-дың
көптігімен ажыратылады. Жоғарғысы фосфориттерден тұрады. Горизонттың
солтүстік-батыс бөлігіндегі қалыңдығы 45-50 м.
Шабақты тастопшасының астасуы шолақтау тастопшасына ұқсас. Ол
доломиттерден, доломиттелген әктастардан тұрады. Төменгі бөлігінің
қалыңдығы 120-130 м Шолақтау тастопшасында астасады (төменгі кембрий
жасындағы фауна трилобиттерінің мөлшері бар). Алаптың солтүстік-шығыс
бөлігінде, Шабақты тастопшасында әктастардың құрамы көбейеді, ал қалыңдығы
азаяды. Алаптың оңтүстік-шығысындағы жыныстардың құлау бұрышы 70-85º,
солтүстік-батысында 10-50º. Тастопшаның оңтүстік-батысындағы қалыңдығы 700-
800 м.
Таскөмір жүйесі. Таскөмір түзілімі бұрыштық үйлесімсіздікпен көне
түзілімдерде астасады (венд және кембрий-ордовик). Олар Кіші Қаратау
жотасының солтүстік-шығыс баурайынан солтүстік-батыс бағытта созылып жатыр.
Ізбестастардан, аргилметтерден, құмтастардан, конгломераттар мен
хальцедономет линзаларынан тұрады. Қалыңдығы 1350-1500 м.
Памоген жүйесі. Бұрыштық үйлесімсіздікті орта және төменгі палеозой
жыныстары бетінде палеогенді жастағы линзалы саздар, кварцты құмдар және
малтатастар жатады. Палеогенді түзілімдер қалыңдығы 50 метрге дейін болады.

Төрттік түзілімдер. Аллювиалды, аллювийлік-деллювийлік, пролювийлік
малтатастардан және 10-20 м қалыңдықтағы түйіртекті-сазды шөгінділерден
тұрады.

2.2 Тектоникалық құрылысы
Интрузиялық жыныстар Қаратау жотасында шөгінді жыныстар кешені гранитті
интрузиялармен жарылған. Олар жотаның оңтүстік-шығысында таралған және 6-7
км ұзындықта оқшауланған бірнеше массивтерді түзеді. Кішіқаройлы массиві
аплитті, биотит-мүйізалдамшы граниттерден, Шиелібұлақ массиві –
граниттерден, Көктал, Тамды массивтері және Арбат массиві гранодиориттерден
тұрады. Гранодиориттерден басқа бұл ауданда аплитті лампрофирлі және
порфиритті желілер де кеңінен таралған.
Гранитоидтар жасы – төменгі палеозой және палеозойға дейінгі
гранитоидтарды жарып өтетін каледон сияқты анықталады және орта палезой
түзілімдерімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи фосфорқұрамдас шикізат кенорындары
Қаратау фосфорит алабы туралы
Қаратау жотасының физикалық-географиялық ерекшеліктері
Қаланың батыс және оңт
Қазақстан КСРО-ның ірі өнеркәсіп аймағы
Қазақстан пайдалы қазбалары
Қазақстанның жер бедері
Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбаларына жалпы шолу
Қазақстан аумағының табиғатының қалыптасу кезендері
Қаратау жотасындағы фосфорит кен орындарының геологиялық зерттелуі және олардың өңделуі
Пәндер