Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалар



Кіріспе

І . Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалары.
1.1 Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалардың зерттелу тарихы.
1.2 Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалардың архелогиялық зерттелуі.

ІІ . Шу өзенінің орта және төменгі ағысындағы ортағасырлық қалалар.
2.1 Шу өзенінің орта ағысындағы ортағасырлық қалалар
2.2 Шу өзенінің төменгі ағысындағы ортағасырлық қалалар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымша
Тақырыптың өзектілігі: Шу өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді- мекендерді зерттеу өте өзекті болып табылады. Себебі оларды зерттеу арқылы осы өңірдегі қалалар мен елді- мекендердің пайда болу уақыт, даму тарихи заттай мәдениеті туралы жан жақты мәлімет алуға байланысты және осы қалалардың өзіндік ерекше мәліметтер алуға мүмкіндіктер алуға болады.
Қазақстанның оңтүстігі соның ішінде Шу өңірінде де ортағасырлық қалалар көп. Осы қалалардың пайда болуын, дамуын, олардың тарихи топографиялық құрылымын, қалыптасу кезеңдерін және осы қалалардың мәдениетін зерттеу бүгінгі таңдағы Қазақстан археологтарының алдында тұрған аса өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Қазақстанның оңтүстігі соның ішінде Шу өңірінде де ортағасырлық қалалар көп. Осы қалалардың пайда болуын, дамуын, олардың тарихи топографиялық құрылымын, қалыптасу кезеңдерін және осы қалалардың мәдениетін зерттеу бүгінгі таңдағы Қазақстан археологтарының алдында тұрған аса өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеуші мамандар, қалалар көп орналасқан аудандарды екі тарихи географиялық бөлікке бөліп қарайды: Оңтүстік Қазақстанға Сырдария өзенінің алқаптары, Қаратаудың солтүстік беткейі жатады.
Шу өңірінің географиялық жағдайына келетін болсақ, өзінің орта ағысында солтүстігінде Шу-Іле таулары мен оңтүстігінде Теріскей Алатауымен Қырғыз қыраттарымен, шығысында Күнгей Алатауының қыраттары мен Шу өзені, Ыстық көлмен, батысында жазық дала басталып Мойынқұмға дейін созылады. Батыстан шығысқа қарай 250 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай шығыс бөлігі 20 км, батыс бөлігі 100 км дейінгі ара қашықтықты алып жатыр. Шу өңірінде Шу өзенінің оңтүстік және солтүстік жағалаулары егіншілікке өте қолайлы, жері құнарлы, суы мол, сонымен қатар мал шаруашылығына да өте ыңғайлы. /1/
1.Агеева Е.И. Пацевич Г.И. Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана. ИИАЭ АН КазССР. Алматы, 1958, т. 5
2.Агеева Е.И. Общий обзор находок. - В сб.: Археологические исследования на северных склонах Каратау. Алма-Ата: 1962.
3.Агеева Е.И. Памятники средневековъя. - В кн.: Археологические исследования на северных склонах Каратау.: Тр. ИИА Н КазССР, 1962.
4.Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Новое в средневековой археологии Южного Казахстана. - В сб.: Кулътура древних скотоводов и земледельцев в Казахстане. Алма-Ата: 1969.
5.Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древний Отрар. Алма-Ата: 1972.
6. Акишев К.А., Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Работы Семиречинской экспедиции. - АО, 1977, М., 1978
7. Алдабергенов Н.О. Жилище горожан на рабаде городища Актобе. - В сб.: История материальной культуры Казахстана. Алма-Ата: 1980.
8. Алепчеев С., Байбасынов К. Свод памятников истории и культуры Джамбулской области. Джамбул: 1982.
9. Байпаков К.М. Средневековые города и поселения Семиречья /ҮІІ - XII вв/. Диссертация на соискание ученой степени кандидата исторических наук. Алма-Ата: 1966.
10. Байпаков К.М. Раскопки средневекового замка в Семиречъе. - ВАН КазССР, 1966, 8.
11. Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. По следам древних кулътур азахстана. Алма-Ата: 1970.
12. Байпаков К.М. Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семяречья. Алма-Ата: 1986.
13. Бартолъд В.В. Отчет о командировке в Среднюю Азию. Спб., 987.
14. Бернштам А.Н. Археологические работы в Казахстане и Киргизии. ВДИ, 4, 1939.
15. Бернштам А.Н. Археологический очерк Северной Киргизии. Фрунзе: 1941.
16. Бернштам А.Н. Памятники старины Таласской долины. Алматы1941.
17. Бернштам А.Н. Труды Семиречинской археологической экспедиции "Чуйская долина", МИА, 14, М.-Л., 1950.
18. Бубнова М.А. Средневековое поселение Ак-Тобе I у с.Орловки. - В кн.: Археологические памятники Таласской долины. Фрунзе: 1963.
19. Воронина В.Л. Архитектура древнего Пенджикента. Тр. Таджикской археологической экспедиции. М.-Л., 1964.
20. Елеуов М.Е. К изучению цитадели Актобе. - Материалы республиканской научной конференции молодых ученых и специал-истов по обшественным наукам, посвященной 110 годовшине со дня рождения В.И.Лешна. Алма-Ата: 1981.
21.Елеуов М.Е. Этапы развития крепостной стены шахрйстана городища Актобе. - В кн.: сб.
22.Елеуов М.Е. К вопросу о системе обороны ранне средневековых городов и поселений Чуйской долины. - В сб.: Средневековые города Южного Казахстана. Алма-Ата: 1966.
23Кожемяко П.Н. Раннеередневековые города и поееления Чуйской долины. Фрунзе: 1959.
24Кожемяко П.Н. Оседлые поселения Таласской долины. Фрунзе:1963.
25. Кызыласов Л.Р. Остатки замка ҮІ - ҮШ вв. на городише Ак Бешим. - СА, 3, 1953.
26. Кызыласов Л.Р. Археологические исследования на городище Ак-Бешим за 1953-54 гг. - Тр. КАЭЭ, 1959.
27. Маргулан А.Х., Агеева Е.И. Археологические работы и нахозки /с 1926 по 1946 гг/. - Известия АН КазССР, серия археологическая, 1948, вып. I.
28. Маргулан А.Х. Оседлые поселения ҮШ - ХШ вв. на северных клонах Каратау. - Известия АН КазССР, серия археологическая, вып. I. Алма-Ата: 1948.
29. Маргулан А.Х. Из истории городов и строителъного искусства древнего Казахстана. Алма-Ата: 1950.
30. Маргулан А.Х. Третий сезон археологической работы в Центральном Казахстане /отчет экспедиции 1948 года/. - Иэвестия
АН КазССР, №108, серия археологическая, вып. III, Алма-Ата:І95І.
31.Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз. Алма-Ата: 1972.
32.Шалекенов У.Х., Елеуов М.Е., Алдабергенов Н.О. Раскопки цитадели городша Актобе. - В сб.: Вопросы истории социалистического и коммунистеческого строительства в Казахстане. Алма-Ата: 1978.
33.Шалекенов У.Х. Қазіргі Аңтөбе - бүрынғы Баласағүн. - В сб.: Вопросы., 1978.
34.Шалекенов У.Х. Актобе - средневековый памятник. - В сб.: История., 1980.
35.Шалекенов У.Х., Оразбаев А.И. Некоторые данные о водопроводной системе средневекового городища Актобе. - В сб.: История., 1980.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Тарих факультеті
Археология және этнология кафедрасы

Курстық жұмыс
Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалар

Орындаған 1 курс магистранты: Байбугунов
Б.А.
Ғылыми жетекші: т.ғ.д.,профессор
Шәлекенов У.Х.
Кафедра меңгерушісі: т.ғ.д., профессор
Төлеубаев.Ә.Т

Алматы 2009

Мазмұны
Кіріспе

І . Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалары.
1.1 Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалардың зерттелу тарихы.

1.2 Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалардың архелогиялық зерттелуі.

ІІ . Шу өзенінің орта және төменгі ағысындағы ортағасырлық қалалар.
2.1 Шу өзенінің орта ағысындағы ортағасырлық қалалар
2.2 Шу өзенінің төменгі ағысындағы ортағасырлық қалалар

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қосымша

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Шу өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді-
мекендерді зерттеу өте өзекті болып табылады. Себебі оларды зерттеу арқылы
осы өңірдегі қалалар мен елді- мекендердің пайда болу уақыт, даму тарихи
заттай мәдениеті туралы жан жақты мәлімет алуға байланысты және осы
қалалардың өзіндік ерекше мәліметтер алуға мүмкіндіктер алуға болады.
Қазақстанның оңтүстігі соның ішінде Шу өңірінде де ортағасырлық қалалар
көп. Осы қалалардың пайда болуын, дамуын, олардың тарихи топографиялық
құрылымын, қалыптасу кезеңдерін және осы қалалардың мәдениетін зерттеу
бүгінгі таңдағы Қазақстан археологтарының алдында тұрған аса өзекті
мәселелердің бірі болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Қазақстанның оңтүстігі соның ішінде Шу өңірінде де ортағасырлық қалалар
көп. Осы қалалардың пайда болуын, дамуын, олардың тарихи топографиялық
құрылымын, қалыптасу кезеңдерін және осы қалалардың мәдениетін зерттеу
бүгінгі таңдағы Қазақстан археологтарының алдында тұрған аса өзекті
мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанның ортағасырлық қалаларын
зерттеуші мамандар, қалалар көп орналасқан аудандарды екі тарихи
географиялық бөлікке бөліп қарайды: Оңтүстік Қазақстанға Сырдария өзенінің
алқаптары, Қаратаудың солтүстік беткейі жатады.
Шу өңірінің географиялық жағдайына келетін болсақ, өзінің орта
ағысында солтүстігінде Шу-Іле таулары мен оңтүстігінде Теріскей Алатауымен
Қырғыз қыраттарымен, шығысында Күнгей Алатауының қыраттары мен Шу өзені,
Ыстық көлмен, батысында жазық дала басталып Мойынқұмға дейін созылады.
Батыстан шығысқа қарай 250 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай шығыс
бөлігі 20 км, батыс бөлігі 100 км дейінгі ара қашықтықты алып жатыр. Шу
өңірінде Шу өзенінің оңтүстік және солтүстік жағалаулары егіншілікке өте
қолайлы, жері құнарлы, суы мол, сонымен қатар мал шаруашылығына да өте
ыңғайлы. 1
Шу өңірінен өзі Қазақстан мемлекетінің археология ғылымында әлі күнге
дейін бір құпиясын ашпай келе жатқан өңір болып табылады. Мысалы: Ақтөбе
(Баласағұн) қаласы қазіргі таңда үлкен талас тудырып отырған мәселе.
Бұл өңірден Қазақстан тарихының өткен уақытына байланысты әр кезеңді
қамтитын тарихи заттай ескерткіштерді көптеп кездестіруге болады. Сонымен
бірге бұл жерден үлкен керуен жолдары өткен, керуен сарайлар және сауда
орталықтары болған. Ұлы Жібек жолы Шу өңірінің бірнеше қалаларын басып өтіп
шығысында Қытаймен, батысында сонау орыс жерлеріне дейін жетті. Шу керуен
жолы және Шу өңірі ерте кезден-ақ тарихқа өте бай, тереңдей зерттеуді қажет
ететін, небір тарихи сырларды, оқиғаларды, байлықтарды бойына жасырып
жатқан өлке. Жалпы отырықшылықтың дамуы, қалалардың гүлденуі, оның
көшпелілермен байланысы жайлы мәселелер археология ғылымындағы негізгі
зерттеуді қажет ететін жұмыстардың бірі болып табылады.
Жазба түп деректері мен археологиялық қазба жұмыстары барысында
табылған заттай деректерді қорыта отырып, Қазақстан территориясындағы VI-
XII ғғ одан да кейінгі уақыттарда қалалардың дамуын көруімізге болады.2
Қазіргі кезеңде тек Шу өңірінің ғана емес Жетісудың, Таластың, Сырдың
бойында қалалардың сары-сұр дуалдары көрініп тұрады. Айналасы мықты
дуалдармен қоршалған қалалардағы құрылыс балшықтан жиі етіп салынған.
Қорғаныс бекіністер – қалалардың қалыптасуына, өмір сүруінде, дамуында
маңызды роль атқарды.
VIII-X ғасырлар аралығында қарлұқтар дәуірінде Жетісу мен
Қазақстанның оңтүстігінде елеулі өзгерістер болды. Қарлұқтар, түргештер,
жікілдер, оғыздар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі түрік
халқының,отырықшылыққа ауысу процесі жүрді. Ал X-XII ғасырлар Орта Азия мен
Қазақстанда отырықшылық пен жер өңдеу шаруашылығының гүлденген кезі болып
табылады.
Ортағасырлық ғалым Макдисидің жазба деректеріне қарағанда Xғ
Қазақстан территориясында, жуық шамамен 200-ге тарта қала болған. Бірақ,
бұл жан-жақты, толық деректер негізіне сүйеніп жазылған санақ деп айтуға
болмайды. Бұл да әлі күнге дейін шешімін таппаған түйіндердің бірі болып
табылады. Шу өңірінің ортағасырлық қалаларын зерттеу көптеген
зерттеушілердің назарларынан тыс қалған жоқ. Мысалға А.Н.Бернштам 1950-
51, Г.И.Пацевич 1954, П.Н.Кожемяко 1950, К.М.Байпақов
1966,1978,1981,1986, Д.Д.Горячева 1980,1982,1982.
Шу өңірінде археологиялық қазба жұмыстар бір ғасырға жуық уақыт бойы
зерттеліп келе жатса да, ортағасырлық қалалар мен қоныстардың қорғаныс
бекіністері салыстырмалы түрде аз зерттелген.
1980-1990 жылдары Шу өңіріндегі қалалар мен қоныстарды археологиялық
картаға түсіру мақсатымен барлау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде бұрын
белгілі 108 қала және жаңадан ашылған 35 тенаса қаланың нақты орналасқан
орны, пландары, мәдени қабаттары, қорғаныс бекіністері анықталып, жаңадан
археологиялық материалдар жиналған. Сонымен қатар, бұл қалалар мен
қоныстардың қалыптасу уақыты мен танысу мақсатында бірнеше траншея мен
шурфтар, кішігірім қазба жұмыстарын жүргізген. Қалалардың қабырғалары ішкі
және сыртқы бекіністері зерттелген.
Ескерткіштерді археологиялық, топографиялық зерттеу нәтижесінде жазба
деректеріне, картографиялық материалдарға және авиа барлау материалдарына
сүйеніп зерттелген.
Мақсаты: Шу өңіріндегі орта ғасырлық қалалар туралы деректер жинау
осы қалалар жөніндегі ескерткіштерді жіктеу. Орта ғасырлық қалаларды
кезеңдерге бөлу және таралу аймақтарын анықтау.
Бұл өңірден Қазақстан тарихының өткен уақытына байланысты әр кезеңді
қамтитын тарихи заттай ескерткіштерді көптеп кездестіруге болады. Сонымен
бірге бұл жерден үлкен керуен жолдары өткен, керуен сарайлар және сауда
орталықтары болған. Ұлы Жібек жолы Шу өңірінің бірнеше қалаларын басып өтіп
шығысында Қытаймен, батысында сонау орыс жерлеріне дейін жетті. Шу керуен
жолы және Шу өңірі ерте кезден-ақ тарихқа өте бай, тереңдей зерттеуді қажет
ететін, небір тарихи сырларды, оқиғаларды, байлықтарды бойына жасырып
жатқан өлке. Жалпы отырықшылықтың дамуы, қалалардың гүлденуі, оның
көшпелілермен байланысы жайлы мәселелер археология ғылымындағы негізгі
зерттеуді қажет ететін жұмыстардың бірі болып табылады.
Міндеттері:
- Шу өңіріндегі орта ғасырлық қалалардың зерттелу тарихы;
- Шу өңіріндегі орта ғасырлық қалалары ескерткіштеріне жалпы мінездеме:
археологиялық қазбалар, топграфиясы, хронологисы;
- Шу өңіріндегі орта ғасырлық қалалардың қала құрылыстары;
- Қалалық және елді мекендердің материалдық мәдениті
Жаңалығы: Жұмысты жазу барысында осы өңірде орналасқан орта ғасырлық
қалалар мен елді- мекендер, ғылымға белгілі ескерткіштердің санын анықтау
және олардың қазіргі күнгі сақталуы, жіктелуі заттай мәдениет ерекшеліктері
анықталады. Шу өңірінен өзі Қазақстан мемлекетінің археология ғылымында әлі
күнге дейін бір құпиясын ашпай келе жатқан өңір болып табылады. Мысалы:
Ақтөбе (Баласағұн) қаласы қазіргі таңда үлкен талас тудырып отырған мәселе.
Қазіргі кезеңде тек Шу өңірінің ғана емес Жетісудың, Таластың, Сырдың
бойында қалалардың сары-сұр дуалдары көрініп тұрады. Айналасы мықты
дуалдармен қоршалған қалалардағы құрылыс балшықтан жиі етіп салынған.
Қорғаныс бекіністер – қалалардың қалыптасуына, өмір сүруінде, дамуында
маңызды роль атқарды.
VIII-X ғасырлар аралығында қарлұқтар дәуірінде Жетісу мен Қазақстанның
оңтүстігінде елеулі өзгерістер болды. Қарлұқтар, түргештер, жікілдер,
оғыздар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі түрік халқының,отырықшылыққа
ауысу процесі жүрді.
Бұл өңірден Қазақстан тарихының өткен уақытына байланысты әр кезеңді
қамтитын тарихи заттай ескерткіштерді көптеп кездестіруге болады. Сонымен
бірге бұл жерден үлкен керуен жолдары өткен, керуен сарайлар және сауда
орталықтары болған. Ұлы Жібек жолы Шу өңірінің бірнеше қалаларын басып өтіп
шығысында Қытаймен, батысында сонау орыс жерлеріне дейін жетті.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды,
әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.

І . Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалары.
1.1 Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалардың зерттелу тарихы.

Ортағасырлық ғалым Макдисидің жазба деректеріне қарағанда Xғ
Қазақстан территориясында, жуық шамамен 200-ге тарта қала болған. Бірақ,
бұл жан-жақты, толық деректер негізіне сүйеніп жазылған санақ деп айтуға
болмайды. Бұл да әлі күнге дейін шешімін таппаған түйіндердің бірі болып
табылады. Шу өңірінің ортағасырлық қалаларын зерттеу көптеген
зерттеушілердің назарларынан тыс қалған жоқ. Мысалға А.Н.Бернштам 1950-
51, Г.И.Пацевич 1954, П.Н.Кожемяко 1950, К.М.Байпақов
1966,1978,1981,1986, Д.Д.Горячева 1980,1982,1982 1.
Шу өңірінде археологиялық қазба жұмыстар бір ғасырға жуық уақыт бойы
зерттеліп келе жатса да, ортағасырлық қалалар мен қоныстардың қорғаныс
бекіністері салыстырмалы түрде аз зерттелген.
1980-1990 жылдары Шу өңіріндегі қалалар мен қоныстарды археологиялық
картаға түсіру мақсатымен барлау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде бұрын
белгілі 108 қала және жаңадан ашылған 35 тенаса қаланың нақты орналасқан
орны, пландары, мәдени қабаттары, қорғаныс бекіністері анықталып, жаңадан
археологиялық материалдар жиналған. Сонымен қатар, бұл қалалар мен
қоныстардың қалыптасу уақыты мен танысу мақсатында бірнеше траншея мен
шурфтар, кішігірім қазба жұмыстарын жүргізген. Қалалардың қабырғалары ішкі
және сыртқы бекіністері зерттелген.
Ескерткіштерді археологиялық, топографиялық зерттеу нәтижесінде жазба
деректеріне, картографиялық материалдарға және авиа барлау материалдарына
сүйеніп зерттелген.
Шу өңірінің қалалары туралы ең алғашқы жазба деректі 629-630 жылдан
бастап кездестіруге болады. Осы жылдарда Қытай саяхатшысы Сюань-Цзянь
Жетісуда болған. Сөйтіп Шу өңірінің қалалары туралы жазып қалдырған. Оның
қолжазбаларында Суяб қаласы туралы, Суябтан солтүстік батысқа қарай
жалғасқан қалалар тізбегі туралы айтылған. Сондай-ақ Мыңбұлақ қорығы туралы
жақсы мәлімет келтірген. Суяб қаласы қазіргі Красная речка болуы мүмкін
2.
Қытай деректеріне қарағанда Шу бойындағы қалалар бір-біріне
бағынбаған, олардың барлығы түріктерге бағынған. Сонымен қатар Қытай
деректерінде Шу өңіріндегі қалаларда егіншілік болғаны баяндалады. Әсіресе
жүзімдіктер туралы жақсы айтылады. Шу өңірінің қалаларында жаңа Таң
империясында және Хиау деген шығармада айтылған.
Араб-парсы тілдес деректерде Шу өңірінің қалалары VIII-XIX ғғ бастап
кездеседі. Әл-Хорезми, Худдама, Ибн-Хордабек шығармаларында ертедегі Құлан,
Тараз т.б қалаларға тоқталып кеткенін, ал Макдисидің жазба деректерінде
Құлан қаласы жайлы кеңірек білуге болады. Өзінің еңбегінде Құланға
сипаттама береді. Осы Макдисидің еңбектерінен сондай-ақ алғаш рет осы
күнге дейін белгісіз қалалардың бірі болып тұрған XI-XIIғғ бірінші
жартысында Қараханидтердің астанасы болған Баласағұн қаласы жайлы деректі
де кездестіреміз. 3
Бұл жерде айта кету керек монғолдар Баласағұн қаласын қарсыласпай
берілгені үшін Гобалын жақсы қала деп атаған. ОртаАзия мен Қазақстан
территориясындағы қалалардың бүліншілікке ұшырауына бірден-бір себепкер
монғол шапқыншылығы болып табылады.
Рубрук жазбаларына қарағанда жер өңдеу бүліншілікке ұшырап,
мәдениет, сауда орталықтары болған қалалар жайылымға айналған.
Жалпы Шу өңірінің қалалары туралы деректер аз, дегенмен де аз да болса
да болса мәлімет алуға болады. Шу өңірінің қалаларының зерттелу тарихының
бес кезеңі бар.
Бірінші кезеңінде-бұл кезең туралы Чиканскийден, Уалиханов,
Тынышпаевтардан аздаған мәлімет алуға болады. Сонымен қатар Бартольдтың
және ол ұйымдастырған әуесқой археологтардың Түркістандық үйірмесімен
байланысты. Бұл кезеңге байланысты есте болатын нәрсе Бартольд ұсынған
Жетісуды соғдылықтардың отарлау мәселесі, бұл мәселе Орта Азия, Қазақстан
жөніндегі әдебиеттерде кең тараған соңғы кездерде жүргізіліп жатқан қазба
жұмыстары, жазба деректер Жетісуды соғдылықтардың отарлауы туралы мәселеге
сын көзбен қарауға шақырады. XIXғ ІІ ширегінде Қазақстан территориясындағы
тарихи ескерткіштерді зерттеумен Ресей Археологиялық комиссиясы айналысты.
Археологиялық комиссияның алғашқы жұмысы Қазақстан т.б территориялардағы
археологиялық ескерткіштер, кездейсоқ табылған заттар жайлы өздерінің
баспаларының беттерінде жазып тұруға ғана болды. Сонымен бірге осы
комиссиямен қатар Қазақстан территориясын Орыс географиялық одағының Батыс
Сібір бөлімі де қатысты. Қазақстандағы ескерткіштерді оқып-білуде қазба
жұмыстарын жүргізуде, материалдар жинауда: Түркістан археология
сүюшілерінің үйірмесі, Орынбор архивті оқу комиссиясы, Орыс Географиялық
одағы, Археологиялық комиссия т.б көптеген жұмыстар атқарды.
Ал енді Түркістан әуесқой археологтарының үйірмесіне тоқталсақ, ол
1985 жылы 2 декабрьде құрылды, Ташкент қаласында. Үйірменің құрылатыны
жайлы, оған қатысамын деушілерге қойылатын талап т.б туралы алдын-ала
баспа бетінде жарияланды, оған әр түрлі мамандықтың иелері мүше болды. Атап
айтқанда әскери офицерлер, діни қызметкерлер, чиновниктер,
адвокаттар,мұғалімдер, т.б . Олардың ішінен ғылымға шын бет бұрғандары
болды. Мысалыға В.А.Каллаур, Н.А.Пантусова сияқты. Үйірме жыл сайын
экспедиция ұйымдастырып, табылған заттар,ескерткіштер орындарын ,қалалар
мен обалар орындары т.б жайлы үйірменің отырысында баяндамалар жасап ,оны
Туркестанский ведомость газетінің бетінде жариялап тұрды. Бұл
үйірменің белсенді мүшесі ғалым В.В.Бартольдтың осы үйірме жұмысын
жақсартуда атқарған қызметі зор.Ол Талас, Іле, Шу өзендерінің жағасындағы
ескерткіштерді де зерттегенін айта кету керек. Дәлірек айтқанда 1893-
1894ж.ж ішінде Орта Азия мен Қазақстанға зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Бартольдтың Қазақстанға зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бартольдтың
Қазақстан территориясындағы тарихи ескерткіштер, өткен тарихын білуде К
истории орошении Туркистана деген еңбегінде ерте кездегі түп-деректер
негізінде жазылған , қалалар жайлы қызық сілтемелерге кездесуге болады.
Сонымен бірге Туркистан в эпоху монголского нашествия , Отчет о поездке
в Среднюю Азию с научной целью в 1893-1894г.г -деген еңбектерінің
маңызы зор. Ал С древнейших времен до позднего средневековья -деген
еңбегінде Шу өңірінің саяси тарихына сипаттама береді. Бартольдтың
көтерген көптеген мәселелері зерттеушілердің еңбектерінде өз шешімін
тапты және алдағы уақытта өз шешімін табуды қажет ететін мәселелер өте
көп. Жетісу мен Шу өңірі тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысының негізін
В.В.Бартольд қалады, оның Очерк истории Семиречья деген еңбегінде
толық ,жан-жақты жазылған. Ол Жетісу мен Шу өңіріндегі тарихи
ескерткіштерге жалпы шолу жасап қана қоймай ,оларға қысқаша сипаттама
берді, құлаған , қираған қалаларды зерттеп ,олардың бастапқы аттарын
табуға тырысты .Мысалға, В отчете о поездке в Среднюю Азию с научной
целью 1893-1894г.г деген еңбегінде Құлан , Шаштөбе, Төлек , Ақбешім ,
Бурана , Ново-Николаевск т.б қалаларға сипаттама беріп өтеді. 4

1.2 Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалардың архелогиялық зерттелуі.
1897ж. В.А.Каллаурдың Шу өңірінің ескі керуен жолында орналасқан
ескерткіштері жөнінде жазылған мақаласы жарияланған. Ол ертедегі қалалар
жайлы, оның топографиясы жайлы , топонимика т.б туралы деректер жинап
бұл жайында ертедегі авторлар еңбектерімен салыстырады, оны Древние
местности Аулие-Атинского уезда на старом караванном пути на запад от Аулие
Аты к границе Чимкентского уезда.-деп аталатын және Развалины древних
кропностей по реке Яны-Дарье -деген еңбектерінде келтіреді.
Шу өңірін зерттеуге көп еңбек сіңірген ғалымдардың бірі ғалымдардың бірі
В.Д.Горедецкий . Ол 1915 ж. Георгиевка ауылынан 2шақырым ,солтүстігінде
орналасқан қоныстарды зерттеген.5
ІІ-кезең 1917ж. -1935ж. аралығында археологиялық зерттеу барысында елеулі
өзгеріс болған жоқ. Зерттеулердің барысында тәсілдері бұрынғысынша болып
қалады. Ескерткіштерді зерттеу және қорғау мақсатында 1920ж. ноябрьде
Ташкентте ертедегі тарихи ескерткіштерді , өнер , табиғатты зерттеу және
музей жұмысын ұйымдастыру жөнінде Түркістан комитеті құрылды.Оның алдына
қойған мақсат тарихи ескерткіштерді қорғау ғана емес ,сонымен қатар зерттеу
де , болып табылады. 1925ж. Городецкий мен Шмидтің қатысуымен болған
экспедициялар Шу өңірі мен Ыстық көлінің батыс жағын зерттеген. Бурана
қаласынан қыш ыдыстардың сынығын жинаған . Сол кездерде И.И.Иванов Шу
өңіріне бірнеше Ключевск , Краснореченск, Қысымшы, Шәміш, І,ІІ қалаларын
зерттеді. 1929ж. А.И.Терножкин Шу өңірінің Шөміш І, Қысымшы ,Новониколаевск
т.б қалалары мен қоныстарын зерттеген.
Шу өңірінің қалаларын зерттеудің жаңа кезеңі 1936ж. басталдады, оның
жұмысы басталады, оның жұмысы негізінен Жетісу археологиялық
экспедициясының жұмысымен тығыз байланысты.1936ж.А.Н.Бернштам бастаған
Жетісу археологиялық экспедициясы құрылды. А.Н.Бернштам бастаған Жетісу
және Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы 1936-1951жылдары
аралығында Жетісу өңірі мен Оңтүстік Қазақстан өлкелері Қазақстанның өткен
тарихын оның экономикасын , саяси құрылысын т.б білуде үлкен маңызы зор.
Себебі үйсіндер , қаңлылар ,Батыс түрік қағанаты кездеріне жататын тарихи
ескерткіштер, сондай-ақ ертеректе жер өңдеумен айналысқан халықтардың
мекен-жайлары , феодалдық қалалар т.б көптеген тарихи ескерткіштер көптеп
табылды.Экспедиция коллективі осы зерттеу жұмыстарына байланысты тарихи
–археологиялық карта, археологиялық ескерткіштерге сипаттама , анықтама
т.б жасады. 1940 жылы Бернштам бастаған ЖАЭ-сы Фрунзе-Мерке бағытымен
археологиялық барлау жүргізді. 1941ж . археологиялық жұмыстар Үлкен Шу
каналының маңында жүргізілді. Жамбыл археологиялық экспедициясы 20-дай
қала мен қоныстарды ашып зерттеді. Сондай-ақ жаңа түп-деректерге сүйене
отырып орта ғасырлық қалалардың зерттелу тарихы Жетісу өңірі мен Оңтүстік
Қазақстанға отырықшылық пен және мал шаруашылығымен айналысқан халықтардың
ықпалы, қалалардың орналасуы , топографиясы т.б мәселелер төңірегіндегі
сұрақтарға толық болмаса да жауаптар табылғанын айтады.6Сонымен қатар
А.Н.Бернштам Шу өңірінің қалаларының дамуында соғды колонизациясының ролін
көрсетті.
Археологиялық зерттеудің 3-кезеңіне тән үлкен ғылыми жетістік ең
алғаш рет Шу өңіріндегі қалалардың дамуын көшпенділермен салыстыра отырып
және олардың рухани , материалдық мәдениетінің даму сатысын өзара
байланыстыра отырып зерттеді. Ортағасырлық археологияның дамуындағы 3-
кезең 1946ж . Қазақ және Қырғыз Академияларына байланысты дамыды. Сол
кезеңнен бастап археологиялық жұмыстар Шу өңірінің Қазақстан
территориясындағы бөлігінде тарих институтының археология-этнография
бөлімі және Қырғыз ҒА-ның тарих институтының археология-этнография бөлімі
жүргізді. 1947ж. Ә.Х.Марғұлан бастаған Орталық Қазақстан археологиялық
экспедициясы (ОҚАЭ) Шу өңірінің төменгі ағысында орналасқан Тасты
қаласында зерттеу жұмысын жүргізді. 1948ж. А.Н.Бернштам бастаған
Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы Қызылқорған 2 мен Тастыда
зерттеу жұмысын жүргізді.Осы Қазақстаннның Шу өңіріндегі белгілі қалалар
мен қоныстар Қазақстанның археологиялық картасына енгізілді. 1952-1953 жж
П.Н.Кожемяко Шу өңірінің ірі-ірі қалаларында зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Ол осы зерттеулерінің нәтижесінде қыш ыдыстардың хронологиялық
классификациясын ұсынды.
Шу өңірін зерттеудің 5-кезеңі 1960 жылдан басталды. 1963-1965 ж.ж
Байпақов бастаған Құлан-Сүмбе отряды Шу өңірінің ортағасырлық қалалары
мен қоныстарын зерттеу мақсаттарымен Құлан маңында Луговое ,Луговое
усадьбасына қазба жүргізіп зерттеді. 1964-1965ж.ж Л.Б.Ерзакович бастаған
отряд Аспара қаласының кейінгі ортағасырлық қабатын зерттеді. 1974
ж. Ақтөбе қаласында Әль-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық
Университетінің профессоры У.Х.Шалекенов бастаған археологиялық
экспедициясы алғаш қазба жұмысын жүргізді.Қазба жұмыстары цитадельде,
шахристанда, шаруашылық аймағында жүргізілді.
Ақтөбе (Баласағұн) қаласының ортағасырлық топографиясын анығырақ білу
мақсатымен 1980ж. қаланың орталық бөлігінде аэросьемка
жүргізілген,масштабы І 2000. 1978-1980ж.ж Жамбыл облыстық тарихи
өлкетану музейінің экспедициясы Шу өңірінің Қазақстан бөлігіндегі
ортағасырлық қалалары мен қоныстарын қарап шықты 7.
1970ж. М.Елеуовтің басшылығымен Университетттің археологиялық
экспедициясының отряды Шу өңіріндегі барлық қалалар мен қоныстар (бұл
жерде Қырғызстан территориясындағы ескерткіштер қосылып )зерттелінді.
М.Елеуовтің зеттеуінің нәтижесінде жаңадан 35 қала ескерткіш ашып
зерттелінді. Бұл ортағасырлық қалалар археологиялық картаға түсірілді.
Шу өзенiнiң бассейні өзiнiң орогидрографикалық ерекшелiгi жагы және су
қоры жагынан үшке белiнедi: жогаргы - өзенінiі Боом шатқалынан шыққанга
дейiн, орта агысы – Шу өңірі және төменгi агысы - саласы жоқ Шудың суы
құммен далалық алқапқа таралатын ауданы.

1979 - 1980 жылдары Жамбыл облыстық өлкетану музейiнiң экспедиңиясы шу
өзенiнiң орта жене төменгi агысынан бiрқатар жаңа қалалар ашты, атап
айтқанда: Төрткүл Аяқ Актөбенiң жанындагы, Жүнді төбе, Ыстөбе. Бұл
калаларда қазба жұмыстары жүргізілген жоқ, жер бетiнен табылган керамикалық
заттарга байланысты олардың өмір сүру уақыты көрсетiлмеген.8

1941 жылы Г.И.Пацевич Шу өзенiнiң орта агысын зерттеп, 16
ортагасырлық ескерткiштердi ашты. Олардың iшiнде 14-і Степное селосынан
“Новый путы” колхозына дейiн орналасқан, оларды зерттеушiнiң ойынша екi
негiзгi топқа бiрiктiруге болады, атап айтқанда: бірiншi топ - Ақсу
өзенiнiң сагасындагы - орталыгы Ақтобе қаласы; екiншi топқа Тасөткел
ауданындагы атаусыз қала төңiрегi “Новый путы” колхозының маңайындагы
жатады. Шу өзенiнің зерттелген бөлiгiнiң ортагасырлық
ескерткiштерi жайлы А.Х.Марғұлан мен Е. И.Агееваның еңбектерiнде айтылады.
1954 жылы П.Н.Кожемяко Ақтобе каласының схемалык жобасын түсіріп, 2 шурф
салды, сол сияқты қамалга 2 кесiк салды. 1964 жылы К.М.Байпақов Шу
өңiрiндегi ортағасырлық қалалар мен қоныстарды зерттеу барысында Актөбе
каласының А, В, В усадыбаларына суреттеме берген.

1974 жылдан бастап Ақтөбе қаласының қорганыс құрылылыстарын
зерттеумен ал, 1980 жылдан берi Шу өңiрiнiң орта бөлiгiндегі ортагасырлық
қалалар мен қоныстарды, олардың қурылыс системаларын зерттеу iсiмен
С.М.Киров атындагы Қазақ мемлекеттiк университетiнің археологиялық
экспедиңиясы айналысады (ҚазҰУ).

Шу өңiрiндегi ортагасырлык қалалар өзiнiң орналасуы жагынан жогарыда
айтылган үщ бөлiкке сай келеді. Сондықтан бiз диплом жұмысында Щудың орта
жене төменгi агысындагы қалаларды алып отырмыз. Себебi бұл қалалар қазiргi
территориялық жер бөлiнiсi бойынша Қазақ ССР-i Жамбыл облысының Мойынқұм
және Шу аудандарының жерiн алып жатыр. Осы өңiрдегi қалалардың зерттелу
тарихы 1941 жылдан басталады.

1960, 1982, 1984, 1986 жылдарда АЭУ-ның археологиялық отряды Шу
өзенiнің орта жене төменгі агысындагы ортагасырлық қалаларды зерттеумен
шұгылданды.

1980 жылгы жұмыстың барысында Қамысбек, Жетiжар, Тоқтас қарауыл
төбелері мен Тастұмсық қаласы ашылды.

1982 жылгы археологиялық барлау кезiнде ортагасырлық Мерке,
Георгиевка қалаларында қазба жұмыстары жүргiзiлдi сонымен қатар Шудың
төменгi агысындагы Улкен Ақтөбе қаласына кесiк салынды. 9

Шудың орта агысындагы “Новый путы қалалар зерттеу барысында оның
қамалы, мұнарасы және батыс жақтагы есiгі зерттелдi.

1984 жылы Кырық қаласы мен Тастұмсық қарауыл төбесi табылып,
зерттелдi.

Шу өзенiнiң орта жене төменгi агысындагы ортагасырлық қалалар нашар
зерттелгендiктен баспасез бетiнде жарық көрген материалдар аз.

Щу өзенiнiң орта жене төменгі ағысындагы қалаларды, бекiнiстердi,
қарауыл төбелердi орналасу жағына қарай жүйелi түрде жазып, олардың өз ара
байланысын және өмiр сүрген уақытын көрсету.

ІІ тарау. Шу өзенінің орта және төменгі ағысындағы ортағасырлық
қалалар

2.1 Шу өзенінің орта ағысындағы ортағасырлық қалалар

Шу өзенiнiң орта ағысындагы ортағасырлық ескерткiштердің саны-22. Олар
қазiргi территориялық бөлiнiс бойынша Жамбыл облысы, Шу ауданы жерiнде
орналасқан. Оңтүстік-батысында Калинин колхозынан басталып ортағасырлық
Ақтөбе қаласынан, солтүстік-шығысында Ақтөбе колхозына дейін ортагасырлық
Ақтөбе созылып жатыр.10

Қамысбек қарауыл төбесі Ақсу өзенiнiң сол жагалауында, Ақтөбе каласы
цитаделiнен 5,5 км оңтүстік орналасқан.Ол диаметрi 35 м, биiктiгi З м
келетiн төбе. Төбенiң үстiнде, солтүстік-шығыс жағына жақын жерде, узындығы
14 м, ені 8 м, тереңдiгi 0,8 м келетiн шұңқыр бар. Төбе көлемi 60 х 55 м,
енi 8-10 м, тереңдiгi 0,3-0,5 м келетiн ормен қоршалган. Жер бетiне жатқан
ыдыс сынықтарына байланысты қарауыл төбе Х-ХII ғасырлармен даталанады.

Жетiжар қарауыл төбесі Қарабалта өзенiнiң сол жағалауында, Ақтөбе
қаласының цитаделiнен 7 км солтүстiк-батыста орналасқан. Төбенiң диаметрi
20 м, биiктiгi 3,5 м. Ол көлемi 35 х 25 м, енi 4 м, биiктiгi 1 м келетiн
қамалмен қоршалган. Қамалды сырт жагынан ұлтанындагы енi 5 м, тереңдiгi 0,5
м келетiн ор қоршап жатыр. Табылган керамикалық материалдарга байланысты
қарауыл төбе Х-ХII гасырлармен даталанады.

Қырықүй қаласы Ақсу өзенiнің оң жагалауында, Ақтөбе қаласының
цитаделiнен 8 км солтүстiкте орналасқан. Қаланың көлемi 50 х 50 м. Құлаган
қабыргасының бастапқы енi 10 м, биiктiгi 1-1,2 м. Қаланы ұлтанындагы енi 7-
8 м, тереңдiгi 0,5-0,7 м келетiн ор қоршап жатыр. Қаланың есігі оңтүстік
қабыргада орналасқан. Табылган ыдыс сынықтарына байланыстыт Қырықүй қаласы
Х-ХII гасырлар мен даталанады

Қала “Калинин” колхозының усадъбасынан, батыста 200 м жер орналасқан.
Оның көлемі 40х35 м, ол қамалмен қоршал, қамалдың ішінде 5 мұнараның
қалдыгы сақталган. Олардың төртеуi бұрыштарында, ал бiреуi солтустiк-батыс
жагының ортасында орналасқан. Бұлардың iшіндегi ең улкен мұнара солтүстiк
бұрышында, оның биiктiгi 8 м. 1941 жылы Жамбыл археологиялық пунктi \Г.И.
Пацевич\, зерттеп, IХ-ХIII гасырлармен даталаган.11

Ақсу қаласы Ақсу өзенінің оң жагалауында “Калинин” колхозының
усадъбасының солтүстiк-шыгыс шетінде орналасқан. Қала екi бөлiктен тұрады.
Оңтүстік бөлiгiнің көлемi батыстан шыгысқа қарай 55м, солтүстiктен
оңтүстiкке қарай 36 м. Қала бұрыштарына төрт және оңтүстік жагында екi кiшi
мұнаралары бар дуалмен қоршалган.

Көлемi солтүстiктен оңтүстік қарай 35 м, батыстан шығысқа қарай 80 м
келетiн солтүстік бөлiгіде дуалмен қоршалған. Дуалдың оңтүстiк-шығыс
жағында, бiр жағы Ақсу өзенiмен шектелетiн ор жатыр. Жер бетiнен бояусыз
ыдыс сынықтары жиналды. 1941 жылы Жамбыл археологиялық пунктi Г.И.Пацевич
зерттеп, ІХ- ХII ғасырлармен даталаған.

Қала Ақсу өзенiнiң сол жағалауында, “Калинин” колхозынан батысқа қарай
З км жерде орналасқан. Қала екi бөлiктен тұрады, оның көлемi батыстан
шығысқа қарай 170 х 115м, биiктiгi 2,5 м. Жоғарғы бөлiгiнiң шығыс жағында
дуалмен қоршалған, диаметрi 60 м, биiктiгi 2 м келетiн төбе бар. Оның орта
тұсында диаметрi 21 м, биiктiгi 0,5 м келетiн тағы бiр төбе орналасқан.
1941 жылы Жамбыл археологиялық пунктi Г.И.Пацевич зерттеген.

Қала Шу өзенiнiң жоғарғы террасасында, Жетiсозақ поселкасынан
оңтүстік-шығысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Оның көлемі батыстан шығысқа
карай 72 м, солтүстiктен-оңтүстiкке қарай 32 м, биiктiгi 1,5 м. шығыс
жағында көлемi 10х15 м, биiктiгi 2 м келетiн төбе орналасқан. 1941 жылы
Жамбыл археологиялық пунктi Г.И.Пацевич зерттеген.

Қала Шу өзенiнiң сол жағалауының жоғарғы террасасында Жетiсозақ
поселкасынан оңтүстігіне қарай 7 км жерде орналасқан.12

Қала тiктөртбұрыш болып келген, оның келемi 64х64 м, биiктiгi 8 м.
Қаланы 1941 жылы Жамбыл археологиялық пунктi Г.И. Пацевич зерттеген.

Қала Ақсу өзенінiң сол тармағының Шу өзенiне құяр жерiне‚ 100м
жерде орналасқан. Оның көлемi солтүстiктен оңтүстiкке қарай 40х26м,
биiктiгi 2,5 м. Қамалдың етегiнде тереңдiгi 0,5 м, енi З м келетiн ор бар.
Қаланы 1941 жылы Жамбыл археологиялық пункті \Г.И. Пацевич\ зерттеген.

Қала Шу өзенiнiң сол жағалауында, “Чапаев колхозының солтүстік-шығыс
0,5 км жерде орналасқан. Қала тiкбұрышты болып келген. Оның көлемi
солтүстiктен оңтүстікке қарай 100м, батыстан-шығысқа қарай 88 м, биiктігі
3,5 м.

Қаланың орта тұсында төртбұрышты дөң мен 4 кiшкене төбешiктер бар.
Төбешiктiң батыс және шығыс жақтарында енi 15м келетiн ордың үйіндісі
сақталған. Солтүстігімен ол Шу өзенiмен тұтасады. Қаланы 1941 жылы Жамбыл
археологиялық пунктi Г.И.Пацевич зерттеп, ІХ-ХІІ ғасырлармен даталаған.
Қала Шу өзенiнiң сол жағалауының жоғарғы террасасында, “Турксиб” колхозынан
1,5 км жерде орналасқан. Оның көлемi солтүстіктен оңтүстікке қарай 32х20м,
биiктiгi-2,5м. Қаланы 1941 жылы Жамбыл археологиялық пунктi зерттеген.

Тоқтас Қарауыл төбесi Тоқтас өзенiнiң Тасөткел су қоймасына құяр
жерiнен 2км солтүстiкте, Тасөткел қаласынан 7 км оңтүстікте орналасқан.
Қарауыл төбе Тасөткел су қоймасының жарқабағында тұр, оның шығыс жақ
белiгiн су шайып кеткен. Төбенiң қалған бөлiгiнiң диаметрi 20 км, биiктiгi
3м. Қамалдың енi З м, биiктiгi 1м. Оны қоршаған ордың енi 5 м, тереңдiгi 1
м. Қарауыл төбенi зерттеу мақсатымен тазалау жұмыстары жүргізілді қазбаның
ұзындығы 25 м, тереңдiгi 3,2 м. Жұмысты жеңiлдету ушiн тазалау төбенiң су
шайған бөлiгiнде жүргізілді. Жұмыс барысында 2 құрылыс кезеңiнің қалдығы
табылды, оларға суреттеме төменнен жоғарыға қарай берiледi.

Бiрiншi құрылыс кезеңiне диаметрi-7,8 м, биiктiгi-1,2 м келетiн
топырақ үйiндiсi және оны сырттай қоршаған ор жатады. Ордың енi-2 м,
тереңдігi-0,5м. Жақын маңда орға жiберiлетiн су көзi жоқ екендiгiн ескере
отырып, зерттеушiлер мынадай пiкiрге тоқталады: шамасы, орды әдейi
қазбаган. Ол төбенi үюге топырақ алу кезiнде пайда болған. Топырақ
үйiндiсiнiң үстiнде орта тұсына жақын жерде диаметрi 0,7 м, тереңдiгi 0,3
м келетiн ошақ орналасқан, оның қабырғалары от жалынымен шарпылған. Ошақ
күлге толған, осы күл кабатынан Х-ХII ғасырларга жататын ыдыс сынықтары
табылды.13

Екiншi құрылыс кезеңiне үйiндiнiң және ордың үстiне салынған басқа
құрылыс қалдықтары жатады, олар: қамал және ор. Сақталған биiктiгi 1,7 м.
Ол қалыңдығы 0,8 м келетiн балшық кабатынан тұрғызылған, сыртқы жағы 80
көлбеу. Мұнараны ұлтанындағы енi-2,2 м, биiктiгi 1,1м қамал қоршап жатыр,
ол қалыңдығы 0,5 м келетiн балшық қабатына тұрғызылған. Қамалды сытрттай
енi-5м, тереңдiгi 2 м келетiн ор қоршап жатыр. Бұл құрылыс кезеңiн
мұнараның құландысынан табылған хум мен құмыраның сынығына байланысты
даталаймыз. Мұндай ыдыстар Шу өңiрiндегi ортағасырлық қалаларда кездеседi
де, Х - ХІІ ғасырлар мен даталанады. Сөйтiп, тазарту барысында табылған
құрылыс кезеңдерi Тасөткел қаласы аймағындағы қорғаныс жұйесінің даму
тарихын айқындауға мүмкіндік береді.

Қорыта келгенде, бiрiншi кезеңде қолдан үйiлген топырақ төбе осы
маңындағы ең биiк нүктенiң бiрi болган. Әрине, қазір оның биiктiгiн толық
анықтау мүмкiн емес, соған қарамастан ол осы аймақ басқа қалалармен
байланыс жасау мақсатында салынғанына сөз жоқ. 14

Табылған ыдыс сынықтарына байланысты қарауыл төбе мен мұнараның өмiр
сүрген уақыты Х-ХII ғасырлармен даталанады, ал жоғарыда айтылған кезеңдердi
хронологиялық бөлу қиын. Себебi Шу өңiрiнен табылған Х-ХІІ ғасырларға
жататын керамикалық материалдардың нашар зерттелуiне байланысты оны жiктеу
әзiрге мүмкін болмай отыр.

Ортағасырлық қала Шу өзенiнiң орта ағысының сол жағалауында, Тасөткел
су қоймасының маңында орналасқан. Қала тiктөртбұрышты болып келген, оның
көлемi 130 х 130 м. Ол биiктiгi 0,5-1 м келетiн, 12 мұнараның қалдықтары
сақталған, дуалмен қоршалған. Дуалдың биiктiгi 3 м. Қаланың орта тңсында
көлемi 32 х 20 м келетiн құрылыс қалдықтары сақталған. Солтүстiк-батыс
бұрышында су қоймасы бар. Қаланы сырт жағынан ұлтанындағы енi 60м келетiн
ор қоршап жатыр. Қаланы 1941 Жамбыл археологиялық пунктi Г.И.Пацевич
зерттеп, ‚Х-ХІІІ ғасырлармен даталаған.

Тастұмсық қаласы Тасөткел су қоймасының оң жағалауында, күзетшінің
үйінен 0,1 км оңтүстікте орналасқан. Қазіргі кезде қала үш жағынан сумен
шайылып жатыр, осының негізінде қала қатты бұзылған. Оның сақталған
қабырғасының ұзындықтары солтүстік-3,2м, шығыс-20м, оңтүстік - 25 м, батыс
-25 м, биіктігі - 1,7-2 м .

1986 жылдың мамыр айында АЭУ-1986-ның археологиялық отряды
ортағасырлық Тастұмсық қаласында болып, 1980 жылмен салыстырғанда қаланың
қатты бұзылғандығын анықтады. Қаланың батыс, оңтүстік, шығыс бөліктері
қатты бұзылып кеткен. Оның себебі: қала орналасқан жер Тасөткен су
қоймасына мойнақ болып кіріп жатыр. Көктемгі су тасу кезінде қаланың
жоғарыда аталған бөліктері үш ай бойына сумен шайылып жатады. Барлау
кезінде қаланың су шайған бөліктерінөн II бөлменің қалдығы байқалды .15

Бөлмелер төмендегідей тәртіппен орналасқан: 1, 2, 3, 4 бөлмелер -
қаланың батыс жағында; 5, б бөлмелер – оңтүстік: 7,8, 9, 10, II бөлмелер
қаланың шығыс жағында орналасқан. I және II бөлмелер қаланың қамалына
жиектей орналасқан.
Қамал қалдықтары батыс және шығыс бөліктерінен тауып ашылды. Оның ені
2,6 м. Ол қалыңдығы 5, 8, 10, 15, 20 см келетін балшық қабатынан салынған.
1-бөлме. Бөлменің ұзындығы белгісіз, ені-3м. Біршама жақсы сақталған
шығыс қабырғасының ұзындығы 4,3 м, биіктігі 0,1-0,2 м.
Бөлменің солтүстік бұрышы диаметрі 1,2 м, тереңдігі 0,3 м келетін
шұңқырмен бұзылған. Шұңқыр күл аралас маймен толып қалған.
2-бөлме. Оның ені 2,5 м. Солтүстік қабырғасының ұзындығы 1,2 м,
ал оңтүстік қабырғасының ұзындығы 1 м, сақталған биіктігі 0,5-1,9 м.
3-бөлменің ені 2,7 м. Табылған солтүстік қабырғасының ұзындығы 3,5 м,
оңтүстік қабырғасының ұзындығы 3,6 м, қалыңдықтары 1,1 м.
4-бөлменің ені 2,4 м. Солтүстік қабырғасының үзындығы 6м, ал
оңтүстікқабырғасы-5,3м.Қалыңдықтары -1,1-1,3м. Бөлменің солтүстік-шығыс
диаметрі-1,5м,тереңдігі-0,1м келетін №2 шүңқырмен бұзылған. Ал оңтүстік-
шығыс бұрышы диаметрі 1,5 м, тереңдігі 0,2 м келетін №3 шұңқыр мен
бұзылған.Шұңқырдың екеуі де күл аралас лаймен толған.
5 бөлмеңің ұзындығы 7,3 м, ені белгісіз. 4 бөлменің шығыс қабырғасы 5
бөлменің батыс қабырғасы болып табылады, ал 7бөлменің батыс қабырғас 5-
бөлменің шығыс қабырғасы болып табылады. Бөлменің тшінде күл қалдықтары көп
кездеседі, тіпті кей жерлерде оның қалыңдығы 0,2 м-ге жетеді, одан қой мен
ірі қара малдың сүйегі табылды. 1984 жылдың апрель. айында Тасөткел су
қоймасының күзетшісі бөлменің күл аралас қалдығынан
түйенің жауырынын тапқан. Жауьгрынның екі жағында араб алфавитімен жазылған
жазу бар.
Қазір ол жауырын Ә.Н.Әлфараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік
университетінің тарих факультетіндегі археология және этнология
кафедрасының археология музейінде сақталған, ал фото көшірмесі Өзбек ССР-
ның Ғылым академиясындағы Шығыстану институтында оқытылуда.
6-бөлменің ені 1,8 м, ұзындығы белгісіз, сақталған ұзындығы небары 0,8-
1 м.
7-бөлме. Көлемі белгісіз. Батыс қабырғасының ұзындығы 1,4 м, ал
солтүстік қабырғасы - 0,9 м. Сақталған биіктігі небары 0,1-0,2 м. Бөлменің
солтүстік-батыс бұрышында 8 бөлмеге апаратын, ені 1 м келетін есік бар.
8-бөлменің ені 2,4 м. Ұзындығы белгісіз, Солтүстік қабырғасының ені
1,2 м, сақталған биіктігі 0,2 м. Солтүстік-батыс бұрышында 10 бөлмеге
апаратын ені 1 м келетін есік бар.
Ені 1 м, 7, 8, 10 бөлмелерді жалғастырып тұратын есік 9 бөлме болып
табылады.
10 бөлменің ені 2,2 м. Солтүстік қабырғасының ұзындығы 2,5 м, ені 1,3
м. Сақталған биіктігі 0,25-1,9 м.
2-бөлменің ені 3 м. Оңтүстік қабырғасының сақталған ұзындығы 3,2м, ал
солтүстік қабырғасының ұзындығы 3,5 м. Қабырғаларының сақталған биіктігі
1,9-2 м. Бөлмелерді тазалау кезінде қабырғаларының оңтүстік, батыс,
солтүстік қалыңдығы 5, 8, 10, 15, 20 см келетін балшық қабатынан
салынғаны анықталды. Қабырғалардың ішкі жағында 1,25 м биіктікте, ені 0,45-
0,5 м келетін кетік бар. Кетік көлемі 46 х 23 X 7-10 см келетін кесекпен
қаланған. Солтүстік және оңтүстік қабырғаларда кесектер бойынша қаланған,
7 қатар биіктікте. Кесектерді бір-бірімен байланыстыру үшін қалыңдығы 2х3
см лай пайдаланылған.
Батыс қабырғасындағы кесектер 4 қатар биіктікте сақталған 0,4 м.
Қабырғаның ішкі бетіндегі мұндай кетіктердің болуы тегін емес. Олар
көпшілігінде бөлменің үстін жабу үшін салынған күмбездің негізі болып
есептеледі. Сондықтан II бөлмедегі кетіктердің де осындай қызмет атқаруы
мүмкін. 16
Оңтүстік қабырға мен батыс қабырғаларының аралығында ені 1,30см
келетін есік орналасқан есік толық ашылған жоқ. Осы есік арқылы қаланың
қазылмаған бөлігіндегі басқа бөлмелер мен байланыс жасалғанболуы керек.
Кейінірек, есіктің енін тарылту мақсатымен батыс қабырғаға жапсыра шағын
қабырға тұрғызылған. Оның ені 0,2 м, сақталған биіктігі 2,2 м.
Бөлменің ішкі жағында үш қабат сылақ бар. Бірінші төменгі сылақтың
қалыңдығы 1,5 см, ал екінші және үшінші сылақтардың қалыңдықтары 1-1,2 см,
түсі ашық.
10 және 11 бөлмелердің еденін тазарту кезінде олардан ернеуі үшбұрышты
болып келген хум мен бүйірі жұмыртқа тәрізді, ал мойны кең құмыра сынықтары
табылды. Мұндай құмыралар мен хумдар Құлан мен Ақтөбе қалаларынан да
табылған. Сол сияқты ернеуі иіле жасалған қазандар мен жайпақ табақтың
сынықтары табылды. Мұндай қазандар Жақсылық, Ақтөбе қалаларынан табылған
және X - ХП ғасырлармен даталанатын Талас өңірінің керамикалық
материалдарында кездеседі. Бөлмелерден және осы қала аймағынан табылған
ыдыстар күзетшінің ауласында сақтаулы тұр. Бірақ олар басқа қалалардан
табылған ыдыстармен араласып кеткендіктен, біз оларды пайдалана алмадық.
Жоғарыда айтылған бөлмелер сөзсіз, X - XII ғасырлармен даталанады.
Тастұмсық қаласы Тасөткел қаласының маңайындағы қорғаныс жүйесінде маңызды
орын алады. Өкінішке орай, қала өте тез бұзылып жатыр, егер ол енді 2-3
жылда осы қарқынмен бұзыла беретін болса, одан түкте қалмайды. Қазіргі
қаланың сақталған белігінің көлемі 220-230 м.
Тастұмсық қарауыл төбесі Тастұмсық қаласынан 0,3 км солтүстікте
орналасқан. Төбенің диаметрі 50 м, биіктігі 5,5 м. Табылған керамикалық
материалдарға байланысты Тастұмсық қарауыл төбесі X - XII ғасырлармен
даталанады.
Белбасар қаласы "Новый путъ" колхозынан 1,5 км жерде орналасқан. Оның
көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 70 х 80 м.
Қаланың батыс бөлігінде биіктігі 0,5 м, диаметрі 12 м келетін төбешік
бар. Қаланы 1941 жылы Жамбыл археологиялық пункті Г.И.Пацевич зерттеген.
Қала "Новый путъ" колхозынан 2 км батыста, Шу өзенінің сол жағалауында
орналасқан. Оның көлемі 72 х 54, биіктігі 3,5 м. Қаланың солтүстік-батыс
бөлігінде төбе бар. Қаланы 1941 жылы Жамбыл археологиялық пункті
Г.И.Пацевич зерттеген.
Новый путь қаласы Шу өзенінің оң жағалауында, Жамбыл облысы, Щу
ауданындағы Новый путь селосының шетінде орналасқан. Қаланың келемі 450 х
480 м. Оның ұлтанындағы ені 12-17 м, биіктігі 3-3,5 м келетін қамал
қоршаған.17
Қаланың бұрьштарында мұнаралардың қалдығы сақталған. Қала ұлтанындағы
ені 40-50 м, тереңдігі 1 м келетін ормен қоршалған. Жүйесінде маңызды орын
алады.
Тастұмық қарауыл төбесі Тастүмсық қаласынан 0,3 км сол-түстікте
орналасқан. Төбенің диаметрі 50 м, биіктігі 5,5 м 8-сурет. Табылған
керамикалық материалдарға байланысты Тастұмсық қарауыл төбесі X - XII
ғасьтрлармен даталанады.
Белбасар қаласы "Новый путъ" колхозынан 1,5 км жерде орналасқан.
Оның көлемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 70 х 80 м. Қаланың батыс
бөлігінде биіктігі 0,5 м, диаметрі 12 м келетін төбешік бар. Қаланы 1941
жылы Жамбыл археологиялық пункті Г.И.Пацевич зерттеген.
Кала "Новый путъ" колхозынан 2 км батыста, Щу өзенінің сол жағалауында
орналасқан. Оның көлемі 72 х 54, биіктігі 3,5 м. Қаланың солтүстік-батыс
бөлігінде төбе бар. Қаланы 1941 жылы Жамбыл археологиялық пункті
Г.И.Пацевич зерттеген.
Новый путь қаласы Шу өзенінің оң жағалауында, Жамбыл облысы, Шу
ауданындағы Новый путь селосының шетінде орналасқан. Қаланың көлемі 450 х
480 м. Оның ұлтанындағы ені 12-17 м, биіктігі 3-3,5 м келетін қамал
қоршаған.
Қаланың бұрыштарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыр бойының орта ғасырлық қалалары
Орта Азиямен ОңтүстікҚазақстан ортағасырлық қалаларының тарихнамасы
Жамбыл облысындағы ортағасырлық қалалардың тарихы виртуалды картасын пайдалану саласы
Баласағұн қаласының тарихын теориялық-методологиялық тұрғыда зерттеу
Ортағасырлардағы қалалардың дамуы: сәулет өнері және материалдық мәдениет
Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы
Ортағасырлық Тараздың экономикалық және саяси мәдениетi
Тараз өңірінің архитектуралық ескерткіштері
Сырдария өзенінің орта ағысындағы қалалар мен елдімекендерде бұрын және соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер кезінде алынған деректер
Жер-судың аты-тарихтың хаты
Пәндер