Қазақ тіліндегі сөздердің байланыу тәсілдері
Сөздердің синтетикалық тәсілдер арқылы байланысу
Септік жалғауларының сөз бен сөзді байланыстыруындағы кейбір ерекшеліктер
Сөз тіркестерінің тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуы
Жіктік жалғауларының сөз бен сөзді байланыстыруы
Көптік жалғауларының сөздерді байланыстыруға қатысы

Жеке сөздер сөйлемнен немесе сөз тіркесінен тыс айтылғанда тек нормативтік мәнге ғана ие. Олар белгілі құрылымдық жүйеге түскенде сөз бен сөздің арасында синтаксистік қатынас пайда болады. Мұндай синтаксистік қатынас сөздердің лексика-грамматикалық табиғатына, және де тілдегі грамматикалық құбылыстар заңдылықтарына сәйкес жасалынады. Сөйлем ішіндегі сөздердің ситаксистік байланыстарының өзі түрлі амалдар арқылы жүзеге асып, сөздердің немесе сөйлемдердің байланысу тәсілдері деп аталатын тілдік нормаларды құрайды. Ал сөздер болса абстрактылана отырып, сөйлемнің не сөз тіркесінің құрылымдық бөлшегі ретінде синтаксистік категорияның мәніне ие болады. Мысалы: Ортан қазықта ілулі тұрған бестік шамын жағып еді, үйдің бұрыш-бұрышынан жылт-жылт еткен өрмекшінің өрмегі көзіне түсті (Ғ.Мүсірепов). Сөйлемдегі сөздерөздерінің номинативтік мәндеріне қоса жүйелі бір ойды жеткізу үшін түрлі амалдар арқылы бір-бірімен байланысып, біртұтас категория құрып тұр. Айталық, ортан қазықта, бестік шамы, ілулі тұрған сөздерінің бір-бірімен тіркес құрап, сөз тіркесі болуына себепші болған олардың орын тәртібі болса, ал қазықта ілул, шамын жағып еді, үйдің бұрыш-бұрышынан, бұрыш-бұрышынан көзіне түсті, өрмекшінің өрмегі секілді сөз тіркестерінің арасында дәнекерлік етіп отырған құралдар – жалғаулар. Осылайша сөздер сөйлем ішінде сөйлемнің құрылымдық бөлшектерін қалыптастыратын сөз таптарының грамматикалық құрылысына негізделе отырып, әртүрлі байланысу формалары арқылы синтаксистік байланысқа түседі.
Өзге тілдердегі сияқты қазақ тілінде де сөз бен сөзді байланысқа түсіретін амалдар алуан түрлі. Осындай тәсілдердің арқасында сөздер өзара байланысқа түсіп, тізбектеліп, сөйлем құрамына енеді. Сөздер бір-бірімен грамматикалық сәйкестігі арқылы синтаксистік бірлікте болып, мағына үйлесімдігімен ойды жеткізудің құралы қызметін атқарады.
Кейбір ғалымдар сөз тіркестерінің байланысу туралы айтқанда оларға тек дәнекерлердің ізімен ғана тоқталып өтеді де, сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарлары орын тәртібі, шылаулар, жалғаулар, интонация арқылы байланысады деумен ғана шектеледі. Екінші біреулері сөз бен сөз төрт дәнекер арқылы байланысатындығын сөз етіп, одан кейін оларды әрі қарай аналитикалық, синтетикалық деп қосымша көрсетеді. Алайда тіліміздегі байланысу формалары мен тәсілдері туралы жүйелі пікірлер жетерлік.

Жеке сөздер сөйлемнен немесе сөз тіркесінен тыс айтылғанда тек
нормативтік мәнге ғана ие. Олар белгілі құрылымдық жүйеге түскенде сөз бен
сөздің арасында синтаксистік қатынас пайда болады. Мұндай синтаксистік
қатынас сөздердің лексика-грамматикалық табиғатына, және де тілдегі
грамматикалық құбылыстар заңдылықтарына сәйкес жасалынады. Сөйлем ішіндегі
сөздердің ситаксистік байланыстарының өзі түрлі амалдар арқылы жүзеге асып,
сөздердің немесе сөйлемдердің байланысу тәсілдері деп аталатын тілдік
нормаларды құрайды. Ал сөздер болса абстрактылана отырып, сөйлемнің не сөз
тіркесінің құрылымдық бөлшегі ретінде синтаксистік категорияның мәніне ие
болады. Мысалы: Ортан қазықта ілулі тұрған бестік шамын жағып еді, үйдің
бұрыш-бұрышынан жылт-жылт еткен өрмекшінің өрмегі көзіне түсті
(Ғ.Мүсірепов). Сөйлемдегі сөздерөздерінің номинативтік мәндеріне қоса
жүйелі бір ойды жеткізу үшін түрлі амалдар арқылы бір-бірімен байланысып,
біртұтас категория құрып тұр. Айталық, ортан қазықта, бестік шамы, ілулі
тұрған сөздерінің бір-бірімен тіркес құрап, сөз тіркесі болуына себепші
болған олардың орын тәртібі болса, ал қазықта ілул, шамын жағып еді,
үйдің бұрыш-бұрышынан, бұрыш-бұрышынан көзіне түсті, өрмекшінің өрмегі
секілді сөз тіркестерінің арасында дәнекерлік етіп отырған құралдар –
жалғаулар. Осылайша сөздер сөйлем ішінде сөйлемнің құрылымдық бөлшектерін
қалыптастыратын сөз таптарының грамматикалық құрылысына негізделе отырып,
әртүрлі байланысу формалары арқылы синтаксистік байланысқа түседі.
Өзге тілдердегі сияқты қазақ тілінде де сөз бен сөзді байланысқа
түсіретін амалдар алуан түрлі. Осындай тәсілдердің арқасында сөздер өзара
байланысқа түсіп, тізбектеліп, сөйлем құрамына енеді. Сөздер бір-бірімен
грамматикалық сәйкестігі арқылы синтаксистік бірлікте болып, мағына
үйлесімдігімен ойды жеткізудің құралы қызметін атқарады.
Кейбір ғалымдар сөз тіркестерінің байланысу туралы айтқанда оларға
тек дәнекерлердің ізімен ғана тоқталып өтеді де, сөз тіркестерінің
бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңарлары орын тәртібі, шылаулар, жалғаулар,
интонация арқылы байланысады деумен ғана шектеледі. Екінші біреулері сөз
бен сөз төрт дәнекер арқылы байланысатындығын сөз етіп, одан кейін оларды
әрі қарай аналитикалық, синтетикалық деп қосымша көрсетеді. Алайда
тіліміздегі байланысу формалары мен тәсілдері туралы жүйелі пікірлер
жетерлік.
Қазақ тілін зерттеуші ғалымдар байланысу формаларының бес түрі
(матасу, меңгеру, қыйысу, қабысу, жанасу) бар деп көрсетсе, ал байланысу
тәсілдерін синтетикалық және аналитикалық деп екі үлкен топқа ажыратады. Ал
кейбір еңбектерде сөз тіркестерін байланыстыру тәсілдеріне қарай
аналитикалық, синтетикалық деп бөле келіп, оған үшінші етіп аналитико-
синтетикалық тәсілдерін де қосады. Сондай-ақ синтетикалық тәсіл тілдегі
төрт жалғаудың көмегімен жүзеге асады да, аналитиаклық байланысу тәсілі
көмекші сөздер, сөздердің орын тәртібі және интонация арқылы жасалынады
делінеді. Десекте мұндағы жалғаулардың да, көмекші сөздердің де сөз бен
сөзді байланыстырудағы қызметі бірдей емес және бұлардың айналасында басы
ашылмаған даулы мәселелер де баршылық.
Сөз тіркесін жасауға ең алдымен сөз, олардың лексикалық мағыналары
себепші болады. Бұған дейінгі еңбектердің барлығында да Синтаксистік қарым-
қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса
байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз [1. 8], - деген қағида ұстанылған.
Сөз тіркесіне берілген бұл ережеге күні бүгінге дейін айтарлықтай
өзгешеліктер ене қойған жоқ. Соңғы еңбектерде сөз тіркестерінің арасында
сабақтастық байланыс қана емес, екі сөз тең дәрежеде тұру арқылы салаласа
да байланыса алады деген пікірлер айтылып жүр. Бұл қағида әлі де болса
егжей-тегжейлі қарастырылып, ғылымға сіңісіп кете қойған жоқ.
Жоғарыда берілген ережеде кемінде толық мағыналы екі сөз дегеннен
сөз тіркесін жасаудағы сөз таптарының ара қатынасы бірдей еместігін
аңғаруға болады. Түптеп келгенде бір тілдегі тілдік жүйеге кіретін барлық
сөз таптарының да, белгілі бір сөз табының құрамына енетін жеке сөздердің
де сөз тіркесін жасаудағы қызметі бірдей емес. Бұлардың ішінде жеке
тұрғанда толық мағынаға ие болатын негізгі сөздерге ерекше мән беріледі.
Мұның себебін былайша түсіндіруге болар еді. Негізгі сөз таптары зат
атауының, сапасының, санының ретінің, әрекетінің және жай-күйінің
обьектілік семантикасына ие бола отырып, сөйлем құрылымының негізгі
материалдық базасын құрайды. Тек осы негізгі сөздер ғана сөйлемдегі
айтылатын ойдың қабықшасын құрай отырып, бір-бірімен синтаксистік
байланысқа түскекн тұтас контекстің негізі бола алады. Демек тілдегі
синтаксистік байланыстың да нысандары осы негізгі сөздер арқылы анықталады.
Ал көмекшілер тобына енетін сөзер өздерінің грамматикалық қасиеттеріне сай
дербестік семантикасы болмағандықтан негізгі сөздерге тіркесе отырып, бір
құрылымдық жүйенің бөлшегі ретінде қарастырылады.
Сөздердің синтетикалық тәсілдер арқылы байланысу
Синтаксистік бірліктердің компоненттері белгілі бір дәрежеде өзара
мағыналықбайланыста болады және де бұл қатынастар синтаксистік байланысу
құралдары арқылы көрінеді. Күрделі синтаксистік қатынастағы сөз бірліктері
тілде қалыптасқан ережелерге бағынады. Сөздердің осындай ара қатынасы
туралы орыстіл білімінің соңғы зерттеулерінде мынандай анықтама беріледі:
Синтаксическая связь – это формальное выявление, выражение языковыми
средствами смысловых отношении между компонентами синтаксической единицы
[17.16]. Сөйлем құрлымында компоненттерді біріктіретін синтаксистік
байланыстардың түрлерін анықтауда орыс тіл білімінде соңғы кездерде
төмендегідей ұсыныстар да айтылып жүр. Мсалы: 1. сөз + сөз формасы. Сөз
тіркестерінде кездесетін бұл байланыстарда компоненттер кезкелген формада
тұруы мүмкін. Мсалы: кітап оқу, кітапты оқу, кітаптан оқу, кітаптан
оқушылыр, т.б. 2. сөз тіркесі + сөз формалары. Байланысудың бұл типтерінде
анықтаушы компонент тек басыңқы сөзге ғана емес тұтас сөз тіркесімен
байланысатын күрделі сөз тіркестері жасалады. Мсалы: жаңа космостық ұшу,
өзен бойына үй тұрғызу, т.б. 3. сөз формасы + сөз формасы. Байланысудың бұл
түрін сөз тіркесінде де, жай сөйлемде де кездеседі. Компоненттердің бірі
септік тұлғасында келсе, екіншісі жіктік жалғаулы болады. Көрсетілген
тұжымдар байланыстың барлық түрін айқындамайды, бұл қатарларды толықтыруға
әбден болады.
Негізгі сөздер арасындағы байланыстың бір түрі жалғаулар арқылы
жүзеге асатындығы белгілі. Олай болса жалғаулардың өзі де синтаксистік
категорияның, атап айтқанда сөз тіркесіндегі сөздердің біріне бірінің сыңар
болуының алғы шарты. Бұдан синтаксистің сөз тіркесі деп аталатын үлкен бір
саласының морфологиямен тығыз байланыстылығын көруге болады. Сонда
сөздердің өзара сөз тіркесін құрауын синтаксистік мәселе десек, олардың
аралығындағы дәнекер элементтер морфологиялық элементтер болып табылады
екен.
Синтетикалық тәсілдердің көрсеткіші болып табылатын жалғаулар сөз
ішінде жұмсалып, солар арқылы байланысқа түскен сөздер орны жағынан
жылжымалы еркін келеді. Демек синтетикалық тәсіл аффиксация, ішкі орлекция,
сыртқы орлекция, екпін арқылы сөздердің грамматикалық мағналарын білдіретін
тәсіл. Тіліндегі төрт жалғаудың барлығы да сөз тіркестерінің байланысуына
қатысады. Бірақ мұндағы көптік, септік, тәуелдік және жіктік жалғауларының
да сөз бен сөзді байланыстырудағы дәнекерлік қызметінің арақатынасы бірдей
емес.
Сөз тіркесінің құрылуына тірек болатын басыңқы сыңары десек,
басыңқының мән-мағынасын ашатын немесе анықтайтын, онымен сабақтаса
тірексетін бөлігі бағыныңқы компонент болады. Осы тұрғыдан алып қарағанның
өзінде жалғаулардың сөз тіркесі компонентеріне жалғануында да
айырмашылықтары байқалады. Септік және көптік жалғаулары сөз тіркесінің
бағыныңқы сыңарына жалғану арқылы екі сөз арасында дәнекерлік етсе, ал
жіктік жалғауы мен тәуелдік жалғауы басыңқы сыңарна жалғану арқылы сөздерді
байланыстырады. Ғылымда синтетикалық тәсіл арқылы байланысқан сөз
тіркестерінің бағыныңқы сыңарына қатысты қарастырылатын септік, көптік
жалғауларының сөз бен сөзді байланыстырудағы рөлі де әр түрлі. Мұндағы
септік жалғауының қызметі ерекше.
Сөзтіркесін зерттеп жүрген ғалымдардың еңбектерінде синтетикалық
тәсілге жататын жалғаулардың сөз тіркестерін байланыстыруға қатысады деп
көрсетулері де әртүрлі. Мәселен, М.Балақаев жалғаулардың төртеуін де
көрсетсе, ал Р.Әміров септік көптік, жіктік жалғауларын атап өтеді. Сондай-
ақ Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Аманжаолов сынды ғалымдар сөз тіркесін
синтетикалық тәсілге септік, тәуелдік жалғауларын ғана жатқызады.
Септік жалғауларының сөз бен сөзді байланыстыруындағы кейбір
ерекшеліктер
Сөз тіркесінің синтетикалық байланысу тәсілдерінде септік
жалғауларының рөлі басқа жалғау түрлеріне қарағанда күрделірек. Септік
жалғаулары жалғанған сөзер өздері тіркесетін сөздермен біріншіден,
сабақтаса байланысса, екіншіден, сол сөздердің байланысының нәтижесінде
грамматикалық қосымша мағынаға ие болады. Сондай-ақ септік жалғаулары сөз
бен сөзді байланыстырумен қатар түрлі-түрлі синтаксистік қатынастарды да
білдіреді. Мағыналық қатынастар тек жалғау жалғанған сөздердің әртүрлі
болуынан ғана тумайды, тұтас сөз тіркесінің қарым қатынасынан пайда болады.
Бұлар жайында қазақ тілінің синтаксисін зерттеуші ғалымдар арасында бірізді
пікірлер де айтылған. Келесілерде біз септіктердің сөз бен сөзді
байланыстыруда тудыратын мағыналарына емес, олардың сөздерді
байланыстырудағы синтетикалық ерекшеліктеріне баса назар аударатын боламыз.
Септіктердің ату тұлғасы нольдік формаға ие болғандықтан, ол байланысу
тәсілдерінің аналитикалық түрінде қарастырылады. Әңгіме ілік, барыс, табыс,
жатыс, шығыс және көмектес жалғауларының төңірегінде қозғалады.
Септік жалғауларының сөз тіркестерінің құрамындағы сөздерді
байланыстыру қызметінің өзін екі жақты қарау керек сияқты. Ілік жалғаулы
сөз бен оның басыңқы сыңары және барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес,
жалғаулы сөздердің басыңқы сыңарлары арасындағы ара қатынас сөз табы
тұрғысынан алғанда да біркелкі емес. Бұған қоса аталған жалғауларда
жұмсалатын сөз таптарының да басын ашып алу керек сияқты. Айтылған
мәселелер толыққанды, дәлелді болуы үшін олардың әрқайсысына жеке-жеке
тоқталайық.
Ілік септігін қабылдайтын сөз таптары негізінен зат есім, есімдік,
сондай-ақ субстантивтенген сын есім мен сан есім сөздер, есімше
категориялары, үстеулер де ілік жалғауын қабылдап сөз тіркесінің бағыныңқы
компоненті ретінде жұмсала береді. Ілік септігі жалғанған сөз өзі
тіркесетін сөздің тәуелдік жалғауында тұруын қажет ететіндігі мәлім. Жалпы
бұл түркі тілдеріне тән ерекшеліктердің бірі. Байланысу формасында бұл
байланыс матасу деп аталады.
Аталған ілік жалғауы арқылы байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы
бөлігі тәуелдік жалғауын қабылдай отырып, меншіктілік мәнге ие болады. Осы
тектес сөз тіреестерінің өзара арақатынасына орай тілде бұлардың бағыныңқы
бөлігін меншіктеуші, ал басыңқы бөлігін меншіктеуші деп атау қалыптасқан.
Мысалы: Құрдастардың әзілі орынды (М. Мағауин).
Ілік септікті тіркестер басқа септіктерден тек мұнысымен ғана
ерекшеленбейді. Олардың компонентерінің арасында сөз таптарына қатыстыра
қарағанда да айырмашылықтар байқалады. Мәселен ілік жалғаулы тіркестердің
басыңқы сыңарымен барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулы сөз
тіркестерінің басыңқы сыңарларының ара қатынасын қарастырайық. Ілік
жалғаулы сөздер негізінен есімді сөз тіркестерінің қатарын құраса, аталған
септіктердің кейінгілері есімді де, етістікті де сөз тіркестерін құруға
қатыса алады. Алайда бұл қасаң қағида емес, басым ерекшелік. Сөйлеушінің
ыңғайына орай менің айтарым, сенің көздегенің, оның білгені сияқты
бірқыдыру етістіктертің есімше формалары да аталмыш сөз тіркестерінің
құрамын толықтырады. Көркем әдебиеттен мысал келтіретін болсақ: Оның қайда
жүргенін аттары мен итттері ғана біледі (Ғ.Мүсірепов).
Қазіргі қазақ тілінің белгілі зерттеушісі, ғалым Т.Сайрамбаев өзінің
Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі атты еңбегінде ілік жалғаулы сөз
тіркестерінің ерекшеліктерін айта келіп, Кейде ілік жалғаулы сөздер үнемі
өзі басыңқы сөзімен сөз тіркесін құрауға қатыса бермейді. Мысалы: Бір елдің
ішінде жамағайынды кісі бірге туғандай көріп, іші елжіреп, жақсы көрін
тұрып елге келсе, әрберден соң қайта қашқандай қылатұғыны қалай. (Лениншіл
жас) деген сөйлемдегі ілік жалғаулы ел зат есімі іші көмекші есімімен
байланысып сөз тіркесін құрай алмайды. Ондай кездегі ілік жалғауы көмекші
сөздермен түйдекті тіркес құрауға қатысады [5.51], – дейді. Ғалымның бұл
пікірі орынды да. Сөз тіркестеріне берілген ережеге сүйенетін болсқ олар
сөз тіркесінің бір сыңарында қызмет атқарады.
Ілік септігінің сөз бен сөзді байланыстырудағы табиғатын аша түсу үшін
бұл жалғаудың түрлі сөз таптарына жалғануы тұрғысынан қарастырып көрейік.
Ілік жалғауы негізінен зат есімдер мен есімдіктерге жалғана отырып, сөз
тіркесінің құрамында болады. Басқа сөз таптарына қарағанда бұл едәуір жиі
ұшырасатын құбылыс. Мысалы: Бұл өңірдің құдығы кемінде отыз-қырық құлаштан
кем болмайды. (Д.Исабеков). Құрмаш Сәли нағашымның қолында қалды.
(Ш.Мұртаза). Мұның бәрін орган қарт күн ілгері ойластырып қойған.
(Ш.Атматов). Әлде бізге сендердің ешқайсыларыңды командировкаға
жібермеуіміз керек пе? (І.Есенберлин). Мысалдардың алғашқы екеуінде
компоненттер зат есімдер болса, соңғысында есімдіктер. Сөз тіркестерінде
бағыныңқысы ілік тұлғасындағы есімдік те, ал басыңқысы тәуелдеулі зат
есімдер болып жұмсалуы мүмкін неменсе керісінше. Мысалы: Бәсе, елден ерек
ғұмыр кешкен бұның ажалы да кезкелгеннің пешенесіне жазыла бермейтіндей
өзгеше болуы керек (Ә.Кекілбаев). Айшаның мұнысы есілеу, оғаштау боп
көрінген. (К.Сегізбай).
Ілік жалғаулары сын есім, сан есім, есімше, тұйық етістік, үстеулерге
де жалғанатыны жоғарыда айтылды. Ендігілерде соларға бірнеше мысалдар
келтірейік: Алдыңғы күн бізді белгісіздің тұманымен қоршаған. (М.Әуезов).
Жақының үшін жақсының жағасынан алма. (Шешендік сөз. Төле би). Бұл екеуінің
таласына Ербол даурыға күліп келе жатқан. (М.Әуезов). Біреуінің де киімі
бүтін емес, жамау-жасқау, алба-жұлба. (Д.Исабеков). Қыпшақ жағынан үштің
бірі болып Ыбырай шығады. (Шешендік сөздер). Жер бауырлаған жеті жасар бала
нені біледі дейтіндердің соры қалың. (Ш.Мұртаза). Кінәсін мойындаудың
орнына, көргеннің көзі, естігеннің құлағы жазықты деп отырған көрінеді.
(К.Сегізбай). Сондықтан да орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың маңызы
зор. (Ана тілі). Ілік септігі арқылы тек бұл сөз таптары ғана емес білілі
жарым еліктеуіш сөздер де байланыса алады. Мсалы: Науқасқа опыр-топырдың аз
болғаны жақсы (Қ.Жұмаділов).
Синтетикалық байланыс түрінің мұндай изафеттік құрылыстағы сөз
тіркестерінің бағыныңқы сыңарыларында кей жағдайда ілік септігінің
түсіріліп айтылатыны белгілі. Сөз тіркесін құрауға ілік септігінің қтысу,
қатыспауы олардың байланысу тәсілдерінің ара жігін ажыратуда біршама
қиындықтар тудырады. Бұл мәселеге қатысты даулы мәселелер де жоқ емес.
Зертеуші-ғалым М.Балақаев, Т.Қордабаевтар осы мәселелер төңірегінде сөз
қозғай келіп, Егер тәуелдеулі тәуелдізаттың қай затқа (не кімге) меншікті,
қатысты екенін әдейілеп, арнап көрсету керек болғанда, ілік септігіндегі
сөз жалғаулы болады. Ал мұндай құрамдағы сөздердің бірі екіншісіне заттық
сапа ретінде жұмсалса, ол – жалғаусыз болады [2.51], – дей келіп, мынандай
мысалдармен түсіндіреді. Институттың директоры, институт директоры, қант
қызылшасы. Берілген сөз тіркестерінің ара қатынасын бұларда ілік жалғаулы
сөзі бар тіркестерге тән мағыналық қатынастардың жоқтығында [2.52], – деп
түсіндіріледі. Алайда сөз тіркестеріндегі ілік септіктерінің қолданылу,
қолданылмау еркшелігін жан-жақты сралау үшін олардын конексте қаралғаны
дұрыс. Мәселенің басынашу үшін бірнеше мысалдар келтірейік.
Түс ауа еңбек ерлері демалады. (Ғ.Мүсірепов). Араларында жалғыз қазақ
баласы бар. (Ш.Мұртаза). Тағдыр құрығы мойнына ерте түскеніне ішінен
қарсылық, наразылық жариялады. (Д.Исабеков). Орман іші ызғарлы келгенмен,
далаңқай жерлерде көктем иісі аңқып тұр. (С.Бақбергенов). Қамбар өз
ордасына жақындай бергенде әлде біреу абар берсе керек, тамам қалмақ
жапырлап, есік алдына щыққан. (К.Сегізбай). Сайманы артық, соғыс
тәртібітерін жақсы білетін жау отты, улы қорғасынды жаңбырша жаудырды.
(С.Сефулин).Жұрт қатары селдірей бастағанда әзәл-күлкі тасасында қалған
төрт жігіт еске түсіп, ендігі назар соларға ауды. (Д.Исабеков).
Берілген мысалдардан көріп отырғанымыздай еңбек ерлері, қазақ баласы,
тағдыр құрығы, көктем иісі, өз ордасы, соғыс тәртіптері, әзәл-күлкі
тасасында тіркестерінің барлығында ілік жалғауы түсіріліп айтылған.
Салыстыра қарасақ келтірілген мысалдардағы сөз тіркестерінің мағыналық ара
қатынасы бірдей емес. Тегінде сөз тіркесінің барлығында дерлік атамыш
жалғау алғашында жалпылама қолданылатын болған, кейін келе тіркестердегі
тәуелдік жалғауы жақтық, меншіктілік мәнді толығымен жеткізіп тұратын
болғандықтан сөйлеушінің айту ыңғайына қарай ілік септігі түсіріліп,
нәтижесінде олардың бірқатары күрделі атауларға, кейбірі біріккен сөздер
тұрпатына ие болған. Еңбек ерлері, қант қызылшасы тіркестері осыны көсетсе
керек.
Осындай сөз тіркестерінің екінші сыңарларында ілік септік пен
қатарласа қолданылатын тәуелік жалғауларының түсіріліп айтылу жағдайлары да
кездеседі. Мысалы: Біздің өмір осындай беймәлімдеу арнаға түсті де, бөтен
ел, көрмеген жерге кете бардық. (Ш.Мұртаза). Көк айғырға біздің жігіт салт
мінді (С.Сейфуллин). Назам біздің Құрмаштан кшілеу шығар. (Ш.Мұртаза). Мен
әкем Мұртаза бар кезде, қысқы кеште, біздің үйге кісілер жиналатынын,
Жұмабай дейтін мұғалім Бөгембай батыр туралы жыр оқитынын айтып бердім.
(Ш.Мұртаза). Дауыс менен бұрын кірген, біздің жолдас, адвокат Трофимовтікі
екен (С.Сейфуллин). Бұл оарйда сөз байланысының ерекшелігімен қатар
сөйлеушінің сөз қолданысы да ескеріліу керек сияқты. Алайда мұндай тілдік
фактілердің бар екендігін біз жоққа шығара алмаймыз. Ілік септігінің
бұлайша түсірілуі барлық жағдайларда қол емес, мысалдардан байқап
отырғанымыздай, сөз тіркестерінің бағыныңқы компоненттері бірінші жақ,
көпше түрдегі есімдіктерден болған.
Тәуелдік жалғауының бұлайша түсіріліп айтылуы тілдегі үш жаққа бірдей
тиесілі емес. Олар тек І және ІІ жақтың көпше түрлерінде ғана ұшырасады.
Сондай-ақ тәуелдіктердің түсірілуі айтушының сөйлеу ыңғайына, сөз
тіркесінің тәуелдік жалғауын қабылдайтын басыңқы сыңары қай сөз табынан
жасалғандығына да байланысты. Матасу формасындағы сөз тіркестерінің
тәуелдіксіз айтылатын компоненттері әдетте тек зат есімдер болады. Зат
есімдердің орнына қолданылатын басқа есімдерде, етістіктерде мұндай жағдай
ұшыраспайды.
Ілік жалғаулы сөздер сөйлем ішінде өзі қатысты басыңқы сыңарлармен
алшақтап тұрып та, іргелес, қатар тұрып та байланыса береді. Бұл құбылыс
жалпы септіктердің бәріне де тән. Мысалы: Ұядай үйдің алақандай терезесінен
қысқы таңның нышаны қылаң беріпті. (Ш.Мұртаза). Қарт домбырашының той-
томалақ, жиын жерлерге бармайтын шетін мінезін сылтау етіп, кейде ел
арлаймын деп, кейде аң аулаймын деп шығып кететін. (М.Мағауин). Халық аса
көп жиналған мәжілістерде мұндай шырғалаңы мол күйлердің жұртты жаппай
үйіріп әкетпейтіні аңғарылды. (М.Мағауин).
Ілік септігтігінде түрған бағыныңқы сөзбен тәуелдік жалғаулы басыңқы
сыңары араға сөз салып байланысқанымен олардың арасындағы дәнекерлік қасиет
жоғалмайды. Және де қашықтап тұрып байланысқан іліксептікті, тәуелдік
жалғаулы синтетикалық байланыстың бұл тәсілінде аталған қосымшалардың
ешқайсысы түсіріліп айтылмайды. Қазақ тілінде осындай изафеттік
тіркестердің сатылана байланысқа түсуі жиі ұшырасады. Дәлірек айтқанда,
ілік жалғаулы сөзге тәуелденген сөз өз кезегінде қайта ілік септігін
қабылдап, кейінгі сөздің де тәуелдік жалғауында тұруын қажет етеді. Мысалы:
Соғыс барды жоқ қып қойса бір сәрі, дүниенің де талайының тамырын қиды ғой.
(Б.Нұжекеев).
Сөз тіркестерінің синтетикалық байланысу тәсілдерінде ерекше қызмет
атқаратын жалғаулардың бірі барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес
септіктерінің жалғаулары. Аталаған жалғаулар сөз бен сөздің арасында
сабақтастық байланыс тудырумен қатар, сол сөздердің байланысының
нәтижесінде грамматикалық қосымша мағынаны да байқатады. Синтетикалық
байланыс тәсілінің мұндай түрін тіл білімінде меңгеру деп атау қалыптасқан.
Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің барлығына жалпылама ортақ қасиет –
олардың бағыныңқы сыңарлары есім сөздер де, басыңқылары негізінен
етістіктер болады. Мысалы: Кейбіреулері бұрынғы орындарынан түссе де,
жазаларын тартпай, кеңшілікте жүрді. (С.Сеифуллин). Сөйлемдегі орындарынан
түссе, жазаларын тартпай, кеңшілікте жүрді тіркестерінің біріншісі шығыс
септікті, екіншісі табыс септікті, үшіншісі жатыс септікті зат есімдермен
тіркескен етістіктер. Әдетте тілдік ерекшеліктерге жүгінер болсақ барыс,
табыс, жатыс, шығыс, көмектес септікті сөздерді меңгеру етістіктерге тән.
Дегенмен бұл септіктер арасыда да әрқайсысының өздеріне ғана тән
айырмашылықтар мен өзгешеліктер жетерлік.
Бағыныңқы компоненттері зат есім болған етістікті сөз тіркестерінің
мұндай формасы байланысу үлгілері бойынша көп қолданылатындары болып
табылады. Осыған сәйкес бағыныңқы және басыңқы компоненттердің семантикалық
ерекшеліктеріне сай олардың арасындағы синтетикалық байланыстың нәтижесінде
– обьектілік, кеңістіктік, уақыттық, бағыттық, мекендік, көлемдік, себептік
және тағы да басқа көптеген грамматикалық қатынастар пайда болады. Сөз
тіркестеріндегі басыңқы бөлігі етістік болып келетін тіркестерде барыс,
табыс, жатыс, шығыс септік жалғауларындағы есім сөздерді меңгеру сол
басыңқы бөліктегі етістіктің семантико-грамматикалық ерекшеліктеріне
тікелей байланысты болып келеді. Яғни мұнда етістіктердің салт және
сабақтылық мәні, сондай-ақ етіс категориялары ескеріледі. Мәселен, өздік
және ырықсыз етіс формаларын (-ын,-ін, -н -ыл, -іл,-л жұрнақтарын)
қабылдап тұрған негізгі етістіктер табыс септікті есімдермен байланысқа
түспейді.
Синтетикалық тәсілдің мұндай түрі тек есімдер мен етістіктерді
байланыстырумен ғана шектелмейді. Екінші сөзбен айтқанда, бұданда басқа сөз
таптары осы тәсіл арқылы байланысқа түсіп, сөз тіркестерінің қатарын
түрлендіріп отырады. Реті келгенде меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің
басыңқы бөлігі есім сөздер де, ал керісінше септік жалғауларын қабылдаған
етістіктің кейбір категориялары (есімше, тұйық етістік) бағыныңқы сыңар
құрамында жұмсалуы мүмкін. Сөзіміз дәйектірек болуы үшін мысалдар
келтірейік.
Жынның ойынын азайтуды талап етті. (М.Мағауин). Қайта адасып-адасып,
Алматыны біраз шарлаған хаттың мұны тапқаны таңқаларлық (К.Сегізбай).
Шығармасы елге ұнағанды ғана құрметтеп, бас иеді. (Ә.Нұшайықов). Кімнің
неғып тұрғанында менің шаруам қанша. (Ә.Тарази).
Дәл осылайша синтетикалық байланысқа түсетін, сөз тіркестеріндегі
діңгек компонент болып табылатын кезкелген сөз өзге сөздердің онымен
байланысқа түсу дәрежесімен санаса отырып, өзіндік семантикалық ерекшелікке
ие болады. Алайда компоненттердің семантикалық табиғаты мен грамматикалық
құрлымына байланысты теориялық жағынан мүмкін болатын сөз тіркестері тілде
жиі кездесе бермейді. Олар тек белгілі бір сөз табындағы жеке сөздердің сөз
тіркесі құрамында жұмсалу мүмкіндіктерін ғана көрсете алады.
Синтетикалық тәсілдің жоғарыда аталған септік жалғауларының сөз
таптарын байланыстырудағы мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі саралап көрейік.
Барыс септігі түрлі сөз таптарындағы сөздердің байланысуын қамтамасыз
ете отырып, синтетикалық байланысу тәсілдерінің бір бөлшегі болады. Барыс
септігінде жұмсалатын біріншіден есімдер, екіншіден қимыл есімі мен есімше,
кейде үстеу сөздер де қолданылады. Аталған септік жалғаулы сөздер өзі
қатысты етістіктермен түрлі жағдайда жұмсалады. Айталық, әрбір сөз табының
дара түріндегі тіркесі арқылы, әрбір сөз табыңың күрделі түрі арқылы, барыс
жалғаулы есімдерден кейін шылау мен көмекші есімдердің тіркесуі арқылы,
атау тұлғалы сөз бен барыс жалғаулы көмекші есім, көмекші етістіктердің
тіркесі арқылы т.б.
Барыс тұлғалы зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер мен
етістіктердің тіркесуі:
Бірінші соғылған аңды, аңға бірінші рет шыққан адамның қанжығасына
байлап алып қайтады. (Ғ.Мүсірепов). Жауына қарсы шыққан орыс, қыпшақ
жауынгерлерінің дәл ортасында өзі келе жатқандай, қарағай домбырасын
дүбірлетіп көзінен жалын атып қаһар төкті. (І.Есенберлин). Еш уақытта
қанаттыға қақтрғып, тұмсықтыға шоқытқан емес. (М.Әуезов). Бізідің аурухана
да тұманды теңізде адасып бара жатқан жолаушы таситын алып кемедейін
терезелерінің оттары қалт-қлат етіп, қараңғыға сіңіп барады, сіңіп барады.
(Ә.Тарази).Балаларының кішісі биыл он алтыға толады. (К.Сегізбай). Бірақ
ешкімге сыр берген жоқ. (М.Әуезов). Тау сағалап орман күзетуге қай күні
көңілі дауласа, ол күні кідірмей-ақ атқа ер салатын. (К.Сегізбай).
Ұғындыруға тырысты, ақылмен айтты – тоқтамады. (М.Мағауин). Көпті көрген
Тоқсабабұл күнде жақынының қазасына сбыр ойлауға ғана машықтанбаған, өз
тағдырына мойын ұсына білуге де үйренген еді. (М.Мағауин).
Сөйлемдердегі қанжығасына, жауына зат есімдері байлап алып қайтады,
қарсы шыққан сияқты күрделі, құранды етістіктермен тіркесе отырып етістікті
сөз тіркесін жасаса, қақтырып, шоқытқан, сіңіп барады, толады, сыр берген
жоқ етістітері қанаттыға, тұмсықтыға, қараңғыға сияқты туынды, негізгі сын
есімдерімен, он алтыға сан есімімен, сондай-ақ ешкімге сияқты есімдікпен
тіркесе келіп, меңгеріле байлансқыан сөз тіркестерінің әртүрлілігін
байқатып тұр. Соңғылардағы күзетуге көңілі дауласа, ұғындыруға тырысты,
мойын ұсына білуге де үйренген еді тіркестері негізгі, туынды, күрделі,
құранды етістіктерден болып, барыс септікті сөз тіркестерінің қатарын
толықтырғандай. Сонымен қатар барыс септігінің көмегімен үстеулер мен
еліктеуіш сөздердің де байланысатынын көруге болады. Мсалы: Ол қазақтың
көркем сөзінің хас шебері болғанда, орысшаға да өте озық еді (Ш.Мұртаза).
Аспаннан түскендей ақ шанқан боз бие кеп ортаға тұра қалды (Ә.Кекілбайев).
Төркінінің кейбір пыш-пышына құлақ аспайтын болды (Ә.кекілбай).
Барыс сетігінің көмегімен тек етістікті тіркестер ғана жасалмайды,
олардың бысыңқылары зат есім , сын есім, сан есім, есімдік сөз таптарынан
жасалып, есімді сөз тіркестері болп келеді. Мыслы: Өнерге орай өрелі сый!
(М.Мағауин). Жан жарасын жазбағанмен көңілге медет (Б.Нұржекеев). Балалары
жастайынан қазақ арасында өскендіктен, орысшадан гөрі қазақшаға бейімірек
(Қ.Жұмаділов). Барым тегіс жолыңызға құрбан (М.Мағауин). Жылайды ғой,
жыламасқа не шара (Ш.Мұртаза). Сондықтан жапан түздегі кез-келген жалба
тымақ өзін ешкімге тәуелсіз байбатшамын деп сезінеді (І.Есенберлин).
Шындаса шабысқа пара-пар. (М.Мағауин).зат есімнен болған болса Жақсылыққа
–жақсылық деген бар (Ш.Мұртаза). Тоқсаба көтеріңкі сөз ойнақы ырғаққа
қанық, шулы, дабырасы басым күйлерге ауысты (М.Мағауин). Бірақ бұл жерде
айтылуға тиісті тағы бір шындық бар (К.Сегізбай). Бүкіл Шығыс Европаны
жаулап алған айбынды әскер өзіне бағынышты елдердің дені Дешті Қыпшақ
жігіттерінен құралған-ды (І.Есенберлин). Аспан жарықтық пен жер жарықтықтың
осылай арбасқанына бүгін үш күн, сазарысып беріспей тұрған көкпен жапан
жалғаз үйді жаншып кетердей, жалғыз үй тұрғындарының ұнжырғасын түсіріп,
еңсесін көтертпей есеңгіретіп тастады (Ә.Тарази). Берілген сөйлемдердегі
алғашқы басыңқылар затесімдерден болған болса, екінші сөйлемде үстеу сөз
бен сын есімнің байланысын көре аламыз, соңғылардағы (пара-пар, жақсылық,
қанық, тиісті, бағынышты,үш күн) басыңқылар сын есім мен сан есімдерден
болған есімді сөз тіркестері. Бұлардағы бағыныңқы компоненттерде сөз
таптарына саралай келгенде түрліше болып берілген. Барыс септіктерінің
сөздерді байланыстырудағы зор мүмкіндіктеріне, оның сөз қолданыстағы
түрлілігіне жоғарыдағы сөйлемдер куә.
Алайда бұл септік жалғауының ерекшеліктері мұнымен ғана шектелмесе
керек. Мысалға назар аударып көрелік: Қолында бір жапырақ қағаз жоқ, бәрі
өртке кеткен. (М.Мағауин). Сөйлемдегі өртке кеткен деп беріліп отырған
етістікті сөз тіркесінде барыс септігінің жалғауы көсемше жұрнағының онына
жұмсалып, екі сөздің байланысын қамтамасыз етіп тұр.
Меңгеру формасындағы синтетикалық тәсілдердің келесі бір түрі табыс
септігі жалғауларының көмегімен жүзеге асады. Сөз тіркесіндегі байланыстың
бұл түрінде де басыңқы компонентер негізінен етістіктер болып отырады.
Әдетте табыс септігін меңгеретін етістіктер сабақты деп аталады. Меңгерудің
бұл түрінде сабақтыдан салт етістікке немесе салт етістіктің табыс
септігін бағындырып сабақты етістікке ауысуына етіс категориясының зор
ықпал етеді. Мұны келтірілген мысалдардан байқауға болар еді: Айшамен
кездесті, Айшаны кездестірді.
Етістіктердің сөз тіркесінде табыс септікті бағыныңқы сыңарларды
меңгеруі олардың омонимдік қасиеттеріне, көпмағыналылығына да байланысты
болып отырады. Жалпы салт және сабақты етістіктердің арасында белгілі
тұлғалық ерекшеліктер болмағандықтан, оларды тек сөйлем ішіндегі сөз
тіркестерінің құрамында ғана анықтауға болады. Басыңқысы сабақты етістіктен
болатын сөз тіркесінің табыс септігінің жалғауын қабылдап тұратын бағыныңқы
сыңарлары түрлі сөз таптпынан жасала береді. Басқа да септіктердегідей
олардың алғашқысы болып зат есімдер жұмсалады. Мысалы: Әуелі біріне-бірі
қалжың айтып күлісіп, артынан жаңа көрген қыз туралы пікірлерін сұраса
бастады.(С.Мұқанов).
Оның нені меңзегінін түсіне қоймаған Ақөстің алға қарай жылжуы мұң
екен, кірекейдің ызалаы гүрілі қайта қайталанған. (К.Сегізбай). Өлең
ұйқасын таппай, не айтарымды білмей, қйналып, ары отырдым, бері отырдым.
(Ш.Мұртаза). Адамдарға түскен ауырпалықты сезінгендей жер-ана ақырын дем
алып, баяу бусанып жатыр. (Д.Исабеков). Бәлем тұра тұрыңдар екеуіңді мен
әлі тергеуге алғызам. (С.Мұратбеков). Бір кезде оқыстан шыққан айқай-шу
бәрімізді де елең еткізді. (С.Мұратбеков).
Берілген мысалдардағы басыңқы етістіктердің алғашқылары есімше формалы
етістіктермен тіркес құраса, үшіншісі сын есімді, ал төртіншісі сан есімді
меңгеріп, синтаксистік жолмен байланысып тұр. Мысалдардың соңғысында
бағыныңқы сыңар жалпылау есімдігінен болып, меңгеру формасындағы етістікті
тіркестердің құрамына енген. Келтірілген мысалдарда синтетикалық
байланыстың табыс септігі арқылы жүзеге асу тәсілдері сөйлеушінің ырқына
орай әртүрлі құрамда келе беретіндігін байқауға болады. Бұл көрсетілген сөз
таптарының сөз тіркесін құраудағы қызметінде меңгеріле байланысып, әрдайым
толықтауыштық қатынаста жұмсалады. Осы мәселені профессор М.Балақаев сөз
еткеде, табыс жалғаулы сөздерді тағыда, мағыналық жағынан обьектілік және
абстактіленген обьекті деп олардың қай сөз табынан болғандығына қарай да
бөледі. Бұнысы бір жағынан дұрыс та. Өйткені, септелетін сөздердің бірінші
тобы зат есім мен есімдік те, қалған сөз таптары заттанып барып қана
септелетіндігін негіз еткен болу керек.
Табыс септігі арқылы меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің
тобын үстеу және еліктеуіш сөздермен толықтыруға болады, бірақ бұл зат
есім, сын есім, сан есім мен етістіктерге қарағанда сирек кездеседі. Мсалы:
Үйде қанша ақша болса соншасын беріп жіберсін деді (Қ.Мырза Әли). Ендігіні
ауызға алғың келмейді (Ғ.Мүсірепов). Арғы-бергіңді түгел көріп қойғандай
(Ә.Кекілбаев). Мұндағы гөй-гөйіңді әлгіде аудан басшысына неге айтпадың?
(Д.Досжан).
Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінде көп жағдайда табыс септігінің
түсіріліп, жалғаусыз айтылатыны мәлім. Бұл ерекшелік тек қазақ тіліне ғана
тән емес, түркі тілдеріне ортақ. Түркі тілдерінің барлығында дерлік бұл
мәселе сөз болып, ғылыми зерттеулерде оған әрқалай түсіндірме жасалып
жатады. Бірқатар тюркологтар мұны белгісіздік категориясымен
байланыстырады. Мәселен М.З.Закиев: Зависимые имена как в винительном, так
и в неопределенном падеже находятся с господствующим глаголом, в основном,
в оддинаковом смысловом взаимоотнашении. Они отличаются друг от друга тем,
что имя в неопределенном падеже обазначает неоределенный предмет, который
не конкретизируется ни в коком отношении, имя же в винительном падеже
обозначает определенный предмет [10.116].
Соңғы шыққан Қазақ грамматикасы кітабында аталмыш мәселе жөнінде:
Табыс септігінің жалғаулы, жалғаусыз қолданылуын түркологтардың көбісі
белгілік, белгісіздік категориясымен байланыстырады. Бұл мәселені қазақ
тілі материалдары негізінде қарастырған М.Балақаев тура толықтауыштың
әрдайым жалғаулы болып қолданылатын кездерін нақты материалдардың негізінде
санамалап көрсете келіп, кісі аттары мен жіктеу есімдіктерінің толықтауыш
қызметінде әрдайым жалғаулы болып келуі сөздердің белгілік қасйетіне емес,
ол сөздердің синтаксистік негізгі қызметінің өзгешелігінде болуға тиісті,
яғни толықтауыш қызметіндегі сөз бастауыш болып кетпеу үшін табыс жалғауын
қабылдап тұрады деп көрсеткен болатын. Бұл қағйданың дұрыстығы ешқандай
күмән туғызбаса керек, ұсынылып отырған ереже барлық уақытта табыс
септігінің жалғаулы немесе жалғаусыз болып келуінің өлшемі бола алмайды
[1.598]. – деп көрсетеді. Мәселе бойынша айтылған мәліметтерді жинақтай
отырып, көркем әдебиеттерден алынған материалдарды сралай келгенде
төмендегіше жағдайларды аңғаруға болады.
Старшын байлау ауылдардан жинап, бір саба қымыз әкеліп, біз жатқан
жапаның ішіне енгізіп қойды. (С.Сеифуллин). Кәдімгідей от алып жүретін,
төрт дөңгелегі бар автомобиль машина жасаймыз деп бөседі өздері.
(С.Мұратбеков). Сұлтанның келіншегі мен қарындасы қызылша теруге кеткен.
(Ә.Тарзи). Апам қасына отырып сусын ұсынған, Нариман сонда ғана көзін ашып,
өзін қаумалжап, Нұрсұлудың хабарын білгісі кеп телміре қараған жұртқа басын
шайқады. (С.Мұратбеков).
Мысалдардан байқап отырғанымыздай, қымыз әкелу, машина жасау, сусын
ұсыну тіркестерінде табыс септігі түсіріліп айтылған. Табыс септіктің
бұлайша түсірілуі сөз тіркестеріндегі синтаксистік байланыстың синтетикалық
тәсілден аналитикалық тәсілге ауысуына әкеліп соқтырады. Алайда табыс
септігінің түсіп қалуы, осы септіктің көмегімен құралатын тіркестердің
бәріне бірдей тән емес. Оладың арасынан бірнеше грамматикалық
ерекшеліктерді айыруға болады.
Табыс септігінсіз байланысқан сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарлран сөз
таптарына қатыстыра қарйтын болсақ, олар көбіне зат есімдер болып оырады
және әрдайым басыңқы сыңарымен іргелес, қтар тұрыды, бір-бірінен
алшақтамайды. Егер мұндай тіркестердің арасына басқа сөздер кірістірілетін
болса, онда табыс септігі бағыныңқы бөлікке міндетті түрде жалғанып
отырады. Мсалы: Мылтықты барған соң алады. (Ғ.Мүсірепов).
Сөйлемдегі мылтықты сөзін мезгіл пысықтауыштың қызыметін атқарып
тұрған барған соң сөздерінің алдына шығарып, сөйлемді Барған соң мылтық
алады - деп құрастырар болсақ, онда сөйлем құрлымында ешқандай олқылық
болмаған болар еді. Ал ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz