Қазақстан территориясындағы тайпалар мен ертедегі мемлекеттер



1. Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
• «Қазақстан территориясындағы тайпалар мен ертедегі мемлекеттер»
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
• «Сақтардың саяси тарихы» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
• «Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы» ... ... ... ... .9
• «Өнері мен мифологиясы» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
• «Сақ өнері . дүние жүзілік мәдениетіндегі әйгілі көріністердің бірі»
4. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Б.з. дейінгі бірінші мың жылдықта Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс жерлерінде Ассирия мен Мидия мемлекеті құрылады. VI ғ. Мидия мемлекетінің орнын Ахеменидтер мемлекеті басады. Бір топ парсы тайпаларының көсемі II – Кир оның негізін салады, б.з. дейінгі 550 ж. Ол Мидияны талқандап, өзіне бағындырады да, тіпті Орта Азияның оңтүстік аудандарын да қол астына қаратып орасан зор империя құрады. Б.з. дейінгі 530 және 522 жылдар арасында Ахеменид мемлекетінің құрамына Парфия мен Хорезм, Бактрия мен Соғдиана, Сақа енеді, ал Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеген халықтарды Ахеменидтер не жаулап алады, не бағындырады.
Көне деректерге жүгінсек, бактриялықтар, соғдылар мен хорезмдіктердің теріскей жағын «желдей жүйрік атты көшпелі турлар» мекендеген. Парсы деректерінде турлар – сақтар деп аталады, бұл «еңіреген елдер» деген сөз, ал грек авторларының туындыларында олар скифтер деген атпен кірген, бұл көшпелілердің екінші аты, бейнесі ретінде айтылып, әдетке айналып кеткен.
Б.з. I ғ. көне Рим оқымыстысы Плинийдің Үлкені: «Яксарттың (Сырдарияның көне аты) арғы бетінде скиф тайпалары тұрады. Парсылар жалпы оны сақтар деп айтады... Скиф халықтарының саны хисапсыз көп... Олардың ішіндегі ел-жұртқа әйгілі болғандары сақтар, массагеттер, даилар, исседондар... аримасптар» - деп жазады.
Біздерге жеткен сипаттама деректерге қарағанда, сақтар малшылар болған, олар жылқы, мүйізді ірі қараны, уақ малдарды өсірген, шеттерінен ат құлағында ойнайтын шабандоздар, құралайды көзінен ататын садақшы – мергендер екен.
Гректер мен парсылар, скифтер мен сақтар атын айтқанда, бәрінен де бұрын туыс тайпалардың сансыз көп одақтарын айтса керек. Олардың ішіндегі ең көбі массагеттер болған. Геродот олар туралы былай деп жазады: «Бұ халық Аракс (тегі Сырдария секілді) өзенінің арғы бетінде, исседондарға қарама-қарсы тұрады... Киетін киімдеріне, тұрмыс-салтына қарасақ, скифтерге ұқсайды. Олар атпен де, жаяу жүріп те соғысады. Соғыстың осынау екі тәсіліне де жетік, садақпен де, сүңгімен де шайқаса біледі; әдетте, айбалтамен де қаруланады. Олардың барлық бұйымдары алтын мен мыстан... Олар егін екпейді, үй жануарларының етімен балықпен қоректенеді, Аракс өзені оларды балыққа шаш-етектен келтіреді. Олар сүт ішеді».
Басқа бір авторлар: «Соғдының ар жағында, Яксарттың (Сырдария) бойын қуалай сақтар қоныс тепкен» - сияқты мәліметті келтіреді.
Парсының сына жазуларында сақтардың үш тобы туралы сөз болады: парадарайя (теңіздің арғы бетіндегі сақтар), хаомаварга –сақтар (хаома сусының жасайтын сақтар), тиграхауд – сақтар (шошақ бөрікті сақтар). Бұл тайпалардың қай араны мекен еткенін қазір ашып айту қиын, өйткені ежелгі авторлар тіліне келер болсақ ғылыми жағрафиялық деректер қалдырмаған.
1. М. Ш. Өмірбекова. «Сақ-скиф тарихы мен мәдениеті». Алматы: «Ғылым», 2004.
2. К. Аманжолов, Қ. Рахметова. «Түркі халықтарының тарихы». Алматы: «Білім», 1996.
3. «Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін» (очерк). Алматы: «Дәуір», 2002.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Кіріспе
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...3
• Қазақстан территориясындағы тайпалар мен ертедегі мемлекеттер
2. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 5
• Сақтардың саяси
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..-
• Сақтардың шаруашылығы мен қоғамы ... ... ... ... .9
• Өнері мен
мифологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 13
• Сақ өнері – дүние жүзілік мәдениетіндегі әйгілі көріністердің
бірі
4. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

Қазақстан территориясындағы тайпалар мен ертедегі мемлекеттер

Б.з. дейінгі бірінші мың жылдықта Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс
жерлерінде Ассирия мен Мидия мемлекеті құрылады. VI ғ. Мидия мемлекетінің
орнын Ахеменидтер мемлекеті басады. Бір топ парсы тайпаларының көсемі II –
Кир оның негізін салады, б.з. дейінгі 550 ж. Ол Мидияны талқандап, өзіне
бағындырады да, тіпті Орта Азияның оңтүстік аудандарын да қол астына
қаратып орасан зор империя құрады. Б.з. дейінгі 530 және 522 жылдар
арасында Ахеменид мемлекетінің құрамына Парфия мен Хорезм, Бактрия мен
Соғдиана, Сақа енеді, ал Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеген
халықтарды Ахеменидтер не жаулап алады, не бағындырады.
Көне деректерге жүгінсек, бактриялықтар, соғдылар мен хорезмдіктердің
теріскей жағын желдей жүйрік атты көшпелі турлар мекендеген. Парсы
деректерінде турлар – сақтар деп аталады, бұл еңіреген елдер деген сөз,
ал грек авторларының туындыларында олар скифтер деген атпен кірген, бұл
көшпелілердің екінші аты, бейнесі ретінде айтылып, әдетке айналып кеткен.
Б.з. I ғ. көне Рим оқымыстысы Плинийдің Үлкені: Яксарттың
(Сырдарияның көне аты) арғы бетінде скиф тайпалары тұрады. Парсылар жалпы
оны сақтар деп айтады... Скиф халықтарының саны хисапсыз көп... Олардың
ішіндегі ел-жұртқа әйгілі болғандары сақтар, массагеттер, даилар,
исседондар... аримасптар - деп жазады.
Біздерге жеткен сипаттама деректерге қарағанда, сақтар малшылар
болған, олар жылқы, мүйізді ірі қараны, уақ малдарды өсірген, шеттерінен ат
құлағында ойнайтын шабандоздар, құралайды көзінен ататын садақшы –
мергендер екен.
Гректер мен парсылар, скифтер мен сақтар атын айтқанда, бәрінен де
бұрын туыс тайпалардың сансыз көп одақтарын айтса керек. Олардың ішіндегі
ең көбі массагеттер болған. Геродот олар туралы былай деп жазады: Бұ халық
Аракс (тегі Сырдария секілді) өзенінің арғы бетінде, исседондарға қарама-
қарсы тұрады... Киетін киімдеріне, тұрмыс-салтына қарасақ, скифтерге
ұқсайды. Олар атпен де, жаяу жүріп те соғысады. Соғыстың осынау екі
тәсіліне де жетік, садақпен де, сүңгімен де шайқаса біледі; әдетте,
айбалтамен де қаруланады. Олардың барлық бұйымдары алтын мен мыстан... Олар
егін екпейді, үй жануарларының етімен балықпен қоректенеді, Аракс өзені
оларды балыққа шаш-етектен келтіреді. Олар сүт ішеді.
Басқа бір авторлар: Соғдының ар жағында, Яксарттың (Сырдария) бойын
қуалай сақтар қоныс тепкен - сияқты мәліметті келтіреді.
Парсының сына жазуларында сақтардың үш тобы туралы сөз болады:
парадарайя (теңіздің арғы бетіндегі сақтар), хаомаварга –сақтар (хаома
сусының жасайтын сақтар), тиграхауд – сақтар (шошақ бөрікті сақтар). Бұл
тайпалардың қай араны мекен еткенін қазір ашып айту қиын, өйткені ежелгі
авторлар тіліне келер болсақ ғылыми жағрафиялық деректер қалдырмаған.
Бірқатар зерттеушілердің пікіріне сенсек, парадарайя сақтары Арал өңірінде,
Сырдария мен Амударияның төменгі ағысында немесе Қара теңіздің теріскей
бетінде өмір сүріп,тіршілік құрған, тиграхауд – сақтары Сырдарияның орта
аймағы мен Тянь-Шяньды мекендеген; хаомаварга – сақтар Мұрғаб алқабынан
қоныс тепкен. К.А. Ақышевтың пікірі бойынша, Иран жазба деректеріндегі
тиграхауд сақтарына ортокарибатия скифтері сәйкес келеді, өйткені жоғарғы
екі атаудың екеуі де шошақ бөрікті сақтар деген сөз. Бұған қоса айтатын
бір жәйт, Персеполидегі Ксеркс сарайының барельефтерінде бейнеленген
сақтардың бет пішіні монғолоидты және олар биік шошақ бөрік киеді, ендеше
бұлар, әсілі, тиграхауд – сақтар болуға тиіс – дейді ғалым. Монғолоидтер
таралатын орталықтардың бір Жетісу аймағы болуы мүмкін екендігі себепті
тиграхауд – сақтар Жетісуда тұрып тіршілік еткен деп қорытынды шығарады ол.
Есік обасына қойылған сақ патшасының басына биік шошақ бөрік кигендігін
оның бұл болжамын дәлелдейді. Зерттеушінің ой-пікірінше, осынау сақтардың
тайпалық одағына сол сияқты аксатагилер, аристейлер, мүмкін, аргиппейлер де
кіруге тиіс.
М. Қ. Қадырбаев, аорсылар – Оңтүстік Орал өңірін мекендеген
савроматтар тайпаларының бірі деп есептейді. Олардың теріскейінде қоныс-
өрісін әр түрлі ағаштар өсетін қалың орман қаптаған будиндер, ал олардан
да әрі теріскей жақта аңшылықпен айналысатын – фиссагеттер мен киркилер
жайлап қыстаған. Асқаралы таулар етегін мекендеген аргиппейлер, Орал
өңірінің оңтүстік шығысында тірлік еткен тәрізді: Грифтердің (бүркіт
басты, қанатты арыстан – ежелгі аң) алтын қазынасын қорғайтын аримасп атты
сақ тайпалары Алтайда тұрғанға ұқсайды, өйткені алтын кендері сонда болған
ғой.
М. Қ. Қадырбаев исседондарды Орталық Қазақстан кеңістігіне
орналастырады. Сақтардың әр алуан тайпалары қайда тұрды деген сауалдың
түбірлі жауабы археологтардың зерттеуінен кейін ғана берілуге тиіс, өйткені
материалдық мәдениеттер айырмашылығын тек археологиялық ескерткіштері
арқылы анықтауға болады.

Сақтардың саяси тарихы

Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар
деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен
Ахеменидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б.з. бұрынғы 519-518
жылдары сақтарға қарсы I Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің
жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса – көктеп кіргенін жазады. Тамшы
нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдәбайлап
әскерін апаттан құтқарады. Бірақ жалпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады.
Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады, оларды алым – салық
төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді.
Парсы әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға
қатысады, Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы
шайқаста жаужүрек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік
соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап,
бағындарғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б.з. дейінгі 330 –
327 жылдары Александр Македонский Соғдының астанасы Мараканданы басып алып,
Сырдарияға қарай беттейді, ол кезде бұл дария отырықшылар мен көшпелілер
арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелінетін. Александр басып алып,
оларға өзінің әскери гарнизондарын қойған қалалар Сырдарияның сол
жағалауына ірге тепкен еді.
Өзеннің қарсы бетінде, гректермен айқаса кету үшін қолайлы сәтті
күтіп, сақтар қолы жиналып жатты. Сырдария қалаларын алған кезде еркек
кіндіктілердің бәрін жусатып салып, әйелдер мен балаларды, тағы басқа
олжаларды қарбыта алып кеткен грек – македон әскерінің рақымсыз
қаталдылығы Орта Азияда халық көтерілісін туғызады, бірақ ол аяусыз
қатігездікпен жанышталып тасталған.
Александрдың бұйрығы бойынша Сырдария жағасынан Александрия Асхата
(Шеткі Александрия) деген қала салынады. Бұл қала жаңа мемлекеттің
солтүстік шығыс шебіндегі тірек пункті ретінде саналады. Оны салу сақтарды
көп алаңдатады. Сақтар өзеннің екінші бетінен гректерге садақ оғын
жаудырады. Александр өз тарапынан көшпелілерді катапультілермен атқылап,
оларды шегінуге мәжбүр етеді де, өзі әскермен жеделдетіп өзеннен өтіп
сақтарды қуалай жөнеледі. Бірақ бұл жеңістің аяғы жеңіліске айнала
жаздайды, грек әскері қалаға қайта оралады. Александрдің өз басы осы
жортуылда жараланғанға ұқсайды. Александр Македонскийдің Яксарт (Сырдария)
сыртындағы сақтар тайпаларын қырып, бағындырғысы келген ұмтылыс – талабы
сәтсіз аяқталады.
Орта Азия мен Орта Шығыстың тағдыр – талайында сақтар бұдан былай да
маңызды рөл атқара береді. Мәселен, б.з. бұрынғы III ғ. аралық тарихына
ықпал жасап отырған Парфия мемлекетінің қалауына, Грек – Бактрия
патшалығының талқандалуына және Кушан империясының құрылуына ат салысады.

Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Сақ тайпалары тарихы мен
олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері –
қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұымдарының көмбелері. Археологтар
зерттеулері Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын,
байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндік берді.
Орталық Қазақстан. Бір кездері қола дәуіріндегі андронов мәдениеті
қамтыған Орталық Қазақстан жерінде б.з. дейінгі VII – III ғғ. Тасмола
мәдениеті қалыптасқан, мұнын аты Тасмола алқабының зерттелген қорымдарына
байланысты қойылған. Зерттеулерді Ә. Х. Марғұлан мен М. Қ. Қадырбаев
жүргізген.
Бұл мәдениет обалары құрылысының бір ерекшклігі – олардың
кейбіреулерінде тас жалы яғни шартты тілмен айтсақ мұрты болады. Ондай
обалар бірнеше варианттардан тұратын аса күрделі қабырлық кешен болып
табылады. Әдетте негізгі обаға (үлкен) жанаса немесе оның шығыс бетінде,
иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5 – 2м
ал ұзындығы 2 – ден 200м дейін, кейде одан ұзынырақ та болады – екі жал
кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген
кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен
ағаш ыдыс – аяқтар қойылады.
Обалардың бір – бірінен алыс – жақын орналасуы әр түрлі вариантты
болып келеді: кіші оба кейде оңтүстік бетке орналасады; үлкен обаның
үстінде тұрады немесе тіпті болмайды. Ал жалдарды салудың өзі ақырына дейін
анықталмаған. Кейде ол біріне бірі жанастырыла қойылған, тас жәшіктер
болса, енді бірде – тізілген дөңгелектер, үшіншісінде – төселген тастар
болады. Бірақ олардың мәні болғаны анық. Ең ірі аумақты қорымдар Бұғылы,
Қызыларай, Қарқаралы, Баянаула, Қызылтас, Кент, Ортау, Ұлытау, Арғанаты
баурайларында шоғырланған.
Батыс және Солтүстік Қазақстан. Дала және орманды дала жазықтарынан
ондаған қорымдар кездеседі. Біреулер оны савроматтардың аорстар мен
роксоландар тайпаларының қорымдары десе, екінші біреулер исседондардың
қорымдары деседі. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса
үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар
арластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Үйінді астынан қабір
қазылған және сол бір үйінді астына бірнеше мәйітті жерлеген немесе өлікті
бұрынғы ескі обалар үйінділеріне апарып қойған. Бай обалар өздерінің
көлемдерімен көзге түседі және олардың үйінділердің диаметрі 50 – 60м,
биіктігі 3 – 4м болып келеді.
Ескерткіштер екі хронологиялық кезеңге жатады. Оның біріншісі б.з.
дейінгі VII – V ғғ. кезеңі деп есептеледі және ол савромат мәдениеті өмір
сүрген уақыты қамтиды; екінші кезең б.з. дейінгі IV – II ғғ. болып
мерзімделеді және сарматтар кезеңіне сай келеді.
Батыс және Солтүстік Қазақсан ескерткіштерінің бәріне ортақ бір белгі
– қабырлар шығыстан батысқа қарай ынғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда
емес, обалар үйінділері астындағы дайындалған алаңдарға қойылады.
Археологтар әйелдер қабырларынан ою – нақыштармен безендіріліп, тыстан
қашалған құрбандық шалатын столдарын жиі кездестіреді. Олар алып жүруге
ынғайлы өзіндік бір от сөресі сияқты...
Савроматтар арасында қолданбалы өнер биік дәрежеде дамып жетілген.
Ісмер зергерлер алтын мен күмістен, қоладан аттың ертұрмандарына, еркектің
белдіктері мен киімдеріне арнап тоғалар жасаған.
Батыс Қазақстан қазылған савромат ескерткіштері арасынан ең қызықты
жарқын материалдар Елек өзенінің жоғарғы бөлігіндегі оба – мазарлардан
алынды, онда Батыс Қазақстан мен Оңтүстік Орал өңірінің ертедегі көшпелілер
тайпаларының көсемдері мен әскери ақсүйектердің, абыздардың қабырлары бар.
Шығыс Қазақстан. Сақтардың қыруар қорымдары Алтай аясынан, әсіресе
Ертіс пен оның салалары алқаптарынан, Қалба қыратының жоталарынан,
Шыңғыстау мен Тарбағатай бөтерлерінен кездеседі.
Шығыс Қазақстан сақ тайпаларының мәдениеті өз дамуында үш кезеңді
басып өткен: Майәмир кезеңі (б.з. дейінгі VII – VI ғғ.), Берел кезеңі (б.з.
дейінгі V – IV ғғ.) және Құлажүргін кезеңі (б.з. дейінгі III – I ғғ.).
Майәмир кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар
пайда болады. Бұл қорымның барша обасы патша мазары қатарына жатады.
Олардың он үші үйінділерінің диаметрі 100м дейін, биіктігі 8 – 10м дейін
жетеді, қалғандары – тиісінше 20 – дан 60м дейін, биіктігі 5м дейін. Бұл ру
немесе тайпа көсемдерінің жүздеген жылдар бойы қойылып келе жатқан ортақ
қорымы болғанға ұқсайды.
Белгілі археолог С. С. Чернеков қазып зерттеген оба (Шілікті обасы)
Шығыс Қазақстан сақтарының мәдениеті мен өнері жөнінде аса қызықты
материалдар берді.
Киім – кешек сән үшін тағылатын, бүркіт тәрізді, білезіктей дөңгелек
қалған ілбісін іспетті таналар, түйреуіштер табылған. Жұқа алтын фольгадан
қабан бейнесі қиылған. Қанатын жайып жіберген құстар бейнесіндегі
қапсырмалар да әсем – ақ. Геометриялық формадағы – үшбұрыш, жолақша ромбы
түстес ілгектер де көп кездеседі.
Шілікті қорғаны б.з. дейінгі VII – VI ғғ. салынған деп есептеледі.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Бұл – сақ тайпалары мекендеген аса
көлемді аймақ: тиграхаудтар – Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен
Сырдария бойында өмір сүрген.
Сақ тайпалары көп қоныстанған орталықтардың бірі – Іле алқабы болған.
Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев оба – мазарлары тап осы алқаптан
табан тепкен.
Жетісудағы сақ мәдениеті өз дамуында екі кезеңді басынан өткерген:
ерте кезеңі (б.з. дейінгі VIII – VI ғғ.) және кейінгі кезеңі (б.з. дейінгі
V – III ғғ.). Соңғы кезеңнің патша обалары ескерткіштері жөніндегі ең толық
мәліметі б.з. дейінгі 1 мың жылдықтың орта кезіне жататын Бесшатыр
қорымы және Есік обасы береді. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң
жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша
обалары екі топқа бөлінеді: үлкен обалар – диаметрі 45 м – ден 105 м – ге
дейін, биіктігі 6 -18м, орта обалар – диаметрі 25 -40м, биіктігі 5 – 6м,
шағындары 6 -20м, биіктігі 2 м – ге дейін. Үлкен Бесшатыр обасы өз
көлемімен ел – жұртты күні бүгінге дейін қайран қалдырады: оның үйіндісінің
диаметрі 104м, биіктігі 17м. Бірінші Бесшатыр обасы үйіндісінің астында
шыршасының бөренелерінен қиылған там тұрғызылыпты. Ол қабір камерасы мен
дәлізден – дромостан құралған. Тамның қабырғалары 15 қабат дөңбектермен
жабылған. Оның үстінен жіппен байланған қамыс маттары төселіпті. Өлік қою
рәсімі жасалып біткен соң дәліз таспен бітеліп тасталыпты.
Қорымның обалары баяғыда тоңалған, бірақ тоңаушылар барлық затты
көтеріп кете алмаған. Шолақ темір қанжар – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алдымен қазақ хандығы құрылуының этникалық алғышарттары туралы
Қазақ хандығының нығаюы
Қазақ хандығының туы
Қазақ халқының қалыптасуының кезеңдері
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
ЕРТЕДЕГІ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР (VІ – Х ғғ. )
Қазақстан территориясындағы ортағасырлық мемлекеттер (ҮІІ – ХІІ ғғ.)
Найман мен керейіт тайпалар одақтары
Тарихи сабақтастық және эволюция тарихы
Қазақстан тарихы туралы
Пәндер