Мектептегі музыка сабағы
Мазмұны
Кіріспе
І .тарау Музыкалық сабақтың құрылымы, мазмұны
Жалпы орта білім беретін мектептердегі музыка пәні мұғалімнің рөлі
Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беруде оқушылардың музыкалық сауатын оқыту әдістері
ІІ .тарау Мектептегі музыка сабағының ерекшелігі және танымдық тағлымы
Музыка тыңдау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сыныптарда музыка тыңдау репертуары және оны талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Болашақ ұрпақтың білімділігі мен оның рухани байлығы - әлемдік өркениетке жетер бағыттағы Қазақстан Республикасының гүлденуіне кепілдік болар бірден-бір жол ол – музыка. Бүгінгі мектептің алдына қойып отырған мақсаты - жеткіншек ұрпаққа мәдениетті, еңбекқор, адамгершілік және эстетикалық тәрбие берумен халықтың ұлттық мәдени мұрасымен тығыз байланыстыра отырып, музыка сабағының сапасын жоғары дәрежеде жетілдіру болып отыр.
Музыка сабағы пәнін, яғни өнерімізді өркендету үшін ең алдымен осы заманның талабына сай қала және ауыл мектептеріне кабинеттермен жаңа технологиялар енгізсек, сонда ғана ата-бабаларымыздың мұрасын оқушыларға жоғарғы сапада жеткізіп білім бере аламыз. Осы орайда, мектептерге ортақ бағдарлармалар жасалынып, әдістемелік нұсқаулар шығарылып, төл оқулықтар ұлт болашағына апарар жаңа жетілдіру жағдайлары қолға алына бастады. Музыка жаңа буын оқулықтары қазақ жерінің өнерін тірілтіп, қайта жаңғырып музыка сабағының жетілдірудегі бала тәрбиесінің өнер негізгі көзіне айналды.
Бүгінгі күнде жалпы білім беретін мектептерде «Атамұра» бағдарламасымен 1-6 сынып аралықтары музыка сабағынан білім алуда.
Қазақтың бесік жырларынан бастап күмбірлеген халық күйлері, толғаумен термелер айтыс және күй тартыстар, түрлі әндер әр тарау-тарауларға еніп, өз орындарын таба бастады.
Музыка сабағына арналған оқулықтар оқушылардың өнерге деген құштарлықтарын және тиянақты ынтасы мен сүйіспеншіліктерін жетілдіре отырып, ән айтумен, олардың музыкалық қабілеттерін /есту, ырғақ , есте сақтау/ жетілдірумен қатар, эстетикалық талғам сезімдерін дамытуда.
Оқулықтар қазақ жерінде мекендеп жатқан басқа да ұлт өкілдерінің мектептеріне аударма түрінде таралып дәріс алуда. Музыка сабағын жетілдіру жолында оқулықтың басты идеясын ішкі мазмұнын әр саналуан қызықты да тақырыптарды толық ашып жеткізу мұғалімге қазіргі уақытта қиындық туғызып отыр.

1. 1. Н.Ә. Назарбаев. Сындарлы он жыл. - Алматы: Атамұра, 2003. - 234б.
2. Р.А. Нұртазина. Образовательная политика Республики Казахстан условиях глобализаций. - Алматы: Ғылым, 2004. - 127, 150, 174б.
3. С.З. Баймағанбетов. Современная социально-культурная политика. - Астана: Ел орда, 2001. - 158 б.
4. Ә.Х. Тұрғынбаев. Социология. - Алматы: Білім, 2001.- 85б.
5. В.И. Тимошинов. Культурология. - Алматы: Казахстан Еуразия – Восток-Запад, Атамұра, 2001. - 158 б.
6. Ә.Х. Тұрғынбаев. Социология. - Алматы: Білім, 2001. - 85б.
7. Т. Ғабитов, Ж. Мүтәліпов, А. Құлсариева. Мәдениеттану негіздері. - Алматы: Дәнекер, 2000. - 2 б.
8. Ә.Х. Тұрғынбаев. Социалогия. - Алматы: Білім, 2001. - 86 б.
9. Т. Ғабитов, Ж. Мүтәліпов, А. Құлсариева. Мәдениеттану негіздері. - Алматы: Дәнекер, 2000. - 33 б.
10. В.Г. Рожин, В.П. Тугаринов, Б.А. Чагин. Маркстік–Лениндік философия. - Алматы: Қазақстан, 1969. - 137 б.
11. К.М. Байпақов. Ежелгі Қазақстан тарихы. - Алматы: Рауан, 1998. - 18-23 б.б.
12. Қ.А. Ақышев, К.М. Байпақов, М.Қ. Қыдырбаев, Б.Е. Көмеков. Қазақ ССР тарихы I том. - Алматы: Ғылым, 1980. - 79-83 б.б
13. К.М. Байпақов. Ежелгі Қазақстан тарихы. - Алматы: Рауан, 1998. - 23б.б.
14. В.П. Тугаринов, Б.А. Чагин, В.П. Рожин. Маркстік-Лениндік философия. - Алматы: Қазақстан, 1969. - 450-451б.б.
15. К.М. Байпақов. Ежелгі Қазақстан тарихы. - Алматы: Рауан, 1998. - 53 б.б.
16. Cонда 54 б.б.
17. Әбілқасым. Бақсылық және бақсы сарын // Алматы: Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1995. - №7-9. - 57-60 б.б.
18. Р. Нұрғалиев. Қазақ ССР қысқаша энциклопедия IV том. - Алматы: ҚСЭ, 1989. - 123 б.б.
19. Ж. Нәжімеденов. Бізге жеткен бабалардың қолтаңбасы. // Алматы: Қазақ әдебиеті, - 18.03.2005.
20. А.Г. Медеуов. Гравюры на скалах. Сарыарка. Мангышылак. - Алматы: Жалын, 1979. - 16 б.
21. Қ.А. Ақышев, К.М. Байпақов, М.Қ. Қыдырбаев, Б.Е. Көмеков. Қазақ ССР тарихы I том. - Алматы: Ғылым, 1980. - 79-83 б.б.
22. А. Сейдімбеков. Қазақтың күй өнері. – Алматы: 2002. - 832 б.
23. Т. Мерғалиев, С. Бүркітов, О. Дүйсенов. Қазақ күйлерінің тарихы. – Алматы: 2000. – 50б.
24. Б. Сарыбаев. Қазақтың музыкалық аспаптары. - Алматы: Өнер, 1980. -11-16 б.б.
25. Д. Шоқпарұлы. Қолөнер түлеп жаңғырса. // Алматы: Қазақ әдебиеті, 29.05.1987.
26. С. Қасиманов. Қазақ халқының қолөнері. - Алматы: Қазақстан, - 1993. - 203 б.
27. Б. Сарыбаев. Адырна. // ҚСЭ IV том. Алматы: 1989. - 93 б.
28. Б. Аспандияров және т.б. Адырна. - Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі I том. Алматы: Қазақ ССР ғылым академиясы, - 1959. - 13 б.
29. З.С. Жәкішова. Адырна.// Ұлттық энциклопедия. Алматы: 1999. - 103 б.
30. Д. Шоқпарұлы. Әмбебап домбыра. // Алматы: Білім және Еңбек, - №10 1984.
31. Д. Шоқпарұлы. Домбыра жасау. - Алматы: Мектеп, - 1996. - 7-8 б.б.
32. Д. Шоқпарұлы, Е.Ахметов. Дұдыға. // Алматы: Мектептегі техналогия, - №1. 2004. - 15 б.
33. Сонда 15 б.
34. Д. Шоқпарұлы. Желғабыз. // Алматы: Білім және Еңбек , - №2. 1985ж.
35. Сонда
36. Б. Сарыбаев. Қазақтың музыкалық аспаптары. - Алматы: Өнер, - 1980.
37. Д. Шоқпарұлы. Нарқобыз. // Алматы: Білім және Еңбек, - №1. 1985.
38. Ә. Қоңыратбаев. Эпос күйтабақтары туралы. - Алматы: Қазақ әдебиеті, - 20.03.1981.
39. І.К. Кеңесбаев. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ғылым академиясы, - 1959. - 165 б.
40. Б. Сарыбаев. Қазақтың музыкалық аспаптары. - Алматы: Өнер, 1980.
41. Д. Шоқпарұлы. Нарқобыз. // Алматы: Білім және Еңбек, - №1. - 1985.
42. Д. Шоқпарұлы. Ана тілі. // Алматы: Қоңырау, - 9 маусым 1994. - 5 б.
43. Сонда
44. Д. Шоқпарұлы. Қоңырау. // Алматы: Ана тілі, - 06.09.1994. - 5 б.
45. Сонда
46. Сонда
47. Д. Шоқпарұлы. Шың. // Алматы: Білім және Еңбек, №1. - 1985.
48. Сонда
49. Сонда
50. Т. Ғабитов, Т. Мүтәліпов, А. Құлсариева. Мәдениеттану негіздері. - Алматы: Дәнекер, 2000. - 24 б.
51. . С. Аязбекова. Картина мира этноса: Коркут-ата и философия музыки казахов. – Алматы: ИФП, 2002. – 285 б.
52. Махмұт Қашқари. Диуани лұғат – ат түрік.
53. Әл-Фараби. Музыка және поэзия туралы трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1993. - 373 б.
54. Б. Сарыбаев. Қазақтың музыкалық аспаптары. - Алматы: Өнер, 1980.
55. В. Виноградов. О музыкальной археологии. // Советская музыка, 1971. - № 5. 8-14б.
56. Әл-Фараби. Музыка туралы үлкен кітап. Музыка және поэзия туралы трактаттар. - Алматы: Ғылым, 1993. - 327-382 б.б.
57. Ә.Х. Марғұлан. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 295б.
58. Б. Сарыбаев. Революцияға дейінгі Қазақстанның халық музыкалық аспаптары. Өнертану кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. – Алматы, 1969. – 28 б.
59. А.И. Мухамбетова. Народная инструментальная культура казахов. – Л.: Наука, 1976. – 220 б.
60. К.В. Чистов. Народные традиции и фольклор. – Л.: Наука, 1986. – 304б.
61. С. Қасқабасов. Қазақтың халық прозасы. – Алматы: Ғылым, 1984.–272б.
62. Б. Каракулов. О некоторых средствах традиционного музыкального языка казахов. // Известия АН Каз ССР, 1974. - № 3. 55-60 б.б.
63. С. Елеманова. О социологической специфике устного профессионального музыкального искусства. Социологические аспекты изучения музыкального фольклора. – Алматы: 1978. - 57-58б.б.
64. Ә. Мұхамбетова. Қағажу көрген қазақ музыкасы. // Жұлдыз, 1992.- № 3. 151-160 бб.

І –тарау Музыкалық сабақтың құрылымы, мазмұны
1,1
Жалпы орта білім беретін мектептердегі музыка пәні мұғалімнің рөлі
1.2
Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беруде оқушылардың музыкалық сауатын оқыту әдістері
ІІ –тарау Мектептегі музыка сабағының ерекшелігі және танымдық тағлымы
2.1
Музыка тыңдау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
2.2
Бастауыш сыныптарда музыка тыңдау репертуары және оны талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Болашақ ұрпақтың білімділігі мен оның рухани байлығы - әлемдік өркениетке жетер бағыттағы Қазақстан Республикасының гүлденуіне кепілдік болар бірден-бір жол ол – музыка. Бүгінгі мектептің алдына қойып отырған мақсаты - жеткіншек ұрпаққа мәдениетті, еңбекқор, адамгершілік және эстетикалық тәрбие берумен халықтың ұлттық мәдени мұрасымен тығыз байланыстыра отырып, музыка сабағының сапасын жоғары дәрежеде жетілдіру болып отыр.
Музыка сабағы пәнін, яғни өнерімізді өркендету үшін ең алдымен осы заманның талабына сай қала және ауыл мектептеріне кабинеттермен жаңа технологиялар енгізсек, сонда ғана ата-бабаларымыздың мұрасын оқушыларға жоғарғы сапада жеткізіп білім бере аламыз. Осы орайда, мектептерге ортақ бағдарлармалар жасалынып, әдістемелік нұсқаулар шығарылып, төл оқулықтар ұлт болашағына апарар жаңа жетілдіру жағдайлары қолға алына бастады. Музыка жаңа буын оқулықтары қазақ жерінің өнерін тірілтіп, қайта жаңғырып музыка сабағының жетілдірудегі бала тәрбиесінің өнер негізгі көзіне айналды.
Бүгінгі күнде жалпы білім беретін мектептерде Атамұра бағдарламасымен 1-6 сынып аралықтары музыка сабағынан білім алуда.
Қазақтың бесік жырларынан бастап күмбірлеген халық күйлері, толғаумен термелер айтыс және күй тартыстар, түрлі әндер әр тарау-тарауларға еніп, өз орындарын таба бастады.
Музыка сабағына арналған оқулықтар оқушылардың өнерге деген құштарлықтарын және тиянақты ынтасы мен сүйіспеншіліктерін жетілдіре отырып, ән айтумен, олардың музыкалық қабілеттерін есту, ырғақ , есте сақтау жетілдірумен қатар, эстетикалық талғам сезімдерін дамытуда.
Оқулықтар қазақ жерінде мекендеп жатқан басқа да ұлт өкілдерінің мектептеріне аударма түрінде таралып дәріс алуда. Музыка сабағын жетілдіру жолында оқулықтың басты идеясын ішкі мазмұнын әр саналуан қызықты да тақырыптарды толық ашып жеткізу мұғалімге қазіргі уақытта қиындық туғызып отыр.
Біріншіден мектептердің көбінде музыка кабинетінің жоқтығы, екіншіден әр сыныптарға арналған оқулықтың жетіспеушіліктері көп қынжылтады.
Әр сыныптарға арналған арнайы ұсынылған осы Атамұра бағдарламасы бойынша музыкалық шығармаларды сабақта пайдалану әлі күнге осы уақытқа дейін толығымен шешімін таппай келеді. Себебі, осы бағдарлама бойынша тыңдауға арналған музыкалық шығармаларды әр сыныптарға жіктеп, тақырыптарға бөліп тыңдататын бағдарламаның үнтаспа жазбалары және видео материалдары барлық жалпы білім беретін мектептерде толық қамтамасыз етілмеген.
Қазіргі таңда музыка пәні мұғалімінің қызметі екі үлкен саланы қамтиды :
1.Мектепішілік іс-шаралар мен түрлі музыкалық өнерге баулитын үйірмелік жұмыстар.
2.Қазақстан Респупликасы стандартының бағдарламасының оқулықтарын қолданып сабақ жүргізу.
Міне осыған орай бүгінгі таңда мұғалім музыка сабағын жетілдіру барысында оқу және эстетикалық тәрбие жұмысын стандартқа сай өз деңгейінде жүргізу талап етіледі. Сондықтан педагог музыка маманы тарапынан көп еңбекпен қажырлықты талап етеді. Көп мектептерде музыка кабинетінің жоқтығынан балалар мен пән мұғалімдері қазіргі таңда қиыншылықтармен ауыртпалықтарды бастарынан кешуде.
Дүниежүзілік өркениетті мемлекет қатарына ұмтылыс жасау жолы қазіргі заман талабына сай шыңдалса, музыка өнері одан әрі шыңдала түседі.
Оқушыларды ұлттық сезімге бөлейтін, тәлім тәрбие ошағы болып есептелетін музыка пәнінің жетілдіруіне осындай жағдайлар жасалса, одан әрі өз жалғасын жоғарылардан шыңдалып көрсетіледі.
ХХІ-ғасыр жастардың жан-жақты терең білімді, саяси экономикалық, интелектуалды деңгейінің жоғары болуын талап етеді.
Музыка сабағын жетілдіру үшін балаларға сабақты қарапайым тілмен жеткізіп, соның ішінде әсіресе бастауыш сынып оқушыларына көбінесе ойын түрлерімен қызықты да тартымды өткізілсе, сабақ әрқашанда жоғарғы сапада өтіледі. Сонымен қатар балалардың музыкаға деген құштарлықтары жоғарылай түседі.
Қазіргі таңда Атамұра бағдарламасын толық меңгеру үшін, барлық мектептерде оқулықтар мен үнтаспалар барлық сыныптарға толықтай қамтамасыз етілуі қажет.
Сонда ғана бүгінгі таңда әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты кең дамыған салауатты да мәдениетті және білімді болады.
Қазіргі таңда тәуелсіздігіміздің арқасында тарихи танымды музыкада жаңаша түрде дамытуда көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Тарихи әндер мен күйлер заман талабына сай түрленіп орындалып жатыр. Бұл өнердің жетілу жағдайының жетістігінің бірі болып саналады. Оқушылардың өмірге қоғамға деген көзқарасы мен дүние танымын қалыптастыру және музыка өнерінің, соның ішінде тарихи әндер мен күйлердің алатын орны өте жоғары.
Музыкалық білім берудің басты мақсаты - музыка өнері арқылы бай, шығармашылығы және рухани мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны сүйе білетін сонымен қатар, халқымыздың әдет – ғұрыптары мен салт дәстүрлерін, аялап, қастерлейтін және классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлғаны оқытып тәрбиелеп жетілдіру
Қазіргі оқыту технологиясында инновацияның – 3 түрі бар.
1. Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу.
2. Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру.
3. Радикалды инновация – білімге мемлекеттік стандартты енгізу.
Мемлекеттік стандарт білім берудің негізгі деңгейін және сапалық көрсеткіштерін қалыптастырады. Бұл өзгерістер әр пәнге барынша прогрессивті оқыту әдістерін ендіруді талап етеді. Музыка бағдарламасы үнемі тақырып мазмұнын аша алатындай шығармалармен толықтырылып отыруы қажет.
Сонымен қатар қорыта келе, болашақта музыка сабағы жалпы білім беретін мектептерде барлық пәндер сияқты 1–сыныптан – 11 –сыныпқа дейін арнайы 2-3 сағат беріліп енгізілсе, балалардың музыкалық қабілеттерін және білім мен мәдениетін жоғарғы сапада жетілдіре аламыз.
І ТАРАУ
Музыкалық сабақтың құрылымы, мазмұны
Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі мен сапасын көтеру мәселесі-бүгінгі таңда алдыңғы қатарда тұрған маңызды істердің бірі.
Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласына да түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар енгізіліп, оқыту мүмкіндіктері туды. Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы-осының айғағы.
Бастауыш сатыда білім берудің түбегейлі мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда музыка пәнінің де алатын орны ерекше. Оқушылардың эстетикалық талғамын, рухани байлығын, әдемілігін, терең сезімін, музыкалық сауатын қалыптастыруды шығармаларды тыңдау, музыканы айту, тыңдау арқылы жүзеге асыру үшін музыка пәні мұғалімдерінің алдына көптеген міндеттер жүктейді.
Бастауыш сыныптарда музыка пәнін оқытудың басты міндеті мен мақсаты-оқушыларды сабақтарда түрлі көрнекілік іс-әрекеттерге қатыстыра отырып, балалар жүрегіне халық дәстурінің рухына толы, оны қабылдай алатын біртұтас көркемдік-эстетикалық мүмкіндіктер туғызу.
Балалар музыка сабағынан өзін қоршаған дүниенің әдемілігі мен сұлулығын өнермен үйлесімді сезінуге тиіс болса, ұстаз осыларға сәйкес музыкалық шығармалардың терең педагогикалық дәстүрін таныта білетін тәрбиенің әдістемелік көздерін табуы қажет.
Өзінің қоршаған өмір мен мектептегі музыка сабаағын тығыз байланыстыра ұстау, оқу-тәрбие жүйесіндегі басты және негізгі міндет болуы керек. Өйткені, қоршаған табиғат, күнделікті еңбек, халықтың материалдық-рухани мәдениеті ( халықтың қолданбалы өнері, зергерлік, үй тұрмыс бұйымдары), халық ауыз әдебиеті, ойын сауық, салт- дәстүр,т.б. музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің басты мақсаты болып табылады.
Бастауыш сыныптарда музыкаға тәрбиелеу міндеттері
1.Оқушылардың музыка сабақтарында деген ынтасын арттыру, музыканы өнер ретінде танып, оны өмір қажетіне айналдыру, құштарлық сезімін тәрбиелеу.
2.Оқушылардың жоғары көркемдік талғамын, өнер шығармаларын тке шынайы сезіммен қабылдап, бағалай білу қабілетін қалыптастыру, оларды бейнеленген түрлі құбылыстарды салыстыра білуге, музыкалық шығармалардың сипатына танытатын жанрлар, саздар, ырғақтық, тембірлік ерекшеліктер туралы және оларды музыка пәнінің бағдарламасында белгілі бір логикалық құрлымы арқылы жүзеге асыру.
3.Оқушылардың музыкалық өнермен қарым-қатынасындағы түрлі практикалық тәсілдерін игеруді қалыптастыру.(Ән айту дағдысы, музыка тыңдау, музыка сауатын меңгеру, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.) Көркем бейнелерді қабылдау негізгі музыка болып табылатын өнердің әр алуан түрлерін біріктіру нәтижесінде жүзеге асады. Бұл-оқушылардан түрлі іс-әрекет барысында белсенді шығармашылық даму мүмкіндігінің болуын талап етеді .
4.Музыка сабақтарында оқушылардың музыкалық-шығармашылық дағдылырын дамыту. Ол музыкалық білім беру, тәрбие негізінде оқушылардың бойындағы өнердің әр саласына деген бейімділігін( әншілік, күйшілік, ақындық, суырып салма, бейнелеу өнері, актерлік, жазушылық, т.б.) қалыптастыру болып табылады.
Музыка пәні мұғалімі осы ұсынылып отырған мақсаттар мен міндеттерді барлық сыныптардағы музыка сабағында жүзеге асыруда өз шеберліктері мен әдістерін, музыкалық білімін үнемі ізденіспен толықтыра отырып қолдануы керек.
1.1Жалпы білім беретін мектептегі музыка пәні мұғалімнің рөлі
Жас өспірмдерді музыка әлеміне терең бойлап, түсініп қабылдауға, талғамын арттыруға, эмоциялық сезімдерін қалыптастыруға, жан-жақты білімді, мәдениетті болып өсуіне зор ықпал ететін музыка сабағының орны еркше.
Ал осы музыка сабағын баланың мектепке келген алғашқы күнінен бастап дұрыс ұйымдастырып, музыкалық тәрбие беру музыка пәні мұғалімінің алдында көптеген міндеттер жүктейді.
Музыка пәнінің мұғалімі шығармашылық қиялы мол, арнайы бір аспапты еркін меңгере алатын, музыкалық сауатты, жан-жақты ғылым-білімнен хабардар, ой-өрісі кең маман болғанда ғана жас өспрірімге жүйелі музыкалық білім бере алады.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз қайта жанған, өз өеніміз бен рухани байлығымызды, әдет-ғұрпымыз бен салтымызды толық меңгеруге мүмкіндік алған жағдайға келген кезде, өз халқымыздың ғасырлар бойы жиналған бай мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру музыка мұғалімінің басты мақсаты болуы керек. Сондықтан музыка пәні мұғалімі үнемі ізденіспен әр сабағында оқушылардың бойына ізгілік пен адамгершілктің, әсемдік пен сұлулықтың, инабаттылық пен қайрымдылықтың нәрін беретіндей әдістерді қолданып отыруы керек. Қазіргі жалпы мектептерде ұсынылған музыкапәнінің бағдарламасына сай сабақтарды өткізуге мол мүмкіндік бар. Сол мүмкіндікті тиімді пайдалана отырып сабақтың түрін, формасын ауыстыра отыра, әр түрлі әдістерді қолданып, музыка сабағын мағыналы етіп өткізу мұғалімнің міндеті.
Музыка сабақтарында көбінесе оқушылардың ой-өрістерін кеңінен дамытатын, олардың сөйлеу мәдениетін, ойларын толық жеткізе білетін мүмкіндікткрін арттыратын тиянақты сұрақтарды дәл қоя білуі, қойған сұрақтарға жауап ала білуі, мұғалімнің өзінің тіл байлығы, дүиетанымы жан-жақты, білімі, ой-өрісі, сезімі терең болуы керек.
1-сынып бағдарламасындағы музыкалық материалдармен таныстыру барысында әр тақырыпқа байланысты, нені баяндайтынын, т.б. әңгімелеуде мұғалімінің өз білімі таяз болса, ол шығарманы оқушыға өз деңгейінде жеткізе алмайды. Мысылы, Қорқыттың “Әуппай” күйін тыңдатуда Қорқыт туралы мағлұматты оқушығларға қысқаша болса да түсіндіру әдесінде мұғалімнің өзінің терең білімі сезіліп тұруы керек. Әрине, оқулықта “Әуіппай” туралы түсінік берілген, ал күйді тыңдау кезінде, күйдің “Қандай ырғақта?”, “Қобыз үнінің тембірі шығуы қалай?”, “Сазы қандай?” деген сұрақтарға нақты жауап алу үшін мұғалімнің өз түсінігі мен жауап алу үшін мұғалімнің өз түсінігі мен жауабы біліміне сай болуы тиіс.Немесе Дәулеткерейдің “Қос алқа ” күйін таныстыруда оның басқа да көптеген күйлерін мұғалім жақсы білуі керек, тек оқулықтағы 1-2 күйдің атын атағанмен мұғалімдердің әр уақытта арғы жағында оқушыларға айтатын терең білімі даяр тұруы керек.
Аңыз-күй “Ақсақ құланды” тыңдату барысында қысқаша таныстырумен қатар оқулықтағы аңыз әңгіме кейіпкері Жошы хан туралы оқушылардың қабылдауына шағын әңгіме арқылы мағлұмат бере отырып, мұғалім өзі Жошы хан қай ғасырда өмір сүргені, оның хандық құрған кездегі тарихы туралы хабардар болғаны жөн.
2-сынып бағдарламасындағы Махамбеттің “Қайран нарын” күйін тыңдатқанда, Махамбеттің өмір сүрген кезеңінің тарихын, яғни Махамбет-Исатай көтерілісі, Жәңгір хан туралы сол кездегі халықтың өмірі туралы білімі болуы керек.
Халық әні “Елім-ай” үйрету кезінде бұл әнннің шығу тарихына байланысты түсінікті оқулықтан оқушыларға таныстыра отырып, мұғалімінің өзінің тарихқа терең бойлайтын білімі болуы артық емес. “Ақтабан шұбырынды-Алқакөл сұлама” 1723 жылдардағы Жоңғар шапқыншылығы туралы орта мектептегі “Қазақстан тарихынан” алған білімдерін мұғалім осы сабақтар үшін қолдана білуі керек.
3-сыныптағы әр тақырыпқа байланысты музыкалық шығармаларды оқушыларға таныстырып, оның құрлымын, әуенін , сазын, тембірін, ырғағын талдау және мазмұнының мағынасын ұғындыру үшін мұғалімнің өзінің кәсіптік дайындығы, жан-жақтылығы, ой-өрісі жоғары дәрежеде болуы керек.
3-сыныптың музыкалық материалдары ұлттық, халықтық, дәстүрлік тақырыптармен тығыз байланысты, сондықтан теориялық, практикалық жағынан жақсы талдай білуі керек. Өзі аспапта қостап айтып беруі немесе орындап бере алатындай мүмкіндігі болуы керек. Мысалы: “Алпамыс батыр” эпостық жыры оқулықта оқушыларға үзінділермен берілген, ал, мұғалім бұл жырды өзі жақсы меңгерген болуы керек, ол жырды толық бастан –аяқ оқып шыққанда ғана оқушыларға толық “Алпамыс батыр” туралы толық түсінік бере алады. Тек қана бқл жыр емес басқа да эпостық жырлар “Қамбар батыр”, “Ер тарғын”, “Айман-Шолпан”, “Қыз Жібек” лиро-эпостық жырлар, тіпті басқа халықтың, мысалы қырғыздың “Манас”, т.б. елдердің ұқсас шығармаларын орыстың “Игор полкі туралы” поэмасын білген болса, мұғалімге эпос тақырыбының мағынасын аша түсіндіру үшін өөте пайдалы болары сөзсіз.
4-сынып музыкалық материалдарын оқушыларға меңгертуде, таныстыруда мұғалімнің біліі одан әрі терең болуын талап етеді. Мұғалім үнемі ізденісте болып, өз білімін толықтырып отыруы керек. Әрбір үйретілетін ән мен шығарманы теориялық жағынан ( музыкалық әсерлеу ортасына, құрлымына, формасына, ырғағына, темпіне, сазына) талдап қана қоймай, оның композиторы туралы мағлұмат беру үшін әр композитордың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты зерттеп білуі керек, олардың шығармаларындағы мазмұн-мағынасын оқушыларға толық жеткізе білуі керек, шығарманы орындаушы ұжымдар, жеке орындаушылар туралы мұғалім жақсы біліп, қандай операдан, симфониядан немесе оратория, кантатадан екенін білуі керек. Бұл шығарманың қандай жағдайда, қашан шығарылғанығ жете білуі керек. Мысалы ,Қапан Мусиннің “Жайлауда” симфониялық поэмасы Қазақстан елінің тұңғыш симфониялық шығармасының бірі, Ал Қапан Мусин алғашқы симфониялық шығарма жазған сазгер екенін және оның басқа шығармаларын жақсы білуі керек. Ораторияның сегіз бөлімінің әр бөліміне байланысты тарихты жақсы білуі керек.Ораторияда кездесетін музыкалық жаңа ұғымдар мен орындайтын аспаптар, ұжымдар туралы мағлұматты, білімі толық болуы керек. Сондай-ақ, Ғазиза Жұбанова шығармаларымен таныстыруда сазгеердің бағдарламаға енген музыкаларынан басқа шығармаларын біліп, өмірі мен шығармашылығынан толық хабардар бола отыра, “Хиросима” балетінен үзінді тыңдатқан кезде осы шығарманың мазмұнына байланысты тарихи оқиғаларды, жапон халқының өмірі мен тұрмысы, табиғаты жайлы терең оқып білуі керек. Осының бәрі мұғалімнің сабағын тек жалаң, жайдақ бағытта өткізбей, түрлі көрнекіліктер, дәлелдеуші материалдар қолдана отырып өнердің басқа түрлерімен байланыстырып, жан-жақты ізденіспен, жоғары шығармашылық талғаммен өткізуін талап етеді.
Музыка пәнінің мұғалімінің алднында осындай үлкен жауапкершілік тұратындықтан, ол әр сабақты асқан ұқыптылықпен, терең біліммен жан-жақты дайындықпен өткізуге міндетті. Бұрынғы кездердегі ән сабағын кез келген “әу” дейтін арнайы білімі жоқ адамдарға жүктеу қазіргі заман талабына сай емес, оны әр мектептің басшылары қатаң қадағалап, білім заңының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етуі керек.
1.2 Бастауыш сыныптарда музыкалық тәрбие беруде оқушылардың музыкалық сауатын оқыту әдістері.
Музыка сауатымен таныстыру кезінде оқушылардың оны қабылдай білуі үшін, музыканы өмірмен тығыз байланыста болатын жанды өнер екендігін түсіндіру қажет.
Музыканы ести білу 1-4 сыныптарға халық музыкасын орындау не тыңдатуда, т.б. бір-бірінен өзара айырмашылықтарын ажыратуда ықпал етеді. Ән айту кезінде және музыка тыңдағанда оқушылар біртіндеп музыкалық сауаттылықты игереді. Шығарманың мазмұны мен көңіл күйі жөніндегі мәліметтер арқылы музыканың көркемдік құралдырмен-темп, дыбыс күші, әуенділік, ырғақ, дыбыс биіктігімен танысады.
Шығарманың жанры және құрлысы,музыкалық аспаптар мен халық аспаптар оркестірі, симфониялық оркестр, хор және хордың құрамы жөнінде мағлұмат алады. Оқушылардың алған білімдері сыныптан сыныпқа көшкен сайын толығып, ұлғайта түседі. Оқыту процесінде оқушылардың музыканы танып білуі іс жүзінде жүзеге асырылады. Нота жас ерекшелігіне сәйкес 3-сыныптан бастап енгізіледі.
1-сыныпта музыка сауатын оқыту тыңдаған күйлердің және үйретілген әндердің музыка сипатын анықтау: көңілді, көңілсіз, нәзік, жұмсақ-жай деген ұғымдарды айыра білу дәрежесін көтеруге; музыкалық қарапайым көркемдік құралдарды ажырата білу: дыбыс күші-динамика(қатты, жай), дыбыс қозғалысы (бірқалыпты, секірмелі), ән, күй, би, марш жанрларын ажырату бағытында жүргізіледі.
Шығарманың құрлымын ажырату, мысалы әннің шумағы немесе қайырмасы әуенінің айырмашылығын сезіну, музыкалық сөйлем, фразалар туралы, шығарманы орындау, тыңдау барысында сезіндіруге, күйлердің орындалу үлгілері: төкпе, шертпе қатар, оларды айыра білуге баулу, Құрманғазы күйлері-төкпе күйлерін, Тәттімбет күйлері- шертпе күйлерін таңдау арқылы жүргізіледі. Дыбыс биіктіктерін ажырату үшін әндердің, күйлердің дыбысының шығу жоғарылықтарын қолмен көрсеті немес баспалдықпен бейнелеу мысалын келтіру арқылы түсіндіріліп тұрады.
Дыбыс ұзақтықтарын түсіндіру, сезіндіру үшін әр түрлі көрнекіліктер арқылы, үнемі музыкалық дыбыстарды тыңдау, есту арқылы қалыптастыруы керек. Мысалы: бүтін алма, оның жартысы немесе үлкен доп, кішкене доп, үлкен кісі, кішкене бала деген қарапайым түсініктерді жүйеге келтіріп, дыбысталу сәтін қол шапалақтау, аспап дыбысының ұзақ, қысқа дыбысталу, дауыстап айту арқылы үнемі жалғастырып , саналарына жеткізіп отыруға болады.
Тыңдаған шығармалардағы дыбыс бояуын ажырату, ер адам дауысының үні мен әйел адамның дауысы үнінің айырмашылығын сезіндіру арқылы, әр түрлі аспаптардың үндерінің бояуын (тембірін) салыстыру арқылы жүргізіліп отырады. Мысалы, домбыра мен қобыз үнін салыстырсақ, оркестірдей көп дыбыстың жеке аспап үнінің айырмашылығын салыстыру арқылы сезіндіруге болады.
Халық әні, сазгерлердің әні, сал, сері, сазгер, әнші, ақын, күйші-сазгер деген ұғымдарымен сабақ барысында олардың шығармаларын тыңдау кездерінде үнемі қайталау, пысықтау арқылы түсіндіріледі.
2-сыныпта оқушыларды музыкалық сипаттың салтанатты , қуанышты, мұңлы, үрейлі деген ұғымдарымен таныстыру толықтырылады. 2-сыныптың бағдарламасы бойынша оқушылар жыладмдық темп деген ұғыммен, дыбыс күштерін көрсететін белгілермен:
ƒ- форте –қатты
Ρ- пияно-ақырын
-бірте-бірте күшейту
- бірте-бірте жайлату.
Танысып қана қойсай осы ұғымды дұрыс түсініп, қабылдау үшін музыкалық шығармаларды таңдау арқылы ұғындырамыз. Музыкалық сипатты білдіретін мажор, минор ұғымдарымен таныстыру, олардың үндерінің бір-бірінен ажырату мүмкіндігін қалыптастыру мақсатында әр-түрлі сипаттағы музыкалар тыңдатылады.
Би жанрының түрлерін: вальс, полька, жай билермен Ш.Құлмановамен Р.Наурызбаева “Жыл басы кім болады?” операсындағы жануарлардың әндері мен билерін таңдау барысында ұғындырамыз. Опера туралы ұғым, ондағы жеке партия, хор, дуэт, трио деген сауаттылықтарынан да оқушылар осы опраны тыңдау кезінде танысып, меңгереді.
Сал,сері, әнші, күйші,күйшілік дәстүр туралы ұғымдар да музыкалық сауаттылықтың бір түрі. Әнші, сазгер Ақан сері, Біржан сал, халық күйшілері, әншілері шығармаларымен таныстырғанда осы ұғымдар туралы түсініктерді үнемі қайталау арқылы оқушылардың музыкалық сауаттылықтарын арттырамыз.
2-сынып оқушылары фермата, стокатто тәрізді музыкалық терминдермен Ш.Құлманованың “Жыл басы кім болады?” операсындағы “Сиырдың әні”, “Тауықтң әнін” үйренген кездерде танысады.
1-сыныпта алған музыкалық сауаттылықтарын одан әрі дамытып, дыбыстардың ұзақ- қысқа шығуын, жоғары -төмен қозғалысын күрделендіре меңгереді.
3-сыныпта оқушылар І тоқсаннан бастап 1-2 сыныптарда алған білімдерін қайталап, одан әрі нота сауаты, нота арқауы, ноталардың сызықтарға орналастыруымен, скрипкалық кілт; ноталардың ұзақтылықтрының белгіленуі- бүтін, жартылық, төрттік, сегіздік, үзілістер –паузы; интервалдар, лига белгісі, такт сызығымен танысады.
Алдымен нота сызығы туралы және онда ноталардың орналасуымен таныстырған соң, әр нотаның орналасуын көрнекіліктер арқылы көрсетіп, дәптерлеріне жаздырып, сол нотаның дыбысталуын арнайы жаттығулар айтқызу арқылы бекітіп отырамыз. Оны Ш.Құлманованың , С.Желдірбайеваның сөзіне жазылған “Ноталар айтысы”, Б.Жүсібалиевтің “Нота үйренейік”, Б.Ғизатовтың “Біздің ән” әндері арқылы түсіндіру жеңіл.
І-тоқсанның аяғында оқушылар ноталарды толық меңгеріп, октава ұғымымен танысады.
Оқушылар нота сауатымен қатар жалпы музыкалық терминдермен танысуды жалғастырады. Қазақ халқының өнер жанрлары, терме, толғау, жырлар, жырау деген ұғымдармен танысып, өз ұлтымыздың дәстүрлік музыкасын сауатты меңгереді. 2-тоқсанда ноталар ұзақтықтарының жазылуымен , оның дыбысталу ұзаөқтығымен танысмтырып, бүтін нота- 0-1-еу,2-еу,3-еу,4-еу деп дыбыстың ұзақтығын айтқызу керек. Ұзақтыққа байланысты дыбыс тізбегін, немесе, до-дан соль-ге дейін бір қатарға, соль- ден до-ға дейін 2 келесі қатарға бұтін ұзақтықпен жаттықтыру арқылы жүргізуге болады. Сол сияқты жартылық нота да, төрттік, сегіздік ноталарды да осы тәсілдермен таныстыруға болады.
Музыканың өлшемдері туралы, оның матиматикамен ұқсастығы, музыканың ырғағын санау үшін нота сызығынын басына қойылатын бөлшек сандармен таныстырылады. Әрбір әннің, музыкалық шығарманың өзінідік ырғағы, тактісі болады, оларды 24;34;44; өлшемдермен белгіленеді; өлшемдердің төменгі саны төрттік үлесті, жоғарғы саны бір такті ішінде сол төрттік үлестің нешеу екендігін көрсетеді. Өлшемдер бойынша әрбір екпін түсірілетін дыбыстың алдында такт сызығы қойылатын, әрбір такт сызығының арасы такт деп аталатыны түсіндіріледі.
Өлщемдер бойынша қолды дерижерлеу бойынша дыбыс жүргізуге дағдыландыру керек.
Сонымен қатар нүктелі нотаның белгіленуі, оның созылу ұзақтығын санау арқылы түсіндіріліп, оған мысал ретінде жаттығулар жүргізіледі. Сонымен қатар олардың әндерде кездесетін жерлеріне көңіл аударамыз.
Ноталар ұзақтығының кестесін және оған байланысты көрнекіліктер қолдану оларға вокалдық жаттығулар, дыбыс тізбектерін айтқызу арқылы оқушылардың санасына жеткіземіз.Дыбыс ұзақтықтары сияқты музыкада кездесетін үзілістерді таныстыруда да осы тәсілдерді қолданып, кестелеп, көрнекіліктер арқылы түсіндіреміз.
Сыныпты нота ұзақтықтарымен, паузалармен таныстырған кезде әр түрлі ойындар, жұмбақтар, ребустар қолдануға болады.
Мысалы : Ми-ша, фа-соль, до-ми-но, до-мик так-си, та-рел-ка т.б. сөз жұмбақтар қолдануға болады.
4-сыныпта музыка сауаттылығығын оқыту 1-3 сыныпта алған негізгі білімдерін пысықтап, аспаптық шығармаларға немесе ән шығармаларына толық талдау жасай білуді дамытуға негізделеді. Одан әрі күрделі музыкалық шығармалардың теориялық құрлымын түсіне білу, оркестірлер түрлерімен танысып, оған кіретін аспаптар үндерін айыра білуге ынталандырамыз. Дауысқа арналған шығармалар түрлері, хор ,ария, оратория, контата деген музыкалық терминлдермен танысып, оларды тыңлап, құрлымын, мазмұнын талдай білу үйретіледі.
Музыканың күрделі жанрларымен танысып, олардың құрылымын, түрлерін, орындаушылары және ондай шығармаларды шығарушы сазгерлермен, олардың шығармашылығымен танысады.
Мысалы : оркестр, симфония, симфониялық поэма, баллада, симфониялық суреттеме, сюита, концерттер, вариациа деген музыкалық терминдермен қатар күрделі музыкалық шығармаларда қолданылатын әсерлеуші белгілер, анықтамалар: кульминация, оранжировка деген ұғымдар түсіндіріледі.
Оқушылар музыканың күрделі жанрларының бірі “операмен”, опера құрамына енетін музыкаылқ бөлімдер және олардың анықтамаларымен танысып, өздерінің музыкалық сауаттылықтарын дамытады.
Опера, либретто,лейтмотив,увертюра, ария, ариозо сияқты жаңа терминдермен танысып, оларды жеке түсіну үшін “Біржан Сара”, “Қыз жібек”, операларынан берілген үзінділер тыңдап, музыкалық білімдерін толықтырады.
4-сынып оқушыларының музыкалық білім денгейі өсіп, классикалық, камералық музыкалар, балет, реквием туралы ұғымдарымен танысады. Тыңдайтын музыкалық шеңбері кеңейіп, қазақ халық сазгерлері шығармаларымен қатар, кәсіби композиторлар, орыс және шетел композиторлар шығармаларымен танысып, оқушылардың музыкалық білімі, сауаттылығы, ой-өрісі, пайдалануы, жан-жақтылығы дамиды.
1-сыныптан бастап “Жеңілден күрделіге қарай” деген педагогикалық тәжірибелік әдісі бойынша құрылған қазіргі бағдарламалар және оған сәйкес шыққан оқулықтар бойынша жас ұрпаққа жүйелі тәрбие беруге мол мүмкіншілік бар. Ол үшін әрбір музыка пәні мұғалімінің шеберлігі мен қиялшылдығы, ізденпаздығы, жігерлігі қажет.
Бастауыш сынып оқуышыларына музыкалық білім беру арқылы олардың бойындағы қасиеттерін ояту, дамыту үшін сабақтың әр іс-әрекетіне байланысты шығармашылық тапсырмалар беріп отырған өте дұрыс. Егер де сабақ өте тартымды, қызықты құрылған болса, оқушыларды ынталандыратын әр-түрлі тәсілдермен әдістерді қолдана отырып, оларға өз қалаулары бойынша апсырмалар беріп отыруға болады. Тыңдаған күйге , үйренген әнге байланысты не болмаса бүгінгі сабақ тақырыбына байланысты суреттер салу, әңгімен құрау, өлең құрау, әуен құрау, мүсін жасау. т.б. өз қолдарынан келетін өнерлері бойынша тапсырма беріп отыруды жүйелендіріп, әр-бір жаңа сабақтың басында үй тапсырмасын тексеру ретінде 3-4 минут уақыт бөліп қадағалап отырса, әр оқушының бойындаға өнерге ғылымға деген бейімділікті қасиетті дамытуға болады. Осылайша оқушылардың жан-жақтылығы, іскерлігін, құлшынысын қалыптастырып, оларды еңбек етуге , белгілі бір нәрсемен шұғылданып, кәсіби мамандыққа бет бұруға баулимыз. Мұндай шығармашылық тапсырмаларлың нәтижесінде суретшілер көрмесін, ақындар айтысын, мүшәйрасын, жазушылар пікірталасын ұйымдастырып ,оқушылардың алға қарай ұмтылысын ,ынтасын арттыруға болады.
ІІтарау Мектептегі музыка сабағының ерекшелігі және танымдық тағлымы.
Мектептегі музыка ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz