Ұлы Отан соғысы. Шайқас даласындағы қазақтандықтардың ерліктері
Мазмұны
Кіріспе
1. Ұлы Отан соғысының басталуы. (1941.1945ж)
2. Қазақстан Ленинград майданында.(1941.1943ж. қазақтар)
3. Шайқас даласындағы қазақтандықтардың ерліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

1941 жылы 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына басып кірді. Төрт жылға созылған Ұлы Отан үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды.Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатында жұмылдыруды талап етті.Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады.Сөйтіп,халық азаттығы соғысына бір кісідей көтерілді.Ұлы Отан соғысы басталған алғашқы күндері өткен жиындарыда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери камиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді.Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысты. Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды. Бұған дейінгі өткен жиырма жылдың ішінде жоспарланғандай птриарқалдыт федализімнен осцализімге аса зор секітіс жасауды, халықтардың экономикалық және мәдени жағынан іс жүзіндегі теңсіздігін жоюды жүзеге асыруға қол жетпегеніне қарамай, көп нәрсе жасалған еді.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистке қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті. Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді.
1941 жылы 9 қыркүйекте фашистер Ленинградқа шабуыл жасады. Қазақстандық әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 310-атқыштар дивизиясы және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге, өмір жолын салуға қатысты.Қазақстанда құрылған 310-атқыштар және 314-дивизиялары 1941 жылдың күзінен бастап Ленинград үшін болған шайқастардың бәріне қатысты. Осы обыыстың 22 елді мекенін азат етті. Жауды улкен шығынға ұшырады. Қарапайым қазақ қызы Мәншүк мәметова кенес одағынын батыры атағы осы Ленинград-Псков бағытындағы шайқастарда көрсеткен асқан ерліктері үшін берілді.Мәншүг қанатын жая, максимкасын айқара құшақтай жығылды.
Қазақ қызының Невель Псков облысында қаласы үшін шайқаста көрсеткен бұл ерлігін қала тұрғындары мәңгі есте сақтайды. Қазір бұл қаланың бір көшесі Мәншүктің атымен аталады.

Пайдаланған әдебиеттер.
1. Мухамеджанов А. Казахстанцы в битве под Москвой. Алма-Ата, 1968
2. Битва за Ленинград. 1941—1944. М., Очерки истории Ленинграда .
3. Казахстанская правда, 1942ж 9 октября.
4. Совет Одағынң Ұлы Отан оғысы. «Қазақстан» баспасы Алматы 1972 жыл .
5. Қазақ ССР тарихы «Ғалым» баспасы. Алматы 1984 ж V том.
6. Ч.Мусин. Қазақстан тарихы Алматы 2005 жылы.
7. Бисен Жұмағалиев. Қазақтар Ленинград майданында «Елорда» Астана 2005 жыл .
8. Қазақстан тарихы. Алматы 2006 жыл
9. Т.Тұрлығұлов. Қазақ елінің қысқаша тарихы. Алматы 1982 жыл..
10. Жамбыл Жабаев. «Жазушы» баспасы. Алматы 1982 жыл

1. Ұлы Отан соғысының басталуы. (1941-1945ж)
2. Қазақстан Ленинград майданында.(1941-1943ж. қазақтар)
3. Шайқас даласындағы қазақтандықтардың ерліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Зертеудің мақсат-міндеттері.
Мақсаты: Курстық жұмыстың тақырбы Қазақстандақытардың Ленинград үшін
шайқастағы ерліктері. Тақырыпқа сәйкес берілген жоспардағы негізгі
бөлімдегі мәселелерді толығымен ашып, оған сипаттама беру курстық жұмыстың
мақсаты болып табылады. Тек бұнымен гана шешіліп қоймай сонымен қатар
қазіргі таңдағы зарттуларді пайдаланып осы тақырыпқа байланысты жаңа
пікірлері енгізіп, оны әрі қарай зерттеп, оған сипаттама беру болып
табылады.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Ұлы Отан соғысының басталуы. Қазақстан тарихында алатын орны , оның
маңыздылығына зеріттеу жүргізу.
-Ленинград майдандағы қазақтардың ерліктеріне айқындама жасау, актуальдығын
көрсете білу.
-Негізгі мәліметтер бойынша және жаңа әдебиеттерді пайдаланып Ленинград
майданына баға беру.
-Тақырыпты бүгінгі күнмен байланстырып, жаңаша тұжырым шығару және ортақ
өркениет тұрғысынан жұйелеу.
Зерттеудің өзектілігі
Қазақтар Ленинград майданында – қазақ халқы мен Қазақстан тарихында ғы зор
құбылыс. Ұлы Отан соғыының тарихында ерекше орын алған Ленинград
шайқасының жеңіспен аяқталганына 63 жыл толды. Ленинград жау қоршауында
900 күн болды. Оның қорғаушылары аштықтың да , қатал соғыстыңда да
азабын бастан кешірді, бірақ берілмеді. Соның нәтижесінде жеңіске
жетті.
Тарихнамасы
Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша, Ұлы Отан соғысы туралы негізгі
әдебиеттер мен қосалқы тарихнамалар, газет журналдарды пайдаландым.
Кіріспе
1941 жылы 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына
басып кірді. Төрт жылға созылған Ұлы Отан үшін бұрын-соңды бастан кешкен
барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды.Соғыс елді біртұтас жауынгерлік
лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан
мүддесіне, жауды жеңу мақсатында жұмылдыруды талап етті.Қазақстан
еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады.Сөйтіп,халық азаттығы соғысына
бір кісідей көтерілді.Ұлы Отан соғысы басталған алғашқы күндері өткен
жиындарыда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екендіктерін
білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы
қалалық және аудандық әскери камиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты.
Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып,
майданға аттануға тілек білдірді.Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің
бір бөлігі ретінде қатысты. Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар
мол адам және табиғи ресурстары болды. Бұған дейінгі өткен жиырма жылдың
ішінде жоспарланғандай птриарқалдыт федализімнен осцализімге аса зор
секітіс жасауды, халықтардың экономикалық және мәдени жағынан іс жүзіндегі
теңсіздігін жоюды жүзеге асыруға қол жетпегеніне қарамай, көп нәрсе
жасалған еді.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап қазақстандықтар барлық майданда
шайқасты. Олар Отан үшін фашистке қарсы бағытталған ұрысқа аянбай кірісті.
Қазақстанда ұйымдастырылған көптеген әскери бөлімдер майданға жіберілді.
1941 жылы 9 қыркүйекте фашистер Ленинградқа шабуыл жасады. Қазақстандық
әскери құрамалардың үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. 310-атқыштар
дивизиясы және 314-дивизия Ленинград облысының 22 елді мекенін азат етуге,
өмір жолын салуға қатысты.Қазақстанда құрылған 310-атқыштар және 314-
дивизиялары 1941 жылдың күзінен бастап Ленинград үшін болған шайқастардың
бәріне қатысты. Осы обыыстың 22 елді мекенін азат етті. Жауды улкен
шығынға ұшырады. Қарапайым қазақ қызы Мәншүк мәметова кенес одағынын
батыры атағы осы Ленинград-Псков бағытындағы шайқастарда көрсеткен асқан
ерліктері үшін берілді.Мәншүг қанатын жая, максимкасын айқара құшақтай
жығылды.
Қазақ қызының Невель Псков облысында қаласы үшін шайқаста көрсеткен бұл
ерлігін қала тұрғындары мәңгі есте сақтайды. Қазір бұл қаланың бір көшесі
Мәншүктің атымен аталады.
1. Ұлы Отан соғысының басталуы
Сонымен 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия КСРО-ға тұтқиылдан
соғыс ашты. Ұлы Отан соғысы басталды. Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ
Алматы, Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан, Қырғыстаннан шақырылған жігіттерден 316-
атқыштар дивизиясы жасақталды.Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы
генерал И.В.Панфилов тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде
Қазақстанда 238,310,314,387 және 391-атқыштар дивизиялары құрылды. 1941
жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс
кезінде небары республикада 12 атқыштар, 4 атты әскери дивизиясы,жиырмадан
аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерінің
полктері , әр түрлі соғыс саласының ондаған батальендары құрылды. Қарулы
күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. қазақстандықтар
қатысты.Республика майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автомашина, 1,5 мың
трактор, 110,4 мың жылқы және 16,2 мың арба жіберді. Қазақстандық
жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен қатар Курск иінінде,
Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жанқиярлықпен соғысты. Ленинград
қоршауындағы әскери бөлімдерде қызмет еткен жауынгерлердің арасында
Д.Шыныбековтың, алысқа ататын зеңбірекке бекітілген аэростат командирі
С.Жылқышиевтің есімдері мақтанышпен аталды. 1942 жылғы шайқастардың бірінде
Батыс Қазақстан обылысындағы Жаңақала ауданының түлегі Арыстан Ахметов өз
есімін өшпес даңққа бөледі. Ол 19 жауынгермен әскери маңызы бар бір төбені
жаудан қорғап, соңғы адамы қалғанша соғысты. Жаралы ес-түссіз жау қолына
түскен одан жау солдаттарры әскери мағлұмат алмақ болып азапқа салды.
Тістерін сындырып, құлағын кесті. Осындай азапта жау офицерінің бетіне
түкіріп,қайсарлық пен қаһармандық үлгісін көрсеткен А.Ахметвоты қанішерлер
үстіне жанармай құйып өртеп жіберді.Батыр жігіт жау алдында сес ббермей,
өмірден өтті. Елге оның ерлігі туралы хабар майдангер жаушы Павел
Кузенцовтың очерктері арқылы жетті.
1940 жылы 18 желтоқсан фашистік Германия Барбаросса соғыс жоспарын
жасады. Бұл жоспардың мақсаты КСРО-ға қарсы соғыс ашу, Қауырт соғыс
идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау.\1
Бұл соғыс жоспары бойынша фашистер КСРО-ны бірнеше территорияға
бөлгісі келді. Рейхкоммиссариятында 6-бөлікке бөлуді көздеді:
1. Остланд- Беларусь пен Балтық жағалауы.
2. Украина.
3. Масковия- Ресей жері.
4. Кавказ.
5. Еділ-Орал.
6. Гросс Түркістан (Үлкен Түркістан)
Үлкен Түркістан орталығына енген аймақтар: Қазақстан, Орта Азия,
Татарстан, Башқұртстан, Әзербайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжан,
Ауғанстанның солтүстік аймақтары кірген.\2
Фашистік Германияның қуыршақ мемлекет құрудағы көздеген экономикалық және
саяси мақсаттары: біріншіден Ұлы герман империясы үшін қуатты шикізат және
азық-түлік базасына айналдыру, екіншіден кеңес елін отарға айналдырып,
халықтарын құлдыққа түсіру. Республика адам күштерімен тек қазақстандық
құрамалар мен бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жердегі
басқа да құрамалар мен бөлімдерді толықтырып отырды. Армия қатарына 1 млн.
196 мың 164 қазақстандықтар қосылып, әрбір бесінші адам соғысқа аттанды
Еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР-нен 700 мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс
жылдарында 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941-1945
жылдары әскери оқу орндарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді.
Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап республика экономикасы әскери бағытқа
көшірілді. Бейбіт мақсатта жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген
кәсіп орындар қорғаныс өнімдерін шығара бастды. Майданға жақын өңірлерден
220 зауыт пен фабрика, цехтар мен артельдер Қазақстанға көшірілді.
Өнеркәсіп орындарын көшіру 2 рет жүргізілді: біріншісі 1941 жылдың аяғы-
1942 жыл басы, екіншісі 1942 жылдың күзі.Көшіріліп әкелінген 54 зауыт пен
фабрика Тамақ өнеркәсібі халық комиссариятының қарамағында болды. Жеңіл
және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ-
киім саласының қуаты 12 есе, барлығы былғары салмағының қуаты 10 есе өсті.
Көшірілген кәсіпорынның 20-сы қару-жарақ пен оқ-дәрі шығаратын болып қайта
құрылды. Көшіріп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен мына
аймақтарға орналастырылды: Алматы, Орал, Петропавл, Шымкент, Семей,
Қарағанды, Ақтөбе. Республика жмышы табының қатарына одақтас
республикалардан мамандар келіп қосылды. Тоқымашылар, тамақ өнеркәсібі
қызметкерлері, мыңдаған теміржолшылар, 7 мыңдай инженер-техниктер-
Мәскеуден, Киевтен, Харьковтен. Фашистік басқыншылардан азат етуде ерекше
көзге түскен бөлімшелердің құрметіне майдандық онкүндіктермен айлықтар
өткізілді: 1943 жылғы ақпан- Шымкент қорғасын зауытының ұжымы Ленинградты
қорғаушылар құрметіне еңбек өнімділігін арттыруға міндеттеме алды.
Петропавл, Ақтөбе теміржолшылары Харьковты азат еткен дивизиялар құрметіне
майдандық вахтаға түрды. Жекелеген жұмысшыларға, ауысымдарға, бригадаларға,
цехтарға арналған жинақ қорлары енгізілді. 1944 жылы, бүкілодақтық еңбек
жарысында мал шаруашылығын өркендетудегі табыстары үшін Батыс Қазақстан
облысының Жаңақала, Гурьев облысының Қызылорда ауданы КСРО Қорғаныс
комитетінің Қызыл Туын жеңіп алды.
1941-1945 жылдары калхозшылар майданмен тылға 5 млн. 829 мың тонна
астық, 734 мың тонна ет жіберді. Майданға және басқыншылардан азат етілген
аудандарға бүкілхалықтық көмек ұйымдастырылды.Мәскеу шайқасы кезінде
Шымкент темір жол тарабының комсомолдары Қазақстан комсамолы танк
колоннасына қаржы жинап, бастама көтерді.\3
1942 жылғы қыркүиек – Қазақстан комсамолы деген жазуды бар 45 жауынгерлік
машина Сталинград майданына жіберілді.
1943 жылғы қыркүйек-Оңтүстік Қазақстанның ауыл жастары Қазақстан
комсомолы сүңгуір қайығын жасауға бастама көтерді.
1943 жылы қаңтарда жау қоршауын бұзу Ленинградтың жағдайын көп
жақсартып тастады. Дегенмен де Ленинград майдандық қала күйінде қала берді.
Жау оның іргесінде тұрды. Фашистік авиация қалаға үнемі шабуыл жасап тұрды,
ауыр зеңбіректер оның адамдар тұрған кварталдарын атқылады. Соның
нәтижесінде 16 747 ленинградтық. қаза тауып, 33 782 адам жараланды.
Бірақ айуандықпен атқылаулардың қандайы болса да халықтың еңсесін
түсіре алмады. Ұлы Лениннің есімімен аталатын қала сұралып соғыс жағдайында
да күш жинай берді. Ленинградтықтар патриотизмнің, табандылық пен
төзімділіктің үлгісін көрсетіп қана қойған жоқ, сонымен қатар тамаша
ұйымшылдықтың да үлгісін көрсетті. Заводтарда, фабрикаларда, мекемелерде,
көшелерде — барлық жерде де қатаң тәртіп сақталды.Қаһарман қаланың айбынды
штабы, бүкіл өмірінің жаны ВКП(б) қалалық комитеті (секретарьлары
А.А.Жданов, А.А.Кузнецов, Я.Ф. Капустин) мен еңбекшілер депутаттарының
Советі (председателі П.С.Попков) болды. Солардың басшылығымен
ленинградтықтар асқан жігермен еңбек етті. Олар өздерінің қызмет орнында
солдаттардай тұрды. 1943 жылдың тертінші тоқсанының жоспары барлық негізгі
көрсеткіштер бойынша орындалды. Бір жыл ішінде еңбек өнімділігі мықтап
артты. 1943 жылы оқ-дәрі шығару, әсіресе ірі калибрлі зеңбіректер үшін
снаряд шығару шұғыл артты. Заводтар пулеметтермен, автоматтармен Ленинград
майданын толык, қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге қор да жасады.
Сол жылы соғыс уақытында алғаш рет жаңа соғыс кемелерін жасаудың негізі
салынды. Бейбіт түрмысқа керекті өнімдер де — генераторлар, тоқу машиналары
шығарыла бастады! Отын мен электр знергиясын үнемдеу жолындағы, түрғын
үйлерді қысқа жақсы әзірлеу жолындағы жарыс жүріп жатты. Қала халқы өз
күштерімен 7 мың үйді жөндеуден өткізді. Ленинградтықтар совхоздарда,
қосалқы шаруашылықтар мен жеке огородтарда 134 мың тонна картоп пен азық-
түлік өсіріп, жинап алды.
Ленинград 1944 жылдың бас кезінде алғы шептегі жауынгерде сапта
тұрды. Өткен жылдың ішінде қала бұрынғыдан да күшейіп, қуаттана түсті.
Ленинградтықтар бастан кешірген қайғы-қасірет пен азап үшін, төгілген қан
мен көз жасы үшін, туған қалаға салынған жара үшін өш алу сағатын асыға
күтті. Ол сағатта жақындай түсті. Совет партизандары шабуылдың барысында
Қызыл Армия бөлімдерімен бірлесе әрекет жасады. Партизандар Қызыл Армияның
бөлімдерімен бірге көптеген реттерде өз алдарына да, елді мекендер үшін
ұрыстар жүргізді, жаудың транспортына, оның жеке бөлімшелеріне шабуыл жасап
отырды.\3
2. Қазақтар Ленинград майданында
Ленинград облысының жау басып алған жерлерінде басқыншыларға қарсылық
көрсету күшейе түсті. Гитлершілдерді ыза кернеді. Олар Ленинградты басып
алу жоспарларының сәтсіздікке ұшырағаны үшін өздерінің өшін бейбіт халықтан
алды. Басқыншылар қалаларды қиратты, селоларды өртеді, адамдарды
Германияға каторгаға айдады, машиналарды, астықты, малды, үй мүліктерін
тасып әкетті. Фашистердің айуандықпен жасаған озбырлығы оларға деген
өшпенділікті күшейте түсті.Қызыл Армияның жеңістері жігерлендірген совет
адамдары партизандарға барып қосылып жатты. 1944 жылдың басында Ленинград
партизандарының саны 35 мың адамға жетті. Олар 13 бригадаға біріктірілді.
Совет әскерлерінің шабуылы алдында партизандардың негізгі күштері Гдов,
Псков, Струг Красных, Луга аудандарында дұшпанның қатынас жолдарына соққы
берді. Ленинград, Волхов және 2-ші Прибалтика майдандарына генерал-
фельдмаршал Г. Кюхлер басңарған Солтүстік армияларының топтары (18-ші
және 16-шы армиялар) қарсы тұрды. Ол топта 741 мың солдат пен офицер, 10
070 зеңбірек пен миномет, 385 танк және штурм зеңбірегі, 370 самолет болды.
Гитлершілдер екі жарым жыл ішінде күшті қорғаныс жасап алды. Олар темір
бетоннан және ағаш-балшықтан атыс ұяларын салып, олардың төңірегін миналап,
сыммен қоршап тастады.
Қызыл Армияның Ленинград пен Новгород түбіндегі шабуылы мұқият дайындалды.
1943 жылдың сентябрінде-ақ Ставка Ленинград және Волхов майдандарының
әскери советтерінің алдағы операциялар туралы ұсыныстарын талқылап, оларға
өзгерістер енгізді. Бас штабтың, майдандардың және Балтық флотының
командованиелерінің одан арғы үлкен жұмыстарының нәтижесінде операция
жоспары жасалды. Ол 1944 жылғы қысқы науқанның жоспар-картасында
көрсетілген. Совет командованиесі шабуылды Ленинград, Волхов, 2-ші
Прибалтика майдандарының және Балтық флотының күшімен жүзеге асыруды
ұйғарды. Сондай-ақ алысқа ұшатын авиация (командашысы маршал А. Е.
Голованов) және партизандар қатыстырылды. Майдандардың кұрамында 1 241 мың
солдат пен офицер, 21 600 зеңбірек пен миномет, 1 475 танк пен өздігінен
жүретін зеңбірек, 1 500 самолет болды) Біздің командование басында жаудың
қанаттағы 18-ші армиясының Петергоф-Стрельна және Новгород топтарын
Ленинград пен Волхов майдандарының күшімен талқандауды белгіледі. Сонан соң
олардың алдында Кингисепп пен Луга бағыттарында шабуылды үдетіп, бұл
армияны талқандауды аяқтап, Луга өзенінің шебіне шығу міндеті тұрды.
Кейіннен үш майданның үшеуі де, Нарва, Псков жэне Идрица бағыттарында
шабуыл жасауға, жаудың 16-шы армиясын талқандап, Белгаград пен Калинин
облыстарын толық азат етуге тиіс болды.\4
Шабуылға шығар алдында әскерлерде партияльқ-саяси үлкен жұмыс өрістетілді,
бұл жұмыс Қызыл Армияның тамаша жеңістерін насихаттауға, жауынгерлерді
нөпір шабуылға жігерлендіруге бағытталды. Ленинград партия үйымы бұған
белсене қатысты. Партияның облыстық, қалалық комитеттерінің бюролары
әскерлер арасына партияның көптеген жауапты кызметкерлерін жіберді. Жақсы
ұйымдастырылған партиялық-саяси жұмыс әскер бөлімдері мен бөлімшелерінің
жауынгерлік қабілетін арттыруға жәрдемдесті.
Ленинград майданы — командашысы генерал Л.А.Говоров, Соғыс советінің
мүшесі генерал А.А.Жданов, штаб бастығы генерал Д.Н.Гусев — 1944 жылғы 14
январьда шабуылға шықты. Генерал И.И.Федюнинскийдің 2-ші тегеурінді армиясы
Ораниенбаум плацдармынан Ропша бағытында соққы берді. 15 январьда генерал
И.И.Масленниковтың 42-ші армиясы ұрысқа кірісіп, Пулково төбесі маңынан
Ропшаға қарай шабуыл жасады.
Бірден қиян-кескі ұрыс басталды. Неміс-фашист әскерлері, күшті
қорғанысқа сүйеніп, қатты қарсылық көрсетті. Сондықтан да әрбір тірек
пункті үшін күрес орасан зор күш пен құрбандықты керек етті. Алғашқы үш
күнде 2-ші тегеурінді армия мен 42-ші армия небәрі 8— 10 километр ғана
ілгері басты. Бірақ дұшпан әлсірей бастады. Армия командашылары 18—19
январьда шайқасқа өздерінің екінші эшелондары мен жүрдек топтарын салды. 2-
ші тегеурінді армия 19 январьда Ропшаны, ал 42-армия Красное Селоны алды.
Сол күні кешкісін жаудың Петергоф-Стрельна тобы талқандалды. Екі армияның
алғы шептегі құрамалары Русско-Высоцкое аймағында кездесті.
Балтық флоты — командашысы адмирал В.Ф.Трибуц, Соғыс советінің мүшесі
адмирал Н.К.Смирнов, штаб бастығы адмирал А.Н.Петров — авиация
соққыларымен, кемедегі және жағалаудағы артиллериядан атқылаумен Ленинград
майданының жау қорғанысын бұзып өтуіне, артиллерия топтарын жоюға
жәрдемдесті, сонымен қатар оның теңіз жағасындағы қанатын қамтамасыз
етті.\5
Новгород түбіндегі оқиғалар да онан кем түскен жоқ. Волхов майданы да
— командашысы генерал К.А.Мерецков, Соғыс советінің мүшесі генерал
Т.Ф.Штыков, штаб бастығы генерал Ф.П.Озеров — шабуылды 14 январьда бастады.
Генерал И.Т.Коровниковтың 59-шы армиясының әскерлері жаудың қорғанысын
бұзып өтуде орманды-батпақты жерлердің қиын жағдайларында қимыл жасады. Бұл
армияның генерал Т.А.Свиклин басқарған оңтүстік тобы ойдағыдай шайқасты. Ол
топ 14 январьға қараған түні мұздың үстімен Ильмень көлінен жасырынып өтіп,
ұрыспен плацдармды алды, араға біраз уақыт салып Новгород-Шимск темір жолын
кесіп тастады. Біздің әскерлер-дің бұзып өтуін тоқтату үшін дұшпан Новгород
түбіне резервін келтіріп, қарсы шабуылға шықты. Бірақ мұның бәрі де оған
демеу болмады. Біздің әскерлер 20 январьда Новгородты алды.Сөйтіп, Балтық
флоты мен алысқа ұшатын авиацияның қолдауымен Ленинград пен Волхов
майдандары немістің 18-ші армиясының қанаттағы топтарын талқандап, Фин
шығанағынан Ильмень көліне дейін бүкіл майданда шабуылға шығуға жағдай
жасады. Гитлерлік командование 18-ші армиясының қоршауда қалып қоюынан
қауіптеніп, оның әскерлерін 21 январьға қараған түні Тосно, Чудоводан
оңтүстіктегі иіннен алып кетті. Ленинград майданы Кингисепп пен
Красногвардейскіге шабуылды өрістетті. Әскерлер 30 январьда Луга өзенінің
төменгі жағына шығып, оның бірнеше жерінен өтті. Волхов майданы Луга мен
Шимск бағыттарында шабуыл жасады. Майданның оң қанаты мен орталығындағы
әскерлер январьдың аяқ шенінде Октябрь темір жолын жаудан тазартты, ал сол
қанаттағы әскерлер партизандармен бірлесіп, Передольская станциясын алды.
2-ші Прибалтика майданы — командашысы генерал М.М.Попов, Соғыс
советінің мүшесі генерал Н.А.Булганин, штаб бастығы генерал Л.М.Сандалов —
белсене қимыл жасап, жаудың 16-шы армиясын бөгеп, оның әскерлерін Ленинград
пен Новгород түбіне жіберуге жол бермеді. Майданның сол қанатының әскерлері
29 январьда Новосокольники темір жол станциясы әрі қаласын алды.
Совет әскерлерінің қаһармандықпен күш салуы арқасында жау Ленинградтан
қуып тасталды. Ленин қаласының үстінде аспанды нұрландырған салют жау
қоршауының енді қайтып болмайтындай біржолата алынғанын бүкіл дүние жүзіне
хабарлады. Бұл үлкен мереке болды. Ақын Н.Тихонов сол ұмытылмас күн жөнінде
былай деп жазды: Адамдар қуанғаннан әрі жылады, әрі күлді, адамдар
салюттің жарқылы арқылы қараңғы түнектен жеңілмейтін алып қаланың тұлғасын
нұр шашқан көздерімен көрді. Петропавл соборының күмбезі де, қарт қамалдың
порттары да, жағалаудағы көшелер де, Адмиралтейство, Исаакий, Нева өзенінің
бетіндегі кемелер де, Невский, бүкіл қала салтанатты шаттық нұрына
бөленді.\6
Совет әскерлері февральдың бірінші жартысында шабуыл жасаумен болды.
Ленинград майданы негізгі күштерімен Нарва мен Гдовқа, ал күштердің бір
бөлегімен (генерал В. П. Свиридовтың 67-ші армиясы) Луга қаласына шабуыл
жасады. 1 февральда 2-ші тегеурінді армия Луга өзенінен өтіп, Кингисеппті
алды. Бір күннен кейін ол Нарва өзенінің бойына шығып, плацдармды басып
алды. 42-ші армия жаумен ұрыс жүргізе отырып, Кингисепптен оңтүстікке таман
Луга өзенінен өтті, сөйтіп 4 февральда партизандар азат еткен Гдовқа келіп
кірді. Волхов майданы негізгі күштермен шығыстан жайлап Луга қаласына қарай
ілгеріледі.
Неміс-фашист командованиесі 18-ші армиясымен совет әскерлерін тоқтата
алмай, Луга ауданына майданның басқа участоктарынан тығыз түрде дивизиялар
жібере бастады. Февральдың басында гитлер-шілдер бұл жерде күшті топ құрды.
Жау Луга мен Уторгош аймағынан қарсы соққы беріп, 3 февральда Передольская
станциясының батыс жағында біздің екі дивизияның бөлімдері мен партизан
полкын қоршауға алды. Алайда қоршауда қалған топты жау жойып жібере алмады.
256-шы дивизияның командирі, полковник А.Г.Козиевтің басқаруымен совет
жауынгерлері екі апта бойы, негізгі күштер келіп жеткенге дейін жау
шабуылдарына ерлікпен тойтарыс берді. Луга аймағында кескілескен ұрыстар
күндіз-түні бір тынбады. Орағытып жасаған маневрдің нәтижесінде біздің
әскерлер жау тобын талқандап, 12 февральда Луганы алды. 15 февральда кешке
қарай Ленинград және Волхов майдандарының әскерлері Нарва өзені, Псков
көлінің Солтүстік жағы, Крени, Шимск шебіне шьқты.
Жаудың шегініп бара жатқан 18-ші армиясы толық талқандалу қаупіне
ұшырады. Немістің 16-шы армиясы да қауіпті жағдайға тап болды. Фашистік
командование оның құрамаларын батысқа әкете бастады. Ол армияның шегінуін 2-
ші Прибалтика майданының командованиесі дер кезінде білмей қалды. Сондықтан
да оны өкшелей қуу кешігіп басталды. Майдан әскерлері 18 февральда Старая
Руссаны, ал үш күннен кейін — Холмды алды.
22 февральда соғыс әрекеттерінің барысын тікелей басқарып отыған Ставка
майдандардың алдына жаңа міндеттер қойды. Олар Солтүстік армиялар тобын
талқандауды аяқтап, советтік Прибалтика республикаларын азат ете бастауға
тиіс болды. Ленинград майданы Эстония жеріне аяқ басты, Нарва өзенінің арғы
жағында плацдармды. кеңейтті, бірақ Нарва қаласын ала алмады. Майданның сол
қанатының әскерлері дұшпанды Псков бағытында өкшелей қуа берді. Олар 24
февральда 2-ші Прибалтика майданының, Остров бағытында жауды қуып бара
жатқан 1-ші тегеурінді армиямен өзара бірлесіп қимыл жасап, темір жолдың
маңызды торабы —- Дно станциясын алды. Фев-ральдың аяқ шенінде екі майдан
да Псков пен Островтан шығыс аймақтарға шықты. 2-ші Прибалтика майданының
сол қанатының әскерлері Новоржев Пустошка шебіне жетті. Дұшпанның табан
тірескен қарсылығына кездесіп біздің армия Латвия ССР-нің шекарасына кіре
берісте тоқтауға мәжбүр болды.\7
Бір жарым айдан аса уақыт бойына үздіксіз ауыр ұрыстар жүргізілді. Бұл
жауынгерлерден орасан кеп дене және моральдық күш жұмсауды керек етті. Оның
үстіне ауа райы да нашар болды. Жылымық, тұман, бұрқасын ұрыс әрекеттерін
қиындатып жіберді. Шабуыл жасаған әскерлер орман арқылы, бұзылған, лай
жолдармен, батпаң-тарды кешіп жүрді. Олар февральдың аяқ шенінде оқ-дәрі
мен соғыс техникасынан тапшылық көре бастады. Сонымен қатар қосымша адам
күштері де керек болды. 1 мартта Ставка майдандарға қорғанысқа көшіп, жаңа
операцияларға дайындала бастау жөнінде бұйрық берді. Совет Қарулы
Күштерінің Ленинград пен Новгород түбіндегі шабуылы жеңіспен аяқталды.
Қызыл Армия Солтүстік армиялар тобын ауыр жеңіліске ұшыратып, оны батысқа
қарай 220—280 километр қуып тастады. Жаудың 3 дивизиясы құртылып жіберілді,
ал 17 дивизиясы талқандалды. Шабуылдың аса маңызды нәтижесі — Ленинградты
қоршаудан толық азат ету, Ленинград және Калинин облыстарын түгелдей дерлік
өз Отанымыздың аясына қайтару болды. Ленинградтағы жеңіс,— деді
М.И.Калинин,— бүл Ленинград үшін ғана емес, сонымен қатар совет халқының
неміс басқыншыларына қарсы күресінің бүкіл барысы үшін маңызы бар әскери
жеңіс.
Жеңіске Ленинград, Волхов және 2-ші Прибалтика майдандары әскерлері
жүргізген қиын да сұрапыл күрес нәтижесінде қол жетті. Сонымен қатар Балтық
флоты, алысқа ұшатын авиация, Ленинград партизандары да оған үлкен үлес
қосты. 2-ші тегеурінді армияның дивизиялары мен соғыс техникасын Қызылтулы
Балтық флотының кемелерімен шебер түрде Ораниенбаум плацдармына жеткізу
операцияны дайындауда ерекше роль атқарды, мұның өзі қиын мұз жағдайларында
жүзеге асырылды. Совет ұшқыштары құрлықтағы әскерлер мен флотты сенімді
түрде қорғап, дұшпанның қорғанысы мен резервтеріне соққы берді. Тек
генералдар С.Д.Рыбальченко мен И. П. Журавлевтің 13-ші және 14-ші әуе
армиялары ғана январь — февраль айларында жауға 13 мыңдай ұшу сапарын
жасады, ал Балтық флотының генералы М.И.Самохин басқарған авиация полкының
ұшқыштары 4500-ге жуық ұшу сапарын жасады. Алысқа ұшатын авиация жаудың
қорғанысы мен тылының аса маңызды объектілеріне бомба тастап, соққы берді.
Совет партизандары шабуылдың барысында Қызыл Армия бөлімдерімен бірлесе
әрекет жасады. Партизандар Қызыл Армияның бөлімдерімен бірге көптеген
реттерде өз алдарына да, елді мекендер үшін ұрыстар жүргізді, жаудың
транспортына, оның жеке бөлімшелеріне шабуыл жасап отырды. Дұшпанның
қатынас жолдарында әрекет жасап, олар 58 мыңнан астам рельсті, 300 көпірді
талқандады, 130-дан астам әскери эшелонды құлатты. Халықтың кек алушылары
өздерінің қаһармандық күресімен жоғары бағаға ие болды. 5 мың адам
ордендермен және медальдармен наградталды. Н.Г.Васильев, А.В.Герман,
К.Д.Карицкий, В.И.Никифоров, И.И.Сергунин және басқалар Совет Одағының
Батыры атағын алды.\8
Әскерлердің ұмытылмас шабытты шабуыл жасауы ұрыс әрекеттерінде табысқа
жетуде зор маңызы болды. Саяси органдар, партия, комсомол ұйымдары үздіксіз
саяси жұмыс жүргізіп, солдаттар мен офицерлерді жеңіске жігерлендірді.
Шабуылға әзірлік жүргізген кездегі сияқты, Қызыл Армияның жеңістерін
насихаттау ісіне баса назар аударылды. Саяси қызметкерлер жауынгерлерге
біздің Отанымыздың тарихындағы және Ұлы Отан соғысындағы Ленинградтың ролі
туралы әңгімеледі. Майдандардың командованиесі мен саяси органдардың
жауынгерлерге партиялық-саяси ықпал жасауы үшін зор мүмкіндіктері болды.
Мысалы, Ленинград майданының құрамында 148 мыңнан астам коммунист пен 101
мыңнан астам комсомолец болды. Ширек миллион коммунист пен комсомолец —
ширек миллион үлгілі жауынгерлер, насихатшылар мен үгітшілер! Бұл орасан
зор күш еді, осы күшке сүйеніп командирлер мен саяси органдар әскери
міндеттерді ойдағыдай орындап отырды. Совет әскерлері февральдың бірінші
жартысында шабуыл жасаумен болды. Ленинград майданы негізгі күштерімен
Нарва мен Гдовқа, ал күштердің бір бөлегімен (генерал В. П. Свиридовтың 67-
ші армиясы) Луга қаласына шабуыл жасады. 1 февральда 2-ші тегеурінді армия
Луга өзенінен өтіп, Кингисеппті алды. Бір күннен кейін ол Нарва өзенінің
бойына шығып, плацдармды басып алды. 42-ші армия жаумен ұрыс жүргізе
отырып, Кингисепптен оңтүстікке таман Луга өзенінен өтті, сөйтіп 4
февральда партизандар азат еткен Гдовқа келіп кірді. Волхов майданы негізгі
күштермен шығыстан жайлап Луга қаласына қарай ілгеріледі.
3. Шайқас даласындағы қазақстандықтардың ерлігі
Совет жауынгерлерінің жоғары саяси-моральдық рухына олардың ұрыс
майданында көрсеткен жаппай ерліктері куә. Майдандар мен флоттың 180
құрамалары мен бөлімдеріне өздері азат еткен қалалардың құрметті атағы
берілді. Көптеген дивизиялар мен бөлімдер жауынгерлік ордендермен
наградталды. Әсіресе 63-ші гвардиялық және 90-шы атқыштар, 2-ші артиллерия,
276-шы бомбалайтын авиация дивизиялары, 7-ші гвардиялық және 220-шы танк
бригадалары, Киров крейсері, Ленинград аспанының даңқты қорғаушысы, Совет
Одағының Батыры атағын екі рет алған подполковник П.А.Покрышевтің авиация
полкы және басқалар ерекше көзге түсті. Ондаған мың совет жауынгерлері
ордендер мен медальдар алды. Солдаттар, матростар мен офицерлер И.М.Бойцов,
Ф.А.Буданов, А.И.Волков, В.Г.Массальский, ер жүрек қазақ қызы, мерген Ә.
Молдағұлова, Л.Я.Райнберг, И. К. Скуридин, А. И. Спирин, А. Ф. Типанов, М.
Ф. Шаронов, А. Ф. Щеглов Совет Одағының Батыры атағын алды.
Ленинградты қорғаушылардың жасаған ерліктері жау қоршаған қалалардың
ұстамдылығы, табандылығы мен қаһармандығы туралы ескі аңыз-ертегілер мен
тарихи шындың ертегілердің бәрінен асып түсті. Ленинград — даңқты
революциялық дәстүрлер қаласы — совет адамдарының қажымас жігерін, олардың
ешқандай қиыншылыққа қарамастан социалистік Отанды қорғауға дайын екендігін
көрсетті. Ленинградтықтар өздерінің шын патриоттар екеңдігін дәлелдеді.
Олар орасан зор құрбандықтар жасады, бірақ жеңіп шығатынымызға бір минут та
күмәнданған жоқ. Қоршаудың сұрапыл күндерінде аштықтан — Төтенше
мемлекеттік комиссияның мәліметі бойынша — 641 803 адам аштан өлді. Олардың
көбі Пискаревск зиратының бауырластар қабіріне жерленді. Мемориалдық
қабырғаның тасына мынадай күйінішті де салтанатты сөздер қашалып жазылған:
...Бұлар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz