Фискалдық саясат және ондағы салықтық реттеу
КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Салық фискалдық саясаттың маңызды құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Фискалды саясаттың экономика үшін маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2 ҚАЗАҚСТАНДА БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ІСКЕ АСУ МЕХАНИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДЕГІ КӨРІНІСІ
2.1 Фискалды саясаттың қысқа және ұзақ мерзімдегі мақсаты мен олардың қызмет ету механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Нарықтық тепе.теңдiктi фискалдық саясат арқылы реттеу ... ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Фискалдық саясат деген әртүрлі көзқарастарды қорыта келе, фискалдық саясат – мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешу үшін, үкіметпен қабылданатын мемлекеттік шығындар мен салық салу шараларының жиынтығы.
Макроэкономикалық реттеуде мультипликатордың іс-әрекетінің жоғарыда баяндалған мүмкіндіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына қарай дискрециялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі. Осы фискалды саясаттың негізінде мемлекет экономиканы тікелей реттеуді жүзеге асырады. Бұл саясатта салықтық реттеудің және салық салу механизмдері саясаттары арқылы реттеудің маңыздылығы зор болып табылады.
Салық – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда салықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын тиiмдi және тұрақты дамыту мақсатымен салық жүйесiн неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын “Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты” деп алдық.
Аталған тақырыптың өзектілігі еліміздің өтпелі экономикалық негіздегі нарықтық қатынастарға өту барысында ұлттық экономиканың тиімді дамып, әлемдегі жоғары дамыған елдер қатарына қосылуы үшін макроэкономикалық реттеулердің негізгі қүралдарының бірі болып табылатын фискалдық саясаттың маңыздылығын, оның құрылымы мен түрлерін, олардың экономикаға әсерлерін қарастыру болып табылады.
Бұл тақырыпты орындаудағы мiндеттер келесiдей:
1) Салықтың жалпы экономикалық мәнiн ашу;
2) Салықтың экономикадағы атқаратын қызметтерiн көрсету;
3) Фискалдық саясаттың түрлерін талдау;
4) Қысқа және ұзақ мерзімдегі фискалды саясаттың іске асу механизмін анықтау;
5) Фискалды саясаттың түрлеріне және іске асу формасына байланысты олардың экоеномикаға тигізер әсерлерін атап өту;
6) Фискалды саясаттың негізгі құралы болып табылатын салықтардың нарық тепе-теңдігіне, макроэкономикалық көрсеткіштерге әсерін талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы екі тараудан тұрады: бірінші таруда фискалдық саясатының теориялық аспектілері, оны жүзеге асырудың құралдары мен элементтері, салық саясатының іске асу механизмі мен формаларына макроэкономикалық тұрғыдан талдау жасалса, ал екінші тарауда ҚР-ның фискалдық саясатының ерекшелігі мен іске асу барысы, оның 2008-2010 жылдарға арналған даму жоспарлары қарастырылды.

1 Қазақстан Республикасының “Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы” Заңы. (Салық Кодексi). – Алматы, 2002ж.
2 Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика. - Оқулық. – Алматы. Экономика. - 2003. – 432 бет.
3 Черник Д.Г. Починок А.П. Основы налоговой системы: Учебное пособие для вузов. – Москва: Финансы, Юнити, 1998. – 422с.
4 Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995.
5 Худяков А.И., Наурызбаева Н.Е. Налог: понятие, элементы, установление, виды. Алматы: - ТОО Баспа, 1998 – 160с.
6 Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003. – 131 бет.
7 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2007 жылғы 29 тамыз, №754, Астана, Үкімет Үйі.
8 ҚР қаржылық жағдайы туралы статистикалық ақпараттар (интернет)
9 Статистический ежегодник, 2010 год

МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ОРНЫ

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Салық фискалдық саясаттың маңызды құралы ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Фискалды саясаттың экономика үшін маңыздылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2 ҚАЗАҚСТАНДА БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ІСКЕ АСУ МЕХАНИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗІМДЕГІ КӨРІНІСІ
1. Фискалды саясаттың қысқа және ұзақ мерзімдегі мақсаты мен олардың
қызмет ету механизмі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 15
2. Нарықтық тепе-теңдiктi фискалдық саясат арқылы реттеу
... ... ... ... ..19
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
КIРIСПЕ
Фискалдық саясат деген әртүрлі көзқарастарды қорыта келе, фискалдық
саясат – мемлекеттің алдында тұрған стратегиялық міндеттерді шешу үшін,
үкіметпен қабылданатын мемлекеттік шығындар мен салық салу шараларының
жиынтығы.
Макроэкономикалық реттеуде мультипликатордың іс-әрекетінің жоғарыда
баяндалған мүмкіндіктері ескеріле отырылып экономикалық циклдың сипатына
қарай дискрециялық фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау
кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі. Осы фискалды саясаттың
негізінде мемлекет экономиканы тікелей реттеуді жүзеге асырады. Бұл
саясатта салықтық реттеудің және салық салу механизмдері саясаттары арқылы
реттеудің маңыздылығы зор болып табылады.
Салық – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк
саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда салықтың әлеуметтiк-
экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн
терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын тиiмдi және тұрақты дамыту
мақсатымен салық жүйесiн неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi
мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын “Қазақстан Республикасының фискалдық
саясаты” деп алдық.
Аталған тақырыптың өзектілігі еліміздің өтпелі экономикалық негіздегі
нарықтық қатынастарға өту барысында ұлттық экономиканың тиімді дамып,
әлемдегі жоғары дамыған елдер қатарына қосылуы үшін макроэкономикалық
реттеулердің негізгі қүралдарының бірі болып табылатын фискалдық саясаттың
маңыздылығын, оның құрылымы мен түрлерін, олардың экономикаға әсерлерін
қарастыру болып табылады.
Бұл тақырыпты орындаудағы мiндеттер келесiдей:
1) Салықтың жалпы экономикалық мәнiн ашу;
2) Салықтың экономикадағы атқаратын қызметтерiн көрсету;
3) Фискалдық саясаттың түрлерін талдау;
4) Қысқа және ұзақ мерзімдегі фискалды саясаттың іске асу механизмін
анықтау;
5) Фискалды саясаттың түрлеріне және іске асу формасына байланысты
олардың экоеномикаға тигізер әсерлерін атап өту;
6) Фискалды саясаттың негізгі құралы болып табылатын салықтардың нарық
тепе-теңдігіне, макроэкономикалық көрсеткіштерге әсерін талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы екі тараудан тұрады: бірінші таруда
фискалдық саясатының теориялық аспектілері, оны жүзеге асырудың құралдары
мен элементтері, салық саясатының іске асу механизмі мен формаларына
макроэкономикалық тұрғыдан талдау жасалса, ал екінші тарауда ҚР-ның
фискалдық саясатының ерекшелігі мен іске асу барысы, оның 2008-2010
жылдарға арналған даму жоспарлары қарастырылды.
1 ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ОРНЫ
1.1 Салық фискалдық саясаттың маңызды құралы ретінде
Салық барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен
саяси iс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi –
ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық тетiгi, мемлекеттiң кiрiстерiн
және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.
Ұйымдық-құқықтық жағынан алғанда салықтар – бұл мемлекет бiржақты
тәртiппен белгiленген, белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде бюджетке
төленетiн, қайтарусыз және баламсыз сипаттағы ақшалай және заттай мiндеттi
төлемдер.
Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет
құрылымының өзгеруi , өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен
және жаңаруымен қабаттаса жүредi.
“Салық” ұғымы әр түрлi экономикалық әдебиеттерде әр түрлi
қарастырылады. Негiзiнен көптеген экономикалық әдебиеттерде “салық” ұғымы
бюджет қорына белгiлi бiр көлемі және белгiлi бiр уақытта түсетiн мiндеттi
төлем ретiнде қарастырылады.
Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн олардың экономикалық-әлеуметтiк
маңызын түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметiне тiкелей қатысты.
Сонымен, салықтардың жалпы экономика дамуында атқаратын келесiдей
қызметтерi бар:
1) Фискалдық;
2) Рететушiлiк;
3) Бақылаушылық.
Салықтардың бiрiншi қызметi – фискалдық немесе бюджеттiк қызмет деп
аталады. Бұл салық қызметi арқылы мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiмi
құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi құрылады. Себебi, салықтар
мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып, әлеуметтiк, әскери,
қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа да шаралардың iске асуын
қамтамасыз етедi. 3, 132 б
Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiн құрайтын негiзгi қаржылық көздер –
салықтар.
Салықтар дегенiмiз мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан
белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде түсетiн мiндеттi төлемдер болып
табылады. Салықтар – шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, жеке тұлғалардың
мемлекетпен екi арадағы мемлекеттiк орталықтандырылған қаржы көздерiн
құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипатайтын экономикалық
категория. Салықтардың экономикалық мәнi мынада:
1) Бiрiншiден, салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық
табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн
көрсетедi.
2) Екiншiден, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының
белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жиынтықтардың қаржылық
қатынастарын көрсетедi.
Салықтар жалпы шығу тегi мемлекеттердiң пайда болуымен қатар өмiр
сүруi мен дамуының негiзгi қаржылық көзi болып табылады. Мемлекет
құрылымының өзгеруi, оның құрылуымен, жаңаруымен бiрге қалыптасады. әрбiр
мемлекетке өзiнiң iшкi және сяртқы саясатын жүргiзу үшiн белгiлi бiр
деңгейде қаржының көздерi керек екенi белгiлi. Ал салықтар болса осы
мемлекет қаржысының негiзгi қайнар көзi. Мемлекет салықтарды экономиканы
дамытуға, ынталандаруға және экономиканың маңызды, дамуды қажет ететiн
салаларына қолдау құралы ретiнде пайдаланылады. 4, 89 б
Осы салық салуға байланысты әр дәуiрде мемлекет қайраткерлерi.
Экономистер, философтар, аңгерлер көптеген еңбектер жазған. Мысалы,
Ф.Аквинский “Салықтарды ұрлаудың рұқсат етiлген нысаны” ретiңде анықтаса,
салық салу теориясының негiзiн салушылардың бiрi А.Смит “Салық төлеушiлер
құлшылықтың белгiсi емес, бостандықтың белгiсi” деп тұжырымдаған.
Салықтардың екiншi маңызды қызметi ол реттеушiлiк қызмет. Реттеушiлiк
қызметi салық механизмi арқылы iске асырылады. Оның iшiндегi негiзгi
тетiктер салық ставкалары мен салық жеңiлдiктерi. Салықтық реттеудiң
тетiктерi тек қана өндiрiстiң дамуын реттеп қана қоймай, сонымен қатар ақша
және баға саясаты, шетелдiк инвесторларды ынталандыру, шағын және орта
кәсiпкерлiктi дамыту және қолдау шаралары, мемлекттiк маңызы бар өндiрiстер
мен өнеркәсiп салаларын қолдау мақсатында қажет болып табылады. Әрине
салықтық реттеу тетiктерi тиiмдi қызмет атқару үшiн олардың басқа да
экономикалық құралдармен және саясаттармен тығыз байланыста болуы қажет.
Салық мөлшерiн көбейту мақсатында салық ставкаларын шектен тыс жоғары
деңгейде белгiлеу өндiрiстiң тоқтауына, өндiрушi кәсiпкердiң өз iсiне деген
ынтасын жоғалтуына және көлеңкелi экономиканың дамуына әкеледi. Мысалы,
әлемдiк тәжiрибе бойынша табыс салығын салғанда салық ставкасының деңгейi
35-40 пайыздан аспауы қажет.
Салық механизмiмiн, оның iшiнде салық ставкаларының деңгейiн
зерттеген ғалымдардың тұжырымдароы мынаны дәлелдейдi:
1) Егер төленетiн салық мөлшерi салық төлеушi табысының 50%-нан асып
кетсе, онда ол өндiрiстiң тоқтап қалуыа әкелiп соқтырады. Себебi,
рыноктағы кәсiпорындар өздерiнiң өндiрiс шығындарын жаба алмай
қалады.
2) Ешер салық мөлешi салық төлеушi табысының 45-50%-ы аралығында болса,
онда жай ұдайы өндiрiске әкеледi.
3) Егер салық мөлшерi салық төлеушi табысының 35-40%-ы мөлшерi
аралығында болса, онда ұлғаймалы ұдайы өндiрiске әкеледi.
Салық салудың әдiстерi мен жолдары, салық салудың негiзгi қағидалары,
салық салуды ұйымдастыру салық механизмiне жатады.
Қазақстан Республикасында корпорациялық табыс салығының қазiргi кездегi
ставкасы 30%, а ауылшаруашылығындағы өндiрiс оырндары үшiн ол шама 10% ғана
болып отыр.
Шаруашылық субъектiлер мен халықтар табысының бiр бөлiгiн мемлекеттiң
орталықтандырылған қаржы көздерiне айналдыру салықтардың ұдайы өндiрiстегi
қызметiн көрсетедi.
Бұл қызметтiң iс-әрекетiнiң көлемiн жалпы iшкi өнiмдегi салықтардың
алатын үлес салмағы арқылы көруге болады. Соңғы жылдардағы мәлiметтер
бойынша Қазақстанның ЖIӨ-гi салықтардың үлес салмағы 20% шамасында болып
отыр.
Салықтардың экономикадағы келесi негiзгi қызметi ол бақылаушылық
қызметi, яғни салықтық бақылау. Салықтардың бақылаушылық қызметi арқылы
салық механизмiнiң қызмет етуiнiң тиiмдiлiгi бағаланады, қаржы
ресурстарының қимылына баылау iсi жүргiзiледi, салық жүйесi мен бюджет
саясатының жетiлдiру жолдары қарастырылады. Салықтық бақылауды тиiмдi
жргiзу арқылы салықтық тәртiптi қатаң сақтау, салық төлеушiлердiң заңға
сәйкес төлейтiн салықтары мен алымдарын толық және уақтылы бюджетке төлеп
отыруы қамтамасыз етiледi.
Бюджетке түскен соң қолданылатын белгiсiне қарай салықтар жалпы және
арнайы болып бөлiнедi.
Жалпы салықтар бюджетке тскен соң, жалпы мақсаттарға жұмсалады. Оған
коммерциялық табыс салығы және қосылған құнға салынатын салық жатады.
Арнайы салықтар бюджетке түскен соң, алдын ала белгiленген нақты
шараларға жұмсалады. Мысалы, көлiк құраладыона салынатын салық жол қорын
құруға жұмсалады. Салық салу органына байланысты салықтар жалпы мемлекеттiк
және жергiлiктi болып бөлiнедi.
Табысқа салынатын салықтар салық төлеушiнiң кез келген салық
салынатын объектiсiнен түсетiн табысынан алынады.
Тұтынуға салынатын салық салық төлеушi тауар немесе қызмет құнын
төлеген кезде төлейдi. Оған қосылған құнға салынатын салық пен акциздер
жатады. 5, 67 б
Салықты алатын және оған билiк жасайтын органдарға байланысты әдетте
мемлекеттiк және жергiлiктi салықтар ажыратылады.
Объектiнiң экономикалық белгiлерi бойынша табысқа салынатын салықтар
және тұтынуға салынатын салықтар болып бөлiнедi. Табысқа салынатыны
салықтар - төлеушiнiң салық салынатын кез-келген объектiден алған
табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын табыстар - бұл тауарлар мен
қызметтердi тұтыну кезiнде төленетiн шығынға салынатын салықтар.
1.2 Фискалды саясаттың экономика үшін маңыздылығы
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясаты – бюджет
(мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде
затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық
табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы
мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.

кезінде ынталандырушы фискалдық саясат жүргізіледі, ол мыналарды
қарастырады:
1) Мемлекет шығыстарының көбеюі;
2) Салықтардың төмендеуі;
3) Мемлекеттің шығыстарының артуының үлкен нәтижесін ескере отырып
фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі. 2, 154 б
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарланған болуы
тиіс. Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық
саясат кері бағыттарды қамтиды:
1) Мемлекет шығыстарының азаюы;
2) Салықтардың көбеюі;
3) Осы аталған бағыттардың үйлесуі.
Дискрециялық емес фискалдық саясат акценттті нарықтық өзін-өзі
реттеуге қоя отырып, мемлекеттің қаржы процестеріне аз араласуы қажет.
Дискрециялық емес фискалдық саясат автоматты, яғни кіріктірме
тұрақтандырғыштардың механизмі негізінде іс-әрекет етеді. Бұл жағдайда
экономикалық циклдің түрлі фазаларында салық алынымдарының сомасы ұлттық
өнімнің мөлшеріне тепе-тең түрінде түрленеді: өрлеу кезінде сұранымды
шектей отырып, салық түсімдері өседі және автоматты түрде экономикалық
өсуді тежейді.
Құлдырау кезінде, керісінше, ұлттық өндірістің азаюын жеңілдете
отырып, салық түсімдері төмендейді. Келесі 2-ші суреттен мемлекеттің
шығыстары мөлшерінің (G сызығы) тұрақтылық жағдайы кезінде бұл өзгерістер
салықтардың өзгерісі ( Т сызығы) көрсетілген: 8, 305 б
Автоматты тұрақтандырғыштардың іс-әрекетінің маңызды ерекшелігі бюджет
тапшылықтары мен артығын реттеу болып табылады: бюджет тапшылығы өрлеу
фазасында қысқарады, онан кейін жоғалады және бюджет артығы пайда болады,
бұл инфляцияны тежеуге жәрдемдеседі, өйткені ұлттық өнімнің жоғары деңгейі
инфляциямен жалғасады; құлдырау фазасында құлдырауды жоюға ынталандыратын
бюджет тапшылығы біртіндеп өсе бастайды.
Т
G+Т Тапшылық Артықшылық
G
0 Q1 Q2 Q3
Cурет 1 – Экономикаға салық өзгерісінің жалпы әсері ? 8
Тәжірибеде тепе-теңдік үлгілерінде қаралған тәуелділіктер қосымша
факторлардың әсерін бастан кешіреді:
1) Фискалдық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы;
2) Ығыстыру әрекетінің іс әрекеттілігі, бұл ақша нарығында пайыздық
мөлшерлемелердің өсуімен байланысты үкімет шығыстарының көбеюі кезінде
жекеше инвестициялар элементтерінің қысқаруында көрінеді.
3) Сұранымды ынталандыру жиынтық ұсынымға әсер етеді, бұл бағалардың
инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею
әсерін төмендетеді;
4) ашық экономикада ұлттық өндірістің жиынтық шығыстардың элементі
ретінде таза экспорттың мөлшерін өзгертетін валюта бағамдары
өзгерісінің ықпалын басынан кешіреді. 7, 344 б
Сондықтан ынталандырушы фискалдық саясаттың шаралары жоғарыда айтылған
факторлардың іс-әрекетінен әлсіреуі мүмкін. Сөйтіп, кейнсшілдік тауарлар
мен қызметтер көрсетуге болатын сұранымды экономиканы реттеудің негіз
қалаушы факторы ретінде болып көрінеді: мемлекет жиынтық сұранымды
ынталандыруға мүмкіндік түғызады, ресурстардың қамтылу деңгейінің артуына
ықпал етеді, мемлекет көтере сатып алудың деңгейін көтереді.
Монетаристердің тұрақтандыру бағдарламалары мыналарды қамтиды:
1) бюджет тапшылығын қысқарту;
2) тұтыну сұранымын қусыруға бағытталған жалақының өсуін шектеу;
3) шектеулі ақша – несие саясаты, ақша эмиссиясына және Орталық банктегі
мемлекеттік қарыздарға лимит енгізу, банк пайызының мөлшерлемесін
өсіру;
4) бағаға және экспорт-импорт операцияларына бақылауды әлсірету,
экономиканың экспорттық секторына ресурстардың қайта құйылымын
көтермелеу;
5) төлем балансын сауықтыру үшін ұлттық ақша бірлігін девальвациялау;
Бірақ бұларды іске асыру үшін келесі шараларды орындау керек:
1) ақша массасына бағдарланған жоғары икемділік;
2) дүниежүзілік бағаларға ішкі бағалардың икемділігі;
3) бағалардың қозғалысының тауарлар қозғалысынан жоғары икемділігі;
4) экономикалық ресурстардың едәуір өздерін алмастырушылығы.
Салықтар саласындағы фискалдық саясат олардың ықпал етуінің екі
бағытын қарастырады: сұранымға (кейнстік үлгі) және ұсынымға (ұсыным
теориясы). Бірінші жағдайда салықтар төмендеген кезде жиынтық сұраным
артады. Бұл ұлттық өнімнің көлемін және бағалардың деңгейін көбейтеді, яғни
иняфляцияның қарқыны тездейді. 2, 155 б
Екінші жағдайда салықтардың төмендеуі жиынтық ұсынымды көбейтеді,
өйткені халықтың табыстары мен жинақ ақшалары, ал кәсіпкерлердің өндірісті
инвестициялауы өседі. Қызметкерлердің аз табыс салығы жалақыны көбейтіп,
еңбекке деген ынтаны арттырады, мұның өзі өндірістің ұлғаюына жеткізеді,
бұл ұлттық өнімнің жалпы түрде өсуін, бағалардың төмендеуін қамтамасыз
етеді.
Мұнан басқа ұсыным экономикасының теориясы салықтардың аса төмен
мөлшерлемелері салықтық түсімдердің сомаларын қысқартуға міндетті
еместігін, керісінше, салық базасын кеңейту – ұлттық өндіріс пен табыстың
көбеюі және көлеңкелі экономиканың азаюы есебінен салықтық түсімдердің
өсуіне жеткізетіндігін көрсетеді.
Салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі
ретінде салық салудың үдемелігі және бюджет кірістері арасындағы тәуелділік
қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасының нарық жағдайында экономикасының дамуы,
мемлекеттің экономикалық саясатының құрылымдық және қаржы саясаттарының
шешуші шараларына байланысты. Қаржы саясатының негізі болып фискалдық
саясат, яғни үкіметтің салық салу жүйесіндегі және мемлекеттік шығындарды
реттеуі төңірегінде жүргізетін бюджеттік-салық саясаты саналады.
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен атқаратын рөлі, қоғамның
саяси және экономикалық құрылғысына, мемлекеттің табиғаты мен алдында
тұрған міндеттеріне байланысты анықталады.
Фискалдық саясатқа мемлекттің бюджет қорын бөлу қызметі де жатады,
яғни бір жағынан салық салу жүйесі арқылы бюджеттің кіріс қорын толтыратын
болса, ал екінші жағынан – оларды экономикада және қоғамда қажеттілік
туындап отырған салаларға немесе аумақтарға жұмсаумен, бөлумен айналысады.
Мемлекет дәр осы қорлардың есебінен ұлттық қауіпсіздікті, халықтың қоғамдық
игіліктері мен қызметтерін тұтынуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ саяси,
әлеуметтік, экологиялық және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.
Сонымен қатар бюджет пен ЖІӨ-нің арасында тікелей байланыс болады. Оны
келесі 2-ші суреттен көре аламыз. 2, 156 б
Бюджеттік түсімдер
Бюджет артықшылығы
Балансталған
бюджет
Бюджет тапшылығы
Ақша бірліктері
Сурет 2 – ЖІӨ көлемі мен бюджеттің байланысы 8
Мемлекеттің салық саясатының басты міндеті болып, салық ставкаларын
үкіметтің мақсатына сәйкес өзгерту. Фискалдық саясатты жүргізу – еліміздің
заңды органдарының айрықша құқы, себебі бұлар мемлекеттік бюджетті қысқарту
және бекіту арқылы салық салуды және олардың жұмсалуын бақылайды. Сондықтан
да қаржы тұрақтылығының жалпы ережесі бойынша, дағдарыс кезінде де қаржы
ресурстары мен бұларға қарама-қарсы қоғамның әлеуметтік-экономикалық
қажеттіліктері сәйкес болуы керек. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық
қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі, өндірілген жалпы қоғамдық өнімнің
көлеміне байланысты.
Ұлттық табыстағы әлеуметтік қажеттілік көлеміне шектеу енгізу
минималды күнкөріс минимумын; минималды тұтыну бюджетін; тұтыну
корзинасының құқы; еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы және степендия
төлеудің минималды мөлшері сиықты тұтынудың әлеуметтік нормативтерін
пайдалануға мұқтаждық етеді.
Инфляция жағдайда халықтың өмір сүруінің қажетті әлеуметтік деңгейін
сақтап тұруы үшін еңбек ақы мен әлеуметтік төлемдерге индексация
жүргізіледі, өтемдік үстемақылар ұсынылады. Мұнымен қатар, халықтың
әлеуметтік қажеттілігі мен оны қанағаттандырудың негізі болып, еңбек ақы
төлеу түрлері мен жүйелері, табыс жәнеәлеуметтік салықтардың ставкасы
арқылы еңбек ақыны салықтық реттеу, тұтынуға бағытталған қордың өсімін
немесе еңбек ақы төлеудің жалпы қорын реттеуі саналады.
Бұл теорияға сәйкес салық мөлшерлемелерінің белгілі бір шекке дейін
өсуі салықтық түсімдердің өсуіне мүмкіндік туғызады, одан кейін өсу
бәсееңдейді, сонан соң бюджет кірістері кенет құлдырайды. Бұдан
экономиканы, ең алдымен инвестициялық белсенділікті ынталандырудың міндетті
салық ауыртпалығын түбегейлі жеңілдетудің жолдарынан іздестіріп, шешу керек
деген жалпы түйін жасалынған. Экономиканың қозғаушы күші бұл нарыққа
бағытталған шаруашылық агентттерінің ынталылығы. Лаффэрдің айтуы бойынша
бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың табыстарының бүкіл
сомасының 30% артық алуға болмайды. Егер табыстың 40-50% алынатын болса,
онда бұл жинақ ақшаны, сонымен бірге экономиканың жекеше секторындағы
инвестицияны да қысқартады. 7, 349 б
Тәжірибе көрсеткеніндей егер салықтардың мөлшерлемесі белгілі бір
айтарлықтай жоғарғы деңгейге жететін болса, онда өндірісті ұлғайтуға,
кәсіпкерлік бастамаларға арналған ынталандыру шаралары көлемі, пайда азаяды
да, тиісінше бюджетке түсетін салық түсімдері төмендейді.
Сондықтан еліміздің экономикасын салықтық реттеуде салық салу
мөлшерлемелерін белгілеуде жан жақты зерттеулер мен талдауларды жүзеге
асыруымыз керек. Салық салуды жетілдіруде еңді қарқындап дамып келе жатқан
еліміз үшін ең басында халыққа, щағын және орта кәсіпкерлікке, мемлекеттік
маңызы бар кәсіпорындарға, ауыл шаруашылығына, экспортқа негізделген
өнеркәсіпорындарына салық салуда жеңілдіктер ұсыну арқылы оларды нақты
қолдау шараларын жүргізу болып табылады. Сол кезде ұлттық экономикадағы
экономикалық қызмет етуші кәсіпорындар мен заңды тұлғалар өздерінің
қызметтерін кеңейте бастайды, түсетін пайданың болуына байланысты жаңадан
кәсіпорындар мен жұмыс орындары ашыла бастайды. Сонымен қатар халықтың,
кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін арттыру негізінде жалпы салық
салынатын объектілер мен жалпы табыс көлемінің өсуіне байланысты салық
көлемі де өсе бастайды. Бұл шара ең басында мемлекеттік бюджеттің
тапшылығына алып келетін болса, оның нәтижесі нарықтық экономикада ең
қолайлы болып табылады.
Ал экономикада қызмет етіп отырған ірі, тұрақты табыс табатын,
монополиялық және табиғи ресурстармен айналысатын кәсіпорындарға қосылған
құнға салық және акциздер салықтары арқылы мемлекет өзінің бюджетке түсетін
салық деңгейін қамтамасыз етіп отыруы қажет. Яғни, салық арқылы нарықтық
экономикада қоғамның дамуын тек бір жақты ғана емес, оны салық механизмі
арқылы қаржының мол шоғырланған жағынан ол қаржыларды қосымша салықтар салу
арқылы экономиканың қаржыға мұқтаж болып отырған салалары мен топтарына
ұсыну болып табылады. Сонда ғана экономикада нарықтық тепе-теңдік сақталады
және нарық бірқалыпты тұрақты дамуға бет алады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік
қорғауға бағытталуы тиіс. 13, 201 б
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты
айқындау процесі келесідей сипатта болады:
1. Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған
салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:
1) мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық
көрсеткiштерiн;
2) бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу
тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
3) бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
4) республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының
негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;
5) бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
6) мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш
саласындағы саясатты;
7) ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.
12, 187 б
2. Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта
мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы жылы
бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк, салалық
(секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң
атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл
сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын әзiрлеу бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган
Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы
қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын
жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi. Алдағы

қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1
тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
Нарықтық жағдайларға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының
құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – ұлттық шаруашыылқтың, ең
алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет
қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға
байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға
өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған
меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруға тиіс.
Алайда нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар
мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканын
мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап
отыр.
Экономиканы одан әрі тұрақты дамыту, жүргізіліп жатқан реформаларды
тереңдету, мұнай операцияларына, қаржы лизингіне, қаржы құралдарына салық
салуды және оның нормаларын жетілдіру жәек кәсіпкерлердің инвестициялық
тартымдылықтарын күшейту инвестициялық салық преференцияларын беру нысаны
кеңейтіледі. Негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту процестерін жеделдету
үшін салық салу мақсатында елде амортизациялық саясат жетілдірілді.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру, сондай-ақ
инвестициялар көлемін өсіру және салықтық әкімшілендіруді одан әрі
жетілдіру есебінен ел экономикасын теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету
мақсатында орта мерзімді кезеңде салық саясатының негізгі бағыттары
анықталады. Олар: 10, 23 б
1) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін
қолдану аясын кеңейиу және оларды ең алдымен экономиканың
шикізат емес секторына инвестиция тарту үшін шаралар қолдану;
2) Салықтық әкімшілендірк процесін одан әрі жетілдіру;
3) Салық салу және оның механизмін акпараттандыру және
компьютрлендіру;
4) Қазақстандық экономиканың бәсеке қабілеттілігін күшейту
мақсатында 2008 жылдан бастап салықтық ауыртпалықты заңды
тұлғалардың кірістерінен жеке тұлғалардың кірістеріне біртіндеп
ауыстыру мүмкіндігін қарау болып табылады деп көзделуде.
Мемлекеттік бюджет кірістері салық заңнамасы, Әлеуметтік-экономикалық
дамудың орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық
көрсеткіштері мен салық саясатының ел экономикасын одан әрі дамытуға және
инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалады.
Келесі 1-ші кестеден мемлекеттік бюджет кірістерінің 2008-2010
жылдарға арналған үлесін ЖІӨ-гі пайызбен көре аламыз. 14
Кесте 1 - Мемлекетік бюджет кірістерінің 2008-2010 жылдардағы үлесі 8
Атауы 2008 2009 2010
Кірістер 22,3 22,7 23,2
Салықтық түсімдер 21,3 21,5 22
Салықтық емес түсімдер 0,6 0,5 0,5
Негізгі капиталды сатудан түсетін 0,4 0,7 0,7
түсімдер
2008-2010 жылдары бюджет саясаты жедел әлеуметтік-экономикалық даму
мақсаттары мен міндеттерін кешенді шешуге және ағымдағы міндеттемелерді бір
мезгілде орындауға негізделетін болады. Тұтастай алғанда орта мерзімі
кезеңде жүргізіліп жатқан бюджет саясатының жалпы бағыты сақталады және
мыналарға:
1) Денсаулық сақтауды реформалауға және дамытуға;
2) Білім беруді дамытуға;
3) Әлеуметтік реформаларды одан әрітереңдетуге;
4) Идустриялық-инновациялық дамуды қолдауға;
5) Аграрлық секторды дамытуға; Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыруға;
6) Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;
7) Мемлекеттік қызметтердіңтиімділігін арттыруға бағытталып отыр.
Орта мерзімді кезенде фискалдық саясаттың негізгі мақсаты әлеуметтік-
экономикалық дамудың басым міндететрін шешу үшін салық-бюджет құралдарын
тиімді қолдану, атап айтқанда, Қазақстанды әлеуметтік және экономикалық
жедел жаңғыртуға бағытталған ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі
нарттыру болып табылады. 2, 166 б
Орта мерзімді кезеңде бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай
міндеттерді шешу қажет:
1) Бюджеттік заңнаманы және жоспарлауды жетілдіру;
2) Мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелігін арттыру;
3) Жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаларды қаржылық қамтамасыз ету;
4) Перспективалы бюджеттік жоспарлаудың рөлін жоғарлату;
5) Көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;
6) ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тетігін жетілдіру;
Кез келген мемлекеттің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуы
мемлекеттің негізгі жақтарын, әсіресе экономикасын реттеу құралы ретінде
салықтық саясатты кеңінен қолдануына тікелей байланысты болмақ. Өйткені
елімізде бюджет пен халықтың және шаруашылық субъектілерінің арасында қарым-
қатынасты қалыптастыруда фискалдық және реттеушілік қызметті жүзеге
асыратын салықтық реттеуді жетілдіру бағытары өзекті мәселелердің біріне
айналып отыр.
Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін
ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет кірісін қалыптастыруға, қоғам
мүддесін қолдауға болады. Сондықтан елімізге салық түрлерін, салық
ставкалары мен жеңілдіктерін енгізу, оларды дамыту арқылы реттеушілік
қызметін жүзеге асыру барысында экономиканы, өндіріс пен инвестицияны,
шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау мен рететуді жүзеге асыруымыз
керек.
2 БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ІСКЕ АСУ МЕХАНИЗМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫСҚА ЖӘНЕ
ҰЗАҚ МЕРЗІМДЕГІ КӨРІНІСІ
2.1 Фискалды саясаттың қысқа және ұзақ мерзімдегі мақсаты мен олардың
қызмет ету механизмі
Қоғамдық шаруашылықта мемлекеттiң өмiр сүруiнiң негiзi бұл салық
болып табылады. Сондай-ақ мемлекеттiң нарықтық тепе-теңдiкке әсерiнiң бiрi
ол салықтық реттеу болып табылады. Мемлекеттiң салық саясаты бұл нарықта
ресурстарды көбейту, қоғамдық мақсаттарға бағытталған қызметтерге жұмсалады
Мемлекеттiң экономикаға әсер етуi салық салу құралдары арқылы
жүргiзiледi. Мемлекеттiк шығындар мемлекеттiк бюджеттiң қаржыларын
пайдалану нәтижесiнде мүмкiн болады, ал салық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz