Метеорологияның даму тарихы


СӨЖ

Тақырыбы: Метеорологияның даму тарихы.

Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйым.

Дайындаған: Сауранбаева Алтыншаш 609-география

Тексерген: Жексенбаева Алия Кажибековна


Метеорологияның даму тарихы. Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйым.

Жер планетасы ретінде үш қабықшадан тұратын қатты листосфера, сұйық гидросфера, газдық атмосфера тұрады. Бұл қабықшалардағы физикалық және химиялық процестерді «Жер туралы ғылым» деп аталатын бағытқа кіретін көптеген ғылым салалары зерттейді. Ал Жердің газдық қабығын зерттеумен «метеорология» ғылымы айналысады.

Метеорология (гректiң meteora - атмосфералық құбылыстар және logos- iлiм деген сөздерiнен шыққан) - жердiң ауа қабаты - атмосфера туралы ғылым, оның құрылысын, құрамын, қасиеттерiн, онда жүрiп жатқан физикалық және химиялық процесстердi, олардың жер бетiмен әрекеттесуiн және де ауа массаларының қозғалыстарын зерттейдi.

Метеорологияның негiзгi шешетiн мәселелерiне атмосферада жүрiп жатқан процесстер мен құбылыстарды зерттеу, олардың пайда болу заңдылықтарын анықтап болашақта қалай дамитынын болжау және оларды басқару мүмкiндiктерiн анықтау жатады.

Метеорологияның даму тарихы.

Атмосфералық құбылыстарды бақылап зерттеу туралы алғашқы мәліметтер ежелгі Қытай, Үндістан, Мысыр, Грекия, Рим мемлекеттерінің жазба қағаздарынан табылған. Ежелгі грек философы Аристотель кейбір атмосфералық құбылыстардың болу себебіне түсініктеме беруге тырысқан. Географиялық ұлы жаңалықтардың ашылу дәіріне XV-XVI ашылған жерлер мен елдердің климаьына сипаттама беріле бастады. Бірақ атмосфераны ғылыми түрде зерттеу XVII ғасырдан басталды. Бұл кезеңде алғашқы метеорологиялық аспаптар жасалды: термометр Галилей, 1597ж., сынап барометрі Торричели 1643ж. барометр-анероид Лейбниц 1700ж. флюгер, жауын-шашын өлшегіш және тағы басқалары. Құрал аспаптардың жасалуы метеорологиялық бақылау мәліметтерін жинауға мүмкіндік беріп, метеорологиялық жеке ғылым болып қалыптасуына негіз болды.

Қазіргі ғылыми метеорология XVII ғасырдан басталады. Ол кезде физика ғылымының негізі қалана бастады. Ал метерологияны атмосфералық физика деп түсінуге болады. XVIIғасырдығ аяғында XVIII басында Еуропада алғашқы метеорологиялық бақылаулар жүргізіле бастайды. бірақ олар ретсіз, жүйесіз жүргізіледі.

Алғашқы аспаптық бақылауларды Еуропада «Флорентиб тәжірибе академиясында» Галилейдің шәкірттері жүргізді 1654ж. Ресейде ауа райын аспаппен бақылау Петербургта Петр I кезінде ұйымдастырылды. Петр I ғылым академиясы ашылғанда 1725ж. академиктерге үздіксіз метеорологиялық бақылау жүргізу туралы нұсқау берді.

Метеорологияның дамуына үлкен үлес қосқан орыстың ұлы ғалымы М. В. Ломоносов 1711-1765жж. Ол анемометр және теңіз барометрі сияқты біраз аспаптарды ойлап тауып құрастырады. М. В. Ломоносов найзағайдың пайда болуы схемасын жасады, температураның биіктік бойынша өзгеруі туралы, атмосферадағы горизонтальды және вертикальды қозғалыстар туралы, ауа райын болжау мүмкіндігі туралы маңызды ойлар айтты.

XVIII ғасырдың II жартысында жеке адамның ынтасы бойынша Маннгеймнің метеорологиялық қоғамы құрылып, Еуропада біртекті аспаптармен жабдықталған 39 метеорологиялық станциялар оның үшеуі Ресейде:Петербург, Москва, Пышмен заводы торабы құрылды. Ол станциялар торабы он екі жыл жұмыс істеп отырды.

Ең алғашқы ғылыми метеорологиялық мекеме Бас физикалық абсерватория 1849 жылы Ресейде ашылды. Оның негізгі мақсаты бүкіл Ресей территориясында метеорологиялық бақылаулар жүргізіп, алынған мәліметтерді өңдеп, талдау жасау болатын. Бұл кезеңде басқа да Еуропа елдерінде мемлекеттік метеорологиялық станциялар торабы құрылып ғылыми зерттеу институттары мен абсерваториялар ашыла бастады.

Шамамен 1820жылдары Г. В. Брандесу (Германия) Маннгейм станциялары торабының бақылау мәліметтерін географиялық картаға түсірді. Осылайша жоғарғы және төменгі қысым аймақтары бейнеленген алғашқы синоптикалық карталар пайда болды. Ондағы қысым аймақтарының батыстан шығысқа қарай жылжитынын анықтады.

XIX ғасырда біршама физикалық заңдардың газдың сәуле шашу, термодинамика, гидростатистика және гидродинамика ашылуымен көптеген атмосфералық ғылымы жылдам дами бастады.

XIX ғасырдың ортасында синоптикалық метеорология метеорологияның жеке саласы болып қалыптасады, Германияда А. Гумбольдт, Г. Д. Довеннің ғылыми еңбектері арқасында климотологияның негізі қаланды.

XIX ғасырдың екінші жартысында атмосфералық процессетрді зерттеуде гидродинамика және гидродинамика заңдарын қолдану нәтижесінде динамикалық метеорологияның негізі қаланды. Осы ғасырдың аяғында атмосферадағы радиациялық және электрлік процестерді зерттеу дами бастады. Орыстың ұлы географ және климатологы А. И. Воейковтың метеорологияның дамуына әсіресе климаттық зерттеулерге қосқан үлесі зор. Сонымен қатар ол Ресейдегі ең алғашқы «метеорологиялық вестник» журналын басып шығарған.

Метеорологияның XX ғ. дамуы өте қарқынды жүрді. 1920 жылы норвегиялық ғалымдар ауа массалары мен атмосфералық шептер туралы білімнің негізін қалады. 1930 жылы П. А. Молчановтың радиозонды ойлап табуы арқасында аэрологиянық бақылаулар жүргізіле бастады.

Синоптикалық метеорологияны дамытуда В. Биркнес пен П. Сольберг, В. А. Бугаев, С. Петерсон сияқты, ғалымдардың сіңірген еңбектері зор. Б. П. Мультановский, Г. Я. Бангенгейм, Е. Н. Блинова, А. А. Гирс, А. Л. Кай және Н. А. Багров ұзақ мерзімге айа райын болжау мәселелерімен айналысты.

Динамикалық метеорология саласындағы жетістіктер В. Бьеркнес, М. Маргулес, И. А. Кибель сияқты ғалымдармен байланысты. Метеорологияның теоритикалық сұрақтарымен, әсіресе сандық болжау мәселелерімен И. А. Кибель, Н. Филлипс т. б. ғалымдар айналысты.

XX ғасырда жеке ғылыми пән ретінде құрылған актинометрия мен агрометеорология ғылымдары да қарқынды дамыды. Актинометрия саласында ерекше еңбегі сіңген ғалымдар О. Д. Хвольсон, В. А. Микельсон Г. Аббот т. б. агрометеорология саласында А. И. Воейков, Ф. Ф. Давитая, С. А. Сапожникова сияқты ғалымдар атап өтсе болады.

Қазақстан ауа райын алғаш зерттеген ғалым Шоқан Уәлиханов болатын. Ол Іле, Жоңғар Алатауындағы атмосфера қысымын, ауа температурасы мен ылғалдылығын, жел күшін құрал аспаптармен бақылап зерттеген.

Кеңес одағында метеорология ілімі одан әрі қарқынды дами бастайды. 1921ж. В. И. Ленин «РСФР метеролоиялық қызметінің ұйымдастырылуы жайлы» атты декретке қол қояды. 1929 жылы халықтық комиссарлар кеңесі метеорологиялық және гидрологиялық қызметтің бірігіп, біртұтас гидрометеорологиялық қызмет құрылуы жайлы үкім шығарады. Ол қызмет үздіксіз, жүйелі бақылаулар жүргізіп, халық шаруашылығын керекті де маңызды ақпаратпен қамтамасыз етіп отырады.

Қазақстан территориясында алғашқы метеорологиялық бақылаулар 1855 жылы Семей және Қазалы қалаларында жүргізіле басатды. Қазір Қазақстанда 750 ге жуық негізгі метеостанциялар, агрометеорологиялық, гидрологиялық станциялар мен бекеттер жұмыс атқаруда.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым.

Атмосфералық процестер үшін мемлекеттік шекара жоқ. Сондықтан бүкіл дүниежүзі мемлекеттерінің метеорологиялық қызмет атқару саласында ортақ келісім керек. Метеорология саласында халықаралық түрде бірігіп қызмет ету XIX ғ. екнші жартысынан басталды. 1873ж. Вена қаласында бірінші халықаралық метеорологиялық конгресте Халықаралық метеорологиялық ұйым құрылды. Ол 1947жылы БҰҰ қарасты Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым болып қайта құрылды. Бұл ұйымның негізгі міндеттері: халықаралық метеорологиялық қарым қатынастардың дамуына әрекет жасау, метеорологиялық мәліметтермен жылдам алмасуды ұйымдастыру; метерологиялық бақылауларды стандарттау; авиацияда, темір транспортында, ауыл шаруашылығында және де басқа да салаларда метеорологияны нәтижелі, кеңірек қолдануды дамыту; метерологтаоды дайындау мен метеорологиялық ғылыми зерттеулерге қолдау көрсету және т. б. ДМҰ ның жоғарғы органы Конгресс. Конгресс төрт жылда бір рет жиналып бюджет бекітіледі, президент пен вицапрезиденттер тағайындалады, атқарушы кеңес құрылады. ДМҰ ға мүше болып 170-тен астам мемлекеттер кіреді. Оның ішінде Қазақстан да бар. ДМҰ ның секретариаты Женева қаласында орналасқан.

Халықаралық метеорология күні болып дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның шешімімен 23 наурыз тағайындалған.

ДМҰ Біріккен Ұлтта Ұйымының мамандандырылған мекемесінің және жер атмосферасының жай күйі мінезінің, оның мұхиттармен аса қатынасы, климаттың түзілуі және су ресурстарын бөлудің туындауы мәселелері бойынша БҰҰ жүйесі ақпаратының абыройлы көзі болып табылады.

ДМҰ мүшелік құрамында 188 мүше елдер мен аумақтар бар. ДМҰ халықаралық метеорологиялық ұйымнан басталалады. Оның іргесі 1873 жылы қаланған.

Жоғары органы төрт жылда бір рет шақырылатын Дүниежүзілік метеорология конгресс. Атқару кеңесі ұлттық метеорол қызметтерінің жиырма төрт директорынан тұрады және жылына бір рет шақырылады. Ірі географиялық аудандарға арнаулы қызметтерін алты аймақтық ассоциация Африка, Азия, Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Оңтүстік батыс, Тынық мұхиты Еуропа үйлестіріп отырады. Метеорологиялық бақылауларды жасау және стандарттау, ақпараттар алмасу, ауа райын болжау т. б. үрдістеріне байланысты техникалық мәселерін тиімді шешіп отыру үшін арнаулы комиссиялар құрылған.

ДМҰ ның тұрықты жұмысын істейтін хатшылығы Женывада орналасқан. 1960 жылы құрылған ДМҰ 1951 жылы метеорология, шұғыл гидрология және аралас география ғылымдары саласындағы БҰҰ ның мамандандырылған мекемесі болады.

Ауа райының, климаттың және су циклының мемлекеттік шекарасы болмағандықтан, жахандану масштабынжағы халықаралық ДМҰ 10 негізгі ғылыми техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы өз жұмысын жүргізеді. ДМҰ ның ғылыми техникалық бағдарламалары метеорологиялық және гидрологиялық қызмет көрсетудің кең спектрін қамтамасыз етуде және осындай қызмет көрсетуге бағытталған. Бағдарламалар өз ара көмекті метеорологиялық гидрологиялық және басқа мүше елдер арасындағы тиісті ақпарат ғаламдық алмасу арқылы құрылған және құрылуды жалғастырып жатқан білім базасын бірлесіп пайдаланудан алатын тұжырымдамаға және практикалық тәжірибеге негізделген. ДМҰ бағдарламалар метеорологиялық және егер әрбір мемлекет жалғыз іс әрекет ететін болса, туындауы мүмкін аз шығындар мен салыстарғанда барлық елде онымен байланысқан қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік ауа райы қызметінің бағдарламасы ДМҰ ның шешуші бағдарламасы болып табылады. Ол бақылау жүйелерін, телебайланыс құралдарын, сондай ақ барлық әлем бойынша тиімді метеорологиялық және гидрологиялық қызмет көрсетуге негізін қамтамасы ету үшін елдер пайдаланатын мәліметтерді өңдеу және болжау жөніндегі орталықтарды біріктіреді. Ол сондай ақ тропикалық циклондар жөніндегі бағдарламаны Антарктикадағы қызметтің бағдарламасын және қоршаған ортадағы ядролық апаттармен вулкандардың атқылауымен және басқа да осындай қауіпті құбылстармен байланысқан қоршаған ортадағы төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі бағдарламаны енгізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Метеорологияның даму тарихы. Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйым. Қазақстандағы метеорологияның дамуы.
Метеорология ғылымы
Метеорологияның даму тарихымен, Қазақстандағы метеорологияның дамуымен танысу. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым туралы түсінік алу
Метеорологияның даму тарихы туралы
Динамика ғылымына қысқаша сипаттама
Кеніш атмосферасы
Метрологияның даму тарихы
Метролог ғалымдардың жасаған жұмыстарын талдау
Күн радиациясы
Метеорология және климаталогия пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz