Қазақстан Республикасы несие жүйесінің дамуы мен перспективасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I Тарау. Несие жүйесі, оның ғылыми.теориялық және әдістемелік аспектілері
1.1. Несие жүйесі мәні, элементтері , пайда болу шарттары ... ... ... ... ...5
1.2. Несиенің ұйымдастыру қағидалары, қызметі, түрлері және нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3. Қазіргі кезеңдегі несие жүйесінің дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

II Тарау. Қазақстан Республикасы несие жүйесінің дамуы мен перспективасы
2.1. Қазақстан Республикасының несие жүйесінің құрылымы, түрлері, ұйымдастыру негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.2. Несиенің экономикадағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.3. Қазақстанда несие қатынасын дамыту, жетілдіру мәселелері ... ... .30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Экономикалық категория ретінде, несие кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы да өзгереді.
Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойнша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.
1. «Ақша, несие, банктер»: оқу құралы/ Сейтқасымов Г.С. – екінші басылым.- Алматы: «Экономика», 1999. – 432 бет.
2. Бикеева Н.Ж., Бектұрғанова Қ.И. «Кәсіби экономика тілі», оқулық./ - Астана: «Таным», 2003. – 272 бет.
3. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары»: оқу құралы./ - Алматы: «Экономика», 2000. – 328 бет.
4. Әкімбеков Ф., Баймухамбетов А.Ф., Жанайдаров У.А. «Экономикалық теория»: оқу құралы. / - Астана, 2002. – 464 бет.
5. А.И. Добрынина, Л.Ф. Тарасевича. «Экономическая теория». Санкт-Петербург, 2001
6. “Егемен Қазақстан” Республикалық газеті 08.02.2006ж
7. “Финансы Кредиты” журнал №8 Август 2007
8. “Финансы Кредиты” журнал №02 49 Февраль 2008
9. “Финансы Кредиты” журнал №01 Январь 2008
10. “Финансы Кредиты” журнал №9 Сентябрь 2007
11. “Панорама” газеті №13 (780) 11апрель 2008
12. “Капитал” газеті №15 (152) 17 апрель 2008

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I Тарау. Несие жүйесі, оның ғылыми-теориялық және әдістемелік аспектілері
1.1. Несие жүйесі мәні, элементтері , пайда болу шарттары
... ... ... ... ...5
1.2. Несиенің ұйымдастыру қағидалары, қызметі, түрлері және
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.3. Қазіргі кезеңдегі несие жүйесінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .20

II Тарау. Қазақстан Республикасы несие жүйесінің дамуы мен перспективасы
2.1. Қазақстан Республикасының несие жүйесінің құрылымы, түрлері,
ұйымдастыру
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 22
2.2. Несиенің экономикадағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.3. Қазақстанда несие қатынасын дамыту, жетілдіру мәселелері ... ... .30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .34
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..36

Кіріспе
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық
дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық
субъектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар
да пайдаланады.
Экономикалық категория ретінде, несие кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша
пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.

Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдау аясы елдің
экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық,
экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық
экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және
ипотекалық, лизингтік, қаржылық банктік операцияларды пайдалану
жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі,
несие ставкасы да өзгереді.
Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің
формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы:
коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие
субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және
қызмет ету аясы бойнша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір
түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі
бір қасиеттерге ие.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық
жағдайы, оның ішінде несиелі ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып
отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз
байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер
болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен
тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы
экономиканың тірегі болып табылады. “Несие” днген сөздің өзі, латын
тілінен аударғанда “сенім” деген мағынада, ол белгілі-бір тұлғаның
мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе,
екінші жағынан, несие, банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің
қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын
кеңейтуге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың тақырыбы: Несие, мәні, ұйымдастыру қағидалары.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Несие толығымен экономикамен және
оның жеке секторларымен тығыз байланысты.
Курстық жұмыстың мақсаты: Капиталдың, яғни қарызға берілген ақша
капиталының жүру формасын несие, ақша капиталының ақша айналуын және
несие берушінің қарыз алушының арасындағы қатынастарды көрсетеді.
Курстық жұмыстың құрылымы: бұл жұмыс кіріспеден, екі тараудан
және қорытындыдан тұрады.

I. Несие жүйесі, оның ғылыми- теориялық және әдістемелік аспектілері

1.1 Несие жүйесі мәні, элементтері, пайда болу шарттары
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол
арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырысулары мен
төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай-ақ ол уақытша еркін
ақша құралдарын, халықтың жинақ ақшалары мен табыстарын белсенді
әрекет етуші капиталға айналдырады, көптеген әр алуан несиелік,
сақтандыру, делдалдық инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және басқа
да операцияларды орындайды.
Несие жүйесінің ролі мен маңызы бірқатар көрсеткіштермен
сипатталады: несиелік салымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен
ұйымдардың негізгі және айналым капиталының қалыптасуындағы банктік
ссудалардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынастар
туындайды. Несиелік мекемелер және әр түрлі субъектілер арасында
қайтарымдылық және төлем шарттары негізінде уақытша еркін ақша
қаражатын жинақтау және қайта бөлістіру жөніндегі экономикалық
байланыстары несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.
Бірақ несиелік қатынастардың мазмұны ақша капиталының
жинақталуымен және оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уақытша
пайдалануына берумен ғана шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік
құнға, яғни ұдайы өндірістің ақша айналымына арналған төлем
құралдарының қосымша массасы қалыптасады. Төлем айналымының үлкен
ағымы несие жүесі арқылы өтеді, ол несиелік қатынастардың мазмұнын
толықтыра отырып, төлеушілер мен несиелік мекемелер арасында, несиелік
мекемелер мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды
қалыптастырады.
Несие жүйесі елдегі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке
тұлғаларға әр түрлі қызметтерді көрсетеді, соның нәтижесінде несиелік
экономикалық қатынастар туындайды.
Несиелік қатынастардың екі түрлі сипаты бар және шаруашылық
субъектілері үшін де, несие жүйесі мекемелері үшін де бірдей дәрежеде
қажет болады. Несие мекемелерінде ақшаны сақтау– несиелік ресурстардың
құрылуын, ал оларды экономика мен халықтың қажеттілігі үшін
орналастыру – несие беруді білдіреді.
Екі жақты қатынастар мыналардың арасында болады: шаруашылық
ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие
жүйесі, несиелік мекемелер арасында, әр түрлі мемлекеттердің несиелік
мекемелері арасында.
Несиелік қатынастар несие экономикалық категориясының әрекет
етуі кезінде ақша формасында жүзеге асырылады. Несиелік қатынастардың
сыртқы көрінісін несие формасы сипаттайды.
Несиелік қатынастардың, несие формаларының және несиелік
мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі түсінігін құрайды.
Қазіргі кездегі несие жүйесінің күрделі, көп буындық құрылымы
бар. Егер несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтер
сипатын жіктеменің негізі деп алсақ, онда қазіргі кездегі несиелік
жүйесінің үш маңызды элементін бөліп көрсетуге болады:
— Орталық (эмиссиялық) банк;
— Коммерциялық банктер;
— Мамандандырылған несие мекемелері (сақтандыру, жинақтық,
ипотекалық, сенімгерлік және т.б.)
Шаруашылық буындардың ұсынатын несие-қаржы қызметтерінің
функционалдық мамандануы, көлемі мен санына сәйкес несиелік жүенің
ядросын банктік жүйе құрайды, ал несие институттарының қызметін
үйлестіруші ортақ орган болып – Орталық банк есептеледі.
Орталық банк – бірінші деңгейдегі басты мемлекеттік банк,
мемлекеттік, халықтық және ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз кез
келген елдің ақша-несие институты. Орталық банк – бұл “банктердің
банкі”. Ол заңды және жеке тұлғалармен операцияларды жүргізбейді.
Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа несиелік
мекемелер, сонымен бірге үкіметтік ұйымдар, оларға әр түрлі
қызметтер ұсынады.
Коммерциялық банктер ссудалық капитал нарығының әр түрлі
секторларында әрекет етуші көп қызметті мекемелер болып табылады.
Олар кәсіпкерлік тәжірибеде танымал қаржылық операциялар мен
қызметтердің басым бөлігін орындайды. Коммерциялық банктер дәстүр
бойынша кез келген елдің несие жүйесінің базалық жүйесі ролін
атқарады.
Олар бұрынғысынша үкіметтің, іскер топтардың және миллиондаған
жеке тұлғалардың салымдарын жинақтаушы қаржы орталығы болып
табылады. Ссудалық және инвестициялық операциялар арқылы
коммерциялық банктер әр түрлі қарыз алушылар үшін өз қорларына жол
ашады.
Мамандандырылған қаржы-несие мекемелері (оларды басқаша
парабанктер деп атайды) нарықтық экономикадағы несиелік жүйенің
маңызды және объективті қажетті буыны болып табылады. Бұл
мекемелерінсіз экономиканың әр түрлі буындарында және халыққа
көрсететін несие жүйесінің қызметтері толық болмай қалады.
Парабанктік мекемелер не клиенттердің белгіленген типтеріне
қызмет көрсетуге, не банктік қызметтің бір-екі түрін жүзеге асыруға
бағытталады. Олардың қызметі көп жағдайда нарықтың шағын сегментіне
қызмет көрсетуге, арнайы клиенттерге қызметтерді және де арнайы
қызметтерді ұсынуға негізделеді.
Несиені зерттеу барысында таным әдісі ретіндегі теорияның ролі
ерекше. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экономияның
қалыптасуымен пайда болды.
Натуралистік несие теориясы ХVIII ғасырдың екінші жартысында
пайда болды. Бұл теорияның негізін А. Смит пен Д. Рикардо салды.
Одан әрі оны француз экономистері Ж. Сэй, Ф. Бастия және
американдық Д. Мак-Куллах дамытты. Бұл теорияның негізгі идеялары
несие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті, яғни несие заттай
игіліктердің қозғалысын көрсетті. Сондықтан, бұл тек аталмыш
қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі ғана. Бұл жағдайда
несие объектісі табиғи заттай (ақшалай) емес игіліктер болып
табылады. Несие капиталы өндірістік капиталға тең. Бұл жерде
натуралистер несиені несие капиталының қозғалысын емес, табиғи
түрде материалдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты
қарастырады.
Несинің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама-
қарсы идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге
экономиканың дамуында шешуші роль беріліп, оны ұдайы өндіру
процестерінен алыстатады. Несие ақшамен және байлықпен
теңестіріледі. Бұл теорияның негізін салушы, ағылшын экономисі Дж.
Лонның ойынша, несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін
қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп болады.
Ол банктерді делдалдар ретінде емес, капитал жасаушылар деп
қарастырады.
Бұл теорияның қолдаушылары ағылшын экономистері Макмед, Кейнс,
Хоутри, Шумпетер (Австрия), Ган (Германия) болды. Олар ақша мен
несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Несие пайда
әкеледі, сондықтан ол “өндіргіш капитал” болып табылады, ал банктер
– “несие фабрикасы”. Бұл екеуі де несиені, яғни капиталды жасайды.
Капиталдық жасампаздық теорияны ары қарай монетаристер дамытуда.
Фридмен экономиканы реттеудің негізгі құралдары – несиенің пайыздық
мөлшермелері мен айналымдағы ақша жиынының өзгерісі болып табылады
деп есептейді. Шын мәнісінде пайыздық мөлшермелерді реттей отырып,
экономикаға салынатын несие салымдарының ауқымын кеңейтуге немесе
аясын тарылтуға болады. Сондай-ақ, айналымдағы ақша жиынтығын
реттеуге, ең соңында өндіріске және баға мен инфляцияның деңгейіне
де әсер етуге болады.
Монетаризм теориясы дамыған елдердің экономикалық саясатында
кеңінен қолданылуда. Қазіргі кезеңде оның маңызы несиенің пайыздық
мөлшерлемесін өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін
тежеуге қол жеткізу болып отыр.
Қазақстанда да несие теориясының жемістерін тәжірибеде кеңінен
пайдаланып отыр. ҚР Ұлттық банкі мен үкіметі ақша-несие реттеуінің
монетаристік теориясын қолдана отырып, 1994-1997 жж. өршіген
инфляцияны басты және елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол
жеткізді.

1.2 Несиенің ұйымдастыру қағидалары, қызметі, түрлері және
нысандары
Несие мәні қатынастардың несиенің – қайтару, төлемдік,
мерзімдік, қолма-қол ақша, мақсатты сипат сияқты маңызды қағидаларымен
анықталады.
Бұл қағидалар несиенің алғашқы даму кезеңдерінен бастап
қалыптасты, ол кейіннен заңды түрде бекітілді.
Несиенің қайтарылу қағидасы – қарыз алушының несиені
пайдаланғаннан кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен
сипатталады. Ол банктің несие қорын жаңғыртып отыруды қамтамасыз
ететін несиені пайызбен өтеуде өзінің іс жүзіндегі орнын анықтайды.
Бұл несие капиталының қозғалысына қажетті талап. Ол белгілі бір
мерзімге берілген соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Несиенің төлемділігі – қарыз алушыға берілген несиенің уақытында
қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді
пайдаланылуына қарыз алушы да ынталы болады.
Несиенің жеделдік қағидасы қарыз алушыға кез келген тиімді
уақытта емес, несие клісім шартында белгіленген уақытта қайтару
қажеттігін көрсетеді.
Несиенің қамтамасыз етілу қағидасы – несие келісім шартында
қарыз алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда
несие берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің
қажеттілігін көрсетеді. Бұл қағида жалпы экономикалық тұрақсыздық
кезеңінде өзекті мәселе болып табылады.
Несиенің мақсатты сипаты несие берушіден алынған қаражаттың
мақсатқа сай пайдалану қажеттілігін білдіреді. Несие келісім
шартындағы сәйкес бөлімде берілетін несиенің нақты мақсаты, сонымен
қатар банктің бақылау процесінде бұл талапты қарыз алушының сақтауы
белгіленеді.
Бұл қағидалардың барлығы бір-бірімен өзара байланысты және
олардың бір уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы
қағидалардың біреуі бұзылса, онда несие қатынасының мәні кетіп,
несиенің дербес экономикалық категория сияқты өзіне тән қасиеттері
жоғалады.
Әрбір экономикалық категорияның мәні оның атқаратын қызметінен
көрінеді. Ал оның әрбір қызметі басқа категориялардан өзгешелігін
анықтайтын маңызын сипаттайды.
Айырбас процесінде уақытша бөлініп шыққан құнды кейін өзінің
алғашқы иесіне өсім ақымен қайтарып беру келісімі бойынша несие беруші
мен қарыз алушының арасында несие қатынастары пайда болады. Бұл
несиенің алғашқы қызметі – қайта бөлу қызметі. Оның мағынасы қарыз
алушыға (шаруашылық, халыққа) төлем негізінде уақытша пайдалануға
берілетін кәсіпорындардың, ұйымдардың, халық пен мемлекеттің бос
ақшалай қаржыларын (ақша капиталдары мен табыстар) несие арқылы
шоғырландырып, қарыз беру капиталына айналдыру. Қарыз беру капиталы
несие механизмі арқылы халық шаруашылығы салаларының арасында қайта
қайтарылу негізінде несиеге айналады. Қарыз капиталын кәсіпорындар,
салалар, халық арасында қайта бөлу жүзеге асырылып, ақша түріндегі
капитал төменгі пайда нормасы бар саладан босатылып, банктерде
жинақталады да жоғары пайда нормасы бар салаларға ағылады. Басқаша
айтқанда, өндірістік тепе-теңдіктер, капитал мен экономиканың бірлесіп
басқарылу ретке келтіріледі.
Несиенің қайта бөлу қызметінің айрықша белгілері бар:
• несиенің қатысуымен қоғамның тек бір жылда өндірген материалдық
игіліктерінің, өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарының құны,
яғни ұлттық жалпы өнім ғана қайта бөлінбей, сонымен бірге бұрынғы
жылдары өндірілген өндірістік құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарының
құны қайта бөлінеді;
• несиенің қатысуымен тек ұлттық жалпы өнім ғана емес, сонымен бірге
ұлттық табыс, қоғамның барлық ұлттық байлығы қайта бөлінуі мүмкін;
• несиенің қайта бөлу қызметінің елеулі белгісі – уақытша қолдануға
уақытша бөлініп шыққан құнды бөлуі;
• несиенің қатысуымен уақытша бөлініп шыққан құнды беру делдал-банктер
мен басқа да несие мекемелерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Несиенің келесі атқаратын қызметі – нақты ақшаны несие
операцияларымен алмастыру. Тауарлы шаруашылықта нақты ақшаның орнына
несие операцияларын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Сатылып
алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп
айыруға байланысты, өзара есептесу бойынша бір шоттан екіншісіне ақша
аудару қолма-қол ақша төлемін қысқартуға, ақша айналымының құрылымын
жақсартуға, төлем айналымын кеңейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде
айналыс шығындарын азайтады. Қазіргі тауарлы шаруашылықта қарызға
берілген құн шаруашылық айналымында жалпы ақшаның орнына жүрмейді,
экономикалық айналымда ақшаны тек уақытша алмастыру қызметін атқарады.

Нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру үшін алдын ала
жасалған жағдайлар болуы шарт:
• дамыған банк жүйесі мен төлем айналымын ұйымдастыруда оның маңызының
жоғары болуы;
• экономикада төлем тапсырмасы немесе міндеттемесі бар төлем
құжаттарының еркін айналуы;
• орталық банктердің несие ақшаларын эмиссиялауы (шығаруы).
Несие өндірістік қорлар айналымының құралы деп қарастырсақ, онда
оның бұл қызметі ақшаларға да, бюджетке, пайдаға, қаржыға да тән – бұл
біріншіден, екіншіден – несие қорлар айналымдардың құндылық
категорияларының мазмұнына енеді.
Экономиканы ретке келтіру қызметі жайлы айтатын болсақ, ол
несиенің көмегімен ғана емес, баға, бюджет сияқты құндылық
категориялары арқылы да жүзеге асырылады.
Несие формасы – бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс
табуы. Ол несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді.
Таңдап алынған жіктеу өлшеміне қарай несиенің мынадай ең маңызды
формаларын бөліп көрсетуге болады:
— қызмет ету саласына қарай – ұлттық және халықаралық несие;
— несиенің мәмілесіне қарай – ақшалай және тауарлық несие;
— несие қатынасының субъектісіне қарай – банктік,
коммерциялық, халықаралық, тұтынушылық несиелер.
Несиенің тауарлық формасы тарихи жағынан алып қарағанда ақшалай
формадан бұрын пайда болған. Тарихтан білетініміздей, адамдар тұтынуға
қажетті артық өнімдерін бір-біріне өсім алумен қарызға берген.
Несиенің тауарлы формасының негізінде ақшалай несие пайда
болып, дамыды. Ол осы заманғы нарықтық шаруашылықта артықшылықтарға
ие. Өйткені ақша айналыс пен төлемнің жалпыға тән баламалы, әмбебап
құралы болып табылады. Несиенің бұл формасы ұлттық және халықаралық
экономикалық айналымдардың шегінде пайдаланылады. Несиенің тауарлық
және ақшалай формаларымен қатар олардың аралас формасы да қолданылады.

Коммерциялық несие
Несиенің басқа формаларына қарағанда коммерциялық несие олардан
пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші субъект екіншісіне сатылған
тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем мерзімін ұзартумен береді.
Осы несие формасының объектісіне өнеркәсіп және сауда капиталының
бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады. Коммерциялық несие
тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда болады. Ол
тауарлық формада беріледі және оның пайдалану шегі болады.
Осы несие формасының құралына вексель жатады. Вексель қолма-қол
ақшасыз есеп айырысудың көлемін арттыруға және айналыс шығынын
кемітуге жағдай тудырады.
Вексель – бұл сатып алушы-қарызгердің жабдықтаушының алдындағы
заңмен қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы,
несие үшін алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі.
Вексель несиелерге тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге
төлем құралы ретінде пайдаланылады.
Коммерциялық несиенің басты мақсаты – тауарлардың сатылу
процесін жеделдету және пайданың жылдам алынуын қамтамасыз ету.
Коммерциялық несие көбінесе ауыл шаруашылығында қолданылады.
Азық түлік корпарациясы фермерлерге, шаруа қожалықтарына жанар-жағар
май материалдарын, тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және өсімдікті
қорғайтын құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады.
Тұтыну несиесі
Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы
өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге,
ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.
Тұтыну несиесінің қосарлы қызметі бар: бір жағынан, тауар
айналымы артатын болса, несие мөлшелері де өседі, өйткені, тауар
сұранысы несие сұранысын тудырады, екінші жағынан, халық неғұрлым
несиеленетін болса, төлем қабілеті бар сұранысты арттырады. .
Қазақстанда тұрғын үй құрылысын салуға және оны сатып алуға ұзақ
мерзімді тұтыну несиесін беру үшін мамандандырылған мемлекеттік
құрылыс-жинақ ақша банкісі құрылады. 2004 жылғы халыққа берілген
тұтыну несиесінің мөлшері 122,1 млрд теңгені құрады, 2003 жылмен
салыстырғанда 9,4%-ды құрады.
Мемлекеттік несие
Мемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты
қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлекет және жергілікті билік
органдары болатын несиелік қатынастар жиынтығы.
Оны мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін және мемлекет өзінің
ағымдағы мүмкіндіктерінен тыс қажеттіліктерін қосымша қаржыландыру
үшін пайдаланады. Бұл несие қатынасының субъектісіне, бірінші жағынан,
қарыз алушы ретінде мемлекет жататын болса, екінші жағынан – халық,
кәсіпорындар, ұйымдар, сондай-ақ, шетелдік жеке және заңды тұлғалар,
мемлекет.
Мемлекеттік несиенің негізгі формасы – мемлекеттік займдар,
сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың
жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық
міндеттемелер (векселдер және т.б. несиелік міндеттемелер) ресми түрде
бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін, бірақ іс жүзінде бюджет
тапшылығына байланысты шығарылады. Қазақстанда 1994 жылдың сәуір
айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіледі.

Банк несиесі
Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы – банк несиесі.
Бұл жағдайда несие қатынасының объектісіне ссуданы ақшалай қаражатпен
беру процесі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж
мамандандырылған қаржы-несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз
алушы кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекетке беріледі.
Банк несиесінің бірінші ерекшелігі – банк өз қарыз алушыларына
несиені өзінің капиталынан ғана емес, сонымен бірге, тартылған
ресурстардан да береді. Қазақстан банктерінің несие ресурстарындағы
өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18-20%-ды құрайды, ал,
қалғаны – тартылған ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз ақшалар).

Осы несие формасының екінші ерекшелігі – шаруашылық айналымға
әлі түсе қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке
орналастырған уақытша бос қаражатын банк ссудаға береді.
Банк несиесінің үшінші ерекшелігі – банк ақшалай қаражатты
ссудаға өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында
береді. Мәселенің мәнісі мынада: қарыз алушы бұл ссуданы пайдаланғаны
үшін банкке пайыз төлейді. Қарыз алушы осы несиені өндіріс саласында
пайдаланғаннан кейін пайда алады әрі оның есебінен несиегерге пайыз
төлейді.
Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарты
немесе келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің мақсаты
– негізі және айналым капиталын арттыру, маусымдық қорларды толықтыру,
вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықты несиелеу.

Лизингтік несие
Қазақстанда 2000 жылдан бері лизингтік несие қолданылып келеді.
Лизинг – бұл негізгі құрал-жабдық мүлкін сатып алу және оны жеке,
заңды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі лизинг
алушының мүлікті сатып алу құқығын қарастыратын келісімшарттың
бекітілуіне себепкер болатын белгілі бір шарттармен лизингтік
келісімшарттың негізінде ұсыну бойынша инвестициялық қызметтің түрі.
Лизинг бұйымына кез келген тұтынылатын заттар, оның ішінде,
кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын машина, құрал-жабдық, сайман, үй-
ғимараты, көлік құралдары жатады.
Лизингтің банк несиесінен артықшылықтары:
— мүлік кепілге салынбайды;
— бизнес жоспарды ұсынудың қажеттілігі болмайды;
— лизингтік төлемнің жүйесі икемді болады және ол игеруге
жатқызылады, бұл салық салынатын базаны кемітуге мүмкіндік
береді;
— жүз пайыздық несиелеу және төлемдерді дереу төлеуді талап
етпейді.
Лизингтік несиені Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілері
комбайн, трактор және өзге де ауыл шаруашылығына қажетті машиналар
үшін, шағын және орта бизнестің субъектілері пайдаланады.

Ипотекалық несие
Ипотекалық несие – жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және
өндірістік ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз.
Ипотекалық несие беру – тұрғын үй саласына инвестициялар
тартудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Осы ипотека, халықтың тұрғын үй
жағдайларын жақсарту, банктердің тиімді және пайдалы жұмыс істеу,
құрылыс кешенінің өндірісті ырғақты жұмыспен жүктеу және халыққа
ынталы мемлекеттің мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік береді.
Азаматтарға ипотекалық несиелер беруді екінші деңгейдегі банктер
1998 жылдан бастап жүзеге асыруда. Ипотекалық несиелер бойынша
сыйақының бастапқы ставкасы жылына 20%, бастапқы жарна мөлшері 40-50%-
ға жуық құрады, несие 5-10 жылдан аспайтын мерзімге берілді.
Халықаралық несие
Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды
қайтарымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты
халықаралық экономикалық қатынастар аумағындағы қарыз капиталының
қозғалыс формасы.
Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар,
кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, сонымен қатар халықаралық және
аймақтық ұйымдар қатынасады.
Халықаралық несие арқылы ұлғайтылған ұдайы өндірісті қамтамасыз
ету, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамытудың халықаралық есеп
айырысу саласындағы айналыс шығынын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтыну несиесінің мәні және оның құрылымы
Ипотекалық несиенің мәні, қағидалары және оның құрылымы
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеудің талдауы
Экономика пәнінен дәрістер
Несие операцияларының түрлері және олардың есебі
Ипотекалық несие түсінігі туралы
Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
Қаржы нарығындағы нақты сектор
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Валюта бағамы туралы
Пәндер