Шыңғыс ханның жаулап алушылық соғыстары


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім.

Шыңғыс ханның жаулап алушылық соғыстары

Қорытынды бөлім.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Шыңғыс ханның жаулап алушылық соғыстары

1185 жылы Азиядағы өкімет билігі мен жерді бөлісу үшін керейіт ұлысы Ван ханмен Шыңғыс ханның одақ құру сәті түсті. Олар бірігіп Селенг өзенінің жағалауын мекендеген Меркіт ұлысын талқандады. Бұл жеңісШыңғыс ханның беделін өсіріп, оған билікке таласушы көптеген тайпалармен бірге жалайыр, барлас т. б. қосылды.

1194 жылы Ван ханның інісі Эрке-Хара наймандар-дың әскери көмегіне сүйеніп Ваи ханды ұлыстықтан қуды. Ван хан таңғүттар еліне қашып кетті.

1196 жылы Шыңғыс ханның кемегімен Ван хан Си-ся (Таңғұт) мемлекетінен қайта оралып, өз иеліктерін қолына алды. 1198 жылы Ван ханмен одақтасқан Шыңғыс

хан татар ұлысына жорық жасап, талқандайды. Жорык-тан оралып келе жатқанда Керулен өзенінің жағасын мекендеген татарларға қарсы жорықтан бас тартқан Жүркен таипасын талқандап, басшысын - Иманш хан-ды дарға асады.

Ван хан 1199 жылы наймандарға қарсы жорыкка аттанды. Өз әскерін жинап үлгере алмаған найман ха-ны Бұйрық Алтайға шегініп, яеңіліске үшырайды.

жылы Шыңғыс хан мен Ван хан меркіттер әске-
рін түпкілікгі талқандады.

жылы наймандар, меркіттер, татар тайпалары
Жамуха қүрамында Шыңғыс ханға қарсы үлкен коали-
ция қүрды.

1203 жылы Шыңғыс хан татар ұлысын түпкілікті талқандады. Осы жылы Шыңғыс ханға қарсы екінші коали-ция құрылды - Бүйрық ханның әміріне бағынған най-мандар мен меркіттердің үлкеғ күшімен Шыңғыс ханға қарсы күрес жүргізуге тура ке. гді. Бұл жолы олар со-ғысты жа^ғастырудан бас тартты. Ал монғолдар мен керейіттер арасында қақтығыс тайда болып, наймандардың Диан ханы монғолдар жағына шығып кетті. Керейіт-термен бірінші соғыс Шыңғыс хан үшін сәтсіз болды. Хинганда болған үрыс кезінде ол жеңіліске үшырап, әс-керлерінің жартысы оны тастаг кетті. Шыңғыс Керулен өзенінің аңғарына қоныс аударды. Сол жерде Шыңғыс хан керейіт гайпаларының бас ставкасына шабуыл жасап, үш күн ішінде басып алды.

Некун, Усун деген жерлерде Диан ханның найман жауынгерлер Ван ханды колғг түсіріп, өлтіреді. Осы кезде Шыңғыс ханға бір ғана құдіретті бәсекелес Найман ұлысының билеушісі Диан хан ғана калған еді.

Өзіне қауіп төнгенін сезген Диан хан 1203-1204 жылдардың қысында өзіне керейіттердің, татарлардың қалғанын жинап алады. Сонымен қатар ол Оңғыт ұлысының билеушісі Алағуш Дит Кумысқа елші жіберіп, Шыңғыс ханға қарсы бірігіп соғысуға шақырады. Бірақ Оңғыттың билеушісі бұл талатан бас тартып, Шыңғыс ханға хабарлап қояды. Шыңғыс хан уақыт жіберместен 1204 жылы 45 мың атты әскерн бастап наймандарға жорыққа апанады. Найман хашның қолында 55 мың оскері боладэі. Монғол әскерлер найман әскерін шегін-діреді. Диан хан соғысқа келмей, Алтайға шегінеді. Бі-рақ- оның ұлы Күшлік соғысуға тәуекел етеді. Осылай-ша найман әскерлері Орхон өзеіінен жүзіп өтіп, монғол-дармен үрыс бастайды. Олар монғолдарды тауға дейін ығыстырады. Бірақ оларды монғолдардың қалған күші қоршауға алады. Күшлікке қашып қүтылудың сәті түсіп, Диан хан соғыста қаза болады. Наймандардың бір бөлігі Шыңғыс ханға беріліп, екінші бөлігі соңғы үрыста қырылып кетеді.

Наймандардың, керейіттердің, меркіттердің қалғандары Күшліктің соңынан ереді. 1206 жылы Найман ха-ны Бүйрық Бұхтарма өзенінің бойында монғолдардан жеңіліс тауып, соАда өледі.

Наймандарды жаулап алғаннан кейін, Шыңғыс хан әскерін солтүстік пен батысқа - кішігірім тайпалар мен халықтарды басып алуға жібереді. Оның міндеті сол жақтағы халықтарды бағындыру және тоқтамай қаш-қан Диан ханның балаларын үстап әкелу еді. 1205 жылы Сүбедейді әскерімен батысқа жібереді. Біз бұдан Шыңғыс ханның тез жеңу ғана емес, сонымен бірге жауды мүлдем талқандау принципін көреміз. Батыс тайпаларды бағындырған соң Шыңғыс хан Алтайдан Қытай қамалына дейінгі жердің иесі болып шығады. Бүрынғы XI ғасырдағы монғол-түркі империясына кіретін халықтарды бір мемлекетке біріктіру, осы мемлекетті қайта орнату - бұл Шыңғыс ханның басты міндеті еді. Шыңғыс хан 1185-1206 жылдар арасында он екі хандықты бағындырды. )

1192 жылы Шыңғыс хан солонг (корей) тайпаларына қарсы жорыққа шығып, оларды жеңеді.

Шыңғыс хан әскері 1195 жылы сортогал тайпасын, одан кейін Қара Тибеттің үш провинциясын басып алады. Сонда Шыңғыс хан әсксрлеріне сыйлықтар үлестіріп тұрып: «Теңғри Хурмузда айтқаны бойынша мен 12 хандықты бағындырдым, кіші мен үлкен халықтарды бағындырдым, көп адамдарды жинап бір мемлекетке біріктірдім, осымен үлкен істің көбін істедім. Енді менің жаныма, денеме тыныштық керек», - дейді.

Темучин құрған мемлекет үлғая бастайды. Ол найман, керейіт меркіт тайпаларын бағындырып, бірнеше ірі жеңістерге жетті. Табысты өткен соғыстар нәтижесінде оның жалауы астына адамдар жүздеп, мыңдап жинала бастады. Темучиннің халық арасында беделі есті. Оның айналасына көптеген монғол билеушілері жи-налды. Олар Темучинді император етіп сайлауға лайықты деп тауып, қүрылтай шақырды. Бұл құрылтайға Алтан, Каучар және Сагабек сияқты дала аристократтары қатысты. Олар қүрылтай атынан Темучинге былай деді: «Біз сенің қолыңа бүкіл елдің тізгінін ұстатып. сені қаған етіп тағайындағалы отырмыз. Сен бізге басшы болған кезде біз үлкен жеңістерге жеттік, енді' сен қаған болсаң, біз жаулармен соғыста алдыңғы қатарда боламыз, біз жаулап не тартып алған заттардың, адамдардың барлығын саған береміз. Соғыста сенің бұйрығыңды орындамай, не бейбіт күндері сеғіің ісіңе бөгет болсак, сенің дегеніңе көнбесек, онда сен біздің әйелдерімізбен қоса мүліктерімізді алып, бізді иен шөл далаға тастап кет. Біз сен үшін барымызды беріп, соңғы қанымыз қалғанша соғысамыз!»

Осылайша ант беріп Темучинді қаған етіп жариялап, оған «Шыңғыс» деген ат береді. Бұл ант пен бірге им-ператордың міндеті де көрсетілді. Ол міндет - өз елін қорғау және жеңістерге апару.

«Шыңғыс» деген сөз батыс монғолдар мен ойрат-қалмақ тілінде «күшті», «мықты» дегенді білдіреді. Бі-рақ көбінесе «тәкаппар» дегенді білдіретіні бар. Бұл Темучин мінезіне өте дәл, жақын келеді. Темучин - өте сирек кездесетін бір туар, әскери ұйымдастырушылык қабілеті жоғары, шыныкқан әрі шешен адам.

Өзінің мінсзі жағынан ол кебінесе Юли Цезарьға үқ-сас, бірақ соғыс білімі жағынан тек өзіне тән қасиеттерГ болды. Қағаи-император атануы оның атағын одаи әрі көтерді. Бұл 1206 жылы болғап еді.

Шыңғыс хан ендігі жауларын Қиыр Шығыс пен Сібірден іздейді. 1207 жылы Енисей қырғыздарын, тағы басқа үлттарды бағындырды. Енисейдегі қырғыздар огаи қарсы көтеріліс жасаған болатын. Бірақ 1218 жылы Шыдғыс хаиныд үлкен ұлы Жошы олардың бетін қайтарды, кейінірек қырғыз хандығы жойылды. Монғолдар қырғыздардан енді хан шығады дсген ойды естеріпе де алған жок.

Қорыта келгснде, 1203-1206 жылдары наймандарды, меркіттерді, керейлерді жеңген соң Темучин Шыңғыс хан аталды. Бұл түста Шыңғыс хан гвардиясының негізі қаланды. Ол найман елінен «тамғашыларды» (жаза білетін адамдарды) тапты. Яғни жазуды мемлекет басқару ісіне қолдануды бастады. Оның мәнін түсінген Шыңғыс хан сол кезде қолданылып жүрген ұйғыр жазуын білетін наймандарды, үйғырларды өзіне қызметке алып, оны монғолдың белгілі адамдарына, өз үлдарына үйретуді талап етті.

Көріп отырғанымыздай, монғолдар наймандар мен ұйғырлардан жазуды үйренді. Түркілердің монғолдарға мүндай мәдени ықпалы аз болмады. Бұл жөнінде мынадай фактілер сыр шертеді: монғолдар түркілердің қаған есімдерін иеленді, түркі халықтарының титулдарын алды. Шыңғыс ханның әйелінің ағасы - меркіт, аты Жемал-Қажы екенін білеміз. Шыңғыс хан мемлекет баска-руда бірінші түркі империясы қағандарының «қаған қү-даймен тікелей байланыста, аспанда - құдай (кек тәңірі), жерде - қаған» деген ел басқару жүйесін пайда-ланды.

Монғол тайпаларын өзіне бағындырып болған соң, Шыңғыс хан және оны қоршағандар өздерінің назарын Монғолия жерінен тыс қоныстанған халықтарға бұрды. Олардың біріншісі Қытай империясы болды. Себебі бұл кезде Шығыс ірі байлық көзі еді. Бұл кезде Қытайда екі тшперия болатын. Солтүстігінде - Цзинь (Алтын Орда), Оңтүстігінде - Сун, Екі Қытай империясының халқы, мәдениеті бірдей болғанымен, біріншісін жаулап алушы династия - Чжурчжулар билесе, екіншісін ұлттық династия билейтіи.

Қытай империясына жорық жасамас бүрын Сары өзен бойындағы Танғүт мемлекетін бағындыруы тиіс еді. Бұл кезде танғұттар көрші Қытай мемлекетінің мәдениетіне араласып, байыған мемлекет болатын.

1205 жылы Шыңғыс хан Танғүт мемлекетіне (Батыс Қытайға) жорық жасайды, бірақ ол сәтсіз аяқталады. 1208-1209 жылдары монғол әскерлері бұрынғы жорық-ты қайталап, танғүт әскерін қатты әлсіретіп, олар монғолдарға салық төлеп тұратындай дәрежеге жетеді. Шыңғыс хан енді шығыстағы Қытайды жаулауға жол ашық деп есептейді және бұл кезде монғол мемлекетіне батыстаи да, солтүстіктен де ешбір қауіп жоқ еді

1207 жылы Шыңғыс хан бүрын батысқа шегініп кет-кен наймандардың соңынан Жебе мен Сүбедейді жібереді. Монғолдар бұл арада көздеген мақсатына жете ал-май, оның есесіне қырғыздарды ойсыратып жеңген Түр-кістандағы үйғыр хандығын бағындырды.

1211 жылы Шыңғыс хан, оның төрт ұлы: Жошы, Шағатай, Үгедей, Толы және ірі қолбасшылары - Мухали мен Жебе бастаған Монғол әскері Жүржы мемлекеті - Цзинге басып кірді. Шыңғыс ханиың үш ұлы басқару-шылықта болды. Ал кіші ұлы әкесініц қасында орталық армияға әмір жүргізді, оның қол астында 100 000 мон-ғол-түркі жауыигері бар еді.

1215 жылы монғол әскері ұзақ шайқастан соң Пекинді алып, оны тоиап, өртеп жіберді.

Шыдғыс хан көп байлыққа кенеліп монғол жеріне қайта оралды. Ол солтүстік Қытайға Мухалиді (тегі - түркі) 23 мың монғол әскерімен (қидандар мен басқа тайпалардан шыққан әскерлерді санамағанда) тастап кетеді. Оның міндеті Қытайды әрі карай жаулау еді. Мухали басқыншылық саясатын жүргізе берді. Ол он жыл бойы шығыс пен батысқа аяусыз жорықтар жасап, қытайлар мен варварларды (жат жүрттықтарды) қорқытып, жазалап отырды. Мухали императордың қарама-ғында Қытайдағы әскерлердің бас қолбас Жорықтар мен соғыстарға катысты. Маңызды жұмыстарды ол өзі шешті. Сондықтан оны императордың уақытша орнын алушы деп білді. Киім кніс және әр түрлі жүйелі рәсімдер - барлығы дерлік шегі жоқ аспан ұлы Шыңғыс ханның айтуымен істелінді.

Мухали әлемді дүр сілкіндірген Шыңғыс ханнын ең сенімді адамы болды, Қытайды жаулап алуда басты рөл атқарды. 1217-1218 жылдары Шыңғыс хан Мухалидың қарамағына бір есепте 10 мың, енді бір есепте 23 мың монғол және де 10 мың онгут, 2 мың жалайыр сондай-ақ жаңадан монғол қатарына енген қидандар мен чжурчжендер жасақтарын бөліп-бөліп баскаруына берді. Олар солтүстік Қытай - Цзинге қарсы жорыққа тағайындалды. Шыңғыс ханға Мухалидің сенімді болғанына «Юань-ши» де куә бола алады. Онда Шыңғыс Мухалиге император орнының тоғыз белгілі туын үсынып, оның әскери жоғарғы қолбасшы болуына әмір береді. Шыңғыс хан өз бүйрығында: «Егер Мухали мен берген туларды көтеріп жорыққа шақырса, менің (Шыңғыс ханның) бүйрығым деп есептелінетін болсын», - деді. Мүндай сенімге Мухали 1217-1218 жылдары Солтүстік Қытайды жаулап алуға қоскан үлесі үшін ие болған еди Жалайыр Мухали 1223 жылы 54 жасында қайтыс бол-ған.

Қытайға жасаған жорық монғолдарды қытай шеберлері жасаған қамал бұзатын станоктармен таныстырды. Оларды бағалаған монғолдар Қытай жерінен ондай шеберлерді алып кетіп, жарғыш станоктарды өз жерінде шығара бастады. Сонымен бірге Қытайдан көптеген бас-қа да маман-шеберлерді айдап алып кетті.

Атақты Марко Поло Шыңғыс хан туралы былай дейді: «Бір белгілі ауданды жаулап алғаннан кейін Шыңғыс хан ол жердегі халыққа ешқандай зардап келтірмеді, ол тек солардың арасына бірнеше ез адамдарын басқару үшін отырғызып қойды. Жаулап алынған халық жаулаушылардан еш жамандық көрмейтінін және олар-ға өзге ешкім келіп тиіспейтінін біліп, Шыңғыс хан адамдарына адал қызмет ете бастады. Олардың жаулары енді өздерінің жакын жолдастарына айналған еді. Осынысымен Шыңғыс хан өзіне көп сенімді адамдар жинады. Бұлардың көптігі сонша, олар жер бетін басып ала аларлық күшке айналды. Мүны байқаған ол бүкіл жер жүзін басып алу туралы ойлай бастады».

1219 жылы қыркүйекте Шыңғыс хан бастаған монғол әскерлері Жетісуға басып кірді. Соғыстың алғашқы ке-зінде Шыңғыс хан әскерлерінің жалпы саны 130 мыңға жетті. Мұның ішінде Қарлұқ Арслан хан, Сукнак тегін және Шығыс Түркістан (ұйғыр идикуты Барчук басқарған) еріктілер де болды.

Негізгі шабуыл бағыты Ертістен Сырдарияға Жетісу арқылы өтті. Отырарға таяған кезде Шыңғыс хан өз әскерлерін бірнеше құрамаларға бөлді. Бірінші құрама - Отырар қаласына шабуылдаушылар, қолбасшылары - Шыңғыс ханның екінші, үшінші ұлдары - Шағатай мен Үгедей болды. Екінші құраманың қолбасшысы - Шыңғыстың үлкен ұлы Жошының бағыты Сырдарияның төменгі ағысындағы Жент және Янғикент қалалары болатын.

Үшінші құраманың мақсаты Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалаларды жаулап алу болады да, оны Шыңғыс хан өзі және кенже ұлы Толы басқарады.

Шыңғыс ханның үш бағытта шабуылдаған әскери құрамаларына Хорезм шахтың әскери топтары қарсы тұрды.

Хорезм шаһтың әскері әр түрлі үлт өкілдерінен қүралған. Тарихшы Джувайнидің айтуына қарағанда, Ма-уеренаһрдагы басты қала - Самарқан гарнизонындағы әсксрдің жалпы саны 110 мың адам, оның 60 мыңы түркі, 50 мыңы тәжік болған еді. Тәжіктер мен түркілердің арасында татулық та болмады. Тәжіктер түркілерді төменшіктстті. Керісінше, түркілер монғолдарға жақындау болды. Оның үстіне Шыңғыс хан әскерінде бірнеше түркі қүрамалары жүрді және де түркілер монғолдар-мси жалпы орта азиялық көшпенді салт-дәстүрлері жағынан да жақын еді. Осы жақындықтарды монғолдар қатты пайдаланып кетті, түркілерді алдап түсірді. Дос-тық келісімге сенген түркілерді әлсіретіп алып, соңынан жойып жібергеи кездері де болдьг. Мысалы, Самарқанды қоршау кезінде монғолдар Хорезм шаһтың шешесінің ағасы басқарған түркі гарнизонының бір бөлігін өздеріне әскери қызметке қабылдауға келісіп, бірақ қалапы алған соң 20 көсем басқарған 30 000 түркі отрядын жазық далада қоршауға алып, қырып тастады. Осындай жолмен моңғолдар ездеріне аландар қыпшақтармен одақтасып қарсы шыққанда, қыпшақтарға: «біз және сендер бір атаданбыз, ал аландар (осетиндер) ) біздей емес, сондықтан сендердің оларға көмек берулерің керек емес» - деп, өз әскери қулықтарына салған болатын.

1220 жылы Каспий теңізінің бір аралында қайтыс болған Хорезм шаһ Мухаммед монғолдармен соғыста өзіи көрсете алмады, сондықтан оның есімі монғолдарға белгісіз күйінде қалды. Монғол деректері бойынша Мұхаммедтің баласы әрі мұрагері Желал әд-Дин сол жылы қарашаның соңында Индияға қашып кетті. Осы-нын нәтижесінде Шыңғыс ханмен арадағы соғыс аяқталды. 1221 жылдың жазында Шыңғыс хан Түркістанды тастап, 1224 жылдың жазын Ертісте өткізді.

Монғолдардың жорығы селжуктердің алдыңғы азия-ға шабуылы сияқты халықтардың орнын ауыстырып жатпады.

Мемлекеттік қүқ аумағында үстемдік етуші жеке құқылық билік басталды. Осы принцип негізінде Шыңғыс хан көзі тірісінде бүкіл иелігін бірінен соң бірін үлкен үлдарына бөліп беріп, өзінін басты иелігін кіші ұлына қалдырды. Сондықтан Шыңғыс ханның қара шаңырағы - Монғолия оның кіші ұлы Толының (Түлүқтың) қолына көшті. Монғолияның түрақты армиясы 129 000 адамды құрады, оның 101 000-ына Толы басшылық етті. Бұл сан өзге елдерге жеткен монғолдардың Монғолияда қалғандарына қарағанда өте аз болғанын айқын кер-сетеді.

Шыңғыс хан өз иеліктерін балаларына былайша бөліп үлестірді: Кіші ұлына қара ілаңырақ тиесілі болса, үл-кен ұлы Жошы жаулап алынған жерлердің ең көп бөлі-гін алуға тиіс болды. Шыңғыс хан Монғолияны билесе, Жошының иелігіне батыстан Селенгіге дейінгі жерлер тиді. Батыстағы жеңістен кейін Жошы иелігіне «монғолдардың атының түяғы жеткен» жердің бәрі кіретін бол-ды. Шыңғыс хан көзі тірісінде оған батыстан Ертіске дейінгі жерлер, сонық ішінде меркіттердің қалдықтары жойылған жерлер және Еділ бұлғарлары хандығының шекарасына дейінгі жерлерді берді.

Шыңғыс хан 1227 жылы қайтыс болған соң Жошы ұрпақтарының билігіне бүрынғыға қоса бұлғарлар хандығы және бүкіл орыс княздіктері (Новгородтан басқа-сы) кірді.

Шыңғыс хан әскерлерінде монғолдар аз болды. Күрамаларының көпшілігі бағындырылған халықтар ара-сынан құрылды. Оған Шыңғыс хан жорықтарына бағындырылған немесе өз еркімен бағынған халықтар қатысқаны дәлел.

Қорытынды бөлім.

Шыңғыс хан империясының әскери құрылымы және түркілер. Шыңғыс ханның мұрагерлері мен мұрасы

Шыңғыс хан таққа отырғаннан кейін өз армиясыныь қуатын нығайта отырып, өзін толастамаған жорыктар-дың шыңынан көрсете білген ұлы қолбасшы және да-нышпан билеушінің ұйымдастырушылық қабілеті онығ армиясының қүрамынан-ақ көрінді. Монғол армиясь оған дейін де пайда болып, дамыса да, негІзгі әскери техникада тактикаларын нығайту, жауларының тиімді соғыс әрекеттерін қабылдау, әскери тәртіпті күшейту, жаңа сипаттағы соғыс өнерін меңгеру Шыңғыс ханныь үлесіне тиді. Монғол билеушісі ең бірінші өз гвардиясы-ның қүрылымын нығайтуға күш салды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік іс жүргізудің кезеңдері (сатысы)
Моңғолстанның құрылуы
Қазақстан монғол-татар шапқыншылығы дәуірінде
Әмір Темірдің дүниеге келуі
Әмір Темірді соңғы жорыққа жібермеу
Шыңғыс - ханның империясы
Моғол хандығы
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Моңғолдар жаулап алғаннан кейінгі этникалық процестер
МОҢҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ. ШЫҢҒЫСХАН ЖӘНЕ ТҮРІК-МОҢҒОЛ МЕМЛЕКЕТІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz