Қылмыс ұғымы жайлы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Қылмыстың ұғымы.

Негізгі бөлім

  1. Қылмыс санаттары, олардың сипаттамасы, санаттаудың критерилері.
  2. Қылмысты санаттаудың өзге заң ғылымдарымен байданысы.

Қорытынды

Қылмысты санаттаудың маңызы.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Қылмыс ұғымы

Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежісінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шаралары қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу- қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс- әрекеттердің көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс- әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді. Жалпы қылмыс дегеніміз жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет болып табылады.

Бұдан атап өтелгендей, барлық қылмыстар қоғамдық тұрғыда қауіпті болып келеді және дәл осы себепке байланысты заң шығарушы қылмыстық жазамен қорқыта арқылы оларды жасауға тыйым салынады. Бірақ, кейбір қылмыстардың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі өзге қылмыстардан елеулі түрде өзгеше болуы мүмкін. Мәселен, кісі өлтірудің мүлік ұрлаудан қауіптірек екендігі күмән тудырмайды, сондай- ақ, ұрлық кісі балағаттаудан ауыр екендігі және рас. Осыған орай кез келген қылмыс жасаудың қылмыстық- құқықтық зардаптары, ең алдымен оған қолданылатын жазаның ауқымы мен дәрежесі әрқилы болып келеді.

Қылмыс санаттары, олардың сипаттамасы, санаттаудың критерилері

Қылмыс санаттары негідеріне әр түрлі критерийлер жатқызылуы мүмкін. Біріншіден, қылмыс обьекісі. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі қылмыс обьектілеріне қатысты, қылмыстың қоғамға қауіптілігі мен бір немесе сол обьектінің тегіне байланысты, маңыздылығына қарай (жеке адамға қарсы қылмыстар, отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар т. б. ) топталған. Санаттаудың маңыздылығы сол, нақты қол сұғушылықтың әлеуметтік- саяси мәнін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.

Қылмысты санаттаудың екінші критериі болып кінәнің нысаны олып табылады. Барлық қылмыстық әрекеттер жасалуына қарай қасақаналық және абайсыздық болып бөлінеді. Қылмысты қасақана немесе абайсыздықтың қатарына жатқызу заңды салдарға: қоғамға қауіптіліктің сипаты мен дәрежесін анықтауға ерекше маңыздылығын тигізеді(абайсызда жасалынған қылмысты ауыр немесе аса ауыр деп табылуы мүмкін емес, қылмыстың қайталануы қасақана жасалған қылмыстарға тән, кінәнің қасақана нысандары қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталуда орын алады), жазалу (қасақана қылмыстар ережегідей неғұрлым қатаң жазаланады. Кейбір жағдацда қылмыс санаттарына қылмыстық ниет жатады, мысалы пайдақорлық( мүлікті тәркілеу Қылмыстық Кодексте көзделген пайдақорлық мақсатта жасалынған қылмыстар үшін тағайындалуы мүмкін)

Үшіншіден, қылмыс санаттарының негізін, қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі құрайды. Осы критерийлер бойынша қылмысты санатқа бөлуді орын алған.

Қазақстан Респуликасының жаңа Кодексінде қылмысты санаттау туралы арнаулы норма енгізілген, сол нормаға сәйкес барлық Қылмыстық Кодекс Ерекше бөлімінде көзделген әрекеттер сипатына және дәрежесіне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және аса ауыр қылмыстарға бөлінеді. Қылмысты осылай етіп санаттарға бөлу қылмыстық құқық ғылымында қалыптасқан қылмыс санаттарын Қылмыстық Кодекстің санкциясында көрсетілген, қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай бөлу жөніндегі қазіргі заманғы талапқа сәйкес келеді. Қылмыстық занның жекелеген бабында көрсетілген санкция мөлшері қоғамға қауіптіліктің дәрежесін бейнелейді және әр түрлі қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесімен салыстыруға мүмкіндік береді.

Члимчму

  1. Жасалғаны үшін осы кодексте көзделген, ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалаған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады
  2. Жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады
  3. Жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.
  4. Жасалғаны үшін осы кодексте он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.

Қылмысты көрсетілген санаттарға бөлу маңызы зор. Қылмыс санаттары қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселелерін, қылмысты дәрежелеуге, қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатуды, жаза тағайындауды дұрыс шешуге септігін тигізеді.

Онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстарға дайындалғандық үшін қылмыстық жауаптылық басталмайды. Онша ауыр емес қылмыстарға оқталғандық үшін қылмыстық қудалау жоқ. Бірінші рет онша емес қылмыстар жасалғандық болса, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән жайлар болып табылады. Қылмыстың жиынтыңы бойынша жаза тағайындау кезінде кігірім ауырлықтағы қылмыс қамтылса, онда түпкілікті жаза жеңілрек, қатаң жазаны ауырырақ қатаң жазаға сіңіру жолымен таңайындалады. Егер шартты түрде сотталған адам сыңақ мерзімі ішінде онша емес қылмыс жасаған жағдайда, шартты түрде сотталудың күшін жою немесе оны сақтау туралы мәселені сот шешеді. Сәйкес шарттар бойынша бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін; егер шын өкінуне байланысты болса; жәбірленушімен татуласса; жағдайдың өзгеруіне байланысты; ескіру мерзімінің өтуі(кішігірім қылмыс жасағаннан кейін екі жыл) және бес жыл(орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін ) айыптау үкімі оның заңды күшіне енген күнінен бастап есептегенде, мына аталған мерзімде орындалмаған болса, кішігірім ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанд- үш жыл, орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталғанда- алты жыл өтсе жазаны өтеуден босатылады. Жазадан шартты түрде-мерзімнен бұрын босату сотталған адамға:мерзімнен бұрын босату соталған адамға; кішігірім тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын өтегеннен кейін қолданылады, кішігірім немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін бас бостандығын өтеп жүрген адамдарға сот өтелмеген жаза бөлігін жеңілірек жазаның түрімен ауыстыра алады. Кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде- жазаны жыл өтеуі бойынша; кәмелетке толмағандарға қатысты бір жылдың өтуі бойынша соттылық жойылады.

Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмаған адам, тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны қылмыстық жазадан босатуы мүмкін.

Ауыр қылмыс жасағандық үшін мынандай құқықтық салдарға әкеп соқтырады: қылмыстың қайталануын қауіпті немесе аса қауіпті деп табу; жазаны өтеуден шартты түрде мерзімнен бұрын босату, кемінде үштен екісін нақты өтегеннен кейін қолданылу (кәмелетке толмағандарға қатысты- жазаның кемінде жартысын ) ; қылмыстық жауаптылықтан ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босату, он жыл өткеннен (кәмелетке толмағандарға қатысты- бес жыл) ; бас бостандығынан айыруға сотталғандарға, жазаны өтегеннен алты жыл өтуі бойынша(кәмелетке толмағандарға қатысты- үш жыл) соттылығы жоқ деп танылады.

Аса ауыр қылмыс жасғаннан кейін, қылмыс қайталануын аса қауіпті деп табу; өлім жазасын немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруды қолдану; жаза мерзімінің бір бөлігін, бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезінде түрмеде өтеу; жазаны өтеуден бұрын щартты түрде босатуды, жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін(кәмелетке толмағандарға қатысты- үштен екісін) өтегеннен кейін; айыптау үкімі оның заңды күшіне енген күннен бастап есептегенде, аса ауыр қылмысы үшін сотталғанда- он бес жыл орындалмаған болса қылмыстық жауаптылықтан босату; бас бостандығынан айыруға сотталғандарға жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өтуі бойынша(кәмелетке толмағандарға қатысты- үш жыл) сотылығы жоқ деп танылады: аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға- ерекше режимдегі түзеу колонтяларына тағайындалады.

Кейбір жағдайларда заң атқарушы қылмыстың бірқатар топтық белгілеріне назар аударады. Мысалы, жеке адамдарға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адамды сот, егер ло ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе де қылмыстық жауаптылықтан босатпайды; жеке адамға қарсы ауыр және те ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге соталған жүкті әйелдерге және сегіз жасқа толмаған балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдырмайды. Осыларға байланысты тек қылмыс санаттары ғана емес, сонымен қатар қылмыс обьектісі немесе соңғы реттерде тағайындалған жазаның мерзімі де ескеріледі.

Қылмыстың дәл санатқа жатқызуға мүмкіндік беретін қосымша белгілердің түрі кінә нысандары болып табылады. Мысалы, ауыр және аса ауыр қылмыстарға тек қана қасақана қылмыстар жатады. Ауырлығы орташа немесе онша ауыр емес қылмыстарға қасақана немесе абайсыздықпен істелген қылмыстар жатады. Осы санаттарға сәйкес аса ауыр қылмыстарға қоғамға қауіптілік дәрежесі ерекше қасақана қылмыстар, мысалы, кісіні ауырлататын жағдайда қасақана өлтіру, мемлекетке опасыздық, бандитизм, зиянкестік, шабуыл жасап тоау сияқты қылмыс түрлері жатады. Ауыр қылмыстарға мысалы, контробанда, денеге, қасақана ауыр жарақат салу, ауырлататын жағдайды біле тұра кінәсіз адамды қылмыстық жауапқа тарту т. б қылмыстар жатады. Ауырлығы орташа қылмыстарға қасақана немесе абайсызда істелген қылмыстар: мысалы, абайсызда кісі өлтіру, кісіні өзін- өзі өлтіру халіне жеткізу, денеге қасақана орташа дәрежеде жарақат түсіру т. б. қылмыстар жатады. Ауыр емес қылмыстарға бас бостандығынан айырмайтын жаза қолданылуы мүмкін. Оған қорлау, жала жабу, абайсызда денеге ауыр немесе орта дәрежедегі жарақат түсіру сияқты қасақана немесе абайсызда істелген қылмыстар жатады. Қылмысты санаттқа бөлудің маңызы зор. Қылмыстарды бұлайша санаттау жауаптылық пен жазалауды негіздеуді анықтаған кезде ескеріледі, мәселен, мынадай жағдайларда: қылмыстың қауіпті түрде қайталағанда, қылмыстық қоғамдастыққа қаттыса, сотталғандарға жазасын түзеу мекемелерінде өтеу түрінде тағайындалғанда, өлім жазасына бұйырылғанда, жазаны жеңілдететін жағдайларды белгілегенде, қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындалғанда және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындалғанда, қылмыстық жауаптылықтан босатылғанда, жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл түрімен айфрбастағанда, айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босатылғанда, соттылығы жойылған немесе алынып тасталғанда, кәмелетке толмағандандардың қылмыстық жауаптылығының ерекшеліктері және оларға қолданылатын жаза түрлері орнықтырылғанда еске алынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы және оның қылмыстық-құқықтық көрініс нысандары
Қылмыс құрамының ұғымы, белгілері
Қылмыстық жауаптылықтың негізі
Экологиялық қылмыстардың түрлеі
Заңсыз аборт түсінігі
Қылмыстың объективтік жағының ұғымы
Парақорлық қылмыстарын саралау
Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылық
Тергеушінің қылмыстық сот ісін жүргізудегі дербестігі және жауапкершілігі
Адамдардың бас бостандығымен қадір-қасиетіне қарсы қылмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz