Талан – таражыға салу және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу қылмысы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1. Тарау. Талан . таражыға салудың қылмыстық құқықтық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5.15
1.1. Талан . таражыға салудың ұғымы және оның түрлері
1.2. Талан . таражыға салудың нысандары және түрлері

2. Тарау. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету құрамын қылмыстық құқықтық талдау ... ... ... ... ... .16.40
2.1. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің объектісі
2.2. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің объективтік жағы
2.4. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің субъектісі
2.3. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің субъективтік жағы

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41.44

Пайдаланылған қайнар көздер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
1959 жылғы ҚазССР – нің Қылмыстық кодексінің көптеген ережелері елімізде орын алған экономикалық, әлеуметтік және саяси қажеттіліктерге, сондай – ақ адам құқықтары туралы халықаралық шарттарға сәйкес келмеді. Сол себептен де 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде меншікке қарсы қылмыстар жаңаша көзқараспен баяндалған.
Меншікке қарсы қылмыстар тарауының құрылымы өзгергендіктен, ескі Қылмыстық кодекске бейтаныс болып келген қылмыстардың жаңа түрлері қарастырылғандықтан жаңа Қылмыстық кодекстің ережелерін теориялық тұрғыдан түсіндіруге және оларды қолдануға байланысты ғылыми негізделген нұсқауларды өңдеп шығару қажеттілігі туындады. Қымыстық құқыққа байланысты отандық және ресейлік әдебиеттерде монографиялық сипаттағы еңбектер және меншікке қатысты әртүрлі мәселелерді қозғайтын ғылыми мақалалар болғанымен де, олар қазіргі таңда едәуір дәрежеде ескірген. Себебі олардың барлығы да 1958 жылғы КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңдар Негізінде және 1959 жылғы ҚазССР – нің Қылмыстық кодексі негізінде жазылған.
Осы себептен де жаңа Қылмыстық кодекстің ережелерін қолдана отырып, меншікке қарсы қылмыстарға талдау жасаудың ғылыми -–тәжірибелік мәселелерін теориялық тұрғыдан қарастыру өте маңызды және өзекті болып табылады.
Жазылған жұмыстың маңыздылығының белгісі ретінде меншікке қарсы қылмыстардың жалпы жасалынған қылмыстардың арасындағы алатын елеулі үлес салмағын атап көрсетуімізге болады. Алматы қаласының өзінде ғана 2003 жылдың қаңтар – қыркүйек айларының арасында жасалынған меншікке қарсы қылмыстардың жалпы саны 6359; яғни барлық қылмыстардың 58,9 % құрайды. Бұл дегеніміз сот – тергеу тәжірибесінің қызметкерлерін де, теоретик ғалымдардың да алаңдаушылығын тудыруы қажет. Яғни, меншікке қарсы қылмыстардың санын азайту үшін, олармен табысты түрде күрес жүргізу үшін нақты теориялық база керек.
1.1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995ж. өзгетулер мен толықтыруларды қоса.
1.2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 27 желтоқсан 1994ж өзгертулер мен толықтыруларды қоса.
1.3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 16 шілде 1997ж. өзгертулер мен толықтыруларды қоса.
1.4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексі өзгетулер мен толықтыруларды қоса. Алматы, Жеті Жарғы, 2002ж.
1.5. Определение Коллегии по уголовным делам Верховного Суда РК от 25 марта 1997г. №2-К-103-97
1.6. Нормативное постановление Верховного Суда РК от 11 июля 2003г. №8 «О судебной практике по делам о хищениях».

2. Оқу, арнайы әдебиеттері
2.1. Курс советского уголовного права. Особенная часть./Под ред. А.А. Пионтковского. М., 1959г.
2.2. А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы, Жеті Жарғы., 2000ж.
2.3. Уголовное право. Особенная часть./Под ред. И.Я. Козаченко. М., 1998г.
2.4. Научно – практический комментарий к Основам уголовного законодательства Союза ССР и союзных республик. М., 1961г.
2.5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулыларының жинағы. 1 том. Алматы, 1997ж.
2.6. Г.А. Кригер. Квалификация хищений социалистического имущества. М., 1974г.
2.7. В.А. Владимиров. Ответственность за корыстные посягательства на социалистическую собственность. М., 1986г.
2.8. В.А. Владимиров, Ю.И. Ляпунов. Ответственность за корыстные посягательства на социалистическую собственность. М., 1986г.
2.9. Б.С. Никифоров. Объект преступления по советскому уголовному праву. М., 1960г.
2.10. А.В. Наумов. Уголовное право. Общая часть. М., 1996г.
2.11. Уголовное право. Особенная часть /Под ред. Б.В. Здравомыслова. М., 1995г.
2.12. Курс советского уголовного права. Общая часть. /Под ред. М.Д. Шаргородского. Л., 1968.
2.13. Уголовное право Росси. Особенная часть. /Под ред. А.И. Рарога. М., 1996г.
2.14. В.Н. Литовченко. Уголовная ответсвенность за посягательства на социалистическую собственность. М., 1985г.
2.15. Н.Н. Смирнова. Уголовное право. Санкт – Петербург, 1998г.
2.16. Комментарий к Уголовному кодексу Российской Федерации. /Под ред. Ю.И. Скуратова. М., 1996г. Практический комментарий к Уголовному кодексу РФ./Под ред. Э.Ф. Побегайло. М., 2001г.
2.17. В.А. Владимиров, Ю.И. Ляпунов. Социалистическая собственность под охраной закона. М., 1979г.
2.18. Новый комментарий к Уголовному кодексу РФ. / Под ред. А.С. Михлина. М., 1996г.
2.19. Комментарий к Уголовному кодексу РК /Под ред. И.И. Рогова и Г.И. Баймурзина. Алматы,2000г.
2.20. Е. А. Фролов. Объект уголовно – правовой охраны и общее понятие хищений социалистического имущества. Свердловск, 1969г.
2.21. Комментарий к Уголовному кодексу КазССР./Под ред. В.Н. Маркелова и Г.Ф. Поленова. Алма – Ата, 1980г.
2.22. Н.Н. Смирнова. Уголовное право. Особенная часть. Санкт-Петербург, 2000г.
2.23. В.А. Владимиров. Ответственность за корыстные посягательства. М., 1986г.
2.24. Г.Н. Борзенков. Уголовно – правовые проблемы охраны имущества граждан от корыстных посягательств. М., 1991г.
2.25. Г.А. Мендельсон, Ю.М. Ткачевский. Уголовня отвественность за мелкое хищение государственного и общественного имущества. М., 1957г.
2.26. А.А. Пинаев. Уголовно – правовая борьба с хищениями. Харьков, 1976г.
2.27. Курс уголовного права. Общая часть. Том1. /Под ред. Н.Ф. Кузнецовой. М., 1999г.
2.28. Я.И. Гилинский. Криминология. Санкт-Петербург, 2002г.
2.29. Уголовное право Российской Федерации. Особенная часть. /Под ред. Б.В. Здравомыслова. М., 1996г.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..4

1. Тарау. Талан – таражыға салудың қылмыстық құқықтық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-15
1.1. Талан – таражыға салудың ұғымы және оның түрлері
1.2. Талан – таражыға салудың нысандары және түрлері

2. Тарау. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету
құрамын қылмыстық құқықтық талдау ... ... ... ... ... .16-40
2.1. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің
объектісі
2.2. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің
объективтік жағы
2.4. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің
субъектісі
2.3. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің
субъективтік жағы

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41 -44

Пайдаланылған қайнар көздер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45

Кіріспе
1959 жылғы ҚазССР – нің Қылмыстық кодексінің көптеген ережелері
елімізде орын алған экономикалық, әлеуметтік және саяси қажеттіліктерге,
сондай – ақ адам құқықтары туралы халықаралық шарттарға сәйкес келмеді.
Сол себептен де 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінде меншікке қарсы қылмыстар жаңаша көзқараспен
баяндалған.
Меншікке қарсы қылмыстар тарауының құрылымы өзгергендіктен, ескі
Қылмыстық кодекске бейтаныс болып келген қылмыстардың жаңа түрлері
қарастырылғандықтан жаңа Қылмыстық кодекстің ережелерін теориялық тұрғыдан
түсіндіруге және оларды қолдануға байланысты ғылыми негізделген
нұсқауларды өңдеп шығару қажеттілігі туындады. Қымыстық құқыққа байланысты
отандық және ресейлік әдебиеттерде монографиялық сипаттағы еңбектер және
меншікке қатысты әртүрлі мәселелерді қозғайтын ғылыми мақалалар болғанымен
де, олар қазіргі таңда едәуір дәрежеде ескірген. Себебі олардың барлығы да
1958 жылғы КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңдар Негізінде
және 1959 жылғы ҚазССР – нің Қылмыстық кодексі негізінде жазылған.
Осы себептен де жаңа Қылмыстық кодекстің ережелерін қолдана отырып,
меншікке қарсы қылмыстарға талдау жасаудың ғылыми -–тәжірибелік мәселелерін
теориялық тұрғыдан қарастыру өте маңызды және өзекті болып табылады.
Жазылған жұмыстың маңыздылығының белгісі ретінде меншікке қарсы
қылмыстардың жалпы жасалынған қылмыстардың арасындағы алатын елеулі үлес
салмағын атап көрсетуімізге болады. Алматы қаласының өзінде ғана 2003
жылдың қаңтар – қыркүйек айларының арасында жасалынған меншікке қарсы
қылмыстардың жалпы саны 6359; яғни барлық қылмыстардың 58,9 % құрайды. Бұл
дегеніміз сот – тергеу тәжірибесінің қызметкерлерін де, теоретик
ғалымдардың да алаңдаушылығын тудыруы қажет. Яғни, меншікке қарсы
қылмыстардың санын азайту үшін, олармен табысты түрде күрес жүргізу үшін
нақты теориялық база керек.

1. Тарау. Талан – таражыға салудың қылмыстық құқықтық сипаттамасы

1.1. Талан – таражыға салудың ұғымы және оның түрлері
Күші жүріп тұрған заңдарға сәйкес талан-таражы ұғымы топтық ұғым, оның
негізгі элементтерінің сипаттамасы талан – таражыға салудың барлық
нысандарына тән белгілерді айқындап, біріктіруге мүмкіндік береді.
Сот - тергеу тәжірибеіне сүйенсек, талан – таражыға салудың толық ұғымы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 25 шілде 1996 жылғы №9
қаулысында берілген. Осы қаулының бірінші тармақшасына сәйкес бөтен
біреудің мүлкін талан – таражыға салу деп – меншік иесінің мүлкін
пайдақорлық мақсатпен заңсыз тегін алуды және оны өз пайдасына немесе
басқаның пайдасына айналдыруды – бөтеннің мүлкін ұрлау деп түсіну керек.
Бұл орайда бөтеннің мүлкі жасырын да, ашық та, алаяқтық, қорқытып алу,
меншіктену, жұмсап қою немесе қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау жолымен
де ұрлануы мүмкін.
Қазіргі таңда алғаш рет заң деңгейіндегі талан – таражыға салудың толық
көлемдегі және кеңейтілген анықтамасы 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде берілген. Яғни, ҚК – тің 175
бабының ескертуінің 1 тармақшасына сәйкес: осы Кодекстің баптарында ұрлық
деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе
өзге иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа адамдардың
пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және айналдыру танылады.
Берілген ұғым талан – таражыға салудың белгілерін анықтау үшін, оларды
бір – бірінен ажырату үшін және осы қылмыстармен табысты күрес жүргізу үшін
маңызды, басты ұғым болып табылады.
Заң деңгейінде берілген талан – таражыға салудың ұғымын қарастырған
кезімізде, бұл ұғымды қалыптастыруға түйткі болған ғалым – заңгерлердің
әртүрлі көзқарастарына назар аудармауымызға болмайды. Қазіргі кезде талан
- таражы ұғымының мәселесіне байланысты екі негізгі көзқарас орын алып
отыр. Бұл теориялар Г.А. Кригер және В.А. Владимировпен берілген.
Г.А. Кригердің пікірі бойынша талан – таражының ұғымы осы қылмыстардың
белгілерін жалпылайтын ұғым болуы қажет. Яғни, талан – таражыға салу деп –
мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың қорларындағы мүлікті пайдақорлық
мақсатпен қылмыстық иелену немесе үшінші жақтарға беру.[1]
В. А. Владимиров бойынша – талан – таражы – мемлекеттің немесе
қоғамдық ұйымның иелігінен мүлікті құқыққа қайшы алу және ұрланғанды
кінәләнің меншігіне айналдыру мақсатында немесе басқа жеке адамдардың
меншігіне пайдақорлық мақсатпен беру үшін қайтарымсыз түрде алу.[2]
Әрекетке қатысты айырмашылықтарға келетін болсақ, ҚР ҚК талан – таражы
бөтен мүлікті кінәлінің немесе үшінші жақтардың меншігіне алу немесе
айналдыру жолымен жасалынады деп бекіткен. Г.А. Кригер талан – таражы
иелену немесе үшінші жақтарға мүлікті беру деп түсінсе,[3] В.А.
Владимиров мемлекеттің немесе қоғамдық ұйымның иелігінен мүлікті құқыққа
қайшы алу және ұрланғанды өз меншігіне айналдыру мақсатында қайтарымсыз
түрде алу деп түсінеді.[4]
ҚР ҚК және ғалымдар арқылы берілген талан – таражыға салудың ұғымында
адамды талан – таражы үшін жауаптылыққа тартудың мәнді шарты болса да,
жәбірленушінің мүлікті иеленуінің заңдылығы көрсетілмейді. Осыған
байланысты тәжірибе жүзінде жиі кездесетін жағдай мүліктің заңсыз
иеленушіден алынуы, яғни ұры ұрыдан ұрлайды. Бір жағынан алып қарастырсақ,
бұл әрекеттер құқыққа қайшы, егер де олар мүлікті меншік иесіне, заңды
иесіне не болмаса құқық қорғау органдарына қайтару мақсатын көздемесе. Осы
жағдайға байланысты сот тәжірибесіне талдау жүргізіп байқайық. Жоғарғы Сот
Пленумының қаулысына сәйкес алынған мүлік адамның заңсыз иелігінде болса
да кінәлінің әрекеттерін бөтен мүлікті талан – таражыға салу ретінде
саралау қажет деп көрсетілген.[5]
Заң шығарушы деңгейінде берілген талан – таражының анықтамасында талан
– таражы меншік иесіне немесе өзге де иеленушіге зиян келтіруі қажет деген
талап бар. Келтірілген зиян алынған мүліктің мөлшерімен анықталынады.
Осыған байланысты назар аударатын келесі мәселеміз: заң шығарушы қылмыстық
істі қозғау үшін заңды тұлғаларға қатысты ұрланған мүліктің құны 10 айлық
есептік көрсеткіштен кем болмауы қажет деп есептейді. Яғни 10 айлық есептік
көрсеткіштен кем болса, ұсақ мөлшердегі талан - таражы деп есептелінеді.
Талан - таражы ұғымын жан – жақты түрде қарастырғаннан кейін, тек
талан – таражыға тән, оны басқа ұқсас құрамдардан ажыратуға мүмкіндік
беретін негізгі объективті және субъективті белгілерді бөліп көрсетуімізге
болады.
Талан – таражыға салудың объективті белгілеріне: қол сұғушылықтың
объектісі мен заты; мүліктің алынуы; алудың құқыққа қайшылығы; алудың
қайтарымсыздығы, яғни тегін алынуы жатқызылады.
Талан – таражыға салудың мәнін анықтауда негізгі рөл осы қылмыстардың
объектісін анықтауға берілген. Бұл мәселе қылмыстық құқық теорясында жете
зерттелінген қылмыстың объектісінің негізгі ережелерін басшылыққа ала
отырып, шешіледі.
Жалпы объектісі меншік қатынастары болғандықтан, талан – таражыға салу
меншікке қарсы бағытталған.[6] Бұл тұжырым Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің 6 тарауында бейнеленген, яғни 6 тарау Меншікке қарсы қылмыстар
деп аталынады. Бұл қылмыстар тікелей объект ретінде көрінетін мемлекеттік
меншікке де, жеке меншікке де қарсы бағытталуы мүмкін. Яғни, топтық және
тікелей объект ретінде бөлу мүліктің қай түріне зиян келтірілгендігін
анықтау үшін қажет. (Мысалы, жер, автокөлік, ерекше құнды заттар т.б.)
Объектіні дұрыс анықтау қылмыстың қоғамға қауіптілігін ашуға және жасалған
іс – қимылды дұрыс саралауға мүмкіндік береді.
Кейбір авторлардың пікірі бойынша талан – таражыға салудың тікелей
объектісі мүліктің нақты бір түрі болып табылады.[7] Бұндай көзқарастар
негізсіз болып табылады, себебі, объект – қоғамдық қатынас, ал мүлік – бұл
объектінің материалдық көрінісі, яғни осы қатынастардың нәтижесі. Мүлікке
зиян келтіру тек талан – таражыға салумен ғана емес, басқа да қымыстық
әрекеттермен жасалынуы мүмкін. (Мысалы, диверсия, салақтық). Ендеше, талан
– таражыны басқа қол сұғушылықтардан ажырату негізін объектіден іздеуіміз
қажет. Егер де, мүлік объект ретінде болса, біз мүліктің сипаттамасымен
байланысты қылмыстарды ғана бір – бірінен ажырата аламыз.(Мысалы, талан –
таражыға салу мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иелену кезіндегі автокөлік,
ерекше құнды заттарды талан – таражыға салу кезіндег ерекше құнды заттар).
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, талан – таражыға салудың объектісі меншік
қатынастары дедік. Адамдар арасындағы қатынастар оларға берілген құқықтарды
сақтауды көздейді. Бұл құқықтар сақталмаған жағдайда қоғамдық қатынастар да
өзгереді. Сондықтан да объект ретінде бұзылған меншік құқығы немесе белгілі
бір затқа иелену құқығы (интеллектуалдық меншік құқығын бұзу, жерге зат
құқығын бұзу) бола алады. Бірақ та, бұл көзқарас қылмыстың барлық мәнін
және қоғамға қауіптілігін көрсете алмайды, себебі, қылмыстың затымен
байланысты қылмыстар қамтылмай сырт қалып қояды. Сондықтан да, талан –
таражыға салудың объектісінің сипаттамасын меншік құқығымен шектеп қоюға
болмайды, зиян келтірілген меншік қатынастарының мазмұнын ашуымыз қажет.
Талан – таражыға салудың мәні мынада: меншік иесі немесе үшінші жақ өзіне
тиесілі мүлікті пайдалану мүмкіндігінен айырылады. Меншіктің мемлекеттік
және жеке деп бөлінуін ескере отырып, талан – таражыға салудың тікелей
объектісі деп меншіктің нақты нысанын түсінеміз.
Талан – таражыға салудың заты – қылмыскер иеленген мүлік болып
табылады. Қылмыстық құқық ғылымында зат деп қылмыс бағытталған қоғамдық
қатынастардың материалдық көрінісі, яғни оған қол сұғу арқылы объектіге
зиян келтіретін заттар түсіндіріледі.[8] Жалпы қағидаға сәйкес қылмыскер
иеленген зат басқа біреудің меншігінде болуы қажет. Талан – таражыға
салудың затын анықтау үшін оның негізгі белгілерін бөліп көрсетуімізге
болады. Олар:
1. Заттық белгі.
2. Экономикалық белгі.
3. Құқықтық белгі.
Талан – таражыға салудың заты болғандықтан мүлік әруақытта да
материалдық, яғни материалдық өмірдің бөлігі, заттың белгісіне ие болады.
Бұл мүліктің заттық белгісі.
Осыған байланысты, мүліктік қылмыс ретінде талан – таражыға салудың
заты ретінде идеялар, көзқарастар, адамның ақыл – ойының көріністері,
мәлімет қарастырыла алмайды. Интеллектуалдық меншікті талан – таражыға салу
деп тек теңеу мағынасында ғана айта аламыз. Заттық белгісі болмағандықтан
электр және жылу энергиясы талан – таражыға салудың заты бола алмайды.
Пайдақорлық мақсатта энергияның бұл түрлерін заңсыз, өз бетінше қолдану
меншікке қарсы қылмыстардың басқа құрамын құрайды. (ҚР ҚК 182 бабы – Алдау
немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру).
Талан – таражыға салудың затының келесі белгісі – экономикалық белгі.
Талан – таражыға салудың заты тек белгілі бір экономикалық құндылыққа ие
зат бола алады. Заттың құндылығының көрінісі – оның құны, ақшалай бағасы.
Сондықтан да ақша, валюталық құндылықтар және басқа да бағалы қағаздар
(акциялар, облигациялар, коносамент және т.б.) құнның эквиваленті
болғандықтан талан – таражыға салудың заты ретінде қарастырылады.
Керісінше, шаруашылық құндылығы жойылғанзаттар немесе адам еңбегі сіңбеген
табиғат объектілері талан – таражыға салудың заты ретінде қарастырылмайды.
Осы белгіге сүйене отырп, біз талан – таражыны экологиялық қылмыстардан
ажырата аламыз.
Мүліктік емес сипаттағы құжаттар, сондай – ақ тек мүлікті алуға құқық
беретін құжаттар (сенім хат, квитанция т.б.) экономикалық белгісі
болмағандықтан мүлік ретінде қарастырылмайды. Бұл құжаттарды ары қарата
мүлікті алу мақсатында талан – таражыға салу алаяқтыққа дайындалу ретінде
қарастырылуы қажет. Мүлікті иеленумен байланысты емес құжаттарды, штапмтар
мен мөрлерді талан – таражыға салу үшін жауаптылық дербес бапта ҚР ҚК 324
бабы бойынша көзделген.
Талан – таражыға салудың затының үшінші белгісі – құқықтық белгі. Бұл
белгі Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №8
Нормативтік қаулысында бекітілген. Осыған сәйкес, Талан таражыға салудың
және меншікке қарсы басқа да қылмыстардың заты – кінәлінің меншігіндегі
емес, яғни бөтен мүлік болып табылады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, былай деп айтуымызға болады.
Талан – таражыға салудың заты – қылмыспен бұзылатын заттар, ақша,
бағалы қағаздар және бағалы өмірдің басқа да заттары.
Талан – таражыға салудың заты жылжитын да, жылжымайтын да мүлік бола
алады. Талан – таражыға салуды анықтау үшін мүліктің жылжымайтындық
белгісінің маңызы жоқ. Жылжымайтын мүліктің кейбір түрлері (үй, пәтер, жер
участогі) өзінің объективті қасиеттеріне байланысты жасырын түрде алына
алмаса да, алдау, күш қолдану және қорқыту жолымен алына алады. Бірақ та
сот – тергеу тәжірибесі көрсетіп отырғандай кейбір жағдайларда
жылжымайтын мүлік жылжыйтын мүлікке ауыса алады. Мысалы: жеке тұрғын
үйді бұзып, тасу; бау – бақшаның темір қоршауын алу және әкету; байланыс
линияларын демонтаждау және т.б.
Талан – таражыға салудың заты азаматтық айналымнан алынған заттар да
бола алады. Бірақ та, егер қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың
денсаулығына қауіп төндіретін заттар (қару – жарақ, радиоактивті заттар,
есірткі заттар мен жүйкегк әсер ететін заттар) талан – таражыға салынса,
жасалынған әрекеттер мүліктік қылмыс ретінде емес, ҚР ҚК 9 тарауы бойынша
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмсытар бойынша
сараланады.[9]
Талан – таражының заңдық анықтамасының маңызды элементі кінәлінің
немесе басқа адамдардың пайдасына бөтен мүлікті алып қою немесе айналдыруды
білдіретін әрекеттің жалпылама сипаттамасы болып табылады.
Талан – таражы барысында мүлік меншік иесінің немесе басқа иеліктегі
адамның қарауынан алынады. Егер де мүлік кез – келген басқа да себептермен
меншік иесінің қарауынан шығып кеткен болса, бұл заттарды иелену талан –
таржыға салуды құрмайды. Осыған байланысты меншік иесінің қарамағындағы
заттар дегеніміз не? Меншік иесінің қарамағындағы заттар дегеніміз тек қана
арнайы қорғалынатын немесе құлыпталынған заттар емес, кәсіпорын
аумағындағы, мекеменің ғимаратындағы, құрылыс алаңындағы немесе шаруашылық
қызмет жүргізілетін кез – келген орындағы, көлік құралдарындағы, сондай –
ақ меншік иесі жоғалтпаған, бірақ та уақытша қараусыз жатқан заттар да бола
алады.[10] Талан – таражы барысында мүлікті алу кінәлінің оны өз пайдасына
немесе өзге адамдардың пайдасына айналдырумен ұштасады, яғни, мүлікке
үстемдік ету мүлікті нақты иемдену жүзеге асырылады. Мүлікті талан –
таражыға салған адамөз меншігі сияқты мүлікке билік етеді, иемденеді және
пайдаланады, өзін мешік иесінің орнына қояды, бірақ та бізге мәлім заң
тұрғысынан ол меншік иесі болып табылмайды. Себебі, меншік құқығын
қылмыстық жолмен алуға болмайды. Сондықтан да, талан – таражы
жәбірленушінің алынған затқа деген меншік құқығының жойылуын білдірмейді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде заң шығарушының талан – таражыға
берген анықтамасындағы бөтен мүлікті кінәлінің меншігіне емес, кінәлінің
немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыруы туралы сөз қозғағандығы
түсінікті болады.
Бөтен мүлікті алып қою мен оны өзінің пайдасына айналдыру әдетте бір
мезгілде, бір әрекет арқылы жасалынады. Егер де, талан – таражыға салу
уақыт бойынша созылған болса, мүлікті кінәлінің пайдасына айналдыру кезеңі
қылмыстың аяқталуын білдіреді, яғни кінәлінің мүлікті өз қарауынша нақты
иемденуге және бөтен мүлікті өз мүлкі сияқты пайдалануға мүмкіндігі болған
кезең. Егер де кінәлі оның еркіне байланысты емес мән – жайлардың
нәтижесінде қылмысты аяғына дейін жеткізбесе, яғни, өз қарауы бойынша бөтен
мүлікті иемдене немесе пайдалана алмаса, жасалынған әрекет қылмысқа оқталу
ретінде сараланады.
Талан – таражыны аяқталған деп тану үшін кінәлі мүлікті нақты
пайдаланғандығы, яғни одан белгілі бір пайда көруі міндетті емес. Ең
бастысы кінәліде осындай мүмкіндіктің болуы, мүлікке үстемдік етуінің
болуы.Талан – таражыға салудың міндетті белгісі ретінде меншік иесіне
немесе мүліктің басқа иесіне келтірілген зиян түріндегі қоғамға қауіпті
нәтиже болып табылады. Қылмыс жасаған адамды жауаптылыққа тартудың негізі
алынған мүліктің мөлшері болып табылады. Зиян жәбірленушінің нақты мүлкінің
мөлшерінің азаюынан тұрады. Сондықтан да зиянның мөлшері мүліктің құнымен
анықталынады.
1998 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының
Қылмыстық Кодексі алынған заттың мөлшеріне байланысты дараланған
жауаптылықты көздейді. Талан – таражыға салғандығы және қорқытып алғандығы
үшін жауаптылықты көздейтін баптар ірі мөлшерде жасалынған талан – таражыға
салу сияқты ауырлататын мән – жайды көздейді. ҚР ҚК 175 бабының ескертуінің
2 тармақшасында көрсетілгендей Осы тараудың баптарында ірі мөлшер немесе
ірі залал деп қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңдарымен
белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің
құны мен залалдың мөлшері танылады.
Кінәлінің әрекетіндегі осы ауырлататын мән – жайдың болуының
жауаптылығына елеулі дәрежеде әсерін тигізеді.
Осыған байланысты талан – таражының әрбір нақты фактісіне байланысты
алынған мүліктің нақты шынайы құны дәлме – дәл анықталынуы қажет. Бұл
мәселеге байланысты 2003 жылдың 11 шілдесінде қабылданған ҚР Жоғарғы
Сотының нормативті қаулысында былай делінген. Қылмыстың заты болып
табылатын мүліктің құнын анықтау барысында, меншік иесінің қылмыс жасалған
кезде қолданылған , сәйкес құжаттармен бекітілген комиссиондық, нарықтық
немесе бөлшек бағаларға сәйкес затты алу ерекшеліктерін ескеру қажет. Баға
болмаған жағдайда және алынған заттың мөлшеріне байланысты дау туындаған
кезде мүліктің құны сарапшының қорытындысы негізінде анықталынады. Алынған
заттың мөлшері оның нақты бағасы арқылы анықталынады келесі жағдайда да,
егер талан – таражыны жасыру мақсатында кінәлә алынған заттың орнына құны
шамалы затты берген болса да. Бұл жағдайда алынған мүліктің орнына берілген
мүліктің құны зиянның мөлшерін анықтау барысында ескерілуі мүмкін.
Талан – таражы мүлікті кінәлінің немесе басқа адамдардың пайдасына алып
қоюды немесе айналдыруды білдіреді, яғни, кінәлі біріншіден, мүлікті
заңсыз; екіншіден, қайтарымсыз, тегін алады.
Талан – таражының заңсыз белгісі келесіні білдіреді: талан – таражы
заңмен тиым салынған әдістермен (объективті құқыққа қайшылық) ғана емес,
кінәлінің бұл мүлікке деген құқықтарының болмауы жағдайында (субъективті
құқыққа қайшылық) жүзеге асырылады. Осыдан шағатын қорытынды: субъектінің
мүлікке құқығы болып, бірақ та ҚК 175 – 180 баптарында көрсетілген
әдістермен мүлікті иемдену жүзеге асырылса талан – таражыға салу ретінде
қаастырылмайды.
Сот – тергеу тәжірибесінде келесі жағдайлар жиі кездеседі. Адам мүлікті
заңды негізде ала отырып, 1) өзіне берілген рұқсаттың аясынан шығып кетеді;
2) заңды негіздер шын мәнісінде заңсыз негізге айналады.
Бірінші жағдайда, рұқсат етілгеннен мүлікті ірі мөлшерде алу, егер де
әрекеттер қасақана түрде жасалса, талан – таражыны құрайды (субъективті
белгісіне байланысты).
Екінші жағдайда, жауаптылық туралы мәселе адамның білуіне байланысты
шешілуі қажет. Мүлікті заңсыз иелену, сондай – ақ оны басқа адамдарға беру
әруақытта бірдей талан – таражы ретінде қарастырыла бермейді. Бұл ереже
2003ж. 11.08. ҚР Жоғарғы Сотының нормативті қаулысында бекітілген.
Кінәлінің алынған мүлікті өз қарауынша иемденуі (сату немесе басқа
адамдарға қайтарымсыз түрде беруі, бүлдіруі, бөлшектеуі, жоюы) дербес
қылмыс құрамын құрамайды, сәйкесінше қосымша түрде саралауды қажет
етпейді.
Мүлікті талан – таражыға салудың қоғамға кауіптілік себебінің бірі –
мүліктің қайтарымсыз түрде алынуы.
Қайтарымсыз, тегін деп ақшалай эквивалентсіз немесе басқа мүлікті
берусіз алынған мүлік есептелінеді. Егер де, мүлікті иемдену барысында
меншік иесіне сәйкес өтемақы берілсе, бұл әрекеттерді мүліктік зиян
келтірмегендіктен талан – таражы ретінде қарастырмаймыз.
Талан – таражының қайтарымсыз, тегін белгісі екі жағдайда болмайды: 1)
сәйкес өтемақы мүлікті алумен бірмезгілде жүзеге асырылуы қажет (мүлікті
алу немесе оны тікелейалып болғаннан кейін, өтемақыдан бұлтару ниеті
болмаған жағдайда); 2) өтемақы толық көлемде болуы қажет. Алынған мүліктің
құнын ішінара өтеу талан – таражы құрамын жоймайды, бірақ та талан –
таражының мөлшерін анықтауда ескеріледі.
Талан – таражыға салудың объективтік жағының барлық белгілерін анықтау
оның қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін айқындауға мүмкіндік береді.
Бірақ та жасалынған талан – таражы туралы толық көлемде көрініс алу үшін
объективтік белгілермен қатар субъективтік белгілерді де ескеруіміз қажет.
Талан – таражынаң субъективтік белгілеріне жатады:
1) қасақаналық;
2) пайдақорлық мақсат;
3) субъект.

Талан-тараждың субъективтік жағы кінәнің тікелей қасақаналық түрімен
сипатталады. Адам алынған мүліктің басқа адамның меншігі екендігін, бұл
мүлікке деген құқығының жоқтығын сезінеді, бірақ та пайдақорлық ниетті
басшылыққа алады. Пайдақорлық мақсаттың және тікелей қасақаналықтың болмауы
талан – таражы үшін қылмыстық жауаптылықты да жояды.

Іс – қимылды талан – таражы ретінде саралау үшін кінәлінің мүліктің
басқа біреудің меншігінде екендігін сезінуінің болуы қажет.[11] Яғни,
саралау туралы ақырғы мәселе кінәлінің қасақаналық ойына байланысты
шешіледі. Мүлікке қатысты адамның адасуы сот арқылы фактілік қате ержесімен
шешіледі. Бұл жағдайда кінәлінің әрекеттері қасақаналық ойдың бағыты
бойынша сараланады.

Іс – қимылды талан – таражы ретінде саралау барысындағы келесі мәселе
кінәлінің алынған мүлікке деген құқығының жоқтығын сезінуі болып табылады.
Мысалы, егер де субъектінің мүлікке құқығы болса, яғни автокөлікті арендаға
беруші мүлікті арендаға алушыдан алып қоюға оқталса. Бұл кезде арендаға
берушіні талан – таражының субъектісі ретінде қарастырмаймыз.
Талан – таражыға салудың заңда берілген анықтамасында пайдақорлық
мақсат көрсетілген. Заң әдебиеттерінде талан – таражының ниеттері мен
мақсаттарын пайдакүнемдік деп атайды. Талан – таражы барысындағы
пайдакүнемдік мақсат – алынған бөтен мүлікті өзінің пайдасына немесе үшінші
жақтардың пайдасына айналдыруға ұмтылуды білдіреді. Талан – таражы
барысындағы пайдакүнемдік мақсат алынған мүлікті өзінікі сияқты билеу,
иемдену және пайдаланудың нақты мүмкіндігін алу түрінде жүзеге асырылады.
Пайдакүнемдік мақсаттың болмауы бөтен мүлікті алуды талан – таражы ретінде
саралаудың н.егізсіздігін білдіреді. Талан – таражы барысында пайдакүнемдік
ниетпен қоса басқа да ниеттердің (бұзақылық, кек алу және т.б.) болуы
мүмкін. Егер де, бөтен мүлік бұзақылық, зорлау немесе басқа да қылмыстық
әрекеттер барысында жасалған болса, бұл мүліктің қандай мақсатта
алынғандығын анықтау қажет. Егер адам пайдакүнемдік мақсатты көздесе,
меншікті иемдену әдісіне байланысты қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануы
қажет.
Е.А. Фроловтың пікірі бойынша субъектіде пайдакүнемдік ниеттің
негізінде белгілі бір мақсат қалыптасады. Осы мақсаттың ерекше мазмұны –
жалпы қылмыстық қол сұғушылықтардың ішінен ерекше топты – талан – таражыны
бөліп қарастыруға мүмкіндік береді.
Мүлікті басқа адамдардың меншігіне айналдыруы адамның мінез – құлқының
барлық белгілері бейнеленгендіктен талан – таражы құрамының орталық
элементі болып табылады.
Талан-таражыға салудың субъектісі жалпы субъект. Субъектінің белгілері
өзара байланысты екі аспектіде қарастырылуы қажет. Біріншісіне – есі
дұрыстық, жасы, арнайы субъектіні сипаттайтын арнайы белгілер жатқызылады.
Екіншісіне – тұлғаның әлеуметтік – саяси сипаттамасын беруге мүмкіндік
беретін белгілер жатқызылады.
Талан – таражыға салудың субъектісінің заңдық белгілері аса
қиыншылықтарды туындатпайды. Олар тікелей Қылмыстық кодексте берілген.
Талан – таражының субъектісі заңда көрсетілген жасқа толған, есі дұрыс,
жеке тұлға бола алады. Талан – таражыға салудың әртүрлі нысанына байланысты
жауаптылықтың жасы да әртүрлі. ҚР ҚК 15 бабына сәйкес, ұрлық, тонау,
қарақшылық үшінжауаптылық 14 жастан туындаса, алаяқтық, бөтен мүлікті
иелену және ысырап ету үшін жауаптылық 16 жастан туындайды.

1.2. Талан – таражыға салудың нысандары және түрлері
Заң әдебиеттерінде талан – таражыға салудың нысандарын бөліп көрсетуде
бірыңғай позиция көрініс тапқан. Яғни заңгер – ғалымдар мен сот – тергеу
тәжірибесінің қызметкерлері талан – таражыға салуды мүліктің алыну әдісіне
қарай бөлуді ұсынады.[12] Осыған байланысты Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексінде талан – таражыға салудың келесі нысандары бекітілген.
Олар: ұрлық, алаяқтық, бөтеннің мүлкін иелену және ысырап ету, тонау,
қарақшылық. Заң шығарушы ескі қылмыстық заңдағы сияқты өзінің қызмет бабын
пайдалану арқылы мүлікті иеленуді талан – таражыға салудың дербес нысаны
ретінде қарастырмайды. Бұл әрекет талан – таражының үш нысанының: алаяқтық,
иелену, ысырап етудің ауырлататын белгісі ретінде қарастырылған.
Талан – таражының нысандарына байланысты көңіл аударарлық мәселе
қорқытып алушылыққа байланысты. 1959ж. ҚазССР Қылмыстық кодексіне сәйкес
қорқытып алушылық талан – таражының нысаны ретінде қарастырылған.[13] 1997
ж. ҚР Қылмыстық кодексінде қорқытып алушылық талан – таражының шеңберінен
тысқары қалған. Бұл жағдайды ҚК 175 бабының ескертуінен бақылауымызға
болады. Заң шығарушының бұл позициясымен әбден келісуімізге болады. Себебі:
талан – таражыға салудың негізгі белгісі ретінде жоғарыда мүліктің тікелей
алынуын атап кеттік. Ал қорқытып алушылық барысында осы белгі орын алмайды.
Яғни нақты жасалынған әрекет пен мүліктің алыну кезеңі уақыт аралығымен
бөлінген. Осыған байланысты заң шығарушының позициясы өте орынды.
Талан – таражыны түрлерге бөлу алынған заттың мөлшеріне байланысты. Осы
критерийге сүйене отырып, талан – таражыға салудың келесі түрлерін бөліп
көрсетуімізге болады. Олар: ұсақ, жай, ірі және ерекше құнды заттарды талан
– таражыға салу.[14]
Егер ұрланған мүліктің құны әрекет жасалған кезде Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінен аспайтын болса, талан – таражы ұсақ мөлшерде деп танылады. ҚР ҚК
қылмыстың дербес түрі ретінде ұсақ талан – таражыға салу үшін жауаптылық
белгіленбеген. Яғни, меншік құқыында ұйымға тиесілі немесе оның
қарамағындағы бөтен біреудің мүлкін ұрлау, алаяқтық, иелену немесе ысырап
ету жолымен ұсақ талан – таражыға салу әкімшілік жауаптылықты туындатады.
Меншіктің басқа нысандарындағы мүлікті ұсақ талан – таражыға салғандығы
үшін жауаптылық мәселелері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 9
бабының 2 бөлімі бойынша шешілуі қажет. Ұсақ талан – таражыға салу маңызы
шамалы ма жоқ па деген сұрақты шешу барысында алынған заттың сомасын ғана
емс, жәбірленушінің материалдық жағдайын да ескеруіміз қажет. Азаматтардың
жеке мүлкін алу барысында кейбір жағдайларда алынған заттың мөлшері өте
мардымсыз болса да, іс – қимылды маңызы шамалы деп тани алмаймыз. Тонау
немесе қарақшылық нысанындағы талан – таражы барысында алынған заттың
мөлшері қылмысты саралауға ешқандай әсерін тигізбейді. Талан – таражыға
салудың берілген нысандарының қоғамға қауіптілігінің дәрежесі алынған
мүліктің мөлшерімен емес мүлікті алудың әдісімен түсіндіріледі.
ҚР ҚК 175 бабының ескертуіне сәйкес, ірі мөлшер немесе ірі залал деп
қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген айлық
есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің құны мен залалдың
мөлшері танылады.
Талан – таражының түрлеріне байланысты Ресей Федерациясының Заңдарына
көз жүгіртсек, елеулі мөлшердегі талан – таражыға салуды көруімізге болады.
Яғни, елеулі мөлшердегі талан – таражыға салу – алынған заттың мөлшері ірі
залалдың сомасына жетпеген жағдайда орын алады.[15] Азаматқа елеулі
мөлшерде залал келтірілгендігін анықтау барысында алынған заттың құнын ғана
емес, оның жәбірленушіге құндылығын, жәбірленушінің материалдық, қаржылық
жағдайын ескеруіміз қажет. Осыған байланысты, біздің көзқарасымыз бойынша,
қылмыстық заңда талан – таражының ауырлататын белгісі ретінде мүлікті
елеулі мөлшерде талан – таражыға салуды көрсету орынды болып есептелінеді.
Жай талан – таражыға салу деп – алынған заттың мөлшері ірі болмаса
танылады.
Ерекше құнды заттарды талан – таражыға салу ҚР ҚК дербес бабы бойынша
жауаптылықты туындатады.
Алынған заттың мөлшерін меншік иесіне келтірілген және өтелінуі қажет
залалмен шатастыруға болмайды. Бұл залал Қазақстан Республикасы Қылмыстық
істер жүргізу кодексімен белгіленеді.

2. Тарау. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету
құрамын қылмыстық құқықтық талдау

2.1. Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап етудің
объектісі
Объект қылмыс құрамының міндетті элементі болып табылатындықтан,
объектісіз қылмыс болмайды деуге болады. Заңда қылмыс ретінде кез-келген
қоғамдық қауіпті әрекет белгілі бір объектіге қол сұғады. Қылмыстық қол
сұғушылықта нақ сол объектіге елеулі немесе айтарлықтай зиян келтіріледі
немесе зиян келтіру мүмкіндігі туады.Сондықтан да қылмыстық қол
сұғушылықтың объектісін дұрыс анықтаудың теориялық, практикалық маңызы
ерекше.
Объектіні нақты анықтау қылмыстық әрекеттің әлеуметтік және құқықтық
табиғатын білуге, жасаған қылмысы үшін жауаптылықтың нысаны мен шегін
білуге көмегін тигізеді.
Қылмыстың объектісін дұрыс анықтау ұқсас қылмыстарды бір-бірінен
ажыратуға, қылмысты қылмысты емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік береді.
Өйткені қылмыстық – құқықтық қорғау объектісіне әрқашанда өзінің мәні мен
дәрежесіне қарай ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады. Объект
маңызды болса соған сәйкес істелген қылмыс та қауіпті болып саналады, соған
орай оны қылмыстық – құқықтық қорғау да қатаң түрде жүзеге асырылады.
Кез-келген әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесі қандай обьектіге
елеулі мөлшерде қол сұғатынына байланысты болады, сондықтан қылмыстық
заңда қарастырылған кейбір әрекеттерге ұқсас және сол әрекеттердің
белгілері бар, бірақ азмаңыздылығына (малозначительность) байланысты
қоғамға қауіптілік туғызбайтын, яғни жеке адамға, қоғамға және мемлекетке
зиян тигізбейтін және зиян тигізу қаупін туғызбайтын әрекет немесе
әрекетсіздік қылмыстық заңдылыққа сәйкес қылмыс болып табылмайды.
Объектінің мәні мен мазмұны тек осы ғана емес.
Қылмыс объектісінің мәселесі философиялық терең мәселе болып табылады.
Осыған орай біршама авторлар қылмыс объектісі болып тек қана қоғамдық
қатынас емес сонымен қоса, құқық нормасын да тануды ұсынған. А.А.Исаевтың
көзқарасы бойынша құқық нормасының мазмұны оған берген түсініктемесіне
қарай өзгеріп отыратын, сондай-ақ барлық қоғамдық қатынастардың құқық
арқылы реттелелмейтінін келтіре отырып, келіспейтіндігін баяндайды.
Ал Е.І. Қайыржанов қылмыс объектісінің материалдық және формальдық
жақтарын ажыратады. Материалдық жағы қорғалатын мүдде болса формальдық жағы
ол мүддені жауып, бүркеп қорғап тұратын құқықтық норма.“Құқықтық қорғаусыз
құқықтағы мүдде жоқ, сондай-ақ олар қорғайтын әлеуметтік құнды мүддесіз
құқық, нақты құқықтық нормалар жоқ”,-дейді. Объектінің неғұрлым терең
мазмұнды жағы, мәнісі немесе қоғамдық құндылығы қоғам мен мемлекет атынан
қорғалатын мүддеде, қоғамның материалдық не моральдық игіліктерінде жатыр.
Қылмыстың обьектілерінің белгісіне қарай, заң шығарушы, қылмыстық-құқықтық
нормаларды жүйелеу және кодификациялау сияқты күрделі жұмысты орындайды.
Сонымен, қылмыстың обьектісіне не жатады?
Қылмыстың объектісі – меншік, басқаша айтқанда, мүлікті иелену,
пайдалану, оған билік ету жөніндегі қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
Қоғамдық қатынастар адамдардың арасындағы тәжірибелік, оның ішінде
танымдық және рухани өмір сүру процессі кезінде пайда болатын қатынастар
ретінде сипатталады. Сондықтан қоғамдық қатынастар жүйесінде өзге
қоғамдық қатынастардың (саяси, құқықтық, діни және өзге де қатынастар)
өндірістік қатынастар бірінші орында тұрады. Қоғамдық қатынастың өзі сипаты
жағынан да, құрылымы жағынан да күрделі құбылысқа жатады. Бірақ қоғамдық
қатынастардың негізгі элементтері: қоғам, мемлекет және оның ережелері,
ұйымдар мен олардың өкілдері, әртүрлі бірлестіктер мен адамдар ұжымы, жеке
адамдар, материалдық дүниенің заттары және әртүрлі, оның ішінде құқықтық
нышанда көрінетін, қоғамдық қатынас мүшелерінің арақатынасы болып
табылады.
Белгілі бір қылмысты жасай отырып, кез-келген адам қоғамдық
қатынастардың белгілі бір элементтеріне қол сұғады, олардың арақатынасын
бұза отырып, қатынас мүшелерінің мүдделеріне тікелей немесе жанама елеулі
зиян тигізеді.
Әрине, барлық қоғамдық қатынастар қылмыстық заңмен қорғала бермейді,
тек заң шығарушының пікірінше, неғұрлым құнды деп танылатын қоғамдық
қатынастар қылмыстық заңмен қорғалады және бұлардың шеңбері әрқашан өзгеріп
отырады. Бұл шеңбер белгілі бір жағдайларға: ерекше тарихи жағдайларға,
белгілі бір орта, уақыт, белгілі бір қоғамдық қауіпті әрекеттердің (әрекет
немесе әрекетсіздіктің) қауіптілігі мен деңгейіне байланысты өзгеріп
тұрады.
Қылмыстық заңда қол сұғушылықтан қорғалатын неғұрлым маңызды қоғамдық
қатынастардың мазмұны толығымен қарастырылған. Қазақстан Республикасының
қылмыстық кодексінің 2 бабында: “Осы кодекстің міндеттері адам мен
азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті,
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен
қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық
құрлысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын
мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың
қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын-алу болып табылады”-
деп айтылған.
Қылмыстық құқық теориясында, жалпыға мәлім болғандай, қылмыстың
обьектісін жете білу үшін оның маңызын және атқаратын рөлін, қызметін
түгел ашу мақсатымен қылмыстың объектілерін бөлу қалыптасқан. Қылмыстың
жалпы объектісі барлық қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың
жиынтығын құрайды. Қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстық іс- әрекеттің
кез келгенінің барлық уақытта да қоғамдық қатынастардың белгілі бір
түріне қиянат келтіруінің өзі қоғамдық қатынастардың барлық
қылмыстардың жалпы объектісі екендігін көрсетеді. Қылмыстың жалпы
объектісі қылмыстық құқықтың әлеуметтік саяси мазмұнын, жалпы қылмыс
қатарына жатқызылуының негізгі қағидасын, сонымен бірге қылмысты басқа
құқық бұзушылықтан ажыратуға толық мүмкіндік береді.
Бірақ жалпы объектінің түсінігі біртектес нақты іс- әрекеттердің
ерекшелігін бейнелеуде жеткіліксіз болып табылады. Осыған байланысты
қылмыстық ғылым теориясы қылмыстық қол сұғушылықтың тектік және тікелей
объектілерін бөліп, қарастырған.
Қылмыстың тектік (родовой) обьектісі белгілі бір қылмыстар қоғамдық
қатынастардың арнайы, түрлері немесе саласының қайсысына қарсы екенін (жеке
адам мүдделеріне қарсылығын, меншікке қарсылығын, сот әділдігіне қарсылығын
және т. б.) көрсетеді. Алайда обьектінің қоғамдық қатынас ретіндегі
ұғымын оның барлық түрлеріне таңу түсінікті емес болып шығады.
Мәселе мынада, “қоғамдық қатынас ретіндегі жалпы категорияны “тікелей”
обьектіге қолдану бірқатар түсініспеушіліктерді туғызады. Барлық оқулықтар
мен қылмыстық құқық курстарында “тікелей” обьект ретінде “жеке әрбір қылмыс
нақты бір қоғамдық қатынасқа” қарсы бағытталған деп тану қалыптасқан.
“Тікелей” обьектінің өзге де ұғымы кездеседі: бұл – “бір немесе бірнеше
қылмыс төте немесе тікелей бағытталған заңмен қорғалатын нақты қоғамдық
қатынастар”.Сонда, “тікелей” обьектіге нақты бір қоғамдық қатынас емес,
қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып шығады. Бұл жерде еріксіз мынадай
сауал туады, тектік (родовой) немесе арнайы обьектінің “тікелей”
обьектіден айырмашылығы неде?
“Тікелей” обьектінің мұндай түсіндірілуі әлі күнге дейін ғылыми және
оқу әдебиеттерінің беттерінде көрініс тауып келе жатыр. Бұл философиялық
қағиданың, атап айтқанда жалпы, ерекше, жеке (біртекті) санаттарын
қолданудағы әдістемелік көзқарасты түсініп, оны дұрыс
пайдаланылмағандықтан. Еңбасты қателік “тікелей” обьект ретінде көптеген
авторлар жекені көргісі келеді , сол тұста өздері бөлек (отдельный)
санатын қолданады. Дұрыс ұғынғанға бөлек (отдельный) ол жеке (единичный)
емес. Соңғысы – жеке әрқашан нақты жағдайда анықталатын бөлектің
шынайы көрінуі, ол нақты жағдай бойынша анықталады.
Бұл түсінбеушіліктер қылмыстың объектілерін бөлу барысында қоғамдық
қатынастардың нақты көріністерін – мүдде категориясын пайдаланғанда
түсінікті болады. Мүдде – бұл да қоғамдық қатынас, бірақ оның нақты және
мазмұнды көрінуі. Мәселе мынада, мүдде мен мүдделердің арасындағы
қатынастарсыз ешқандай қоғамдық қатынас болуы мүмкін емес. Қоғамдық
қатынастар қоғамдағы адамдар арасындағы әртүрлі байланыстардың жиынтығын
көрсетеді. Бұл байланыстардың материалдық (өндірістік), жағымдық,
эстетикалық, құқықтық және өзге де таптардың, әлеуметтік топтардың немесе
белгілі бір адамдардың мүдделерін білдіретін сипаттары болуы мүмкін.
Мүдденің өз субьектісі ғана емес, субьектілерінің арасындағы
байланыстарды туғызатын оның обьектісі де - әлеуметтік құндылықта
(материалдық немесе идеалдық) болады. Сондықтан, біздің ойымызша, “тікелей”
обьект ең ерекше маңызды қай обьектіге нақты әрекеттер (әрекет немесе
әрекетсіздік) залал келтіреді деген сауалмен анықталады. Мысалы, кісі
өлтіруде мәселе жеке адамның жалпы өмірінде емес, оның өзге
адамдардан ерекшеленетін қатаң түрдегі белгілі бір адам ретіндегі
өмірінде. Ұрлықта жалпы жеке меншік емес, айталық белгілі бір
түстегі және размердегі, белгілі бір субьектінің (мүдделінің) меншігіндегі
пальто туралы сөз болады.
Ал, мемлекеттік құпияны жария ету арқылы мемлекетке опасыздық
жасау сол заводтың (фабриканың), әскери бөлімшенің, содан барып –
мемлекеттің қорғану мүддесіне тікелей зиян келтіреді, бас
бостандығынан айыру мекемесінен қашып шыққан адам ең алдымен сол
қылмыстық атқару мекемесінің мүдделеріне, сонысымен,тек сол арқылы –
мемлекеттің сот әділдігінің мүддесіне зиян келтіреді.
Осылайша, әрбір жеке жағдайда алдын ала және сот тергеуі сол қылмыстың
құрамын анықтау үшін тікелей объектіні анықтайды, ол қылмыстың жалпы
обьектісін анықтау үшін анықталмайды. Басқа сөзбен айтқанда, “тікелей”
обьект қылмыстық-құқылық нормада сипатталмаған белгілі бір обьектінің жеке
белгілері туралы сөз болғанда өзін-өзі жоққа шығарады.
Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу және ысырап еткені
үшін қылмыстық жауаптылық Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің
176-бабында қарастырылған.
Қылмыстық заң жүйесін талдай отырып, иеленіп алу мен ысырап етудің
тектік обьектісі дау туғызбайтын меншік қатынастары деп есептеуге болады.
Тікелей объект туралы қылмыстық құқық теориясында пікірталастар да
аз емес. Осыдан келіп иеленіп алу және ысырап ету жолымен ұрлаудың
тікелей обьектісі белгілі бір субьектінің, яғни заңды немесе жеке
тұлғалардың материалдық (мүліктік) мүддесі болып табылады.
Бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету қылмысы затының міндетті
қасиетіне алдын-ала адамға сеніп тапсыру, ол адам қалыптасқан жағдайды
пайдалана отырып, кейіннен, сол бөтен мүлікті ұрлайды.
Мынадай көзқараспен келісу қажет, сеніп тапсырылған мүлік деп, өзге
адамның заңды иеленуіне көшетін, сол мүлікке қатысты ол адамда белгілі бір
заңды өкілеттіліктер пайда болатын мүлікті есептеу керек.
Мүлікті сеніп тапсыру түсінігі тек қана теориялық еңбектерде ғана емес,
бұрынғы Советтік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Сот
Пленумдарының ұрлықтарды саралау мәселелері жөніндегі түсініктемелерінде де
анық түрде сипатталады.
ССРО-ның Жоғарғы Сотының 1972 жылғы 12-июльдегі Пленумының “Мемлекеттік
және қоғамдық мүлікті ұрлау істері бойынша сот тәжірибесі туралы”
қаулысында сеніп тапсырылған мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті иеленіп
алу немесе ысырап ету кінәлінің заңды шегіндегі мүлікті ұрлауы деп
топтастырылуы қажет, яғни қызметтік міндеттеріне, келісімдік қатынастарға
немесе мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың арнайы тапсыруына байланысты
сол мүлікке қатысты басқару, пайдалану, тасымалдау немесе сақтау құқығын
жүзеге асырып жүрген адамның сол мүлікті иеленіп алуы немесе ысырап етуі
(қалаушы, экспедитор, қамсыздандыру агенті, сатушы, кассир және өзге де
адамдар).
Осындай ережені Қазақстан Республикасының Жоғарғы сот Пленумдарының
қаулыларынан да көруге болады. Осылайша, сеніп тапсырылған бөтеннің
мүлкінің маңызды белгісі ұрлыққа кінәлі де сеніп тапсырылған мүлікке
басқару, пайдалану және иелену құқығының болуы.
Иеленіп алу немесе ысырап етуде бөтеннің мүлкі (мемлекеттік, жеке
меншіктегі) кінәліге сеніп тапсырылады, яғни қызметтік міндеттеріне
байланысты заңдық куәландырылған және заңға сәйкес бекітілген құжатқа
(келісімге, еңбек келісіміне, қабылдау актісіне және т. б) байланысты
келісімдік қатынастардың немесе арнайы тапсырудың негізінде оның заңды
иелігіне (ұрлықтан, тонау немесе шабуыл жасап тонаудан айырмашылығы)
көшеді.
Қазақстан Республикасының сот тәжірибесін зерттеу нәтижесінен әртүрлі
инстанциядағы соттар нақ осы көзқарасты ұстанатынын байқауға болады.
Сот үкімімен бақылаушы-кассир Б. өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің
мүлкін Халық банкісінің филиалынан ақша қаражатын ұрлауға негізді түрде
кінәлі деп танылды және Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 176-
бабына сәйкес,сотталды, өйткені ұрланған ақша қаражаты оның заңды иелігіне
заңдық негізде тұрған, соның салдарын ол ұрлық жасауға пайдаланды.
Сот тәжірибесінде кінәлі өзіне иелену, пайдалану немесе басқару
өкілеттілігі берілмеген бөтеннің мүлкін ұрлау да кездеседі. Мысалы,
көлік құралдарының жүргізушілері бидай немесе өзге де тасымалдайтын
өнімді, ол жүргізушіде сол өнімге экспедиторлық және өзге де өкілеттілігі
болмай тұрып ұрлауы.
Бөтеннің мүлкін ұрлаудың жасырын немесе ашық болуына байланысты бұл
әрекеттер ұрлық немесе тонау деп саралануы қажет. Алайда, аталған адамдар
өнімді тасымалдан басқа сол өнімге экспедиторлық статусқа ие болса, яғни
осы өнімге қатысты белгілі бір құқықтарға ие болса, сәйкес тауарлық
тасымалдау құжатын (накладная) немесе өнімнің аты, түрі, саны (салмағы)
кейде өнімнің құны жазылған өзге де ресми құжаттарды алып сол өнімді
ұрласа, бұл ұрлық сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу және ысырап
ету жолымен ұрлау ретінде саралануы қажет.
Қылмыстық құқық теориясында, бөтеннің мүлкін иеленіп алуда меншік
иесінің ешкімге берілмейтін екі құқығы бұзылады, пайдалану және басқару
құқығы, ал иелену құқығы кінәліге беріліп, ол оны заңды негізде
пайдаланады, өйткені сол мүлік кінәліге сеніп тапсырылған деген пікір
қалыптасқан.
Мүлік, бұл жерде, ұрлау заты болып табылады. Жалпы ұрлау затына тән
белгілер бар мүліктер ғана иеленіп алудың немесе ысырап етудің заты бола
алады. Және де, ол мүлікті айыпты адамға сеніп тапсырылған міндетті шарт.
Сонымен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабы
бойынша сараланатын иеленіп алудың немесе ысырап етудің затына мына
белгілер тән:
- заттық;
- экономикалық;
- заңдық;
- айыпты адамға мүліктің сеніп тапсырылуы.
Заттың нышаны болып, иеленіп алу мен ысырап етудің заты әрқашанда
материалдық нәрсе болып табылады. Сондықтан да мүліктік қылмыс ретінде, бұл
іс- әрекеттің заты адамның идеясы, пікірі бола алмайды.
Қол сұғушылықтың заты-бөтен біреудің иелігінде уақытша болатын
заттар- ақшалар, облигациялар, лотерей билеттері, тұрмыстық тауарлар,
сондай-ақ азаматтық айналымнан алынбаған басқа да қозғалмалы немесе
қозғалмайтын мүліктер жатады.Чектер, жинақтаушы кітапшалар және өзге де
осы сияқты құжаттар аяқталған ұрлық заты бола алмайды, өйткені оларды алу
ұйым қорынан немесе бөтеннің мүлкін азайтумен байланысты емес.Тек егер
қылмыскер сол құжаттар арқылы бөтен мүлікті иелене алса, ол аяқталған ұрлық
болады. Сол құжаттар арқылы иеленудің дайындық кезеңі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікке қарсы қылмыстар. Талан – таражыға салу
Мүлікті талан - таражыға салудың түсінігі
Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе ысырап ету арқылы талан - таражға салу
Қазақстан Республикасының қылмыстық саясаты және меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
Меншікке қарсы қылмыстар туралы
Мал ұрлығы үшін қылмыстық жауаптылықтың теориялық проблемасын кешенді түрде зерттеу, мал ұрлығына байланысты қылмыстық заңдарды жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау, зерттеліп отырған проблемаға байланысты қылмыстық заңды теориялық және практикалық тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіріп, оны дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету
Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап етудің жалпы сипаттамасы
Мүлікті қорғаудың қылмыстық құқықтық маңызы
Пәндер