Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты туралы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

1. ЭКОНОМИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НАРЫҚТЫҚ СИПАТЫ 4

2. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ . . . 8

ҚОРЫТЫНДЫ 12

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 13

КІРІСПЕ

Әкімшілдік-әміршілдік экономика; экономиканың Нарықтық моделі, экономиканың аралас моделі, нарықтық механизм, биржа, аукцион, баланстанған нарық, ұлттық нарық, монополиялық және олигополиялық нарық, аймақтық нарық, салалық нарық, ресми нарық, көлеңкелі нарық, қызмет атқаратын нарық, сатушы нарығы, сатып алушылар нарығы, еңбек нарығы, тұрғын-үй нарығы, өңдіріс кұрал-жабдығы нарығы, қаржы нарығы, қарыз капиталының нарығы, бағалы қағаздар нарығы, патентгік, лицензиялық, ойлап-тапқыштық нарықтары, акпараттық нарық, нарық қызметтері, нарықтық экономиканың субъектілері, нарықтық экономиканың инфрақұрылымы.

1. ЭКОНОМИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НАРЫҚТЫҚ СИПАТЫ

«Меншік теориясы мен экономикалық жүйе моделдері» такырыбында адамның коғамда өмір сүру тарихында экономиканы ұйымдастырудың үш моделі қалыптасқандығын айтқанбыз. Олар: а) жоспарлы-нұсқаулы; ә) нарықтық; б) аралас болып келеді. Жоспарлы-нұскаулы экономика жағдайында шаруашылықты ұйымдастырудың әкімшілдік-әміршілдік механизмі өңдіруші үстемдігіне негізделген. Мұндай жағдайда нарықтық инструмент қажет емес. Тауар өңдіруші мен түлъшушылардьщ арасындағы шаруашылық байланысы орталық орган арқылы жоспардың кемегімен жүзеге асады. Әміршшаік модельде барлығы ертерек есептелініп, бар позиция бойынша алдын - ала баланс жасалады. Орталықтың жоспарлаушы органдары нұсқау түрде төменгі ұйымға нені өңдіруді және кімге, қандай бағамен өңдіруді анықтап береді. Мұндай модельдің негізгі принципі: «Қолымыздан не келеді, соны өңдіреміз; қолда не бар, соны алыңыз». Орталықтан бекітілген қор бойынша материалдық ресурстарды жоспарлы бөлу - экономиканың осындай моделінің негізі болып табылады.

Шаруашылықты осындай модельмен ұйымдастырудың бірнеше олқылығы бар:

- біріншіден, барлық шаруашылық мәселелерін жоғарыдағы бюрократтық инстанция арқылы шешу. Олардың келісімін алуға көп уақыт кетіп, сол көзде жағдай мүдде өзгеріп, мәселені шешу мүмкін болмай қалуы немесе дұрыс шешім кабылданбайды;

- екіншіден, жоспарлы тұтыну және өнімге бекітілген баға ғылым мен техниканың жетістігін өңдіруге, өңдіріс шығынын төмендету мен ресурсты үнемдеуге жағдай жасай алмайды;

- үшіншіден, тауар өңдірушілердің материалдық ресурстар мен өнімнен алшақтауы қоғамдық өңдіріс тиімділігінің төмендеуіне, оның қарқыны мен даму деңгейінің құлдырауына алып келеді.

Нарықтық модельге негізделген экономика шаруашылықты ұйымдастыруды былай жүзеге асырды: жеке тұтынушы мен өңдірушілер нарық арқылы өзара іс - әрекет жасап, экономикадағы басты үш мәселені шешуді мақсат етеді. Оларға: нені, қалай және кімге өңдіруді жүзеге асыру қажеттілігін жатқызамыз.

Нені өңдіру? Тұтынушы көзкелген тауарды таңдау арқылы өз дегенін жүргізеді. Егер сатып алушы белгілі тауар түрін көптеу шығатын болса, онда ол тауарға баға өседі. Мұндай механизмнің қалыптасуы экономикалық тәртіпке шақырып, бірақ ретсіздікке жүгіне анархияға жол бермейді. Нарықтық шаруашылық механизімінің іс әрекеті автоматты сипат алып: тауарға сұраным өссе, баға көтеріледі және тауар өңдіруші өңдіріс көлемін ұлғайтады. Кейде кері құбылыс болуы әбден мүмкін.

Қалай өңдіру? Тауар өңдірушінің өзара бәсекелестігімен анықталады. Баға бәсекелестігін жеңіп, белгілі пайда алу үшін тауар өңдірушінін бірғана сокдағы бар - арзан әрі сапалы өнімді шығару. Мұндай өнім қандай тауар өңдірушіде болмақ? Әрине, өңдірісте ҒТП элементін кең колдануды ұйымдастырған, ресурсты үнемдеген, білікті кадрлары бар тауар өңдірушілер болады. Нарық өңдіріске ҒТП-ті өңдіріп, тұтынушыға баға мен сапасы көңілінен шығатын өнімді шығаруға өңдірісті барынша итермелейді.

Кімге өндіру? Бұл кұбылыс сұраным мен ұсынымның арақатынасымен байланыстырылып түсіндіріледі. Нарықты тұтынушының саны мен кұрылымы, оның табыс деңгейі және т. б. параметрлер арқылы тамырын басып, біліп отыру керек.

Нарықтық модель кезінде экономиканы кім басқарды? Экономиканы тұтынушы сұраным мен техникалық професс деңгейінің дамуын реттеу арқылы рыноктық механизм басқарады. Осы үш мәселе «нені өңдіру керек», «Қалай өңдіру керек», «Кімге өңдірілуі керек» экономикалық жүйенің деңгейі болып табылады, бірақ оларды шешу әртүрлі жолмен жүзеге асады.

Нарығы дамыған елдер ғалымдарының пайымдауынша, «таза күйіңде» экономиканы ұйымдастырудың әміршілдік әрі нарықтық моделі ешқашан болмайды. Олардын айтуынша, нарықтық экономикасы дамыған елдерде аралас модель қызмет жасайды. Соңдықтанда онда жеке және коғамдық институттар экономикалық бақылауды жүзеге асырады: жеке жүйе басқаларға байқатпай Нарықтық механизмді бағыттаушы, әкімшілдік реттеу мен салықты ынталандыру арқылы қоғамдық институттар ниеттерін жүзеге асырады.

Нарық - қоғамдық тұтыну мен өңдірісті келістірудің тиімді механизмі. Соңдықтанда ол әлемдік өркениеттің басты жетістігі болып табылып, адамзат ойының математика, гендік инженерия, электроника сияқты жаңалықтарымен салыстыруға болады.

«Таң ғажайып» неміс экономикасының авторы, профессор Людвиг

Эрхард «Барша жанға әлауқаттылық» ( 1956 ж. ) еңбегінде былай деген: «Нарықтық шаруашылықтың кез-келген жоспарлы шаруашылықтан артықшылығы сол, Нарықтық шаруашылықта күнде, сағат сайын икемделу процесі жүрді. Ол ұлттық өнім мен ұлттық табыстың, сұраным мен ұсынымының арақатынасын дұрыс жолға қойып, тепе - тендікке келтіреді».

Алайда, Нарықтық, механизм идеалды емес. Оның да келенсіз жақтары баршылық: әлеуметтік жіктелу, дәрменсіздерге қаталдығы, әсіресе банкрот болғандарға, жұмыссыздықтың болуы. Бұл келең-сіздіктері оның жетістігімен көмкеріліп отырады. Қоғам нарықтық катынастардың келеңсіз салдарын амортизациялауды үйреніп, оны бағаны реттеу, салық жүйесі негізінде табысты қайта бөлудің үлестірудің көмегімен іске асырады. Соңдай-ақ бюджеттік қаржыландырудың арқасында жұмыскерлердің біліктілігін артырып, жұмыссыздарға жәрдемақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін калыптастырады.

Нарық күрделі экономикалық категория бола тұра өзімен өзі болған емес. Ол белгілі және нақты әлеуметтік - экономикалық жағдайда өмір сүреді және көптеген факторларға тәуелді:

а) меншік түрлерінің кеп болуы;

ә) нарықтағы шаруашылық субъектілерінің қойылатың экономикалық жауапкершілікке сай болып, тәуелсіз әрі өз - өзінше болуы;

б) тауар өңдірушілер мен сауда делдалдарының бәсекелестігі (аз дегеңде 5 - 7 бәсекелес) ;

в) белгісіз нарыққа өнім шығару;

г) өнімге бағаны контрагенттердің қою құқықтығы;

д) керекті инфрақұрылымның болуы.

2. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын, фирма мен үкіметті жатқызамыз. Бұл субъектілер бір-бірімен ресурс нарығында. қаржы мен тұтыну нарығында өзара іс-әрекет жасап, шығыс пен кірісті айналым жасайды. Мұның өзі кестелік түрде (24-1 суретте) көрсетілген.

Үй шаруашылығы материалдық (жер мен капитал) және адами (еңбекпен кәсіпшілдік) ресурстарды өткере (еткізу) отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады. Соңғылары тауар өңдірісіне қажетті сұраным ресурстарын талап етеді. Сұраным мен ұсыныстың өзара іс-әрекеті әрбір ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді. Үй шаруашылығы тұтыну нарығында тауарға сұраным жасай отырып, ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, фирмалар өз өнімін өткере отырып, ақшалай табыс алады.

Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін жинайды (қор) және ресурстар мен салықты телеуге жұмсайды.

Фирмалар өңдіріс ресурстарын біріктіреді және козғалысқа келтіріп, өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Оларды нарықта сату фирманың ақшалай табысын калыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фирмалар да алынған табысты (өткеруден түскен табыс) ресурстарды төлеуге толық жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды төлейді, инвестицияны жүзеге асырады және т. б.

Ақшалай табыстар (жалақы, шығындарың ( рента, процент, пайда)

(өткерілуден түскен табыс)

Сурет -1 Табыс пен шығындардың айналуы.

Табыс пен шығындардың айналуы үкіметке кәдімгідей әсер етеді

және ол елді мемлекеттін басқару кызметін жүзеге асырып, экономиканы әр деңгейде - жалпы мемлекеттен аймаққа дейін - ретеп отырады Үкімет фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация субсидия береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады. Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне, ұлттық өнімнің қозғалысы мен кұрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен ақшалай каржыны шоғырландырып, үкімет жалақыны, трансферттік төлемдерді (мемлекеттік зейнет ақы, табыс аздарға көмек ақы, жұмыссыздарға жәрдем ақы) төлейді. Құкықтық негізде қамтамасыз етіп, экономиканы тиімді дамыту үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады. Демек, табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі козғалыста болып, теңгеріледі. Түпкі есепте (нәтижеде) өңдірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың жұмыстылығы мен табысы көрсетіледі.

Кесте-4

Нарықтық инфрақұрылым

Аукциондар: Аукциондар
Консультациялық-делдалдық фирмалар: Консультациялық-делдалдық фирмалар
Аукциондар: Биржа мен брокерлік конторлар
Консультациялық-делдалдық фирмалар: Бизнестің коммерциялық орталықтары
Аукциондар: Банктер
Консультациялық-делдалдық фирмалар: Сақтандыру және аудиторлық компаниялар
Аукциондар: Коммерциялық орталықтар және компаниялар
Консультациялық-делдалдық фирмалар: Жарпамалық-ақпараттық қызметтер
Аукциондар: Мемлекеттік резервтік және сақтандыру қорлары
Консультациялық-делдалдық фирмалар: Складтық, элеваторлық, тоңазытқыштық және транспорттық шаруашылық
Аукциондар: Баға мен стандартты бақылаушы мемлекеттік инспекция
Консультациялық-делдалдық фирмалар: Сауда үйлері
Аукциондар: Мемлекеттік салық инспекциясы
Консультациялық-делдалдық фирмалар: Маркетингтік зерттеу орталықтары
Аукциондар: Бағалы қағаздарды бақылау инспекциясы
Консультациялық-делдалдық фирмалар: Көтерме сауда орталықтары
Аукциондар: Құқық қорғау органдары
Консультациялық-делдалдық фирмалар: Кадрларды дайындау орталықтары
Аукциондар: Лизингтік компаниялар
Консультациялық-делдалдық фирмалар: Жәрмеңкелер
Аукциондар: Кеден қызметтері
Консультациялық-делдалдық фирмалар: Өңдірушілердін әртүрлі ассоциациясы
Аукциондар: Тұтынушыны қорғайтын қоғам
Консультациялық-делдалдық фирмалар: және басқалары

Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бірі болып инфрақұрылым жатады.

Инфрақұрылым - бұл институттар (ұйымдар, фирма, мекемелер) шынтығынан тұрады және онық мән - мағынасы нарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді.

Нарықтың инфрақұрылымыныц элементіне - тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы, делдалдық және маркетингтік қызметтер, акпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер және т. б. жатады (кесте 24-4) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықты экономиканың қажеттілігі, мәні және қазақстандағы оған өту жолдары
Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты,субъектілері және инфрақұрылымы
Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты
Қаржы саясаты
Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық, заңдастыру-құқықтық негіздері
ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН ОНЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Дамыған елдердегi аралас экономика және сол туралы ғалымдарының iлiмдерi
Аралас экономиканың мазмұны мен белгілері
Нарықтың әлеуметтік- экономикалық заңы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz