Жалпы менеджмент туралы



1. КІРІСПЕ
Жалпы менеджмент туралы түсінік

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
а) Менеджменттiң негiзiн қалаған тұлғалар жөнiнде

б) Менеджмент мектептері және оның түрлері

3. ҚОРЫТЫНДЫ
«Менеджмент» сөзінің анықтамасына келетін болсақ, «Менеджмент» ағылшын сөзі латынның «манус» - қол деген сөзінен шыққан, яғни басқару көзқарасы, әдісі, құралы мен түрінің жиынтығы деген мағынаны білдіреді.
Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік береді:
1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
2. билік және басқару өнері;
3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
4. басқару органы, әкімшілік бөлігі.
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.
Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф.Тейлордың пікірінше менеджмент – «іргелі дәл ұғымға, ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептесе, Дракердің түсіндіруінше – жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымынан немесе кәсіптен гөрі практикаға жуықтау. Ол менеджмент ұғымын іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.
Менеджмент ұғымына Э.Петерсон мен Э.Плоумен кеңірек түсінік береді: «Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда менеджмент дегеніміз – адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына үкіметті, алуан түрлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға, әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді, айқындалады.
Профессор Л.И.Евенконың айтуынша «менеджмент» - бұл еңбекті, ақылды, басқа адамдардың мінез-құлық себептерін пайдалана отырып қойылған мақсатқа жету іскерлігі. Ал, ағылшын тіліндегі төркіннің мағынасы ажырамас үш үғымнан тұрады. Олар: палик рилейшнз (қоғаммен байланыс), маркетинг және менеджмент (тиянақты басқару немесе әртүрлі мекемелердегі адамдарды басқару).
1. Ахметова К.Е., “Менеджмент негіздері”, Алматы, 1993 ж.
2. К.Кәрібаев, С.Жұмабаев, “Менеджмент”, Алматы, 1998 ж.
3. Мескон М., Альберт М., Хедоури Ф., “Основы менеджмента”, Москва, “Дело”, 1993 г.
4. Семенова И.И., “История менеджмента”, Москва, “Юнити”, 1999 г.
5. Н. А. Лебедова «Білім берудегі менеджмент», Алматы, 1998 ж.
6. «Қазақстандағы PR мен БАҚ». Алматы, 2003 ж А.А.Садуақас «Білім беру саласындағы БАҚ-ң менеджментін оқыту мәселесі» 84-86 бет

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ:

1. КІРІСПЕ

Жалпы менеджмент туралы түсінік

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

а) Менеджменттiң негiзiн қалаған тұлғалар жөнiнде

б) Менеджмент мектептері және оның түрлері

3. ҚОРЫТЫНДЫ

Менеджмент сөзінің анықтамасына келетін болсақ, Менеджмент ағылшын
сөзі латынның манус - қол деген сөзінен шыққан, яғни басқару көзқарасы,
әдісі, құралы мен түрінің жиынтығы деген мағынаны білдіреді.
Ағылшын тіліндегі Оксфорд сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік
береді:
1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
2. билік және басқару өнері;
3. шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
4. басқару органы, әкімшілік бөлігі.
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық
адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді
білдіреді.
Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардың бірі Ф.Тейлордың пікірінше
менеджмент – іргелі дәл ұғымға, ережелер мен принциптерге негізделген
шынайы ғылым деп есептесе, Дракердің түсіндіруінше – жоғарыда аталған
элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылымынан немесе кәсіптен гөрі
практикаға жуықтау. Ол менеджмент ұғымын іскерлік кәсіпшілікке,
былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет
көрсетуге жатқызады.
Менеджмент ұғымына Э.Петерсон мен Э.Плоумен кеңірек түсінік береді:
Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда менеджмент дегеніміз –
адамдарға тән тенденцияда топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін
техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына үкіметті, алуан түрлі
клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ
болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан
алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға, әрі сол
арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері
белгіленеді, айқындалады.
Профессор Л.И.Евенконың айтуынша менеджмент - бұл еңбекті, ақылды,
басқа адамдардың мінез-құлық себептерін пайдалана отырып қойылған мақсатқа
жету іскерлігі. Ал, ағылшын тіліндегі төркіннің мағынасы ажырамас үш
үғымнан тұрады. Олар: палик рилейшнз (қоғаммен байланыс), маркетинг және
менеджмент (тиянақты басқару немесе әртүрлі мекемелердегі адамдарды
басқару).

Белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін экономикалық
менеджменттің мынадай негізгі алты түрі тармақтауға болады:
▪ Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылмағанымен,
Петерсон мен Плоуменнің пікірінше, оның қызметі барлық жағынан
алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.
▪ Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді
ұйымдастыру және сондағы қызметкерлерге билік жүргізуді жүзеге
асыру.
▪ Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі.
Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
▪ Құрама одақтық (ассоцияциялық) немесе клубтық менеджмент.
Мемлекеттік мекемелердегі секілді, мұнда да қызметкерлер тобының
іс-әрекетін ұйымдастырып, оларға басшылық ету қажет.
▪ Бизнес-менеджмент. Үкіметтік және мемлекеттіктен өзгеше
келетін менеджменттің ерекше түрі.
▪ Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес – менеджменттің
арнайы түрі. Жекеменшік іскерлік кәсіпорын функциясымен қоса,
мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік
проблемалар мен ой-пікірлер де ықпал етеді.
Петерсон мен Плоуменнің ой-ұсыныстарынан мынаны тұжырымдауға болады.
Экономикалық менеджменттегі қоғаммен байланыс жүйесіндегі мұндай
өзгешеліктердің көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрса да, бұлардың
барлыға адамның мінез-құлқы туралы “негізге алынатын түсініктерге”
сүйенеді.
Менеджментке берген классиктердің тұжырымдары ұқсас келеді.
Гальвецияның пікірінше, басқару процесі - өнер, оның басты мәні мен мазмұны
нақты жағдайға қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін)
қолдану.
Менеджмент - нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың
теориясы мен практикасы.
Менеджмент – нақты мақсатты жүзеге асыру үшін асыру үшін кәсіпорын
жұмысын басқаруға және ұйымдастыруға байланысты адамдар қызметінің
түрі.
Көрнекті американ экономисі В.В.Леонтьевтің анықтамасы бойынша:
Менеджмент – бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару
еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық
енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару
принциптерінің, тәсілдері мен формаларының жиынтығы деп атаса,
Вольфганг Хайер өзінің Европада бизнес қалай жасалады кітабында
былай деп жазады: Менеджмент – бұл жұмыс істеп тұрған коммерсиялық
кәсіпорынның арнайы органы.
Менеджменттегі басты нарсе - өзіне кәсіпорын мүддесіне жауап беретін
мақсаттар қою. Менеджмент – бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын
ұйымдастыру.
Менеджменттің 2 ұғымы бар:
1. Менеджмент – бұл басқару, басшылық ету органы.
2. Менеджмент – бұл адамдарды басқару (әрекет).

Менеджменттiң негiзiн қалаған тұлғалар жөнiнде қысқаша төмендегiдей
мәлiмет бере кетуге болады:
• Ф.Тейлор жұмысшылардың әрекетiн басқарудың рационалды
принциптерiн жобасын әзiрледi
• А.Файоль бiртұтас басқару теориясының негiзiн қалады
• Г.Эмерсон шаруашылықты тиiмдi басқарудың теориясын
қалыптастырды.
• Г.Форд өзiнiң басшылық етуiмен бұқаралық өндiрiстi
ұйымдастырғанын және бұл жерде басшылық ету артықтық етедi деп
санаған.
Дамыған елдердiң компанияларының ұйымдастыру кезеңiнде PR-дың қызметi
жалпы менеджементтiң стратегиялық басымдықтарына енедi. Тiкелей топ-
менеджментке бағынышты болғанда бұл функция аса тиiмдi. PR мамандары бұл
күнде тек қана коммуникация техникасын меңгерiп қана қойған жоқ (жаза бiлу,
өңдеу, мақаланы жариялату, баспа және бейнематериалды өндiру), сондай-ақ,
iс жүзiнде менеджерлер болып табылады. PR мамандары компанияны басқарудағы
нақтылы мәселелердi шешедi.
М.Х.Мескон, М.Альберт, Х.Хедоури “Менеджмент негіздер: басқарудағы ой-
пікірдің дамуы” кітабында мектептің төрт түрін белгіледі: ғылыми басқару
мектебі, әкімшілік мектебі, психология және адамдар қарым-қатынасының
мектебі, әкімшілік мектебі, психология және адамдар қарым-қатынасының
мектебі және басқару ғылымының мектебі. Мектептің төртке бөлінуіне
байланысты төрт түрлі тәсілге бөлінеді. Мұнда басқару төрт түрлі көзқараста
қолданылады. Процестік тәсілде басқару өзара байланысты басқару
функциясының үздіксіз сериясы ретінде қарастырылады. Жүйелік тәсілде атап
көрсетілетіні: басшылар ұйымдастыруды адамдар, құрылым, міндеттер мен
технология секілді өзара байланысты элементтердің жиынтығы ретінде
қарастыруы, сөйтіп өзгермелі сыртқы орта жағдайында алуан түрлі мақсатқа
жетуді көздеуі тиіс.
Ситуациялық тәсілінде басқарудың әр түрлі әдістерінің жарамдылығы
нақты жағдайға қарай анықталады. Ұйымдастырудың өзінде де, қоршаған ортада
да сан алуан факторлар болатындықтан, өндірісті басқарудың бірыңғай,
таңдаулы әдісі болмайды.
Ғылыми басқару. 1856-1920 Ғылыми менеджменттің пайда болуы Фредрик
Уинслоу Тейлордың 1856-1915 есімімен байланысты. Оның басты еңбектері –
“Фабриканы басқару” 1903, Ғылыми менджмент принциптері 1911,
Конгрестің арнайы комиссиясы алдында көрсету 1912. Филадельфиядағы
оның зиратының басына Ғылыми менеджмент атасы деп жазылған.
1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Фредерик
В.Тейлор еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын іс ретінде қарастырмай,
оған терең ден қойып, зерттей бастаған тұңғыш адам болды.
Төрт жылдың ішінде ол модельді және механик мамандықтарын меігерді.
Кейіннен Тейлор Филадельфиядағы Миндвейл Стил Воркста жұмыс істеді.
Тейлордың ғылыми менеджментті ұдайы бақылау, эксперименттеу және
логикалық топшылау арқылы анықталған нормативтер көмегімен бизнесті
жандандыратын менеджмент түрі болып саналады. Мидвейлде, кейіннен
“Бетлехем Стилде” жұмыс істеген кезде Тейлор ғылыми менеджментті төрт
салада дамытты: нормалау, уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау, уақыт
пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау жәнн баулу, ақшалай ынталандыру.
Тейлордың пікірінше, еңбек өнімділігінің артуы қожайынға, жұмысшыға да
молшылық әкеледі. Ол үшін қожайынның да, жұмысшының да психологиясын
түбегейлі өзгерту қажет. Екі жағы да қосымша өнімді өзара бөлуге назар
аудармай, бар күш-жігерін оны молайтуға жұмсауы тиіс. Тейлор өз теориясын
тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамға келеді: дәстүрлі әдістің орнына ғылым,
қарама-қарсылықтың орнына ынтымақтастық; еңбек өнімділігін барынша арттыру;
әрбір жұмысшының еңбек өнімділігін барынша арттыру, оларға барынша қолайлы
жағдай жасау.

Тейлор концепциясының негізгі қағидалары
1.Практикада қалыптасқан есік, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына
ғылыми іргетасты құру, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу. Ол
былай деді: басқаруда да, көпір салу секілді асқан дәлдік керек.
2. Жұмысшыларды ғылыми критерий бойынша таңдау, оларды жаттықтыру және
баулу.
3. Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми ойластырылған жүйесін практикаға
енгізу ісінде әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық
4. Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы
жауапкершілік
Еңбек өнімділігін барынша арттыруды басты мақсат етіп қоя отырып,
Тейлор жұмысшы еңбегі мен өндіріс құралдарын пайдалануды; материалдар мен
аспаптарды үнемдеп жұмсауды, аспаптарды, жұмыс операцияларын
стандарттауды, жұмыс уақытын дәл есептеуді қарапайым операцияларға бөліп,
кейіннен хронометраждау арқылы еңбек процестерін зерттеуді, әрбір
операцияға бақылау орнатуды, бірыңғайланған еңбек ақыны қолдануды т.б
кездеді.
Тейлор жеке жұмыскерлердің еңбек операцияларын талдай отырып, әрбір
операцияны жекелеген құрамдас бөліктерге жіктеуге және хронометраж
көмегімен жұмыстың неғұрлым пргрессивті әдістерін анықтауға болатындығын
дәлелдеді. Тейлор жүйесінде еңбек қарқынының артатындығы соншалық,
жұмысшылардың күш-қуатын қалпына келтіруге мүлде дерлік уақыты болмайды
екен. Тиімсіз қозғалыстарды жоя отырып, Тейлор “ең қолайлы” жұмыс тәсілін
жасады. Осыған орай жекелеген жұмысшылардың мамандығын ескере отырып
олардың еңбегін мамандадыру, неғұрлым тиімді жұмыс амалдарын пайдалану
үшін жұмысшыларды баулу және жаттықтыру қажеттігі туды.
Тейлор жұмысындағы басты жүйе – жекелеген жұмысшылардың еңбегін
ұтымды ету, өндіріс процестерін және де соған сәйкес басқару процесін
ұйымдастыруды қайта құру болды. Тейлор ілімнің дәл осы жағы өнеркәсіп
оырндарында жаппай қолданылды
Гильберт прибор ойлап шығарып, оның микрохронометром деп атады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент жүйелері
Менеджмент туралы түсінік, оның мазмұны
Менеджмент туралы түciнiк, оның мазмұны
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде
Менеджменттің мәні және қызметтері
Сапа менеджмент жүйесінің мазмұны
Менеджмент басқару жүйесінің қызмет түрі ретінде. Менеджмент туралы жалпы түсінік
Менеджмент
Менеджменттің түрлері
Сапа менеджменті тарихы
Пәндер