М.Ю. Лермонтов поэзиясының қазақ тіліне аударылуы және Абай шығармасымен байланысы
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... .3.5
2. Негізгі бөлім:
1.1 М.Ю.Лермонтов поэзиясының орыс тілі мен қазақ тілі арасындағы ұқсастықтары ... ... ... ... 6.9
1.2 М.Ю. Лермонтов поэзиясының қазақ
тіліне аударылуы және Абай шығармасымен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... 10.24
3.Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ..25.26

Адамзат аударма арқылы араласып-құраласады. Біз өмір сүріп жатқан әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандағы, адам тіршілігінің кез келген қимыл-қарекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі жасалмайтындығы белгілі. Адамзат тілдерінің арасында да клммуникацияның өз жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де болады.
Аударма ұғымы – кең ұғым. Зерттеуде тек көркем аударма, соның ішінде поэзия аудармасы ғана сөз етілетін болады. Зерттеудің тақырыбындағы «өлең аудармасы» тіркесі нақты өлеңнің ғана аудармасы емес, «стихотворный перевод», яғни жалпы өлеңмен жазылған көркем шығармалардың аудармасы деген тұрғада қолданылып тұр.
Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала. Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы «жалпы аударма» курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатын тегін емес. Олай дейтіні – көркем аудармада шығармашылық белгі-сипаттардың лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал поэзия аудармасында тәржімешіге мәтінді өзінше пайымдау, бажайлау тұрғысынан бөлекше жауапкершілік жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушылық, стилистік дарын да талап етіледі. Жұмыста қазақ поэзиясы аудармасының арғы-бергідегі өткен жолы мүмкін болғанынша толық сараланып, теориялық тұрғыдан таразыланды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасының тәуеосіз мемлекет ретінде халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің жаңа деңгейіне ауысуымен, екіншіден, жаһандану үрдісінің бүкіл әлемді қамтыған ауқымына орай аударманың біздің өмірімізде алар орны алдағы кезеңде айырықша арта түсетіндігімен байланысты.
Қазақ поэзиясы аудармасының арғы-бергідегі жүріп өткен жолын, бел-белестерін бажайлау, ізденістері мен іркілістерін саралау – ұлттың көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын, белгілеудің бір жолы. Бұл жолға талдау жасау арқылы тәржіманың халқымыз тарихында қандайлық қомақты орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек замандарда атқарар рөлінің де бөлекше болатынын көрсете аламыз.

1. Абай (Ибрахим Құнанбаев) өлеңдер, поэмалар, аудармалар мен қара сөздер.-Алматы: «Жібек жолы», 2005.-488 б.
2.Абай тілі сөздігі (жалпы ред. Басқарған А.Ысқақов), Алматы: «Ғылым», 1968.- 734 б.
3.Қ.Аманжолов Нұрлы дүние.-Алматы: 1950.-129б.
4. А.Сатпаев. «Рухани жақындық» Мақала. «Жетісу» 29 май, 1971ж. №105(6263)
5. Т.Әлімқұлов. Жұмбақ жан.-Алматы: «Жазушы», 1978.-365б.
6. М.Әлімбаев. Өрнекті сөз-ортақ қазына.- Алматы: «Қазақстан»,1967.-165б.
7. Т.Әлімқұлов. Көргендерім көңілде.-Алматы, 1992.-336б.
8. Х.Бекхожин Дәстүр және жаңашылдық: поэзия туралы толғаныстар.-Алматы.: «Жазушы»,1989.-245б.
9. Т.Әлімқұлов. Қалам қайраткері (эсселер, сын мақалалар)-Алматы.: «Жазушы»,- 1976.224б.
10. Х.Бекхожин Алты асқар:өлеңдер мен дастандар.-Алматы.: «Рарарат», 2005.-319б.
11. Т.Әлімқұлов. Жұмбақ жан. Зерттеулер мен мақалалар. Қайта баслымы –Алматы.: «Жазушы»,1978.-368б.
12. Х.Бекхожин Өлең өткелдері:(әдеби-сын мақалалар мен творчествалық портреттер).- Алматы.: «Жазушы», 1986.-325б.

Жоспар
1. Кіріспе____________________________ _____3-5
2. Негізгі бөлім:
1.1 М.Ю.Лермонтов поэзиясының орыс тілі мен қазақ тілі арасындағы
ұқсастықтары._______________6-9
1.2 М.Ю. Лермонтов поэзиясының қазақ
тіліне аударылуы және Абай шығармасымен
байланысы__________________________ ______10-24
3.Қортынды_________________________ _____25-26
КІРІСПЕ
Адамзат аударма арқылы араласып-құраласады. Біз өмір сүріп жатқан
әлемнің іштей белгілі бір жүйеге құрылғандағы, адам тіршілігінің кез келген
қимыл-қарекеті өзінше шағын жүйе екендігі, онсыз әлемнің тұтас жүйесі
жасалмайтындығы белгілі. Адамзат тілдерінің арасында да клммуникацияның өз
жүйесі, яғни трансляторы болуы керек. Тілдер арасындағы осындай
байланыстырушы жүйенің ең қарапайым шешімі – аударма. Бұл тұрғыдан
қарағанда аударма адамзатты біріктіріп тұрған факторлардың бірі деуге де
болады.
Аударма ұғымы – кең ұғым. Зерттеуде тек көркем аударма, соның ішінде
поэзия аудармасы ғана сөз етілетін болады. Зерттеудің тақырыбындағы өлең
аудармасы тіркесі нақты өлеңнің ғана аудармасы емес, стихотворный
перевод, яғни жалпы өлеңмен жазылған көркем шығармалардың аудармасы деген
тұрғада қолданылып тұр.
Көркем аударма – аударматанудағы ең бір күрделі де күрмеулі сала.
Көптеген зерттеушілердің аударма теориясы тұрғысынан көркем аударманы
жалпы аударма курсының дербес пәні ретінде қарастыруды ұсынатын тегін
емес. Олай дейтіні – көркем аудармада шығармашылық белгі-сипаттардың
лингвистикалық және мәдениеттанушылық қырлары аударманың өзге түрлеріне
қарағанда айрықша бедерленіп көрінеді. Ал поэзия аудармасында тәржімешіге
мәтінді өзінше пайымдау, бажайлау тұрғысынан бөлекше жауапкершілік
жүктелетіндіктен, аудармашыдан лингвистика мен аударма теориясы саласында
жеткілікті дайындықпен қатар, әдебиетшілік, мәдениеттанушылық, стилистік
дарын да талап етіледі. Жұмыста қазақ поэзиясы аудармасының арғы-бергідегі
өткен жолы мүмкін болғанынша толық сараланып, теориялық тұрғыдан
таразыланды.
Біріншіден, Қазақстан Республикасының тәуеосіз мемлекет ретінде
халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің жаңа деңгейіне ауысуымен, екіншіден,
жаһандану үрдісінің бүкіл әлемді қамтыған ауқымына орай аударманың біздің
өмірімізде алар орны алдағы кезеңде айырықша арта түсетіндігімен
байланысты.
Қазақ поэзиясы аудармасының арғы-бергідегі жүріп өткен жолын, бел-
белестерін бажайлау, ізденістері мен іркілістерін саралау – ұлттың
көркемдік ойының бүгінгі биігін бағамдаудың, алда алар асуларын,
белгілеудің бір жолы. Бұл жолға талдау жасау арқылы тәржіманың халқымыз
тарихында қандайлық қомақты орын алғанын ғана емес, сонымен бірге келешек
замандарда атқарар рөлінің де бөлекше болатынын көрсете аламыз.
Бүгінгі таңда аударма қазақ тіліне әлем әдебиетінің ең шоқтықты
шығармаларын төгілте түсіру арқылы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін
асыруға ықпал жасай алады. Қазақ поэзия аудармасының мұндай кемелдікке келу
кезеңдерін теориялық тұрғыдан тұжырымдай талдау оның келешектегі
көркемдіккөкжиегін кеңейту жолдарын қарастыруға септесетін болады.
Қазақ әдебиеттануы мен тіл ғылымында аударманың алар орны онша қомақты
емес. Бұл төл топырағымызда тәржімеге қатысты зерттеулердің кенжелеп
қалуынан орын алып отырған олқылық деуге де болмайды. Жалпы аударматану
әлемде ғылыми пән ретінде жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында ғана
орнықты. Оның үстіне кешегі кеңестік кезеңде кез келген мәселенің негізі,
түйінді теориялық проблемалармен түбірлеп айналысу Орталықтың еншісіне
қалдырылатын да, ұлт республикаларындағы әдебиетану ғылымының әлеуеті
көбіне көп ұлттық сөз өнерінің төл туындыларын талдаумен тежелетін.
Аударманың халықтар достығының дәнекері ретіндегі қызметі алдыңғы қатарға
шығарылып қарастырылғандықтан, тәржіме туындылары бәрінен бұрын әдеби
байланыстар тұрғысынан сөз етіліп, аударма категориялары, нормалары,
типологиясы, эволюциясы, өлең жүйесі, өлшеміне әкелетін өзгерістері сияқты
көптеген мәселелер екінші қатарға ысырылып қала беретін. Идеологиялық
қағидалармен қабыспауына байланысты ол кезде діни сипаттағы нәзиралық
дастандар, көптеген ғашықтық, батырлық қиссалар жарияланған жоқ, сондықтан
тәржіметану тұрғасынан талданған да жоқ. Соның өзінде де негізін М.Әуезов
қалап берген қазақ аударматануы қалыптасып, С.Талжанов, Ө.Айтбаев,
Н.Сағындықова, Ә.Сатыбалдиев, З.Тұрарбеков, С.Нұрышев, М.Жанғалин,
С.Сейітов сияқты аударма мйселелерімен тікелей айналысқан ғалымдар,
қаламгерлер шықты, аударма мәселелерін қарастырған С.Талжанов пен
Н.Сағындықованың, әдеби байланыстар проблемеларына арналған И.Ғабдировтың,
Қ.Кереева-Канафиеваның, Ө.Күмісбаевтың, А.Қыраубаеваның докторлық
диссертациялары дайындалды, бұл тақырыпқа арнаулы зерттеулер жазбағанымен,
аударма мәселелері ғалымдарымыз, әдебиетшілеріміз, ақын-жазушыларымыз
Ғ.Мүсіреповтың, З.Ахметовтың, Ш.Сатпаеваның, М.Қаратаевтың, З.Қабдоловтың,
Қ.Нұрмахановтың, С.Қирабаевтың, Ш.Елеукентовтың, Р.Сыздықованың,
Р.Нұрғалидың, А.Егеубаевтың, Ж.Дәдебаевтың, тағы басқалардың еңбектерінде,
сын кітаптарында, мақалаларында дәйім қозғалып отырды. 2007 жылға дейін
филология ғылымдарының әдебиеттану саласы бойынша аударма мәселелерін сөз
еткен 2 докторлық, 28 кандидаттық диссеитация қорғалғанының өзі қазақ
аудармантануының біраз асуларды алғанын көрсетеді. Орыс және алыс шетел
ғалымдарының әдеби ббайланыстар мен көркем аударма проблемалы бойынша
теорялық еңбектері кейінгі жиырма шақты жылдың ішінде тың ізденістермен
толыға түсті. Кезінде аударма теориясының іргелі зерттеулері ретінде
мойындалған бірқатар туындылармен қатар, олар да осы жұмыстың арқауы
ретінде ұсталды.
Көркем аударманың жемісі ретінде зерттеу қарастыратын поэзиялық
тәржіме – алдымен әдебиеттану нысаны. Өлең аудармасына қазақ жырындағы
таланттардың бәрі дерлік тартылып, аударма арқылы ұлтттық поэзиямыздың
көркемдік құралдары анағұрлым молыға түсті. Тарих табыстырған, тағдыр
тоғыстырған орыс халқының төл поэзиясын аударма жасау кең құлаш жайды. Орыс
тілі арқылы сол тілге аударылған әлем поэзиясының, күні кешеге дейін бір
елдің құрамында өмір сүрген, қазір де алуан-алуан ықпалдастық жіптерімен
жалғасып жатқан мемлекеттердің өлең-жырларының таңдаулылары тәржімеленді.
1.1 Орыс әдебиетінде көркем аударманың ғасырлық тәжірибесін тексеріп,
теорияға бой ұрған Иван Қашкин, Корней Чуковский, Самуил Маршак секілді
білімпаздар бір шындықтың тұсында түгел түйіседі: Аудармашы атаулы өз
табиғатына, өз қырына келетін авторды таңдауға тиіс, сонда ғана аударма
сәтті шықпақ. Бұл әсіресе поэзияға тәлімел. Тіпті прозаның өзінде түпнұсқа
атаулы өзінің қыры мен сырына сай бейім таңдайды. Бейім табылған күннің
өзінде сөзбе-сөз, жолма-жол аудару кәдеге аспайды. Түп нұсқамен жарысқан,
жұтынып тұрған сымбатты түлға керек. Балама бейнелер текстің сыртқы
түрпетінен емес, тупкі төркінінен туындауға тиіс. Буған сөйлем
жатықтығы, ішкі ырғақ, сөз екшеуі қосылады. Прозаик Гогольдің өзі:
Түпнұсқага жуықтау үшін одан алшақтап орайласу керек деген.
Аударманьщ ұлттық игілікке айналуын көздеген. Бұл бағытта аудармашының
білімі, талғамы, дарыны, болмысы, характері бой көрсетпей тұрмайды.
Түп нұсқа қай елде, кай тілде, қай дәуірде туды, автордың өмір тарихы
қандай, өсу жолы нешік, осының бәрін жетік білу шарт. Осының үстіне
аудармашының аударылмыш туындыны өз көңілінен, өз жүрегінен ыстық
сезіммен, нәрлі талғаммен өткізуі шарт. Аударма үстінде шабыттанбаған,
бейнеттене рахаттанбаған, жүректің канымеи жазбаған адам ана тілде үзақ
жасайтын дуние тудыра алмайды. Абай осы тәсілмен аударған. Сондықтан
да оның аудармасы төл туындыдай әсер етеді. Қазақ поэзиясына жіксіз
жымдасады, шынайылық, шырайлылык, жылылық қуатын сақтай біледі.
Ысылған реалистік аударма бар. Модернистік, эстеттік, символистік
аудармалар да бар. Ағылшын әдебиетінен жасаған аудармасында орыс
декаденті Бальмонт бейтараптықтан шығып, таза өнерді аңсаған өзінің
көңіл күйіне бейімдей аударады. Сөйтіп, түпнұсқаға көрнеу қнянат жасайды.
Аударма мектебінен өтпеген сахаралық Абай өзінің табиғиІ талантына, дүниеге
көзқарасыиа, төл туындыларына сай реалистік аударманы таңдайды. Ол өзінің
ішкі әлеміне орайласатын үндес, мудделес, мұңдас, сырлас ақындарды
калайды. Олардың өлмес мұрасынан (Буниннен басқаларынікі мұраға
айналған еді) өзінің мұратына, көңіл хошына уйлесетін, көкейіне
қонатын ішті дүниелерді аударады. Әлеуметтік сарыны жағынан, объект, фон
шеңберінен қазақ өміріне үйлесе кететіндерін іріктеп, кейде үзіп-үзіп
алады. Лермонтовтың өте көлемді Измаил-Бейінің беташары Абайдың
көңіл күйіне толық уйлескендіктен тугел аударылады да, қалған көл-көсір
текстен бес шумақ қана алынады. Бул — ел билеу тәсілі туралы тамаша толғау
еді. Осы толғаудағы: Не должно мыслей открывать свонхты Абай:
Ішің берік боп... деп шымырландырып жібереді. Біз болсақ,
ойыңды ашпа немесе ойыңды жасыр дер ме едік, кім білсін?! Абай
ондай арзан баламаға жуымайды. Ішің берік болсын дейді. Осы секілді Не
должно слишком завлекаться, перед ним гордиться или с ним ровняться деген
жолдардың баламасын: Паңсынбай, жайдақсымай, ірі жүрмек деп жеткізеді.
Абайдың осы сапалас аудармасы біздер, ақындар үшін үлкен үлгі.
Поэзиялық аударма — екі тілдің жарысы. Ана тілінде мінсіз шығару үшін ол
тілдің қазынасын ақтару шарт. Және, жоғарыда айтқандай, поэтикалық
шығарманы сөзбе сөз, жолма жол аудармай, тұтас алып аударуға керек. Ойдың,
сезімнің, образ жуйесінің жиынтығы сомдалып шығуға, аударушының қанынан
қайнап шығуға керек. Аудармашы актерге үқсас деген сөз менің көкейіме
қонбайды. Аудармашы — автор. Түп нұсқамен бәсекеші. Абайдың тәжірибесі
осыны дәлелдейді.
Әрине, ұлы ақындарда ой ұқсастыры, идея ұқсастығы деген бола береді.
Бірақ Абайдың өзі аударма деген нәрсесін аударма емес деп шығаруға
қандай орай бар. Бүл турасында талантты ғалымдарымыздьщ бірі Заки
Ахметовтың зерттеулері ашқан жаңа жайлар әбден дәлелді емес пе. Сондай үш-
төрт өлеңнен Абай қазынасы кеміп қала ма. Бұл қайта ақынның орыс
поэзиясынан мейлінше мол қанғандығын, орыс ақындарымен ішкері достығының
зор болғаныи сипаттамай ма.
Абай аудармамен айналысқан кезде орыс әдебиетіне қанық, орыс тіліне
жетік еді. Оньщ екі тілде еркін ойлайтыны: Айтыңызшы, болсаңыз
здравомыслящий деген тәрізді стихиялық жолдардан да аңғарылады. Көркем
аударманы орыс тілі қанына сіңген кезде бастаған Абай қол жетпес үлгілер
жасай білді. Ол аударма атаулыны жарысқа түсіріп, жалаң еліктеуден,
көлбегей көшіруден, болымсыз бөгделеуден құтқарды. Табиға-тында эстет емес,
эстетик Абай көкейіне қонатын мәнді, маңызды, күрделі шығармаларды таңдады.
Және оларды менменше бейімдеп, бұрмалап, берекесіздендіріп обал жасамады.
Қейінгі кейбір эстет ақындарша ұрлыққа жуымай, түпнұсқасын дәл көрсетіп
отырды. Ана тілден айна-қатесіз балама тауып, жүректің канымен жазудың
үлгісІн жасады. Қазақ тіліне аударуда біздің күні бүгінге шейін Абай
тәжірибесіне соқпай, оған мойын ұсынбай өте алмайтынымызда бұрқыраған
кайнардың қасиеті бар.
Абайдың ересен білімдар інісі Халиулла орыс классикасымен —
Толстойдың, Тургеневтің, Салтыков-Щедриннің, Белинскийдің, Добролюбовтың —
шығармаларымен Абайдан бұрын танысып, сол шығармалардан нәрлі үзінділер
аударғанын кыр қазағының тұрмысына қанық орыс ғалымдары, Н. Максимовтер, Г.
Н. Пота-ІІиндер, Н. М. Ядринцевтер растайды. Қағаз жүзінде сақталмай
жоғалып кеткен ол аудармалардың сыры, сипаты, сапасы жөнінде болжау жасауға
ғана болады. Реалистік аударма тұрғысынан Абайға азды-көпті ықпал жасамады
ма екен деп ойлаймыз.
Осы жағынан алып қарағанда, Абайдын аударма өнерінде де жаңалық
мол. Абай аудармалары шығарманың контексті мен подтекстін мейлінше терең
түсінгендікті және соны казақ ұғымына жат етпей, мейлінше жатық етіп бере
білушілікті танытады.
Абай аудармалары тілімізді байыта түсті. Жаңа ұғымдар, тың
теңеулер, эпитеттер, соны сөз орамдарын, сөз айшықтарын туғызды.
Поэзиямызда жаңа ырғақ, жаңа әуен пайда болды. Ойлаудың бейнелі жаңа
түрлері шықты.
Солай бола тұрса да, аударманың реалистік тұрғысынан алып
қарағанда, Абай тәжірибесі шетінен бүгінгі күннің кәдесіне аса береді деуге
тағы болмайды.
Лермонтовқа байланысты бір жәйіт, оның тұңғыш жинағы небары 28 өлеңнен
құралады. Екі жүзден астам өлеңнің жиырма сегізін ғана кіргізген. Сайдың
тасындай іріктелген аз өлең автордың ересен білімдарлығын, талғампаздығын
байқатады. Бір қызығы, Абай Лермонтовтан дәл 28 өлең аударыпты. Осыны
санаған Амантай Сатаевтың: Абай бір кітаптан ғана аударған деген жорамалы
иланымды.1 Бұған қосымша айтар нәрсе, Абайдың қолына Лермонтовтың бірақ
кітабының түсуі — тарихтың өкініші. Сол сияқты, сахаралық Абай-дың
Лермонтов лабораториясын білмеуі де өкініш.
Қағидаға қатып қалған қатал редактордың қолына түссе Лермонтовтың
Гетеден жасаған атақты аудармасы баспа бетін көрмес пе еді, кім біледі.
Қалай көреді, Гетенің уэзіні де, ырғағы да сақталмаса, түпнүсқадағы
бейнелердің тең жарымы түсіп қалса, қалған бейненің бәрін аудармашы ойдан
шығарса... "Лермонтов, түпнүсқадан "шыңдар" және "сен де демаларсың" деген
екі тұсты ғана алып, Гетенің сезімін ғана жеткізді. Бірақ сезімнің
адалдығы, шынайылығы сондай, орыс өлеңінің неміс өлеңіне қаны да, жаны да
бір туыс болып шығуы үшін осының өзі де жетіп жатты", дейді атақты
аудармашы В.Левик.
Негізінде, аудармашы өзіне жақын, рухтас, сарындас қаламгерлердің
туындыларына қол артады деген сөз қазіргі кәсіби әдебиетшіліктен гөрі
өткен ғасырларға, соның ішінде Абай заманына көбірек келеді. Абай Лер
монтов шығармаларын өзінің көкірегін кернеген күрсіннің күңіренісіндей
көрген болса керек. "Лермонтовтай ақындардың өлеңдерін қазақшаға аударса,
сол сөздерді құр ғана сыртқы келісімін сүйгендіктен аудармайды. Барлығында
өз жүрегіне түсінікті, өз халқына жанасатын, өзінің әлеуметтік мұң-арманына
тап келетін және қиялына үйлесетін, ерекше бір жақындығы болғандықтан
аударады. Аудармалар ақынның ез жүрегінен толқып шыққан қайғылы шердің
айнасы, толас-тынысы сияқты болады".
Ақынның ғажап дарыны Лермонтов шығармаларындағы сан түрлі сарындарды
сапырылыстырғандай етіп, өзіне керекті көркем бейнелерді
інжудей іліп алатын қасиетінен де көрінеді. "Теректің сыйындағы" "Асау
Терек долданып, буырқанып, Тауды бүзып, жол салған, тасты жарып.
Арыстанның жалындай бұйра толқын, Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып" деп
келетін алғашқы шумаққа кезінде талай әдебиетші тамсанып, "Терек воет, дик
и злобен, Меж утесистых громад. Буре плач его подобен, Слезы брызгами
летят" деген шумақтан осындай сурет шығарады Абай деп жазатын. Зәки Ахметов
ол теңеудің де Лермонтовтың өзінен алынғанын, "Демон" поэмасындағы "И
Терек, прыгая, как львица, С косматой гривой на хребте, Ревель - и
зверь степной, и лтица, Кружась в лазурной высоте, Глаголу вод его
внимали" деген шумақтан өлеңге сіңірілген сурет екенін дәлелдеп берді, әрі
Лермонтовтың жаңылыс басқан жеріне (арыстанның үрғашысында жал болмайды)
назар аудартты. Тәкен Әлімқүлов Абай аудармашылығына байланысты мынандай
"таңсық та күлкілі бір мысал" келтіреді: "Абай Лермонтовтың "Изманл-Бей"
поэмасының кіріспесін жатық та дәл аударғаны ілгерірек айтылды. Сол аударма
төл туындыға баланып, грузин тіліне көшіріледі, одан орыс тіліне ауысады.
Сонымен, сайып келгенде, Лермонтовтың шумақтары орыс тілінде егіз-ұдай
көрініс береді". Бүл мысал да Абай қолына тигенде кез келген өлең-жырдың
жігі білінбей, жаңа тілге жарасып, жымдасып жүреді.
Абайдың аудармашылығы оған дейін қазақ әдебиетінде қолданылмаған он
беске таяу өлең өлшемін енгізгенінің өзі көп жайды аңғарта алады. Ақын
аудармаларының айшығы қазақ тілінде бұрын болмаған тіркестерді алып келіп,
орнықтыруынан да көрінеді. Ал фразеологизм орнықтыру дегеніміз қиынның
қиыны. Біз әдетте орыс тілінен аударма әсерін Абай тэржімелерінен ғана
іздеп жатамыз. Рабиға Сыздық: "Абай өлеңдерінде кездесетін кептерше
сүйінісу ("ворковать как голубки"), салқын тарту ("постывать"), тактісіне
билеу ("отбивать такт"), бір сағаттан бір сағат ("от часу на час") деген
тіркестер де қазақ тілі үшін жаңа: олар орыс тілінен калькалау (сөзбе-сөз
аудару) жолымен жасалғандар. Бір ғажабы -бүлардың бэрі тек аударма үстінде
емес (олар да бар), Абайдың төл өлеңдерінде де қолданылған! Айталық, салқын
тарту деген тіркес Абайда: Дүниедегі қызықтың бүгін бәрі саған салқын
тартқандай, сен бір кәрі -деген өлең жолдарында кездессе, бұл жолдар
Лермонтовтың: Пускай теперь прекрасный свет Тебе постыл — ты слеп, ты сед —
деген жолдарының аудармасы. Кептерше сүйінісу (Абай жинақтарының барлық !
басылымдарында сүйеніскен деп жазылып жүр, біздіңше, сүйініскен болуы
керек, оны Абай орысша ворковать дегеннің аудармасы етіп алған) деген
тіркес те аударма өлеңінде кездеседі, ал қалғандары (мүйіз шығу, тактісіне
билеу, бір сағаттан бір сағат) Абайдың төл өлеңдерінде. Бүл -Абайдың орыс
тілінің көркемдік дүниесін творчестволықпен игергендігінің белгісі", деп
жазған. Ақынның аударма өлеңдеріндегі жас булт, кэрі жартас, тентек өмір,
салқын өмір, қараңғы өмір, өткен күннің улары, көңілдің ауыр жүгі деген
тіркестердің жаңа фразалар екендігі мәлім.
Абай - перифраздың да шебері. Оған да эсер еткен - аударма. Әсіресе,
Лермонтовтан аударылған өлеңдерде ақын перифраздың неше түрін көрсетеді.
Қараңғы көңіл, көңілдің жүгі, улы сусын, жанға түскен жара, жалтаңдаған жас
жүрек, жүйрік уақыт, үміттің нүры, еркелі қол, асау өмір, тентек өмір,
жабырқаңқы сөз, тәтті үн, нәпсінің сынған қайғысы, асау той, тентек жиын...
осылай кете береді. Осы орайда мынандай ой келеді. Аудармада өзімізде жоқ
тосын тіркес кездесе қалса, "қазақ бүлай айтпайды" деген түрғыда қамшының
астына алатынымыз бар. Абай тұсында бізде әдеби сын болса, бәлкім,
жоғарыдағы жаңа фразеологизмдер, перифраздар үшін атамыз да мінеліп жатар
ма еді, кім білсін. Негізінде, аударма өнерінің бір уәзипасы тілді өзге
тілдің бояуларымен байыту болса керек. Бүл үшін аудармашы-ақындардың сәтті
ізденістерін көтермелеп, сәтсіз шыққан соны сөз тіркестеріне кеңшілікпен
қараған жөн.
1.2 Абайдың аударма өнерінде қалдырған мұрасының, асқан
үлгілігімен, найылығымен, нәрлілігімен, жаңашылдығымен, айқындығымен
қатар, осындай қым-қуыт қиыншылығы да бар. Бұл мұра арнаулы зерттеуге
әбден турады дейтініміз де сондықтан.
Абай Лермонтовтан гөрі Пушкиннен аз аударды. Бірақ одан аз үйренген
жоқ. Сол сияқты, Крыловтан да көп үйренді, көп аударды. Крыловтың
мысалдарьш мейлінше құнарлы, жатық аударған Абай мысалдың соңындағы
насихаттық жолдарын қазақ даласы жағдайына үйлестіріп, азын-аулақ бұрып
отырды. Ол қазақта туңғыш рет қара сөзді өлеңмен аударды. (Лермонтовтың
Вадимі).
Абай қазақ сахарасын Гетенің, Байронның өлеңдерімен таныстырды.
Абайдың шеберлігі сондай, оның аудармаларын төл туыидыдан ажырату
қнын. Желінің тутастығы, ойдың еміршілдігі, сездің ымы-жымы бегделікке
жол қалдыр-майды. Осы орайда таңсық та күлкілі бір мысал кел-тіре
кетуге тура келеді. Абай Лермонтовтың Измаил-Бей поэмасьшың
кіріспесін жатық та дәл аударғаны ілгерірек айтылды. Сол аударма төл
туындыға баланып, грузин тіліне көшіріледі, одан орыс тіліне ауысады.

көрініс береді.
Қасым Аманжолов пафосшыл, шешен ақын еді. Бірақ, оның шешендігі
жадағай еместі. Мағынаға мейлінше толы болатын. Дүние жүзі әдебиетінде
Виктор Гюго, М.Лермонтов сынды ұлы ақындардың поэзиясынан жарастықты, нәрлі
шешендік үлгісін көп табамыз. Өз халқының тіл ерекшелігін есте тұтқан Қасым
сөзді ылғида сақадай сайлап алушы еді. Және бұл оның сезімін қарапайым да,
нәзік те суреттеуіне ешқандай нұқсан келтірмейтін.
Ақын, әрине, іштен туатын. Бірақ іштен жетіліп тумайтын өмір
көрсетуде.Әр нәрсе азды-көпті тәжірибемен өседі. Қасым алғашқыда
тәжірибені, сөз жоқ, ауыз әдебиетінен алды, сол ықпалда тұңғыш жырларын
жазды. Абай дәстүріне бірте-бірте келіп, кейіннен Лермонтов, Маяковский
дәстүріне ұласты. білу, оған түсіне білу деген нәрсе оңай емес. Мен орыс
тілін жақсы білемін дедім ғой. Оным рас. Академияларда орыс тілінде лекция
оқыған кісімін. Бірақ та ойлап қарасам, рас, Абай орыс тілін менен жақсы
біледі екен. Жақсы білгені былай түрсын, орыстардың ғалымдарына, ардагер
адамдарына ұстаз да бола алған екен. Оған дәлелдер көп. Мысалы, Пушкинді,
Лермонтовты, Крыловты аударғанда Абай олардың ойына ой қосқан. Бүл ұстаздық
емей немене?" ("Түркістан", 2004, 12 тамыз). Соның ! бір дэлелі осы
"тыншығу". Орысшага қайта қайырса "находить покой (успокоение)" үғымына
жақындайтын бү_л сөздің мағынасы кеңірек, тереңірек. Ойына ой қосқан деген
сол болады.
Абайдың аудармашылығы туралы орыс тілінде жазылып жүрген мақалаларда
қазақша нұсқаның жолма-жол аудармасы беріледі де, соңғы екі жол: "Возможно,
отдохнешь и ты, Если немного потерпишь" деп келтіріледі. Мұндай жолмен біз
Абай ұлылығын дәлелдей алмаймыз. "Тыншығудың" "отдых" еместігін, "сабыр
қылуды" "потерпишь" дей салуға болмайтынын жоғарыда аңғартқандаймыз.
Лермонтов Из Гете деп атаған әйгілі өлеңнің табиғаты туралы талас
көп. Герольд Бельгер мен Медеубай Құрманов өздерінің кітап, мақала,
эсселерінде өлеңнің үш нұсқасын (Гете-Лермонтов-Абай) қатар келтіріп,
Лермонтовтың да Абайдың да сұңғыла суреткерлігін жеріне жеткізе дәлелдейді.
Гетеден жолма жол аударма жасағанда өлең былай болып шығады екен:
Шыңдар басында тыныштық орнаған,
Ағаштардың басында
Болар болмас
Леп байқалды;
Ормандағы құстардың орны өшкен,
Тек сабыр ет, сәлден кейін
Сен де тыныш табарсың.
Талантты ақын өлі табиғаттың шың (Гипфел), өсімдіктер дүниесінен ағаш
бастарын (Випфел) жіне жануарлар дүниесінен құстар (Бөгелаин) сияқты
қарапайым ғана сөздер мен түн құшағына еніп, балбырап ұйқыға кеткен бүкіл
табиғат суретін көз алдыңызға әкелді. Ең соңында барып осындай түн
тыныштығын бұзып, жолаушылап келе жатқан адамды көреміз. , деп жазған еді
Медеубай Құрманов.
Енді М.Ю.Лермонтов нұсқасын еске түсірелік:
Горные вершины
Спят во тьме ночной,
Тихие долины
Полны свежей мглоц.
Не пылит дорога,
Не дрожит листы,
Подожди немного,
Отдохнешь и ты.
Лермонтов аудармасы туралы аз айтылмаған. Бұл өлең жазылғалы бер-ақ
орыс әдебиетінің ұлы шығармасы. Абай жыры да сондай.
Қараңғы түнде тау қалқып,
Ұйқыға кетер балбарып.
Даланы жым-жырт дел-сал ғып
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы
Сабыр қылсаң азырақ.
Қараңғы түнде тау қалқып-аудармадағы көркемдіктің, бейнеліліктің,
әуезділіктің, дәлдіктің этолоны. Лермонтовтағы тау шыңдарын, тауға
түсіріп, асқақтаған шыңы жоқ Шыңғыс тауына келтіріп, аңғарды жазық
далаға түсіріп, Қарауылдың айналасына айналдырып жіберген данышпандығының
арқасында Гете картинасы қазақ жеріне көшкен де қойған. Абай нұсқасын
Лермонтов туындатқан жырға жолма-жол қойып көрсеңіз де сурет тұрмақ, сөз
сәйкестігіне қайран қаласыз. Сол мүлгіп тұрған тыныштықтың өзінде Абайда
қимыл көбірек. Гетеде етістік үшеуекен, Лермонтовта да солай. Абайдағы
етістік, толымдысы бар, толымсызы бар – сегіз: қалғып, балбырап, ұйқыға
кетер, дел-сал ғып, түн басады, салбырап, шаң шығармас, сыбдырламас.
Барсөздің саны 25 болғанда, оның 8-і етістік болғанда бұл өлң бастан аяқ
қимыл-қозғалысқа толып кетпей ме? Кетпейді. Абайдың құдыретті қаламымен
қаланған бұл етістіктер қайта табиғатты мүлгітіп, маужыратып, оның
құлашындағы адамды балбаратып, албыратып барады. Ал Абайдың соңғы екі
жолындағы тыншығарсың, сабыр қылсаң деген екі сөзге таң тамаша болмау
мүмкін емес. Гетеде де, Лермонтовта да сөз түйіні демалуда, тынығуда,
дамылдауда. Абай Гетеде де, Лермонтовта да жоқ тыншығуды шығарғанда,
демалудың, тынығудың, дамылдаудың, тыныштық табудың орнын осы сөзбен
алмастырғанда табиғат тылсымы адамды нирвана күйіне келтіретіндей құдыретке
ие екендігін, ол үшін азырақ сабыр қылу керектігін айтатандай. Бауыржан
Момышұлының былай дегені бар: Тіл білу, оған түсіне білу деген нәрсе оңай
емес. Мен орыс тілін жақсы білемін дедім гой. Оным рас.
Ең алдымен, Абай тұсында қазақ поэзиясында аударма тәжірибесі жоқ еді.
Сол тәжірибені Абайдың өзі жасады. Ал, тұңғыш істе қашанда қиыншылық
көбірек кездеседі. Мұнын үстіне, Абай аударманы өзінің ағартушылық
қызметіне пайдаланып отырды. Сондықтан ол бағзы бір шығармаларды тым еркін
аударды, арасына өз идеяларын, өз көзқарастарын қосып, соған үндеді. Содан
барып ол аударманы қазақ даласының тарихи экономикалық болмысына қарай
бейімдеп жіберген де реттері болды.
Досың жоқ, дұшпаның жоқ тыныш жатасың,
Мал үшін аш қатасың, жан сатасың.
Әкесі аштан өлген кісідей-ақ,
Неткен жұрт мал өлтірген жеті атасын,- Үлттық казынаға игілікті
сыбаға болып косылатын аудармалық әдебиеттің табиғаты талай ойшылды
толғандырып, талай сөз зергерін сынаған. Қазақ топырағында ысылған
реалистік аударма дәстурі Абайдан басталады. Аударма мәдениеті де сол
Абайдан тарайды.
Ең алдымен, Абай тұсында қазақ поэзнясында аударма тәжірибесі жоқ
еді. Сол тәжірибені Абайдың өзі жасады. Ал, тұңғыш істе қашан да қиыншылық
көбірек кездеседі. Мүнын үстіне, Абай аударманы өзінің ағар-тушылық

барып ол аударманы казак даласыньщ тарихи экономикалык болмысына қарай
бейімдеп жіберген де реттері болды.
Көңілім менің қараңғы: бол, бол, ақын,
Алтынды домбыранмен келші жақын.
Осындағы домбыра деген сөз Байронның аузына түсуі мүмкін емес
кой. Сол сиякты:
Досың жоқ, дүшпаның жоқ тыныш жатасық,
Мал үшін аш қатасьщ, жан сатасың.
Әкссі аштан өлген кісідей-ақ,
Неткен жұрт мал өлтірген жеті атасын,—
деген сөздердің де Лермонтовтың аузына түсуі қиын (Дума), Абай бұл
жерде Лермонтов ойына өз ойын жалғап отыр. Сондықтан да тым қазақыланып
кеткен. Бұл өлсңді аударма деу ләзім бе, жоқ еліктеу деу ләзім бе, оны
мықтап ойластырмаққа керек. Абайдың Лермонтовтан аударған атақты Бесіктегі
бөбегі де (Ре-бенок в люльке) осындай өлеңдердің тобына жатады. Бул
өлеңді Лермонтов Шиллерден дәл аударған. Шиллердің бастан кешкен қуғын-
сургінін меңзейтін мұңлы өлең Лермонтовтың көңіл сазына орайласа кеткен
еді. Осы өлеңді Абай тіптен еркін алып кетеді.
Кең жайлау — жалғыз бесік жас балаға,
Алла асыраған пендесі аш бола ма.
Ержеткен сон сыймайсыц кең дүниеге
Тыныштық пен зар боласын, баспанаға.
Орысшасына көз жүгіртіңіз:
Счастлив ребенок
И в люльке просторно ему.
Но дай время сделаться мужем,
И тесен покажется мир.
Міне, бұнда кең жайлау да жоқ, алла асыраған пенде де жоқ, аш
бола ма да жоқ, тыныштық пен зар боласың баспанаға да жоқ. Бүкіл
шумақтан түпнұсқаға: Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге деген бірақ жол
жуық. Ендеше, бұны аудармаға қалай телиміз?
Бұл өлеңнің дәл керкем аудармасы мынадай болуға керек.
Тар бесікте өседі еркін,
Бакытты бөбек іңгәлаған.
Есейіп өсе келгенде бертін
Етеді тарлық қнырсыз жаһан,
Осының ығытында айта кету орынды. Абайдың кейбір аудармасында араби
сөздер орынсыз ұшырасады. Онегиннің Татьянаға жазған хатындағы.
Михрабым сен, бас ұрамын,
Тіл жете алмас ғұзіріме,—
деген жолдардың егіннің арам шөбіне уқсас екеніне дау бола қоймас.
Бундай шұбарлықтың екі түрлі себебі бар. Біріншіден, Абай дәуірінде
қазақ тілінде аударманың тәжірибссі, ережесі болмаған. Екіншіден, Абай орыс
тілін қалай еркін меңгерсе, араб, парсы тілін де сондай еркін меңгерген
ғулама. Солай болғандықтан да оның ойлау жүйесінде, тіл кестесінде
арабизмдер, псрсизмдер аз ұшыраспайды. Бұл баяғы айтылған русизмді де еске
түсіреді. Бул — ғуламаның қайшылығы емес, ана тілінің шарасынан асып
төгілген мөлшерсіз молдығы.
Абай аудармаларына қайта оралар болсақ, олардың басым көпшілігі әрі
жатық, әрі дәл, мін атаулыдан аулақ. Жуковскийдің: Қарасөздің аудармашысы
— құл; поэзияның аудармашысы — бәсекелес дегені жұртқа мәлім. Абай осы
бәсекелестік тұрғыдан жарыса аударады. Түпнұсқаның мағынасын, сырын,
шырайын әсте кемітпей жеткізеді. Оның аудармалары түпнұсқа қазақ тілінде
туғандай әсер береді. Лермонтовтың:
Люблю тебя, булатный мой кинжал,
Товарищ светлый и холодный,—
деген жолдарын Абай: ;
Сүйкімді болат канжар, турсың жайнап,
Ыстық, суық майданда шығады ойнап,—
деп аударады. -
Тамаша тапқырлық! Осы елеңнің екінші жолы жарқын, салқын жолдасым
деген тәрізді етіп аударсаң сөз болмай шығады ғой. Лермонтовтың ойын
жеткізе алмайды ғой. Ендеше, шығарманың, әрпін емес, рухын аудару керек
деген қағидаға бұл арада да ден коямыз. Рас, шығарманың рухын аударғанда,
оның формасын да сақтау шарт. Абай көп аудармаларында өлеңнің сыртқы
формасын сақтамай, кәдімгі 11 буынды қара өлеңге салып кетеді. Бірақ, соның
өзінде ол өлең ырғағын, екпінін дәл беріп отырады, екінші сөзбен айтқанда,
ішкі формасын көбірек сақтайды. Ал, бұл ең негізгі шарт. Осының арқасында
сыртқы форма айрықшылығын көп жерде байқамай да қаласың.
Абайдың аудармалық мұрасы аз сөзбен шешілетін нәрсе емес, жеке
талдауды керек ететін нәрсе. Солай болғандықтан біз бул арада кейбір
аудармаларына ғана тоқталып өтеміз.
Абай көп елеңдерді еркін аудара турса да, негізінде, аударушылық
жумысына аса ұкыпты қараганы байқа-лады. Абайдың орыс поэзиясынан қазіргі
бізге мәлім мөлшерден әлдеқайда көп аударуы, бірақ, сонау бәрі бізге түгел
жетпей, жоғалып кетуі мүмкін. Және Абайдың өзі ұнатпай тастаған аудармалары
да болуы ғажап емес. Әрине, бұның бәрі жорамал. Бірақ жаннан шы-ғарылған
жорамал емес. Абай тәжірибесін байқаудаң туған жорамал. Мысалға 1897 жылы
жасаяған мына бір аудармасын алып карайық.
В минуту жизнн трудную
Теснится ль в сердце грусть:
Одну молитву чудную
Твержу я наигзусть.
Есть сила ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz