Тіл экологиясы


КІРІСПЕ
Лингвоэкология туралы сөз қозғамас бұрын, біріншіден экология туралы айтып кетсем. Экология- биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. «Экология» терминін 1866ж. Э. Геккель енгізген. Экология термині гректің «тұрақ, мекен туралы ғылымы» деген мағына білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын, айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін ғылым. Экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау. Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері:
- организмдердің бір -бірімен қарым - қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы; - биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке туындайтын өзгерістерді; - табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми - теориялық негіздері; - адам - қоғам - табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу; - биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз ету; - биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру болып табылады; Экология- қоршаған ортамен тығыз байланыста болып, табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін ғылымдар жиынтығы. Адам - қоғам - табиғат арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу, бақылау және баға беру оның қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан біз экология ғылымының қазіргі заманғы мазмұны күрделі әрі ауқымды екеніне көз жеткіземіз. Кез - келген ғылымның қоршаған ортамен қарым - қатынасында жинақталған әртүрлі факторлардың органикалық, органикалық емес организмдерге игі немесе кері әсер ететінін қарастыратын, адамзат қоғамының өзі тіршілік етіп отырған ортаның өзара қарым - қатынасын зерттейтін ғылыми бағыттардың жиынтығы «экология» деп аталады. [1. 25б] Лингвоэкология тәуелсіз мемлекеттің тіл саясатымен, оның Ата заңымен де, тіпті жалпы адамзаттық ізгілікпен де үйлеспейтінін, арғы астарында бөтен ой, жат пиғыл жатқанын аңғару қиын емес. Бұл - ана тілінде сөйлейтін тұлғаларды басқа жаққа итермелеу, тілдік тұлғаның санасына қалайда ана тіліне деген сенімсіздік ұялату, оның ана тілінің болашағына деген үмітін өшіру арқылы мемлекеттік тілмен күресудің тәсілі. Мемлекеттік тілдің тағы бір қарсыластарының айтуынша, қазақ тілінің құрылым жүйесі қазіргі заманғы ақпарат жүйесіне лайықсыз. Бұның да ғылыми жағынан ешбір негізі жоқ. Мысалы, ерекше таңбалар жүйесі ретінде кез келген тілдің әлеуеті, мүмкіндігі шексіз, оны сарқа, тауыса пайдалану мүмкін емес. Тілдік ортадағы тұлғалардың бәрі бірдей емес. Олардың ішінде ана тілінің болашағы жөнінде екіойлы болып жүргендер де бар болуы ықтимал. Әлгідей зиянды вирустар алдымен жиырма - жиырма бес жылда қазақ тілі құрып бітеді деген қауесет ақпаратқа құлай сенетіндерге тез жұғады. Тіл білімінің негізгі міндеттерінің бірі әдеби тілді қалыптастыру. Тілді жетілдіру - барлық адамзаттың міндеті. Сол тілдің бүгіні мен ертеңі тілді қолданушылардың өз қолында. Сондықтан тіл білімі ғылымының бір саласы ретінде соңғы кездері зерттеле бастаған лингвоэкология ғылымы осы бағытта ерекше орын алады. Себебі, лингвоэкология әлеуметтік, психологиялық, философиялық ғылымдардың тоғысында пайда болған. Бұл ғылымның қазақ тіл білімінде де кең өріс ала бастағанын Н. Уәлиұлының авторефератында көрініс тапқан. Лингвоэкология ғылымдағы жаңа бағыт ретінде адам мен қоғамның тілдік аясын зерттей келе, ереже мен қағида, жүйелердің қалыптасуына әкеледі, ол тек экология үшін ғана емес, тілдің дамуы мен қоршаған ортаның проблемаларын шешу мүмкіндіктері үшін қажет. Лингвоэкология сөйлеу мәдениетінің мәселелерін қамтитын тіл білімінің бір саласы ғана емес, ол адамзаттың рухани инабаттылығын сақтай отырып, балағат, әдепсіз және тұрпайы лексикадан қорғайды. Мәдени, рухани құндылықтарды сақтаушы ретінде тілге деген қызығушылықты арттырад Тіл білімінің негізгі міндеттерінің бірі әдеби тілді қалыптастыру. Тілді жетілдіру - барлық адамзаттың міндеті. Сол тілдің бүгіні мен ертеңі тілді қолданушылардың өз қолында. Сондықтан тіл білімі ғылымының бір саласы ретінде соңғы кездері зерттеле бастаған лингвоэкология ғылымы осы бағытта ерекше орын алады. Себебі, лингвоэкология әлеуметтік, психологиялық, философиялық ғылымдардың тоғысында пайда болған. Бұл ғылымның қазақ тіл білімінде де кең өріс ала бастағанын Н. Уәлиұлының авторефератында көрініс тапқан. Лингвоэкология ғылымдағы жаңа бағыт ретінде адам мен қоғамның тілдік аясын зерттей келе, ереже мен қағида, жүйелердің қалыптасуына әкеледі, ол тек экология үшін ғана емес, тілдің дамуы мен қоршаған ортаның проблемаларын шешу мүмкіндіктері үшін қажет. Лингвоэкология сөйлеу мәдениетінің мәселелерін қамтитын тіл білімінің бір саласы ғана емес, ол адамзаттың рухани инабаттылығын сақтай отырып, балағат, әдепсіз және тұрпайы лексикадан қорғайды. Мәдени, рухани құндылықтарды сақтаушы ретінде тілге деген қызығушылықты арттырады.
1 Тіл экологиясы туралы
Сөз мәдениетіне қарсы құбылыстардың бірі- сөз қателіктері. Сөз қателіктері тілдік қателіктер деп те айтылып жүр. Тілдік қателіктерді сөз, сөз тіркестері, сөйлем, мәтін деңгейінде қарастыру - құрылымдылық лингвистика тұрғысынан қазақ тіл ғылымында қарастырылып жүр. Сөзді айтушы жоғары қабілетті тұлға өзі қолданып отырған сөзінің күшін толық танымағандықтан, яғни когнитивті - ассоциациялық қабілеті жеткіліксіз болғандықтан сөз қателігіне ұрынуы мүмкін. Кейде сөз қателіктері айтушының жаңғалақтығынан болуы мүмкін. Айтушы сөздің мәнін, мағыналық күшін толық игергенмен, жеке басының психологиялық салдарынан сөз қателіктеріне жол беріліп жатады. Тіл, бір жағынан, биологиялық, екінші жағынан әлеуметтік ағзаның аса маңызды бөлігі. Тіл экологиясы негізінен тілдік орта мәселесін, тілдің өзгеруіне, дамуына, қолданылуына теріс әсер ететін себептерді, түрткіжайттарды зерттейді. Сондай - ақ тілдің баюын, тілдік қарым - қатынасты әлеуметтік тәжірибелерді жинақтау, т. б. жайттарды қарастырады. Шынымен де, «экология» деген терминді біз қоршаған орта тазалығына, табиғатты қорғауға байланысты қолданып жүрміз ғой. Ал, тілдің экологиясы деген ұғымда көп мағына тұнып тұрған сияқты. Тіл экологиясы (лингвоэкология, экожетілдіру, лингвистика) - бұл лингвистикалық теория мен тәжірибенің бір жағынан, тілдің қолданылуы мен дамуына кері әсер етуші факторларды зерттеумен байланысты, екінші жағынан, тілдік қатынас тәжірибесін жетілдіру мен тілді байыту тәсілдерін және жолдарын іздеумен байланысты бағыт болып табылады. Бұл тақырыптың көтерілуі уақыт талабынан туындап отыр. Себебі, қасиетті тілімізді әрі қарай дұрыс дамыта түсу, бұрынғы бар байлығы мен қалыптасқан нормаларын бұзбай сақтау бүгінгі парымыз ғана емес, ертеңгі ұрпақтың алдындағы жауапкершілігіміз. Тіл экологиясының қарастыратын мәселелерінің бірі - тілдік ортаның сөз тазалығы. Әсіресе жастардың арасында әрбір екінші-үшінші сөзінен кейін былапыт сөзді араластырып сөйлеу сәнге айналып бара жатқандай. Бұл жерде жаһанданудың қоғамымызға тигізген кеселінің бірі - батыстан ешбір елеп-екшеусіз жаппай әкелініп таратылып жатқан өктемшіл саясаттың «көркем фильм түріндегі туындылары», қала берді бүгінде әрбір төртінші адамның игілігіне айналып отырған интернет желісінде де тұрпайы лексиканың норма деңгейінде орныққаны болса керек. Бұдан бөлек қоғамдық көліктердің қай түріне мінсеңіз де құлақ жарардай жеңіл күлкіге құрылған мәнсіз әзілдерін сағаттар бойы жалғастырып, арасында бірді-екілі музыка беріп, тыңдарман қауымның бар назарын өзінде ұстауға тырысатын әуе толқынындағы «шабуылдардың» да жастарымыздың құлағына сіңісті болып, үйреншікті қалыпқа айналуына өз үлесін қосып жатыр. Осы тұста БАҚ-тың қоғамда үлкен рөл атқаратындығын тағы мойындауға тура келеді. Алайда, сол қуатты құралдың ниеті бұзық ағымдар мен күштердің қолында жүруі өкінішті. Бірақ, ең алдымен адам болып табылатын жеке тұлғаға қатысты тұрпайы лексиканың баспасөз бетінде жариялануы мораль тұрғысынан да, сөз мәдениеті тұрғысынан да құптарлық жай емес. Өйткені сөз - «екі жүзді ұстара» сияқты абайлап, сақтықпен қолдануды қажет ететін «қауіпті» құрал. Сондықтан өз пікірін сыпайы, мәдениетті түрде жеткізе білетін автормен салыстырғанда дөрекі, тұрпайы лексикаға көбірек жүгінетін журналистің оқырман қауым алдында беделі төменірек болуы заңды. Осындай әсіреқызылдыққа салынуға негіз болатын қолданыстар ретінде мыналарды атауға болады: тура мағынасында жұмсалатын жағымсыз реңкті сөздер; тырнақшаға алынып, ауыспалы мәнде қолданылатын бейтарап сөздер, ауызекі сөйлеу элементтері, варваризмдер, қарапайым лексика т. б. Түптеп келгенде, автордың прагматикалық ниеті тілдік бірліктер арқылы жүзеге асырылатындықтан кез келген сөзді таңдап, талдап қолдануға әрбір қаламгер мүдделі болуға тиіс. Алайда әр сөздің өз орны, мағынасы барын ескерген жөн. Бейімбет Майлиннің «Мұсадан хат келді» әңгімесінен үзінді келтірсем. « Осы жағдай қазіргі заманда да бар. Кейбіреулер орысша сөз қоспаса әңгімесінің дәмі кететіндей сезінеді. Не болмаса біз осылай сөйлеуге үйреніп кеткенбіз. Қанға сіңіп кеткен. Бұл жақсы емес. Тілімізге орыс сөзін, басқа да шетел сөздерін қосып сөйлейтін болсақ онда қазақ тілі бара-бара өзінің көркемдігінен, маңызынан айрылады». Мұндайға жол беруге болмайды. Күн сайын қоғамдық көлiкпен оқу орнына жеткенше, көшеде қазақшасы қате жазылған жартыкеш жарнамалар мен дүкен, кафе, мейрамханалар атауын көрiп, жаным жүдейдi. Ауыз жаппай қақылдап, «Сатпаева, Гоголя» деп аялдамаларды хабарлап келе жатқан автобус «азаншыларының» айғайы да жүйке тоздырады. Қазақшалаудың жөнi осы екен-ау деп, «кафесi В гостях у сказки», «кафесi Настя» сияқты атаулар мен мән-мағынасыз толып жатқан «Нұр-нұрлар» (кафе, дүкен, т. б) қазақтың бас қаласы, кешегi астанамыз - Алматыдай ару қалаға жарасып тұрған жоқ. «Тулпар», «Асель», «Сыр-Дарья», тағысын-тағы толып жатқан қазақша сауатсыз жазылған сөздердi көрген сайын, ылғи сүттiң бетiнiң қаймақтары: ұлтымыздың бетке ұстар ғалымдары мен жазушылары тұратын, бiрнеше университеттерi бар, сан мыңдаған студенттер оқитын осынау үлкен қалада қазақша сауатты жаза алатын ешкiм жоқтай ұяламын. «Тоқал ешкi мүйiз сұраймын деп жүрiп, құлағынан айырылды» демекшi, орысшаға ренжiп жүргенiмiзде, күннен-күнге Алматыда «Granari», «Respekt», « Baumarkt», «Sunsilk», т. б. шетел атаулары итше күшiктеуде. Сырттан келген бiреулер қазақ қаласы емес, шетелде жүргендей сезiнерi сөзсiз. Осыдан он шақты жыл бұрын Ресейдiң Волгоград қаласында шетелше жазылған атаулар үшiн айыппұл салынатын. Бiзге де тiл тазалығы үшiн сондай бiр батыл қадам, тың шешiм қабылдайтын кез әлдеқашан жеткен сияқты. Әлем тілдерінің сөздік қорын шотқа салған соңғы деректерге қарағанда, өткен жылы ағылшын тілінің сөздік қоры 1 миллионға жетіп, қоңыр күзде мұны ағылшындар зор салтанатпен мерекеледі. Испандар да өздерінің сөздік қоры 750 мыңға жеткенін қуанышпен атап өткен. Ғаламшардағы көптеген халықтар қазір ана тілдерін одан әрі дамытуды, неғұрлым байытуды басты мақсаттары етіп белгілеп, болашаққа арналған бағдарламалар жасап отыр. Қазақстанда бәрі де керісінше. Бөгде тілдің басқыншылығы асқынғаны соншалық, күзгі ағаштың басындағы аяз ұрып, дірілдеген қорғансыз жапырақтай қазақ тілі қазір қарқынды дамудың емес, қызғыштай қорғап қалудың тетіктері нақтыланған бағдарламаға зәру, аса мұқтаж. Өткен ғасырдың басында: «Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың» болып жүрген алаң жұрт - алаш жұртының басына төнген «мұнар күні» - рухани тоқырау, кері кету жанын сыздатқан арыстан жүрек арыстарымыз қазақ тілін кірме сөздерден - араб, парсы, татар сөздерінен арылту жөнінде айқайлап ұран тастаған. Осыдан тура 102 жыл бұрын - 1909 жылы алғаш рет Абайдың, кейінірек Ахмет Байтұрсынұлының кірме сөздерден таза өлеңдер жинақтары баспадан жарық көрген кезде «Алһамдуллалап» шүкіршілік еткен, алақайлап қуанған-ды. Арада бір ғасыр өткенде де ана тілімізді бөтен тілдің басқыншылығынан азат етуге ұмтылған айқайымыз азаяр емес. Бүгінгі жанайқайымыз бұрынғыдан да үрейлі, түпсіз шыңыраудан шыққан азалы үн сияқты. Ажалдың қорқынышты үніндей. Ақырғы шеп - бұдан әрі бір адым да шегінуге болмайтын аса қатерлі межеге келіп жеттік! Тағдырдың жазуына шара амалдарды жасаған бірсыпыра тіл білімі ғалымдарының кесірінен осындай күйге ұшырап отырған сияқтымыз. Әлгіндей ғалым дүмшелер диалекті деп, архаизм деп, историзм деп, кәсіби сөз деп, говор деп мәңгілік эпостық жырларымыздағы, ұлы ақын-жырауларымыздың ғажайып мұраларындағы небір жауһар, ғажайып сөздерден баршамызды біржола айырып, кірме сөздерге кең есік ашып берді. «Диалект», «архаизм», т. б. таңба басылған сөздерден ат-тонымызды ала қашқанымыз сонша, әлі күнге маңына баруға жүрегіміз дауаламай, айдаладан үркіп жүрміз. Есесіне, БАҚ-тар, әсіресе, электрондық ақпарат құралдарындағы «айташылардың» қазақ тілін барша қадір-қасиетінен, қайталанбас сұлулық, мөлдірлігінен айырғаны, кірме сөздерге жан-тәнімен үйірлігі сонша, жағдай одан әрмен ушығып, жаңа тіл, ерекше мәнер, түсініксіз акцент қалыптасты. Айтылған сөздер қазақша секілді, бірақ ұғу мүмкін емес. Телеарналар мен радио тілшілерінің «қ» мен «ң», «ұ» мен «і», «ә» мен «ө», тағы басқа дыбыстарды бұрмалап, шолжаңдап бүлдіргені соншалықты, «күң әйел» - «күн әйелге», «Қыр баласы» - «Кир баласына» айналды. Ол ол ма, кейбір телеарналардағы бірсыпыра журналистердің мейманасы тасығандары қазақ тілінің барша заңдылықтарын қасақана белден басуды мәртебе санауға көшкенінен байқалады. Әлгіндей тележурналистердің «Кәсіпкерлер осыған дейін талтаңдаған, ақшаны судай шашқан Алматыда бас қосты. Дамуға қабырғасы қайысып», - деген мәнзелде көгілдір экраннан судырата беруге машықтанғаны сонша, одан гөрі теледидардан сөйлеп тұрған қарапайым жүргіншінің: «Улицалардағы автобустар қатты скороспен остановкадан тоқтамай өтіп кетіп, вот… переходтағы пешеходтарды өте ужас қылады» дегеніне әжептәуір марқаясың. [ 37, 6] . Осы кезде Бейімбет Майлиннің сонау 1924 жылы келемеждеп, күңіреніп жазған сөздері еріксіз есіңе түседі: «жаңа тіл - жезтырнақты басқыншы тілдің өмірімізге дендеп енгені сонша, оған қарсы күресетін шама жоқ-ау деп шыңғырады шыңыраудан шыққан азалы үн» - деп айтып кеткен еді. Тура сол уақыттағы жағдайды қайта басымыздан өткізіп жатқандаймыз. Тіл экологиясының бір мықтап айналысатын шаруасы - тілдік нигилизммен күрес. Тілдік нигилизмнің көрінісі әр елде әр басқа болуы мүмкін. Ал бізде осы қауіпті көзқарас «қазақ тілі құрып біткен тіл», «мұражайға тапсыратын тіл», «жан тапсырайын деп жатқан тілді мазалап қажеті жоқ» дейтін мазмұндағы сөздер орыстілді БАҚ-та аз айтылып жүрген жоқ. Сондай қауесеттен кейін ана тілінде оқып жүрген баласын орыс мектебіне беруге даяр тұратын ата-аналардың саны көбейеді. Әрине, 6 мың тілдің ішінде таяу жылдары құрып кету қаупі бар сырқат тілдер аз емес. Бірақ олардың сырқатын қазақ тіліне таңуға болмайды. Құрып кетуге бейім сырқат тілдердің әлеуметтік портреті қандай екеніне тілдік тұлға хабардар болуы керек. Болашағына қауіп төнген сырқат тілдер; 1) тек ауызша түрде ғана қолданылады; 2) жазба түрі жоқ; қоғамдық өмірдің білім, ғылым, ағарту салаларында қолданылатындай әдеби тіл деңгейіне жетпеген, стильдік тармақтары жоқ; 3) әртүрлі жанрға бай көркем әдебиеті, эпикалық шығармалары жоқ, тек салт, ғұрып айналысында қолданылатын фольклорлық туындылармен шектеліп қалған тілдер; Осы бағытта кеткен кемшіліктер болса оны ескертіп отыру, сөйтіп алдағы уақытта болдырмау - қасиетті борышымыз. Қазақ болғаннан кейін біз үшін ана тіліміз ардақты, қасиетті. Оның үстіне қазақ тілі ардақтауға, құрметтеуге әбден лайық. Біздіңше ана тілді сүю бар да, оны таза ұстау, өзге сөздермен бүлдірмеу, моральдық-этикалық принциптерді сақтау бар. Сөйтіп, сөз экологиясы тілдік ортаны бейпіл сөздерден, шетелдік сөзді уәжсіз қолданудан, жаргон сөздерден, құнтсыздықтан кететін қателерден таза ұстау үшін күреседі. Тіл тазалығы үшін күрес те отансүйгіштікті, патриоттықты қажет етеді.
1. 1 Лингвоэкологияның тәрбиелігі туралы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz