Криминалистік әдістеме


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Криминалистік әдістеменің түсінігі, мақсаты, бастаулары және қағидалары
  2. Кісі өлтірудегі тергеудің криминалистик әдістемесі
  3. Тонау мен қарақшылық тергеудің әдістемесі

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Криминалистік әдістеменің түсінігі, мақсаты, бастаулары және қағидалары

Криминалистік әдістеме - дегеніміз ғылыми ережелердің жүйесі және солардың негізінде жасалатын қылмыстың жекелеген түрлерінің алдың алу, тергеу, ашу және ұйымдастыруы бойынша ұсыныстар.

Криминалистиканың жалпы теориясы негізінде криминалистік техника және тактиканың нақтыланған және анықталған категориялары қылмыс түрлерін тергеуде қолданылады, яғни криминалистік техника және тактика ережелері тергеу және сот органдарының тәжірибесінде дәл осы криминалистік әдістеме арқылы іске асырылады.

Криминалистік әдістеме қылмыстың әрбір жекелеген түрінің ерекшелігіне сүйеніп, криминалистік техника мен тактика ұсы-ныстарды қолданудың нәтижелі тәсілдерін тағайындайды.

Криминалистік әдістеменің негізінде әрбір қылмыс өзіне тән жеке ерекшеліктерімен белгіленетіні туралы ереже жатыр, бірақ бұл жекелік қылмыстың ортақ белгілерін жоққа шығармайды, керісінше бір түрдегі қылмыстардың, жалпы белгілерін белгілейді. Криминалистік әдістеме тергеу үшін қылмыстың бір түрлілігін анықтайды.

Криминалистік әдістеменің мақсаттары:

а) Жалпы мақсаты - құқық қорғау органдарымен қылмыстарды ашу, тергеу және болдырмау үшін әрекеттесу;

ә) Арнайы мақсаттары:

- қылмыстың ерекшелігін оның бөліктүрін криминалистикалық аспектіде үйрену;

- Әр түрлі қылмыстарды жедел тергеу, және алдың алуды жалпылау және үйрену;

- Қылмыстың бөлек түрлерін ашу, тергеу және алдың алуды дәлелдеген ғылыми ұсыныстарды дайындау. Криминалистік әдістеменің бастаулары:

- Құқық (заң) - Қазақстан Республиқасының Конституциясы, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері (олардың қылмыс кұрамына белгілерін, қылмыстық істер бойынша дәлелдеу пәнін және шегін бекітетін нормалары және т. б. ) ;

- Ғылым - криминалистиканың өзі, қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу, криминология, сот психологиясы, сот медицинасы ғылымдары және т. б. ғылымдар;

- Жедел тергеу, ашу және алдың алу тәжірибесі. Криминалистік әдістеме қағидалары немесе криминалистиканың осы бөліміне жүктелетін, негізгі жалпы талаптар мынадай:

- қылмыстарды тергеудін зандылығын қамтамасыз ету; әдістемелік ұсыныстардың нақтылығы, жалпылығы және жекелік сипаты;

- жеке криминалистік әдістеме құрылымында сатылардың болуы (тергеу сатыларына сәйкес) ;

тергеуді жүргізудің түрлі мән-жайлары туралы арнайы ескерулер әдістемелік нұсқаулар;

- жеке криминалистік әдістемелердің құрылымдық бірлігі (анықталған түрлерге, категорияларға қатысты) ;

- қылмысты тергеуге қатысты тұлғалардың және басқа тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

ұқсас қылмыстардың криминалистік сипаттамасы негізінде жеке бір қылмыс түріне криминалистік әдістемелер құру.

Криминалистік әдістеме жүйесі. Криминалистік әдістеме жүйесінде екі негізгі бөлікті белгілеуге болады:

а) криминалистік әдістеменің жалпы ережелері;

ә) қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеу әдістемелсрі (жеке криминалистік әдістеме) .

Криминалистік әдістеменің жалпы ережелері - ол осы бөлімнің теориялық негізі, оның негізін қалаушы бастаулары яғни криминалистік әдістемелердің теориялық негізі болып табылады.

Олар мынадай элементтерден тұрады:

- криминалистік ғылымының бөлімі ретінде криминалистика әдістемесінің ұғымы, мазмұны және жүйесі;

- криминалистік әдістеменің пайда болу тарихы жәме дамуы, оның бастаулары, мақсаттары мен қағидалары;

- жеке криминалистік әдістеменің түсінігі, классификациясы және құрылымы.

  1. Кісі өлтірудегі тергеудің криминалистик әдістемесі

Адамға қарсы жасалатын қылмыстардың ішінде ең қауіптісі кісі өлтіру қылмысы болып табылады. Бұл қылмыстарды ашу ерекше қиын және жұмыс көлемі үлкен болғандықтан, кісі өлтіру бойынша істерді күрделілігіне қарап, жоғары категорияға жатқызуға болады.

Қылмыстық іс қозғау және кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы

Кісі өлтіру Қазақстан Республиқасының Қылмыстық кодексінін 96- бабында қарастырылып, айтылғандай бұл басқа адамға, құқыққа қарсы қасақана келтірілген өлім болып табылады.

Кісі өлтіру туралы қылмыстық іс қозғау негіздері мыналар:

а) Кісі өлтіру белгілері бар мәйіттің (немесе оның бөліктерінің) табылуы;

ә) Өлтірілуі мүмкін екендігі нұсқалған жағдайда адамның жоғалуы;

Мәйіттің (немесе оның бөліктерінің) табылған жағдайында іс қозғау туралы мәселені шешу-ерекше қиыншылықтар тудырмайды.

Егер оқиға болған жерде мәйітті қарағанда қасақана кісі өлтірілгенін, өзін-өзі өлтіргенін немесе жазатайым жағдайда өлгенін анықтау қиын болса, осы мәселені тергеу барысында шешу үшін қылмыстық іс қозғау қажеттілігі өзінен-өзі туатындығы белгілі.

Дене зақымын келтіру арқылы жәбірленушіні өмірінен айыру немесе мұндай мақсатсыз кісі елтірушілікке қастандық жағдайларында да мәселе оңай шешіледі.

Адам жоғалған жағдайда іс күрделі бола түседі. Өйткені, із-түссіз жоғалушының қай жерде екендігі жайлы мәліметтердің жоқтығы, онын өзінің жақындарына қайда және неліктен жоғалғандығын хабарлау мүмкіндігінің болмауы. Сондықтан адам жоғалуына байланысты іс қозғар алдынан тексеру жүрізіледі, оның мақсаты: жоғалған адам тірі ме, болмаса оның жоғалуы қорлап өлтіруге байланысты ма екенін анықтау.

Егер тексеруде жоғалған адамды белгілі бір мерзімге дейін ешкім көрмесе немесе одан хабар болмаса, ол туыс-туғандарына бармаса және туыстарына өзінің бір жаққа кеткендігін хабарламаса, ол өзі тұратын үй басқармасын, жұмыс орнын неме не оқитын жерін және басқа да ұйымдарды хабарландырмаса, ал оның жеке құжаттары және нәрселері үйінде қалса, оны бір жаққа кетуі туралы ойлары белгілі болмаса, онда жоғалған адамның зорлықпен өлтірілуі мүмкіндігі негізді деп есептеліп, оның өлтірілуі туралы қылмыстық іс қозғалады.

  1. Тонау мен қарақшылық тергеудің әдістемесі

Тонау мен қарақшылықтың криминалистік сипаттамасы. Анықтауға жататын мән-жайлар

Тонау пен қарақшылық, қоғамға өте қауіпті қылмыстар болып саналады, өйткені олар жәбірленушілерге материалдық. зиян келтіріп қана қоймай, олардың өмірі мен денсаулығына қастандық әрекет жасаумен байланысты болады. Сондай-ақ, қарақшылық шабуыл мен тонауды, олардың негізінде басқесерлік шабуылдар, қорқытып алушылық және т. б, қылмыс жасайтын қылмыстық құрылымдар қалыптасатын топтар жиі жасайды.

Тонау мен қарақшылық шабуылдың азаматтардың жеке мүлкін (бөрікті, азмөлшердегі ақша, киім, ақша және т. б. заттарды) тартып алу мақсатында және әдетте арнайы дайындықсыз жасалады. Қылмыскерлер шағын топтар құрамында немесе жекелеп, негізінен ашық жерлерде (көшелерде, саябақ-тарда, үйлердің аулаларында) кешкі уақытта әрекет жасайды, алайда қарақшылық пен тонау күндіз де жиі жасалады.

Мемлекеттің немесе коммерциялық құрылымдар (ақша қаражатын сақтау орны, ақша айырбастау пункті, қассир, инкассаторлар), мүлкін тартып алуға сонымен қатар такси, жеке көлік жүргізушілеріне және азаматтардың тұрғын үйіне қарсы бағытталған тонау мен қарақшылық шабуылдар сирек кездеседі, бірақ дәл солар қауіпті болып табылады. Мұндай қылмыстарды негізінен ұйымдасқан топтар жасайды. Әдетте бұған алдың ала мұқият дайындалады: қылмыскерлер объектіні күзету жүйесімен толық танысып шығады, қылмыс құралдарын, жасырыну тәсілдерін мұқият даярлайды, қылмысқа қатысушыларды іздестіреді.

Тонау мен қарақшылық шабуыл тәсілдерінің ішінен мыналарды атауға болады:

1. Ашық жерлерде не ғимараттарда кенеттен, күш көрсетусіз жасалынатын шабуылдар (сөмканы, бөрікті, азаматтардың ақшасын, дүкендерден және т. б. орындардан бұйымдарды қағып алып кету) .

2. Ашық жерлерде, сонымен бірге үйлердің аулалары мен подъездерінде күш қолданып немесе күш қолданам деп қорқытып шабуыл жасау.

З. Тұрғын үйлерге бір себептермен немесе күш қолданып кіру арқылы азаматтарға шабуыл жасау.

4. Мемлекеттік және коммерциялық банктердің қызметкерлеріне, қассирге, сатушыларға қарап сауда кәсіпорындарының ғимараттарында, қаржы мекемелерінде, байланыс бөлімшелері мен басқа да мемлекеттік немесе жеке мекемелер мен кәсіпорындарда жасалынатын шабуылдар.

5. Темір жол, су көліктері немесе басқа көліктердің жылжымалы кұрылымында азаматтарға қарсы шабуыл жасау.

6. Такси жүргізушілеріне тапқан ақшасын не болмаса көлігін және басқа заттарын тартып алу мақсатында шабуыл жасау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистік әдістеме жүйесі
Адам өлтіруді тергеу
Криминалистикалық идентификация және диагностика
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау барысында шешілетін міндеттер
Криминалистік құжаттарды тану Оқу-әдістемелік құрал
Сот экспертологиясы пәнінен қысқаша лекция жинағы
Қазақстан Республикасында сот сараптамаларын тағайындау мен жүргізудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
Криминалистикалық фотография, бейне- және дыбыс жазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі
Құжаттарды криминалистикалық зерттеу
Құжаттарды криминалисттік зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz