Экономиканы ақша – несиелік реттудегі орталық банктің ролі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І. Орталық банкке жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Орталық банк даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Орталық банк құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 ҚРҰБ атқаратын қызметтерімен операциялары ... ... ... 8
ІІ. Орталық банктің ақша.несие саясатын реттеудегі ролі ... .. 9
2.1 Ақша.несие саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.2 Ашық нарықтағы операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... .. 14
2.3 Валюталық интервенсия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
ІІІ.ҚРҰБ одан әрі дамыту және шетел тәжірибесі ... ... ... ... 18
3.1 ҚР ақша.несие реформасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.2 АҚШ банк жүйесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... 19
3.3Ақша.несие саясатын дамыту және халықаралық
стандартқа көшу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қосымшалар:
Ұлттық банк құрылымы сызбасы. ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
2006 ҚР президенттінің жолдауы ақша.несие
саясатына байланысты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26
ФРЖ.ның ұымдастырылу құрылымы ... ... ... ... ... ... ... .. 28
Пайдаланылған әдебиеттер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29

Ел экономикасының қарқындап дамып, халықтар әл-аухатының жоғарылауы біз үшін жақсы. Осы экономиканы одан әрі тиімді жақсарту үшін үкімет бірнеше өзінің мемлекеттік реттеу саясатын қолданады. Сол саясаттардың бірі Орталық банктің экономикадағы ақша-несие саясатын реттеуі болып табылады. ҚР-сы бойынша ҰБ ақша эмиссиясын шығарушы, екінші деңгейлі банктерді қадағалау, бақылау, валюталық операцияларды реттеуші, банктерге резервтік ставканы және нарықта ашық операциялар жүргізуші заңды тұлға болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылап қысқаша ҰБ мынадай анықтама беруге болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі несие жүйесін реттеуші роліндегі Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы(бірінші) деңгейін білдіріді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық өзге банктер төменгі(екінші) деңгейдегі банктер болып саналады.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-несие ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.
Ұлттық Банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық эммисиялық банкке айналған, банктердің банкісі болып табылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайда Ұлттық Банктен несие ала алады.
Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Сонымен осы курстық жұмыста осы жоғарыда айтылғандарға нақты әрі қысқаша тоқталып өтеміз.
Сондай-ақ қызметін халықаралық стандартқа сай жұмысын істеуде қамтамасыз ету барысында көптеген шаралар қолданып жатыр. Осы жылға Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында әлемдегі дамыған бәсекелестікке қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы да осыған бір бағыт болып табылады.

1. ҚР Президентінің халыққа жолдауы. 2006 Егемен Қазақстан 2-наурыз.
2. 2004 – 2006 жылға арналған ақша-несие саясаты туралы жоспары Ұлттық Банк Хабаршысы 2004ж.
3. Экспресс К. 8-март.2006ж.
4. Экономика и права. 2006ж.
5. ҰБ Хабаршысы «экономикалық шолу» 2002 – 2006ж.аралығы.
6. Ақша айналысы және несие . Мақыш С.Б. 2002ж.
7. Ақша,несие, банктер. Сейітқасымов Ғ.С. 2001ж.
8. Макроэкономика. Мамыров Н.К. 2004ж.
9. Қаржы. Оқу құралы. Ілиясов Қ. Қ. , Құлпыбаев С. Алматы 2005. 552-бет.
10. Ақша айналысы және несие. Мақыш С.Б. Алматы 2004.
11. Экономикалық теория. Әубакіров Я.Ә. және басқалар. Алматы 1999ж. 280-бет.
12. Ақша,несие және банктер. Оқу құралы. Алматы. Қаржы және статистика институты. Саниев М.С.
13. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы.
Қошенова Б.А
14. Жиенбаева А.Қ. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің валюталық бақылау және реттеу қызметі //Внедрение системы менеджмента качества в вузе: проблемы и пути решения: Международный научно – практическая конференция.(28-19 апреля 2005г.)/под общ.ред. Н.К.Мамырова. – Алматы: Экономика, 2005. 378 – 387 бет.
15. Қазақстан Ұлттық банкінің 2002 – 2004 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттары//Егемен Қазақстан. – 2001. – 15 желтоқсан(№289) – 5бет.
16. Тәжіқов Б. Қаржыға қатаң тәртіп қажет: (Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты туралы ) Әңг. Ә. Алдаберген // Егемен Қазақстан. – 2002. – 13 сәуір(№80). – 3бет.

Мазмұны:
Кіріспе ----------------------------------- ----------------------------
------ 3
І. Орталық банкке жалпы сипаттама -------------------------------- 5
1.1 Орталық банк даму тарихы ----------------------------------- ---
5
1.2 Орталық банк құрылымы ----------------------------------- ----- 6
1.3 ҚРҰБ атқаратын қызметтерімен операциялары ------------ 8
ІІ. Орталық банктің ақша-несие саясатын реттеудегі ролі ------ 9
2.1 Ақша-несие саясаты ----------------------------------- ------------
9
2.2 Ашық нарықтағы операциялар ---------------------------------- 14
2.3 Валюталық интервенсия ----------------------------------- ------
16
ІІІ.ҚРҰБ одан әрі дамыту және шетел тәжірибесі ---------------- 18
3.1 ҚР ақша-несие реформасы ----------------------------------- ---- 18
3.2 АҚШ банк жүйесінің ерекшеліктері---------------------- ----- 19
3.3Ақша-несие саясатын дамыту және халықаралық
стандартқа көшу ----------------------------------- ----------------------
21
ҚОРЫТЫНДЫ ----------------------------------- ------------------------ 24
Қосымшалар:
Ұлттық банк құрылымы сызбасы. ---------------------------------- 25
2006 ҚР президенттінің жолдауы ақша-несие
саясатына байланысты ----------------------------------- --------------
26
ФРЖ-ның ұымдастырылу құрылымы ------------------------------ 28
Пайдаланылған әдебиеттер. ----------------------------------- ------- 29
Кіріспе
Ел экономикасының қарқындап дамып, халықтар әл-аухатының жоғарылауы біз
үшін жақсы. Осы экономиканы одан әрі тиімді жақсарту үшін үкімет бірнеше
өзінің мемлекеттік реттеу саясатын қолданады. Сол саясаттардың бірі Орталық
банктің экономикадағы ақша-несие саясатын реттеуі болып табылады. ҚР-сы
бойынша ҰБ ақша эмиссиясын шығарушы, екінші деңгейлі банктерді қадағалау,
бақылау, валюталық операцияларды реттеуші, банктерге резервтік ставканы
және нарықта ашық операциялар жүргізуші заңды тұлға болып табылады. Осы
айтылғандарды қорытындылап қысқаша ҰБ мынадай анықтама беруге болады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі несие жүйесін реттеуші роліндегі
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы(бірінші) деңгейін білдіріді.
Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму банкін қоспағанда, барлық
өзге банктер төменгі(екінші) деңгейдегі банктер болып саналады.Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа
банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-несие
ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн
бiлдiредi.
Ұлттық Банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық эммисиялық банкке
айналған, банктердің банкісі болып табылады. Барлық банктер қолма-қолсыз
есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет
жағдайда Ұлттық Банктен несие ала алады.
Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті
алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын
мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Сонымен осы курстық жұмыста осы жоғарыда айтылғандарға нақты әрі қысқаша
тоқталып өтеміз.
Сондай-ақ қызметін халықаралық стандартқа сай жұмысын істеуде қамтамасыз
ету барысында көптеген шаралар қолданып жатыр. Осы жылға Елбасымыз Н.Ә.
Назарбаевтың халыққа жолдауында әлемдегі дамыған бәсекелестікке қабілетті
50 елінің қатарына кіру стратегиясы да осыған бір бағыт болып табылады.
І. Орталық банкке жалпы сипаттама
1. Ортылық банк даму тарихы
Орталық банк бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі
реттеуші басорганның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және
экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып саналады. Басшылық
ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады. Ол
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы бойынша
белгіленеді.
Осы Орталық банк туралы айтпай тұрып оның құрылуына және
Қазақстандағы банк қалыптасуына қысқаша тоқталып өтсек.
1990 жылы Қазақстан Республикасы өз егемендігін жарияланғаннан
бастап нарықтық қатынастардың талаптарына сай келетін меншікті банк
жүйесін құруға қадам жасай бастады.Осы жылдың желтоқсан айында
қабылданған ҚазКРО-дағы банктер және банктік қызмет туралы
алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы
кезеңдерін қамтиды.
Бұлбанктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылғыа арналған
Қазақстандағы банктік жүйені реформалау бағдарламасына сәйкес жүзеге
асырылды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған
банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі.
1-кезең 1988-1991 жж (КСРО-ның тұсында) мемлекеттік салалық
мамандарылған банктер қызметіннің бір бөлігін республикадағы сол
банктердің тиісті бөлімшілеріне беру арқылы қайта түрлендіру алғашқы
коммерциялық банктер құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің
жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау
кезеңі.
2-кезең 1992 жылдың аяғы мен 1993 жылдары рубль аймағында бола
отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін
орындауға біртіндеп кірісуі.
3-кезең 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни
айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банктің
ақша-несие аясының қызмет етуіне толық көшті.
Әлемдік тәжірбиеге жүгінсек, мемлекеттің Орталық банкіге кең
өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі
оббектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы
жатады.Қазіргі даму барысында ақша-несиелік сипат алды, яғни ақша
массасы негізінен банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты
пайда болды. Сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және
көлемін, екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы
реттейді.
Кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және
олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы
коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық
банктер қолма-қолсыз есеп айрысуларды Ұлттық мекемелері арқылы
жүргізуді, ол қажет болған жағдайда олар Ұлттық банкіден несие
алады.
Ұлттық банк-бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса
меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық
бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Мүліктік құралу көздеріне -- банк ісінен түскен табыстар, бағалы
қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен
дотациялар жатады.
Әлемдік тәжірбиеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық
банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі мынадай құқылық формалары
кездеседі;
- мемлекеттің 100 қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас
банк формасында. Ондай банктерге мысалға; Ұлыбритания,
ГФР,Франция,Канада және өзіміздің Орталық банкті жатқызуға болады.
- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің
қатысынсыз акционерлік қоғам формасында. Оларға Жапония және Белгия
Орталық банктері жатады.
- Орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз
банктер жүйесі. Бұл АҚШ-та дмыған. Бұнда Орталық банктердің
капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федралды резервтік
жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым
болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі.
Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері елімзде 20 млрд теңгені құрайды.
Ұлттық банк резервтік және басқа да қорларды құрайды.
Резервтік қор жарғылық қор көлемінде құрылып, меншікті пайда
есебімен толықтырылады және жүргізген операцияларға байланысты
зияндар мен шығындардың орнын жабуға арналады.
Ұлттық банктің таза табысы жағылық қорды және резервтік
қорды абсолюттік соммада құруға бағытталады. Таза табыстың
қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республикалық бюджетке
аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелеі барлық салықтар мен
алымдардан босатылады.
1.2 Орталық банк құрылымы
Ұлттық банктің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдаструдың
басқа да мәселелерді ҚР-ның Ұлттық банкі туралы заңы және ҚР-
ның Ұлттық банкі туралы Ережесі негізінде анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма
директорат, бас аумақтық және обылыстық басқармалармен қатар, басқа
да жергілікті құрылымдық бөлімшелерден тұрады.Ұлттық банктің
құрылымын 1- қосымшадан көруге болады.*
Ұлттық банктің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк
төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 3 адамман
тұрады.Оның құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары,
Парламент пен Преизденттің бір бір өкілі және минстерліктен екі
өкіл кіреді. Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасынның Президентімен
бекітіліп және орнынан босатылады.
Басқарма мүшелері мынадай сұрақтарды шешеді.
- мемлекетің ақша- несиелік саясатын жасайды.
- Ұлттық банк шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік
актілерді белгілейді.
- Парламент бекіткен тұжырым негізінде бакнотар мен
монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді.
- Ұлттық банктің банктермен және Қазақстан Республикасының
бюджетімен операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді.
- Қазақстан Республикасының валюталық аырбас бағамын анықтау
тәртібін белгілейді.
- Сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін
бекітеді.
- Ұлттық банктің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты
қарастырады.
- Ұлттық банк туралы ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және
Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды.
- Банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтер
бекітеді.
Басқарма мәжіліс қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Республикасының Президентінің
ұсынысымен алты жылға сайланады. Ұлттық банк төрағасы, директорлар
кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банке жүктелген жұмыстар үшін
жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңес мүшелеріне жеке
өкілеттіктер бере алады.
Ұлттық банкнің жеке басқару органы – директорлар кеңесі, ол Ұлттық
банк төрағасымен басқарылады.
Директорлар кеңесінің құрамына – төраға, оның орынбасарлары және
департамент директорлары кіреді. Ұлттық банкінің оталық аппараттарында
келесідей: ақша – несие операциялар, банктік қадағалау, халықаралық
қатынастар, эмисиялық – кассалық операциялар, есеп және бюджет, ішкі
қызмет, т. б. департаменттер кіреді.
1.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің атқаратын қызметтері
мен операциялары.
Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы заң бойынша және
осы заңның 8-ші бабына сәкес, Ұлттық банк мындай қызметтерді атқарады:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен республикада
мемлекеттік ақша – несие саясатын жүргізеді және монеталардың монополиялық
элементі болып табылады, бағалы қағаздарды эмиссиялайды;
- Қазақстан Республикасының үкіметінің мемлекеттік қағаздарына
қызмет етуге қатысады;
- Қазақстан аумағында банктердің, еншілес банктердің ашылуына
және филиалдары мен өкілеттіктердің ашылуына сол сияқты банктік операциялар
жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат береді (лицензия беру);
- белгіленген тәртіпте банктердің бағалы қағаздарын эмиссиялау
проспектісіне, мелекеттік бағалы қағаздарының эмиссиялау проспектісіне
мемлекеттік тіркеуге дейінгі міндетті экспертиза жүргізеді (бақылау,
зерттеу);
- банктердің қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және
пруденцалдық нормативтер белгілейді;
- Қазақстан Республикасында несиелер бойынша сыйақы (мүделендіру)
пайыз мөлшерлемесін реттеуге жүзеге асырады.
Сонымен қатар заң бойынша мынадай операцияларды жүргізеді:
- бірінші кластық элементтермен шығарылатын 6 айлық қайтару
мерзімдегі міндеттемелерде қайта есепке алады;
- мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі 1 жылға жататын
борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
- депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып,
бағалы қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға
қабылдайды;
- қаржы құралдары мен операцияларды жүзеге асырады;
- қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
- чектерді жазып вексельдерді береді;
- жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа
да банкттік операцияларды жүзеге асырады.
Жоғарыда айтқан қызметтер мен операциялармен қоса Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі эмиссиялық қызметті де атқарады.
Қазақстан теңгелік банкнотын шығару құқығы Ұлттық банкке ғана
берілген. Бұл банкноталар заңды төлем құралы болып табылады. Әр ақшалай
соманың кедиторы, оларды өзінің талаптарын орындауда шексіз көлемде
қабылдауға тиіс. Сондықтан да Ұлттық банктің банкноталары біздің ақша
жүйеміздің басты қайнар көзін құрайды және барлық экономикалық процеске
қатысушылардың төлем операцияларды үздіксіз де тиімді орындау үшін
қолданылады. Сонымен бірге банктерде өз клиенттеріне нақты ақшаны
ауыстырушы шоттағы салым формасын ұыснатындағы, соңғы кезекте эмиссиялық
банктің байланысты,өйткені банк клиенттері кез келген уақытта нақты ақшаны
өз шотынан алу мүмкін. Бұл монополиялық жағдайы жалпы шаруашылықтың ақша
айналыс шеңберінде шаруашылықтағы ақша айналысына жанама бақылауда ұстауға
мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасынның Ұлттық банкі бүгінгі таңда әр түрлі
құндық белгілері бар он екі банкноттарды шығарады; 1, 3, 5, 10, 20, 50,
100, 200, 500, 1000, 2000, 5000 және 10000 теңгелік Банкноттардың қолдан
жасаудан қорғау үшін әр түрлі құнды банкноттардың мөлшері және жазылуы
жағынан әр қалай болып келеді. Қазіргі таңда 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100
теңгелік банкнотталар айналымнан алынып тасталды,оның орнына айланысқа
монеталар енгізілді. Сондай-ақ айналыстан 1993 жылға дейінгі шығарылғпн 200
теңгелік бонкноталар алынып тасталды. Ұлттық банктің шығарған банкноттары
өзіне жылына орташа есеппен үш рет қайта келеді екен. Бұл жағдайларда
банкноттардың барлығы толық тексеуден өтеді жарамсыз және қолдан жасалған
банкноталар айналымнан алынып отырады.
Қазіргі еліміздің алына қойған мақсаты дүние жүзілік сауда ұйымына
кіруге және соған байланысты еліміздің банктотарын дүниежүзүзілік
стандарттарға сай шығаруды қолға алу керек.
ІІ Орталық банкттің ақша – несие саясатын реттеудегі ролі
2.1 Ақша – несие саясаты.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мемлекттік ақша – несие
саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ақша – несие саясатының басты
мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, оның төлем қабілеті мен басқа шетел
валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.
Ал енді ақша – несие саясатына анықтама беретін болсақ. Ақша – несие
саясаты бұл айналыстағы ақша массасын несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін
өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар
жиынтығы.
Ақша – несие саясаты макроэкономикалық деңгейде субъекті және
объекті болып бөлінеді.
Ақша –несие саясатын макроэкомикалық деңгейдегі суъбектісі – Ұлттық
банк болып табылады. Ал ақша – несие саясатының Ұлттық банк тарапынан
реттеу объектісіне экономикадағы қолма - қол және қолма – қолсыз ақша
массасының жиынтығы жатады.
Шаруашылық конъюктурасын жағдайына байланысты ақша – несие саясатын
екі типі болады:
1. Рестрикциялық ақша – несие саясаты.
2. Экспанциялық ақша – несие саясаты.
Осыларға жеке – жеке тоқталып өтсек.
Рестрикциялық ақша – несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің
несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ
сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін артыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
Ал экспанциялық ақша – несие саясаты – несие беру көлемін
кеңейтумен, айналыстағы ақша массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және
сыйақы мөлшерлемесін төмендеумен байланысты сипатталады.
Қазіргі кезде ақша – несие саясатының басты көздеген мақсаты мен
бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл
мақсатқа жету үшін Ұлттық банк қатаң несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес
Ұлттық банк мынадай ақша – несие саясатының негізгі құралдардың көмегімен
реттеледі:
• Сыйақы мөлшерлемесін белгілеу.
• Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу.
• Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату
бойынша ашық нарықтағы операцияларды жүргізу.
• Банктерге және үкіметке несие беру.
• Валюталық нарықты интервенциялау.
• Кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген
түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық
шектеулер енгізу.
Қазіргі таңда аталған құралдың ішінде іс-жүзінде қолданылып
жүргендер: ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді шоттарды эмиссиялау,
ашық нарықтағы операциялар.
Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай сыйақы
мөлшерлемесін белглейді:
- ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
- ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі;
- РЕПО және кері РЕПО – операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
- Овернайт зайемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Ресми қайта қаржыландыу мөлшерлемесі – ақша нарығының жалпы
жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа инфляция және күтілетін
инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Бұл Қазақстан Республикасының
Прездиентінің актілері негізінде, Ұлттық банкнің заң актілері немесе Ұлттық
банк басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары
бойынша қолданылады.
Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі – ақша нарығының жалпы
жағдайында несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты
белгіленеді және Ұлттық банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу
операцияларында қолданылады. Ол жылдық пайыздық мөлшерлеме болып
табылады және айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде
қолданылады.
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық
пайыздық мөлшерлемелері, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты
белгіленіп ол мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде
қолданылады.
Овернайт зайемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі – Ұлттық банктің
екінші деңгейдегі банктерге, олардың Қазақстан Республикасындағы Ұлттық
банктегі кореспонденттік шоттар бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен
аяқтау барысында бір түнге берілетін зайемдар бойынша қолданылады.
Күндізгі зайемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері – Ұлттық банктің

банкіндегі теңгеде ашқан кореспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге
немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған
иә жетпеген жағдайларда зайемдар бойынша қолданылады.
Ақша – несие саясаты арқылы реттеудің бірі есеп мөлшерлемесін
өзгерту. Мұндай тіркеу мөлшерлемесін пайдаланатын орталық банк коммерциялық
банктерге несие береді. Егер де есеп мөлшерлемесі өсетін болса, онда
Орталық банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктің қарыз беру
операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң,
қарыз пайыз мөлшерлемесін өсіреді.
Ақша несие саясатының мақсаттарын жүзеге асыру:
1. Ақша жиынын белгілі бір деңгейде ұстап тұру (қатаң монетарлық
саясат).
2. Пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру (икемді манетерлық саясат).
Ақша саясатының варианттары ақша нарығының графигінде әр түрлі
бейнеленеді. Қатаң саясат ақша жиынын ақшаның ұсыныс қисығының вертикалды
жағдайына сәйкес келетін деңгейде орналастырады. Ал икемді монетарлық
саясатта ақшаның ұсыныс қисығы горизанталды түрде болады.
Оны мына кестелерден көруге болады.
Салыстырмалы түрде қарағанда қатаң ақша саясаты
Икемді ақша саясаты.
Мұндағы R – пайыз мөлшерлемесі;
M – ақша жиыны.
LS – қисығының бұрыштық көлбеуіне байланысты ақша
сұраныстың өзгерісі немесе ақша жиынына, пайыз мөлшерлемесіне әсер етеді.
Сонымен бірге пайыз саясатында қолданылады. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банктің пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы
теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның
нәтижесінде ақша массасы және инфляцияның мөлшері төмендетуді қамтамасыз
ету болып табылады. Жоғарғы пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін
төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты
алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол
жеткізігуге тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы бір маңызды факторы шетел
валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын
болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың
бағамдық айырмасы есебінен алып – сатарлық табысқа қол жеткізу
мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары ссудалық
нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы
анықталатын сыртқы көрінісі мен ішкі құны арасындағы шекті қатынастың
бұзылуы, Ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.
Ұлттық банктің мүделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық
операциялардың барлық түрлері пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде
қызмет етеді.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемісінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген
сұранысқа және инфляция деңгейне байланысты келеді. Ұлттық банк мүделендіру
мөлшерлерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша массасының шамасына әсер
етеді және несие деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік
жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер
үшін, Ұлттық банктің саясатының ықшам массасын бақылау жасау шегіндегі
негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауынан жатпайтын
несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктермен дербес белгіленетін
нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді.
Ақшалай нарықтағы тепе – теңдікті қамтамасз етуде, банктерге
берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде
және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты
банктің салым иелері мен акционерлердің мүделерін қорғау мақсатында Ұлттық
банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен
қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай – несиелік реттеудің негізгі
құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму
жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ
кезінде, коммерциялық банкттердің дипозиттерін сақтандыру қызметін, екінші
жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін
атқарады.
Ақша – несие саясатының бұл құралы 1993 жылы бірнші қаңтарда
енгізілген ҚР комерциялық коорперативтік және жеке банктердің қызметін
реттеу туралы нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде
бекітілген болатын. Қазіргі уақыта ол 10% - ды құрайды.Ұлттық банктегі
корреспондентік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік
талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің
альтернативтік тәртібіне өтуге, яғни бұл банктердің пруденциялдық
нормативтерді орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар
соммасының ең төменгі резервтер мөлшерінің төмен болмауын сақтап отыруға
тиістілігін білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде, міндетті резервтердің өте жоғары деңгейде болуы,
банк жүйесінің қаржы делдалы ретіндегі иімділігін нашарлатып, ал ең төменгі
резервтер нормасының артуы несиелік ресурстардың экономикаға құйылуына
тосқуыл болатындығын көрсетеді.
Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер үшін, олардың пруденциялдық
нормативтерді орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау
барысында банктерге келесідей екі тәсіл қолданылады:
1. міндетті резервтер;
2. резервтеудің альтернативтік тәртібі.
Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық банк орташа айлық
қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 50% көлемінде төмендегі резевтерге
бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша
Лондандағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа
өлшемді мөлшерлемесінің 50% көлемінде пайыз төлейді.
Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық
банктің қызметінің алдағы уақыттарда классикалық қызметіне жақындауына
байланысты тиісті шаралра қолданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі
банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге
асырылады. Бюджеттің тапшылығын жабу үшін үкіметке несие беру бюджет
саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несиелеуден
бас тарту мақсатында жүргізіледі. Жеңілдікпен берілетін несиелерді беру
және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауын қарастыру болған
жоқ. Ұлттық банктің несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банк аралық
нарық арқылы, сол сияқты ломбарттық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.
2. Ашық нарықтағы операциялар
Ашық нарықтағы операциялар – бұл Ұлттық банктің айналыстағы ақша
массасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің
бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операцияларын
білдіреді.
Бұл ақша массасын, коммерциялық банктердің өтімділігі және несиелік
жұмыстарды реттудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі
мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауна
шектеуді білдіреді.
Ұлттық банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып
алушылардың резервтік шоттарына тиісті соманы ұстап қалады. Сөйтіп,
керісінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатына
Ұлттық банк бағалы қағаздарды сатып алады да, тиісті соманы банктердің
резервтік шотына қайта аударады.
Егер бағалы қағаздар Орталық банкпен алдын ала даралған бағам
бойынша сатылса, онда Ұлттық банк сатып алушыларды ынталандыру үшін және
сонымен несиелік қабілеттерін төмендету үшін нарықтық бағамнан төмен
бағамен бекітеді.
Орталық банк бағалы қағаздарды сатып алған кезде коммерциялық
банктердің минималды резервтер мөлшерін көбейтіп, клиенттер мен активті
қарыздық операцияларды жүргізу мүмкіндігі кеңейеді, яғни ақшалардың қолма –
қолсыз эмиссиясы үлкейеді. Орталық банк коммерциялық банктерге бағалы
қағаздарды сатқан кезде олардың резвтегі қаражаттары азаяды, ал банктердің
несиелік ресурстары қысқарады, нәтижесінде ақша массасы азаяды. Осылайша
Орталық банк ашық нарықта бағалы қағаздар бойынша операциялары арқылы
айналыстағы ақша массасын көлеміне, коммерциялық банктердің резервтеріне,
олардың несие қабілеттеріне әсер етеді.
Ұлттық банк ашық нарықта бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу
формасы бойынша: тікелей немесе қайтарымды болуы мүмкін. Тікелей операция
коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды қалыпты түрде сату немесе сатып
алу түрінде сипатталады. Қайтарымды операцияның мағынасы кемиді. Орталық
банкпен бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу операциясы орындалғаннан
кейін, міндетті түрде алдын – ала белгіленген бағам бойынша орындалған
операцияға кері операция жүргізілуі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz