Сантарлық нормалар мен ережелер



1.1 Сантарлық нормалар мен ережелерге негізгі түсінік
1.2 Халықтың санитарлық.эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң мiндеттерi мен принциптері
1.3 Санитарлық ережелер, гигиеналық нормативтер
1.4 Республикалық санитарлық.эпидемиологиялық станция
1.5 Өндірістегі мемлекеттiк санитарлық. эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру
Қорытынды
Пайдаланылган әдебиеттер
Санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актiсi - объектiнiң халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн тексеру нәтижелерi бойынша мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам беретiн құжат. Адамның тiршiлiк етуiне қолайлы жағдайлар - тiршiлiк ету ортасы факторларының адамға зиянды ықпалы жоқ кездегi жай-күйi.
Зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi белгiлi бiр жағдайда жұмыс iстеушiнiң еңбекке қабiлеттiлiгiнiң кәсiби тұрғыда, уақытша немесе тұрақты түрде төмендеуiн тудыруы, соматикалық және жұқпалы аурулардың жиiлiгiн арттыруы, денсаулығының бұзылуына әкелуi мүмкiн ортаның және еңбек процесiнiң факторы. Адамға зиянды әсер - тiршiлiк ету ортасының адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн әсерi.
Гигиеналық норматив - тiршiлiк ету ортасының белгiлi бiр факторын адам үшiн қауiпсiздiгi және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштiң зерттеулер арқылы белгiленген шектi мөлшердегi ең көп немесе ең аз сандық және (немесе) сапалық мәнi. Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын сақтау мен тiршiлiк ету ортасын қорғау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарын бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу жөнiндегi қызметi. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган - денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi шегiнде атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшелерi бар, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган.
1) «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
2)“Егемен Қазақстан” газеті

Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Сантарлық нормалар мен ережелерге негізгі түсінік

Санитарлық-эпидемиологиялық тексеру актiсi - объектiнiң халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан
Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн тексеру нәтижелерi бойынша
мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын
лауазымды адам беретiн құжат. Адамның тiршiлiк етуiне қолайлы жағдайлар -
тiршiлiк ету ортасы факторларының адамға зиянды ықпалы жоқ кездегi жай-
күйi.
Зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi белгiлi бiр жағдайда жұмыс iстеушiнiң
еңбекке қабiлеттiлiгiнiң кәсiби тұрғыда, уақытша немесе тұрақты түрде
төмендеуiн тудыруы, соматикалық және жұқпалы аурулардың жиiлiгiн арттыруы,
денсаулығының бұзылуына әкелуi мүмкiн ортаның және еңбек процесiнiң
факторы. Адамға зиянды әсер - тiршiлiк ету ортасының адамның өмiрiне немесе
денсаулығына қауiп төндiретiн әсерi.
Гигиеналық норматив - тiршiлiк ету ортасының белгiлi бiр факторын адам
үшiн қауiпсiздiгi және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан сипаттайтын
көрсеткiштiң зерттеулер арқылы белгiленген шектi мөлшердегi ең көп немесе
ең аз сандық және (немесе) сапалық мәнi. Мемлекеттiк санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын сақтау мен тiршiлiк ету
ортасын қорғау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан
Республикасы заңдарын бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу жөнiндегi
қызметi. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
уәкiлеттi орган - денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi
шегiнде атқарушылық, бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында басшылықты
жүзеге асыратын аумақтық бөлiмшелерi бар, Қазақстан Республикасының Үкiметi
айқындайтын мемлекеттiк орган.
Дезинфекция, дезинсекция және дератизация - өндiрiстiк, тұрғын үй
ғимараттарында, көлiкте, қоғамдық орындардың үй-жайларында және аумақтарда
жүйелi түрде жүргiзiлетiн, жұқпалы және паразиттiк аурулардың
қоздырғыштарын, тұрмыстағы жәндiктер мен кемiргiштердi жоюға бағытталған
шаралар кешенi. Дезинфекциялық, дезинсекциялық және дератизациялық қызмет
көрсету - дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдары мен
препараттарын дайындауға, өндiруге, өңдеуге және көтерме саудада сатуға
байланысты қызмет, сондай-ақ оларды пайдалануға байланысты жұмыстар мен
қызмет көрсету түрлерi.
Халықтың декреттелген тобы - қызмет көрсету саласында жұмыс iстейтiн,
айналасындағы адамдарға жұқпалы және паразиттiк аурулар жұқтыру қаупiн
көбiрек төндiретiн адамдар.
Жұқпалы және паразиттiк аурулар - тiршiлiк ету ортасы биологиялық
факторларының адамға әсер етуi себептi туындайтын және таралатын адам
аурулары.Жеке медициналық кiтапша - мiндеттi медициналық қараулардың
нәтижелерi енгiзiлетiн, халықтың декреттелген тобының өкiлiне берiлетiн
жеке құжат. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау объектiлерi - жеке және
заңды тұлғалар, қызметi, қолданылуы мен пайдалануға берiлуi адам
денсаулығының жай-күйiне және қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн
ғимараттар, құрылыстар, өнiмдер және өзге де объектiлер. Шектеу iс-
шаралары, оның iшiнде карантин - жұқпалы аурулардың таралуын болдырмауға
бағытталған және шаруашылық пен өзге де қызметтiң ерекшe режимiн көздейтiн
шаралар.
Улану - тiршiлiк ету ортасының химиялық, биологиялық және өзге де
факторларының қатты немесе созылмалы әсер етуi кезiнде туындайтын адам
аурулары.
Тәуекелдi бағалау - жұқпалы және паразиттiк ауруларды қоздырғыштар мен
жұқтырғыштардың ену және таралу ықтималдығына, сондай-ақ қолданылуы мүмкiн
санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) шараларды және осыларға
байланысты ықтимал медициналық-биологиялық және экономикалық салдарды
есепке ала отырып, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жүргiзетiн, химиялық,
микробиологиялық, радиологиялық ластануға байланысты халықтың денсаулығына
қауiп төндiретiн тауарларды өндiру мен әкелуге ғылыми негiзделген баға
беру.
Мерзiмдi медициналық қарау - денсаулықтың жай-күйiн ширақ қадағалауды
қамтамасыз ету, аурудың бастапқы белгiлерiн дер кезiнде анықтау, жалпы,
кәсiби, жұқпалы және паразиттiк аурулардың алдын алу және оларды таратпау
мақсатында, денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлеген
мерзiмде жүргiзiлетiн халықтың денсаулығын қарау.Қауiптiлiгi ықтимал
химиялық және биологиялық заттар - белгiлi бiр жағдайларда және белгiлi бiр
шоғырлануы адамның немесе адамдардың келешек ұрпақтарына зиянды әсерiн
тигiзуi мүмкiн, қолданылуы мен Пайдаланылуы санитарлық ережелермен және
гигиеналық нормативтермен регламенттелетiн заттар.
Алдын ала медициналық қарау - жұмысқа алынатын және оқуға түсетiн
адамдар денсаулығының жай-күйiн анықтау, жазатайым оқиғалардың, жалпы,
кәсiби, жұқпалы және паразиттiк аурулардың алдын алу және оларды таратпау
мақсатында қарау. Халықтың денсаулығына қауiп төндiретiн өнiм - халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк орган
белгiлеген, оларды қолдану немесе пайдалану кезiнде адамның денсаулығына
зиянды әсер етуi мүмкiн өнiмнiң түрлерi.
Азық-түлiк шикiзаты - тамақ өнiмдерiн дайындау үшiн пайдаланылатын,
өсiмдiктен, жануардан алынатын, микробиологиялық, минералды және жасанды
түрдегi шикiзат.
Санитарлық паспорт - мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалауға жататын объектiнiң, көлiк құралының халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң
талаптарына сәйкестiгiн растайтын және оларды пайдалануға немесе қолдануға
құқық беретiн құжат.Санитарлық-эпидемиологиялық нормалау - санитарлық-
эпидемиологиялық қызметтiң санитарлық-гигиеналық және iндетке қарсы
ережелер мен нормативтердi әзiрлеу, жүйелеу және олардың орындалуын
бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi қызметi.
Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрi -
санитарлық ережелер) - сақталмауы адам өмiрiне немесе денсаулығына қауiп
төндiретiн, сондай-ақ аурулардың пайда болу және таралу қаупiн туғызатын,
санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды (соның iшiнде тiршiлiк ету ортасы
факторларының адам үшiн қауiпсiздiк және (немесе) зиянсыздық белгiлерiн)
белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер. Санитарлық-iндетке қарсы
(профилактикалық) iс-шаралар - тiршiлiк ету ортасы факторларының адамға
зиянды әсерiн жоюға немесе азайтуға, жұқпалы, паразиттiк аурулардың пайда
болуына және таралуына, жаппай улануды болдырмауға және оларды жоюға
бағытталған шаралар.Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы -
тiршiлiк ету ортасының адамға зиянды әсер ету факторлары жоқ және оның
тiршiлiк етуiне қолайлы жағдайлар қамтамасыз етiлетiн кездегi халық
денсаулығының жай-күйi.
Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай - белгiлi бiр уақытта белгiлi бiр
аумақтағы халықтың денсаулығы мен тiршiлiк ету ортасының жай-күйi.
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды - жобалық құжаттаманың, тiршiлiк ету
ортасы факторларының, шаруашылық және өзге де қызметтiң, өнiмдердiң,
жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң санитарлық ережелер мен гигиеналық
нормативтерге сәйкестiгiн (сәйкес еместiгiн) куәландыратын құжат.
Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг - халық денсаулығы мен тiршiлiк ету
ортасының жай-күйiн қадағалаудың, оларды талдаудың, бағалау мен болжаудың,
сондай-ақ халық денсаулығының жай-күйi мен тiршiлiк ету ортасы
факторларының әсерi арасындағы себеп-салдарлық байланысты айқындаудың
мемлекеттiк жүйесi.Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама -
органолептикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемиологиялық,
микробиологиялық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық, токсикологиялық,
радиологиялық және басқа да зерттеулер мен физикалық факторлар өлшемдерi
кешенi, сондай-ақ өнiмдер жобаларының, жұмыстардың, қызмет көрсетулер мен
шаруашылық және өзге қызмет объектiлерiнiң санитарлық ережелерге және
гигиеналық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау мақсатында жобаларды сараптау.
Санитарлық-карантиндiк бақылау - ел аумағына жұқпалы және паразиттiк
ауруларды, сондай-ақ адам денсаулығына қауiптiлiгi ықтимал заттар мен
өнiмдi кiргiзуге жол бермеу мақсатында өткiзiлетiн, адамдар мен жүктердiң
Мемлекеттiк шекара арқылы өтуiн бақылау.
Әлеуметтiк-гигиеналық мониторинг - халық денсаулығының жай-күйi мен
қоршаған орта объектiлерiн бақылаудың, олардың арасындағы себеп-салдарлық
байланысты анықтаудың, оларды бағалау мен болжаудың мемлекеттiк жүйесi.
Адамның тiршiлiк ету ортасы (бұдан әрi - тiршiлiк ету ортасы) - табиғи,
антропогендiк және әлеуметтiк факторлардың, адамның тiршiлiк ету жағдайын
белгiлейтiн ортаның (табиғи және жасанды) жиынтығы. Денсаулық сақтау
саласындағы уәкiлеттi орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық
және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру,
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрiлiк заттар
айналымы, медициналық қызмет сапасын бақылау саласында мемлекеттiк реттеудi
жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тiршiлiк ету ортасының факторлары - тiршiлiк ету ортасының адамға және
(немесе) келешек ұрпақ денсаулығының жай-күйiне әсер ететiн немесе әсер ете
алатын биологиялық, химиялық, физикалық, әлеуметтiк және өзге де
факторлары.Індет - жұқпалы аурулардың әдетте тiркелетiн науқастану
деңгейiнен айтарлықтай жоғары жаппай таралуы.
Эпидемиологиялық маңызды объектiлер - шығаратын өнiмi және (немесе)
қызметi халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылған жағдайда халық
арасында тамақтан уланулардың және жұқпалы аурулар таралуының пайда болуына
әкеп соғуы мүмкiн объектiлер.
1.2 Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң
мiндеттерi мен
принциптері

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етудiң
мiндеттерi мен принциптерi:
1) азаматтардың денсаулығын сақтауға, тiршiлiк етудiң қолайлы
жағдайларына және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылыққа құқықтары мен
мiндеттерiн iске асыру;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету
жөнiндегi қызметтiң профилактикалық сипаты, тiршiлiк ету ортасы
факторларының халық денсаулығына зиянды әсер етуiнiң алдын алу;
3) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
жариялылық
4) санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-шараларды орындау
және лауазымды, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдарын мiндеттi
түрде сақтауы;
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз
ететiн iс-шаралардың ғылыми-практикалық негiздiлiгi;
6) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк;
7) жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы заңдарын бұзуы
салдарынан адамның немесе бiр топ адамдардың денсаулығына келтiрген залалын
өтеу мiндеттiлiгi болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асырады.
Жұқпалы, паразиттiк аурулардың әкелiнуi мен таралуынан Қазақстан
Республикасының аумағын санитарлық қорғау жөнiндегi iс-шараларды
ұйымдастырады. Халыққа жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егудiң
ұйымдастырылуы мен жүргiзiлуiне бақылау жүргiзедi.Тамақтан улану, жұқпалы,
паразиттiк және басқа да аурулар, оның iшiнде этиологиясы белгiсiз аурулар
кезiнде өз құзыретi шегiнде санитарлық-iндетке қарсы (профилактикалық) iс-
шаралар кешенiн ұйымдастырады және жүзеге асырады. Өз құзыретi шегiнде
жобалардың мемлекеттiк сараптамасына қатысады. Халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық салауаттылығы саласында Қазақстан Республикасының
аумағында барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып
табылатын шешiмдер қабылдайды.
Мемлекеттiк органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет
ұйымдарының қызметiн үйлестiредi. Осы Заңның талаптарын бұзған жағдайда
мемлекеттiк органдар мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының
басшыларына өз қаулысымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту
Қазақстан Республикасында халықаралық құқықтық шарттарды реттеудің құқықтық аспектілері
Медициналық арахноэнтомология
Астықты гидротермиялық өңдеуді автоматты басқару жүйесін жетілдіру
Биттер отрядының жалпы сипаттамасы
Бұғы шаруашылығы
Ақтөбе қаласының ауа құрамының ластануы
Құрылыс материалдар өндірісінен шаң,газ тастамаларды тазалау технологиясын және қоршаған ортаға тастамаларды нормалау
Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалаудың маңызы
Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына прокурорлық қадағалаудың маңызы мен мақсаттары
Пәндер