Экономикалық өсу туралы ақпарат


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ . . . 4
- Экономикалық өсу туралы түсінік және оның көрсеткіштері . . . 4
- Экономикалық өсу мақсаты . . . 6
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ФАКТОРЛАРЫ, КЕЗЕҢДЕРІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 8
2. 1 Экономика өсуінің факторлары . . . 8
2. 2 Экономика өсу үлгілері . . . 10
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУІ…. . 14
3. 1 Дамыған мемлекеттердің Қазақстан Республикасының өсуіндегі рөлі . . . 14
3. 2 Дамыған нарықтың экономикаға негізделген экономикалық өсу . . . 16
3. 3 Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 24
ҚОСЫМША . . . 25
КІРІСПЕ
Экономика неғұрлым еркін
болса, соғұрлым әлеуметтік
болады.
Эрхард.
Менің оcы тақырыпты таңдаған себебім, өйткені барлық елдің алдында тұрған ортақ мәселе - экономикалық өсу, онда ұлттық экономика дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, ресурстардың шектеулі мәселелері шешіледі.
Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан басына шыққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектелуінің ахуалын шешуді жеңілдетеді.
Кейбір экономистер (Макконель, Брю) экономикалық өсуді екі жолмен есептеледі деп санайды:
- жалпы ұлттық өнімді есептеу (немесе таза ұлттық өнім)
- осы көрсеткіштердің халықтың жан басына шыққанда өсуі.
Ал кейбір экономистер экономикалық өсуді: өнім мен өндірістік факторлардың тек сандық қана емес, сапалық өсуі деп көрсетеді.
Мен өзімнің курстық жұмысымда негізінен Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі қаншалықты болғанын және еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің клубына қарай ілгерілеуі жөнінде болмақ.
Бірінші Азиялық Барыс болу үшін біздің басымдылығымыздың қатарына макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірбие енгізілуі тиіс. Ол - инфляция мен бюджет тапшылығының төмен болуын, ұлттық валютаның күшеюін, жинақтау нормасының жоғары болуы көздейді. Бұл рецепт Жапонияда, Кореяда, Индонезияда, Тайвань мен Чилиде іске асты. Қазақстанда да ол іске асады.
Біздің алдымызға не инфляция, не экономикалық өрлеу деген таңдау қойылған жоқ және қойылмайды да. Түпкілікті мақсат экономикалық өрлеу екенін және макротұрақтандыру осы мақсатқа жетудің құралы ғана екенін біз назарда ұстауға тиіспіз. 1, 51б
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде экономикалық өсім және оның типтеріне тоқталып, оның мәнін ашуға тырысамыз және экономикалық өсімнің көрсеткіштерін, мақсатын анықтап, оның даму тарихына тоқталып өтеміз.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде, қарастырылып отырған сұрақтарды жан-жақты талқылауға тырысамыз. Әсіресе экономикалық өсудің факторларын, модельдерін толық қарастырып, олардың түрлері анықталады.
Ал үшінші бөлімде экономикалық өсімнің қазіргі жағдайын, Қазақстан Республикасы бойынша жағдайын қарастырамыз. Сонымен қатар орталық мәселені дамытуда шетелдік тәжірибені де қарастыруды жөн көрдім.
1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ
- Экономикалық өсу туралы түсінік және оның көрсеткіштері
Экономиканың өсуі тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік-экономикалық мәселелері шешуге бағытталады. Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады?
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі. Бұл жыл сайынғы қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады.
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінінің көп мемлекеттерінде адам басына шыққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі тренді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шыққандағы табыстың өсуі - бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр. [2, 338]
Экономикалық өсу дегеніміз - бұл бақылау мерзімі ішіндегі салыстырмалы өзгеріс пен ЖҰӨ мен ЖІӨ-нің көлемі. Экононмикалық өсудің қарқыны ЖҰӨ мен ЖІӨ пайыздық өсіміне байланысты және әрқашан 1 жылға есептеледі. Кейде бұл көрсеткішті есептеу 1 айға, 1 кварталға, 10 жылға және т. с. с керек мерзімде де бола береді.
Экономикалық өсудің үш түрі бар: экстенсивті, нитенсивті, аралас (нақты) .
Экстенсивті өсу дегеніміз - қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы өнімнің көбеюі. Мысалы: 50 жылдары СССР-де бидай дәнінің өнімінің көбеюі Қазақстанда және Сібірде тың және тыңайған жерлерді игерумен байланысты іске асырылды.
Интенсивті өсу дегеніміз - техника және технологияны толық жетілдіру арқылы ұлттық өнімнің көбеюі. Нақты өмірде өсудің не ана түрі, не бұл түрі болуы мүмкін емес. Олар аралас түрінде келеді.
Аралас (нақты) өсу - өндіріс қуатының өсуі нәтижесінде өндіріс факторларының пайдаланылу санының өсуі және техника және технологияның жетілуі. 3, 150б
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
- Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шыққандағы тұтынудың өсуі) .
- Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формала-рының өзгерісі және т. б. ) . Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады.
Экономикалық өсім дегеніміз - динамикалық тұтас көрсеткіш және ел экономикасының белгілі бір уақыттағы жағдайын көрсететін көрсеткішті экономиканың жеке секторларын өндіріс салалары, өндірістер немесе жеке мекеменің экономикалық жағдайын анықтау үшін пайдалануға болады. Экономикалық өсім көрсеткіштері әрқашанда бірқалыпты тұрмайды. Статистикаға жүгінсек, экономикалық өсім қарқыны 0-ге жуықтауы мүмкін немесе жағымсыз болуы да мүмкін.
Теориялық деңгейде оңайлатылған түрде ЖІӨ-нің нақты көрсеткішін пайдалануға болады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе интенсивті типіне негізделе дамиды. Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есе арттыру үшін жұмыскер саны мен өндірістік қорлары екі есе ұлғайуы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі ара қатынаста немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, Ғылыми техникалық прогресс (ҒТП) жағдайында, өндірістің интенсификация-лануының негізінде жүзеге асады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады. Осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда нарықтық механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін.
Экономикалық өсуді өлшеудің көрсеткіштері: Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) және ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу абсолютті және салыстырмалы мөлшерде өлшенеді. Мысалы, Қазақстанның 2007 жылдың бірінші тоқсанында жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі өндірілген атаулы түрде 2 531, 8 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 490, 9 млрд. теңгеге (24%) көп. 2007 жылдың қантар-наурызында ЖІӨ-нің нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110, 5% құрады. Ағымдағы кезеңде көптеген салаларда өсудің жоғары қарқыны байқалды: қаржы қызметінде - 153, 9%, құрылыста - 143, 4%, байланыста - 132, 0%, өндеу өнеркәсібінде - 111, 0%.
2007 жылғы қантар-қыркүйкете ЖІӨ нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109, 7% құрады. ЖІӨ құрылымында тауарлар өндірісінің үлесі 44, 5%, қызметтер - 48, 7% алады.
Жұмыссыздар саны 2007 жылғы қазанда, сараптамалық бағалау бойынша, 594 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа шаққанда - 7, 3% құрады, соның ішінде жұмыссыздар ретінде жұмыспен қамту органдарында тіркелген адамдардың саны ағымдағы жылғы қазанының соңында 65, 1 мың адамды құрап, оларды экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы үлесі 0, 8% болды. 4
Кесте 1 - 2007 жылдың бірінші тоқсанындағы жалпы ішкі өнім
нақты көлемнің индексі,
%-бен
1. 2 Экономикалық өсу мақсаты.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты тұрғындардың материалдық игіліктерін және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің мақсатын анықтау мыналарға байланысты:
1. Халықтың жан басына шыққындағы орташа кірістің өсімі. Бұл мақсаттың нәтижесінде ұлттық кірістің өсу қарқынына баға береді.
2. Бос уақытты ұлғайту. Бос уақыт халық игілігі болып табылады, бірақ елдің ЖҰӨ мен НД-ның нақты көрсеткіші болып табылмайды.
3. Әртүрлі ұлттық қабаттарда ұлттық кірістің таралуының жақсаруы. Егер негізгі ұлттық кірістің таралуы айтарлықтай төмендеген жағдайда, онда ұлттың ұлкен бөлігі экономикалық өсімнің жақсаруына кірме-ген болар еді. Ол кезде ұллың осы бөлігінің тұрмыстық жағдайы бұрынғы күйінде қалады немесе әлсірейді. Сондықтан экономикалық өсу процесін жұмысқа жарамсыз және жұмыссыз қалған ұлттар қабатын әлеуметтік қорғау принциптеріне сүйеніп оларды қорғауға тиіс.
4. Сапа мен өсім, өнім тауарларының әртүрлілігі және қызмет ету саласының жақсаруы. Бұл көріністер негізгі ұлттық кірістің нақты көрсет-кіштерін таба алмайды. Осы уақыт ішінде сапа мен деференциалдық бұйымдар тұтынушыларды қанағаттандыруда жоғарғы жетістікке жетеді және ізінше, осы бұйымдарды сатып алу шығыны ұлғаяды, өндірістік ұлттық кіріс көлемін тұтас өлшем арқылы анықтауға болады.
Экономикалық өсім эффектісі мына төмендегілер бойынша түсіндіріледі:
- Өнімнің сапасы және қызмет етуінің жақсаруы. Отандық және дүниежүзілік нарықта бәсекенің ұлғаюы.
- Жаңа өнімдерді өндіру негізі - халықтың бұрынғы қажетін өтей алмай отыр-ған тауарлар, жаңа тауарлармен алмасты, бұл халықтың түтынушыларын қанағаттандырады.
- Әртүрлі салалар бойынша өндірістік ресурстар және еліміздің әртүрлі региондарының жақсаруы.
- Жаңа техниканың негізі шығынды азайту, өндірістің көлемін, өндірістік ресурстарды шектеу, өндірістің берілген көлемін шығару.
Экономикалық теориямен байланысты күшейтілген әлеуметтік бағыты - экономикалық өсудің сапасының негізі болып табылады. Оның белгілерін мынадан көруге болады:
- Ұлттық материалдық тұрыс жағдайының жақсаруы.
- Бос уақыттың көбеюі, бұл жеке адамның негізінің гормоникалық жетілуі.
- Әлеуметтік инфраструктураны салалық өсуінің дәрежесі.
- Жеке адамның капиталы және инвестициялық өсуі.
- Еңбек жағдайы және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі.
- Жұмыссыздар және жұмысқа жарамсыздарды әлеуметтік қорғау. 5, 497б
Экономикалық өсудің дамуы. Экономикалық өсу теориясының дамуы бірнеше этаптардан өтті. Кейнстің микроэкономикалық теориясынан ХХ ғасырдың 50-ші жылдарына дейін өсті. Бұл теорияның негізгі базисы Р. Хоррода-Домара моделі шамамен 50-ші жылдардың ортасында дамудың жаңа сатысына өтті. Сол сияқты экономиканың неоклассикалық бағытты ұстаушылар экономист - Д. Миндон, Р. Солоу.
Экономикалық өсу теориясы қандай түрғыдан болмасын - кейнстік, неоклассикалық база синтезінде - екі бағыттағы проблема ұсынады.
Кейнстік теорияның өсуі 2 топтағы проблемаға Хоррода-Домара теңдеуінің негізінде шешіледі. Бұл екі теңдікте ұлттық кірістің өсу қарқыны екі фактормен анықталады:
1. Инвестиция және қатынас бірліктері, өнім және капитал. Бұл қатынас технологиялық шарттармен қатаң түрде бекітіледі.
2. Бұл топтың проблемасына тұрақты жағдайы және оны қолдайтын механизм Кейнс қозғалысына жүгінеміз. Жетілмеген нарықтық экономика Хоррода-Домара моделі бойынша нәтижеге шығарылған қысқа және ұзақ мерзімге қолдау системасының тепе-теңдік ауытқуын мемлекет тарапынан реттеліп отыруға тиіс.
Неоклассикалық принцип бойынша бұл проблеманы шешу үшін экономикалық факторлардың өсуі неоклассика негізі капитал және жұмыс күшін пайдалану, әртүрлі пропорциялық үйлесімділік пен қабілеттілік технологияның әсері және экономикалық принцип арқылы жүзеге асады.
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ФАКТОРЛАРЫ, КЕЗЕҢДЕРІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1 Экономика өсуінің факторлары
Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі төрт факторларға тәуелді. Олар:
- Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі;
- Еңбек ресурстарының сапасы мен саны;
- Негізгі капитал қорының көлемі;
- Технология.
Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт ұсыныс факторлары деп айтуға болады.
Осы аталған факторлар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалық ресурстар және технологиялық әлеует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады. Экономиканың өсуіне әсер ететін екі соңғы факторларды қарастырсақ, олар:
- Сұраныс факторы:
- Бөлу, тарату факторлары.
Өндіріс әлеуетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді дер кезінде сату да маңызды.
Экономиканың өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс факторлары бір-бірімен тығыз байланысты. [2, 339б]
Ұсыныс факторларына мыналар жатады:
- табиғи ресурстардың саны мен сапасы (жер, пайдалы қазбалар, климат т. б. ) : қаншалықты табиғи жағдайы жақсы болса, соншалықты елде экономи-калық өсуге мүмкіндік бар;
- халықтың еңбекке жарамдылығының саны мен сапасы: бұл жағдайда да тәуелді;
- негізгі капиталдың болуы;
- өндіріс өніміне қолданылатын технология деңгейі.
Сұраныс факторына жатады:
Қоғамның тұтас сұранысын өндірілген өнімге көтерілуі және сонымен бірге оның өсуін ынталандыру:
- еңбек ақы қаншалықты жоғары болса, соншалықты сұраныс жоғары;
- мемлекеттің фискальдық политикасы - қаншалықты салық жоғары болса, соншалықты еңбек ақы төмен, сондықтан экономикалық өсу және сұраныс төмен;
- халықтың қор жинау бейімділігі де нақты сұранысты төмендетеді, демек экономикалық өсу де төмендейді.
Өнімнің өсуіне (экономикалық өсу) ресурстарды бөлу өте жақсы ұйым-дастырылған түрде болу керек.
Факторлардың өсуі әсерінен экономикалық өсудің модельдері құрылады, олар: көп факторлы, екі факторлы.
Көп факторлы модель - барлық аталған факторлардың өсуіне әсер етеді. Жалпы осы факторлардың бірлесіп әсер етуі өндіріс мүмкіндігінің қисық сызығын береді. Бұдан көретініміз осы барлық факторлардың ықпал етуі өндірілген мүмкіндік қисық сызығын көрсетеді. Әр түрлі факторлардың үйлестірілуі өндірілген өнімнің санына әсерін тигізеді. Ұсыныстың кез келген факторының күшеюі (ресурс санының көбеюі, сапасының жоғарылауы және техникалық прогресс) өндіріс мүмкіндігінің қисық сызығын оңға жылжытады.
Екі факторлы модель - екңбек және капитал жатады. Американдық эко-номист Денисонның тұжырымы бойынша: 2/3 өнімнің өсуі еңбек (капитал) өнімділігінің өсуіне байланысты жүзеге асады, 1/3 еңбек шығыны өсуі есебінен туындайды. Екі факторлы модельді екі вариантпен құруға болады: біріншіден, ҒТП есептелмейді, екіншіден есептеледі.
Егер ҒТП болмаса, онда капитал қорлануы баяулап ақтық өнгім төменде-уіне әкеледі және экономикалық өсуді азайтады. ҒТП-ның орындалу шартында капитал және еңбек өнімділігі артады, ҒТП инвестицияны өсіреді. Инвестиция экономикалық өсуіне әр түрлі әсер ету мүмкін. Соның бірі, еңбек шығынын үнемдеу және капитал шығыны өсуіне алып келеді. Оларды еңбек жинақтаушы (сақтаушы) дейді. 6, 153б
Өндіріс көлемінің ауытқуы жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндірі-леді. Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы (шок) және циклдік тербелістерге байланысты экономика-ның тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясат тұрақтандыруға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылыс, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және заңдылықтарының талдауы макроэкономикалық теорияның басты сұрақтарының бірі болып табылады.
Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасалынса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиямен және өндіріс факторлары-ның жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі ннәтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру. Интенсивті өсу халықтың әлеуметтік өсуінің экстенсивті немесе интенсивті типтеріне байланысты, сыбағалы салмағының салыстырмалығына немесе экономиканың өсуіне әсер ететін басқа факторларға байланысты бола-ды.
Экономика өсуінің факторларын көбіне экономиканың өсуінің типімен топтайды. Экстенсивті факторларға капитал көлемінің, еңбек көлемінің, ал интенсивтіге - технологиялық прогресс, масштаб арқылы үнемдеу, ресурстарды бөлуді жақсарту және оның қолдану үрдісін сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Кейде жиынтық сұраныс үрдістің басты католизаторы ретінде және экономикалық өсудің дербес факторы ретінде бөлінеді.
2. 2 Экономикалық өсу үлгілері
Экономика өсуінің негізгі үлгілерін қарастырайық. Басқа үлгілер сияқты өсу үлгісі астракты, экономика үрдісінің нақты түрі график немесе теңдік түрінде көрсетіледі. Үлгіні жасау барысында пайдаланылатын болжамдар нақты үрдістің нәтижесін жоққа шығарады, бірақ экономиканың өсуі сияқты күрделі құбылыстың заңдылықтарын және кейбір мәселелерін талдауға мүмкіндік береді. Өсу үлгісінің көбі өнімнің нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс факторларының өсу ықпалымен, яғни еңбек пен капиталдың әсерінен пайда болады.
Өсу үлгісінің көбі шығынның нақты көлемінің көбеюі, негізгі өндіріс факторларының өсім ықпалымен, яғни еңбек пен капитал ықпалына, еңбек факторы сырттың ықпалына қарсы тұра алады, ал капитал көлемін, керісінше, инвестициялық саясат арқылы тез өзгертуге болады. Уақыт өте келе, капитал-дың экономикада амортизация есебінен қысқартатыны және таза инвестиция есебінен көбейетіні белгілі. Біз экономиканың өсуінің өзі бағалы деп айта алмаймыз, оның бағалылығы - халықтың жағдайын көтеруге негіз болғанында. Сондықтан экономиканың сапалы өсуіне баға беру үшін, түтыну бағасының динамикасын қарастыру керек.
Кейнстік өсу үлгісі негізінде логикалық құрал қолданылады.
Сұраныс талдауын ұсыныс динамикасын анықтайтын факторларды коса отырып қарастырамыз. Бұл арқылы экономикадағы сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің шарттарын анықтауға болады.
Кейнстік өсу үлгісінің қарапайым түрі Е. Домар үлгісі болып табылады, бұл үлгіде капиталдың шекті өндірісі Леонтьев функциясы ретінде қарастыры-лады. Домар үлгісі еңбек нарығында ұсыныстың артықшылығынан шығады, бұл бағаның тұрақтылығын ескереді. Капиталдың шығып қалуы жоқ, ал капиталдың (К) У-ке қатынасы (К/У) және қор жтнағы нормасы тұрақты болып келеді. өнім тек 1 ресурсқа ғана тәуелді деп айтуға болады, ол - капитал.
Инвестицияның өсуі экономикада ұсыныс пен сұраныс өсуінің факторы болып табылады. Егер берілген мезгілде инвестиция және І-ға өссе, онда мультипликатор әсерімен жиынтық сұраныс келесіге өседі:
m - шығын мультипликаторы
b - тұтынуға шекті бейімділік
s - қор жинағына шекті бейімділік
α - капиталдың шекті өнімділігі.
Капиталдың ∆К өсімшесі инвестицияның І көлемімен қамтамасыз етіледі, осыдан ∆Y AS =α·I
Экономиканың өсуінің тепе-теңдігі сұраныс пен ұсыныстың теңестірілуі-нің шартында пайда болады.
немесе
, яғни инвестицияның өсімшесі капиталдың шекті өнімділігі мен қор жинағының шекті бейімділігіне тең болуы керек. 2, 342б
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz