Экономикадағы инновация
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
I ЭКОНОМИКАДАҒЫ ИННОВАЦИЯНЫҢ РОЛІ ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Инновация туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Инновациялық процесс және инновациялық қызмет ... ... ... ... ..8
1.3 Мемлекеттің инновациялық саясатты жүзеге асыруы ... ... ... ..11
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1 Инновация . дамыған 50 елдің қатарына қосылудың бірден бір жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Инновация . жаңа экономиканың негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Бүгінгі әлемдік экономикада Қазақстан Республикасының өзіндік орны айқындалып отыр. Егемендікке қол жеткізгеннен бері елімізде жаңа саяси-әлеуметтік, жаңа экономика, әлем өркениетінің өктем талабынан туған жаңа жүйелер дүниеге келді. Бүгінгі Қазақстанның бет-әлпеті - демократия мен нарық экономикасы. Осы экономиканы дамыту мақсатында Елбасымыз “мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылу керек” деп атап көрсетті.1
Егемендік алғаннан кейінгі макроэкономикалық көрсеткіштерге назар аударсақ, ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Соңғы екі-үш жылда ЖІӨ-нің өсу деңгейі 10% көлемінде болып отыр. Бұл шама еліміз үшін үлкен жетістік, яғни әлемде ЖІӨ өсімі бойынша басты орындардамыз.
Бірақ, мұндай жетістіктерге негізінен минералды шикізаттарымыздың мол қоры арқылы жетіп отырмыз. Яғни, еліміздің экономикасы әлі де Кеңес Одағы құрып кеткен шикізаттық негізде болып отыр. Ал әлемнің барынша дамыған елдердің экономикасы шикізаттық өндірістен сервистік-технологиялық өндіріске өтіп, индустриялды-инновациялы дамуға бет алған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі айтып келе жатқандай, еліміз әлемнің экономиканы жаңғырту мен оның тұрақты өсуін қамтамасыз етуімен айналысуы қажет.
Қазақстанның инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғасырдың әлеуметтік-экономикалық дамуында ең бірінші ғылыми-техникалық дамумен байланысты болып тұр. Елдің экономикалық дамуына, яғни өндіріс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшін инновациялық қызмет ең қажеттісі. Әлемдегі дамыған елдер тәжірибесі және отандық тәжірибе бойынша тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу инновациялық қызметсіз жүзеге аспайтындығына көз жетті. Осы себептен соңғы 3-4 жылда инновацияға көп көңіл бөліне бастады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық академия ғалымдарымен кездесуінде “елімізде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жетті” деп атап көрсетті.
Менің экономикалық теория пәнінен курстық жұмысымның тақырыбын «Қазақстанның инновациялық даму стратегиясы» деп алуымның себебі осы. Бұл тақырыптың өзектілігі еліміздің экономикасы үшін инновациялық саясаттың және оны дамытудың іс-шараларын қарастырып өту болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты мен міндетін келесідей көрсетуге болады:
• Инновация туралы жалпы түсінік қалыптастыру;
• Инновациялық саясатты іске асырудағы инновациялық процестің негізгі кезеңдері мен оның мақсаттарын анықтау;

1. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына Жолдауы.
2. Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясы – Алматы, 2003 ж.
3. Шумпетер Й. Теория экономического развития. – Москва; Прогресс. 1998 – 454 с.
4. Купешова Сауле Телеухановна / Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан, - диссертация, Алматы, 2002 г.
5. К. Нарибаев, С. Джуманбаев, А. Нусупова. / Инновационный менеджмент. – Алматы: Қазақ университеті. – 1998. – 60 с.
6. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономикии размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. №6, 2000 г.
7. Бердашкевич А.П. О поддержке инновационной деятельности Японии // Инновации №7, 2002 г.
8. Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны // Саясат №2, 2001 ж.
9. Рахман Алшанов “Жаңа инновация, экономика және бәсекеге қабілеттілік” // Егемен Қазақстан, 16 қыркүйек , 2006 ж.
10. Әбдіжапар Сапарбаев “Инновация – жаңа экономиканың негізі” // Егемен Қазақстан, 25 тамыз, 2006 ж.
11. Әбдіжапар Сапарбаев “Инновация – негізгі қозғаушы күш” // Егемен Қазақстан, 24 наурыз, 2004 ж.
12. Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..2
I ЭКОНОМИКАДАҒЫ ИННОВАЦИЯНЫҢ РОЛІ ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Инновация туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Инновациялық процесс және инновациялық қызмет ... ... ... ... ..8
3. Мемлекеттің инновациялық саясатты жүзеге асыруы ... ... ... ..11
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
САЯСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 15
2.1 Инновация - дамыған 50 елдің қатарына қосылудың бірден бір
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Инновация - жаңа экономиканың
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...25
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..27
КІРІСПЕ
Бүгінгі әлемдік экономикада Қазақстан Республикасының өзіндік орны
айқындалып отыр. Егемендікке қол жеткізгеннен бері елімізде жаңа саяси-
әлеуметтік, жаңа экономика, әлем өркениетінің өктем талабынан туған жаңа
жүйелер дүниеге келді. Бүгінгі Қазақстанның бет-әлпеті - демократия мен
нарық экономикасы. Осы экономиканы дамыту мақсатында Елбасымыз
“мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылу керек”
деп атап көрсетті.1
Егемендік алғаннан кейінгі макроэкономикалық көрсеткіштерге назар
аударсақ, ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды.
Соңғы екі-үш жылда ЖІӨ-нің өсу деңгейі 10% көлемінде болып отыр. Бұл шама
еліміз үшін үлкен жетістік, яғни әлемде ЖІӨ өсімі бойынша басты
орындардамыз.
Бірақ, мұндай жетістіктерге негізінен минералды шикізаттарымыздың мол
қоры арқылы жетіп отырмыз. Яғни, еліміздің экономикасы әлі де Кеңес Одағы
құрып кеткен шикізаттық негізде болып отыр. Ал әлемнің барынша дамыған
елдердің экономикасы шикізаттық өндірістен сервистік-технологиялық
өндіріске өтіп, индустриялды-инновациялы дамуға бет алған. Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев үнемі айтып келе жатқандай, еліміз әлемнің экономиканы жаңғырту
мен оның тұрақты өсуін қамтамасыз етуімен айналысуы қажет.
Қазақстанның инновациялық мәселелерге қызығуы XXI ғасырдың әлеуметтік-
экономикалық дамуында ең бірінші ғылыми-техникалық дамумен байланысты болып
тұр. Елдің экономикалық дамуына, яғни өндіріс пен ғылыми-техникалық
ресурстарды жоспарлау үшін инновациялық қызмет ең қажеттісі. Әлемдегі
дамыған елдер тәжірибесі және отандық тәжірибе бойынша тұрақты экономикалық
өсуге қол жеткізу инновациялық қызметсіз жүзеге аспайтындығына көз жетті.
Осы себептен соңғы 3-4 жылда инновацияға көп көңіл бөліне бастады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Ұлттық академия ғалымдарымен кездесуінде “елімізде
ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жетті” деп атап көрсетті.
Менің экономикалық теория пәнінен курстық жұмысымның тақырыбын
Қазақстанның инновациялық даму стратегиясы деп алуымның себебі осы. Бұл
тақырыптың өзектілігі еліміздің экономикасы үшін инновациялық саясаттың
және оны дамытудың іс-шараларын қарастырып өту болып табылады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты мен міндетін келесідей көрсетуге болады:
• Инновация туралы жалпы түсінік қалыптастыру;
• Инновациялық саясатты іске асырудағы инновациялық процестің
негізгі кезеңдері мен оның мақсаттарын анықтау;
• Инновациялық қызметі дамыған елдердің саясаттарын қарастырып,
олардың еліміздің экономикасы үшін тиімді жақтарын қарастыру;
• Ұлттық инновациялық жүйенің құрылымы;
• Елімізде инновациялық қызметтің дамуы, оны қолдау шаралары.
Еліміздің инновациялық саясатын анықтау үшін, тұрақты экономикалық өсу
және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан
Республикасының Индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясын” қабылдады және ол алғашқы жылдардан бастап оң нәтиже
бере бастады.2
Стратегияның басты мақсаты экономика салаларын әртараптандыру жолымен
елдің тұрақты дамуына қол жеткізу. Ұзақ мерзімді жоспарда экономиканы
жоғары өнімділік пен жаңа технологияларды қолдануға бағдарлау саясаты
көзделген.
Сонымен, өңдеуші өнеркәсіп және қызмет көрсету саласы, экспортқа
бағдарланған тауарлар, қызмет көрсетулер өндірісі мемлекеттің индустриялық-
инновациялық саясатының басты нысанасы болып табылады.
I ЭКОНОМИКАДАҒЫ ИННОВАЦИЯНЫҢ РОЛІ
1. Инновация туралы жалпы түсінік
Жалпы “Инновация” термині XV ғ. 1-ші жартысында пайда бола бастады. Бұл
ағылшын сөзі “innovation” яғни “жандану” немесе “заттар өндірудегі жаңа
технологиялар” деген мағынаны білдіреді.
Австрия ғалымы Й. Шумпетер XX ғ. 30-жылдары экономика ғылымына
инновация ұғымын енгізді. Оның түсінігінше инновация тұтынушылар
тауарларының жаңа түрлерін қолдану, жаңа өнеркәсіптік және рынок пен
өнеркәсіптің жаңа ұйымдарының пайда болуымен түсіндіреді. Шумпетер бойынша
инновация – тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндірістік функция болып табылады.
Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектісін
көрсетуге болады:
1. Инновация – интелектуалды еңбек нәтижесі, яғни инновация арқылы
бәсекелестікке төтеп береді;
2. Инновация – бәсекелестік күш, яғни нарықтың тепе-теңдігін бұзады;
3. Жаңа өнім және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесін тигізеді;
4. Инновация – экономикалық өсу факторы ретінде.3
Осындағы төртінші аспекті біздің еліміз үшін маңызды болып табылады.
XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудің
басты факторы ҒТП екендігін айтқан. Мұны Саймон Кузнец та қолдады. Оның
пікірінше ұлттық өнімнің тұрақты өсуін, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде
технологиялық прогрестің маңызы ерекше екенін айтты.
Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдардың тұжырымы бойынша олар
техника – экономикалық зерттеуінде инновациялық процесс туралы келесі
әдістемелік негіздерін ұсынды:
• Экономикалық динамика мен экономикалық өсуді қозғаушы фактор
инновациялық негіздегі бәсеке болып табылады;
• Экономикалық дамуда білім мен интелект басты рольде болуы керек;
• Интелектуалдық қызметті институционализациялау оның құрылымы мен
негізі болып табылады.
Қазіргі заманғы экономикалық теорияда экономикалық өсу факторларын
негізгі 4-ке бөледі:
1. елде экономикалық ресурстардың өсуі;
2. өндірістің жаңа технологиялар арқылы қызмет істеуі, ресурс шығындарын
қысқартып және жылдық сол өнімді шығару;
3. шектеулі ресурстарды тиімді бөлудің әдістерін талдау;
4. адамдардың денсаулығының, өмір сүру деңгейінің өсуі.
Мұнда 1-ші әрекет экстенсивті экономикалық өсуге жатса, ал 2 және 3
факторлар интенсивті экономикалық өсуге, яғни инновациялық қызметке, 4-ші
экономикалық емес фактор болып табылады.4
Экономикалық өсудің сандық және сапалық өсуіне байланысты интенсивті
және экстенсивті түрлері болады.
Экстенсивті түріне:
• Технологияда инвестицияның артуы;
• Бос уақыты жоқ қызметкерлер санының артуы;
• Тұтынушы шикізат көлемдерінің, материалдардың, сыртқы капиталдардың өсу
қарқыны;
Интенсивті факторлаға:
• Ғылыми-техникалық прогресті дамыту, яғни инновациялық дамудың жүзеге
асуы;
• Қызметкерлердің мамандық деңгейінің жоғарылауы, білім беруді дамыту;
• Негізгі және сыртқы қорларды қолдануды жақсарту;
• Қызметкерлердің бос уақытының өсуі.
Көріп отырғанымыздай еліміз дамыған елдер қатарына қосылу үшін
экономикалық өсудің интенсивті бағытының басымдырақ болуын қамтамасыз ету
керек. Елде осы саясатты қолдану үшін оған тиімді жағдайлар жасауды
мемлекет өзіне басты қызмет етіп алғаны дұрыс.
Ол үшін мемлекетімізде 1990 жылдан бастап құлдырауға тап болған барлық
өндірістерді инвестиция тарту арқылы іске қосу, ғылыми-техникалық
еңбектерге және инновациялық қызметтерге мемлекеттік салық және несие
жеңілдіктері арқылы оларды ынталандыру, кәсіпкерлікті дамыту, әсіресе шағын
бизнесті мемлекеттік қолдау, елдегі халықтың білім деңгейін реформалау және
жоғары дәрежелі мамандар даярлап шығару, сондай-ақ халықаралық экономикалық
қатынастарда тиімді саясат жүргізу еліміздің басты міндеттері болып
табылады.
Экономикалық ілімдер тарихында жаңалық енгізу түсінігіне түрлі
көзқарастар кездеседі. Экономистер инновация түсінігін көбінесе техникалық
жаңалық енгізумен байланыстырады. Инновацияны екі сыныпқа жіктейді:
инновациялық процесс және өнім инновациясы. Алайда олардың әрқайсысын жеке
қарау мүмкін емес. Шығындарды қысқартатын процесті енгізу, шығарылатын өнім
құрылымына өзгерістер енгізу, ал жаңа өнімдер өз кезегінде жаңа құрылғыны
жасап дайындауды қажет етеді.
Техникалық прогресс теориясының дамуынан инновацияға берілген ақшалай
ресурстар көлемінде өнім бірлігінде кететін орташа шығындарды азайтып,
өндірістің техникалық күшінің жетілуі деген анықтама береді.
Қазіргі заманғы көзқарастар бойынша инновация техникалық жаңалықпен
қатар, экономикалық және әлеуметтік құбылыс болып табылады. Бұл түсінікке
Сейдтің кәсіпкерлікке берген анықтамасы жақын: Кәсіпкер экономикалық
ресурстарын төмен өндірісті және төмен табысты саладан жоғары өндірісті
және табысты салаға ауыстыруға ынталы болады. Кейін бұл анықтаманы
Шумпетер: “кәсіпкерлік міндет болып, сананы қирату болып табылады” деп атап
көрсетті. Яғни, инновация - кәсіпкерліктің ерекше құралы.
XXI ғасырда әлемде мемлекеттік экономика жүйесінің дамуының үш түрі
көрінді. Оларға:
• Шикізаттық бағыттағы экономика;
• Дамушы экономика;
• Индустриядан кейінгі қоғам экономикасы4
Экономикалық қоғамдардың негізгі сипаттамасы
Қоғам түрі Индустрияға Индустриялды Индустриядан кейін
дейінгі
Мақсаты Өмір сүру Экономикалық өсу Өмір сүру сапасын
арттыру
Базалық Табиғат күші,
ресурстары флора, фауна Пайдалы қазбалар Білім
Методология Жекеден
қоғамға Қоғамнан жекеге Жүйелік анализ
Жүйелік Білім беру Мамандандырылған дайындық, Жеке салаға маманданған
сипаттамасы,практикалық техника-инженерлік университеттік білім
білім беру тәжірибеде
Энергияны Энергетикалық
қолдану Бір ретті Көп ретті ресурстарды қолдануды
оптималдау
Өндірістік
қызметті Жеке, Конвейер Жүйе, cals технология
ұйымдастыру коллективті
сипаттамасы
Экономика
құрылымы Алғашқы Екінші Үшінші Төртінші Бесінші
Қызмет түрі
Өндіруші Өңдеуші Инфрақұрылымдық Сервистік Ақпараттық
Қызмет Ауыл ӨнеркәсіптіСауда, қаржы, Денсаулық, Жинау,
көрсетудің шаруашылығы, к өндіріс көлік, байланыс мәдениет, сақтау,
негізгі пайдалы коммуналдық өңдеу,
бағыты қазбалар қызмет ақпарат
өндіру беру
Мұнда шикізаттық елдерге жер қойнауында қазба байлықтары көп елдер
жатады және олардың экономикасы дамуында тұрақсыз шикізаттық бағытқа
негізделген. Дамушы елдерге жаңа технологияларды қолданушы елдерді
жатқызамыз және олардың дамуына тікелей шетел инвестициялары әсер етеді. Ал
экономика дамуында ең тиімді жол болып табылатын индустриядан кейінгі қоғам
экономикасы ғылыми-техникалық потенциалы жоғары дамыған елдерде орын алуда.
2. Инновациялық процесс және инновациялық қызмет
Инновациялық процестің негізгі кезеңдері
1. Алынған ойларды жүйелеу:
• Рынок өзгерісі туралы ақпарат жинау, жаңалықтар, ҒЗТКЖ ұйымдарынан
алынған және маркетингтік зерттеулер, фирма аппараттарының сауда
делдалдарынан жинаған ақпараттары және т.б;
• Фирманың жаңа өнім өндіру мүмкіншілігін және тәуекелдер деңгейін
анықтау;
• Мақсаттық рынок және оның дамуы туралы ақпараттар жинау;
2. Жекелеген ойларды талдау және жаңа өнім идеясын зерттеу:
• Мүмкіншіліктерді және ойды практикалық іске асыруды анықтау;
• Фирма дамуы стратегиясына жаңа өнім өндіру жоспарының сәйкес келуі;
• Болашақ өнімнің патенттік айқындығын анықтау;
3.Жаңа өнімнің экономикалық тиімділігіне анализ жасау және маркетингтік
бағдарлама құру:
• Өнім өндіру идеясының нақты жобаға айналу талдауын жасау;
• Өнімнің техникалық-экономикалық сипатын анықтау, оның сапасына және
тұтынушылық қасиетіне баға беру;
• Потенциалды рынок сұранысына және сату көлеміне талдау жасау;
• Жаңа өнімді өндіруге кететін шығындарды анықтап, өнімнің өз құнын өтеу
мерзімін белгілеу;
• Жаңа өнім өндіруге қажетті негізгі ресурстардың көздерін табу. Оларға:
техникалық машиналар, құралдар, шикізаттар, материалдар, кадрлық
персоналдар және қаржылық ресурстар көздері жатады;
• Жаңа өнімді игеру және оның рынокқа шығу мерзімі;
• Өнімнің пайдалығын талдап, оған маркетингтік бағдарлама жасау;
4. Жаңа өнімді дайындау:
• Жаңа өнім дамуының нақты бағдарламасын жасап дайындау;
• Өнімнің техникалық жағдайын тексеру (экономикалық және әлеуметтік
қауіпсіздігі, оны өндірудің қоршаған орта жағдайына әсері);
• Тауардың атын белгілеп, оның тауарлық белгісін, оралуын, маркировкасын
жасау;
5. Рынокта жаңа өнімді тестілеу:
• Өнімді 3 айда шектелген рынокта тестілеу жүргізу;
• Сатылудың оптималды шараларын талдау;
• Техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
6. Жаңа өнімді өндіріске енгізу туралы шешім қабылдау:
• Жаңа өнімнің коммерциялық негіздемесі: сату көлемі, өнімнің пайдалылығы,
сұранысты қанағаттандыру дәрежесі, өткізудің негізгі каналдары мен
әдістері, фирманың рыноктағы имиджі, тұтынушылармен байланыстың
тұрақтылығы;
• Фирманың өндірістік мүмкіншіліктері бар ресурстарды тиімді пайдалануы
және маманданған қызметкерлермен толық қамтамасыз етілуі;
• Қаржылық мүмкіншіліктер: инвестициялар, несиелер және гранттар;
• Жаңа өнімде патенттік қорғаныстың болуы.5
Инновацияны жүзеге асыру үшін оны мемлекеттік қолдайтын құқықтық
актілер, инновациялық қызметтердің іске асуы үшін оны қамтамасыз ететін
қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ
ұйымдарын қалыптастыруымыз керек.
Сондай-ақ инновациялық қызмет өз кезегінде сыртқы ортамен ылғида қарым-
қатынаста болып отырады.6 (Сурет 6)
Инновациялық процестің сыртқы ортамен қарым-қатынасы.
Экономикалық,
Технологиялық.
Инновациялық
процесс
Құқықтық және
саяси жағдай
Ұйымды
басқару
Әлеуметтік, психологиялық
және мәдени жағынан
6-сурет. Инновациялық процестің сыртқы ортамен қарым-қатынасы
6-шы суреттен көріп отырғанымыздай инновациялық процесті дамыту сыртқы
орталармен тығыз байланыста. Сондықтан иновацияны дамыту үшін осы сыртқы
орталарды да жетілдіруіміз, оларды инновациялық қызметке ынталандыруымыз
керек. Сондай-ақ өнеркәсіп саласын дамыту барысында кластерлік желілерді
дамыту қажет. Кластерлер таяу орналасқан кәсіпорындарды бір орталыққа
шоғырландыра отырып, тізбектелген технология бойынша соңғы өнім шығаруға
қол жеткізудің бірегей тәжірибесі болып табылады.
Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты
дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге
интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты
көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған
өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану
“Қазақстан-2030” стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.
2002 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет” туралы Заңы
Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін
жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру,
қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық
даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экономикасын ары
қарай дамыту.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал – кез-
келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет
көркеюінің негізгі жолы – ғылыми-техникалық және инновациялық салада лидер
болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп,
ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық
экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттігін жоғарылатады.6
3. Инновациялық саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттің ролі
Рыноктық қатынаста бәсекенің дамуымен экономикада мемлекеттің ролі
төмендейді. Бірақ дамыған елдер тәжірибесі бойынша тек қана нарықтық
принциптер негізінде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкңн емес.
Елдегі инновациялық даму мемлекеттің араласуынсыз оң нәтиже бермейді,
сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттің реттеудің объектісі болып
табылады.
Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға
қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің
мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді.
Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни
мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан
тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды
және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің
қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бір-ақ жолы
бар, ол – жоғары технологиялық өндірісті дамыту.
Қазіргі таңда ел экономикасы дамуының шешуші факторлары – ғылым мен
иновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз. Бүкіл
әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда
құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы “Силикон
аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары
технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия,
Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.
Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан
американдықтар мен еуропалықтарды да басып озады. Жаңа автокөлік Жапонияда
1 айдан кейін шықса, АҚШ-та – 4, Еуропада 2 айдан кейін шығады. Жапондықтар
үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-
та бұл көрсеткіш – 11 ай.7
Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен
1950 ж. құрылған ҒТИП (ғылыми-техникалық индустриялды парктер) айналысады.
Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан
қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми
орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды,
ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі, ақпарат және қаржымен қамтамасыз
етілуін қадағалайды, бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынға “қолайлы орта”
жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып
отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз. 1991ж.
– 2587, 1992ж. – 9678, 1996ж. – 13722, 2000ж. – 20796.7
Ал Корея Республикасының (Оңтүстік Корея) ғылым мен техниканы соңғы 50
жылда өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей
елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін
қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады. Корея Республикасы
ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасында қолға
алды. 1967 ж. басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге
асыру болып табылатын Ғылым мен технология Министрлігі құрылды және Ғылым
мен техниканы қолдау туралы Заң қабылданды. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық
кезеңдерге жоспарланған.8
Финляндия 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО
тарап кеткеннен кейін және 90-жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия
экономикасына да жағымсыз әсер етті. Мысалы, жұмыссыздық деңгейі 1991 ж.
3,5%-дан 1993 ж. 20%-ға дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін
Финляндия Үкіметі 1991 ж жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады. Оның
міндеті – Финляндияны дамыған елдер қатарына қосу. Осы бағдарламаны жүзеге
асыру мақсатымен Үкімет ұлттық инновациялық жүйені құрды. Оның қызметін
тікелей Финляндия Президенті қадағалайды.
1990 ж. бүкіл КСРО елдерінің экономикасында жағымсыз жағдай қалыптасты.
Қазақстанда барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл бөлінбеді,
көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта құрылу
сияқты құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Мұның бәрінің себебі – нарықтың
қатал талабы болды. Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс,
тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды мәселелер
аяғына шырмауық болып оралды.
Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың
жанданып дамуы шикізат (газ, мұнай, металл) сатудан түскен валюталық
түсімдерге тікелей байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда
экономикалық өсу байқалды. Бірақ бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда
есебінен, яғни “көз бояушылық” екенін түсінген ҚР Үкіметі қырағылық
танытып, елдің индустриялды-инновациялық саясатын қолға алды. 2002 ж шілде
айында ҚР Президенті Жарлығымен “Инновациялық қызмет” туралы Заң күшіне
енді.
Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға
тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. XX ғасырдың 50-60
ж.ж дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда,
мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл
саланың қарқынды дамуы да екіталай.8
Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік
қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.
1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру,
нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. әдетте, бұл лабораториялар
қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін
шешумен айналысады;
2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу;
Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыми зерттеу
жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді.
Негізгі қойылатын шарт – зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған
нәтижені ашық түрде жариялау.
3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция
бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.
Еліміздегі ииновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету 2-ші
суреттегі жүйе бойынша іске асады. (Сурет 2)4
Мемлекеттік құқықтық қолдау
Мемлекеттік қаржылық қолдау
Инновациялық құрылымды құру
Салықтық және несиелік жеңілдіктер
Жалпы шаруашылық және саяси-
әлеуметтік жағымды климат
2-сурет. Инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету
2-ші сурет бойынша инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау үшін ең
бірінші құқықтық нысандары елімізде жоғарыдағы стратегия бойынша
орындалуда. Ал мемлекеттік қаржылық қолдау және инновациялық құрылымдарды
құру үшін оған көп мөлшерде қаржы керек. Осы мәселе қазір елімізде күрделі
мәселенің бірі болып отыр, сондықтан қаржыландыру сырттан инвестиция
тартуға негізделген Инвестициялық, Инновациялық қорлар, Даму банкі,
экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму
институттары құрылды.
Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне наза аударып көрелік.
Жапонияда инновацияларға II дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл
бөліне бастады. Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың
негізін құрайды.7
Инновациялар саласында мемлекеттің 2 қызметін атауға болады
Мемлекет
Құқықтық-нормативтік жағынан Бюджеттен немесе
басқа
қамтамасыз етеді
көздерден қаржыландырады
Ал мемлекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын
кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99%-н құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі
52%-ды құрайды. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі
кәсіпкерлікті қолдауының мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы
деректерді сәйкестендіру болып табылады.
Мемлекеттік деңгейде кәсіпорындарына мынандай қолдау көрсетеді:
1. Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық
кәсіпорындарға кеңес беретін комиссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас
басқарма, регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын
инновациялық кәсіпорындар академиясы, шағын инновациялық
кәсіпорындардың бүкіл жапондық регионалдық орталық комитеті) жаңадан
құрылған шағын кәсіпорындарға көмек көрсетеді.
2. Қаржылық кепіл беру мен қаржылық көмек көрсету;
Оны 59 филиалы бар мемлекеттік қаржылық корпорациясы, 102 филиалы бар
ұлттық қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда және өндірістік
кооперацияның Орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындарға арналған
кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
Шағын және орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің негізгі элементі
ол құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. Оған “Шағын және
орта бизнесті мемлекеттік қолдау” туралы Заңнан бастап “Жаңа қызмет түрін
енгізуде туындайтын төтенше жағдайлар” туралы Заңға дейін т.б. заңдар
кеңінен қамтиды.
Жапонияда орталық банктер кредиттердің 47%-н, ал жергілікті
коммерциялық банктер 100% кредиті шағын және орта кәсіпорындарға береді.
Шағын инновациялық кәсіпорындарды қаржылық қолдаудың арнайы механизмдері
қолданылады. Олар “жеңіл қарыздар” деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен
алса, шағын инновациялық кәсіпорындар қарызды осының жартысымен алады.8
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
2.1. Инновация - дамыған 50 елдің қатарына қосылудың бірден бір жолы
Инновациялар – тауарлар мен қызметтердегі, технология мен өндіріс
факторларындағы қандай болмасын өзгерістер (жаңа өзгерістер). Инновациялық
әрекет адамдардың тіршілік әрекетін іс жүзінде өзгертетін жаңартпалардың
құрылуын, таралуын және қолданылуын қамтамасыз етеді. Инновациялық процесс
әлем кеңістігіндегі мемлекеттердің экономикалық даму деңгейін
қалыптастырады, ғылыми-техникалық прогресті шын мәнісінде жеделдетеді.
Сондай-ақ, өндірістің техникалық және технологиялық негізінің жаңаруына,
бәсекеге қабілетті өнімдердің игерілуі мен шығарылуына ықпал ете отырып,
инновациялар мен инновациялық әрекет кез келген елдің экономикасының
тұрақты дамуын қамтамасыз ете алады. Ұлттық экономиканың бәсекелестік
қабілеттілігін арттыруда инновациялардың ролі зор. Көптеген мемлекеттер
(Жапония, Оңтүстік Корея, Финляндия, Сингапур және т.б.) экономикалық
климаттың қолайсыздығына, қоғам институттарының дәстүрлі қарсылығына және
табиғи ресурстардың жеткіліксіздігіне қарамастан экономикалық үлкен
жетістіктерге ие болып отыр. Мысалға, Израиль жоғары технологиялы
компанияларды қолдауға арналған венчурлық индустрияны дамыту бағдарламасын
енгізу арқылы әскери-аграрлы экономикалы елден жаңа экономиканың
орталықтарының біріне айналды.
Біздің елімізде де алдында экономиканы жаңғырту мен оның тұрақты өсуін
қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндет тұр. Бұл міндет әлемде болып жатқан
жалпы өркениет үрдістерін ескере отырып, экономиканы инновациялық жолға
аударудың негізінде шешілуі мүмкін.
Еліміздің Президенті Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы атты Жолдауында Біз Қазақстанның жаһандық
экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз.
Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік
шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген әрі жаңа
экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз ,
деп атап көрсетуі жаңа экономика – инновациялық экономиканы қалыптастырудың
айрықша маңызды екендігін танытады. Бұл орайда сенатор Қуаныш Айтахановтың
айтқаны орынды болар: Елбасының Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарынв
қосуы жайлы бастамасы дәл уақытында жасалынды. Өйткені, бұл бастама
кешігетін болса, біз бәсекелестік қабілетімізден айырылып, көштен қалып
қояр едік. Қазіргі күні біздің даму бағытымыз негізінен шикізат секторына
тәуелді ғой. Мұнығ уақытша нәрсе екені белгілі. Қазір қара алтын қорымыз 40
жылға ғана жетеді. Сондықтан, қазірден жоғары технологияға, техникаға назар
аударуымыз қажет. Бұған дейін осы салада ешбір жұмыс атқарылған жоқ. Оны
мойындауымыз керек. Енді саясатымызды өзгертуіміз қажет. Шетелдегі
инновацияны, жаңа технологияларды Қазақстанға тартып, бейімдеуіміз қажет.
Немесе ондағы инновациялық өндіріс көздеріне өз қаржымызбен кіруіміз керек.
Сонда ғана алдыңғы қатардағы дамыған елге айналамыз.
Экономиканы инновациялық жолға көшіру Қазақстанның XXI ғасырдағы
дамуының баламасыз нұсқасы болып табылады. Елдің ұлттық мүдделері осыны
талап етеді, әлемдік дамудың негізгі үрдістері осыны қуаттайды. Соңғы
кездері мемлекет инновациялық қызметті дамыту үшін кең ауқымды шаралар
қабылдауда. ҚР 2003-2015 жылдарға арнылған индустриялық-инновациялық
стратегиясының қабылдануы мемлекеттік саясаттың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz