Теледидар режиссурасы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-7
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I-ТАРАУ Теледидар режиссурасының бастауы, қалыптасуы 7-12
II -ТАРАУ Қазақ телеарналарындағы режиссураның болмысы 13-30
III-ТАРАУ Телережиссураның озық үлгілері 31-37
ҚОРЫТЫНДЫ 38-40
СІЛТЕМЕЛЕР 41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде теледидарсыз адам өмірінің мәні де сәні де келмейді. Ол адамзат өмірінің бөлінбейтіндей ажырамас серігіне айналды десек, қателеспейміз. Өйтпегенде ше, теледидардың экраны әрбір үйдің ғаламшар кеңістігіне көз салып, құлақ тосып отыратын терезесі десе болғандай. Онсыз кім де болса, көңіл күйі байыз тауып отыра алмас.
Ал теледидар халыққа ақпарат беріп қана қоймайды. Ол әрбір көрерменнің жан дүниесін байытып, оның рухани болмысына қажеттің бәрін беріп, көңілінің қош ететін қызықты шығармашылық телеберілімдермен қамтамасыз етуге міндетті. Бұл үшін теледидар журналистері көріністік жағынан тартымды, көргенде көз ала алмайтындай көркем телешығармалар жасай білуі қажет. Бірақ мұндай шеберлікпен жасалатын дүниелер қазақ телеарналарында өте аз. Содан да біздің еліміздегі арналардың көпінің рейтингі төмен. Бұлай болып отырудың басты себебі телеберілімдер сөйлегіштікке бой алдырған. «Сайып келгенде, тележурналистиканың бүгінгі проблемасы - сөәйлегіштік болып шықты, - деп жазады филология ғылымдарының кандидаты Қ. Әбжанов. - «Телевидение - бұл болашақтағы киноның бір түрі. Оның бейнелеу мүмкіндіктері шексіз» - деген МГУ профессорлары теледидардың тілін сөйлеу бағытында емес, көрністік бағытта дамытуды айтқан/1/.
Олай болса, телевизияның экран, яғни бейнебаян тілін терең игеріп, шебер де ұтымды пайдалану қазақ телевизиясының басты ұстанымына айналғаны керек. Ол үшін кейінгі кездері ұмытылып бара жатқан суреттеме, телеочерк сияқты көркем жанрларды жаңғырту қажет. Себеп, суреттеме - көркем бейнебаян тілін қажат ететін бірден-бір жанр. Ал телеочерк - экран тілін көркемдеумен бірге образды шебер сомдаумен ерекшеленетін телешығарма. Бірақ бұл жанрлардағы шығармашылық оңайлықпен дүниеге келмейді.
Деректі түсірілім арқылы экрандық тұлға жасаудың өз қиындықтары мен ерекшеліктері бар. Солардың ең негізгісі кадрдағы көрініс жасандылықтан аулақ, табиғи, өмір ағымындағы қалпында шығуы керек. Ал мұндай талапты тек режиссердан ғана күте аламыз»/2/. Міне тележурналистика теориясына қалам тартып жүрген Қосылған Әбжанұлының осы айтқан пікірі менің диплом жұмысымның өзектілігін көрсетеді. Шынында бүгінгі теледидар көрсетілімдерін бейне-баян тілімен байытатын телережиссура. Ендеше телевизиядағы режиссерлардың жұмысы, олардың шығармашылық ізденістері, соның нәтижесінде дүниеге келген озық үлгідегі тәсілдер - менің зерттеу жұмысымның нысаны болады.
Жалпы режиссер деген грек тілінен аударғанда басқарушы деген мағынаны білдіреді/3/. Бұл мамандық ең алдымен театрда пайда болған. Ал театр болса, өздеріңізге белгілі, ежелгі Грек елінде дүниеге келді. Содан да режиссер деген атау сол елдің тілімен әлемге таралып кеткен. Театрдағы режиссер сахнадағы актерлардың ойынын, түсіндіріп айтқанда, актерлардың пьеса кейіпкерінің роліне дұрыс енуін қадағалайды, соны басқарады. Театр режиссерының шығармашылық жұмысы турасында аз да болса толымды мәлімет алу үшін, бүгінгі театр өнерінің бір туар тұлғасы, ҚСРО мен Қазақстан республикасының халық артисі, Осы екі елдің мемлекеттік сыйлықтарының иегері Асанәлі Әшімовпен болған телесұхбатқа назар аударайық. Алдымен, осы қолтаңба хабарының өзінің жасалуы, оның пішіні жаңашылдықты байқатады. Сұхбат түріндегі телеберілім үлкен павильонда өтеді. Мұның өзі тынысты ашып, студия қонақтарына еркіндік пен жайбарахаттық силайды. Басты кейіпкер де өз алдына бір тұғырда отырып алып ой толғайды. Студия қонақтары сұхбат жүргізушілерден алыс-алыс орналасқан. Ал мұндай кең орналасып, таралып отырған жерде режиссердың жұмыс істеу мүмкіндігі молаяды. Ол операторға басшылық жасай отырып, әртүрлі ракурспен кадрлар түсіре алады. Сол сияқты қалаған планын, яғни жалпы көріністі де, жеке ірі пландарды да қысылып қымтырылмай еркін жүріп түсірілім жасайды. Студия атмосферасы да кейіпкерлердіңжазыла сөйлеуіне қолайлы. Міне осындай жағдайда жүріп жатқан сұхбат кезінде Асекеңе ұлы Сағи турасында сұрақ қойылады. Жауап: - Шоқанның тарихын өздеріңіз де білесі, небәрі 29 жасында жіңішке аурудан қайтыс болды. Ал Сағидың әкесі халық артисі, тұрмысы жақсы, қайдағы мұң?! Фильм петерборда түсірілді. Қала әдемі, қыдырып кетпесін деп түнімен төрт-бес рет телефонмен хабарласып, оятып алып, мәтінді жатқа сұрайтынмын. Әдейі диетаға отырғыздым, ең болмаса аш адамның көзінде мұң болады ғой деп . . . біртіндеп образға кірді ғой/4/. Міне бұл режиссер еңбегінің бір көрінісі. Өнер үшін өз баласына да қатал қарап, қиындық көрсетіп оны образға кіргізген. Театрдағы спектакльді басқарушы осындай талапшыл болады екен.
Онан кейін кино өнерінде режиссер болады. Бұл шығармашылық түрінде де режиссер негізінен киноактерлардың жұмысын басқарады. Сондай-ақ кинода режиссер кинокамераға түсірілетін жалпы көріністің құрылымын, композициясын ретке келтіріп, олардың қызғылықты да көркем көрініс болып шығуына барынша жұмыс істейді. Менімше фильм түсіретін режиссерлар осы мамандықтың өркендеп өсуіне көп еңбек сіңіреді. Өлар кино түсіру кезінде көптеген жаңа қолданыстарды ойлап тауып, оларды қайткенде әсерлі етіп экранға шығаруды ой елегінен өткізе жүріп, көптеген жаңалықтар ашады. Содан да бейнелеп баяндау өнерлерінің ішіндегі жетекшілік рольге лайықты маман - осы кинорежиссер деп айтсам қате болмас. Өйткені қалың бұқара халық, режиссер десе кино туралы ойлайды. Сол кинодағы режиссердың табыстары мен тапқырлық шеберліктері газет журналдар көп жазады. Қысқасы кино мен режиссер деген егіз ұғым сияқты.
Кино туралы әдебиеттерді қарасаңыз да алдымен оқитыныңыз режиссер туралы зерттеулер. Солардың фильм жасаудағы жетістікткрі. Басқасын айтпағанда, қандай да болмасын бір кинофестиваль өтсе, ондағы жүлде алған картинаның аты аталғанда оның режиссеры алдымен ауызға ілінеді. Осыдан режиссердың кинода басты тұлға екенін анық білеміз.
Қазақ киносының беделін көтеріп, әлемге әйгілеген Шәкен Айманов, Сұлтан Ходжықов, Абдолла Қарсақбаев екенін бәріміз білеміз емес пе? Егеменді қазақстанымыздың бас киностудиямыздың өзі режиссердың аты-мен аталғаныны да біз әңгімелеп отырған мамандықтың қадыр-қасиеті деген орынды болады. Мұнымен менің айтарым - режиссер басты да маңызды шығармашылық тұлға. Ол бейне-баян тілінде жасалатын өнер туындыларын дүниеге әкелуде шешуші маңызы бар адам.
Ал енді телевизиядағы режиссердың өз ерекшелігі бар екені рас. Бірақ, дегенмен оның жұмыс сферасының негізгі сүрлеуінің басында киношығармашылық тұрады. «Телевизия кинодан кейін шықты, демек өмірдің өз заңдылығына орай, ол киноға кіші партнер ретінде ықыласты шәкірт, көнбісті қолбала қызметін атқарады» /5/ - деп жазыпты петербор университетінің ғалымы Р. Д. Копылова. Олай болса, телевидение режиссураны да кинематографтан үйренуі заңды жағдай болып шығады.
Телережиссураның кинодан ерекшеленетін тұстары да бар екенін тағы да айту керек. Өйткені теориялық әдебиеттерде кездесетін бір сыры бар. Ол - телевизияның өмір құбылыстарын өз уақытында, кешіктірмей қалың бұқараға лезде жариялайтын мүмкіндігі. Осы бір ерекшелігі оған басқаша талаптар қояды. Басқаша деп отырғанымыз, шапшаң жұмыс жасау, тез ойлап, жылдам шешімге келіп, тез арада көріністік материалдарды телеэкранға шығару. Осы кезде Профессор Марат Барманқұловтың кітабында жазылған бір қағида еске түседі: телережиссер «түсіру кезінде тез икемделіп, қас-қағым сәтте қажет көріністі кадрға алады». Телезерттеуші ғалым мұнан әрі осы пікірін Мәскеулік кинорежиссер М. И. Ром айтқан сөздермен нықтай түседі. Телевизиядағы режиссердың ролі ерекше мәнді. Бәлкім, театр мен кинодағыдан да маңыздырақ шығар. Менің түсінігімше, телевизиялық өнер, телевизия режиссеры ең алдымен тамаша тапқыр, яғни бірден монтаждайтын адам болуы керек».
Телезерттеуші ғалымдардың осы айтқандарына қарап, телевизиядағы режиссураның қиындықтары мен ерекшеліктері бар екенін аңғаруға болады. Қалай десек те, телевизия шығармашылығы саласында да телеберілім жасаудың ұйымдастырушысы, басқарушысы режиссер болса, экрандық дүниелер әсерлі де өтімді болады деп сенем. Себебі осы мамандықты игерген адам, әрбір оқиға немесе қимыл-құбылысты барынша әсерлі етіп көрсету үшін барлық таланты мен күш-жігерін аямайды. Оның жасаған дүниесі неғұрлым тартымды болса, сол ғұрлым режиссердың мерейі үстем бола береді. Соны білетін телережиссерлардың еңбектері еселеп нәтиже берсе, нұр үстіне нұр болады. Бірақ, бүгінгі телеарналарда, көрністік дәреже-деңгейі жағынан жарқырап көрінетіндей телеберілімдер көп емес. Мен осы кемшіліктің себеп-салдарын ашып көрсетуді мақсат етемін. Ол үшін алдымен телережисерлық мамандықтың қыры мен сырын теориялық жағынан ұғындыруға талпынамын. Толығырақ айтқанда, міндеттері мен мүмкіндіктерін саралап қарастырып, танымдық бағытта жұмыс жасаймын. Онан соң, сол түсінгендерімді басшылыққа ала отырып, телеберілімдерді сараптап зерттеймін. Зерттеудің негізгі мақсаты шығармашылық жұмыстар кезінде, режиссердың біліктілігін, маман ретіндегі ой орамдары мен тапқырлық нышандарын тауып таныту. Сонымен қатар өзімнің түсінік-танымдарым негізінде режиссураның кемшін тұстарына да назар аударуды дұрыс деп отырмын.
Мен бітіру жұмысымды талапқа сай, үш бөлімге бөліп жаздым. Кіріспе мен қорытындының қалай жазылатынын тәптіштеп айтып жатудың қажеті болмас. Ал негізгі бөлім, өзім алға қойған мақсаттарыма орай үш тараудан тұрады. Олар: «теледидар режиссурасының бастауы және қалыптасуы, бүгінгі телережиссураның болмысы, телережиссураның озық үлгілері деген тақырыпшалардың аясында жүргізілетін, өзіндік бағыт-бағдары бар зерттеулерден тұрады.
I-ТАРАУ Телережиссураның бастауы және қалыптасуы
Тележурналистика турасындағы оқулықтар мен әдебиеттерді қарас-тыра келгенде, режиссураның даталы туған күнін кездестіре алмадым. Сондықтан телевизия пайда болғаннан бастап, телережиссердың да жұмысы басталды деп ойлаймын. Енді телевизия деген ұғымның пайда болған уақыты, филология ғылымдарының кандидаты Қ. Әбжанұлының «Теле-визиялық фильмдер» деген оқу құралындағы деректерге сүйенер болсақ, өткен ғасырдың үшінші онжылдығының соңына келеді екен.
«1939 - жылды телевизияны әлемдік масштабта дүниеге келген уақыты деп есептеуге болады. Осы жылы Нью-Йоргте болған дүниежүзілік жәрмеңкенің ашылу рәсімі бірінші рет кішкене телеэкраннан көрсетілді. Телекадрға алғаш іліккендердің ішінде Америка президенті Рузвельт пен Ұлыбританияның королі Георг-VI бар еді.
Сол жылы наурызда «Союзхроника» киностудиясы түсірген компартияның кезекті сьезі ашылуы жайлы кинорепортажбен КСРО-да телехабар тарату ісі басталды»/6/. Осы ақпараттық деректерге үңілер болсақ, телеэкраннан алғаш көрсетілген дүниелерге режиссердың аса қажеті жоқ сияқты. Мұнан кейін соғыс басталып кетеді де, теледидар жұмысы тоқталады. Сонан соғыс 1945-жылы желтоқсанда Мәскеуде, 1958-жылы Алматыда телехабар тарату жұмыстары тұрақты түрде іске кіріседі. «Телевизия өз жұмысын тікелей эфирге шығумен бастағаны мәлім. Яғни редактормен, диктормен жұмыс жасай жүріп, эфирге шығудың бар тауқыметін режиссер көретін», /7/ - деген дерекке сүйене отырып, қазақ телережиссурасы сол 1958 жылы дүниеге келді деп тұжырымдаймыз.
Кинодағы сияқты телевизияда да режиссер бейнелі-баяндау тілін жасауға оны көркемдеуге басшылық жасайды. Сол көрністік тілдің сауатты қолданылып, түсінікті ақпарат беруіне жауап береді. Солай десек те телережиссураның өз ерекшелігі жоқ емес. Бұл турасында, экрандық киноның көшбасында тұратын режиссер М. Ромм телевизиядағы режиссерды ерекше бағалаған: «Телережиссер - безошибочно талантливый человек» деген ол. Мұның мәнісі телевизиядағы режиссер қателесуге мүмкіндігі болмайтые шығармашылық жүргізетін маман дегенге кенеледі. Дәлірек айтар болсақ, ол өмір ағымын сол қалпында кадрға түсіреді. Өмірді қайталауға мүмкіндік болмайтындықтан, ол қас-қағым сәтте өзіне қажетті құбылыстар мен көріністерді тауып, қажетті ракурс, планмен түсіріп алуға тиісті» /8/ - деген қағида телережиссердың кәсіби қызымет ауқымын ашып көрсетеді.
Телережиссура өз жұмысының бастауын кинодан алатынын жоғарыда айтып өттік. Жалпы режиссура туралы әңгімені терминді ұғып алудан бастаған дұрыс. Режиссер - грек сөзі, басқару деген мағынаны білдіреді. Демек, кинорежиссер әдеби сценарийден басталатын бейнелі-баяндау тілінде киношығарма жасау кезіндегі алуан жұмыстарды басқарып, ұйымдастырады. Басқаша айтқанда, кинорежиссер автордан алған киносценарийді дайын фильм етіп, экранға шығаратын шығармашы тұлға. Осы себептен ол киноны түсіретіндерді өзі таңдап жынақтайды. Кино түсірудің уақыты мен қаржылық мүмкіндіктерін есептеп, қағаз жүзінде жоспарлаудың негізін жасайтын және соны жүзеге асыратын да режиссер фильмнің көркемдік деңгейіне де өзі жауап береді. Яғни ол, кинотоптағы басты тұлға, әмірші және жасаушы. Бұл- фильм режиссерына қатысты жалпы мәліметтер.
Ал телевизиядағы режиссерда дәл мұндай билік бар деп айту қиын. Әсіресе Қазақ телевизиясында режиссердың мүмкіндіктері толық пайдаланылмайды. Неге бұлай деген сауалға жауап беру тіпті де оңай емес. Дегенмен режиссердың басқару қызметін теориялық жағынан тұжырымдап, тәжерибеде болатын жәйттерді мысал ете отырып тиісті тұжырымдар жасауға болады.
Әрине режиссердың негізгі жұмысы - шығармашылық. Сол режиссердың шығармашылық жұмыстарын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:
1. Режиссердың сценарий және автормен жұмысы.
2. Түсіру алаңындағы жұмыс.
3. Монтаж столындағы жұмыс.
Бірінші кезеңде режиссер сценанриймен танысып, оған қатысты өз ойларын авторға білдіреді. Өзіне қажетті мәліметтерді сұрап, біліп, анықтап алғаннан кейін автор сол өзгерістері сценарийге енгізеді. Сценарий қабылданғаннан кейін, режиссер өзінің сценарийін жазады. Режиссерлық сценарийде әрбір кадрдың мазмұны, түсіру тәсілдері және соларды жүзеге асыратын техника түрлері нақтылап көрсетіледі. Мұның себебі - осы жазба құжат арқылы болашақ фильмнің жұмыстарына бөлінетін қаражаттың есебі шығарылады. Режиссерлық сценарий бекітілгеннен кейін режиссер түсіру тобын: операторды, дыбыс режиссерын және картина директорын сайлап алады. Осыдан кейін, режиссердың екінші кезеңдегі жұмысы басталады.
Режиссер түсіру алаңына негізгі түсіру тобы - оператор, дыбыс режиссеры, картина директорымен шығады. Шығармашылық жұмыстың ең жауапты тұсы осы түсіру алаңында болады. Осы кезде болашақ фильмнің негізі қаланады десе болады. Өйткені сценарийде көрсетілген оқиғалар мен құбылыстарды режиссер осы кезеңде кадрге алып кинотаспаға түсіреді. Әрбір көріністі түсірудің қалыптасқан үш тәсілі бар. Олар: Қаз-қалпында түсіру, бақылап түсіру және қойылымдық түсірілім. Бірінші жағдайда режиссер түсіру обьектісіне бармайды. Ол өзінің табиғи қалпында өтіп жатқан өмір көріністерінен өзіне қажет деген сәттерді операторға түсіртеді. Байқап отырсаңыздар мұндай түсірілім кезінде режиссер мен оператор бірге, қатар жүріп түсірілімдер жасайды. Бірақ табиғи құбылыстарды кадрге алу үшін ерекше байқампаздық қажет. Өйткені режиссер өзі араласпаған көріністердің реттілігін де, оқиғаның қалай өрбитінін де білмейді, сондықтан ол операторға қандай көріністі қай кезде түсіру керек екенін дәл тауып айтып отырады. Сондықтан да режиссердың мұндай түсірілім кезінде, режиссердың әрбір құбылысты көркем бейнеленетіндей етіп кадрге алады. Бұл оның образды көру қабылетіне, яғны талантына тікелей байланысты. Осы жерде МГУ-дің профессоры Э. Г. Багировтың мынадай қағидасын ойға түсіргеніміз онынды болады: «Өмірді өз қалпында экранға шығару, оны зерттеу, одан күнделікті өзімізкөріп жүргенне артық нәрсені көруге талпынудың әртүрлі тәсілдері» /9/ Киношығармашылықтың өзіне ғана тән ерекшелігі де осында болса керек. Күнделікті өзіміз көріп жүрген көзіміз әбден үйреніп кеткен өмірге үстірт қарамай, оның астарына үңіле отырып, көрерменге қалыптан тыс әсер беретін қас-қағымдық уақытта көрініп қалатын штрихтарды байқау- режиссердыңкәсіби ерекшелігі.
Екінші тәсіл бақылап түсіру десек, оның аты айтып тұрғандай, мұнда да режиссер түсіру алаңына шықпайды. Керек десеңіз түсіру обьектісіндегі тіршілік иелеріне көрінбеуге тырысады. Осыдан да бұл қиын да күрделі тәсіл болып табылады. Бұған режиссер да оператор да мұқият дайындықпен келеді. Ашып айтатын болсақ, режиссер түсіру алаңынан өзіне қажетті көріністі қашан, қай жерден кездестіре алатынын алдын ала білуі керек. Ал оператор болса режиссер көрсеткен, нұсқаған құбылысты дер кезінде түсіріп алуға дайын отыруы міндет. Осы турасында белгілі кинорежиссер Дзига Вертов былай атқан екен: «Адамдарды өздері байқамайтындай етіп, оларды кинокөз жалаңаштаған бет-бейнесінен ойды оқып түсіруге тырысуы керек»/10/. Міне бұл тәсілмен адамдарды кадрге алғанда кейіпкерлер табиғи, шынайы өмірдегі өз образында көрінетін болады.
Үшінші-қойылымдық тусіру кезінде режиссер түсіру алаңына шығып, әрбір іс-қимылды өзі дайындайды. Бұл, көркем фильмдерде қоданылатын болғандықтан, көпшілікке кеңінен мәлім тәсіл. Сондықтан бұған көп тоқталудың қажеті бола қоймас.
Киноөндірісінде болатын режиссерлық жұмыстың соңғы әрі ең бір жауапты кезеңі ол - монтаждау. Кинотоп түсіру алаңынан өзіне қажетті кадрларды түгел түсіріп алғаннан кейін, монтаж столына отырады. Міне осы кезеңде режиссер небір толғанысты сәттерді бастан кешіреді. Ол алдымен өзі дайындап, ұйымдастырып операторға түсіртіп әкелген кадрларды асықпай отырып, мұқият қараудан өткереді. Ондағы мақсат сценарийде белгіленген логикалық монтаждауға сәйкес кадрларды іріктеп, олардың ретін белгілеу. Осы іріктеу мен реттеу кезінде кадрлардың қиуласуын қадағалау керек. Өйтпеген жағдайда фильм түсініксіз болып шығуы мүмкін. Кинофильм жасау турасында жазылған Қ. Сирановтың, К. Смаиловтың, Қ. Әбжановтың қітаптарында жонтаждың бірнеше түрлері болатынын байқадым. Және олардың әрқасысы картинаның көркемдік деңгейін көтеруге өзіндік ықпал ететінін ұқтым. Мысалы паралелді монтаж арқылы бір мезгілде, бірнеше жерде жүріп жатқан оқиғаларды қатар көрсетуге болады екен. Ал көркем монтаж арқылы теңеу, метафора деген сияқты жаңа бір ойларға жетелейтін әдіс арқылы көрерменді қызықтыра түсуге болады. Міне мен байқаған кинорежиссура майданындағы шығармашылық жұмыстардың біршамасы осындай. Мұны айту себебім телережиссурада кинодан алынған тәсілдер бар, болуға тиісті. Өйткені кинода да, телевизияда да бейне-баян тілі жетік болуы керек. Енді соның дұрыс не дұрыс емес екендігін білу үшін мен кинотәсілдерді қарастырдым. Мұнан былайғы жұмыс барысында осы теориялық қағидалар мен кинотәжерибе нәтижелерін басшылыққа алатын боламын. Айталық бейнебаян тілін алдымен дүниеге әкелген, онан соң оны бір ғасырдай уақыт бойы жетілдірген кинотілдің негізгі принциптері - қимыл-құбылыстарды кинотаспаға түсіру; оларды белгіленген жүйемен монтаждау; монтаждалған бейне-баян тіліндегі материалды дыбыспен қамту деген жұмыс түрлері телевизияда да бар. Мәселе солардың айырмашылықтарында. Кейде тіпті телекөрсетілімдердің монтаждық нұсқалары түсініксіз болып шығып жататынын байқаймыз. Көп ретте телкөрсетілімдер көрерменді тартпайды. Себебі режиссерлық шебер қолданыстар мен тәсілдер жетіспей жатады. Әсіресе, ақпараттық жанрдағы берілімдерде монтаждаудың негізгі заңдылықтары сақталмайды. Міне телевизиядағы осы проблемаларды мен, өз шама-шарқыммен, нақты мысалдар келтіре отырып, талдап зерделейтін боламын.
ІІ-ТАРАУ Қазақ телеарналарындағы режиссураның болмысы
Қазақстан телеарнасынан беріліп жататын хабарлардың күн өткен сайын жақсарып келе жатқанын айту керек. Әсіресе тақырыбы тартымды шоу бағдарламалар көрермен қауымға ұнап жүргені белгілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz