Қаржы нарығы мен қор биржасының дамуы



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Қазақстандағы банктік жүйенің дамуы ... ... ... ..5
2. Қаржы нарығы мен қор биржасының дамуы ... ... 8
3. Қазақстан Республикасындағы қаржы
нарығының негізгі проблемалар ... ... ... ... ... ... ... 15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Кіріспе.
Банкілер – ақшалай қаражат пен қорлануды шоғырландыратын, несие беретін, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер мен жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен осы айырысуды делдалдықты жүзеге асыратын, ақша мен бағалы қағаздар шығаратын алтынмен, шетелдік валютамен операцияларды және басқа міндеттерді жүзеге асыратын мекеме. Сонымен қатар банк- қоғамдық пікір мен көпшіліктің іскерлік қарым-қатынасынан туындайтын ең нәзік және сезімтал институт болып табылады. Банктік ҚБ-ң ерекшелігі банк өзінің қызмет шарттарымен ерекшелінеді.
Олар жаратылысынан заттай әлпеті жоқ, бұл жерде ұсыныс қызмет олардың банк маркасы алға жылжығанда ғана жүзеге асады.
Банктік ҚБ-ң басты міндеті – банк стратегиясының алға жылжу жағдайын жүзеге асырады. Олардың іскерлік әдістері мен міндеттемелері баяғы бір мәселе емес, содан басқа нақты мақсатын көрсетеді және оның жетістіктерге жетуіне қандай құралдарды пайдаланғанын анық түрде көрсетуі тиіс. Әлемдік тәжірибе банк жүйесінің дамуын көрсетеді. Банк дамуындағы жеке сұрақтарды негізінен ешбір қазбалаусыз шешуге болмайды және оның стратегиялық қызметі ұзақ уақыт бойы маңызды шарттар қатарынан шықпауы үшін – банк ауқымы, оның құрамындағы иелер, әр түрлі нарықтағы операциялар мінездемелері және т.б. мынандай жағдайда жоғарғы жетістіктерге жете алады: қаржыгерлер мен мамандар күшімен ұйымдастырылған сауатты шешімі сыртқы ортаға жағымды бейнесін қалыптастыру шарты іске асырылмауы тиісті. Бүгінгі дамыған қоғамда ешкімнің күмәні жоқ, ҚБ –маманы – бұл менеджменттің дербес сыңары екеніне ірі банк мекемелерінің арнайы бөлімдерінде бұл қызмет өтімділіпен айналысады және олардың басқару органдарына кіретін басшыларының стратегиялық шешімдерінің болашақта іске асуына қатысады.
Тақырыпты зерттеу маңыздылығы мен өзектілігін еліміздегі Кеңес Одағы кезіндегі «компания дәрежесі» әлі күнге дейін сол түрін өзгерткен жоқ, бұл негізінен батыс ұйымдарына тән.
1990 жылдары Қазақстан банкілерінде құрыла бастаған қоғамен байланыс бөлімдерін зерттеу дипломдық жұмыстың обьектісі болып табылады. Тақырыптың пәні – банк имиджінің қалыптастырудың жолдарын ашып көрсету.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. ҚР «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңының ресми мәтіні. Алматы: «Жеті Жарғы», 2004 – 4 б.
2. Дэвид С. Кидуэлл и др. «Финансовые институты, рынки и деньги». Санкт-Петербург «Питер» 200-158 с.
3. Рынок ценныз бумаг: Учебник/под. ред. Галанова В.А, А.И. Басова, М: «Финансы и Статистика», 1996 – 23-27 с.
4. Биржевое дело: Учебник /под ред. Галанова и др М:Финансы и Статистика. 2001-158 с.
5. Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы: Оқу құралы. Алматы: Экономика -1999. 29-45 б.
6. Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары. Оқу құралы. -Алматы: Экономика -1999 -189 б.
7. Абдильманова. Журнал «Банки Казахстана» 2001 №2
8. Абдильманова. Журнал «Банки Казахстана» 2001 №4-6
9. Официальный сайт АО «Казкоммерцбанк» // - http://www.kkb.kz
10. Управление персоналом организации: Учебник/ под ред. А.Я. Кибанова. — М: Инфра-М, 1997
11. Журнал «National Business» Тулегенова Е. «Банковская система Казахстана»ШЧ24, 2004
12. Журнал «Континент», Иконников А. - «О времени и о себе»№7,2004
13. Баранов П.А. Банковский маркетинг особенности рекламы в коммерческих банкая // журнал «Финансы и Кредит», 1998 г.,
№10 –с. 13

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 3
1. Қазақстандағы банктік жүйенің дамуы ... ... ... ..5
2. Қаржы нарығы мен қор биржасының дамуы ... ... 8
3. Қазақстан Республикасындағы қаржы
нарығының негізгі проблемалар ... ... ... ... ... ... ... 15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...26

Кіріспе.
Банкілер – ақшалай қаражат пен қорлануды шоғырландыратын, несие
беретін, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер мен жеке адамдар
арасындағы өзара төлемдер мен осы айырысуды делдалдықты жүзеге
асыратын, ақша мен бағалы қағаздар шығаратын алтынмен,
шетелдік валютамен операцияларды және басқа міндеттерді
жүзеге асыратын мекеме. Сонымен қатар банк- қоғамдық пікір
мен көпшіліктің іскерлік қарым-қатынасынан туындайтын ең
нәзік және сезімтал институт болып табылады. Банктік ҚБ-ң
ерекшелігі банк өзінің қызмет шарттарымен ерекшелінеді.
Олар жаратылысынан заттай әлпеті жоқ, бұл жерде
ұсыныс қызмет олардың банк маркасы алға жылжығанда ғана
жүзеге асады.
Банктік ҚБ-ң басты міндеті – банк стратегиясының алға
жылжу жағдайын жүзеге асырады. Олардың іскерлік әдістері мен
міндеттемелері баяғы бір мәселе емес, содан басқа нақты
мақсатын көрсетеді және оның жетістіктерге жетуіне қандай
құралдарды пайдаланғанын анық түрде көрсетуі тиіс. Әлемдік
тәжірибе банк жүйесінің дамуын көрсетеді. Банк дамуындағы
жеке сұрақтарды негізінен ешбір қазбалаусыз шешуге
болмайды және оның стратегиялық қызметі ұзақ уақыт бойы
маңызды шарттар қатарынан шықпауы үшін – банк ауқымы, оның
құрамындағы иелер, әр түрлі нарықтағы операциялар
мінездемелері және т.б. мынандай жағдайда жоғарғы жетістіктерге
жете алады: қаржыгерлер мен мамандар күшімен
ұйымдастырылған сауатты шешімі сыртқы ортаға жағымды
бейнесін қалыптастыру шарты іске асырылмауы тиісті. Бүгінгі дамыған
қоғамда ешкімнің күмәні жоқ, ҚБ –маманы – бұл менеджменттің
дербес сыңары екеніне ірі банк мекемелерінің арнайы
бөлімдерінде бұл қызмет өтімділіпен айналысады және олардың
басқару органдарына кіретін басшыларының стратегиялық
шешімдерінің болашақта іске асуына қатысады.
Тақырыпты зерттеу маңыздылығы мен өзектілігін еліміздегі Кеңес
Одағы кезіндегі компания дәрежесі әлі күнге дейін
сол түрін өзгерткен жоқ, бұл негізінен батыс ұйымдарына
тән.
1990 жылдары Қазақстан банкілерінде құрыла бастаған қоғамен
байланыс бөлімдерін зерттеу дипломдық жұмыстың обьектісі болып
табылады. Тақырыптың пәні – банк имиджінің қалыптастырудың жолдарын ашып
көрсету.

Қазақстандағы банктік жүйенің дамуы.
Банк бизнесінің әлеуметтік ролдеріне түсінік беретін
болсақ – бұл қоғаммен байланыстың тағы бір мәселесі, бұл
банк сияқты қоғам алдындағы жауапкершілігі мен оның
қызметінің іске асуын өз міндетіне жүктейді.
Банктің тағы бір мәселесі - әлеуметтік міндеттерді
орындау болып табылады. Қазіргі тәжірибедегі қызметінің бір
бағытының болжамын қолдау мәселесін шешу, өз
қызметкерлерінің ынталарын дамыту (банк ішіндегі қатынасы),
жастар мәселесін шешу (білім), тұрмысы төмен отбасыларын
қолдау (қайырымдылық) т.б..
Осындай бейнемен, халыққа деген адамгершілікті қатынасты
көруге болады және өзінің қоғамдық пікірге әсері, банк
жұмысының нәтижесінен және оның жарнамалары мен
қайырымдылық қорларынан көруге болады.
Осы салалар бойынша банк өз кезегінде кештерді
жоспарлау мүмкіншілігіне ие және болашақта қоғамдық
пікірге ықпал ете алады.
Байланыс стратегиясының келесі элементін жарнама
құрайды. Жарнаманың түрлері мен құралдары алуан түрлі,
сондықтан банк қызметкерлері жарнамаға кеткен үлкен шығынымен,
жарнаманың автоматты тиімділігін кең түрде қамтуы мен
аудиторияға ықпал ету дәрежесі мен нақты алға қойылған
мақсаттың жетіскендігін қамтамасыз ете алмайтынын түсінді.
Негізгі жарнаманың саясаты – банк мекемесіндегі барлық
қызмет жиынтығын, жаңа нарықты жаулап алу бір мақсатта
жүргізілілетінін, қызметінің өткізу көлемін нәтижесінде
ұлғайтуын, банк дәрежесін көтеруін және нәтижесінде ұзақ
мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттың еріксіз орындалуына
әкелуін көрсету.
Банк жарнама саясатының мақсаты – нарықта жаңа қызмет
орнату болып табылады, сонымен қатар, жаңа нарықты
қамту, іс жүзінде білімді ұлғайту және мүмкіншіліктері
бар тұтынушыларға банк туралы және соларға ұсынылған
қызмет түрлерін таңдауға, сұранысты белсендетуге, банктердің
арасында формальді емес байланысты құру және олардың
тұрақты клиенттерімен ақпарат алмастыруы туралы шарт
бекіту, кей жағдайда клиенттерге немесе басқа мекемелер
аспектілеріне бағаға өзгерістер енгізуі туралы ақпарат
беру.
Банк жарнаманы газеттермен журналдарға, радио, теледидарға
және қала жарнаманың басқа да түрлеріне береді.
Мысалы: жарнама тақталарына суреттер мен жарықтың
көмегімен, пошта арқылы жарнама-адрес арқылы немесе
адрессіз, пресс-релиздер түрінде, сонымен қатар басқа да
дәстүрлі емес жарнама түрлері бойынша.
Теледидардағы жарнама – сәтті тіркесімін бейнелеп, даусы мен
қимыл, іс-әрекетті көрсетеді.
Мысалы: ЦентрКредит жарнамасын алатын болсақ, өте жарамды
және аудиторияны кең түрде қамтиды.
Сыртқы жарнама – иілгіштік сияқты дәрежеге ие, байланыстың
қайталану жиілігі жоғары, орташа құнды, бәсеке әлсіз.
Жарнама жинақы түрде ғана іске асқанда тиімді және
мақсатының бағыты бірнеше рет нақты көрсетілуінде.
Жарнаманың тиімділігін көтеру үшін – жарнама
компанияларының жоспарларын жетелдіру керек, сонымен қатар
банктің маркетингтік стратегиясын ескерген жөн және
мүмкіндіктерінше жарнама агенттерінің мамандарын өздеріне
тарту қажет.
Қазіргі кезде мемлекетімізде шетелдік тәжірибе бойынша
банк қызметіндегі жарнаманың экономикалық тиімділігін анықтау,
жарнаманы қолдану нәтижесінде алынған табысының барлығын және
оның орындалуына байланысты салыстыруға негізделген.
Сонымен осы тәсіл бойынша салыстыруға қосымша айналымы
анықталады. Жарнама кештерін өткізу нәтижесінде алынған
табыс кейінірек есептелінеді, қосымша айналымының есептелінген
жиынтығынан жарнаманың экономикалық тиімділігі бөлінеді
қосымша іске асыру жөніндегі жұмыс жиынтығы мен жарнама
кеткен шығыннан көруге болады.

Қаржы нарығы мен қор нарығының дамуы.
Валюта рыноктары дегеніміз – сұраныс пен ұсыныс негізінде
шетелдік валютаны ұлттық валютаға курсы (құны) бойынша
сатып алу мен сатуды жүзеге асыратын орталықтар.
Ұлттық валюта рыноктары дамыған рыноктық экономикасы
бар елдерді барлығында қызмет атқарады. Ұлттық
рыноктардың дамуы мен олардың өзара байланысының күшеюі
арқылы біртұтас дүниежүзілік валюта рыногы қалыптасады.
Оның құрамына дүниежүзілік, аймақтық, ұлттық (жергілікті)
валюта рыноктары кіреді. Бұл рыноктар өздерінің көлеміне,
валюталық операциялар мен валюта сомаларының сипатына қарай
ерекшеленеді. Әдетте, дүниежүзілік валюта-рыноктары дүниежүзілік
қаржы орталықтарында шоғырланады.
Дүниежүзілік қаржы орталықтары дегеніміз – банктердің
маманданған несие-қаржы институттарының топтасқан жері. Онда
халықаралық валюта, несие, қаржы операциялары жүргізіледі
және құнды қағаздармен, алтынмен байланысты келісімдер
жасалады. Дүниежүзілік қаржы орталықтарының ішіндегі ең
ірілері – Лондон, Нью-Йорк, Майндағы Франкфурт, Париж, Цюрих, Токио
валюта рыноктары. Бұлардағы валюта операцияларының көлемі
1973-1992 жылдар аралығында күніне 10-12 млн. доллардан 900
млрд. долларға дейін өсті.2003 жылы ол 3 трлн-ға жетсе, бүгінгі
күні, валюта операциялардың көлемі күніне 12 трлн. долларға дейін
өсті.[1]
90-жылдардың басында халықаралық валюта келісімдерінің
50 % -ке жуығы дүниежүзілік валюта рыногының үш орталығында
жүзеге асырылады. Олар: Лондон валюта рыногы – күніне 187 млрд.
доллар, Нью-Йорк - 129 млрд. доллар[2], Токио – күніне 115 млрд.
доллар валюта операцияларын жүзеге асырады. Халықаралық валюта
операцияларының бір тәуліктегі жалпы көлемі 90-жылдардың
ортасында 1 трлн. 230 млрд. долларға жетті.
Қазіргі валюта рыноктарына мынадай ерекшеліктер тән:
1. дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының
интернационалдануы негізінде валюталық рыноктардың
да әлемдік өріске шығуы және валюталық
келісімдерді жүзеге асыруда автоматты байланыс
құралдарын кеңінен қолдануы;
2. Валюталық операцияларды орталықсыздандыру және
олардың компьютерлерді қолдану арқылы бүкіл
әлемдік сипатқа ие болуы.
3. Валюта операцияларын үйлестірудің (унификация) мәнінің
артуы.
4. Алыпсатарлық келісімдер көлемінің ұлғаюы
5. Валюта курстарының тұрақсыздануы.
Валюта рыноктары халықаралық есептеулерді жедел жүзеге
асыруды, дүниежүзілік валюта рыноктарының несие және қаржы
рыноктарымен өзара байланысын нығайтуды қамтамасыз етеді.
Валюта рыноктарының көмегімен банктердің, кәсіпорындардың,
сондай-ақ мемлекеттің валюталық резервтері толықтырылып
отырады.
Сонымен қатар валюталық рыноктар механизмі экономиканы
мемлекеттік реттеуге, бір топ елдердің (мысалы, Еуропалық Одақ)
макродеңгейінде пайдаланылады. Нақты қызмет шеңберінде валюта
рыноктары биржалардың, брокерлік фирмалардың, банктердің және
трансұлттық корпорациялардың жиынтығы. 80 – жылдардың соңына
қарай қоса сауда-өнеркәсіп саласының клиенттерімен келісімдердің
85-95% жасады. 90-жылдардың ортасына қарай келісімдердің
көпшілігі инвестициялық қорлар арқылы жасалатын болды.
Халықаралық несие-қаржы қатынастары дүниежүзілік несие және
қаржы рыноктарындағы қарыз капиталының қозғалысымен байланысты
қатынастар жүйесін қамтиды.
Халықаралық несие рыногында ақша капиталының елдер
арасындағы қозғалысты қайтарымдылық, мерзімдік, процент төлеу
жағдайларында жүзеге асады.
Дүниежүзілік несие рыногы қарыз капиталы рыногының бір
бөлігі, оған дүниежүзілік ақша рыногы мен дүниежүзілік
капиталдар рыногы кіреді.
Дүниежүзілік қаржы рыногы да қарыз капиталы рыногының
бір бөлігі, мұнда құнды қағаздарды шығару, сату мен сатып алу
жүзеге асырылады.
Қарыз капиталдарының дүниежүзілік рыногы соңғы
онжылдықтарда қарқынды, жедел дамыды. Мұның өзі қарыз
капиталы қозғалысының ұзақ мерзімдік тенденцияларымен, бұл
қозғалысты ұлттық деңгейде реттеуші мемлекеттік-құқықтық
нормалардың икемділігінің артуымен, құнды қағаздар әрекетінің
кеңеюімен және интеграциялық процестермен байланысты. Қарыз
капиталының дүниежүзілік рыногы қарыз капиталының
дүниежүзілік шаруашылықтағы қозғалысын қамтамасыз етуші әр
түрлі компаниялардың, банктердің, валюта-несие мекемелерінің
жиынтығы. Үстіміздегі ғасырдың соңғы жылдарындағы дүниежүзілік
шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды
ерекшелігінің бірі халықаралық несие-қаржы қатынастарының
өсу қарқының өнеркәсіп өндірісі мен халықаралық сауданың
өсу қарқындарынан әлдеқайда жеделдігінде.
Қаржы жүйесі интеграциялық тұрпатты жүйе болып табылады, оған
кіретін элементтердің тығыз байланысымен және оның қосалқы
жүйелерінің бірде-бірі өзінше өмір сүре алмайтындығымен
сипатталады: қаржы бір жағынан, өндірістік қатынастардың бір
бөлігін білдіреді және осы қатынастар жүйесінің элементі болып
келеді, екінші жағынан, өзінің функциялық өзіндік функциялық
өзіндік ерекшелігі бар өзара байланысты элементтерден тұратын жүйе
болып табылады.

1 сызба
Қаржы жүйесі

Қосалқы жүйелер

Функциялық сыныптауға сәйкес қаржыларда функциялық қосалқы
жүйелер ретінде мыналарды айтуға болады: салық, бюджет, сыртқы
экономикалық, қаржылық жоспарлаудың, бақылаудың және басқа
қосалқы жүйелері (1сызбаны қараңыз).
Буындардың сипаттамасының матасылған қатары ретінде жоғарғы
элементтері болады: қаржы қатынастары, қаржы қорлары, басқарушы
аппарат. Жүйелеудің мұндай қасиеті қаржы жүйесіне интеграциялық
сипат береді.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмінде де қаржы зор роль атқарады.
Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және
мемлекеттік саясаты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының
әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-
әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, әлемдегі
мемлекеттер экономикасының ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы
ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың
әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Әлемдік қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық
категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта жөніндегі
операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың,
фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық
институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос
ақшасын жұмылдыруды, бөлінуді және қайта бөлуді қамтамасыз
ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық
қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және
тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен
(капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. рыноктармен)
етене байланысты.

Қор рыногы – бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздардың
айналысымен айналысатын мекеме.
Қаржы рыногының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына
мыналар жатады:
❖ Бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы
материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық
буындарының – меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының,
соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі.

❖ Қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің
қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан
қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында
ішківедомстволық қайта бөлудің азаюы.
❖ Шарушалық жүргізуші субьектілер мен халықтың бағалы
қағаздарға жәнее басқа активтерге инвестицияланатын
ақшалай табыстарының өсуі.
❖ Бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Қазақстанда қор биржасының дамуы
Қазақстан Республикасының қор биржалары
Қор биржасының мәні мен міндеттері
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Қор биржасында атқарылатын биржалық операциялар
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы жайлы
Биржа ісін талдау
Пәндер